Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... 6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік . экономикалық фактор ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы ... .. 20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері ... ... . 26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... 52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы ... ... ... ... ... ... ... .. 52
3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 74
КІРІСПЕ


Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.
Дамыған елдердегі экономикалық саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға негізделген әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдің географиялық орналасуы және оның табиғи-климаттық ресурстары мен көрікті жерлері тікелей туризмді дамытуға қолайлы құндылық ретінде саналады.
Ұлттық экономиканы қайта реформалау, туристік ұйымдардың қызмет ету жүйесіндегі анау айтарлықтай өзгерістері мен саланы басқару тетіктерінің өзгеруі, қазіргі уақыттағы жағдайымен байланысты бірқатар мәселелерді туындатты. Сонымен бірге, туризмнің дамуы тұрғындардың денсаулықтарын нығайту және қолайлы демалу жағдайларын қамтамасыз ету жағдайында маңызды әлеуметтік міндетті шешуге ықпал етеді.
Дүниежүзілік туристік ұйымның болжауы бойынша, әлемдік дәстүрлі туристік нарықтардың рекреациялық сыйымдылықтары өзінің шегіне жеткен, сондықтан жаңа туристік территориялардың есебінен, туризм саласының өсуі қамтамасыз етілуі керек деген. Осыған байланысты Қазақстан үшін әлемдік туристік қызметтер нарығынан өз сегментін иемденудің ерекше мүмкіндігі пайда болып отыр. Соңғы он жылдықта Қазақстан әлемдік туристік нарықтың белсенді қатысушысы ретінде танылуда, бірақ туризм индустриясын тиімді басқару сұрақтары мен саланы ұйымдастыру мәселесі қалыптасып отыр.
Қазақстанда туризмнің тарихи даму алғышарттары, б.з. үшінші мыңжылдығында қалыптаса бастаған, Ұлы Жібек жолының дамуымен байланысты. Қазақстан экономикасындағы туризмнің рөлі әлі де болса төмен. Резидент және резидент еместердің жалпы санының туризмдегі үлесінің салмағы-3 %. Қазіргі кезеңдегі туристік сұранысты қанағаттандыруға қолайлы жағдайлардың Қазақстанда болуына қарамастан, қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі туризмнен түсетін түсімнің үлестік салмағы 0,2%-ды құрайды. Мемлекет территориясының әртүрлі бағытқа қолдануға қолайлы 80 негізгі ландшафтық-рекреациялық зонаға бөлінуі, ел аумағында туризмді дамытуға қолайлы жағдайлардың болуы, мемлекетте жыл бойы туристік-рекреациялық қызметтерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Республикада тарихтың әртүрлі даму кезеңдерін сипаттайтын 27 мыңға жуық ежелгі ескерткіштер бар. Олардың ішінде Қара хан (ХІғ) мавзолейі, Айша Бибі (ХІ-ХІІ ғғ) мавзолейі, Алаша хан (ХІІ ғ), Жошы хан мавзолейлері сияқты ерекше архитектуралық нысандар бар.
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді. Тақырып өзектілігін жоғарыда айтылып кеткен мәліметтер айқындайды. Осыдан димпломдық жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайына талдау жүргізе отырып, перспективті бағыттарын анықтау.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 Журнал «Discovery Kazakhstan», 2009г.
2 Азар В.И, Туманов СЮ. Экономика туристского рынка. М, 1998.
3 Балабанов И.Т., Балабанов А. И. Экономика туризма: Учеб.пособие. М., 2003.
4 Квартальнов В. А. Туризм: Учебник. М., 2000.
5 Купер К, ФлетчерД., Гильберт Д. Экономика туризма: Теория и практика. СПб., 1998.
6 Ильина Е.Н. Основы туристской деятельности: Учебник. М., 1992.
7 Гостиничный и туристский бизнес / Под ред. А.Д.Чудновского. М., 1998.
8 Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристской деятельности. Учеб. пособие. – Алматы, 2003г.
9 Квартальнов В.А. Стратегический менеджмент в туризме: Современный опыт управления. М., 1999
10 Шеденов У.К., Бозаков А.А. Эффективность и качество услуг в условиях интенсификации общественного производства. Алма Наука, 1998, 128 с.
11 Решетникова Е.Г. Сфера услуг: планирование, проблемы, перспективы. М., Экономист 2006, 196 с.
12 Материалы интернет www. google.kz
13 Вуколов В.Н. Роль туризма в экономике и социальной сфере современного Казахстана (Казахстанское общество сегодня: социально-институциональные сдвиги и экономическое развитие). Алматы: Университет "Туран", 1998г.
14 Квартальнов В. А. Менеджмент туризма: Туризм как вид деятельности: Учебник. М., 2002.
15 материалы интернет stat.kz
16 материалы интернет www.kazakhstan-tourist.com
17 Материалы интернет www.ecotourism.kz
18 Байкожа Ж. Об индустрии туристического бизнеса // Central Asia Monitor.- 2006 – 13 января (№2) – С. 6.
19 Раева Р.А. Казахстанский туризм: Новый поворот // Деловой мир Казахстана. – 2006. – С. 3.
20 Развитие туризма на современном этапе и задачи Академии туризма / Под ред. Ю. В. Кузнецова. - СПб., 2000.
21 Реалии и возможности туристического рынка Казахстана / Деловой мир, 2008 - №5. – с. 3.
22 Есмаханова А.У Туристский кластер как инструмент развития конкурентоспособности экономики // Материалы международной научно-практической конференции «Национальная конкурентоспособность Казахстана: теория, практика, перспективы». – Алматы: КазНУ, 2006. – Ч. 1. – С. 238-242.


23 Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира»: приоритеты и пути их реализации. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2006. – 152 с.
24 Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2005. – 19 февраля. – С. 2.
25 Тасмагамбетова А.А. Тенденции развития экономики туризма в Казахстане // Материалы международной научно-практической конференции «Туризм в Кыргызстане». – Бишкек: БГИЭК, 2001. – Ч. 2. – С. 164-166
26 Шокаманов Ю. О развитии туризма в Республике Казахстан за 2005 год. // Пресс-релиз. – 2006. – 19 июня. – С. 3-7.
27 Уринов Б.Х. Развитие туризма и меры государственной поддержки для развития деятельности туристических фирм // Материалы международной научно-практической конференции «Туризм в Кыргызстане». – Бишкек: БГИЭК, 2006. – Ч. 2. – С. 169-172.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Естурлина Б.

Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

0509092 – Туризм

Қарағанды 2010

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Қорғауға жіберіледі
кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор
З.Н. Борбасова
_________________
_______________2010ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

0509092 – Туризм мамандығы бойынша

Орындаған
Тур-41к тобының студенті Б. Естурлина

Ғылыми жетекшісі
э.ғ.к., доцент
Б.Т. Матаева

Қарағанды 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 4

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... 6
1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы ... .. 20
2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері ... ... . 26
2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету 34
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу 39
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... 52
3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына 52
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Туризм саласында кластер құру 59
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
КІРІСПЕ

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына
ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып отыр.
Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды өндіруге және машина жасау салаларына
инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және
жоғары табысты сала болып табылады.
Дамыған елдердегі экономикалық саяси және әлеуметтік тұрақтылықты
сақтауға негізделген әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдің географиялық
орналасуы және оның табиғи-климаттық ресурстары мен көрікті жерлері тікелей
туризмді дамытуға қолайлы құндылық ретінде саналады.
Ұлттық экономиканы қайта реформалау, туристік ұйымдардың қызмет ету
жүйесіндегі анау айтарлықтай өзгерістері мен саланы басқару тетіктерінің
өзгеруі, қазіргі уақыттағы жағдайымен байланысты бірқатар мәселелерді
туындатты. Сонымен бірге, туризмнің дамуы тұрғындардың денсаулықтарын
нығайту және қолайлы демалу жағдайларын қамтамасыз ету жағдайында маңызды
әлеуметтік міндетті шешуге ықпал етеді.
Дүниежүзілік туристік ұйымның болжауы бойынша, әлемдік дәстүрлі
туристік нарықтардың рекреациялық сыйымдылықтары өзінің шегіне жеткен,
сондықтан жаңа туристік территориялардың есебінен, туризм саласының өсуі
қамтамасыз етілуі керек деген. Осыған байланысты Қазақстан үшін әлемдік
туристік қызметтер нарығынан өз сегментін иемденудің ерекше мүмкіндігі
пайда болып отыр. Соңғы он жылдықта Қазақстан әлемдік туристік нарықтың
белсенді қатысушысы ретінде танылуда, бірақ туризм индустриясын тиімді
басқару сұрақтары мен саланы ұйымдастыру мәселесі қалыптасып отыр.
Қазақстанда туризмнің тарихи даму алғышарттары, б.з. үшінші
мыңжылдығында қалыптаса бастаған, Ұлы Жібек жолының дамуымен байланысты.
Қазақстан экономикасындағы туризмнің рөлі әлі де болса төмен. Резидент және
резидент еместердің жалпы санының туризмдегі үлесінің салмағы-3 %. Қазіргі
кезеңдегі туристік сұранысты қанағаттандыруға қолайлы жағдайлардың
Қазақстанда болуына қарамастан, қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі
туризмнен түсетін түсімнің үлестік салмағы 0,2%-ды құрайды. Мемлекет
территориясының әртүрлі бағытқа қолдануға қолайлы 80 негізгі ландшафтық-
рекреациялық зонаға бөлінуі, ел аумағында туризмді дамытуға қолайлы
жағдайлардың болуы, мемлекетте жыл бойы туристік-рекреациялық қызметтерді
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Республикада тарихтың әртүрлі даму кезеңдерін сипаттайтын 27 мыңға жуық
ежелгі ескерткіштер бар. Олардың ішінде Қара хан (ХІғ) мавзолейі, Айша Бибі
(ХІ-ХІІ ғғ) мавзолейі, Алаша хан (ХІІ ғ), Жошы хан мавзолейлері сияқты
ерекше архитектуралық нысандар бар.
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының
басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап
өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы
бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы
Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және
потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде
үсыныс жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының
болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың
қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып
мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм),
қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар
демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм
түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға
дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап
көрсетілді. Тақырып өзектілігін жоғарыда айтылып кеткен мәліметтер
айқындайды. Осыдан димпломдық жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасында
туризмнің қазіргі жағдайына талдау жүргізе отырып, перспективті бағыттарын
анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалды:
- туризмнің қызмет етуінің экономикалық механизмін сипаттау;
- Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайын
талдау;
- Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздерін анықтау;
- Қазақстанда туризмді дамытудың перспективті бағыттарын айқындау;
Дипломдық жұмысты орындауда ғылыми зерттеудің теориялық және
әдістемелік негізін қазіргі заманғы отандық экономистердің еңбектері,
алдыңғы қатарлы шетел әдебиеттері, туризм төңірегіндегі Қазақстан
Республикасы үкіметінің шешімдері құрады.

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі

Туризм әлемдік бірлестік үшін жалпы кірістің 10 % - ын құрайтын
неғұрлым табысты және белсенді дамушы сала болып есепетеледі. Туристік
бизнес 21 ғасырдың экономиканың жетекші секторы және экономикалық дамуда
туризмнің салмақты үлесін статистикалық мәліметтер айқындайды.
ЖҰӨ туризм үлесі экономикасы жоғары дамыған және диверсификацияланған
елдерде 2 % дан 10 % аралығында ауытқиды. Аралды мемлекеттерде және аз
дамыған елдерде оның үлесі 30-40 %.
Автокөлік, химиялық өнімдер, азық-түлік өнімдері, компьютер және отын
экспорты бойынша алдыңғы орындағы ірі экспортер болғандықтан, туризм
үлесіне тауарлар мен қызметтердің 8 % әлемдік экспортқа тиеді.
БТҰ мүше елдердің 83%-ы бес жетекші экспорт категориясына кіреді, ал
38% - ы шетел валютасының негізгі кіріс көзі саналады.
Туризм кірісінің өсуінің жоғары қарқынын келесі мәліметтерден көруге
болады: егер 1950 жылы әлемдік туризм түсімі 2,1 млрд. АҚШ долл. құраса,
1998 жылы – 444,7 млрд. АҚШ долл. өсті.
Көптеген елдерде туризм елдің үштік жетекші саласына енеді, жоғары
қарқынмен дамуда және экономикалық және әлеуметтік маңызға ие:
жергілікті кірісті ұлғайтады;
жаңа жұмыс орындарын жасайды;
туристік қызмет көрсетумен байланысты барлық салаларды байланыстырады;
туристік орталықтарда әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдарды
дамытады;
халық кәсіпшілігі орталықтары қызметтерін және мәдениетті дамытуды
белсендетеді;
жергілікті халық өмірінің деңгейінің жоғарлауын қамтамасыз етеді;
валюталық түсімдерді ұлғайтады[1].

Туризм концепциясы демалыс, іскер және басқа мақсаттармен бір жылдан
аспайтын уақыт аралығында өз мекенінен басқа жерлерге саяхатқа шығатын
тұлғалардың қызметі ретінде анықталады.

Мемлекеттік масштабта статистикалық мақсаттар үшін туризмнің келесі
түрлері анықталған :

ішкі туризм, жергілікті халықтың өз елі ішінде саяхатқа шығуы;
кіру туризмі, ол елдің тұрғынына саналмай, басқа бір елге саяхатқа келу;
шығу туризмі, бір елдің тұрғынының басқа елге саяхатқа шығуы.
ішкі туризм және кіру туризмінен тұратын ел шеңберіндегі туризм;
ішкі туризм мен шығу туризмін қамтитын ұлттық туризм;
шығу туризмі мен кіру туризмімен анықталатын халықаралық туризм [2, 67
б].
Туризмнің негізгі типтері үйлесе отырып, оның келесі категорияларын
құрайды (сурет 1):

Сурет -1 Туризм түрлерінің кескіні (сұраным бойынша)

Туризм категориясы бір күннен астам тұрғылықты мекен жайынан басқа
орындарға келген тұлғаларды туристер деп қалыптасқан түсініктен тұрады (
кесте 1). Сапарға шығу немесе басқа мекен-жайда болу ұзақтығы маңызды
статистикалық көрсеткіш болып саналады, себебі ол кез-келген туризм түрінің
маңызды өлшем бірлігі, туристердің келуінің (бір жыл) максималды шегін,
сонымен қатар, бір күндік келуші мен туристер арасындағы айырмашылықты
анықтауда елеулі көрсеткіш болып табылады.

Кесте 1
Келу немесе сапарға шығу ұзақтығының жіктелуі [60].
Категориялар Түнеп шығу саны(түндер)
0. Біркүндік X
келушілер
1 . Туристер
1.1. 1-3
1.2 4-7
1.3 8-28
1.4 29-91
1.5 92-365
Е с к е р т у - Балабанов И.Т., Балабанов А. И. Экономика туризма:
Учебное пособие. М., 2003

Сапарға шығу мақсаты туралы мәліметтер келушінің тұтынуы мен шығындарын
анықтайды, және бұл туризм типтеріне байланысты болады. Келу мақсаттары
келесі категориялар бойынша жіктеледі:
1. бос уақыт, рекреация және демалыс;
2. таныстары мен туысқандарға келу;
3. іскерлік және кәсіби мақсаттар;
4. діниқажылық;
5. емделу;
6. басқа мақсаттар.
Келу мақсаттары нақты туризм түрлеріне сай келетін көлік түрлерімен де
анықталады. Бұл қозғалыс жылдамдығына қатысты, яғни туристердің бағыты:
демалыс, іскерлік келіссөздер, емделу немесе басқа мақсаттардың болуына
байланысты. Кең қолданыстағы және қолайлы жергілікті көлік құралдары (
кесте 2).

Кесте 2
Көлік құралдары
Әуе көлігі Кесте бойынша рейстер
Кестеге тәуелсіз рейстер
Басқа әуе тасымалдары
Су көлігі Жолаушы тізбектері мен паромдар
Круиздер
Басқалар
Құрлық көлігі Теміржол көлігі
Қалааралық және қалалық автокөліктер және басқа
қоғамдық автожол көлігі
Жекеменшік автокөліктер (сыйымдылығы 8 адам)
Автокөлік құралдарын жалға алу
Басқа да құрлық көлік құралдары
Е с к е р т у - Балабанов И.Т., Балабанов А. И. Экономика
туризма: Учебное пособие. М., 2003

Келушілерді орналастыру мақсаттарына байланысты түрлі әдістермен
анықталады (кесте 3 ).

Кесте 3
Туристерді орналастыру құралдары
Орналастыру-дТуристерді Қонақүйлер
ың ұжымдық орналастырудың Қонақжай орындары
құралы қонақжай орындары
Арнайы мекемелер Сауықтыру мекемелері
Еңбек және демалыс лагерлері
Көліктің қоғамдық түрлері
Конгресс-орталықтары
Басқа ұжымдық Демалысқа арналған орындар
мекемелер Кемпинг алаңдары
Басқа ұжымдық мекемелер
Орналастыру-дОрналастырудың жеке Жеке үйлер
ың жеке құралдары Отбасылық үйлерде жалға берілетін
құралдары бөлмелер
Агенттіктерден жалға алынатын орындар
Таныстар мен туысқандармен тегін
берілетін орындар
Жеке негізде басқа да орналастырулар
Е с к е р т у - Квартальнов В. А. Туризм: Учебник. М., 2000

Аймақта туризмнен түсетін кірісті жоғарылату әдістері: көңіл көтеру
және рекреация индустриясын, тамақтану индустриясын, жергілікті сувенир
өнеркәсібін қалыптастыру. Туризмнің жергілікті индустриясын дамытудың
шарттары берілген аймақтың ресурстарын толық жүзеге асыратын туристік-
рекреация қызметтерінің эксклюзивті түрлерінің болуымен анықталады.
Туризмді дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру мен жобалаудың негізгі
міндеті туристік қызметтен аймақтың кірісін қалыптастырудың маңызды
механизмі және аймақтың туристік әлуетінің басты құрылымдық элементі болып
есептелетін жоғары дамыған аймақтық туризм индустриясын жасау.
Туристік индустрия – бұл орналастыру мен көлік құралдарының, тамақтану,
көңіл көтеру, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа мақсаттағы
объектілер, туристік қызметті жүзеге асырушы ұйымдар, сонымен бірге,
экскурсиялық және аудармашы - гидтік қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы.
Туризмнің ұйымдық формалары болып халықаралық және ішкі туризм болып
саналады. Халықаралық туризмге кіру және шығу туризмі жатады. Халықаралық
туризмнен ішкі туризм ерекшелігі, Қазақстан азаматтарының және сол аймақта
тұрақты мекендеуші тұлғалардың республика шегінде саяхатқа шығуынан тұрады.
Туризм әлемдік экономикада маңызды роль атқарады. Бүкіл әлемдік туристік
ұйым мәліметтері бойынша (БТҰ) туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 110
бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11%- ын және әлемдік өндірісте 9-шы
жұмыс орнын қамтамсыз етеді [5, 78 б].
Туристік индустрияны салааралық кешен ретінде анықтауға болады [6, 121
б]:
а) техникалық бөлімдері тармақталған желілерімен жолаушылар көлігі
(әуе, су, автокөлік, теміржол);
б) аса кең туристік сипатқа ие болмаған арнайы туристік мекемелер мен
салалар кәсіпорындары (оның ішінде, автокөлік жасау мен көліктік
машинақұрылысы, отын өнеркәсібі, күрделі жөндеу мен жол құрылысы, сувенир
дайындау өндірісі, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының көптеген салалары
және т.б.)
в) турист тұтынатын кең шеңбердегі қызмет саласы.
Туристік индустрияның ұйымдық туризмді дамытуға негіз болатын
материалды-техникалық базасы (МТБ) болуы тиіс. Туримзнің материалды-
техникалық базасына жататындар: туристік фирмалар (туроператорлар мен
турагенттер), қонақүйлер, туристік базалар, тамақтану және сауда орындары
және автокөліктік кәсіпорындар, туристік жабдықтар мен инвентарлар,
туристік жолдамаларды өткізу бюросы, бақылау-сақтау бөлімдері, туристік
клубтар, бекеттер және т.б. МТБ объектілерін жіктеу негізіне үш негізгі
белгі жатады: көрсетілетін қызметтер түрлері, экономикалық элементтер,
шаруашылық субъектілерінің меншік түрлері.
Мемлекет экономикасына туризмнің қолайлы ықпал жасауы, ел экономикасын
қызмет көрсету экономикасына айналдырмай, елде жан-жақты дамыған жағдайда
орын алады. Басқаша айтқанда, туризмнің экономикалық тиімділігі оның елде
әлеуметтік – экономикалық кешендегі басқа салалармен өзара байланыста
болуымен және олармен қатарлас дамуына тәуелді. Халықаралық туристердің
келуінің белсенді және тұрақты өсуі, туризмнің даму уақытынан бастап, оның
кең қолданысқа ие болғандығын көрсетеді.
Туризмнің дамуы елдің экономикасына және бәсекеге қабілеттілігіне әсер
етуімен байланысты [7, 58 б]. Мұндай әсер ету тікелей және жанама әсер ету
әдістерімен анықталады. Елдің экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсер ету
белгілі шекте ұлттық есептеу жүйесінде (ҰЕЖ) көрінеді. Жанама әдіс
туризмнің экономикаға және әлеуметтік аяға туризмнің жанама әсер ету
коэффициенті болып саналатын, туристік мультипликаторды есептеуді меңзейді.

Бүкіләлемдік туристік ұйым мамандары 1990 жылдан бастап Доминикан
республикасын мысалға ала отырып, туризмнің жанама әсерін есепке алу
концепциясын өңдей бастады. 1998 жылы БТҰ Бас хатшысы Ф. Франжеалли
туристік салада СИКТА стандарттық салалық жіктеуге енгізілген түрлі
кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет ететінін атап өтті. Бұл жағдайда
туризмнің жанама әсері тек қосалқы салаларда ғана емес, сонымен қатар,
экономикаға толық әсері ескеріледі. Туристік мультипликатор туристердің
шығындарына қарай, аймақтың (елдің) кіріс деңгейінің ұлғайғанын көрсетеді.
Түрлі салалар үшін Д. Кейнспен, П. Самуэльсонмен, С. Фишермен, Х.
Рюттермен, И. Криппендорфпен, В. Арчермен, С. Оуенмен, Х. Клементпен және
басқалармен өңделген талдап қорытылған мультипликаторды бағалау үлгілері
мен әдістемелері бар. Дегенмен, туристік мультипликаторды есептеу және
туризм үлесін нақты бағалау әдісі жоқ. Осыған байланысты жеке өңдеушілермен
туризм үлесінің ел экономикасының келесі көрсеткіштерінде орын алатыны
көрсетіледі [8, 111 б]:
- ЖҰӨ жасау;
- төлем балансының экспортының құрамында;
- қосымша жұмыс орындарын ашуда;
- аймақтық даму;
- туристерді қабылдайтын елдің жергілікті халқының кірісі;
- экономиканың қосалқы салаларының дамуы: көлік, байланыс, тұрмыстық
қызмет көрсету, тамақтандыру, көңіл көтеру индустриясы, халықтың қолөнері,
және басқалары.
Туроператорлар, туристік компаниялар, қонақ үй, жоғары оқу орындарының
өкілдері, шенеуніктер қатысқан бірінші кластерлік кездесуде республиканың
туристік саласының бәсекеге қабілеттілігін және дамуын тежеп отырған
проблемалық факторлар талқыланып, оның ішінде визаны алу проблемасы аталды.
Практика жүзінде туристік визаны Қазақстанға келгенге дейінгі уақыт
аралығында алуға болады, ал көптеген елдерде виза мемлекет шекарасында
беріледі. Шығу туризміне жұмыс істейтін туроператорлар мен туристік
агенттіктердің қызметі халықаралық ережеге сай, шетел мемлекеттерінің
заңдылықтарымен, келетін елдің дәстүрімен, лицензиялау, салық салу, еңбек
қатынастары және басқа да проблемалық факторлармен байланысты мәселелерді
шешумен байланысты.
Көптеген проблемаларды реттеу мемлекет деңгейінде шешіледі: заңдылық
базаларды қарастыру, туристік салаға қатысушылардың сыртқы экономикалық
қызметінің мәселелері бойынша үкіметаралық келісімдерге қол қою.
Әлеуметтік және саяси факторлар түрлі аядағы ішкі және сыртқы саясат пен
экономиканың мемлекеттің заң шығару және атқару қызметтеріне үлкен
тәуелділікте болады. Ішкі факторлардың бірі туристік фирмалардың қызметін
лицензиялау мен салық салу. Айта кету керек, протекционизм и дотация
саланың немесе кәсіпорынның дамуына ықпал тигізбеуі мүмкін, бірақ қызметтің
барлық аясында парасатты салық салу мемлекетті тек туристер үшін ғана емес,
сонымен бірге, инвесторлар, бизнесмендер, экспортерлер мен импортерлер үшін
тартымды етеді, ал бұл өз кезегінде ел арасында адамдар мен жүктің
қозғалысын ұлғайтады. Бұл мемлекеттен транзитпен өтетін жолаушылар мен жүк
ағымдарының әлуетті тұтынушылардың қозғалысы болып табылады, яғни оларда
орналасу, тамақтану объектілерін, көліктік қызмет көрсетулерді тұтына
отырып, ақша төлейді, ол ішкі экономикада есептеледі. Бұл жағдайда
мемлекеттің міндеті құқық қорғау органдары мен барлық жергілікті халық
күшімен трансферттік ағымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туристердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етпеудің жағымсыз мысалына Қырғызстан, Кавказ,
Ауғанстан, Африка мен Азияның кейбір елдерін, оның ішінде Таиланд,
Индонезия, сонымен бірге АҚШ, Латын Америкасы және басқа да елдер мен
аймақтарды жатқызуға болады. Таиланд пен Индонезия табиғат катаклизмі мен
туристердің кетуі нәтижесінде үлкен шығындарға ұшырады. Бұл жағдайда
мемлекет рөлі тайфунның болу қаупін болжау мен тек туристер ғана емес,
тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Бұған ұқсас жағдай
АҚШ, Флорида штатында желдің қатты екпінінен адамдар қазасы мен көптеген
шығындарға ұшырауы мемлекеттің дер уақытында шаралар қолданбауынан деген
айыппен ел президенті мен әкімшілігіне сенімсіздіктер жасалды (2004-2005
жж). 2001 жылы 11 қыркүйек айында болған жағдай АҚШ инвестициялар мен
туристердің кетуіне әкелді.
Дербес шаруашылық субъектісі ретінде туристік фирмалардың қазіргі
заманғы қызметі күрделі. Туристік фирмалардың қызметінің айрықша
ерекшелігі жоғары тәуелділік, яғни елде саяси, экономикалық, қаржылық,
экологиялық өзгерістер туристер ағымын басқа аймақтарға бұруы мүмкін,
сондықтан кәсіпкерлер стандарттық емес шешімдер тауып, рынокқа мүлдем жаңа
өнімдер ұсыну арқылы туристерді тарту мүмкіндіктерін іздестіру қажет.
1.2 Туризмдегі қызмет көрсету әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде

Туристік индустрияны зерттей келе сервистік қызмет көрсетуге тән
экономикалық және әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктеріне тоқталу бүгінгі
күнгі өзекті мәселенің бірі екені анықталды. Туризмдегі сервистік қызмет
көрсетуді карастыру, оның экономикалық өсу мен оның қоғамның даму бағытында
атқаратын функциональды рөлімен түсіндіріледі.
Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі
экономикалык базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің
нөтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық
мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақгы
канағаттандырудың алғы шарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның
күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы түлғаға, оның түйсігіне,
қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен
байқалады.
Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының калыптасуына әсер
етеді.
Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер
аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді.
Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық
шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді.
Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни
экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің
жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен
сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін
анықтайды.
Казіргі кезендегі өндіргіш күштер дамуының заңдылықтарының бірі
-өндірістік процестегі жеке тұтыну рөлінің белсенділігі.
Түпкі сұранымның негізгі құрамасы бола, халықтың шығындары көбіне
экономикалык, өсудің динамикасы мен құрылымды параметрлерін анықтайды.
Осымен бірге, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени
және психологиялық факторларының күрделі кешенінің әсерімен, халықтың
тапсырыстары мен қажеттіліктерінің үздіксіз кеңеюі және жаңартылуы орын
алуда және де ол тұтыну шығындарының өзгермелі кұрылымында өз бейнесін
алады.
Әртүрлі қызметтер мен затты игіліктерге деген сұраным динамикасы әрбір
елдің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады. Мұнымен қатар, экономистердің
еңбектерінде жеке тұтыну қорын сипаттайтын және жалпы даму үстіндегі әлемге
тән жалпылама мезеттер сөз етілген. Солардың ішіндегі негізгісі тұтыну
қорының сандық және сапалық толықтырылуының жергілікті өндірісті-техникалық
база мүмкіндіктерінен алға кетуі нәтижесінде индустриалды дамыған
мемлекеттермен салыстырғанда, оның халық шаруашылық пропорцияларына
белсенді әсер етуі.
Қазіргі кезде табиғи орта өндіріске ғана емес, сонымен қатар, тұтынуға
да әсер ететіндігін дәлелдеу қажетігін туғызбайды. Және де жеке елдер,
облыстар және тіптен тұрғылықгы жерлер арасында орын алатын тұрмыстық
жағдайлардағы теңсіздікті мейлінше төмендету мақсатымен шараларды
қолданғанымен, оларды толықтай жою мүмкін емес екендігін ескеру қажет.
Халықтың тұрмыстық жағдайларындағы аймақтық ерекшеліктер сипатын айқындау,
осы ерекшеліктерді қандай жолдармен қысқартуға болады және солайша,
шаруашылықтанудың рыноктық реформаларын құру жағдайларында осы маңызды
мәселені шешу жолдарын қалайша белгілеу қажет екендігін анықтауға мүмкіндік
береді.
Қызмет көрсету саласы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос
уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы
әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян.
Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен
энергияны талап ететін аясы болып қала бермек. Халық өзінің бос уақытын
өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді
аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды. Қызметтер аясының тұрмыс
салтын қалыптастыру түрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер
аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға,
оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі [9].
Қызметтер аясындағы жұмыскердің өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби
дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси даму деңгейімен, біліктілікті үнемі
жоғарылату мен өндірісті жетілдіру жайлы пәруай таныту секілділермен
сипатталуы қажет. Жоғары білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке
тілектерін ескере, тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді
ғылыми түрде ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді қамтитын жоғары мәдени
деңгейлі қылықгы танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен
қалыптасатын тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек сипатына ие, яғни бұл
қоғамның әрбір еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті
кейпі деп тұжырым жасай аламыз.
Мысалы, үй шаруасын жүргізудегі уақыт шығынын қысқарта, адамды
тартымсыз және еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, еңбек сыйымды
жұмысты орындаудан босата, қызметтер аясы адамдардың бос уақытының шегін
кеңейте отырып, олардың рухани және табиғи дамуына септігін тигізеді.
Әсіресе әйелдердің, үй жұмысынан қолы босауы есебінен балаларға көп көңіл
бөліп, тәрбиесі мен мәдени дамуында өз орнын алуынан, бос уақытының
ұлғаюының әлеуметтік маңызын көреміз. Сөйтіп, қызметтер аясы уақыттың
үнемделуі мен оның рационалды пайдалануына атсалысады.
Бос уақыттың әсерін бір жағынан экономикалық өсу факторы ретінде
қарастыруға болса, екінші жағынан - бұл бос уақыт пен жұмыс уақытының тығыз
ара-катынасында байқалатын уақытты үнемдеу заңының әрекет ету механизмінің
көрінуі. Саяси экономикалық аспектіде аталмыш ара-қатынас жұмыс уақытының
азаюы, бос уақыттың үлғаюына негіз құрайтынында көрінеді. Бос уақыттың
ұлғаюы жүмыскер біліктілігін жоғарылатуға жағымды жағдайлар орнатса,
олардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы еңбек ауысуының экономикалық
заңының толық жүзеге асуының бірде-бір себебі болады, ал оның негізінде
қоғамдық уақыттың барлық құрама бөліктерін тиімді пайдалануға әбден болады.
Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық талдау және әлеуметтік зерттеулер
көз жеткізіп отырғандай, бос уақыттың пассивтілігі көптеген субъективті
жөне объективті себептермен түсіндіріледі.
Бос уақыт бүгінде әлі де болса толыктай адамның жан-жақгы дамуын қам-
тамасыз ете алмай отырғандығы, оның ұзақтылығының артуына әкеледі. Бос
уакыт ұзақтылығының артуын, қазіргі уақытта байқалатын адам тапсырыстарының
түрлілігі мен кеңеюі, индустриалды әлемнің даму қарқыны талап етіп отыр.
Бос уақыт адамның қабілеттерінің, шығармашылығының, өзін көрсете
білуінің дамуындағы мықты құралына айналу үшін, оның қүрамында әрекет-
тердің күрделі және белсенді формаларының (өзінің білімін өз бетінше
жетілдіру, шығармашылыкпен, спортпен айналысу жөне т.с.с.) үлес салмағы
күрт артуы қажет.
Бос уақытты пайдалану тиімділігі, қызметтер аясы салаларының жұмысын
жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен канығып,
баска қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет,
жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының ұлғаюына
септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді түрлері оны тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ үзақ мерзімді және белсенді демалыс
жанұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік-жанүя
қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос
уақытын мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға
үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Адамның
білім және мәдениет деңгейі, денсаулығының жағдайы тікелей оның алатын
табысына әсер етуі тағы да бар. Оған қоса, денсаулығы, білімі, кәсіби
дайындығы стандарттарынан жұмысшы күшінің сапасы тікелей және де
сәйкесінше, жинақталған өндіріс қорларын пайдалану интенсивтілігінің
тиімділігі, экономикалық өсудің карқыны, өндірістің материалды-техникалық
базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады.
Қызмет көрсету аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды болып
табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын
мәнісінде, қондырма базисінің кез келген маңызды элементі, қандай-да бір
өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар
механизмі арқылы қызметтер аясымен белсенді әркеттеседі.
Сонымен қорыта келе қызмет және оның түрлілігі сан жағынан, сапа
жағынан копшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының
белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне жан-жақты
әсер етеді.

1.3 Туризмді дамытуда маркетинг пен менеджментті қолдану ерекшеліктері

Туризмді дұрыс басқару кезінде, ол жоғары халықшаруашылық және
әлеуметтік тиімділікті иеленеді. Оның дамуына қаражат салу арқылы өнімділік
еңбегінің өсуіне, ұлттық табыстың өсуіне, республиканың егемендігін
нығайтуға тікелей қатынаста болатын әлеуметтік және экономикалық тиімділік
алуға болады.
Туризм аясының болашақта дамуына ықпалын тигізетін – бұл маркетингтік
қызмет. Өкінішке орай, маркетинг туризмге онша назар аудармайды.
Міндеттерді шешу үшін қолданылатын негізгі әдістері мен тәсілдері ретінде
туристтік маркетинг адамдардың психологиялық және әлеуметтік көзқарасының
қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар қаржылық тұрғыдан ол туристік
ұйымдар мен кәсіпорындардың қызмет етуі үшін неғұрлым тиімді әдістерінің
анықталуына мүмкіндік береді.
Туризм аясында маркетингті қолдану өндірісті ұйымдастырумен және
севистің маңызды ерекшеліктерімен қамтамасыз етілген. Бір жағынан,
туристтік ұсыныстар мобильді болып табылмайды, ал туристтік қызметтер тек
қана тікелей орнында тұтынылады. Туризм аясындағы кәсіпорындар (қонақ үй,
мейрамханалар, демалу орындары) туристік фирмалардың жалпы шығындарындағы
негізгі капиталдың маңызды үлесімен қамтамасыз етілген кеңстікте де, өз
уақытында да сұраныстың өзгеруіне бейімделе алмайды. Екінші жағынан,
туристік қызметтерге сұраныс баға мен табыс деңгейінің ара қатынасы бойынша
икемді болып келеді, көбінесе, саяси және әлеуметтік жағдайларға тәуелді,
ал сонымен қоса айтарлықтай маусымдық тербелістермен ерекшеленеді.
Туристік нарықта субъектілердің қызметіне маркетинг нарықта
тұтынушылармен және айналадағы бизнес-ортаның (демографиялық, экономикалық,
экологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси, ғылыми-техникалық) өзара әрекет
етуінің тиімділігі есебінен ұйымның тұрақты қызмет етуінің әдістері мен
жолдарын іздеуге негізделеді.
Туристік фирманың маркетингтік қызметінің негізгі мақсаты тиімді
тұтынушылар қуысында (нарық сегменті) жүруі қажет, коммерциялық қызмет үшін
замануи нарық жағдайларын, перспективалық және инновациялық туристік
өнімдерге сұраныс пен ұсынысты анықтау және алдын ала болжау, ал кейін осы
білімдер негізінде фирманың тұрақты қызметіне стратегияны қолдануды жүзеге
асыру қажет.
Туристік фирмалар жұмысының тиімділігі үшін маркетингтің алдында
мынадай маңызды міндеттер қойылады: жаңа бизнес-идеялардың генерациясы,
маркетингтік ақпараттарды қолдан отырып және синтездеу негізінде
инновациялық бизнес-жобаларды өңдеу; фирма ішінде немесе фирмадан тыс
бизнес-орта динамикасының есебімен клиенттермен (шынайы және потенциалды),
серіктестермен жұмыс жасау; фирманың мүмкіндіктері.
Бұл міндеттердің шешімі фирманың стратегиялық қызметі негізінде оны
анықтауға және перспективалық-іскерлік ұсыныстарды шартты орындамас бұрын
кемшіліктерін анықтауға көмектеседі. Бұл байланыспен нарық сегментінің
перспективалық шеңберінде туристік өнмідердің әр түрлі түрлерін қолданатын
потенциалды тұтынушыларды іздеу жұмысын жасау қажет.
Нарық конъюктурасын талдаудың маңыздылығы болып (нарық сыйымдылығы;
туристік өнімдердің номенклатурасы; клиенттермен төлем қабілеттілік;
құқықтық, саудалық-экономикалық және экологиялық жағдайлар; географиялық
орны; табиғи орта) туристік өнімдерді өткізу жүйесіне дайындық, фирманың
ұйымдастырушылық құрылымын өңдеу және нарық қуысының (бір немесе бірнеше)
мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын қызметшілерді таңдау табылады.
Туристік қызметтерде бәсекелестіктің болуы және клиенттердің
талаптарының өсуі мыналарға әкеледі: көптеген туристік ұйымдар маркетингке
сүйенеді, себебі маркетинг ұйымның сыртқы ортасын өзгертуі үшін және
бәсекелестік күресте жеңіске жетуі үшін стратегиялық-маркетингтік жоспарды
ұйымның қызметіне байланысты өңдеп шығарады.
Қазіргі уақытта туристтік қызметтің барлық аяларында туристтік
фирмалардың жұмысының мамандануы мен бірлесуін көрсететін жаңа жұмысты
ұйымдастырудың формалары іздестіріліп жатыр.
Туристік нарықтың микродеңгейде дамуы көп жағдайда маркетингтің
әдістерін қолдану арқылы анықталады, кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру
нарықты және сұранысты жан-жақты зерттеуге негізделеді. Маркетингті
туристік фирмада пайдаланудың маңыздылығы - бәсекелестікті дамытатын,
экономикалық дербестілікпен, нарықтың қалыптасуына мүмкіндік туғызатын
жағдайларды құруды жоғарылатады.
Маркетингтің мақсаты – кәсіпорын ұсынатын немесе ұсына алатын
қызметтерге қолда бар немесе құпия сұраныстарды бөліп көрсету,
біріздендіру, бағалау және фирманың сол қызметтерді әзірлеу, өндіру, бөлу,
сату және жылжытуға күш-жігерін салу. Яғни, туристік маркетинг туристік
компанияның туристік өнімі мен қызметтері өтімділігінің нарығын кеңейту
мақсатында оның әкімшілігі жүзеге асыратын белгілі бір функциялардың кешені
ретінде анықталады. Туризмдегі маркетинг коммерциялық мақсатта қоғамның
туристік қызметтерге қажеттілігін айқындау және пайдалану жөніндегі
стратегияларды белгілейді. Сонымен қатар, туристік маркетинг туристік
кәсіпорындар мен фирмалардың қызметін, сондай-ақ туризм саласындағы
өңірлік, ұлттық немесе халықаралық өлшемдер бойынша жүзеге асырылатын жеке
және мемлекеттік саясатты үйлестіреді. Маркетинг процесі – бұл нарықты
зерттеу және қажетті қызметтерді одан әрі жоспарлау, әзірлеу және өндіру
арқылы сұраныстар мен әлеуетті тұтынушыларды анықтаудан бастап, оларды
тұтынушыларға бөлу мен сатуға дейінгі өзара байланысты іс-қимыл жүйесі.
Маркетинг процесін жүзеге асыру үшін ұйымның сұранысты анықтау үшін
қолданатын әдістері, қызметті орындауды жоспарлау, тауаралар мен
қызметтерді бөлу, жылжыту және сату үшін баға белгілеу секілді маркетингтік
технологиялар пайдаланылады.
Туристік қызметтерге сұраныс, жоғарыда айтылғандай, өте иілгіш, үлкен
маусымдық құбылулармен ерекшеленетін, және қанығу феномені болғандықтан
туризмдегі маркетинг өте қажет.
Туристік қызметтер нарығындағы маркетингті дамытуға әртүрлі елдердің
туристік фирмалары, туристік компаниялары жасайтын және қолданатын әртүрлі
әдіс-тәсілдер жәрдемдесуі тиіс. АҚШ-та сексенінші жылдардан бастап тұрақты
клиентке сыйақы беру идеясына негізделген тәсіл пайдаланыла бастады. Бұндай
бағдарламалардың мақсаты – тұтынушының нақты бір фирмадан
тауарларқызметтер сатып алуды жүзеге асыруын ынталандыру. Тұрақты
клиентке сыйақы беру бағдарламасы таңдау бойынша кейіннен ақысыз қызмет
көрсету үшін ұпай жинау жүйесіне негізделген.
Тұрақты клиенттерге сыйақы беру бағдарламасы деректер қорын құруға және
қонаққа не қажет екендігі мен оның тауар немесе қызметтерден не
күтетіндігіне талдау жасауға көмектеседі. Компанияның деректер қоры арқылы
тұтынушының қанағаттану дәрежесін барынша арттыру мақсатында онымен қарым-
қатынасты тұрақты және тікелей қадағалап отыруға мүмкіндігі болады.
Нәтижесінде қонақ өзінің ерекше сұраныстарына сай келетін жақсы тауар
немесе қызметтерге ие болады. Соңғы жылдары тұтынушылардың өте талапшыл әрі
құбылмалы болуына байланысты қазіргі кезде өте қажет. Олар өздерінің
ерекшеліктеріне бейімделген тауралар мен қызметтерді іздейді, ақпараттық
толықтығына қол жеткізеді, экологиялық таза өнімдерді тұтынуға талпынады.
Кәсіпорын тұрақты клиенттерді кез келген жаңа бастамалар туралы, сондай-
ақ бағаның өзгеруі туралы хабардар ете алады. Клиентпен диалогтық қатынас
орнату компанияға клиент үшін қажет шешімді ертерек (алдын алА) білуге
мүмкіндік береді. Тиісінше, қызметке көрсетудің де сапасы арта түседі.
Туристік қызметтер көрсету саласы бойынша жоғарыда көрсетілген
практиканың өзіндік ерекшелігі бар.
Кез келген сала немесе қызмет саласы сауатты, білікті және ұтымды
басқаруды қажет етеді. Менеджмент осыған қызмет етуге бағытталған.
Менеджмент сөзі "management" деген ағылшын сөзінен аударғанда басқару
дегенді білдіреді. Қазіргі заманғы менеджмент – бұл өзіндік даму логикасы,
өзгешелігі бар экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Жиырмасыншы
ғасырдың көрнекті экономисі А. Маршаллдың басқаруды капитал, еңбек және жер
атты үш дәстүрлі фактормен қатар өндірістің жеке факторы ретінде қарастыруы
тегін емес[10].
Осы тұрғыдан қарағанда туризмді басқару айрықша маңызға ие болады.
Фирма туризм индустриясын қозғалту және дамытудың негізгі локомотиві
секілді менеджмент жүйесіндегі басты буын болып табылады.
Туризм саласындағы мамандар әр фирма өзінше бірегейлігімен
ерекшеленетіндіктен, басқарудың бірыңғай, идеал үлгісі жоқ деп әділ
ойлайды. Ол өзінің жеке үлгісін іздестіруі тиіс.
Басқарудың қазіргі заманғы жүйесі қарапайым әрі икемді болуы тиіс. Оның
басты өлшемі, бір жағынан өзара іс-қимыл тиімділігін, екіншіден, көп
жағдайда біріншіге байланысты болатын бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз
ету болып табылады. Бұл жүйенің мынадай негізгі сипаттамалары болуы тиіс:
кішігірім бөлімше, адамдардың саны аз, бірақ білікті мамандар жинақталған;
басқару деңгейінің шағын саны; мамандардың тобына негізделген құрылым;
тұтынушыға бағдарланған өнімнің, жұмыс кестесі мен процедурасының сипаты
мен сапасы.
Туризмді басқарудағы басты міндет объектіні, осы ажырамас элементтің
нысаны мен функциясын айқындау болып табылады. Туризм саласындағы басқару
объектісі ұжым, персонал, туристік өнім өндірісі және айналысы процесінде
адамдар арасында туындайтын әлеуметтік-адамгершілік, құқықтық, адамгершілік
және басқа да қарым-қатынастар болып табылады. Осы тұрғыда, туризм
саласындағы басқару процесі өз табиғатында адамдардың өндіру және айналдыру
саласындағы қарым-қатынасының өте кең өрісін қозғайтындығын есте сақтау
қажет. Мысалы, туристік өнімді жасау және іске асыру кезінде қонақүйлік
және мейрамхана шаруашылығы, көлік, мәдени, ойын-сауықтық және отандық,
сондай-ақ шетелдік әріптестердің туристік кешені саласындағы қызметкерлер
мақсатты түрде өзара бірлесіп жұмыс жасайды.
Туризм саласындағы басқару нысаны әр алуандығымен ерекше. Бұл,
біріншіден, экономикалық механизм және ұйымдық құрылым. Екіншіден,
маркетинг пен ақпараттық-жарнамалық технологиялар, тіпті, персонал –
менеджерлер, мамандар және басқарудың басқа да құрамдас жүйелері. Басқару
жүйесінің элементтері өзара тығыз байланысты болады. Бұл жағдай
элементтердің біреуі басқалардың қайта құрылуына сәйкес келмей өзгерген
кезде, оның келешегін жоққа шығарады.
Туризм саласындағы қазіргі заманғы менеджмент ұйымның ерекшеліктерін
және әртүрлі мақсатта саяхатқа шыққан туристерге қызмет көрсету
технологиясымен және мазмұнымен ерекшеленуі тиіс туристік кәсіпорындардың
қызметін ескереді. Осыған байланысты қонақүй, тамақ кәсіпорны, саяхат және
экскурсия бюросы, туристік агенттік, авто- және авиакөлік кәсіпорны,
мұражай бизнесі, сондай-ақ киносервис, тұрмыстық қызмет, ойын-сауық және
спорттық орталықтар, денсаулық сақтау орталығының және т.б. қатысы бар
туристерге қызмет көрсету жобалары мен бағдарламаларының көп түрлілігі
түзіледі. Олардың барлығы туризмнің инфрақұрылымын жасайды, туризм мен
демалысты қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қатысады және саяхат кезінде
қажет болатын әртүрлі қызметтердің көптүрлілігін көрсетеді.
Заңдық мәртебесі мен белгілі бір туристік кәсіпорынның тиісті нысанына,
оның қызметінің ерекшелігіне, сондай-ақ игіліктер мен қызметтер нарығының
және еңбек нарығының ахуалына, мемлекеттік көмектің болуы мен көлеміне,
кәсіпкерлердің ерекше менталитетіне байланысты туристік кәсіпорындардың
мақсаты үш класқа бөлінеді: экономикалық, фирмалық және әлеуметтік.
Экономикалық мақсат – ұзақ мерзімді келешекте түсімді барынша көбейту,
клиентураның жаңа сегменттерін анықтау, тұрмысты жақсарту, өнімді және бөлу
жүйесін оңтайландыру, кейбір өнімдер мен қызметтердің ескеруін болдырмау,
бәсекелестерге қатысты нарықтық ұстанымды нығайту. Соңғы мақсат қаржылық
көрсеткіш түрінде немесе клиентураны қамту санымен (60% - шетелдік, 40% -
отандық) көрінуі мүмкін. Жалпы алғанда ел үшін нарықтық ұстанымды нығайту
туристердің санын жүйелі ұлғайту және туризмді пропорционал дамыту дегенді
білдіреді. Үлгі ретінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург Туризм
департаменті көрсеткен үш басты мақсатты алуға болады: туризмнен түсетін
табыстың мүмкіндігінше өте тез өсуіне қол жеткізу; туристік бизнестің
әлемдік ақпараттық жүйесіне ену және осылайша, халықаралық туристік нарыққа
шығу; туристік қызметті түрлендіру.
Фирмалық мақсат біріншіден, фирма, ел, өңір немесе белгілі бір
жергілікті жердің беделін арттыру және имиджін көтеруді қамтиды. Бірқатар
жағдайларда кәсіпорындар басшылары алға қайткен күнде де тәуелсіз болып
қалу, өз ісін бақылап отыру міндетін қояды. Клиентура мен тұрақты табысты
кеңейтуге қол жеткізе отырып, олар нарықта тұрақты жағдайды сақтаудың
тәсілдерін іздейді.
Әлеуметтік мақсат халықтың ең төмен табысы бар тобына қатысты өнімді
(қызметті) дамыту тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандағы қазіргі туристік
ағымда әлеуметтік туризм болар-болмас орынды иеленеді.
Көбінесе, туристік менеджменттің мақсаттары мыналарды болжайды:
туристік көліктік парктер желісінің сенімділігі мен рентабельділігін
арттыру; туристік базаның жабдықталуын жақсарту; өлі маусымда жұмыс істеу
рентабельділігін арттыру; әртүрлі маусымда икемді баға саясатын жүргізу;
баға мен нәтиже арасындағы тиімді сәйкестікті қамтамасыз ету; әртүрлі
қызметтер көрсете отырып, клиенттерді тарту; тұтынушылар қажеттілігінің
өзгеруіне қарай ұсыныстарды үнемі бейімдеп отыру; туризммен айналысатын
ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу; жарнама саласын қарынды әрі
ұтымды дамыту[12]. Әрине, аталған мақсаттардың кейбіреуіне ғана емес,
сонымен бірге өзіне тиісті үлгіні жасау арқылы барлық мақсаттың жиынтығын
да бағдар етіп ұстауға болады. Бұндай үлгінің басты функциясы барлық қолда
бар ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортамен үйлесімділікті
қамтамасыз ету кезінде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып
табылады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы

Қазақстанда 1990 жылдардың басынан, негізінен Қытай, Түркия, Пәкістан
елдеріне шоп-тур, яғни елде киім, аяқ-киім және электротехника тауарларының
тапшылығын толтыру мақсатында шығу туризмі дамыды. Туристік сала кіру, шығу
туризмін нақты қаржылық қолдауға ие болмады. Бұдан басқа, он жылдық кезеңде
халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және бұрынғы КСРО республикаларының
аймақтық байланыстарының үзілуі, біртұтас туристік кеңістіктің ыдырауы
қазақстандық туризм базасын қысқартты. Дегенмен осы уақытта мемлекеттік
деңгейде туризмді дамыту маңыздылығы мойындалды. Қазақстанда осы бағытта
бірнеше шаралар реті қабылданды [13]:
-         туризмнің заңдылық базасы қалыптаса бастады;
-         Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге және Қазақстанға
шетел туристерінің сапарға келуі жеңілдетілді;
- туризм аясында жеке кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияларды тарту
үшін нақты жағдайлар жасалды.
- туристік саланы басқару үшін мемлекеттік және жергілікті органдар
ұйымдастырылды.
Біздің еліміздің туристік потенциалы, Евразияның орталығында
орналасқан, табиғаты бай, әртүрлі және барлық туризмнің түрін дамытуға
мүмкіндік бар – танымдық, көңіл көтеру, этникалық, экологиялық, сауықтыру,
балалар, спорттық, аңшылық, ат, хикаялық. Туристер үшін Қазақстан
территориясы бойынша 700 маршрут ұсынылады. Олардың ішінде ең танымалы аң
аулаудың ұлттық түрі, бүркіт пен қазақ тазысы туристер арасында қызығушылық
тудырады. Бұған қоса республиканың әр аумағы өзінше ерекшеленіп, туристерді
қызықтыра алады.
Оңтүстік Қазақстан (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік қазақстан, Қызылорда
облыстары) – орта ғасырдың ескерткіштерімен танымал тарихи және мәдени
орталық. Аймақта Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Бұған қоса, тамаша
климаттық жағдай демалыс, емделу, аңшылық, альпинизммен айналысуға, тау
шаңғысымен айналысуға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) – Орал, Волга,
Каспий теңізінің бассейнінде Европа және Азия құрлығының орталығында
орналасқан. Бұл жерде әлемнің екінші ең терең нүктесі теңіз деңгейінен 132м
төмендегі – Қарагие орналасқан. Су спорт түрі үшін және балық аулауға
мүмкіндік бар.
Солтүстік Қазақстан (Қостанай, Солтүстік Қазақстан Павлодар облысы) –
ландшафт, су, велосипед, автомобиль және басқада туристік джемалыстар үшін
аймақта климаттық мүмкіндіктер бар. Көкшетау, Баянауыл курорттары емдік
демалыстарды ұсына алады.
Орталық Қазақстан (Қарағанды облысы) – мұнда әлемдегі ең үлкен және
табиғи жағынан ерекше көлдердің бірі Балхаш көлі және Қарқаралы тау-орман
оазисі орналасқан. Бұған қоса этнографиялқ және археологиялық объектілер
сақталған.
Шығыс Қазақстан – Сауысқан, Алалкөл, Марқакөл, Зайсан көлдері және
Ертіс өзені ағып жатқан орманды-таулы аймақ. Семей ауданы – қазақстанның
ұлы жазушысы Абай Құнанбае пен Мұхтар Ауэезовтың отаны.
Қазақстан өзінің ұлан-ғайыр территориясымен және түрлі табиғи-климаттық
жағдайларымен, өткен уақытқа бай тарихымен, салт-дәстүрі мен мәдениетіндегі
өзіндік жағдайларымен туристер үшін тартымды. Қазақстанның туристік
әлуетінің туризмнің барлық түрлерінің дамуына қолайлы позициялары бар,
олардың ішінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:

Сурет 3– Қазақстан Республикасындағы әлуетті туризм түрлері

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін әлемдік бірлестік құрамына енді,
көптеген халықаралық ұйымдардың толық құқылы мүшесі болып саналады.
Нәтижесінде туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту мәселесі алға
тартылуда, оған себеп республика іскерлік қатынаста және туризм объектісі
ретінде шетелден келушілердің қызығушылығын тудырып отыр.
Осыған байланысты ұлттық экономиканың осы саласын дамытуға сәйкес
координаттарды анықтау қажеттілігі туындайды. Мамандардың есебі бойынша,
бір шетелдік туристен түсетін кіріс көлемін орта есеппен алғанда, әлемдік
рынокқа 9 тонна тас көмір, 15 тонна мұнай және 2 тонна жоғары сортты бидай
шығару керек. Шикізатты сату елдің орны қайтып келмейтін ресурстардың
таусылуына алып келсе, туристік индустрия қайта қалпына келтірілетін
ресурстармен жұмыс істейді. Бұл жағдай оның басымдылығын анықтайды [14].
Қазақстан экономикасында және басқа елдерде туризм рөлі үнемі артуда.
Егер ТМД және әлемнің қалған елдерімен көрсеткіштер қатынастарын алатын
болсақ, кіру туризмі ТМД елдерімен 13,7 %, ал қалған әлем 86,3%, шығу
туризмінде ТМД елдерінің үлесі 11,9 %, қалғаны – 88,1% құрайды. Қазіргі
заманғы туризм экономикалық жай ретінде индустриалды формаға ие, ұлттық
экономиканың қарқынды даму катализаторы, жаңа жұмыс орындарын ашады, ұлттық
кірістің өсуіне ықпал жасайды, жергілікті инфрақұрылымды дамытады, және
жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Қазақстанның әртүрлі табиғи-географиялық жағдайларының, әртүрлі
ландшафтарының, жануарлар және өсімдіктер әлемінің бай болуына қарамастан,
мемлекетте жүйелі туризм саласының негізгі атрибуттары-жарнама, сауда
қызметтері, тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру, байланыспен қамтамасыз
етілу жағдайлары төмен.
Мемлекетте қабылданған ұлттық жіктеу жүйесінде, туризм қызмет саласына
жатқызылған, бірақ тұрғындарға көрсетілетін қызмет көлемінің құрылымындағы
оның үлесі төмен. Республикада жалпы ішкі өніміндегі туризмнің үлестік
салмағының өсу тенденциясы байқалуда, бірақ әлде болса төмен. Бұл
жағдайларды туризмді дамытуға жұмсалған қаражат бойынша Қазақстан
Үкіметінің саясатының тиімділігінің жеткіліксіздігімен, елге туристерді
тартуға бағытталған жарнама жасаушы компаниялардың жоқтығымен, туристік
көрмелер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік ресурстарды дамыту
Туризмнің түрлері, ерекшелігі және даму перспективасы
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Туризмнің түрлері,ерекшеліктері және перспективасы
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Қазақстандағы туризм экономикасының жағдайын заманауи бақылау
Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Қонақ жай туризм басқа қызмет көрсету салалары
Пәндер