Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану



Кіріспе
1. Сыныппен фронтальды жұмыс.
2. Электронды баспамен оқушының өздік жұмысы.
Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру 1. Фронталды сұрақ.жауап.
2. Оқушының өздік жұмысы.
3. Практикум сабақтары.
Білімді бақылау
Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет екендігі баршамызға мәлім. Қазіргі кездегі қоршаған ортадағы өзгерістер ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында болып жатқаны белгілі. Бұл саладағы маңызды өзгерістер білім беру саласына да оң ықпалын тигізіп отырғаны бүгінгі білім ордасындағы ұстаздар қауымына кеңінен таныс. Жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың адам, қоғам өміріндегі орны туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында білім ордаларын жаңа технологиялармен қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіретіндігін атап өткен болатын.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамымызға кеңінен енді.

Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ: АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды
қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру
қажет екендігі баршамызға мәлім. Қазіргі кездегі қоршаған ортадағы
өзгерістер ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында болып жатқаны
белгілі. Бұл саладағы маңызды өзгерістер білім беру саласына да оң ықпалын
тигізіп отырғаны бүгінгі білім ордасындағы ұстаздар қауымына кеңінен таныс.
Жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың адам, қоғам өміріндегі
орны туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
атты жолдауында білім ордаларын жаңа технологиялармен қамтамасыз етуді одан
әрі жетілдіретіндігін атап өткен болатын.

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бүгінгі күні біздің
қоғамымызға кеңінен енді.

Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы
мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде.
Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың
өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың
шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске
асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық
технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары
білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте
оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің
барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның
ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін
болады.
Ақпараттық технологиялар терминін электрондық құралдар арқылы ақпаратты
жинақтап, өңдеп, көрсету және қолдану деп түсіну керек.
Ақпараттық технологиялар құрамындағы компоненттермен және олар іске
асырылатын ортамен сипатталады:
➢ техникалық орта (негізгі мәселені шешу үшін қолданылатын техника
түрі);
➢ бағдарламалық орта (бағдарламалық құралдар жиынтығы);
➢ пәндік орта (ғылымның, техниканың, білімнің тиянақты пәндік аймағының
мазмұны);
➢ әдістемелік орта (нұсқаулар, қолдану реті, тиімділік бағасы және
т.б.)
Оқытудың ақпараттық технологиялары – ол компьютердің көмегімен білім
алушыға ақпаратты дайындау және беру үдерістері.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды
түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны,
видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық
проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің
орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты
неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика
сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін
(мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен
мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде
қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Сабақтың параметрі АКТ-ны қолданатын сабақ Дәстүрлі сабақ

ақпаратты беру оқушылар ақпаратты мұғалімнің түсіндіруі,
неғұрлым қаныққан, оқулық бойынша
көрнекі түрде алады параграфты өз беттерімен
оқуы, кестелерді
қолдануы

жұмыс қарқыны әр оқушы өз қарқынымен мұғалім сыныптағы
жұмыс істейді, оқушылардың көпшілігіне
тапсырмалар мен сәйкес келетін жұмыс
мультимедиялық құралдар қарқынын қолданады
білім алушылардың жеке
ерекшеліктерін, олардың
сол уақыттағы білім мен
дағды деңгейлерін есепке
алады

оқушымен кері байланыс түсіндіру кезінде, ағымдық бақылау
бекіту кезінде іске
асады.

Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың
қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы
өзара іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі
мәселелерді шешуге тура келеді:
✓ дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік
бағдарламаны талдау);
✓ әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау,
сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
✓ ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты
тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
✓ оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және
ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және
бекіту).
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын
дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
• мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді
талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен
әдістерін айқындау);
• компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын
білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
• дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
• тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық,
аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
• оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама
енгізу;
• осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында
сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу
қажеттігін анықтау.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез
орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт
үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін
тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын,
танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және
эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың
зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді
педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану
дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама
көтереді.
Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын
қолданып өткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.
Жаңа материалды игеру
1. Сыныппен фронтальды жұмыс.
Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті
тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды
түсіндіреді. Мұндай презентацияларға, әсіресе, геометрия сабақтарында
стереометриялық есептерді шешуде ешнәрсе тең келмейді, кез келген
геометриялық фигураны интерактивті тақта көмегімен бұруға, қосымша салу
жұмыстарын жүргізуге, оны толық көлемді түрде көрсетуге, жазықтықта чертеж
салуға, салу есебінің шешуін көрсетуге болады. Алгебрада Функциялардың
графиктері тақырыптарын түсіндіргенде көрнекі түрде графиктердің абсцисса
осі бойымен немесе ордината осі бойымен жылжуын көрсетуге болады. Төменгі
сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде
модельдеп көрсетуге болады, т.с.с.
2. Электронды баспамен оқушының өздік жұмысы.
Оқушы мұғалімнен мыналарды алады:
1) жаңа материалды игеру жоспарын;
2) аралық бақылау сұрақтарын;
3) толтыру үшін тақырыпты игеру шаблонын алады.
Оқушы электронды баспамен өз бетінше жұмыс істейді.
Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру
1. Фронталды сұрақ-жауап.
Мұғалім оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады,
оқушы оны дыбыстайды.
2. Оқушының өздік жұмысы.
Оқушы алгебра, геометрия, математика бойынша тренажерлармен және оқыту
бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары
(жаттықтырушы) әрбір оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді,
себебі әрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы
бойынша жылжып отырады. Ағымдағы материалды игермей, келесіге көше алмайсың
– компьютер мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің оқушы жұмысын түзетуге, нашар
оқушыларға көмектесуге мүмкіндігі бодады. Оқушының осы арадағы іс-әрекеті :
1) өз бетінше немесе жұбымен компьютерде есепті шығарады;
2) сілтемені ағытып тастап, шешуді қайталайды;
3) дәл осындай есепті дәптерде шығарады және шешуін компьютердегі
шпаргалканы ашу арқылы тексереді;
4) мұғалім ұсынған осындай тапсырманы баға алу үшін орындайды немесе
осындай есепті өзі құрастырып, оны баға алу үшін шешеді.
3. Практикум сабақтары.
1) оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған
(әрқайсысында 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді әр деңгейге
(3, 4, 5-тік бағаларға) алады.
2) оқушылар деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады,
көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға болады, сонымен қатар
бірлесіп шешу үшін жұптарға немесе топтарға бірігуге болады;
3) қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша әрбір оқушыға 1-2
тапсырма береді;
4) оқушы шешу жолын көрсетіп, бағасын алады.
Оқушының өз бетімен жұмысы
1. Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс
(мыс.денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін). Бұл жағдайда
оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен және оқулықпен жұмысының
жоспарын құру талап етіледі.

2. Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық
үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі.

3. Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, әзірлеп, қорғайды).

Білімді бақылау
Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер
тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді).
Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады.
Осы айтылғандардан математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде
күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:
o математика мен информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;
o компьютерлік сауатталықты қалыптастыру;
o оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;
o оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық стилін
қалыптастыру;
o білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық
құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;
o жеке және тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру.
Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын
қолданудағы қауіпсіздікке және оптималды пайдалану тәртібіне тәуелді.
Сондықтан техникалық құралдарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру
керек.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді
біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру
жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін
күшейтуге мүмкіндік береді.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Казахстан, Мангистауская область, г. Актау
ГУ "Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами"
Учитель математики
Калекеш Айнагуль Абайкызы
          Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім
кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық
тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.
Бағдарламаның жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес,
білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен
тәжірибенің өзара тәрбиеленуі байланысына да тәуелді. Қазіргі кездегі
компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық,
телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын  көрсететін,
толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Мұндай мүмкіндіктерді
жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі  ақпараттық
коммуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш
салуда.
          Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту
нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде
компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жүйесін, олардың іс-
әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.
          Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен
біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап
етеді.
         Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім
беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез
орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия,
гипер-текстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда
болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды
даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім
мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.
 
          Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі де
математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні
мұғалімдері компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде
кеңінен қолдануда.
         Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар
жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика
курсын толығынан компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома,
теорема, оларды  дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау
қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір
тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьтерлік технологияға
жүктеу керек.
        Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы
сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Ақпараттық
технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді
алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны
негіздеу мына  негізден қарастырылуы тиіс:
-         математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы
мен
оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай
болуы;
-         компьютерлік технологияның  бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның
ішінде
математикаға араласуы, енгізілуі;
-         оқушыларды әртүрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп,
соларды
тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім
ортасына жылдам енгізеді.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу
тәсілі бар екені белгілі.
           Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері:
-         оқыту мақсатын анықтау;
-         өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау,
керектілерін таңдап
алу және оның тиісті құрылымын жасау;
-         оқыту тәсілін таңдау;
-         сабақты жобалау, яғни оның жоспарын құрастыру;
-         оқу процесінде компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу.
Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап
алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады.
Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материал-
дарының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді.
Оқу материалының мазмұнын талдау және таңдап алу кезеңінде алдымен пән
бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын,
білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу
керек. Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру
ұмытылмауы тиіс. Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы
тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.
        Көбінесе компьютердегі  EXCEL бағдарламасының мүмкіндіктерін
пайдаланған өте ыңғайлы және тиімді. Өйткені  EXCEL – кестелік процессор,
мұнда кестелермен, формулалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері мол.
       Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана
иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу
үрдісінің барлық кезеңдерінде қолдану қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде,
бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде.
         Компьютерді мынадай тақырыптарға қолдануға болады:
-         арифметикалық (геометриялық) прогрессияның n- ші мүшесін және
қосындысын табу;
-         квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу;
-         n- ші дәрежелі теңдеулерді шешу;
-         %-ке берілген есептерді шешу;
-         амалдарды орындап, өрнектің мәнін табу және т.б.
      Ақпараттық технологиялардың тағы бір түрі – қашықтан оқыту
спутниктік арнасы, оның педагогикалық мүмкіндіктері қашықтан оқыту жүйесі
ұсынатын мынадай шарттарды неғұрлым толық пайдалануға жол ашады:
-         оқушы мен мұғалімнің оқу мақсатында өзара белсенді қарым-
қатынас
жасауына мүмкіндік беретін ұйымдық техникалық және технологиялық деңгей,
әсіресе бейне және дыбыстық конференцияларды ұйымдастыру кезінде;
-         оқушыларды әр түрлі шығармашылық әрекетке тартатын және сан
-         қырлы педагогикалық функцияларын жүзеге асыратын оқу жұмысы
бағдарламасын жасау.
      Соңғы кездегі осы технологияның жаңа түрі мектептерде беріліп
жүрген  ONLINE (ОНЛАЙН) сабақтары болып табылады. Бұл технология да әр
мұғалімге өзінің сабақтарын, сабақтан тыс жұмыстарын  желі арқылы көрсету,
тарату, пікір алмасу мүмкіндіктерін береді.  
       Қазіргі заман талабына сай кеңінен пайдалануға мүмкіндік беріліп
жатқан ақпараттық технология – интерактивті тақта. Бұл технологияның
мүмкіндіктері мол және оны барлық сабақтарға қолдануға болады. Енді осы
тақтамен жұмыс жасау үшін АCTIVstudio бағдарламасын қолданамыз.Мұнда
материалдарды құруға, көрсетуге арналған жұмыс алаңы- флипчарт ашу қажет.
Ол көп парағы бар кітап түріндегі флипчарттың электронды версиясы. 
 АCTIVstudio-да 4 флипчартты қатар ашуға болады. Ол беттер саны
компьютердің техникалық мүмкіндігіне тәуелді.
Флипчарт беттерінде төмендегі әрекеттерді орындауға болады:
• Фондық кескіндер қоюға болады;
• Ескертпелер мен түсініктемелер жазуға болады;
• Суреттер салуға немесе кітапханалар ресурсынан дайын суреттерді
пайдалануға;
• Кескін, суреттерді басқа қосымшалардан импорттауға;
• Фильм мен ойындар қоюға болады.
АCTIVstudio- мен терең танысу арқылы басқа да мүмкіндіктерін табуға
болады.
Осы тақтаның мүмкіндіктерін математика сабағына да қолдануға әбден
болады. Әр сыныптағы сәйкес келетін тақырыптарға қолдану арқылы оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға болады.
Мысалы,  амалдарды орындау, өрнектің мәнін табу, геометриялық фигуралар
туралы түсінік, пропорция және оның қасиеті, теңдеу және оның түбірлері,
қосу мен көбейтудің қасиеттері, қысқаша көбейту формулалары, арифметикалық
(геометриялық) прогрессия т.б. көптеген тақырыптарға қолдануға болады.
        Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын
қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік  бағдарламасы компьютерлік
технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп
отыр. Ендігі бағыт- сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде
ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, пән мұғалімдерін
электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру ісімен жалғасуы
тиіс.
          Білім жүйесін ақпараттандыру ісін әрі қарай дамыту барлық
пәндер бойынша  ақпараттық технологияларды кеңінен оқу процесіне енгізу
арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.
         Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісі нақты экономикалық
тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Электрондық-әдістемелік жүйені математика сабағында пайдалану
Категориясы: Ұстаздарға

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамытып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік
тудыра отырып құзыретті тұлға дайындау. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру
жүйесі жаңашылдық қатарынан ақпараттық кеңістікті құруға енуде. 
2010 жылдың 7 желтоқсанында Президент Жарлығымен 2011-2020 жылдарға
арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ұзақ
мерзімді бағдарлама еліміздегі оқу саясатына көптеген өзгерістер енгізбек. 
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде білім беру сапасын және басқару
тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен
оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол
жеткізуін қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелерінде “e-learnіng”
электронды оқыту жүйесін енгізу, ол үшін педагогтар құзіретіне ақпараттық-
коммуникациялық технологияны (АКТ) қалыптастырып, қажетті инфрақұрылым
құру, оқу процесіне автоматтандыруды енгізу жоспарланып отыр.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім
беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен
технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге
асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет.
Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы
ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті
электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті
мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық
және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту
жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы
білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру
жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер
бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы
ретінде әрекет етуі тиіс.
Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және
олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден
тұрады: 
- ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
-мектептерді басқарудың ішкі жүйесі; 
-Электрондық оқулықтар ішкі жүйесі-e-Book; 
- оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS; 
- оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS; 
- тестіні басқарудың ішкі жүйесі - TMS; 
- дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM; 
- мониторинг және талдау ішкі жүйесі; сыртқы ақпараттық жүйелермен
біріктіру модулі.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру
жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болуда. Педагогикалық білімді
ақпараттандыру, мұғалімдердің АКТ-ны пайдалану даярлығын қалыптастыру,
педагогика ғылымының озық рөліндегі электронды оқыту жүйесін жасау және
енгізу білім беруді ақпараттандырудың басым бағыты болып табылады.
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж 1997-2002 жылдары жүргізілген
Білім мазмұнын ақпараттандыру негізінде оқу пәнін интеграциялау
эксперимент жұмысының нәтижесінде Республикалық білім беруді ақпараттандыру
орталығының ғылыми-эксперименттік алаңына айналды. 1999 жылдан бастап білім
беру мазмұнын ақпараттандыру лабораториясы ашылды. Колледждің оқу-тәрбие
процесіне жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп, электрондық оқу залы
ашылды, электрондық оқулықтармен жұмыс жасалды. 2003 жылдан бастап
колледжде барлық арнайы пәндер бойынша электрондық-әдістемелік жүйе
жасақталып, оқу-тәрбие процесіне енгізілуде. Колледж директоры, Қазақтан
ПҒА, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Ш.Х.Құрманалинаның
авторлығымен АКТ жағдайында колледж оқушылары мен оқытушылардың
әдістемелік жұмысқа дайындығының диагностикасын зерттеуге арналған
автоматтандырылған авторлық бағдарлама, Бастауыш класта математиканы оқыту
әдістемесінен электрондық-әдістемелік жүйе, Математиканың теориялық
негіздері электрондық оқулығы, Математика электрондық оқулығы (1-класс),
колледж оқытушылары К.З.Хамитованың Экономиканың теориялық негіздері
электрондық-әдістемелік жүйесі, Экономика (2-4 класс) электрондық
оқулықтары, Ш.С.Набидоллинаның Анатомия, физиология және гигиена
электрондық әдістемелік жүйесі жасақталып, студенттерге сапалы білім беруде
колледждің оқу үрдісінде пайдаланылуда. 
Бағдарлама міндеттеріне сәйкес ақпараттық білім беру ортасы (АБО)
жасақталып, оқу үрдісін басқарудың автоматтандырылған бағдарламаласы жұмыс
жасауда. Колледждің электрондық оқу залында республика көлемінде, колледж
оқытушылары жасақтаған және ресейлік 125-ке жуық электрондық оқулықтар,
мультимедиялық оқыту бағдарламалары, жаттықтыру бағдарламалары бар. 
Электрондық-әдістемелік жүйе – оқытуды ұйымдастырудың мақсаттылық,
мазмұндылық, іс-әрекеттілік, нәтижелік бағалау компоненттері мен
құрылымдандырылған пәнаралық байланыста құрылған ашық қор. 
ЭӘЖ құрастырудағы педагогикалық технологияның негізі – модульдік
технология. 
Ш.Х.Құрманалинаның авторлығымен жасақталған Бастауыш класта математиканы
оқыту әдістемесі электрондық-әдістемелік жүйесі педагогикалық
колледждердің 0105013 Бастауыш білім берудің мұғалімі біліктілігі бойынша
білім алушы студенттерді даярлауға арналған. Ашық жүйе түсінігіне пәндік
білімдер, педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі, оқытушы мен
оқушының өзінің әдістемелік тәжірибесіне байланысты қосымша қоса алатын
тестілер кіреді. Тестілер арқылы білім алушы өзін-өзі бақылай, бағалай
алады. Тапсырмаларға анықтамалық материалдар берілген, бұл материалдар
арқылы оқушы өзін-өзі тексере алады. 
Бұл ашық, дамыту жүйесі педагогика, психология, математиканың теориялық
негіздері мен бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі пәндерінің
пәнаралық байланысында құрылған. Арифметикалық ұғымдарды оқыту
әдістемесі, Шамаларды оқыту әдістемесі, Алгебралық ұғымдарды оқыту
әдістемесі, Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі саласында желілік,
жүйелік және функционалдық жиынтықтан тұратын модульдерден құралады. 
ЭӘЖ құрамына Бастауыш білім берудің мұғалімі біліктілігі бойынша
мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандарты,
типтік оқу бағдарламалары, Педагогика, Психология, Математиканың
теориялық негіздері, Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі
оқулықтары енгізілген.
Гипермәтін және интерактивті тапсырмалар бастапқы математикалық
құрылымдардың құрастыру жолы арқылы, олардың бастауыш математика
оқулықтардың мазмұнымен, монографиялар, түрлі теориялық тұжырымдамалар бар
ғылыми мақалалармен, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары,
дидактикалық тапсырмалар мен компьютерлік математикалық ойындармен қанығу
арқасында ядро идеяларын меңгеруді қамтамасыз етеді. Модульдің мазмұнына
байланысты идеяда үлкен немесе кіші үлес салмағы болуы мүмкін. Тест
тапсырмалары модульдің мазмұнына сәйкес құрастырылған. 
ЭӘЖ құрамындағы интерактивтік тапсырмалармен қатар берілген құзыреттілікті
қалыптастыруға арналған тапсырмалар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастырып, ауызша сөйлеуін дамытып, эвристикалық қызметтің тәсілдеріне
үйретіп, кеңістік туралы түсініктерін, ойлаудың әр түрлі тәсілдерін
қалыптастырады.
Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің,
әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету
үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін
құзырет - білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады.
12 жылдық білім берудің жаңа стандартында реттелген білім, білік, дағдылар,
сондай-ақ негізгі құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелері,
әлеуметтену нәтижелері жалпы білім беретін пәндер мен оқу-әдістемелік
қолдау бойынша білім беру және оқу бағдарламадарының мазмұны арқылы
қалыптасады. 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны
әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері
түріндегі - проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);
ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне
бағдарланған.
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент):
- әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз
шешімінің нәтижесін бағалауға;
- өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды
анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және
ұйымдастыруға (яғни, барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу);
- өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның
нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға;
- өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын
таңдауға;
- барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды
нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.
Акпараттық құзыреттілік:
- сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға жэне осы
мақсаттарға жету үшін танымдық кызмсттерді жүзеге асыруға;
- өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, кайта құруға, сақтауға,
түсіндіруге және акпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей
және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау
эксперименті, материалдарды жүйелеу) колдана отырып, ақпараттарды өндеуге;
- қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін акпараттарды қолдануға
мумкіндік береді.
Коммуникативтік құзыреттілік:
- нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа
тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін тандауға және
қолдануға;
- әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге:
- өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды
ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып,
жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге кол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-
қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
ЭӘЖ-нің әр модулі мен гипермәтін мазмұнына сәйкес жүйелі берілген
тапсырмалар оқушылардың бойында кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыруға
көмектесіп, олардың математикалық сауаттылығының артуына көп ықпалын
тигізеді. 
Бір ғана тапсырманы орындау арқылы оқушы бойынша бірнеше кілттік
құзыреттіліктерді қалыптастыруға болады. 
Мысалы: Геометриялық материалдарды оқытуда Тіктөртбұрышпен таныстыру, оның
периметрін табу тақырыбына берілген құзыреттілікті қалыптастыруға арналған
тапсырмаға тоқталатын болсақ. 
Тапсырма: Алдыңызда пәтердің жобасы берілген. 
https:cloud.mail.rupublic97038f c5c183111111.jpg
1. Залдың периметрін тап.
2. Дәліздің периметрін есепте. 
3. Дәліздің ұзындығы енінен неше есе артық?
Егер залдың есігінің ені 1 метр болса, онда қанша метр плинтус қажет?
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі: 
Бұрыннан белгілі ішкі ресурстарын: білім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары
Ақпараттық өріс
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Оқыту процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Білім беру жүйесін жаңа әдістік технологиямен қамтамасыздандыру
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Пәндер