Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері



Қоғамымыздағы реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі- орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жкелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрыңғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ топ қалып тасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылық жүргізудің жаңы формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі- шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар мен қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздыө мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарыды. Шағын бизнес ірі биснеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермеоі жағдайларға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істер тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу
ерекшеліктері.

Қоғамымыздағы реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі- орта
таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі,
жкелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрыңғы
шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін
жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі
деген жаңа әлеуметтік топ топ қалып тасты. Осы орта таптың қалыптасуы,
негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылық жүргізудің жаңы формаларын қолданбай еліміздің экономикасын
жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның
бірі- шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын
дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде
және бәсекелестікті дамытуда, тауар мен қызмет сұраныстарын
қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздыө
мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес
шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарыды. Шағын бизнес ірі биснеске
қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермеоі жағдайларға байланысты икемді,
жаңадан жұмыс істер тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
Шағын және орта бизнестің мәні мен мағынасын тереңірек ашуымыз үшін,
ең алдымен сол шағын және орта бизнесті алып жүруші субъект- кәсіпкер,
кәсіпкерлік терминіне тоқталып өтелік.
Кәсіпкерлік қызмет- жеке тұлғаның өз күш-қабілетің танытуының, белгілі
бір мақсаттарлы жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай-ақ адамдардың
өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Экономикалық мағынада
кәсіпкер ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Шағын және орта
бизнестің, кәсіпкерліктің негізі адам қызметнің экономикалық танымында
жатыр. Кәсіпкердің іс-әрекеті өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы
еңбекті пайдалануға негізделеді. Шағын және орта бизнесті жүргізушілер
экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысшылар міндетті
шарт жасасып ұйымдастырылады. Мұндай бизнес түрі- ұжымдық деп аталады. Жеке
кәсіпкерге қарағанда жауапкерлігі шектеулі серіктестіктер көптеген
мәселелерді шеше алады. Кәсіпкерлердің потенциалдық мүмкіндіктерін толық
бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және нақты деп бөлудің мағызы
зор. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде әрбір ащзаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға
құқығы бар. Алайда, оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез-келгенінің
қолынан келе бермейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, нақты субъектісі-
бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар
жатады. Міне, осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыты
алады.
Кәсіпкерліктің объектісі- адамның белгілі қызметі. Кәсіпкерліктің
соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы- әр
кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы
себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты- өз кәсіпрпынының пайдасын барынша
жоғарлату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің
табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің
бастапқы кезеңінд кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас
үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл
кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік- жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны
пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау
шеңберінен шығу. Басқаша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту,
тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру
құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету. Мұндай
өзгерістердің түрлері әр-алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі
кәсіпорындарды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін ұйымдастыру немесе
ескілерін жою, модификациялау әрекеттерімен байланысты. Демек, нақты өмірде
кәсіпкерліктің объектісі- новаторлық, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс
және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын жүйелеу болып табылады.
Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары
басталды. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке
мменшікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
формаларында қайта құрылды.
Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық,
әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетілдіру керек.
Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсіпкерлік қызметті
төрт түрге бөліп қарастыруға болады.Олар:
1. Өндірістік- оның ішінде инновациялық, ғылыми-тахникалық
жаңалықтарға сай тауар өндіру, қызмет көрсету және басқалар.
2. Коммерциялық- сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлері, тауар
биржалары және т.б.
3. Қаржылық- банктік, сақтандыру, аудиторлық, лизингтік, қор
биржалары және т.б.
4. Кеңес берушілік- басқармалық, әкімшілік, маркетингтік, ақпараттық,
кадрларды дайындау және т.б.
Біздің республикамызда қаржылық кәсіпкерліктің банктік түрімен тек
қана банктер ғана айналыса алады.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға белсенді қатысшылары-
шағын және орта бизнес субъектілері- кәсіпкерлер, жеке адамдар,
бизнесмендер екендігі белгілі. Респбликамызда шағын және орта бизнестің
дамуына жан-жақты жағдайлар интенсивті түрде жасалынуда. Ал, оларға жекеше
тоқталсақ, меншікті жекешелендіру бағдарламасының жүруі, ол оө кезегінде
шағын бизнестің дамуының нағыз экономикалық негізі екенін есімізге алайық.
Кәсіпкер шағын және орта бизнес субъектісі ретіндеоның іс әрекеті әр кезде
де бергілі бір бағытқа ұйымдастырылады және оның нақты нысандары бар.
Кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері
бар. Оның ішінде негізгісі- шарушылық сбъектілерінің еркіндігі мен
тәуелсіздігі. Олардың дербестігі нарық механизмі әрекетін ұамтамасыз ететін
тәртіпті қалыптастырады. Кәсіпкерліктің тәуелсіздігі оған экономикалық
ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар қндіру
процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай өткізе
алу құқығын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері
бұларды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын
еңбекпен айналысуға құқығы бар. Кәсіпкерлікке тән тағы да біп сипат-
шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кірісер алдында болашақ
бұлдыр қиялдарды болжап білу және оны шеше алуы. Шаруашылықтың қауіп
қатері, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын мінңндегі шығындар мен
нәтижелердің ара қатнасы жатады.
Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан
түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестің жоғары деңгейде
қызмет етуін ұйымдастыру үшін конструктивтік бизнес- идея, тиімді басқару
(менеджмент) және қаржының жеткілікті болуы шартты жағдай.
Шаруашылық жүргізуідің жаңа формаларын қолданбай еліміздің
экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін
емес. Соның бірі- шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Шағын
және орта бизнес ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруды, ірі
өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және
қызмет сұраныстарын қанағаттандыруды, жалақы мен зейнетақыны уақытылы
төлеуде, жұмыссыздық мәселесін шешуде және жаңа технологияларды енгізуде
шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөл атқарады.
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы
мен дамуы тауарлы нарықтың жеке кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш
жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол
жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын
және орта бизнеспен айналысуға міндет етті. Бастапқы кезең ретінде көрінген
мұндай бизнес 1995-1996 жылдары делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты Ал
одан кейінгі 5-6 жылдар ішінде қолынан іс келетін азаматтар, заңды тұлғалар
әлемдік тәжірибені үйрету арқылы қалыптасқан бизнес кілті- өндіріс
екендігін түсінді. Кейіннен Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
кооператив түрінде көрініс тапты. Оған негіз болған 1988 жылғы Кооперация
туралы заң экономиканың мемлекеттік және ұжымшаралық кооперативтік
секторлардың тең құқықтық әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталды.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың әл-
ауқатының төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа
ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті
қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. Объективті қиынтықтары,
экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық
ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кеі
көлемде қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған
сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі рөлі төмендеуде. Мемлекет өз
тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық –нормативтік
актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын және орта
бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті
қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын макроэкономикалық саясатты
жасауы қажет.
Субъективті негіздегі қиындықтарға, негізінен былайша түсіндіруге
болады. Қоғамның сана сезімінде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу,
бай болу әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ.
Кәсіпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеруіқозғалысына жылдам әрі тиімді
реакциясы толық әдетке енбеген. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг
салаларының ққыр мен сырын әлі де түсінбеген. Шағын кәсіпорындардың
жұмысының тиімділігі- өнім өндірудегі тар мамандану ғана емес, еңбек
құраддарына да мамандануында. Мұндай өндірістер шектеулі тауар
ассортиментінің шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкін.
Шағын бизнестің дамуы транспорттық шығындар мен өнімдердің құрып қалуы
қаупін төмендетеді. Сонымен, шағын кәсіпорындар- негізінде алып
инфрақұрылымдық бөлімдердің (қоймалық, арнаулы коммуникациялар, көліктік
шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды.
Өндірістің аздаған көлемі бойынша тауарларды сату, айналымға жіберу,
материалдық-техникалық жабдықтауларды өнім дайын болған кезінде
реализациялау тез жүреді.
Егеменді Қазақстанымызда кәсіпкерлітің даму тарихына он жеті жыл
толды. Шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасын келесі 1 және 2 кестелерден
көруге болады.
1 кесте
1993-1999 жылдар кезіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерліктің өсу динамикасы.

Жылдар 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999
Кәсіпорындар 19060 20606 21260 17539 21907 31145 63422
саны
Өсу қарқыны,% 100 108 103 82 124 142 203

2 кесте
2000-2005 жылдар кезіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерліктің өсу динамикасы.

Жылдар 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Кәсіпорындар 99289 115354 130770 143160 141738 195700
саны
Өсу қарқыны,% 157 116 113 111 99 138

Жоғарыдағы кестелерде көрсетілгенлей тоқсаныншы жылдары шағын
кәсіпорындардың қалыптасу жоғары қарқында, ал екі мыңыншы жылдары қсу
қарқынының төмендегендігінің бірақ жалпы кәсіпорындардың санының өсуінің
сақталып қалғандыңын көруге болады. Осы қарастырылған жылдарда
кәсіпкерлікті, соныі ішінде шағын бизнесті қолдау мен дамытуға бес
мемлекеттік бағдарламалар жасалынды және ұбылданды. Кәсіпкерлікті қолдаудың
және дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1993 жж., 1994-1996 жж.,
1999-2000 жж., 2001-2002 жж.) талдау оларды іске асыру республикада
кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткеннін
көрсетті.
Алғашқы 1992-1994 жылдардығы Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау
республиканың экономикасын дамытуға монополиялық әсер ететін ұйымдық-
басқару құрылымдары, банктер, мемлекеттік акционерлік және холдингтік
компаниялары, және шаруашылықтың басқа да түрлері сияқты мемлекеттік
секторларды коммерциялауды және монополизациясыздандыруды жүргізу жолымен
жеке кәсіпкерліктің негізін қалауға мүмкіншілік беріледі. Бұл кезеңде шағын
кәсіпорындар жұмысының алғашқы үш жылында салықтардан босатылуы сияқты
салықтық жеңілдіктерге ие болды. Бұл еліміздегі шағын бизнесті дамытуға ең
үлкен қолдау қолдау болды. Кәсіпкерліктің дамытуын қаржылық қамтамасыз ету
үшін меншік формасына қарамастан шаруашылық субъетілерінің табысының 1
пайызын аудару есебінен кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге Республикалық қор
құрылды. Бұл қабылданған шараның арақатынасында халықтың қажеттілігін
қанағаттандыратын тауарлар мен азық-түліктердің және нарықтың ташылығының
деңгейін төмендететін жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің санының тез
өсуінеалып келді.
Екінші 1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті
қолдаудың және дамытудың мемлекеттің бағдарламасының негізгі мақсатты жеке
кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке секторын
қалыптастыруға қажетті тиімді құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, қаржылық
және ұйымдық жағдайларды құру болып табылды. Республиканың экономикасында
нақты бәсекелестік ортаның пайда болуы жеке кәсіпкерліктің 150 мыңдай
шамасындағы субъектілердің қалыптасуын талап етті. Мемлекеттік басқару
органдарының және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара іс-әрекеттерімен
қамтамасыз етуін және бағдарламалар жасаудың негізгі механизмі
республиканың барлық аудандарында шағын бизнестің орталығын құрумен
негізделді. Бірақ, бұл кезең республикадағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты кәсіпкерліктің дамуына қайшы
факторлардың пайда болуымен сипатталынады. Яғни, шағын кәсіпкерліктің
барлық жеңілдіктер аланып тасталынды, Республикалық қор кәсіпкерлікті
қолдау мүмкіншілігінен айырылды, әртүрлі басқарушы органдар тарапынан
күштеулер көрсетіле басталды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін әр түрді
алымдар тағайындалынады, барлық кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне лицензиялар
енгізілді. Сонымен қатар, бағдарламаның аудандық орталықтарды құру деген
негізгі мақсаты жүзеге асырылмады. Осының барлығы кәсіпкерлік бизнестің
қарқынын төмендетуге алып келді, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
санының тез қысқаруына және 1996 жылы өсу қарқынының 82 пайызға төмендеуіне
алып келді (1- кестеде көрсетілген).
Шағын және орта бизнесті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан Республикасындағы халықаралық тәжірибесі және қалыптасу проблемалары
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
Шағын бизнестiң дамуындағы әлемдiк тәжiрибе
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
Пәндер