Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы



М а з м ұ н ы:
Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.тарау. ХХ ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі әлемдік туризмнің дамуы.
1.1. Әлемдік туризмнің даму тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың әлеуметтік.экономикалық себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. І.дүниежүзілік соғыстан кейінгі топтық туризмнің пайда болуы ... ... ... .10
1.3. ІІ.дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 . ХХІ ғасырдың әлеуметтік туризм негізінің даму тенденциялары ... ... ...16
ІІ.Тарау. Әлемдік және Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және дамуының мәселелері.
2.1. 2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасындағы туристік іс.әрекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің дамуы мәселелерінің статистикалық мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Әлемдік туризм индустриясының дамуының негізгі концепциялары және Қазақстан республикасы үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32 2.4. Әлемдік туризм дамуын және келешегін болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі дүниеде туризм түрлі елдердің ынтымақтасуында, өзара мәдени игі әсер етуде ерекше рөл атқарады. Туризмнің дамуы халықтың рекрециялық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды, өнеркәсібі дамыған және дамушы елдердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді шешуге де пайдасы зор. Туризм ісі дамыған елдердің туризмнен табатын пайдасы экспорттың барлық мөлшерінің 10-нан 35-ке дейінгі пайызын құрайды.
БҰҰ мен ЮНЕСКО 60-70-жылдарда-ақ туризмді дамыту дамушы елдердің ең қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің «таңғажайып әсерлі шансы» деп есептеген. Дамушы елдер жаңарып келе жатқан халықаралық туризм рыногына өз ресурстарын шығару арқылы өздеріне қажетті тұрақты валюта табудың, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің, өз экономикасын жұмылдыра білудің жолын тапты.
Осылайша халықаралық туризмнің көмегімен тұтынушылықтың өрісін кеңейтті. Дамып келе жатқан туристік бизнес түрлі ұйымдардың ұлттық аясында ғана емес, әлемдік масштабта бірлесе жұмыс істеуін талап етті. Мұндай ұйым 1898 жылы Люкенбургте алғаш рет ұйымдастырылды, ол бірлестік «Туристік ұйымдардың халықаралық лигасы» деп аталды.
Ұйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негіз болған түрлі себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірлеудің негізінен адамзаттың жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес келетіндігіне көзіміз жетеді.
Жұмыстың мақсаты:
- Еліміздіњ ќазіргі жастарына танымдыќ, тарихи жєне мєдени, сауыќтыру-спорттыќ тєрбие беру.
- ¤мірге ќажетті мањызды деген даѓдыларды, салауатты µмір салтына берілудіњ жєне кµптеген аурулардыњ алдын алу.
- География ѓылымындаѓы дамып келе жатќан жања туризм саласында студенттерді жан-жаќты білім саласымен сусындату.
- Әлемнің және Туѓан жердіњ табиѓатын, табиѓи-тарихи
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ананьев М. Международный туризм и его развитие после второй мировой войны, М. 1996г.
2. Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности, М. 1996г.
3. Дурович А.П., Копанев А.С. Маркетинг в туризме, Мн. 1998г.
4. Исмаев Д.К. Основы стратегии и планирования маркетинга в иностранном туризме, М. 1994г.
5. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма, Мн. БГЭУ 1999г.
6. Папирян Г.А. Международные экономические отношения: экономика туризма, М. 1998 г.
7. Пирожник И.И. Международный туризм в мировом хозяйстве, Мн. 1996г.
8. Турист серігі Москва, 1968ж
9. В.В.Довкович. Шањѓы туризмі. Москва, 1952ж
10. М.А.Агроновский. Шањѓы спорты. Москва,1954ж
11. П.И.Лукоянов. Ќысќы спорттыќ жорыќтар. Москва, 1988ж.
12. Жоѓарѓы оќу орындарындаѓы туристік секциялардаѓы арнайы жєне дене дайындыѓы. Єдістемелік оќулыќ. Москва,1954ж.
13. К.В.Бардин. Туризм єліппесі. Москва, 1981 ж.
14. В.И.Куршова. Туризм Москва, 1988ж
15. Ќоѓамдыќ туристік мамандарды дайындау. Б‰кілодаќтыќ Орталыќ Кєсіподаќтыќтар Кењесініњ турист жєне экскурсиялар бойынша орталыѓы. Москва, 1982ж
16. Ќ.Р. территориясындаѓы туристік, спорттыќ ережелері.
17. Б.Маринов. Таулардаѓы ќауіпсіздік проблемалары. Москва, 1981ж.
18. С.Пряников. Таулар, Достар жєне жаулар. Алматы, 1989ж.
19. Алиева Ж «Туризмология негіздері» Алматы 2003
20. Вуколов В.Н. Теория и практика подготовки специалистов туристской индустрии в высших учебных заведениях. А., 1999
21. Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности. М., 1996
22. Дублицкий Н.Н., Степанова В.И. Туристские маршруты по Казахстану. А., 1963
23. Ердавлетов С.Р. География туризма в Казахстане. А., 1992
24. Ердавлетов С.Р. География туризма. А., 2000
25. Ефремов Ю.К. География и туризм. М., 1973
26. Жандаев М.Ж. Природа Заилийского Алатау. А., 1983
27. Жортанов С. Өлкетану және қоғамдық пайдалы еңбек. А., 1968
28. Жиздыбаев Т.К. Жас туристерге кеңес. А., 2005
29. Краеведение. Под.ред. А.В.Даринского М., 1987
30. Квартальнов В.А. Туризм, экскурсии, обмены. М., 1993
31. WEB сайттар тізімі:
а) www.google.kz
ә) www.google.ru
б) www.turizm.ru

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

М а з м ұ н ы:

Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау. ХХ ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі әлемдік туризмнің дамуы.
1.1. Әлемдік туризмнің даму тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың
әлеуметтік-экономикалық
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
1.2. І-дүниежүзілік соғыстан кейінгі топтық туризмнің пайда
болуы ... ... ... .10
1.3. ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі
туризм ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 11
1.4 . ХХІ ғасырдың әлеуметтік туризм негізінің даму
тенденциялары ... ... ...16
ІІ-Тарау. Әлемдік және Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және
дамуының мәселелері.
2.1. 2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасындағы туристік іс-
әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің дамуы мәселелерінің
статистикалық мәліметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..21
2.3. Әлемдік туризм индустриясының дамуының негізгі концепциялары және
Қазақстан республикасы үшін
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 32 2.4.
Әлемдік туризм дамуын және келешегін
болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .41
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .45
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 51

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі дүниеде туризм түрлі елдердің
ынтымақтасуында, өзара мәдени игі әсер етуде ерекше рөл атқарады. Туризмнің
дамуы халықтың рекрециялық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды,
өнеркәсібі дамыған және дамушы елдердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан маңызды мәселелерді шешуге де пайдасы зор. Туризм ісі дамыған
елдердің туризмнен табатын пайдасы экспорттың барлық мөлшерінің 10-нан 35-
ке дейінгі пайызын құрайды.
БҰҰ мен ЮНЕСКО 60-70-жылдарда-ақ туризмді дамыту дамушы елдердің ең
қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің таңғажайып әсерлі шансы
деп есептеген. Дамушы елдер жаңарып келе жатқан халықаралық туризм рыногына
өз ресурстарын шығару арқылы өздеріне қажетті тұрақты валюта табудың, жаңа
жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің, өз экономикасын жұмылдыра білудің
жолын тапты.
Осылайша халықаралық туризмнің көмегімен тұтынушылықтың өрісін
кеңейтті. Дамып келе жатқан туристік бизнес түрлі ұйымдардың ұлттық аясында
ғана емес, әлемдік масштабта бірлесе жұмыс істеуін талап етті. Мұндай ұйым
1898 жылы Люкенбургте алғаш рет ұйымдастырылды, ол бірлестік Туристік
ұйымдардың халықаралық лигасы деп аталды.
Ұйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негіз болған түрлі
себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірлеудің негізінен адамзаттың
жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес келетіндігіне көзіміз жетеді.
Жұмыстың мақсаты:
- Еліміздіњ ќазіргі жастарына танымдыќ, тарихи жєне мєдени,
сауыќтыру-спорттыќ тєрбие беру.
- ¤мірге ќажетті мањызды деген даѓдыларды, салауатты µмір салтына
берілудіњ жєне кµптеген аурулардыњ алдын алу.
- География ѓылымындаѓы дамып келе жатќан жања туризм саласында
студенттерді жан-жаќты білім саласымен сусындату.
- Әлемнің және Туѓан жердіњ табиѓатын, табиѓи-тарихи ескерткіштерін
ќорѓау, саќтау, баѓалау.
Жұмыстың міндеті:
1. ХХ ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі әлемдік туризмнің даму тарихымен
таныстыру;
2. Әлемдік туризмнің даму тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың
әлеуметтік-экономикалық себептері;
3. ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және дамуының
мәселелерімен таныстыру;
4. Әлемдік туризм индустриясының дамуының негізгі концепциялары және
Қазақстан республикасы үшін маңызын анықтау, талдау.
5. Табиғатты және табиғи ескерткіштерді қорғауға үйрету
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі
белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар
адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін
ұйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметтік-экономикалық себептерімен
байланыстырмады. В.Б.Сапрунованың басқалардан басты ерекшеліг і — туризм
тарихын 4 кезеңге бөлді.
ХХ ғасырдың ІІ-жартысында қоршаған ортада көптеген өзгерістер болды.
П.Г.Олдак айқындағандай, статикалық өмір жылжымай, отыра беруінің орнына
жаңа динамикалық (өзгермелі) өмір салты ене бастады. Өзгермелі өмір салты
миграциялық процестердің ерекше өсуімен сипатталады.
КСРО Ғылым академиясы географтарының деректеріне қарағанда, әлемдегі
елдердің барлығын қоса есептегенде, шет елдерде 1950 жылы-25,3 млн.адам,
1968 жылы -141 млн.адам, яғни жер шары халқының 4 пайызы турист болыпты.
Зерттеуші В.Б.Сапрунова бойынша түрлі елдердегі туризмнің жаппай
сипаты оның жеделдігіне (интенсивность) ауыса бастады.
Кейін келе БҰҰ басшылығымен әлемдегі шетелдік туризмнің басын арнайы
біріктіретін бірден-бір ұйым – Бүкіләлемдік туристік ұйым жасақталды. Бұл
ұйым БҰҰ-ның Бас ассамблиясының ұсысынан сәйкес 1975 жылы құрылды. Штаб-
квартирасы Испанияның астанасы Мадрид қаласында. Ұйымның жарғысы 1975 жылы
27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап бұл күнді Бүкіл әлем туризм
күні ретінде белгілі бір ұранмен мерекелеп отырады. Ұйым 4 жылда бір рет
сессияға жиналып жұрады, ол екі аралықта Бас ассамблеяның атқарушы кеңесі
жұмыс істейді.
Айрықша оқиғаның бірі 1980 жылы Филипиннің Манила қаласында өткен ІІ
бүкіл әлемдік конференция болды. 1985 жылы Болгарияның София қаласында
Бүкіләлемдік туристік ұйым Туризм хартиясын, Туризм кодексін қабылдап,
туризмнің бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі және жастар туризмі туралы
қаулылар қабылданды.
1994 жылдың қарашасында ЮНЕСКО мен Бүкіләлемдік туристік ұйымның
жетекшілігімен Ташкентте мамандардың Ұлы жібек жолын қайта қалыпына келтіру
және қайта реттеу мәселелері бойынша кездесу өтті. Осы кеңесте аккредитация
алған жалғыз қазақстандық фирма Жібек жолы холдингтік компаниясы болды.
Дегенімен де бұл іске кейінгі кезде республиканың мемлекеттік органдары да
араласа бастады.
Бүкіл әлемдік туристік ұйымның құрылымында 6 аймақтық комиссия жұмыс
істейді. Олар: Европа, Таяу Шығыс, Африка, Америка, Шығыс Азия және Тынық
мұхит аймағы, Оңтүстік Азия мен Мексикада туризм жөніндегі жоғары оқу
орталығы қызмет етеді.
Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, 51 бет докладтан,
қорытынды, 30 қолданылған әдебиеттен тұрады.

І-Тарау. ХХ Ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі әлемдік туризмнің дамуы.
1.1.Әлемдік туризмнің даму тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың
әлеуметтік-экономикалық себептері.

Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, нумизматика, палеография,
этнография және т.б. тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді.
Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша
айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар адамзат тарихының әр түрлі
дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты
әлеуметтік-экономикалық себептерімен байланыстырмады. В.Б.Сапрунованың
басқалардан басты ерекшеліг і — туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:
• 1-кезең (көне замандардан XIX ғасырдың басына дейін) немесе оны
туризм тарихының алды деп те атайды;

• 2-кезең (XIX ғ.-ХХ ғасырдың басы) — элитарлық туризм кезеңі, яғни
туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы;
• 3-кезең (XX ғасырдың басы - II дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін)
— бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы;
• 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) бұл жаппай туризмнің
қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм үшін тауар өндіру мен
қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы. Туризмнің дамуының әр түрлі
кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге (периодизация) техникалық-
экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және туризмнің мақсатты
қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған.
Бірақ В. Б. Сапрунова туризм тарихын кезең-кезеңге бөлуде көне, орта
және жаңа кезеңдердегі адамдардың ұйымдасқан саяхаттарының дамуын жеке-дара
қарастырмаған. Яғни адам баласының уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруьшың
бастапқы мұраттары айқындалмаған деген сез. Дұрысында жоғарыда көрсетілген
мұраттар туризмтану теориясының басты мәселе-лерінің бірі болып табылады.
Осы мәселелерді шешу ғана туризм индустриясының әлемдік және өңірлік
перманентті ин-енсификациясьш түсінуге, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Туризм тарихын зерттеудің мақсаты да осында жатыр.
Ұйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негіз болған түрлі
себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірлеудің негізінен адамзаттың
жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес келетіндігіне көзіміз жетеді. Адамзаттың
тарих алдындағы хайуанаттар ортасынан "бөлінуі 5-2 млн жыл бұрын басталып,
б.д.д. ІV мыңжылдықта аяқталған. Адамзат өркениетінің дамуының бірінші
кезеңі - көне әлемнің тарихы (б.д.д. IV мыңжылдық — б.д. V ғ.), екінші
кезеңі — орта ғасырлар тарихы (V—XV ғғ.), үшінші кезеңі -жаңа дәуір тарихы
(1918 жылдан біздің заманымызға дейін). Терімшілдік пен аңшылық адам
баласының бірнеше миллион жылғы басты кәсібі болған. Шамамен 10 мың жыл
бұрын (кейде 5-тен 10 мың жылға дейін делінеді) терімшілдіктен -жер өндеу,
аңшылықтан - мал шаруашылығы туындаған.
Өндірістік еңбекке дейін адамның кеңістікте орын ауыстыруы терімшілдік
пен аңшылық мақсатында болған. Адамдардың ол орын ауыстырулары ретсіз,
жоспарсыз болып, ондағы мақсат аштық инстинкті, өзін-өзі аман сақтау немесе
ұрпақты жалғастыру болған. Мұндай жағдай адам бойында тіршілік ету мен
дамудың табиғатқа бейімделуінен табиғатты езіне бейімдеу мәдениеті
қалыптасқанға дейін жалғасты .
Түрлі ғылымдардың мәліметтерін талдай қарасақ, адам баласының жер
шарымен мақсатты түрде танымдық мүддемен саяхаттауы бұдан 5-6 мың жыл бұрын
басталғанға ұқсайды. Міне, осы кезеңнен бастап адам терімшілдік пен
аңшылықтан өндірістік еңбекке көшкен.
Көне заманның алғашқы саяхатшылары саудагерлер болды. Оған дәлел
арнайы жоспарланған саяхаттың адамның өндірістік еңбегінің басталуымен
байланыстылығында жатыр. Б.д.д. II мыңжылдықта адамның алғашқы еңбек
бөлінісі (мал шаруашылығының жерді игеруден бөлінуі), екінші бөлініс
(қолөнердің жер игеру мен мал шаруашылығынан бөлінуі), үшінші бөлініс (ой
еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) басталды. ,
Еңбектің бірінші, екінші бөліністері егіншілер мен малшылардың бір-
бірімен азық-түлік алмастыру қажетгілігін, ал үшінші бөлініс Жер
планетасының құрлығы мен суы жөнінде жүйелі мәліметтер жинауына мүмкіндік
тудырды. Адамдар жаңа жерлер ашу үшін планетаның құрлық, су, жер асты
туралы деректер жинап, арнайы саяхаттарды жасауды жоспарлады. Осылайша
тарих және география ғылымдары қалыптаса бастады.
Адамдардың металдарды (мыс, қола) кеңінен қолдануы, олардан жаңа еңбек
құралдарын жасау егіншілік пен мал шаруашылығында еңбек өнімділігі қауырт
өсе берді. Өндіріс аясындағы билік еркектердің қолына көшіп, патриархалды
қоғамдастық қалыптасты.
Адамзат қоғамындағы жоғарыда санамаланған барлық өзгерістер мақсатты
саяхаттар үйымдастыруға 2 түрлі жағдай жасады. Бірінші - мал шаруашылығының
дамуы құрлық жолында орын ауыстыруға ыңғайлы ат секілді көлікті қолдана
алатын болды. Кейін келе аттың біршама алыс қашықтықты жылдам жүріп өтетін
жүрдек жылқылардың тұқымы іріктеліп алынатын жағдайға жетті. Екінші,
еркектердің қоғамдағы жетекшілік жағдайы олардың отбасынан ұзап ұзақ сапар
шегіп кетуіне мүмкіншілік берді. Еркектерше ұзап кетуге әйелдің жағдайы
балалардың анасы, тәрбиешісі ретінде келе бермеді және отбасының ошағының
түтінінің түзу шығуы сол кісілерге байланысты болды.
Адам еңбегінің өнімділігінің артуы оларға төмендегідей бірнеше мүмкіндік
берді:
1) саяхатты өз еңбегінің өнімділігіне қарай жоспарлай алатын болды;
2) саяхат үшін материалдық дүние-мүліктерін (азық-түлік, еңбек құралы, киім-
кешек, көлік) жинақтайтын, жасайтын, пайдаланатын болды.
Әсіресе, ерекше таң қаларлық, данышпан адамдар жайындағы, табиғаттың,
адамзат мәдениетінің нысандары туралы мәліметтер жинала бастады. Дәл осы
мәліметтер әлемнің әр түпкіріне тез тарай бастады. Осы мәліметтерді естіген
елдердегі адамдар енді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің таңғажайып
нысандарын көру үшін арнайы саяхаттар, яғни туристік мақсаттағы табиғи
саяхаттар жасауға көшті.
Көне әлемнің тарихында ұйымдасқан саяхаттардың дамуына негіз болған
бірнеше мемлекетті атауға болады. Бұған ең алдымен ежелгі Египетті
(саудагерлер елдің ерекше сатыдағы адамдары болды, әлем жайлы информациялар
жүйелі түрде жинақталып отырды, оның ішінде географиялық, астрономиялық
және медициналық білімдер де бар), Вавилон патшалығы (Алдыңғы Азияда керуен
және су жолдарын ұйымдастырып, қолдап отырды), Финикия (теңіздегі және
құрлықтағы белсенді сауда, бос жерлер іздеу, б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы -1
мың-жылдықтың басында әлемдегі ең озық корабль құру мен теңізшілер
дайындаған, б.д.д, I мыңжылдықтың басында әлемдегі алғашқы алфавит
кұрастырылды), Персия (мемлекеттің орталық және шалғай аудандарының
аралығын қосатын жолдар салу), көне Үндістан (басқа мемлекеттермен қызу
сауда, Ганг өзенінің алқабындағы ну ормантоғайды игеру, қант бұтасының
сөлінен алғашқы қант өндіру, мақтадан мата тоқу, әлемнің ең көне діні -
буддизмнің негізі салынды), көне Қытай (темірді өндіру мен өндеудің
басталуы, б.д.д. II мыңжылдықта иероглифтік жазу мен қағазды ойлап тапты,
компасты, жібек өндіру тәсілін шығарды, шай дайындауды үйренді), көне
Греция (қолөнер, корабль құрылысы, өз жазуларын ойлап тапты, Финикия,
Египетпен тұрақты сауда, дауысты дыбысты белгілейтін алғашқы әріптік
алфавитті жасады, Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауын жаппай отарлау,
теңізде жүзудің дамуы, б.д.д. 776 жылы алғашқы олимпиадалық ойындардың
ұйымдастырылуы, олимпиадалық ойындар кезінде соғысуға тыйым са-лынды), көне
Рим (шығыс Жерорта теңізін игеру, христиандықтың тууы, елді ағарту
жүйесінің және бүкіл империя үшін бір шіркеу жасап, христиандықты
үйымдастыру) елдері жатады.
Орта ғасырлар тарихындағы жоғарыдағы және одан да басқа мемлекеттер
туризмнің қалыптаса түсуіне итермеші күш (стимулятор) факторы қызметін
атқарады. Олар: көне Рим мемлекетінің негізінде қайта құрылған Шығыс Рим
империясы немесе Византия (Батыс Европа мен Шығыс арасындағы сауданың
дамуы, яғни Ұлы жібек жолы, Аравия арқылы Парсы шығанағына, Үнді мүхитына
өтетін жұпар иіс жолы мемлекеттік пошта мен шет елмен қатынас
ведомостволарының кұрылуы, шіркеудің батыста католиктік, шығыста
православиелік болып бөлінуі, крест жоқтарының басталуы), Аравия (үшінші
әлемдік дін - исламның пайда болуы, Мекке мен Мәдинеге қажылық жасау),
Франция, Германия, Италия (мектептердің ашылуы, академияның құрылуы, крест
жорықтары, сауданың дамуы, европалық саудагерлердің Жерорта теңізіне
орнығуы, ірі монастырьлар, жол айрықтарында, өзен өткелдері, теңіз айлағына
жақын жерлерге қалалар салу, тауарлық-ақшалық шаруашылықтың қалыптасуы,
өнеркәсіптік өнімдердің ел ішінде дамыту, өнеркәсіптік тауарларды ішкі және
сыртқы рыноктарға шығару саясатын ұстанды, күшті флот жасау, зайырлы
өкіметті нығайту және ұлттық мемлекеттердің дамуы).
Туризмнің жаңа дәуірінің тарихында саяхат негіздері Англияда
капиталистік шарттардың дамуьшың негіздері одан әрі қалана түсті, тауар
сатудың қоймалық рыногы жинақталды, өнеркәсіптің ерекше дамуы үшін жұмыс
машиналарын ойлап тапты, машина жасау дамыды), АҚШ-та (өнеркәсіптің дамуы
тауарлар қозғалысы. жаңа жерлерді отарлау, дамыған өнеркәсіп үшін ішкі
рынок жасау, өнеркәсіп пен сауданың дамуының кедергілерін жою, су және
теміржол транспортын жолға қою, телеграфтық Морзе әліппесінің шығуы, Белдің
телефон аппараты, Эдисон лампасы, комбайн пайда болды), Францияда (Адам
және азамат құқығы декларациясы, таптарға бөліну жойылды, өнеркәсіп пен
сауда кедергілері жойылды, тұтас ұлттық рынок қалыптасты) болды.
Туризмнің жаңарған дәуірінің тарихында саяхат негіздері АҚШ-та (сауда
мен теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кедейлікті жоюға деген
талпыныс, елді кәсіптік кайта даярлау шаралары, халықтың білім алуына кемек
көрсету), Францияда (1936 жылы аптада қырық сағаттық жұмыс күнін белгілеу,
жылына екі апталық төлемді еңбек демалысы, зейнетақыны, жұмыссыздардың
төлемақысын көбейту, XX ғасырдың 60-жылдарында әлеуметтік заңдылықтарды
кеңейту), Ұлыбританияда (тегін медициналық көмек көрсетудің кіргізілуі,
барлық дерлік британ колонияларының азаттық алуы, өнеркәсіптің
модернизациялануы, іскерлік рухтың көтерілуі), ГФР-да (II дүниежүзілік
соғыстан кейін демократиялық институттардың бекуі, өнеркәсіптің жаңа
техникалық негізде қайтадан қалпына келтірілуі және қайта құрылуы, әскери
шығындардың азаюы, капитал мен өндірістің жиі шоғырлануы, отарлық басқару
аппа-раттарын үстауға арналған шығындардың жоқтығы), Италияда XX ғасырдың
50-60-жылдарында экономиканың қаулап өсуі, экспорттың жылдам өсуі, ақша
бірліктерінің тұрақталуы, елдің өмір сүру деңгейінің өсуі, мемлекеттік
берекенің орнауы), Жапонияда (соғыстан үлттық дербес құқығы ретінде бас
тарту, жалпыға бірдей сайлау құқығы, сайлаулы өзін-өзі басқару элементтерін
енгізу, сөз бостандығы, ұйым бостандығы, жүмысшылардың ұжымдық келісім
шартқа және ереуілге құкық алуы, помещиктік жер иелену жойылды, жерді сатып
алуды арендаторларға беру, фермерлік шаруашылық, мемлекеттік шығындардың
азаюы, инфляцияның тоқтауы, бағаның тұрақтануы, XX ғасырдың 50-жылдарының
ортасында жапон экономикасының ерекше өсуінің басталуы, фермерлерге
арналған жаңа, ірі өнеркәсіптік тауарлар рыногының жасалуы, қорғанысқа аз
шығын жұмсау, өндірістік капитал қорын жинау, дәстүрлі жүйе, экономиканың
ауырлығьн энергиялық-материалдық саладан ғылымға сүйенген салаға ауыстыру,
кәсіпкерліктен алынатын салықтың төмендеуі болды.
Туризмнің жаңарған тарихының дамуының бір ерекшелігі — социалистік және
дамушы елдер лагерінде қалыптасуы. Мәселен, жоғарыда аталған туризмнің
қалыптасып дамуының алғы шарттары Қытай халық республикасында XX ғасырдың
70-жылдарының соңы — 80-жылдардың басында Мао Дзэ Дун қайтыс болғаннан
кейін ғана (мемлекеттік мекемелердің шаруашылық есепке көшуі, шағын және
орта бизнестің дамуы, шет елдік капитал салуға қолдау көрсету, шет елдік
кәсіпкерлерге арнайы экономикалық зона жасау арқылы жеңілдетілген шарттар
ұсынылды, жерге ұжымдық меншікті сақтай отырып, ауыл шаруашылығына
отбасылық иелікті кіргізу, халықтың емір сүру деңгейінің өсуі, 2000 жылға
дейін халық санын тұрақтандыру үшін бала табуға шектеу қою шаралары, Батыс
елдерімен байланыстардың кеңеюі мен беки түсуі қалыптасты.
Азияның, Африканың және Латын Америкасының дамушы елдерінде соғыстан
кейінгі жылдарда туризмнің дамуының темендегідей алғы шарттары қалыптасты:
импортты ауыстыратын индустриализацияның орнына экспорттық мүмкіндіктер жан-
жақты дамыды, шет ел капиталын әкелу қолдау тапты, ақша айналымы
тұрақтанды, әлемдік экономикаға интеграциялануға талпыныстар жасалды, ауыл
шаруашылығына заманға сай технологиялар енгізілді, жасыл революция,
әлеуметтік құрылым өзгерді, демократиялық институттар қалыптасты, өз
елдерінің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді катысу, әлемдік экономикаға
интеграциялану курсын сақтады, экономиканың рыноктық құрылымын дамыту,
әлеуметтік бағдардағы экономиканың қалыптасуы.

1.2. І-дүниежүзілік соғыстан кейінгі топтық туризмнің пайда болуы

ХХ ғасырдың басы жаппай туризімнің қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл
процесс әсіресе І-дүниежүзілік соғыстан соң ұйымдаса түсті. Туризм
тарихшылары мұны жалпы халықтық және әлеуметтік туризімнің пайда болуымен
байланыстырады. Жаппай туризм деп мұнда туристік іс әрекетпен халқының
деншілігі немесе тең жартысы шұғылданатын елдерді санау қажет.
А.А.Крючковтың пікірінше, халықтың табыс көзі төмен өкілдерінің өз
қаржылық мүмкіндіктеріне орай туризмнің ең арзан түрін таңдауы керек. Ал
әлеуметтік туризм деп мемлекеттік қазынадан немесе басқа көздерден қаржылық
мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қаржыландыратын, ұйымдасқан саяхаттарды
(танымдық, ағартушылық немесе рекреациялық-сауықтыру) деп атайды. І-
дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризімнің жаппай сипат алуына әсер еткен ол-
автомобиль, ұшақ секілді көлік құралдарының туристік деңгейде қызмет ете
бастауы. Ал әлемде ХХ ғасырдың басында туризімнің жаппай сипат алуына
кедергі болған басты себеп –халықтардың көпшілігі кедей күйде болуы жене
төлемді еңбек демалысының болмағандығы. Осыдан- ақ көптеген адамдардың
туристік іс әрекеттерге қатысуы аз болғандығы байқатса керек. Тіпті
экономикасы басқа елдерге қарағанда алдыңғы қатарда болған Англияның өзінде
ірі өнеркәсіп орындарының жүмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек демалысы
жылына 1903 жылы 1-2 апта ғана болды. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек
демалысы 1908 - жылдан бастап кызметі үш жылдан асса ғана 6 -күн берілетін.
Мұндай жағдай еңбекшілердің наразылығын тудырып, олар біртіндеп жұмыс
берушілерге демалысын жақсартатын
шарттарды
орындата бастады. Сонымен қатар І-дүниежүзілік соғыстан кейін жұмысшылардың
туристік қозғалысы өрістеп, оларды кәсіподақтар мен социал-демократиялық
партиялар ұйымдастырып, өздерінің туристік бюроларын құрып туристерді
жайғастыратын қаражаттар шоғырланды. Мұндай қозғалыстар әсіресе Германияда,
Швейцарияда және Австралияда кең өріс алды 13.
Енді жаппай туризімнің туындауына екі мысал келтірейік.
Швейцарияда Отельилан фирмасының құрылуы мен іс-әрекетін бастап, ол фирма
әлі күнге дейін осы елдің ірі туристік қызмет көрсететін мекемелерінің
бірегейі болып есептеледі. Бұл фирманың құрылуына 1935 жылы осы фирманың
негізін салушы Г.Дуттэайлердің еңбегінің кішкентай адамдарын туризмге
тарту идеясы негіз болған. Жаппай арзан туристік сапарлар бұл фирманың
негізгі пайда көзіне айналды.
Германияда национал-социалистер ұлт бірлігі идеясын демалу
мақсатындағы жаппай туризм арқылы іске асырып, бұл іс-әрекетті национал-
социалистердің Қуаныш арқылы күш дарыту деген арнайы ұйымы арқылы
бағыттап отырды. 1933 жылы империялық туризм жөніндегі комитет негізделіп,
ол Ағарту және үгіт-насихат министіріне бағынышты болды. Герман мемлекеті
демалу мақсатында ұйымдасқан топтық сапарларға, круиздерге, теміржол
саяхаттарына көмек көрсетіп отырды.Саяхаттардың қалта көтерерлік құны
алғашқы туристік серпілістің өсуіне жағдай жасады. Мәселен, 1934 жылы 2,3
млн.адамның туристік сапары 1935 жылы 5 млн-ға жетті де, 1937 жылы 9,6 млн,
1938 жылы 10,3 млн. адам болды. Жекелеген адамдардың қыдырысынан топтық
туризм біртіндеп басым бола түсті 4.

1.3.ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм.

ХХ ғасырдың ІІ-жартысында қоршаған ортада көптеген өзгерістер болды.
П.Г.Олдак айқындағандай, статикалық өмір жылжымай, отыра беруінің орнына
жаңа динамикалық (өзгермелі) өмір салты ене бастады. Өзгермелі өмір салты
миграциялық процестердің ерекше өсуімен сипатталады.
КСРО Ғылым академиясы географтарының деректеріне қарағанда, әлемдегі
елдердің барлығын қоса есептегенде, шет елдерде 1950 жылы-25,3 млн.адам,
1968 жылы -141 млн.адам, яғни жер шары халқының 4 пайызы турист болыпты.
ІІ дүние жүзілік соғыстан соң миграциялық туристік ағымның күрт көбеюі
елдер мен континенттердің экономикалық байланыстарының беки түсуімен,
ғылыми және мәдени байланыстардың кеңейе түсуімен, транспорт саласындағы
жетістіктермен, транспорттық тарифтердің арзандауымен, авиациялық
рейстердің жеделдеуімен және жеке меншік автомашиналардың көбеюімен
байланысты болды. Мәселен ЮНЕСКО курьерінің (1196ж., желтоқсан)
мәліметтеріне қарағанда, 1965 жылы әлемде авиажолаушылар 180 млн. болса, ал
автомашинаның саны 130 млн.-ға жетті.
Сол кезеннің туризмнің дамуына кейбір елдерінің халықтарының
кірістерінің өсуі, еңбек демалысының мерзімінің және үлкен халалардағы
өмірден адамдардың қатты шаршайтыны негіз болды. Зерттеулердің
мағлуматтарына қарасақ, өенркәсібі дамыған елдерден демалу мақсатында
сапарға шығатындар негізінен ірі индустриалы орталықтардың тұрғындары екен.

Соғыстан кейінгі жылдарда көптеген елдердің туризмнің дамуына
шекарадағы талаптардың женілдетілуі, валюта ауыстыру мен шектеудің азаюі\ы,
аэродромдар, жолдар, қонақ үйлер көптеп салынуы, туристік нысандарға
жарнама жасаудың жетілуі жағдай жасады. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі
туризм жалпы халықтық сипат алып, индустриалы елдердің көптеген
тұрғындардың қажеттілігіне айналды. Демалу индустриясының өз институттары,
азық-түліктік, өнеркәсіптік циклы, ол өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың
әдіс-тәсілдері пайда болды, қалыптасты.
ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы Батыс европа елдерінде қонақ үйлерін, ойын-
сауық орындарын салу ерекше қарқын алды. Европа туризмі негізінен
америкалық туристерге икемделіп, қарсы алушы елдердің долларлық қазынасы
тола бастады. ХХғ. 60ж-нан 70ж-ның ортасына дейін келу-кету туризмі өсіп,
туристік мекемелер мен олардың өндірістерінің көлемі артты.
Зерттеуші В.Б.Сапрунова бойынша түрлі елдердегі туризмнің жаппай
сипаты оның жеделдігіне (интенсивность) ауыса бастады. Туризмнің
жеделдеуінің көрсеткіші дегеніміз – елдің неше адамы (% өлшеммен алғанда)
жылына біреу болсын туристік сапар жасады (нетто-интенсивность) және елдің
14 жастан үлкен бөлігінің пайыздық қатынасы қандай деген сөз. Туризмнің
жеделденуі 50 % -дан асса, елдің жартысынан көбі турист болғандықтан,
жаппай туризм болып есептеледі.
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі дәуірде туризм рыногының сұранысы
мен ұсынысында түбегейлі өзгерістер болды, жаппай туризм сараланған жаппай
туризмге ұласты. Туризмнің бұл екі түріне де жаппайлық тән, оған
таңдаулылар (элита)- ғана емес, орта класты халық та, 80-жылдардан бастап
кірісі төмен деңгейдегі ел де қатысатын болды.
Конвейрлік туризм салыстырмалы түрде қарапайымдылығымен, қажеттіліктердің
бірдейлігімен, туристтердің мұраттарының ұқсастығымен, бір сөзбен айтқанда
көрсететін қызметтерінің жаппайлық –конвейерлік сипатымен ерекшеленеді.
Массалық дифференциялық туризм. Сараланған (дифференциялы) туризм
қажеттіліктерінің әртүрлілігімен, туристік мұраттардың сан салалылығымен,
туристік сұраныстардың ұсақ түрлерімен, ұсынылатын қызметтердің
алуандығымен, туристік ұсыныстардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Сараланған туризмде көрсетілетін қызметтерге кең де, терең де сипаты тән.
Демек туристік фирма туристік өнімнің қыруар түрін емес, шектеулі қызметтің
түрлі варианттарын ұсынады.
Конвейерлік туризмнің сараланған туризмге ауысуы өндіруші рыноктың
тұтынушы рынокқа ауысуымен тұспа-тұс келді.
Ол кезеңлегі туристік қызмет көрсетудің қажеттіліктері туризмнің
рекреациялық аспектісі болып табылады. Оған дәлел демалысты күнделікті ауыр
еңбектен шаршаған физакалық күшті қайта қалпына келтіру мақсатында
пайдалану болды.
Тұтынушы ретінде жалпы халықтың жағдайының жақсаруы, экономикалық
өсудің жалғасуы, жұмысшы қауымның бос уақытына деген қарым-қатынасының
өзгеруі демалысқа деген тұтынушылық мақсат пен психологияны мүлдем
өзгертті. ХХғ. 60-70 ж-дың тоғысында материалдық игіліктерді тұтыну қоғамы
– тұтыну – тұтыну үшін деген пікір қалыптасты. Өндіру рыногын тұтыну
рыногы ауыстырды. Туристік сұраныстардың мақсат-мүдделері күрделене түсті:
туризмнің рекреациялық аспектісімен қатар ағартушылық, қарым-қатынастық
және инвестициялық аспектілері пайда болды. Бұл аспектілер өзектілігін 80-
жылдар бойына жойған жоқ.
ХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасына дейінгі уақыттағы туристік
фирмалардың нарықтық стратегиясы өндірілетін өнімнің универсалдылығымен
ерекшеленіп, ерекше, арнайы жекелеген саламен шұғылдану болған емес. Бұл
кезеңді В.Б.Сапрунова конвейерлік туризмнің гүлдену дәуірі деп есептейді.
70-жылдардың ІІ жартысынан бастап туристік сұраныстардың саралануына
байланысты ұсыныстарда арнайы қызмет, арнайы өнім тенденциясы күшейіп,
соңғы жағдай арнайы фирмалардың көрсететін қызмет ассортиментінде кеңейіп,
туристік фирмалар қызметіне, қызметті көрсетудің басқа салаларына да ене
бастады. Товарлар мен қызметтер рыногының шектен тыс көбейуі, экономиканың
өсу қарқынының төмендеуі, 70-жылдардың ортасындағы экономикалық және
құрылымдық дағдарыстар сараланған туризмнің қалыптасуына жағдай жасады,
туризмнің бұл түрі 80-жылдарда басым бағыт ала берді. Бұл индустриалды
қоғамның дағдарысының белгісі еді.
Индустриалы қоғамға тән нәрсе – адамға өндірісті іске асырушы ретінде
қарау, адамға деген мұндай қарым-қатынас индивидтің өз іс-әрекетінің
нәтижелерін және адамның, оның мәдениетінің, рухани кескін – келбетінің
қалыптасуын (стандартазациялануы) күшейтеді.
Қазіргі дүниеде туризм түрлі елдердің ынтымақтасуында, өзара мәдени
игі әсер етуде ерекше рөл атқарады. Туризмнің дамуы халықтың рекрециялық
қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды, өнеркәсібі дамыған және
дамушы елдердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды
мәселелерді шешуге де пайдасы зор. Туризм ісі дамыған елдердің туризмнен
табатын пайдасы экспорттың барлық мөлшерінің 10-нан 35-ке дейінгі пайызын
құрайды.
БҰҰ мен ЮНЕСКО 60-70-жылдарда-ақ туризмді дамыту дамушы елдердің ең
қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің таңғажайып әсерлі шансы
деп есептеген. Дамушы елдер жаңарып келе жатқан халықаралық туризм рыногына
өз ресурстарын шығару арқылы өздеріне қажетті тұрақты валюта табудың, жаңа
жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің, өз экономкасын жұмылдыра білудің жолын
тапты.
Осылайша халықаралық туризмнің көмегімен тұтынушылықтың өрісін
кеңейтті. Дамып келе жатқан туристік бизнес түрлі ұйымдардың ұлттық аясында
ғана емес, әлемдік маштабта бірлесе жұмыс істеуін талап етті. Мұндай ұйым
1898 жылы Люкенбургте алғаш рет ұйымдастырылды, ол бірлестік Туристік
ұйымдардың халықаралық лигасы деп аталды.
1925 жылы Гаагада туризмді насихаттайтын ресми ұйымдардың халықаралық
одағының бірінші конгресі бас қосып, оның жұмысына Европаның 14
мемлекетінің өкілдері белсене ат салысты. Нәтижесінде бұл саладағы алғашқы
ұйым – Туризмді насихаттайтын ресми ассоциациялардың халықаралық конгресі
деп аталды, ал 1930 жылы Туризмді насихаттайтын ұйымдардың халықаралық
одағы болып құрылды.
Соғыстан кейінгі дәуірдегі әлемдік туризмнің жетекшілігі ұйымдастыру
құрылымдарын жетілдіруді талап етті. Сондықтан да 1947 жылы Парижде
жоғарыда аталған ұйымдардың базасында Ресми туристік ұйымдардың
халықаралық одағы құрылды. Бұл ұйымның нағыз мүшелері ретінде 116
мемлекеттің өкілі тіркелді.
Кейін келе БҰҰ басшылығымен әлемдегі шетелдік туризмнің басын арнайы
біріктіретін бірден-бір ұйым – Бүкіләлемдік туристік ұйым жасақталды. Бұл
ұйым БҰҰ-ның Бас ассамблиясының ұсысынан сәйкес 1975 жылы құрылды. Штаб-
квартирасы Испанияның астанасы Мадрид қаласында. Ұйымның жарғысы 1975 жылы
27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап бұл күнді Бүкіл әлем туризм
күні ретінде белгілі бір ұранмен мерекелеп отырады. Ұйым 4 жылда бір рет
сессияға жиналып тұрады, ол екі аралықта Бас ассамблеяның атқарушы кеңесі
жұмыс істейді.
Айрықша оқиғаның бірі 1980 жылы Филипиннің Манила қаласында өткен ІІ
бүкіл әлемдік конференция болды. 1985 жылы Болгарияның София қаласында
Бүкіләлемдік туристік ұйым Туризм хартиясын, Туризм кодексін қабылдап,
туризмнің бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі және жастар туризмі туралы
қаулылар қабылданды.
1994 жылдың қарашасында ЮНЕСКО мен Бүкіләлемдік туристік ұйымның
жетекшілігімен Ташкентте мамандардың Ұлы жібек жолын қайта қалпына келтіру
және қайта реттеу мәселелері бойынша кездесу өтті. Осы кеңесте аккредитация
алған жалғыз Қазақстандық фирма Жібек жолы холдингтік компаниясы болды.
Дегенімен де бұл іске кейінгі кезде республиканың мемлекеттік органдары да
араласа бастады.
Бүкіл әлемдік туристік ұйымның құрылымында 6 аймақтық комиссия жұмыс
істейді. Олар: Европа, Таяу Шығыс, Африка, Америка, Шығыс Азия және Тынық
мұхит аймағы, Оңтүстік Азия мен Мексикада туризм жөніндегі жоғары оқу
орталығы қызмет етеді.
Атқару кеңесінің өкілетілік мерзімі 4 жыл. Кеңестің бірнеше көмекші
орғандары бар: туристік құжаттауды жеңілдету жөніндегі комитет, бюджеттік-
қаржылық комитет, қоршаған орта жөніндегі комитет, бағдарламалар мен
үйлестіру жөніндегі техникалық комитет. Ұйымның Бас хатшысын 4 жылға Бас
ассамблея тағайындайды. Ресми тілдері – ағылшын, француз, испан тілдері.
Ұйымның бюджеттік шығындары мүшелік жарналар есебінен құралады. Ұйымның
бірнеше қоры бар: жалпы қор, айналым қапиталы қоры, сенім білдіру жөніндегі
қор.
Әлемде әлемдік сипаттағы 200-дей халықаралық туристік ұйым бар.
Олардың ең атақтыларына Туристік агентстволар ассоциациясының бүкіләлемдік
федерациясы, Туристік агентстволардың бүкіләлемдік ұйымы жатады, бұлар
туристік фирмалардың коммерциялық бірлестігі – кооперативтік негізде жұмыс
істейтін белгілі ұйымдар, ал Халықаралық туристік альянс – автомобильдік
туризмге қоғамдық көмек ұйымы, Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің
демалысы жөніндегі халықаралық бюро, Жастардың туристік ұйымдарының
халықаралық федерациясы, Туризм жөніндегі халықаралық академия, Туризм
бойынша жазушылар мен журналистердің халықаралық федерациясы, Туризм
саласындағы құжаттау, хабарлау және мәдениет бойынша халықаралық
ассоциация, Туризм бойынша парламентарлық ұйым, Туризм бойынша
эксперттердің халықаралық ассоциация, Туризм саласында және қонақ үйлер
басқару бойынша оқытудың халықаралық ұйымы, Халықаралық автомобильдік ұйым,
Кедендік тарифтер жөніндегі халықаралық бюро, Әуе транспортының халықаралық
ассоциациясы, Туристерге дәрігерлік көмек бойынша халықаралық ассоциация,
Халықаралық қонақ үй ассоциациясы, Мұражайлардың халықаралық кеңесі және
т.б.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның аймақтық ұйымдарының құрамына Араб
туристік ұйым, Туристік агенттердің американдық қоғамы, Тынық мұхиттық
аймақтық туристік ассациациясы, Латын Америкасы елдері туристік
агенттерінің конференциясы, Британ туристік агенттерінің ассоциациясы,
Европалық туристік комиссия кіреді.
Қазақстан Республикасы халықаралық туризмнің іс-әрекетіне халықаралық
парламентаралық, аймақаралық ұйымдардың кейбіріне толық, кейбіріне
жартылай мүше немесе бақылаушы ретінде қатысады.
Қазақстан Республикасындағы туристік ұйымдар халықаралық туристік
ұйымдарға төмендегідей мақсаттарда қатыса алады: халықаралық туристік
алмасу, экономикалық және техникалық ынтымақтастықы дамыту туризмнің
инфрақұрлымы мен материалдық базасын нығайту үшін, халықаралық
ынтымақтастықты дамыту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін,
туризм бойынша информациялар алмасу үшін, халықаралық туризмнің түрлі
салалары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, туризм аясындағы
басқа да халықаралық ынтымақтастықты іске асыру үшін.
Қазақстан Республикасының туризм және спорт агенттігі БҰҰ-ының
әлемдік туризм жөніндегі арнайы мекемелерімен, бағдарламаларымен жұмыс
істейді.

1.4. ХХІ ғасырдың әлеуметтік туризм негізінің даму тенденциялары.

Енді қадам басқан ХХІ ғасырдың алғашқы 10 жылдығындағы әлемдік
туризмнің дамуының негізгі тенденциясын бағдарлау – Бүкіл әлемдік туристік
ұйым аналитиктерінің ісі Жоғарыдағы информацияның барлығы Бүкіл әлемдік
туристік ұйымның Европа аймағы бойынша өкілдің көмекшісі А.Шлевковтың 2001
жылдың қазан айында Алматыда өткен Экотуризм – ХХІ ғасырда өтпелі
экономикалы ТМД, Қытай және Моңғолия секілді елдердің тұрақты дамуының
құралы деген тақырыпта өткен семинарда жасаған баяндамасынан алынды.Онда
әлемдік туризмнің басты аймақтық даму тенденциялары ретінде төмендегі
ағымдар аталды:
1) 2020 жылға қарай аймақаралық туризмнің жалпы көлеміндегі үлесі:
Оңтүстік Азия – 85%, Таяу Шығыс - 65%, Африка - 43%, Америка - 38%,
Европа 15% болмақ;
2) 2020 жылға қарай туристік рыноктың маңызды нысандары: күншуақ пен
жағажай, спорттық туризм, хикаялы туризм, табиғи туризм, мәдени
туризм, қалалық туризм, ауылдық туризм, тақырыптық парктер,
конгрестік туризм, алыс сапарлар, спорттың қысқы түрлері, спорттық
судағы түрлері болмақ;
3) туристік бағдарламалардың жеке және жалпы түрлері араласады,
электронды технологиялар басым қолданылады, тур тұтынушыларының
шарттары басым болады, туристік сұраныстан ерекшелене түседі;
4) туристік рынок туристік өнімнің үш түріне бағытталады:
а) ойын-сауық, өте әсерлі көріністер, ағарту;
ә) туристік орталықтар өз абыройларының артуына көбірек көңіл бөледі;
б) туристік ұйымдар азиялық туристердің келуіне құлықты болады;
5) туризмнің тұрақты дамуын және туризмдегі әділ сауданың болуын
қамтамасыз ету; тұтынушылардың өсіп келе жатақан әлеуметтік-
экономикалық санасы мен туристік өнімдерді белсенді пайдалануға ұмтылу
арасындағы қарама-қайшылық;
6) ХХІ ғасырдың жақын арадағы 10 жылындағы ұлттық туристік ұйымдардың
басым бағыттары:
а) мақсатты бағыт күшейеді; көтеріледі және маркетингтің өктемділігі
артады;
ә)өнімдерді саралау, олардың сапасы мен бағасы арқылы бәсекелестік
басымдылыққа жету үшін үнемі ұмтылыста болу;
б) туризм ұзақ та игілкті болуы үшін туризмді тұрақты дамыту қажет;
в) мемлекеттік бақылаудың азайып, мемлекеттік-меншіктік бәсекелестікті
артыру;
7) Бүкіл әлемдік туристік ұйым ұлттық туристік ұйымдарды зерттей келе
төмендегідей құбылыстарды айқындады:
а) ұлттық туристік ұйымның 78%-ы маркетингтік іс-әрекетін туристік
рыноктың шешуші бағыттарына жұмылдырады;
ә) ұлттық туристік ұйымның 77%-ы өз маркетингтік іс-әрекетін
сегменттік рыноктың неқұрлым тиімді түрлеріне бағыттайды;
б) ұлттық туристік ұйымның 88%-ы өз маркетингтік іс-әрекетін шет
елдерге кеңейткен;
в) ұлттық туристік ұйымдардың 90%-ы өз кооперативі маркетингін жеке
сектормен көбейткен;
г) ұлттық туристік ұйымдардың 77%-ы өктем маркетингтік саясат
ұстанады.

ІІ-Тарау. ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және
дамуының мәселелері.

2.1.2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасындағы туристік іс-
әрекет.

2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасындағы туристік іс-
әрекет төмендегідей халықаралық және Қазақстандық заңдармен, заңдық
актілерімен, үкіметаралық келіссөздермен, халықаралық үкіметтік емес
туристік ұйымдардың шешімдерімен реттеліп келеді. Олар;
1)Туризм партиясы. Әлемдік туристік ұйымның бас ассамблеясының 1985
жылғы VI сессиясында мақұлданған;
2)Туризм жөніндегі парламентаралық Гаага декларациясы. Гаага, 10-14
сәуір. 1989 ж.;
3) Шекаралық зонаға кіру мен сонда болу үшін рұқсат берудің тәртібі
туралы инструкция. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1994 жылы
4 сәуірде №92 бұйрықпен бекіткен;
4)Қазақстан Республикасының Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
игілігі туралы заңы. Қазақстан Республикасы президентінің 1994 жылғы 8
шілдедегі №110 –XIII жарлығы;
5)Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы транспорт
туралы заңы. Қазақстан Республикасы президентінің 1994 жылғы 21
қыркүйіктегі №156 —ХШ жарлығы мен бекіткен;
6)Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарьна ережелерді
қолданудың реті туралы инструкция. Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің 1994 жылғы 31 қазандағы №286 бұйрығымен бекітілген;
7)1996 жылғы 21 қазанда қол қойылған Ташкент декларациясы. Ташкентте
Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан республикаларының
президенттері қол қойды;
8) Қазақстан Республикасы президентінің Түркі тілдес мемлекеттер
басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Әлемдік туристік ұйымның
Қазақстан Республикасындағы Ұлы жібек жолы туристік инфрақұрылымын дамыту
жөніндегі жобаларын іске асыру туралы жарлығы. 1997 жыл 30 сәуір № 3 476;
9)Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығын іске асырудың шаралары туралы 1997жылғы 7 шілдедегі
№1067 қаулысы;
10)Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859
Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркі тілдес
мемлекеттердің мәдени мұрасының сабақтаса дамуы, туризмнің инфрақұрылымын
қүру туралы жарлығы;
11)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 тамыздағы № 738
Жібек жолы —Қазақстан ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы туралы
қаулысы;
12)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 28 қазанындағы №1096
Жібек жолъның тарихи орталықтарын қайта жандандыру, туркі тілдес
мемлекеттердің мәдени мұрасының сабақтаса дамуы, туризмнің инфрақұрылымын
құру туралы мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шараларының жоспары
туралы қаулысы;
13)Туризмнің басты кодексі. Әлемдік туристік үйымның Бас
ассамблеясының 1999 жылгы 27 қыркуйек — 1 қазандағы XXX сессиясында
қабылданған;
14)Қазақстан Республикасының виза беру тәртібі туралы инструкциясы.
Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы 11 шілдедегі № 65 және ішкі істер
министрлігінің 2000 жыдғы 11 маусымдағы № 388 бұйрықтарымен бекітілген;
15)Қазақстанның 2000-2003 жылдарда Қазақстанның туристік имиджін
қалыптастыру бойынша іс-шаралардық жоспарын бекіту туралы. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000жылдың 26 қазандағы № 1604 қаулысы;
16)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдын 30 қазандағы№ 1631
Туризм бойынша үйлестіру кеңесін құру турал қаулысы;
17)Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жібек жолы — Қазақстан жыл
сайынғы халықаралық фестивалін Алматы қаласында ұйымдастыру туралы 2000
жылдың 27 қарашасындағы№ 1763 қаулысы;
18)Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің №31 мәжілісі хаттамасының
шешімі;
19)Туристік саланы дамытудың алғашқы кезектегі іс-шарасы туралы.
Казақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 29 желтоқсандағы № 1947
қаулысы;
20)Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың концепциясы.
Казақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 6 наурызындагы № 333
қаулысымен мақұлданған;
21)Қазақстан Республикасындағы туристік іс-әрекет туралы. Қазақстан
Республикасының 2001 жылдың 13 маусымындағы № 211-11 заңы;
22)Туристік іс-әрекетті лицензиялаудың ережесі. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 14 қыркүйегіндегі № 1213 қаулысы
бекіткен.
Қазақстан Республикасы осы кезеңде туризм бойынша төмендегідей
келісімдер жасады:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пакистан Ислам Республикасы үкіметі
арасындағы мәдениет, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы
келісім. Исламабад, 1992 жылдың 24 ақпаны.
2. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы туризм
саласьшдағы ынтымақтастық туралы келісім. Тегеран, 1993 жылдың 20 маусымы.
3. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және жастар ісі жөніндегі
министрлік пен Венгер Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігі
арасындағы туризм саласьшда ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 1994
жылдың 30 наурызы.
4. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және жастар ісі жөніндегі
министрлік пен Египеттің туризм министрлігі арасындағы туризм саласында
ынтымақтастық туралы келісім. Каир, 1995 жылдың 25 мамыры.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы туризм
саласында ынтымақтастық келісім. Алматы, 1995 жылдың 30 тамызы.
6. Қазақстан Республикасы денсаулық, мәдениет және білім министрлігі мен
КХР-сының арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. Пекин,
1998 жылдың 7 мамыры.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрік Республикасының үкіметі
арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. Анкара, 1998
жылдың 15 маусымы.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы арасындағы
келісімшарт. 1999 жылдың 15 қыркүйегі.
9. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және дене тәрбиесі министрлігі мен
Молдова Республикасы туризм, спорт және жастар министрлігі арасындағы
келісім. Алматы, 1992 жылдың 4 қарашасы.
ТМД елдерімен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. 1994 жылдың 23
желтоқсаны.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы үкіметі
арасындағы мәдениет, денсаулық, білім мен ғылым, туризм мен спорт
салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім. Ташкент, 1994 жылдың 10
қаңтары.
Қазақстан Республикасы туризм, спорт және жастар ісі министрлігі мен
Қырғызстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті
араларындағы келісім.Алматы, 1994 жылдың 18 қарашасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы туризм
саласындағы меморандум. Тбилиси, 1996 жылдың 17 қыркүйегі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркіменстан үкіметі арасындағы туризм
саласьндағы ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 1997 жылғы 27 ақпан.
Қазақстан Республикасы білім және мәдениет министрлігі мен Қырғызстан
Республикасы туризм және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасьндағы
туризм, спорт және дене тәрбиесі салаларындағы ьнтымақтастық туралы
келісім. Алматы, 1997 жыл 8 желтоқсан.
16. Қазақстан Республикасы денсаулық, білім және спорт министрлігі мен
Қырғызстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі мемлекеттік
агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы мәжіліс хат. Бішкек, 1999 жыл 19
наурыз. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва Республикасы үкімет
арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 2000 жыл
11 мамыр. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үкіметтері
арасындағы санаториялық-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен
ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 2000 жыл
8 маусым.

2.2. ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің дамуы мәселелерінің
статистикалық мәліметтері.

Статистика жөніндегі агентствоның мәліметтері бойынша 1998 жылы
республикада 430 туристік мекеме қызмет етсе, оның тоғызы - мемлекет
меншігіндегі мекеме, 388-і - жеке меншік және алтауы - шетелдік туристік
агентство. Қазақстандық мекемелер осы кезеңде 80 елдің туристік
фирмаларымен келісімшарт жасасса, 25 алматылық және 5 облыстық турфирма 7
мемлекетке чартерлік авиарейс ұйымдастырған. Соңғы 5 жыл ішінде Қарағанды,
Алматы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы (50%), Астана
қалаларының туристік фирмалары ерекше дамыды. Бұл облыстар мен қалалардың
туристік ұйымдары жылына 88% туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетті.
1998 жылы барлық меншік формасындағы мекемелер 1916,6 млн. теңгеге азық-
түлік сатып, жұмыстар орындаған, қызмет көрсеткен. Оның ішінде мемлекеттік
туристік мекемелер 22,4 млн. теңгеге, жеке меншіктер 1883,9 млн. теңгеге,
шетелдік фирмалар 10, 3 млн. теңгеге жұмыс істеп, қызмет еткен. Туристік іс-
әрекеттен түскен салықтың республика бюджетіне түскен жалпы салықтағы
мелшері 1998 жылы 0,1% (1997 жылы 0,06%) болды. Республикадағы көптеген
туристік мекемелер шағын және орта кәсіпкерлікке жатады. Туристік
мекемелердің 1998 жылғы шаруашылық іс-әрекеті шығынды нәтиже берді. Шағын
мекемелер (50 адамға дейін) 14,5 млн. теңге шығын мөлшерін көрсетсе, орта
мекемелер (51-ден 250 адамға дейін) 3,9 млн. теңгеге шығынмен шықты. Ал
жеке меншік сектордың ірі мекемелері (250-ден көп адам еңбек ететін) 1998
жылдың қорытындысы бойынша 1841 мың теңге кіріспен шықты. 1998 жылдың
қаңтар-желтоқсаны аралығында туристік ме-кемелер 246 мың турист пен
экскурсантқа қызмет көрсетті. Айта кетер ерекше жайт, 1998 жылы
Қазақстанның туристік фирмалары 35 мың шетелдік азаматқа, яғни 1997 жылға
қарағанда 7 мыңға немесе 25%-ға көп қызмет көрсетті. 1998 жылы Қазақстанның
146 мың азаматы жақын және алыс шетелдерге туристік жолдама алған. Осы
кезенде Қазақстандық туристердің ТМД елдеріне шығуы азайған, ал Литваға -2,
3 есе, Өзбекстанға- 3, 8 есе артқан. Қазақстан адамдарының ең көп баратын
ТМД елдері - Ресей мен Қырғызстан, барлық туристің 63%-ы солар. Ал
Қазақстандық туристердің әлемнің басқа елдеріне 1998 жылы барғандары 140
мың адам (1997 жылмен салыстырғанда 14%-ға кем). Қазақстаннан барған 83%
адам Қытайға, Германияға, Түркияға және Біріккен Араб Әмірліктеріне
тиесілі. 1997 жылмен салыстырғанда Қазақстан азаматтаның Австрияға,
Бельгияға, Финляндияға, Венгрияға, Кореяға, Малайзияға, Мальдивыға,
Нидерландыға, Швейцарияға баруы көбейсе, олардың бізге келуі өте аз
мөлшерде. Қазір коммерциялық сапарлар кең өрістеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласының маңызды жетістіктерінің бірі компьютерлендіру болып табылады
Туристік қызметті лицензиялау ережесі
Қазақстандағы іскерлік туризм
Туризмнің мәдениетке әсері
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары
Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары
Халықаралық туризмнің георафиясының әртарапты жағдайы
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру
Пәндер