ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі



КІРІСПЕ
1 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТ КӨРІНІСІ
1.1 ХХ ғасыр басының қоғамдық жағдайы
Ұлт мүддесі үшін аянбай күрескен алаш зиялылары
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АҒАРТУШЫЛЫҚ.ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН.ЖАЗУШЫЛАР
Ұлттық әдебиеттің негізгі нысаны
Дүние таным мен руханият дүниесіндегі жаңа бастаулар мен игі істер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары болды. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев т.б.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес дәуірі болды. Дәуір болмысының шындығы, саяси ахуалы көркем әдебиетке зор ықпал-әсер етті. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттары өріс алды. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болды.
Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған «Оян, қазақ!» (М.Дулатов), «Тілек батам», «Жұбату» (А.Байтұрсынов), «Бостандық» (М.Жұмабаев), «Алаш ұраны» (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс тапты.
Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдер туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Сондықтан, да біртуар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау – бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе.
1. Ахметов З. Жаңа идеялар жаршысы / Дулатұлы М. Шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1996. – 1 том. - 280 б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6-том. – Алматы: Қазақпарат, 2003. 3. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288б.
3. Нұрғали Р. Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген азаттық идеясы // Заман Қазақстан. - 1997. – 20 тамыз.
4. Ісімақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы / Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. - 408 б.
5. Қамзабекұлы Д. Алаш идеясы тәуелсіздік талаптары үшін әрқашан басымдық болып қалу керек. Қанат Тоқабаевпен сұхбаты. - АСТАНА, 2007.
6. Ахметов З. Жаңа идеялар жаршысы / Дулатұлы М. Шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1996. – 1 том. - 280 б.
7. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. А, 1997
8. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А, 1985
9. Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе –бет. А, 1972
10. Қабдолов З. Жебе. А, 1977
11. Қирабаев С. Шындық және шығарма. – А, 1981
12. Қабдолов З. Арна. А, 1988
13. Қаратаев М. Ізденіс іздері. А, 1984
14. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А, 1984
15. Қабдолов З. Арна. А, 1988
16. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – А, 1995
17. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, 2002.
18. Қирабаева С. Тәуелсіздік рухымен. – Астана, 2002.
19. 18.Торайғыров С. Үш томдық шығ. жин. – Алматы: Жібек жолы, 2003. - 2 т. – 256 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет - халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары болды. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев т.б.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес дәуірі болды. Дәуір болмысының шындығы, саяси ахуалы көркем әдебиетке зор ықпал-әсер етті. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттары өріс алды. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болды.
Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған Оян, қазақ! (М.Дулатов), Тілек батам, Жұбату (А.Байтұрсынов), Бостандық (М.Жұмабаев), Алаш ұраны (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс тапты.
Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдер туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Сондықтан, да біртуар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау - бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе.
Зертеудің мақсаты. Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылардың ұстанған бағытын, әдебиеттегі орнын анықтау.
Зерттеудің міндеттері. Алға қойған мақсатты орындау үшін жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
- елдегі тарихи жағдайлар мен саяси-әлеуметтік ахуалды қарастыру;
- Алаш әдебиетінің негізгі идеясын анықтау;
- сол кездегі тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттарды айқындау;
- ұлттық әдебиеттің көтерер жүгін саралау;
- жаңа реалистік әдебиеттің, ағартушылық-халықтық бағыттағы әдебиеттің ерекшеліктері мен жаңашылдық сипатын көрсету.
Зерттеудің нысаны. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылардың шығарма- шылығы зерттеудің нысаны ретінде алынды.
Зерттеудің құрылымы. Зертеудің негізгі құрылымына тоқталып кететін болсақ. ХХ ғасыр басындағы елдің жалпы тұрмыс-тіршілігі мен сол кезеңдегі әдебиет көрінісі, қоғамдық жағдайлары мен ұлт мүддесі үшін аянбай күрескен алаш зиялылары жайлы. ХХ ғасыр басында проза өмір шындығы мен үлкен азаматтық ойларды, ағартушылық-демократты идеяларды көркем бейнелеуге бағыт алған жаңа шығармалармен, қаламгер дүниетанымы мен идеялық ізденістерін көркем мазмұнға көшіре алатын әдістермен зерттеуіміз толықты.

1 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТ КӨРІНІСІ

0.1 ХХ ғасыр басының қоғамдық жағдайы

ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында бұрқ-сарқ қайнап жатқан саяси оқиғалар қазақ даласына да жетіп, ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды; ұлттық сана-сезім оянып, ұлттың ұлт болып өмір сүруіне негіз болатын рухани таяныштар ізделіне бастады. Рухсыз ұлттың басқа халықтармен терезесі тең өмір сүре алуы - неғайбыл. Тарихын жоғалтқан жұрт - жоғалған жұрт (М. Дулатов. Қазақ, 1915, №155). Сондықтан да қазақтан шыққан зиялы азаматтар мамандықтары басқа болғандықтарына қарамастан, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру мақсатымен, қазақтың азаматтық тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуді өз қолдарына алды. Осы кездерде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Х. Досмұхамедовтің, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сәдуақасовтың, М. Әуезовтің, Р. Мәрсековтің, Қ. Кемеңгеровтің, Ы. Мұстамбаевтың, С. Қожановтың, С. Сейфуллиннің, т. б. Қазақ, Айқап, Сана, Лениншіл жас секілді басылымдарда жарияланған материалдарында қазақ әдебиетінің тарихын жасауға тікелей қатысты алғы шарттар жасалынды. Бұларды болашақта жасалар әдебиет тарихының дайындық материалдары, яғни шикізаты деуге болады.
1917 жылғы Қазан төңкерісі әлемге жаңа заманның басталғанын жариялады. Революция Ресей империясындағы барлық езілген халықтарға азаттық, теңдік әкеледі деген үміт ақталмай, орыс отаршылдығы жаңаша формада, социалистік мазмұнда күшейе түсті. Бодандықтың салдарынан саяси-экономикалық, мәдени-әдеби салаларда кенжелеп қалған халықтарды маркстік-лениндік ілімге сүйене отырып, қоғам дамуының капиталистік сатысынан өтпеген, артта қалған, халық ретінде пісіп жетілмеген, әлі ұлт болып қалыптаспаған, ұлттық тарихы, әдебиеті жоқ бұратаналар санап, біз олардың ұлт болып ұйысуына, яғни социалистік ұлт болып шығуына көмектесеміз деген, түптің түбінде басқа ұлттардың жойылуына, ұлтсыздандыруға апаратын құйтұрқы саясат күшейе түсті.
Міне, осындай ұлт тағдырына қауіп төнген кезде Ресей құрамындағы түркі тектес ұлттардың зиялы азаматтары өздерінің де басқалар сияқты ұлт екендігін дәлелдеу мақсатымен азаматтық тарихын, ұлттық әдебиетін, мәдениетін іздей бастады. Қазақтың да бұрыннан келе жатқан ұлт, дамыған ұлттық әдебиеті, мәдениеті бар халық екендігін дәлелдеп, жазылған мақаланың бірі С. Сәдуақасовтың Қырғыз әдебиеті тақырыбындағы тарихи-сыни очеркі болды. Орыс тілінде жазылған мақаланың негізгі мақсаты қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті төмен деп түсінетін орыс оқырмандарына өткен дәуірлерде ұлттық әдебиеттің, әсіресе ауыз әдебиетінің дамыған, бай түрі болғандығын, оның өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін таныстыру болған. Смағұл қазақтың жазба әдебиетінің тарихын Мәшһүр Жүсіптен, Абайдан бастаған. Қазақ әдебиетінің ірі өкілдері ретінде М. Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, С. Дөнентаевтың, Ғ. Қарашевтің, Ш. Құдайбердиевтің, С. Торайғыровтың, А. Мәметовтің, С. Сейфуллиннің, т. б. шығармаларын талдап, сипаттамалар берген.
Осы кездерде бұрындары қазақ әдебиеті болды ма, болса, қай кезден бастап бар деген мәселе көтерілді. Отаршылдар негізінен, қазақтарда шын мәніндегі әдебиет болған жоқ деген таптық ілімге сүйенген бағытты ұстанса, ұлтжанды қазақ зиялылары әдебиет болғандығын дәлелдеуге кірісті. М. Жұмабаев 1923 жылы қазақта бұрындары дамыған әдебиет болмаған дегендерге қарсы Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің бізге бұл күнде адасқан ұщқындары, тентіреген тамшылары ғана жетіп отыр. Көбі, көбі болғанда ең сұлулары ұмытылған, желдей өскен жыраулармен бірге топыраққа айналған. Баяғыда отыз күн, отыз түн айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып, азғантайы ғана қалған. Талай түндерге созылған ертегілердің басы қайырылып, аяғына жетіп, шоп-шолақ қалған - деп, өткен замандарда жасалынған әдеби мұрамыздың ұмытылып бара жатқандығына жұртшылық назарын аударды.
Ұлттық дамудың әдебиеттегі рухани тамырларын үзіп тастау мақсатымен жүзеге асырыла бастаған пролетарлық мәдениет бағытына қарсы Мағжан 1924-1926 жылдары Алқаның бағдарламасын дайындады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ж. Тілеулин, С. Дөнентаев, М. Әуезов, С. Сәдуақасов, Е. Омаров, С. Қожанұлы, Е. Алдоңғарұлы, Ж. Сәрсенбіұлы сияқты қазақтың біртуар алашшыл азаматтары қолдаған бағдарламада да бұрындары қазақ халқының бай әдебиеті болғандығын дәлелдей түскен. Мағжан әдебиеттің деңгейі қоғамдық дамумен тікелей байланысты болуына орай феодалдық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының әдебиеті де төмен деген пікірдің сыңаржақ екендігін айта келіп, техника мәдениеті тіпті төмен болғанымен, өзінше терең әдебиеті болған һәм бар деп дәлелдеді. Дәлелге кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой-қиялын жырлай білген шын жыраулар екенін алға тартты. Осында ол қазақтың ұлы ақыны Абайдың поэзиясын аса жоғары бағалады.
Келтірілген мысалдардан қазақ әдебиетінің тарихына қатысты алғашқы зерттеулердің алдымен, ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойы дамып келе жатқан бай тарихы бар екендігін дәлелдеуден басталғандығын көреміз. Қоғамдық өмірде үстемдік құрған таптық идеологияны әдебиет пен мәдениетке де қолданып, тұрпайылықпен жүзеге асыра бастаған кездерде оған қарсылық ретінде айтылған осы сияқты пікірлердің болашақта жасалар қазақ әдебиетінің тарихы үшін саяси жағынан да, ғылыми жағынан да практикалық маңызы аса зор болды. Саяси қудалауларға қарамастан, алашшыл азаматтар халықтың болашағы үшін ұлттық әдебиет тарихын жасаудың аса қажеттілігін, оны қай бағытта жазу керектігін батыл көрсетіп берді.
Қазақ әдебиетінің бастау бұлақтарын анықтау, тарихын кезеңдерге бөлу жолындағы ізденістерде қазақ әдебиеттану ғылымы ұзақ жолдардан өтті. Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазақ әдебиетінің өткендегі даму жолдарын зерттеп, дәуірлерге бөліп, ғылыми жүйеге түсіруге ұмтылған еңбектер көріне бастады. А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы (1926) қазақ әдебиетін ғылыми тұрғыдан тұтастай алып, теориялық, тарихи тұрғыдан зерттеудің жолдарын алғаш рет жүйелеген еңбек болды. Мұнда жалпы әдебиетті ауыз әдебиеті және жазба әдебиет деп екіге бөліп, ары қарай тағы да іштей түрлерге, жанрларға жіктеген. Қазақтың жазба әдебиетінің тарихын діндар дәуір, ділмар дәуір, сындар дәуір аталған кезеңдерге бөлген. Діндар дәуірге араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті, ділмар дәуірге орыс әдебиетінен өнеге ала бастаған кезден бергіні, сындар дәуірге Абайдан кейінгі кезді жатқызған. Мұнда әдебиеттің тарихын кезеңдерге бөлуге алғаш рет әрекет жасалынып, ғылыми ұстаным ретінде хронология емес, әдебиеттің негізгі бағыты, мазмұны, сыйпаты алынғандығы көрінеді. Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышында тұңғыш рет қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөліп, оны дәуірлеудің өзіндік принциптері ұсынылды.
ХХ ғасыр басындағықазақ әдебиетінің үрдісін сол тұстағы қазақ қауымының саяси-әлеуметтік ахуалынан бөліп қарау мүмкін емес. Әдеби шығармалардың көркемдік-идеялық табиғатын, жанрлық түрлену ерекшеліктеріне дейінгі ішкі құбылыстарын тек қоғамдағы қарым-қатынастар мен сол мазасыз дәуірдегі дүниетаным аясында ғана парықтауға болады. Ал бұл кезең қазақ қауымы үшін аса күрделі тарихи белес еді.
Нақ осы белесте алашшылардың көкейтесті мүддесі бой көрсетіп, біртіндеп қозғалыс қатарын түзеп, Алашорда қайраткерлері ықпалды әлеуетті күшке айнала бастады. Большевиктер партиясының да қазақ жеріне тамыр жайып, белсенді күшке ие болуы қарама-қайшылықты үдете түсті. Сөйтіп екі ғасырға жуық мерзімді қамтыған Қазақстанның Ресейге қосылуының ұзақ процесі аяқталып, Ресейге қанат жайған империализмнің темір құрсауы дала өміріне шеңгелін еркін салды. Капиталистік қарым-қатынас, сауда-саттық, өндірістік баю мүддесі, соған сүйенген қатыгез отарлаушылық саясатының күллі зардаптары шарықтау шегіне жетті. Шортанбай, Дулат болжап жырлайтын зар заман елесі шын көрініске айналды. Ақша деген мал шықты. Қазақ жері дархан бай өлке екені танылып, жыртқыштық түрде пайдалану, талан-таражға салу, тегін пайда, оңай олжа табу аймағына айнала бастады. Кен байлықтары бар жерлерде тұрпайы концессиялар ашылды, пайдакүнемдер ағылып келіп жатты, щұрайлы жерлер тартылып алынды, жергілікті бай-феодалдар мен патша үкіметінің әкімдері елді бұртатпай басқару, тонау, езгілеу, ұлттық ой-сана мен мәдениеттің дамуына мүмкіндік бермеу істерін жүргізу жүйесін нығайта түсті.
Осындай түбегейлі өзгеріс тұсында қазақтың ұлттық әдебиеті де түлей түскедей еді. Солай десек те, ендігі жерде ұлттық әдебиеттің болғандығы айқын сезіліп, цензура, қадағалаудың құрсауы қатты бүре түсті. Жаңа-жаңа ашылып, бой түзей бастаған қазақ баспасөзі мен баспа орындары, кітаптары ашық құспаққа ұрынды. Соған қарамастан, ұлттық әдебиеттің идеялық-көркемдік бағыттары, ақындық мектептер мен ағымдар бұрынғыдан да айқындалып жаңа тақырыптарға барды. Жер, ел теңдігі, тәуелсіздік, оқу-ағарту, қалың халықты ояту - бұл аралықтағы әдебиеттің өзекті тақырыбына, өзекжарды сөзіне айналды. ХІХ ғасырдағы күрделі рухани толысу үрдісі әдебиет пен өнердегі ағартушылық, демократтық бағытқа алып келді, одан әрі өрісін кеңейтуге бастаса, енді, ХХ ғасырдың басында, Еуразия кеңістігінде туындап отырған пәрменді саяси-төңкерісшіл дүппулер мүлде жаңа, кей жағдайларда күтпеген тосын мәселелер мен ой-толғамдарды алға тартты. Қоғамдық-саяси партиялар өз алдына дербес буын қатайып үлгермеген, заман үлгісіндегі ел қайраткерлері аз қазақ қоғамында әдебиеттің, әлеуетті әлуметтік көркем сөздің, ақын-жазушылардың қызметі елді ұйытып, бұрын-соңды болмаған бастаушылық мәнге ие болды.
Бірінші орыс төңкерісінің халық ішіне жеткен дүмпулерінен кейінгі тұста қазақ даласына көптеген газеттер, журналдар мен кітаптар әр түрлі таралыммен түрлі деңгейде жарық көріп таралды. 1907-1917 жылдар аралығындағы он шақты жылда Қазақ газеті, Қазақ, Айқап, Алаш, Бірлік туы, Сарыарқа, Үш жүз, т.б түрлі басылымдар жарыққа шықты. 1918-1919 жылдары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов негізін қалаған Абай журналы аз уақытта ұлттық әдебиет пен мәдениетті жаңа белеске көтере алды. Бірі жарық көріп, енді бірі тоқтап қалып, үздік-создық сипатта жарияланған бұл мерзімді басылымдарда әдебиет, әлеуметтік мәселелерді негізгі өзекті ұлттық тақырыптардың қатарында көрінді. Түрлі көзқарастар айтылды. Орынбор, Семей, Қазан қалаларындағы баспалардан кітаптардың жарық көруі жиіледі. Бірақ, бетбұрысты серпінмен жариялағандай көрінген басылымдардың көбінің тағдыры ауыр болы. Олар көп табан тіреп тұра алмай, бірінен соң бірі жамылып, бірінен соң бірі тоқтап қалып жатты. Бұл орайда қауым арасында біршама кең қанат жайып, ықпал еткен, қазақ қоғамының шындығын айқара ашқан ұлттық мүддесі жоғары баспасөз орындары Қазақ газеті мен Айқап журналының тарихи орны аса зор. Ахмет Байтұрсынов пен Мұхамеджан Сералиннің басшылығы мен шыға бастаған газет пен журнал қазақ әдебиетінің, қазақ елінің келелі зәру мәселелерін ұғынықты түрде тарихи ахуал аясында талдап жазып отырды. Тығырықты тұстағы қазақ халқының ары қарай даму, ілгері басу жолдарын көрсетіп беруге тырысты. Екі басылымның арасындағы туындаған пікір қайшылықтары мен айтыс-тартыстар да түптеп келгенде, сол кездегі әлеуметтік-саяси жағдайдың ерекшелігінен туындаған еді. Бұл басылымдар біршама ұзақтау мерзімде тұрақты жарық көріп, ел ішінде зор беделге, ерекше ықпалға ие болса, Қазақстан секілді газет небәрі екі жылдай ғана шығып тұрды. Жарық көрген баспасөз материалдарының, көркем публицистика мен әдебиеттің ара жігі тұтасып кеткендей еді. Сөз өнері толайым қазақ ахуалын ,қазақ халін жырлап, сипаттауға, алдағы бұлдыр күндерден жол іздеуге бағытталғандай әсер етті. Әдебиетте қатар түзеген ұлым дәстүрлі суреткерлер тобы көркем әдебиет пен публицистиканы, ұлттық саяси-қоғамдық көзқарасты жарыстыра дамытты.
1904 жылы ұлы Абай Құнанбайұлы дүние салды. Ақынның шығармала- рын хатқа түсіру қолға алынды. Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт (Нұрсейіт) Бікеұлы 1905 жылы ақын өлеңдері мен қарасөздерін араб әліпбиімен көшіріп шықты. Бес жылдың ішінде ұлы ақын шығармаларының үш қол жазбасы (1905, 1907, 1910) түзілді. 1909жылы бұл шығармалар Санкт-Петербургте Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұлының өлеңі деген атпен жеке кітап болып басылды. Жинаққа кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі атты мақаласы күні бүгінге дейін құнды еңбектердің қатарына бағаланады. Кітапты бастырып шығаруға Кәкітайдың құрдасы, сырлас досы Әлихан Бөкейханов Бастамашы, жебеуші болғаны мәлім. Абай мұралары Орынборда (1916), Қазан мен Ташкентте (1922) жинақ түрінде жарық көрді. Ташкентте жарық көрген басылымды шығарушылар Абайдың бұл кітабы Қазан басылымынан кейінгі үшінші басылымы екендігін, ақын өлеңдері оқушыларға, біілм беру саласына өте қажетті болғандықтан, Білім беру комиссиясы жеделдетіп жариялатып отырғандығын көрсетіп жазды. Кітапты әзірлетуді мойынына алған Нәзір Төреқұловтың әр түрлі әлеуметтік істермен қолы тимегендігін айтпады. Абайдың бұл кітабын дұрыстаушылар: Халил Дос - Мұхаммедов пен Уәли - Хан Омаров. 1916 жылы Орынборда жарық көрген Абай термесі жинағын қатарға қоссақ, бұл, әрине, ақын шығармаларының төртінші басылымы. Айналасы он үш жылдың ішінде, төрт қайыра жарыққа шығару сол кездегі жағдайды ескергенде ерекше ықыласты танытады. Бұл, әрине, қазақ елінің рухани өміріндегі ұлы құбылыс еді. Бұған дейін де, сол тұста да қазақ кітаптары әр түрлі дәрежеде жарияланып тұрса да, Бір ақынның шығармашылық өмірі мен қызметіне ерекше ықылас танытып, осындай жүйелілікпен жариялап, насихаттау ұлттық әдебиет тынысындағы ілгерішілдік жаңалық болатын.

1.2 Ұлт мүддесі үшін аянбай күрескен алаш зиялылары

ХХ ғасыр - қауырт қоғамдық құбылыстар мен метаморфозалар ғасыры. Тарихи ұлттық сана түлеп, жаңғырықты. Алаш тұлғаларының қоғамдық сананы біржолата жаңа белеске көтеріп кетуі әдебиеттің түбегейлі мүдделерін айқындап бергендей еді. Жаңа қаламгерлер, жаңа қоғам, ел қайраткерлері шықты. Саяси күрестің маңызы артты. Сонымен бірге, қоғамдық қарым-қатынастардың жеделдеуі, баспагерлік істің қанат жаюы, әдебиеттегі әртүрлі көркемдік-жанрлық терең түлеулер эстетикалық танымның жаңашылдығына бастады. Осы тұста кәсіби әдебиетке тән басты жанрлардың бәрі де әртүрлі деңгейде көрінді. Әдеби сын да, әдебиеттану, прозаның кесек жанрлары, аударма, драматургия тосын жаңалық болуымен бірге жедел даму үрдісін танытты.
Алаштың ардақты ардагерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар қазақтың бас ақынының мұрасы жөніндегі терең танымдық шығармаларын жариялатты. ХІХ ғасырдың соңында қазақ әдебиетінің бұрын-соңды болмаған асқар билігіне көтерілген Абай дәстүрі, реалистік көркемдік таным дүниесі осыдан кейінгі ұлттық сөз өнерінің мұратын, мақсатын, бітім-пішінін біржолата айқындап, бекітіп кетті. Абайдың соңғы әдебиеті реалистік сипатын тапты, жаңа бағытта өріс кеңейтті. ХХ ғасырдың алғашқы он - жиырма жылындағы қазақ әдебиетінде Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов шығармалары жоталанып көзге түседі. Міржақыповтың Оян, қазақ! кітабы Қалың елім, қазағым деп тебіренген, іші қанжылай еміренген Абайдың өзекжардымұңының жалғасы сынды, ұлт жігерін одан әрі қарай қайрау іспетті шықты. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Бернияз Күлеев, Спандияр Көбеев сынды тұлғалы таланттардың ақындық шабытты шаттары мен қоғамдық қайраткерлерінің белсенді күндері осы кезеңге тұспа-тұс келді.
Ұлт мұраты мен тарихын, мәдениеті мен әдебиетін танымаған ұрпақты ертең өз Отаны үшін күресіп, қолына қару алып қорғайды деп айта алмаймыз. Бүгінгі ұрпақтың кешегіні білуі, бағалауы ұлтымыздың болашағы үшін қажет. Соның ішінде, халқымыздың рухани өміріндегі ең қасиетті мол қазына алаш арыстарының мұралары. Алаш зиялыларының еңбектері туралы бүгінгі күнде жазылып та айтылып та жатыр. Олар насихатталып, бүгінгі ұрпаққа пайдасы тиюі керек. Бізге қойылар негізгі міндет - ғалым Д.Қамзабекұлы атап көрсеткен: алаш рухын насихаттау сол зиялылар секілді тәуелсіз ойлауға, кез-келген нәрсені салмақтап, оған ұлт мүддесі тұрғысынан баға беруге үйрену [1]. Дәл қазіргі күні ана тіліміздің көсегесі көгермей тұрғаны, дініміздің мүшкіл халі, рухани құндылықтар мен адами қасиеттеріміздің биіктен көріне алмай жатқаны ұлттық рухтың оянбай, жетіспегендігінен деп түсінеміз. Сондықтан біз сөз еткелі отырған бүгінгі күні ең өзекті мәселе - ұлттық рухты оятуға, туған халқын өрге сүйреуге бар күш жігерін жұмсаған Алаш ақындарының бізге артқан аманаты еді.
Алаш азаматтарының басым көпшілігі ұлт мүддесі үшін аянбай күрескен, сол жолда жандарын қиған ерлер. Олар қоғамдағы маңызды жұмыстармен айналыса жүріп, қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, журналистика, сын, ғылым, аударма салаларында бай мұра қалдырды. Алаш арыстары - табиғатынан асыл туған, айрықша дарынды жандар. Бұл буын өкілдері қазақтың әдет-салтымен тәрбиеленген, мұсылманша хат танып, исламның иманды бұлағынан нәр алып, одан кейін жәдидше, орысша оқып, бірнеше тілді меңгерген жандар. Олар үлкен мәдени қалаларда білім алған өз заманының көзі ашық зиялылары, сондай-ақ сан салалы мамандық иелері екенін де ерекше айтуымыз керек.
ХХ ғасыр басындағы ұлттың ояну кезеңінің жалынды жаршысы, Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаштың ардақты азаматтарына жан даусымен Алаш деп ұран салады. Ол барлық ерлерді бостандық, еркіндік, ел қамы үшін күресуге, бірігіп тізе қосуға, бір тудың астына бірігуге шақырады.
Алаш туы астында,
Біз - алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын! [2, 6 б.].
Ақынның бұрыннан бері ішінде қайнап жүрген бүкіл арманы осылай ұран болып шығады. Ол Алаш партиясының ұранын құптап, бостандық жолындағы алдағы күнге жасаған жоспарына шаттана қосылады. Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздайды, бірлікке, ел тұтастығы үшін күреске шақырады [3, 125 б.].
Аталған кезең әдебиетін Алаш ұранды әдебиет деп анықтаған ғалым академик Р.Нұрғали Алаш азаматтарының көздеген мақсаты мен ұстаған бағытын былай деп түсіндіреді: Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда үкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұғырлары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқ ету, азат, тәуелсіз, демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту - бұл Алаш ұранының астына жиылған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дүниетанымына ортақ, етене қасиет, сапалар еді [4, 12 б.].
Елінің ұлттық мүддесін көксеген, ұлтының өркениетке жетуіне бар күш-жігерін жұмсаған халқымыздың қайратты қамқор азаматы А.Байтұрсынов биік пафостағы азатшыл рухты қазақ әдебиетіне алғаш болып алып келді. Ахметтің өлеңдеріндегі ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы - Маса жинағындағы басты сарын. Ақын елін маса болып шағып, оның намысы, жігерін оятуға бет алған. Сондықтан болар, азаматтық сарыны басым бұл өлеңдер сол кездегі зиялыларға ерекше әсер еткені белгілі [5, 18 б.]. Жан-жақтан қысқан қайғыны ұлғайтып, уытын жайып, елдің басына қара бұлт торлап отырғанын жүрегі ауыра отырып толғайды.
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып!
Қанған жоқ па әлі ұйқың?
Ұйықтайтын бар не сиқың?!
Елді бұрынғы мешеуліктен арылтып, өнер мен білімге ұмтылуға шақыру идеясы Абайдан, Абай заманынан басталды. Алайда, осы идеяның жаңа қоғамдық жағдайда кеңірек, жаңаша мағынаға ие болып, Оян, қазақ! деген сөздің ұлттық ұранға айналуы осы кез - ХХ ғасырдың басы болатын, - дейді академик З.Ахметов [6, 3 б.].
Халқының қамын ойлаған ірі қоғам қайраткері, Алаштың ардақты азаматы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, педагогикасы, мәдениеті, саясаты өміріндегі аса ірі тұлға Міржақып Дулатов ұлтына жұртына Оян, қазақ! деп жар салды.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты -
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты -
деп Міржақып Алаш азаматтарын бір тудың астына бірігуге шақырады.
Алаштың өршіл, азаткер ақыны Мағжан өзінің алған бетінен, халқына берген уәдесінен еш айнымайды.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ - ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін!
Ұлты үшін күйінген ақын бұдан артық не десін?! XXI ғасырға дейін тірі жеткен - бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның азат азаматтары ұлы ақынның ер де қайсар рухына, көреген данышпандығына бас иіп тағзым етпеуге хақы бар ма?
Мағжан Жұмабаев:
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Алаш қайраткерлері ұлт тағдыры жастардың қолында екенін ескертіп, сол жолда аянбай еңбек етуге шақырады.

2 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АҒАРТУШЫЛЫҚ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР

2.1 Ұлттық әдебиеттің негізгі нысаны

ХХ ғасырдың басындағы ширек ғасыр қазақ әдебиетінің бәз қалпында даралық танытқан, халық тағдырының өртіне түсіп, санасынан сартап болған ұлттық мүдденің тізгінін қолына алған сәті деп қараған дұрыс. Бір жағынан, Ресей патшасының болғандығында болғанымен, 1905 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
Пәндер