Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары



Кіріспе
Негізгі бөлім І.
Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары 1.1 Қазақ тілінің сөздік қоры және оны оқыту
1.2 Қазақ тілінің сөздік құрамы және оны оқытудың тиімді жолдары
ІІ. Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудағы саралап оқытудың жаңа технологияларды пайдалану
2.2. Сөздік қор мен сөздік құрамды оқытуға арналған деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Практикалық бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.
Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері.Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Білім туралы ҚР Заңы. 3бап, 8бет. Алматы, 2001ж.
2. Қазақ тілі мен әдибиеті орыс мектебінде № 8 2008ж.
3. Қазақ тілі мен әдибиеті орыс мектебінде № 10 2007ж. 1-128 Алматы.
4. Қазақ тілі мен әдибиеті орыс мектебінде № 10 2007 ж. 1-28 Алматы.
5. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.
6. Мүрсәлиева Ж.Т. «Қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» баяндама.
7.Пассов Е. И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению / Е.И. Пассов. – Москва: “Просвещение”, 1991. – 250б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқыту.
2.2 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудың
тиімді жолдары.
ІІІ. Практикалық бөлім.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары
1.1 Қазақ тілінің сөздік қоры және оны оқыту
1.2 Қазақ тілінің сөздік құрамы және оны оқытудың тиімді жолдары
ІІ. Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудағы саралап оқытудың жаңа технологияларды пайдалану
2.2. Сөздік қор мен сөздік құрамды оқытуға арналған деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Практикалық бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.
Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері.Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс - тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануға болады. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырылады.
1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген.Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.Мектеп бағдарламасында лексиканы оқыту мәселесіне тоқталар болсақ, лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Демек, лексиканың ішінде сөздік қор мен сөз құрамын оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшігі - сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Мақсаттары:- Қазақ тілі сөздік қор мен сөздік құрамды оқыту әдіс - тәсілдері туралы теориялық ұғым беру.-Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс - тәсілдер туралы мәлімет беру.
- Әдіс - тәсілдер туралы теориялық ұғым беру.
- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
- Қазақтың байырғы сөздерін білдіру.
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру.
- Қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздер арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері :- Қазақ тілі сөздік қоры мен сөздік құрам мен оны талдауын оқыту арқылы білім қорын дамыту.
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.
- Сауатты жазуға дағдыландыру.
- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Курстық жұмыста көзделетін нәтижелері. Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі -- сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар. Сөздік қор мен сөздік құрам деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті Сөздік қор мен сөздік құрам жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Бұл курстық жұмыс барысына отандық ғалымдар мен озық педагогтардың еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Қазақ тілінің сөздік қоры және оны оқыту.
Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі - өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да көркем тіл. Ресей ғалымдарының Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады(Радлов), Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі(Маслов) деп, тамсана таңырқағанын, бұл тілдің айтқыш та айшылықтығын, сұлу да сұғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі- қазақ тілінің байлығын, көркемділігі мен бейнелілігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген жеке тұлға тәрбиелеу.Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы дүниені танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. Балалар жасының әр кезеңінде әр түрлі сөздер дамиды. Үш - жеті жасқа дейін - мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген оқушылар сегіз- он бес мыңға дейін жаңа сөз үйренеді. Күніне орташа есеппен алғанда бес-сегіз жаңа сөз үйренеді, негізгі әдебиет жанрларымен танысады; өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйренеді. [1]
Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде:
- Біріншіден, оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін;
- Екіншіден, оқушыда сөз байлығын, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін;
- Үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс- тәсілдерін алдын-ала анықтап белгілеу керек;
Психологтардың айтуынша, оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілген сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап - сөзбен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасындағы нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
- Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, саяхат ұйымдастыру;
- Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;
- Синоним сөздер қолдану: Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік? сияқты сұрақтар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру;
- Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген жөн. Мысалы: тетелестері сөзінің түбірін табу;
- Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіру: аэродром - ұшақ ұшып, қонатын алаң;
- Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы: батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с.
- Жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде техникалық құралдарды қолдану;
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
- Сөзді оқушылардың күнделікті өмірімен байланыстылығын ескеру;
- Үйретілген сөздердің жеңілділігі;
- Бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
- Сөздерді оқылатын тақырыптарымен байланысты таңдап алу;
- Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
Сөздік жұмысын жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, жүйелі сөйлеу, мәнерлі сөйлеу және дәл сөйлеу.
Сөйлеу мәдениеті - тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, грамматикалық заңдылықтар мен нормаларды дұрыс қолдану.
Мазмұнды сөйлеу ойды айқын, сендіре,тыңдаушысына әсер ете, оны толқыта білу шеберлігі. Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен рөл атқарады.
Жүйелі сөйлеу оқушы ойының бір ретпен, жүйелі баяндау;
Мәнерлі сөйлеу барысында шығарманың идеялық, эмоциялық жағына баса көңіл бөлінуі қажет, өйткені нағыз көркем шығарма ғана балалардың ой-сезімін қозғайды, әсемдікке үйретеді. Мәнерлеп оқу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.
Баланың сөйлеу тіліне дәлдік қажет. Мәтіндегі әрбір сөз дұрыс дыбыстауды қажет етеді. Онсыз сөз мағынасы да, әсері де болмақ емес. Дәл сөйлеуді жетілдіру ұшін сөйлеу барысында айтылуы жағынан ұтымды сөздерді таңдай білу керек. [2]
Оқушының тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда төмендегідей қажеттіліктер туындайды:
- Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;
- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;
Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету;
Жаңа сөздерді оқушылардың есіне сақтаудың тәсілдері мен тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:
- Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;
- Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары);
- Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;
- Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;
- Әңгіме, мазмұндама, шығарма жүргізу;
- Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;
- Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).
Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:
- Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)
- Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;
- Сыныпта және сыныптан тыс (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында.[3]
Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру - аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану.

1.2 Қазақ тілінің сөздік құрамы және оны оқытудың тиімді жолдары.
Тіл дамыту дегеніміз - тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі М. Балақаев. Тіл үйренуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары:
1.Сөздік қорын дамыту
2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру
3.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту
4.Әңгімелеуге үйрету
Қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Сабақта оқушылардың тілін диалог, монолог дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар:
-Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден түсінуі қажет.
-Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруы тиіс.
-Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақтастыра меңгеру керек.
-Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық жүйеікпен айтуы керек.
Монолог арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады:
-белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді
-белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді
-сөз тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады
-сөйлеу тілін байтады
-сөздік қорын байытады
-нақты, дәл, анық жауап беруге үйретеді
-әдеби тіл нормасында сөйлеуге дағдыландырады
Әр сабақты сөйлеу тілімен бастаған жөн, себебі оқушылар тілді есту арқылы тез үйренеді. Сабаққа керекті көрнекті құралдар, дидақтикалық материалдар іздестіріп, әр кезеңің ойластыру керек.Сабақ тартым , қызықты болу үшін, оқушыларды қалай белсене қатыстырамын деген сұрақтарға мұғалім жауап іздейді. Алдыма қойып отырған мәселенің бірі-оқушыларға қазақ тілін игерем тудыру, қазақ халқының мәдениетінмен, салт-дәстүрімен жалпы таныстыру. Қазақ тілінде еркін, сауатты , сапалы оқу, іс-қағаздарды жаза білуге дағдыландыру, сан алуан мемлекеттік қоғамда, ортада сөйлей білуге үйрету. Тілді үйретуде оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастыру, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетіндамыту-ең басты орын алады. Б.Дәндібаева, Ж.Абузярова деген ғалымдар оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруде ролдік ойындарға мынадай баға береді: Ролдік ойынды оқыту мақсатында қолданып, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десек де болады
М.Әуезов: Жақсы ойын жақсы жұмыс сияқты, жаман ойын жаман жұмыс сияқты-дейді.
Ойын әдісін қолдану мақсаты, жолы-лексиканы меңгеруге деген қызығушылықтарын ояту тілдік қатынас жасауға деген талабын ашу.
Тиімділігі - ойындар ойнау кезінде тілдік қарым-қатынастар ерекше маңызға ие болады. Кәсібі сөздерді естерінде сақтауға мүмкіндік береді. Сауатты, мәдениетті түрде сөйлей білуге жаттығады.
Нәтижесі-сөздік қорын молайтады. Өз бетінше тілді үйренуге септігін тигізеді, тілін дамытады.
Сабақта қолданылатын технологиялар:
1.М. Караевтың технологиясы. Бұл технологияның маңызы-сөйлеу мен тілдік материалдарының базасында елтану, этномәдениет материалдардың негізінде комплексті түрде оқыту. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту көп деңгейлік оқыту арқылы іске асырылыу мүмкін екендігін белгілі ғалым, профессор Ж.Қараевтің еңбектерінде дәлелденген.
Осындай көзқарастарды Ф.О.Оразбаева, Н.Оралбаева да құптайды. Технологияның тиімділігі-балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, қабілеті бар екенін ескере отырып, сабақтарды осы ерекшеліктерге бейімдеуге жол ашады. Бұл технология арқылы тіл үйренуге, қарым-қатынас жасауға, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, танып білуге талпынысын пайда болуына жетелейтін коммуникативтік ұстаным басшылыққа алынған.
2.Ривин әдісі
3.Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясы
4.А.К.Т-лар
5.Проблемалық әдісі
6.Шығармашылық әдіс
7.Тест
8.Дидактикалық ойындар
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамыту жолдары мен әдістерін А.А.Мелик-Пошаевтің, В.С.Шубинский, Қ, Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырғалған. Аталған еңбектерде шығармашылық қабілеттерін анықтау, шарттары мен жолдарын айқындау, құралдарын белгілеу тәрізді ортақ идеялардың бар екендігі байқалады. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма, өлең жазу арқылы жазба тілді де дамытуға болады. Тіліміздің мәртебесі - еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз.Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген.Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да,мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей,бұны орындауға барлығы міндетті.2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы,ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.Әрине ,барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да,озат оқитындар алға кетеді.
Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы - оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі.
Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабіліеті артады;
-сынып оқушылары толық бағаланады;
-әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.
Демек,жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясының психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің оқыту процесінде білім алушының ақыл-ойының дамуы актуальді даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысу теориясы.Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В.П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей-міндетті, білім алушылық, екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалық және төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау. Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді.
1 - деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2 - деңгей Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3 - деңгей Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
4 - деңгей Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.
Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады. Сонымен, Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технология да бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік:1-деңгей: міндетті,оқушылық;2-деңгей :алгоритмдік;3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;қосымша 4-деңгей: шығармашылық - өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру талаптарынан тұрады.

2.1 Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы және оны оқытудағы саралап оқытудың жаңа технологияларды пайдалану.
Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі. Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Қазақстан Республикасының Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдармаларының негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек. ептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты - оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы Нені оқыту керек?, Не үшін оқыту керек?, Қалай оқыту керек? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы Қалай нәтижелі оқытуға болады? деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады.
Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде.
Бастауыш сыныптарының басты талабы - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі - Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы. Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:
1. Оқушылық (ученический)
2. Алгоритмдік (алгоритмический)
3. Эвристикалық (эвристический)
4. Шығармашылық (творческий).
Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сәйкестігіне байланысты. Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады. Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы, іздендірушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады.
Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады. Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерін пайдалана отырып, оны жаңа әдістермен байытып, білім алуды оқушының өзіндік іс-әрекеттері арқылы ұйымдастыруды талап етеді. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының іскерлігі, шеберлігі, белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Оқушының осындай зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара қатынасы ескеріледі. Оқушының өзін өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне, ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік - мәдени кеңістік жасау қажет.
Деңгейлік оқыту технологиясын келесідей қылып қолданамыз. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Әр сыныпта оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Әр оқушының жеке дамуының көрсеткіші жасалады. Оқушы өзін -өзі бақылайды. Жыл соңында әр оқушының білім сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған әр оқушының білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады. Оқушы жыл бойы өзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып отырады.
Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылаты талаптар мынадай:
Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс.
Екіншіден, оқушының физио - психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн.
Үшіншіден, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Әсіресе орыс мектептеріндегі қазақ тілі тапсырмаларына әдебиет материалдарын пайдалану өте тиімді.
Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет.
Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі төрт деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. 5-сынып бағдарламасына байланысты оқушылар лексикалық тақырыптар мен тілдік ережелерді, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, айтып, оқып, аударып, жаза алады. Адамдардың айтқанын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды игереді. Мәтінмен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушылар сынып бағдарламасына сай тақырыптарды меңгеру барысында жұмыстың барлық түрлерімен танысады. Оқушы өз бетімен ізденеді, жеке қабілетіне қарай еңбек етеді. Баланың ықыласы өседі. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. Осындай талаптарға байланысты оқушы сөздерді дұрыс құрастыру, сөйлемді толықтыру, сұраққа жауап, диалог құру сияқты тапсырмаларды еркін меңгере бастайды.
Үшінші деңгей тапсырмалары танымдық - іздену, алған білімді жинақтау, бекітуге бағытталады. Бұл тапсырмалар оқушылардың пәнге дәрежесінің жоғары болуымен, баланың өз жеке басының белсенділігімен өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға сай пайдалануымен сипатталады. Ол хабарлау; суреттеу; тілдік жағдайға, ортаға байланысты бейнелеу тапсырмаларын орындайды.
Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық - іздену түрдегі жұмыстарды іске асырып, өз бетімен орындайды. Оқушы үйренген сөздерінен, тіркестерден өзінше тұжырым жасауға ұмтылады.
Бірінші сатыда оқушы мұғалім көмегімен бағдарлама бойынша тиянақты білім алады, не оқыса, соны қайталап айтып береді, орындаушылық қызмет атқарады. Екінші сатыда осы алған білімін тереңдетіп, түрлендіріп, өзгертілген тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз бетімен еңбек етеді. Үшінші сатыда танымдық-іздену жолындағы тапсырмалар орындап, бала өз тұжырымын жасайды.
Сонымен педагогика ілімінде қолданылатын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту дегеніміз - оқыту үрдісінің белгілі түрі және сапалы оқытуды ұйымдастыру формаларының жиынтығы, оқыту жүйесі.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар - бір жағынан, оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан, әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.

ҚОСЫМША
І деңгейлік тапсырма
Мына мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жаз.
Түркілер жылдардың әрқайсысында бір-бір қасиет бар деп сенген. Мәселен, олардың көзқарасынша, сиыр жылы кіргенде, ұрыс көп болады, себебі сиыр-бір-бірімен көп сүзісетін хайуан. Тауық жылы келсе, азық-түлік көбейеді, адамдардың қам-қарекеті көбейеді. Өйткені тауықтың жемі-дән, оны тауып, теріп жеу үшін, тауық әр нәрсені шоқып, теріп жүреді.
Ұлу жылы кірсе, жауын-шашын, су мол болады да, егін бітік шығады, өйткені ол-су хайуаны.
Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауады, қатты суық болады. Халық тағы сол сияқты әр жылға әрқилы болжам жасайды.
ІІ деңгейлік тапсырма
Ырымға қатысты сөздерді, сөз тіркестерін атаңдар және оларды табумен байланыстырыңдар.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Менің анам, Менің әжем, Менің әкем, Менің ағам деген тақырыптардың біріне шығарма жаз.
І деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді қатыстырып көне сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыр.
Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт
Алатау, құмырсқа, жапырақ
ІІ деңгейлік тапсырма
Кестені толтыр
10 көнерген сөз, 10 жаңа сөз, 10 архаизм сөз жаз.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастыр.
І деңгейлік тапсырма
Дауысты дыбыстан басталған сөздерді теріп жаз.
Отан, таң, ыдыс, қызыл, халық, жауын, ірімшік, жел, сөз, дала, үй, өрік, ел, әріп
ІІ деңгейлік тапсырма
Жасыл, бала, үлгілі, мектеп, оқушы, үлкен, көк, нан, жалау, тәтті, сүйкімді, жақсы, қыз, шөп
ІІІ деңгейлік тапсырма
Сөздерді сөз таптарына ажыратып, тиісті бағанға жаз
Ән, екі, кіші, жүр, бар, жасыл, өзен, гүл, жиырма, ақ, ащы, отыр, сұлу, төрт, дәптер, домбары, бес, тұр, күл, үш

3. Практикалық бөлім.
Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында сөздік қор мен сөздік құрамды оны оқытудың мәні зор.
Сөздік қор мен сөздік құрам түрлерін оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға сөздік қор мен сөздік құрам түрлері танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Сөздік қор мен сөздік құрам туралы жалпы түсінік;
2. Сөздік қор мен сөздік құрамды оқудағы мақсат;
3. Сөздік қор мен сөздік құрамның өзіндік белгілері мен ерекшеліктері.
Сөздік қор мен сөздік құрам тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.
Сөздік қор мен сөздік құрам оқыту жолдарының принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, оқыту грамматикалық категориялармен байланысты өтіледі.
Мұғалім сөздік қор мен сөздік құрамды оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:
Бірінші, сөздік қор мен сөздік құрам туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны Ү сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін сөз мағынасының бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды. Ондай тәсілдер әр түрлі болады:
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген тақырыптардың негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген грамматикалық категорияларының бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен байланыстырады.
Екіншіден, мұғалім Ү сынып көлемінде оқылатын грамматикалық категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай, сөзжасамдық жасалу жолдарына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да сөзжасамның жасалу жолдарын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей болғаны жөн.
Сонымен оқушыларды сөздік қор мен сөздік құрамды оқытқанда сөзжасам тәсілдерінің тізбектерімен таныстырып, соларға сәйкес тапсырмалар топтамасын беру үлгісілерін ұсыну қажет.
Сөзжасамның тәсілдері:
1) Семантика-фонетика - кей дыбыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
ҮІІІ типтегі арнайы түзету мектебіндегі ақыл-есі кем кіші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағында сөздік қорын байыту
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Жеке тұлғаны қалыптастыруда сөйлеу мәдениетінің атқаратын ролі
ЖСТД балалардың сөздік қоры
Сөйлеу дағдысын дамыту
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Пәндер