Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ...6
1.1 Депозиттер мен несиелік ресурстардың экономикалық мәні, түсінігі және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырудағы депозиттік емес көздер және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Банк ресурстарын басқару жүйесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік саясатының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.4 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі депозиттік қызмет көрсету нарығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғарғы деңгейге көтеріліп, экономика секторының барлығына дерлік толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда бұл жетістіктерді олардың несие ресурстарымен қарыз алушыларды қамтамасыз етуінен көруге болады.
Бітіру жұмысының мақсаты коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырудағы депозиттердің ролін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар депозиттердің несиелік ресурстарды қалыптастырудағы жағдайын теориялық және тәжірибелік талдау арқылы әлі де болса шешімін таппаған мәселелерді шешу болып табылады.
Көзделген мақсаттарға жету жолында келесі міндеттерді шешу көзделініп отыр:
1) коммерциялық банк түсінігіне анықтама беру және оның негізгі мақсаттары мен қызмет түрлері көрсету;
2) банктік ресурстар классификациясын зерттеу;
3) коммерциялық банктің депозиттік операцияларына классификация беру және олардың ерекшеліктерін бөліп көрсету;
4) еліміздің алдыңғы қатарлы банктері бойынша депозиттік операциялар нарығын зерттеу.
Коммерциялық банк болып – қызмет көрсету және операция жүргізу жолымен заңды және жеке тұлғаларға несие–есептілік және т.б. да банктік қызмет көрсетулерді келісім – шарт негізінде жүзеге асыратын мекеме болып табылады. Олардың қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады.
Жалпы алғанда коммерциялық мекеменің бір түрі ретінде банк ерекшелігі оның ресурстық базасының өз қаражаттары мен тартылған қаражаттары есебінен қалыптасуы болып табылады. Бірақ банктердің қаражаттарды тартуы шектеусіз емес және Орталық банк тарапынан реттелініп отырады.
Банктер тартатын қаражаттары құрамы бойынша ерекшеленеді, олардың негізгілері банктің клиенттермен жұмысы барысында тартылған қаражаттары (депозиттер) болып табылады.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Коммерциялық банк депозиттік саясаттың субъектілері құрамына банктің клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді. Ал депозиттік саясат объектілеріне банктің тартқан қаражаттары және банктің қосымша қызметтері жатады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде банктің экономикалық тұрақтылық жүйесіндегі депозиттік саясатын қалыптастыру мақсаттары қарастырылған.
1. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы” 31.08.1995ж.
2. Вступление Президента РК Назарбаева Н.А. На 12 конгрессах финансистов Казахстана РЦБК, декабрь 1999-2000гг.
3. Жукова Е.Ф. Деньги, кредит, банки. – М.: ЮНИТИ, 2001г. 244 - 249 стр.
4. Саниева М.С. Деньги, кредит, банки. – А.: 2000г. - 183 стр.
5. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учебник. – СПб.: Питер, 2001г. 180 – 202 стр.
6. Долан Э.А., Кембелл Н.Д. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – М.: ИНФРА, 1991г. 156 – 166 стр.
7. Лаврушин О.И. Банковское дело – М.: Финансы и статистика, 1998г. 69 – 71 стр.
8. Сейткасимов Г.С. Деньги, кредит, банки. – А.: Экономика, 1999г. 55 – 62 стр.
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. А.: Қазақ Ұлттық Университеті, 2000ж. 99 б.
10. Козлов Г.А. Теория денег и денежного обращения. М.: 1960г. 56 стр.
11. Виноградова И. В. Особенности формирования депозитной политики коммерческих банков в современных условиях // Internet resource: http://www. atrus. 120nt. Ru
12. Калиева Г.Т. Кредитное дело – А.: Каржы – каражат, 1997г. 53 стр.
13. Маженова Б. Казахстанский фонд гарантирования депозитов: опыт, достижения, перспективы // Банки Казахстана Журнал – А.: 2005г. №10. 24 – 26 стр.
14. Кузгибекова С.Б. Критерии управления банковскими ресурсами // Банки Казахстана Журнал – А.: №12. 2004г. 17 – 19 стр.
15. Кабашев С. Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики // Каржы – каражат Журнал – А.: 2003г. № 5. 58 – 60 стр.
16. Бюллетень банковской статистики Национального банка РК. – 2004. – №12 (91).
17. Годовой отчет Национального банка РК за 2004 год. http: //213.211.77.60 /cont/ publish 750261_3668. pdf.
18. Бюллетень банковской статистики Казкоммерцбанка. – 2003. – №12 (103).
19. Бюллетень банковской статистики Банка Туран Алем. – 2003. – №12 (115).
20. Финансовая отчетность – А.: Банки Казахстана, №4. 2004г. 5 – 7 стр.
21. Вятко Л. Д. Банки и их депозиты// Internet resources: http://www.IZV.info/economic/news 401452

22. О необходимости целостной системы гарантирования вкладов и ликвидности банков // Деньги и кредит. – 2002. – №10. – С. 14-20.
23. Қазақстанның депозиттік салымдарын кепілдендіру Қоры: тарихы мен жылдық есебі (СГД)// Internet resources: http://www.kdif.kz
24. Жукова Е.Ф. Общая теория денег и кредита Учебник. – М.: Банки и биржи, «ЮНИТИ», 1999. – 344с.
25. Парфенов К. Г. Банковский учет и операционная техника в коммерческих банках (кредитных организациях). – М.: ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 2001. – 289с.: ил.
26. Лаврушин О. И. Деньги, кредит, банки. – М.: «Финансы и статистика», 2000. – 590с.
27. Казимагомедов А. Ю. Защита и страхование депозитов // Финансовый бизнес. – 1999. – №11. – С. 55-57.
28. Банковское дело: Учебник. Под ред. Колесникова В. И. – М.: Финансы и статистика, 1999. – 536с.: ил.
29. Батракова Л. Г. Анализ процентной политики коммерческого банка: Учебное пособие. – М.: Логос, 2002. – 152с.: ил.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті
Макро-микароэкономика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕР: БОЛАШАҒЫ МЕН
ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Орындаған:
4 курс студенті
М.М. Қоңырқұлжаева

Ғылыми жетекші:
Л.С. Спанкулова
э.ғ.к., доцент

Нормабақылаушы:
М.Саметеева

Кафедра меңгерушісімен
қорғауға жіберілді ________________ Б.М.
Мұхамедиев
(қолы, күні)

Алматы 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ДЕПОЗИТТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ...6

1.1 Депозиттер мен несиелік ресурстардың экономикалық мәні, түсінігі
және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..6
1.2 Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырудағы
депозиттік емес көздер және олардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..10
1.3 Банк ресурстарын басқару жүйесіндегі коммерциялық банктердің
депозиттік саясатының
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 14
1.4 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі депозиттік қызмет көрсету
нарығының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ДЕПОЗИТ ЖӘНЕ НЕСИЕ
НАРЫҚТАРЫН ТАЛДАУ ... ..25

2.1 Коммерциялық банктердің депозит портфелінің құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.2 Коммерциялық банктердің несие және депозит нарықтарындағы
операцияларын салыстырмалы
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.3 Банк жүйесі үшін жалпы депозиттік ресурстарды басқару
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ДЕПОЗИТТЕРДІҢ РОЛІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

1. Жеке тұлғалардың депозиттік салымдарын
сақтандыру ... ... ... ... .48
3.2 Жалпы Қазақстан Республикасындағы депозиттік салымдарды
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...63

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы
соңғы жылдары едәуір жоғарғы деңгейге көтеріліп, экономика секторының
барлығына дерлік толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда бұл жетістіктерді
олардың несие ресурстарымен қарыз алушыларды қамтамасыз етуінен көруге
болады.
Бітіру жұмысының мақсаты коммерциялық банктердің несие ресурстарын
қалыптастырудағы депозиттердің ролін жетілдіру болып табылады. Сонымен
қатар депозиттердің несиелік ресурстарды қалыптастырудағы жағдайын
теориялық және тәжірибелік талдау арқылы әлі де болса шешімін таппаған
мәселелерді шешу болып табылады.
Көзделген мақсаттарға жету жолында келесі міндеттерді шешу көзделініп
отыр:
1) коммерциялық банк түсінігіне анықтама беру және оның негізгі
мақсаттары мен қызмет түрлері көрсету;
2) банктік ресурстар классификациясын зерттеу;
3) коммерциялық банктің депозиттік операцияларына классификация беру
және олардың ерекшеліктерін бөліп көрсету;
4) еліміздің алдыңғы қатарлы банктері бойынша депозиттік операциялар
нарығын зерттеу.
Коммерциялық банк болып – қызмет көрсету және операция жүргізу
жолымен заңды және жеке тұлғаларға несие–есептілік және т.б. да банктік
қызмет көрсетулерді келісім – шарт негізінде жүзеге асыратын мекеме болып
табылады. Олардың қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады.
Жалпы алғанда коммерциялық мекеменің бір түрі ретінде банк
ерекшелігі оның ресурстық базасының өз қаражаттары мен тартылған
қаражаттары есебінен қалыптасуы болып табылады. Бірақ банктердің
қаражаттарды тартуы шектеусіз емес және Орталық банк тарапынан реттелініп
отырады.
Банктер тартатын қаражаттары құрамы бойынша ерекшеленеді, олардың
негізгілері банктің клиенттермен жұмысы барысында тартылған қаражаттары
(депозиттер) болып табылады.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі
болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Коммерциялық банк депозиттік саясаттың субъектілері құрамына банктің
клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді. Ал
депозиттік саясат объектілеріне банктің тартқан қаражаттары және банктің
қосымша қызметтері жатады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде банктің экономикалық тұрақтылық
жүйесіндегі депозиттік саясатын қалыптастыру мақсаттары қарастырылған. Осы
мақсатқа жету барысында келесі мәселелер өз шешімін тапқан:
1) банктік ресурстар классификациясы зерттелген;
2) коммерциялық банктің депозиттік операцияларының
классификациясы,ерекшеліктері берілген;
3) коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық
негіздері мен құрылу ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері
қарастырылған;
4) жеке және заңды тұлғалардан қаражаттарды тарту барысындағы банк
жүйесінің қызметіне талдау жасалған;
5) коммерциялық банктің депозиттік операцияларының классификация
берілген және олардың ерекшеліктері көрсетілген;
6) банктік мекемелер бойынша депозиттік операциялар нарығы
зерттелген;
7) коммерциялық банктің тұрақтылығын бекіту мақсатында
перспективалық бағыттар құрастырылған.
Келесі бөлімде коммерциялық банктердің несие және депозит нарықтарына
талдау жасалған. Сонымен қатар еліміздің алдыңғы қатарлы коммерциялық
банктеріндегі депозиттерінің жағдайына талдау жүргізілген.
Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделі де қарқынды дамып
келе жатқан жүйе болып табылады. Ал оның негізгі субъектілері өз кезегінде
әр түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар болып табылады.
Соңғы үшінші бөлімде банктің несие ресурсатындағы депозиттердің ролі
туралы және салымдарды сақтандыру мәселелері қарастырылған.
Бүгінгі күндері несие ресурстарын құруда салымдардың, депозиттердің
рөлінің жоғары екенін түсінген үкімет Қазақстан Республикасының
коммерциялық банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын
құруда.
Бұл қордың тәжірибесі бүкіл дүние жүзі елдеріндегі нәтижелі қызмет
көрсетіп жатқан осындай қорлардың тәжірибесінен таңдап іріктеліп алынып
жатыр. Мұндай озық тәжірибедегі қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия,
Жапония және т.б. елдерде бар. Үкімет тарапынан ҚР-ның Коммерциялық
банктерінің несиелік ресурстарын көбейту мақсатында әртүрлі несиелік ресурс
тарту көздері, яғни, шетел үкіметтері, Халықаралық қаржы ұйымдары және т.б.
пайдаланылуда.
Бұл үкімет тарапынан қолдау болса, банктер өздерінің рейтингісінің
өсуіне байланысты халықтың, заңды ұйымдардың, реидент еместердің уақытша
бос ақшалай қаражатын депозит есебінде тарта отырып, несиелік ресурс
ретінде пайдаланып жатыр. ҚР-ның Коммерциялық банктерінің қызметіне ішкі
және сыртқы инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Олай деуімізге себеп-
біздің еліміздің банктерінің акцияларының әлемдік нарықта Американдық
депозитарлық қолхат (АДҚ) және Дүние жүзілік депозитарлық қолхат (ДДҚ)
түрінде айналыста болуы, банктердің шетелдік инвесторлардың қатысуымен
ашылуы, шетел тұлғаларының Қазақстандық банктерде депозиттік шоттар ашып,
ақшаларын сақтауы және т.б,
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген
кемшіліктердің бар екендігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған
кемшіліктер Қазақстанның нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола
қоймағандығымен түсіндіріледі. Ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі- ол
банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін мезгілінде
орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Коммерциялық банктердің өздеріндегі бар несие ресурстарын сұранысқа ие
болып отырған ұзақ мерзімді несиеге бере алмауы, ол да ресурстарды
орналастыру барысындағы әлі де шешілмеген мәселелердің бар екенін
көрсетеді. Олар:
- депозиттік салымдар көлемінде қысқа және орта мерзімдегі салымдар
үлесінің көп болуы, бұл банктердің ресурстарды ұзақ мерзімге бере алмауына
алып келеді;
- ұзақ мерзімге қаражатты инвестициялау экономикалық тұрақтылықтың
нағыз орнаған уақытында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктері қазіргі уақытта жеке
және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесінде депозит
түрінде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Олар өз
тәжірибелерімен бірге шетелдік банктердің озық тәжірибелерін де енгізуде.
Бұл қызметтердің барлығы да банктерге депозиттік салымдарды тартуға
және несие ресурстарының көбеюіне әсер етіп отыр.
Қорытындыда жалпы жұмыстың өзекті мәселелері талданып, коммерциялық
банктердің несие ресурстарын қалыптастырудағы депозиттердің ролінің
маңыздылығы талданып өз шешімін тапты деуге болады. Осының негізінде
банктердің тиімді қызмет етуінің негізі деуге болады.
Бітіру жұмысының құрылымы 65 беттен және негізгісі кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың
негізгі бөлімінде 14 сурет және 10 кесте берілген.

I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕРДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Депозиттер мен несиелік ресурстардың экономикалық мәні, түсінігі
және олардың жіктелуі

Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктері Конституцияға “ҚР-ның
банктері мен банктік қызмет туралы” 1995 жылдың 31 тамызындағы ҚР-ның
заңына, “Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 15
маусым 2001 жылғы, ҚР-ның Кодексіне, “Екінші деңгейдегі банктердегі
клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” 1997
жылғы 4 наурыздағы заңға сәйкес депозитті операцияларды жүргізеді.
Коммерциялық банк болып – қызмет көрсету және операция жүргізу
жолымен заңды және жеке тұлғаларға несие–есептілік және т.б. да банктік
қызмет көрсетулерді келісім – шарт негізінде жүзеге асыратын мекеме болып
табылады. Олардың қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады.
Банктердің басты міндеті несие берушіден заемшыға және сатушыдан сатып
алушыға ақша қаражаттарын орналастыруда делдал болу.
Коммерциялық банктер орталық банктен алатын лицензия негізенде банктік
операцияларды жүзеге асырады.
“Банктер және банктік қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес “депозит - бір тұлғаның екінші тұлғаға – банкке (соның ішінде Ұлттық
банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бірінші ретте талап
еткенде сондай-ақ белгілі бір мерзім өткеннен кейін қайтарылу шартына
байланыссыз, толығымен немесе бөліктеп, алдын-ала келісілген өсіммен немесе
өсімсіз, тікелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы
бойыншаүшінші тұлғаға берілетін ақшалар”. [1]
Депозиттік қатынастардың субъектілері бір жағынан банк екінші жағынан
депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) есебінде заңды, жеке
тұлғалар, Қазақстан Республикасы резиденттері және резидент емес тұлғалар,
банктердің клиенттері және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан
кезде банк пен депозитор арасында келісім-шартпен негізделген құқықтық
қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар ағымдағы құқықтық қатынастар
келісім-шартына сәйкес бюджетке есептелуге тиіс салықтарды төлегеннен,
есептелген мүдде мен депозиттің негізгі сомасын толығымен қайтарғаннан
кейін ғана тоқтатылады. Бұл қатынастар депозитік келісім-шартпен
рәсімделеді.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі
болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттің экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгілерін
бөліп айтуға болады:
1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөліну процестерін қарастырады,
яғни салынған салымдардың алу мерзімі келген кезде салынған ақша
қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған;
2. Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капиталмен тығыз байланысты.
Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттік салымдарды өтеу
кезінде есептелген пайыздар түрінде табыс алу жағдайының болуына
негізделген.
3. Депозиттер қайтарылу мерзімдері бойынша көп түрлілігімен
сипатталады. Бұл мерзімдік салымдар және ұзақ мерзімге салынған салымдар
болуы мүмкін.
Депозит термині анықтамасына көптеген ғалымдардың салыстырмалы
теориялық көзқарастарын келтіруге болады:
Дж. Кейнс – тұрғындардың қолма-қол ақша түріндегі сақтайтын
табыстарының үлесі. [3,244б]
Д. Рикардо – банктің қажетті капитал ретінде тартылған ресурстары.
Банк өзінің меншік капиталын пайдаланудан пайда алып отырған болса, онда
банк ешқашан мекеме бола алмайтын еді. Банктің негізгі пайдасы тек басқа
капиталды тартып орналастырған кезде ғана пайда болады. [4,183б]
И. Фишер көзқарасы бойынша, бұл несие ресурстарының болуын анықтайды.
Ол мынадай тұжырымдамаларды келтіреді: “кәсіпкерлік үшін қосымша несиелерді
құра отырып, банкирлер тұрғындардан нақты құндылықтарды мәжбүрлі жинауды
жүзеге асырады, бұл кәсіпкерлер иелігіндегі нақты капитал ағымдарын
көбейтеді және қысқа – ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыздардың нақты
мөлшерлерінің төмендеуіне әкеледі” [3,249б].
Депозиттерді ақшалай қаражаттар немесе әртүрлі құндылықтар деп
зерттеу бойынша жалпы экономист – ғалымдардың арасында қарама-қайшылықтар
кездеседі. Бұл қарама-қайшылық қазіргі заманда банк операцияларының немесе
қызметтерінің өркендеп дамуымен өз шешімін тауып жатыр.
Депозиттердің қалыптасуы және құрылуы тіптен пайда болуы несиеге және
несиелікқатынастарға негізделеді. Олай болу себебі банктік есеп шот ашылып,
онда ақшалай қаражат түрінде салымдардың пайда болып, депозиттің құрылуы
бір жағынан коммерциялық банктер үшін клиенттері алдында міндеттемелер
туғызады, ал клиенттердің немесе салымшылардың сол депозитке қатынасы
банктерге деген мүліктік талап ету құқығын туғызады. Себебі, депозитке
айналған банктік емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген
қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншік құқығы өзгермейді.

Ресейлік экономист – ғалымдардың келесі тобы Грязнова А.Г., Молчанов
А.В., Лаврушин О.И., Панова Г.С. коммерциялық банктердің қаратып алған
қаражаттарының негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни банк клиенттерінің
салым ретінде салған немесе қаржылық және банктік операцияларды жүргізу
барысында банктегі шоттарда белгілі бір уақытқа дейін сақталынатын ақшалай
қаражаттары деп түсіндіріледі.
Осы авторлардың депозитке берген түсінігіне қосыла отырып, қазіргі
нарықтық экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін ескеріп депозиттерге
келесідей анықтама берген дұрыс болар еді:
Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері – жеке және
заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі бір мерзімге немесе талап
еткенге дейін әртүрлі шарттармен салған ақша қаражаттарын айтамыз.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы
депозиттік нарықтың ерекшелігін ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы
келесідей болып түсіндірілуі керек:
Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі бір мерзімге және
мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайыз төленуі тиіс болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылусыз салынған кәсіпорындардың ақша
қаражаттары.
Депозиттердің қызметіне келетін болсақ оның төмендегідей қызметтерін
атап өтуге болады:
1. Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша
қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны
осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын
қолдана отырып сатады.
2. Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әртүрлі шартпен
құрылуы, салымшылардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын
сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын туғызады.
3. Қорлану қызметі – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде
болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар –
банктің өтімділігін жоғарғы деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар.
4. Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи
қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып
табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып
тұратын қаражаттар.
Бұл зерттеудің толық теориялық ашылуы үшін несиелік ресурс түсінігін
ғылыми тұрғыдан зерттеп, жан – жақты талдауымыз қажет. Сонда ғана несиелік
ресурстарды құрудағы депозиттердің экономикалық мәні мен рөлі ашылады.
Қазіргі кезде несиелік ресурстар банктік ресурстардың бір құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылады және несиелік операцияларды орналастыруға
пайдаланылады. Несиелік ресурстар түсінігін зерттемес бұрын банктік
ресурстар түсінігін анықтау қажет.
Ресурстар (француз сөзі – resources) – белгілі бір нәрсенің қайнар
көзі, құралы, қоры және мүмкіншілігі.
Ал банктік ресурстарға қаржылық - несиелік сөздіктерде келесідей
анықтама беріледі:
“Банктік ресурстар – банктің иелігіндегі оның несиелік және тағы
басқа да активтік операциялар жүргізу үшін пайдаланылатын құралдарының
жиынтығы”.
Кең мағынадағы, Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз
– бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде
құрылған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Тар мағынада, Банктің несиелік ресурстары – бұл меншікті капиталдың
және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті – несиелік
операцияларға бағытталатын бір бөлігі.
Банк тәжірибесіне және теориялық зерттеу негіздеріне сүйене отырып,
несиелік ресурстарды келесі критерийлерге байланысты жіктеп көрсетуге
болады. Олар:
1. Пайдалану көздеріне байланысты:
- жоспарланған;
- орналастырылған.
2. Өтімділігіне байланысты:
- мезеттік;
- ағымдағы.
3. Құрылу көздеріне байланысты:
- депозиттік;
- депозиттік емес.
4. Орналастыру мерзіміне байланысты:
- қысқа;
- орта;
- ұзақ.
Коммерциялық банктердің коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір
ерекшелігі – оның ресурстарының едәуір бөлігін меншікті қаражаттармен
қатар, сырттан тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан банктің беретін
несиелер көлемі сырттан тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болады.
Депозиттер депозиттік операциялардың объектілері болып табылады.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын
белгілі бір мерзіміндегі немесе қажет уақытында талап етуге дейінгі
салымдарға тартуға байланысты жүргізілетін банктің операциялары болып
табылады.
Сырттан тартылған қаражаттар үлкен 2 топқа бөлінеді:
1. Депозиттік қаражаттар
2. Депозиттік емес қаражаттар
Депозиттік операциялар мазмұнына байланысты халықаралық банктік
тәжірибеде депозиттердің 4 ірі тобын бөледі:
1. мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері депозиттік
сертификаттар;
2. қажет уақытында талап етілген депозиттер;
3. халықтардың жинақ салымдары;
4. бағалы қағаздар.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз ақша- несие
саясатын жүзеге асыру аясында депозиттерді олардың “ұшқындылығы” деңгейі
бойынша келесі түрлерге жіктейді:

1 сурет – Сырттан тартылған қаражаттар

Аударылатын депозиттер
а) Әр уақытта оларды номинал бойынша айыппұлсыз және шектеусіз ақшаға
айналдыруға болады;
б) Чектер, тратталар немесе жиро-тапсырыстардың көмегімен еркін
аударылады.
2. Басқа депозиттер – егер олардың депозиттік сипаты болса, орталық
банкке, басқару органдарына және т.б. талаптардан тұрады. Оларға, негізінен
белгілі бір уақыт мерзімі біткен кезде алынатын немесе оларды қарапайым
коммерциялық операцияларда қолдану үшін ыңғайлы және жинақты механизміне
ұсынылатын талаптарға жауап бере алатын әртүрлі шектеулер болуы мүмкін
жинақ және мерзімді депозиттер жатады. [5,180б]

1.2 Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын қалыптастырудағы
депозиттік емес көздер және олардың ерекшеліктері

Банкаралық несие жүйесі барлық банктік жүйе сияқты екі деңгейде қызмет
етеді. Бірінші деңгей Ұлттық банк пен коммерциялық банктер арасындағы,
екінші деңгейі коммерциялық банктер арасындағы қаражаттар қозғалысын
көрсетеді. Банкаралық несиенің қалыпты жағдайда жүзеге асырылуы банктік
жүйенің тұрақтылығының қажетті жағдайы деп атауға болады.
Банкаралық несие – бұл банктердің бір-бірін несиелеу нысаны, яғни аз
уақытқа берілетін қосымша ресурстардың қымбат қайнар көзі.
Несиелік ресурстарды орналастыру мерзімі әртүрлі. Халықаралық банктік
тәжірибеде мерзімі 1, 3 және 6 ай, шекті мерзімі 1 күннен бірнеше жылға
дейінгі депозиттер тараған.
Жалпы банкаралық несиелер нарығы 3 сегментке бөлінеді;
- үш айлық несиелер;
- бір екі айлық несиелер;
- “қысқа ақшалар” (ең аз мерзімді ссудалар, 1-2 күн).
Банкаралық несиенің мерзімсіз нысаны, яғни келісім шарттың
мерзімсіздігі несиені сол келісім – шартта белгіленген минималды мерзімге
беруді қарастырады, мерзім біткенде несие мерзімсіздердің қатарына ауысады,
яғни банк – кредиторлармен несие кез-келген мерзімде алуды алдын ала
хабарлаумен талап етілуі мүмкін. Егер несиелік ресурстарды қарызға алған
банк оларды қайтара алмайтындай жағдайда болса, онда ол басқа банктерден
мерзімді несие алуға мәжбүр болады.
Банкаралық несиенің артықшылығы – бұл қаражаттар Орталық банк міндетті
резервтер сомаларын есептегенде ресурстар құрамына алмайды. Халықпен немесе
өз жұмысына әлі дұрыстай алмаған көптеген банктер үшін банкаралық несие
қымбат болса да, маңызды қосымша ресурс болып табылады.
Банкаралық несиелік нарықтан сатып алынатын ресурстардың мынадай
ерекшеліктері бар:
- несие өте қысқа мерзімге беріледі;
- Банкаралық несие бойынша пайыздық ставканың деңгейі басқа нарықпен
алынған қарыз коммерциялық банктің ағымдағы өтімділігін реттеу үшін өте
қажет;
- Банкаралық несиелік нарықтан алынған қаражаттарға резервтік талап
қойылмайды.
Банкаралық несие - ретінде бүгінгі таңда Қазақстан Ұлттық банкінің
несиелерін айтуға болады. Қазақстан Ұлттық банкінің несиелеріне ломбардтық
несие, овернайт және овердрант несиелері жатады.
Ломбардтық несие екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді
өтімділігін қолдап отыру мақсатында, мемлекеттің бағалы қағаздарын кепілге
ала отырып, Ұлттық банк тарапынан берілетін несиенің бір түрі болып
табылады.
Овернайт несиесі деп екінші деңгейлі банктердің өтімділігін қолдап
отыру мақсатында Ұлттық банк тарапынан беріледі. Бұл несиенің басты бір
ерекшелігі - өзінің атына сәйкес, бір түнге ғана беріледі. Бұл несиені
банктер көбінесе аяқ астынан қаржылық қиындықтар туындай қалған жағдайларда
алады [6,158б].
Коммерциялық банктер бағалы қағаздардың келесі түрлерін жарғылық
капиталды қалыптастыру мақсатымен акцияларды, өзінің қарыздық
міндеттемелерін: облигацияларды, депозиттік және жинақ сертификаттарын,
вексельдерді – қосымша қаражат тарту үшін шығара алады.
Акцияны эмиссиялау нәтижесінде бастапқыда акционерлік банктің капиталы
қалыптасады және оның көбеюі жүргізіледі.
Коммерциялық банктің акциясы – оның иесінің:
- банктің капитал бөлігіне иелік ету;
- дивидент түрінде банктің таза пайдасын алу;
- акция жай болғанда банктің барлық басқару ісіне қатысу құқықтарын
куәландыратын бағалы қағаз.
Акционерлік коммерциялық банктердің акциялары жай және артықшылығы бар
болып бөлінеді. Артықшылығы бар акциялар өз иелеріне банктің жойылуы
жағдайында артық талап қоюға және белгіленген дивиденттер алу құқығын
береді, бірақ дауыс құқығын бермейді. Банктердің жай акциясы акционерлер
жиналысында бір дауыс құқығын береді және резервтік қорларды тойырып,
артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төлегеннен кейінгі таза
пайданы бөлуде қатысады.
Акция эмиссиясын тіркегенде эмитентке бағалы қағаздарды мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік беріледі және эмиссия проспектісінің бір данасы,
өкілетті орган тарапынан бекітілген әр шығарылым акциясының бір үлгісі
қайтарылып беріледі.
Дәстүр бойынша бүкіл әлемде кең тараған қарыздық міндеттемелердің бірі
– облигациялар болып табылады. Облигацияны шығару тәртібі өте қиын,
сондықтан банктер бұл құралдарды қаражаттар тарту үшін қолданудан көбінесе
бас тартады.
Облигация – бұл банктік қарыздың міндеттемесі. Облигация иесі берілген
мерзімнен кейін оның номиналдық құны мен сәйкес өсім ақы алуға құқығы бар.
Облигацияның акциядан ерекшелігі – соңғы өтелу мерзімі бар және банкті
басқару ісіне қатысуға құқық бермейді.
Депозиттік несие жинақ сертификаты – бұл эмитент – банктің салымының
ақшалай қаражатты салғаны туралы немесе оның құқығын қабылдаушының белгілі
бір мерзім өткеннен кейін құқығын куәландыратын жазбаша куәлігі. [5,163б].

Депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару процедурасы облигацияға
қарағанда жеңілірек. Бұл жағдайда сертификаттарды шығару жағдайларын тіркеу
ғана қажет. Сертификаттарды шығаруға акциямен қоса шығару, банк тарихында
шығындардың болуы, мерзімі өтіп кеткен қарыздың болуы т.б. жағдайлар
кедергі жасамайды. Сондықтан бұл бағалы қағазды алғанда салымшының эмитент
– банктің іс-әрекеті мен қаржылық есебіне көңіл аударғаны жөн.
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің вексельдерді шығаруы кең
тараған, бұл оларға сырттан тартылған қаражаттар көлемін ұлғайтуға, ал оның
клиентіне әмбебап төлем құралын алуға мүмкіндік береді.
Банктік вексель – бұл заңды немесе жеке тұлғаның банкке вексельде
көрсетілген сома мен валютада депозитті салғанын куәландырады. Банк өз
кезегінде мұндай вексельді онда көрсетілген мерзімде төлеуге ұсынғанда
өтеуге міндетті.
Вексель өтімділігі екі әдіспен қамтамасыз етіледі:
- банк – эмитентте өз мерзімінен бұрын өтеледі;
- вексельді коммерциялық банктердің біреуіне есепке алу арқылы.
Вексель – бір жақтың (вексель ұстаушының) екінші жақтан, вексель
бойынша міндетті жақтан (вексель беруші), вексельде көрсетілген ақшалай
соманы белгілі бір мерзімде және белгілі бір жерде төлеуді талап етуге
құқық беретін және белгілі бір жағдайларда сақтаумен жасалған құжат.
Банк операцияларының негізін ақша қаражаттарының қозғалысы құрайды.
Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктің операцияларын 3
негізгі топқа бөлуге болады (2 сурет):

2 сурет – Коммерциялық банктің негізгі операциялары

- пассивті операциялар (банкке қаражат тарту операциялары және оның
ресурстарын құру);
- активті операциялар (банк ресурстарын орналастыру);
- активті - пассивті (делдалдық операциялар).
Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық қатынастар субъектілері
сияқты өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін жүргізу үшін белгілі
бір ақша қаражаттар сомасын, яғни ресурстарын қалыптастыру қажет.
Банктер қызметінің масштабы олардың өздері тартқан және орналастырған
ресурстарының жиынтық көлеміне тәуелді болады. Банктік ресурстар жиынтық
меншікті және тартылған қаражаттарды құрайды.
Меншікті қаражатар – банктік ресурстардың негізгі көзі. Банктің
меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету
тұрақтылығын қамтамасыз ететін әртүрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген
пайда жиынтығы.
Меншікті қаражаттар мақсатты бағытта және түрлі құрылу көздерінен
тұратын әр түрлі қорлардан құралады (3 сурет).

3 сурет – Коммерциялық банктің меншік қаражаттарының құрылуы

Банктің меншік қаражаттары бірнеше маңызды функциялар орындайды:
1. Қорғау функциясы. Банк активтерінің біршама бөлігі (шамамен 88%)
салымшылармен қаржыландырылады. Сондықтан банктің акционерлік капиталының
басты қызметі салымшылардың мүддесін қорғау болып табылады. Меншік
қаражаттарын қорғау функциясы банк банкрот болған жағдайдағы салымшыларға
компенсация төлеу мүмкіндігі. Банктің меншік қаражаттарының қорғау
функциясы қазіргі таңда өзекті болып отыр, өйткені біздің елімізде
шешілмеген мәселелер жеткілікті көлемде. Бір жағынан әлі де болса
депозиттерді тиімді сақтандыру жүйесі құрылмаған, ал бір жағынан тұрақсыз
экономикалық жағдай мен салымшылардың өз қаражаттарынан айырылуы салдарынан
банктер банкроттыққа ұшырап отыр. Сондықтан біздің елімізде меншік
капиталының болуы банк сенімділігінің бірінші шарты болып табылады.
2. Оперативті функциясы. Банкке тиімді жұмысын бастау үшін оған
бастамалық капитал қажет (жер, ғимарат, құралдар сатып алу үшін). Бұл
мақсаттар үшін сонымен бірге меншік капиталы да қолданылады.
3. Реттеушілік функциясы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Банк табыстылығын талдау
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары туралы
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру
Банктердің пассивті операцияларының мәні
Ақша несие саясатын жүргізу
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Пәндер