Бейнелеу өнері және батик



I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ: Бейнелеу өнері және батик
1.1. Бейнелеу өнері және оның тарихы
1.2 Бейнелеу өнерінің түрлері
1.3.Батик техникасының тарихы
1.4. Батик техникасының түрлері, қажетті құралдар мен орындалуы технологиясы
II. ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ: Бейнелеу өнері сабақтарында батикті оқыту жолдары
2.1. Түстану заңдылықтарын көркемдік білім жүйесінде оқыту әдістері
2.2. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
2.3. Менің шығармашылық жұмысым
III. ІС.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. 3.1. Дипломдық жұмыстың жасалу барысы
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени дәстүр қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу-бұл, әрине, оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр,»-деген сөзі тәртібіне қойылған қай мәселенің де оң шешімін табуына мүмкіндік барын айғақтайды.
Мұндай жағдай студенттерді өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыптары мен бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылық дәстүрлерімен арнайы құзыр деңгейін толықтыру қажеттілігін тудырады.
Бейнелеу өнері мен технология пәнін оқу-тәрбие ұштастыра пайдалану мәселесі философиялық, этнопедагогикалық, теориялық, дидактикалық әдебиеттерде қаншалықты көрініс тапқанын тақырыбымызға қатысты талдау барысында кәсіптік оқытуға тән көркем шығармашылық әдіс-тәсілдерді болашақ мамандарды оқытуда қолданудың теориялық-дидактиалық негізінің осы уақытқа дейін нақтыланбағандығы, соған орай шешімін күткен бірнеше қажеттілік, толықтырулар анықталды.
Сондай толықтырудың бірі кәсіптік оқыту педагогының кәсіптік оқытудағы шығармашылық іс-әрекетке оқытуда бейнелеу өнерінің көркем шығармашылық негіздерін тиімді пайдалана білуі болып табылады. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы студенттерді бейнелеу өнері негізінде шығармашылыққа оқытуда білім сапасын арттыруға жол ашады және меңгерген іскерлігі мен қабілетін толық пайдалана білуге дағдыландырады. Бұл тұрғыда бейнелеу өнері өзінің бай тарихы, сан қилы көркемдік ерекшеліктерімен студенттерге мәдени эстетикалық тұрғыда әсер етіп, олардың бойындағы көркем шығармашылықты толықтыра түсуге толығымен қабілетті.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Алексеев С. О колорите.-М.: Изобразительное искусство, 1974.
2. Ағатаев А. Жаңа қазақ педагогикасы- қазіргі өмір талабы. // ¥лағат.- 2004.-№6
3. Аманжолқызы А. Жаңаша оқыту- уақыт талабы. // Ұлағат. 2005
4. Арай Т. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігі.
//Бастауыш мектеп. 2006/8-9
5. Әбжанова Т. Жапсырмалау. // «Мектептегі технология. Технология в школе» № 5.- 2008
6. Әл-Фараби Ғылымдарының шығу туралы. Алматы, «Наука», 1987ж
7. Байжігітов Б. Өнер тарихы мен теориясы. «Ислам әлемі». Алматы. 1999. Бейсенов С, Бейсенова М. Сәндік қолданбалы өнер түрлерін жаңартып, жаңарту - біздің парызымыз. // Бейнелеу өнері жэне сызу.2007.-№3
8. Бөрібекова Ф. Мұғалім іскерлігін қалыптастырудың бір жолы.//¥лағат.-2003/4
9. Дүйсебаев С. Білім мазмұнын қайта қарау керек. // Қазастан мектебі.-№ 2
10. Жеделов Қ. Халық педагогикасымен ұлттық қолөнеріміздің оқытылуы //Басауыш мектеп.-2007.-№27
11. Жұмахан К. Қолөнер материалдарын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері. А, 2008
12. Жүмахан К. Қазақ сәндік - қолданбалы өнер түрлерінің иллюстративтік анықтамасы. А, 2006
13. Виппер Б.Р. Графика введения в историческое изучение искусства. –М.: Изобразительное искусство, 1985.
14. Ежелгі дәуір әдебиеті «Орхон ескерткіштері тексті». Алматы, 2 кітап «Анна тілі», 1991ж.
15. Ефимов А.В. Цвет в Японском школе. //Техническая эстетика,-1978.-№4.
16. Соловев С.П., Астрова Г.Е. Цвет в интерьере общеобразовательных школ. –М.:1973.
17. Қайдаров Ә., Ахтамбердиев З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. –Алматы: Ана тілі, 1992.
18. Қасиманов С., Қазақ халқының қолөнері» Қазақ мемілекет баспасы – 1962
19. "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді тұжырымдамсы". // Қазақ тарихы.- 2004.-№ 1
20. Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, «Рауан», 1999ж.
21. Қасыманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы, 1999ж.
22. М.В. Постнова. Гильоширование. Исскусство выжигание по ткани. 1985.
23. М.О. Синеглазова. Распишем тканль сами. М., Профиздат. 1998.
24. Моника Стоплман, Кэрол Кроу. Ткани и другой текстиль. Норинт. СПб., 2000
25. С.К.Кожахина. Батик. Ярослава Академия развития, 2000.
26. Ситцевый букет. Альбом для раскрашивания. М.Малыш. 1985.
27. Некрасов Б.Б. Учебник общей химии. Москва, «Химия», 1972г
28. Некрасов Б.Б. Учебник общей химии. Москва, «Химия», 1972г.
29. Павлов Б.А. Курс органической химии. Москва, «Химия», 1969г.
30. Павлов Б.А. Курс органической химии. Москва, «Химия», 1969г.
31. Тойлыбаева А. Сәндік қолданбалы өнердің мәні. //
«Мектептегі технология. Технология в школе». № 5.- 2008.-11
32. Уайдин Ч. Қазіргі білім беру жүйесі оның артықшылығы
мен қайшылықтары. // Қазақстан мұғалімі. 2006.- 2 қаңтар.- 6.2.
33. Үршігітова Б. Білім беру үрдісін жетілдірудің қазіргі
таңдағы бағыттары. // бастауыш мектеп. 2005.-№ 9
34. Шоланов Қ.Білім деңгейі бәсекеге лайық па. //
Парасат.2005.-№1.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мәдени
дәстүр қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің
тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу-бұл, әрине, оң процесс...
Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау
жасалып отыр,-деген сөзі тәртібіне қойылған қай мәселенің де оң шешімін
табуына мүмкіндік барын айғақтайды.
Мұндай жағдай студенттерді өз халқының рухани қазынасымен, оның
ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыптары мен бейнелеу өнеріндегі көркем
шығармашылық дәстүрлерімен арнайы құзыр деңгейін толықтыру қажеттілігін
тудырады.
Бейнелеу өнері мен технология пәнін оқу-тәрбие ұштастыра
пайдалану мәселесі философиялық, этнопедагогикалық, теориялық, дидактикалық
әдебиеттерде қаншалықты көрініс тапқанын тақырыбымызға қатысты талдау
барысында кәсіптік оқытуға тән көркем шығармашылық әдіс-тәсілдерді болашақ
мамандарды оқытуда қолданудың теориялық-дидактиалық негізінің осы уақытқа
дейін нақтыланбағандығы, соған орай шешімін күткен бірнеше қажеттілік,
толықтырулар анықталды.
Сондай толықтырудың бірі кәсіптік оқыту педагогының кәсіптік
оқытудағы шығармашылық іс-әрекетке оқытуда бейнелеу өнерінің көркем
шығармашылық негіздерін тиімді пайдалана білуі болып табылады. Бұл
мәселенің нәтижелі жүзеге асуы студенттерді бейнелеу өнері негізінде
шығармашылыққа оқытуда білім сапасын арттыруға жол ашады және меңгерген
іскерлігі мен қабілетін толық пайдалана білуге дағдыландырады. Бұл тұрғыда
бейнелеу өнері өзінің бай тарихы, сан қилы көркемдік ерекшеліктерімен
студенттерге мәдени эстетикалық тұрғыда әсер етіп, олардың бойындағы көркем
шығармашылықты толықтыра түсуге толығымен қабілетті.
Зерттеу объектісі: Бейнелеу өнеріндегі сәндіік қолданбалы өнердің бір
түрі матаны көркемдеп өңдеу (Батик)
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнеріндегі сәндік қолданбалы өнер
Зерттеу мақсаты: Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик
техникасын жетік меңгеру
Зерттеу міндеттері: Бейнелеу өнерін оқытудың әдістесін жетік меңгеру,
білімді қортындылау
Жетекші идея: бейнелеу өнері пәні негізінде болашақ педагогтардың
арнайы құзыр деңгейін нақты белгіленген педагогикалық шарттарды жүзеге
асыру нәтижесінде толықтыруға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу кіріспеден,
үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан
тұрады. Бейнелеу өнерің тарихына, түрлеріне жалпы тоқталып өттім. Сәндік
қолданбалы өнердің бір түрі батик өнеріне тоқталып , шығармашылық жұмыстың
орындалуын баяндап өттім. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың әдістемелерін
маңызын, мазмұнына тоқтала кетім. Сонымен қатар сабақ берудегі мұғалімнің
орынын, міндеттерін айта кетіп, сабақ жоспарын құру үлгісін ұсынып отырмын.

I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ: Бейнелеу өнері және батик

1. Бейнелеу өнері және оның тарихы
Бейнелеу өнері (ағылш. fіguratіve art, франц. art fіguratіf, нем.
bіldendr Kunst) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін
пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме
мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру
және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды
да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы
безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің
де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте
қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде
оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған
Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік
үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-
қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер
түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде
шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз
көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады.
Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-
жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына
сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.
Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс
тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді:
кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын,
көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік
және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары
мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді.
Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй
интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме
ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады.
Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме
ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс
Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж,
натюрморт сияқты жанрлар ортақ. Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен
қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде
болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып,
бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге
бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері,
қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының
әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері
табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия)
үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді
түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған. Ежелгі
дәуір өнерінің ірі орталығы — Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің
аралығы. Б.з.б. 3 — 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар
мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті
өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен
ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы
мұнара-зиккурат, “құдай үйі”, басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді.
Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі — 2 метрлік
қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға
көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер
мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге
жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 — 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған
сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша
билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде
бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей
дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта
болды. Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 — 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен
рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін
бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы
рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен,
шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары
қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ
сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия
патшайымы Семирамида салдырған әйгілі “аспалы бақтар”, қабырғалары
арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға
ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі “Иштар
қақпалары” болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың
соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген
перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды. Ежелгі Мысыр
мәдениетінің классикалық, канондық үлгілері — адам тұлғасының тегістіктегі
мүсіндері, монументальділігімен, сымбаттылығымен, зәулімділігімен таң
қалдыратын Гизадағы пирамидалар, Карнак, Луксордағы ғибадатханалар кешені,
т.б. Ежелгі Мысырдың Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес
болып табылады. Эгей мәдениеті (б.з.б. 3000 — 1200 ж.) Жерорта т-нің шығыс
бөлігінде, Эгей т-нің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Оның негізгі
орталықтары Крит, Киклада аралдары, Микен, Пилос және Тиринф қ-лары болды.
Крит-Микен мәдениетінің маңызды сәулет ескерткіші — әйгілі Кносс сарайы Б.
ө-нің түрлі жанрын бойына тоғыстырған туынды. Бояуға бай, түрлі түсті
суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің
қабырғалары безендірілген. Кносс сарайының фрескалары арасынан
криттіктердің шаруашылық өмірінде, діни және мифологиялық түсініктерінде
маңызды рөл атқарған бұқаның бейнесі (“Акробаттар мен бұқа” фрескасы)
ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның тамаша фрескалары қатарында “Көгілдір киім
киген әйелдер”, “Көк түсті дельфиндер мен түрлі-түсті балықтар”, “Абыз-
балық”, т.б. бар. Микеннің қабырғаға салынған суреттері де криттік бейнелеу
өнерімен ұқсас. Бірақ онда схемашылдық, шарттылық басым. Ежелгі Грекияның
бейнелеу өнері Эгей мәдениетінің бай дәстүрлерін жалғастырды. Ол гомерлік
кезең, ежелгі өнер кезеңі классика және эллинизм кезеңдері болып бөлінеді.
Ежелгі Грекия мәдениеті өзінің даму кезеңін көне грек қала-полистерінің
өркендеген кезінде, құлиеленушілік демократия дәуірінде (б.з.б. 5—4 ғ-
ларда) басынан кешірді. Грек шеберлерінің шығармашылығы мифологиялық
түсініктерге негізделеді. Олар сонымен қатар, болмыс шындығына, дүние-
әлемнің үйлесімділігіне деген терең пайымдарға адамның тәни және рухани
кемелденуі турасындағы идеяларымен де құнды. Әлемнің үйлесімділігінің
өлшемі ретіндегі адам Ежелгі Грекиядағы бейнелеу өнерінің барлық саласына
ортақ сарын. Көне грек мәдениетінің гуманистік бастаулары түрлі
дәуірлердегі Еуропа бейнелеу өнеріне өте ықпалды фактор ретінде әсер етті.
Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар
(куростар) мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың (кор) мүсіндерімен
танымал. Қыш құмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Ежелгі өнерінің
классикалық кезеңінде әлдеқайда шынайылыққа жақын образдар жасалды, адам
мүсіні мен сымбатын сомдау жетіле түсті. Б. з. б. 5 ғ-дың 1-жартысындағы
шеберлер ізденісін Мирон аяқтады. Оның “Афина мен Марсий”, “Дискобол” атты
мүсіндері адам сымбатын аса кемел пластикалық күйде мүсіндеуімен, дене
құрылысы мен оның әр қимыл ерекшеліктерін жетік білгендігімен ерекшеленеді.
Жалпы адам бейнесін жасауға деген қызығушылық портрет жанрының дамуына
ықпал етті. Кереғар болмыс қайшылықтары мен адамның идеалды, рухани және
тәни әрекет-ұмтылыстарын мүсіншілер Скопас (“Менеда”, “Бозбаланың қабірі”),
Пракситель (“Книдтық Афродитас”, “Демалыс кезіндегі қуақы”), Лисипп
(“Апоксимен”, “Демалыс үстіндегі Гермес”), т.б. түрлі қырынан бейнеледі.
Эллиндік кезең грек мәдениетінің таралу өрісінің кеңейуімен сипатталады.
Бұл кезеңнің ең әйгілі туындылары — “Самофракийлік Нике”, “Пергам
мехрабының фризі”, “Милостық Венера”, “Лаокоон”. Б. з. б. 1 ғ-дың соңынан
бастау алатын Ежелгі Римнің бейнелеу өнері— ежелгі заман мәдениетінің ірі
ошақтарының бірі. Ол этрусс мәдениетінің негізінде қалыптасты. Этрусс
мәдениетінің таңдаулы хрестоматиялық шығармалары қатарына өлген адамның
мүсіні бейнеленген саркофак-құлыптастар, Римнің негізін қалаған Ромул мен
Ремді асыраушы Капитолий қаншығының мүсіні жатады. Рим өнеріндегі жетекші
орынды портрет жанры алды. Оның пайда болуы да жерлеу рәсімімен байланысты.
Марқұмның бетбейнесін балауызға түсіріп, оны құдайлар мүсіндерімен бірге
үйде сақтау салты портреттің және қайтыс болған адамның кескін-келбетін дәл
көшірудің қатаң дәстүрінің қалыптасуына себепші болды. Әсіресе, әйгілі
адамдардың дәлме-дәл жасалған портреттері сақталған (б.з.б. 1 ғ-дағы
Августің статуясы, император Вителлийдің портреті, т.б.). Ежелгі Римдегі Б.
ө-нің дамыған саласы қабырғаға аса нәзік шеберлікпен салынған мозаикалар
(мыс., Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы бейнеленген
мозаика) болып табылады. Ежелгі дәуірдің бейнелеу өнерінде Солт. Қара теңіз
жағалауының мәдениеті, Урарту мемлекетінің, Үндістанның, Қытайдың, Орталық
Азия мемлекеттерінің мәдениеттері секілді ірі мәдениет ошақтары болды.
Соғда, Бактрияның, кейін Ахемендер патшалығының бейнелеу өнері сақтардың
“жануарлық стилінің” ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей
дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия
патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы
байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті. Бейнелеу өнерінің
ғажайып ескерткіштері Үндістанда б.з.б. 4-мыңжылдықтан б.з.б. 5 ғ-ға дейін
жасалды. Үндістан өнері көне дүниенің түрлі мәдениеттерімен тығыз
байланысты болды. Одан, сондай-ақ, Орталық Азия мәдениетінің де ықпалы
байқалады. Ежелгі Үндістан мәдениетінің орталығы Синдтағы Мохенджо-Даро мен
Пенджабтағы Хараппа елді мекендері болды. Ойылып бейнеленген абыз бен еркін
де ырғақты қимыл-қозғалыс үстіндегі биші қыз, үшкелбетті құдай, киелі
саналған жануарлар — бұғы, буйвол, мүйізтұмсық, піл, т.б. мүсіндері жасалу
шеберлігімен, пластикалылығымен, санқилылығымен ерекшеленеді. Үндістан
мәдениетінің келесі кезеңі бүкіл Ганга жазығына билік жүргізген Магадха
мемлекетінде өріс алды. Бұнда брахманизм идеологиясы үстемдік етіп тұрды.
Үндістанның бейнелеу өнерінде мыңжылдықтар бойына Брама (жаратушы), Вишну
(қорғаушы), Шива (қиратушы) және Индра (патша билігін қолдаушы) бейнелері,
түрлі рухтар мен данышпандардың мүсіндері тұрақты кейіпкерлерге айналды.
Үндістан өнеріндегі бай, пластикалық, өмірлік күш-қуат пен динамикаға толы
образдар Үндістанның мифтері мен аңыздары арқылы дүниенің сұлулығы мен
адамға арналған мадақ ретінде қызмет етті. Үндістанда б.з.б. 3 ғ-да Ашок
патша тұсында кең таралған буддизм мүсіндік рельефтермен безендірілген
ғибадатханалардың, мемориалдық құрылыстардың салынуына себепші болды. Аса
көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі — Аджанта ғибадатханалары.
Вагхора өз-нің сұлу алқабындағы жартастардан қашалған Аджанта
ғибадатханаларының (барлығы 29 үңгір) қасбеттері мүсіндермен безендірілген.
Будданың сансыз көп мүсіндері қабырғалардың етегіне жағалай тізіліп,
олардың арасы оюлармен және Будданың шәкірттері мен серіктерінің
бейнелерімен бедерленген. Құжыралардың іші түгелдей монументальді ою-
өрнектер мен жазбаларға толы. Аджанта сұңғаты мен мүсіндерінің сән-
салтанаты қайран қалдырады. Адамзат мәдениетінің ең бір ежелгі ошақтарының
бірі — Ежелгі Қытай өнері (б.з.б. 3 ғ-ға дейін). Бұл дәуірдегі өнердің
дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар,
билеушілер сарайларының құрылысы, т.б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі
рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден
көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері,
қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген
қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты
қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі —
б.з.б. 11 — 3 ғ-лардағы Чжоу дәуірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған діни-
филос. ілімдер — конфуцийлық пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне
ықпал етті. Осы кезеңде қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты,
аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың
безендірілу үлгілері күрделене түсті, қытай бейнелеу өнері үшін классикалық
стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы
Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің (б.з.б. 221 — 207)
өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше
түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар
мен жүйрік қиял астасып жатыр. Ортағасырлық бейнелеу өнері деп, әдетте,
Батыс және Орталық Еуропа елдері өнерінің ерте және кемелденген кезеңін,
Византия мен Ежелгі Ресей өнерін (17 ғ-ға дейінгі) атайды. Ал Қытай,
Жапония, Үндістан, Индонезия, Орталық Азия елдерінде өнердің ортағасырлық
үлгісі әлдеқайда ұзағырақ сақталды (19 ғ-дың 2-жартысына дейін). Орта
ғасырлардағы Б. ө-нің дамуында ұлттық ерекшелік ерекше рөл атқарды. Олар
кейінен бірегей ұлттық көркемөнер мектептерінің қалыптасуына негіз болды.
Бұл кезең өнерінің ортақ ерекшелігі оның дінмен байланысының күшеюі болды.
Адам сезімдерінің, уайымы мен ойының күрделілігі бейнелеу өнерінде діни
идеялар, діни аңыздар мен хикаялардағы образдар, діни-этикалық нормалар
арқылы көрініс тапты. Ортағасырлық батысқа да, шығысқа да руханилықтың
заттық болмыстан биіктігін дәріптеу тән. Батыс Еуропа, Византия, Русь,
Кавказ, Балканның ортағасырлық өнеріндегі рельефтер, фрескалар, мүсіндер,
мозаикалар, шіркеу икондары — барлығы христиандық түсініктің күллі
қағидалары мен аңыздарын (адамның жаратылуы, күнә жасауы, бүкіләлемдік су
апаты, Ғайса пайғамбар тарихы, ақырзаман және қиямет қайым, т.б.) қамтыды.
Оларға күнделікті тіршілік сарындары аралас бейнеленген. Тарихи сюжеттерге
арналған миниатюра жанры дамыды. Бұл кезең өнеріне ашық бояулардың батыл
қолданылуы, контур сызықтардың айқындығы, көбінесе алтынмен әрленген
салтанатты фон тән. Ортағасырлық Үндістан, Индонезия, Қытай, Камбоджа
ғибадатханалары, Түркия мен Орта Шығыстың мешіттері еуропалық
ғибадатханалардан кем түспейді. Айтылмыш кезеңде Месопатамия, Иран,
Үндістан, Орта Азия, Әзербайжан, Түркияда миниатюра жанры қарқынды дамыды,
хұснихат жазу өнері шеберліктің биігіне жетті. Шығыстық миниатюраға нәзік
те ашық бояу, ою-өрнектің әсемдігі, өмірлік тәжірибеден туған
пайымдаулардың айқындылығы, терең діни-философиялық тұспалдау тән. Түрік
миниатюрасының өзіндік стилін Сефи, Жәми, Нақши Ахмед, Мұстафа Шелеби
секілді шеберлер қалыптастырды. Қолөнер түрлері — өрнекті кілемдер, мата
тоқу, металдан жасалған ою-өрнекті бұйымдар жасау, қыш құю, ойылып, шекіліп
өрнектелген қару-жарақтар жасау өнері қарқын алды. Шираз, Тебриз, Бағдад,
Самарқан, т.б. орталықтарда миниатюраның бірегей мектептері пайда болды (12
— 15 ғ.). Орта Шығыс миниатюрасының даму шыңы Герат мектебінің өкілі К.
Бехзадтың шығарм-нан көрініс тапты. Қиыршығыс бейнелеу өнеріндегі тушьпен,
акварельмен, гуашьпен жібек және қағаз орамаларға сурет салу өнері
поэтикалылығымен, адам мен табиғатты бейнелеудегі байқампаздығымен,
таңғаларлықтай нәзік бейнелеу әдіс-құралдарымен Қытайда, Кореяда, Жапонияда
үлкен жетістіктерге жетті. Жапон өнерінің кемелдікке жеткен саласының бірі
ағашқа гравюра салу — ксилография болды. Классикалық жапон гравюра өнерінің
майталман шеберлері — Китагава Утамаро, Кацусика Хокусай, Андо Хиросигэ,
Сидзуки Харунобу және басқалар. Қайта өркендеу — Ренессанс дәуірінің
бейнелеу өнері күрт, қуатты өрлеуімен, жаңалықтар спектрінің
ауқымдылығымен, жанр түрлерінің, көрнекті шығарм. тұлғалардың молдығымен
белгілі. Әлемдік бейнелеу өнері тарихындағы бұл дәуір Батыс, Орталық және
Шығыс Еуропаның көптеген елдерін қамтып, негізінде Ежелгі Грекияның мәдени
мұраларына қайта назар аудару, оның гуманистік мұраттарын өзінше қайта
жаңғырту үрдісі жатқан зайырлы сипатымен ерекшеленеді. Суретшілер,
мүсіншілер, миниатюрашылар шабытының қайнары болған бейнелеу өнерінің
реалистік түрі, шынайы өмір бейнесі — Ренессанс дәуірінің негізгі
ерекшелігі. Қайта өркендеу дәуірінің бейнелеу өнеріне адам мен әлемді терең
тануға ұмтылу, адам ақыл-ойының күші мен мүмкіндіктеріне деген сенім тән.
Жасампаздықтың, сұлулық пен шынайы болмыс үйлесімінің ұйтқысы ретіндегі
адамның биік бейнесі, табиғаттың объективті заңдылықтарын меңгеру Қайта
өркендеу өнеріне бөлекше мағына мен тұтастық дарытты. Еуропалық Қайта
өркендеу өнерінің классикалық үлгісі Италия өнері болып табылады (13 — 16 ғ-
лар). Ол ерте, жоғары және кейінгі Қайта өркендеу болып, үш кезеңге
бөлінеді. Ерте Қайта өркендеуге тән ерекшелік — бейнелеу өнерінің
жергілікті флоренциялық, венециялық, умбрийлық, феррарлық, т.б. көркемсурет
мектептері аясында дамуы. Оның ең көрнекті өкілдері — Мазаччо, Андреа дель
Кастаньо, А. Мантенья, А. де Мессина, Фра Анжелико, Филиппо Липпи, Сандро
Боттичелли және т.б. Жоғары Қайта өркендеу дәуірінің өнеріне адамды әлемнің
үйлесімді құрылымның өлшемі санаған кемел классикалық, идеалды-асқақ
бейнелердің сомдалуы тән.
Көрнекті суреткерлер шығарм. бұл кезең өнеріне ерекше кең тыныс, жан-
жақтылық сипат береді. Леонардо да Винчидің картиналарындағы психологизм
мен биязы да көтеріңкі леп, Микеланджело Буонаротти сомдаған бейнелердегі
драматизм мен қаһармандық рух, Рафаэль де Санти туындыларындағы асқақ
үйлесім, Джорджоне мен Тициан кескіндемелеріндегі нәзік сезімталдық және
бояулар үндестігі — осыған дәлел. Кейінгі Қайта өркендеу дәуірінде Тициан,
Микеланджело, Тинтореттолар шығарм. ізденістерін одан әрі дамыта түсті.
Өнерде адам мен табиғат арасындағы күрделі байланыс пен қоғамдық
қатынастарға терең мән, шиеленіскен драматизм жүктеу үрдісі күшейді. Солт.
және Орт. Еуропа елдерінде Қайта өркендеу дәуірі хронологиялық жағынан ғана
емес, сондай-ақ, түр, идеалық мазмұн тұрғысынан да бір-бірінен
ерекшеленеді. Солтүстік Қайта Өркендеуі аталған Нидерланд, Германия,
Франция бейнелеу өнері готикамен туыстас белгілерімен, белгілі бір ортаның,
адам және оның іс-әрекеті, еңбегі, өмір салтының нақты белгілеріне ден
қоюымен ерекше. Франция мен Нидерландттың жаңа реалистік өнерінің
бастаулары 14—15 ғ-лар шегінде Бургундияда пайда болды. Бұл кезеңнің
белгілі туындылары — ағайынды Лимбургтардың миниатюралары.
Неміс қайта өркендеуінің ірі шебері Альбрехт Дюрер (15—16 ғ-лар шегі)
болып табылады. 15 ғ-дағы Нидерланд кескіндеме мектебі (мехрабтық картина,
портреттер, миниатюра) солт.-еуропалық көркемсурет мектептері арасындағы ең
бір ықпалдысы болды. Бұл мектептің ірі өкілдері — Я. ван Эйк, Хуго ван дер
Гус, Рогир ван дер Вейден. 15 — 16 ғ-лар шегінде салынған сатиралық-
ғақлиялық, символдың-мистикалық мазмұндағы Х. Босхтың картиналары белгілі.
17—18 ғ-ларда Еуропа Б. ө-нің даму процесі күрделенді. Францияда ( Ф. де ла
Тур, Н. Пуссен, А. Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.О. Фрагонар), Италияда (М.
Караваджо, Б. Тьеполо, Дж. Креспи, Ф. Тварди), Испанияда (Эль Греко, Д.
Веласкес, Ф. Сурбаран, Б. Мурильо, Ф. Гойя), Фландрияда (П.П. Рубенс, Я.
Йорданс, А. ван Дейк, Ф. Снейдерс), Голландияда (Ф. Хальс, Рембрандт, Я.
Вермеер), Ұлыбританияда (Дж. Рейнольдс, Т. Гейнсборо, У. Хогарт), Ресейде
(Ф.С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский) ұлттық мектептер
қалыптаса бастады. Жанрлар жүйесі нақтыланды. Стильдік белгілері ортақ
түрлі көркемдік жүйелер қалыптасты (тұйықталмаған, спиралды, композициялық,
динамикалы барокко, қанық суретті, айқын сызықты классицизм, нәзік бояулы
сұлу мүсінді, ойнақы табиғатты рококо). 19 ғ-да Америка мен Азия Б. ө-нің
ұлттық мектептері қалыптаса бастады. Бұл аймақта реалистік тәжірибе
жергілікті көне дәстүрлермен өріле дамып, ерекше өзіндік сипат алды
(Үндістан, Жапон, Қытай). Сондай-ақ, еуропалық Б. ө-нің түрленіп дамуына
қиыр шығыс елдері, Африка халықтарының алғашқы және көне дәуірдегі
өнерлерінің ықпалы болды. Осы кезеңде бейнелеу өнерінде академизм,
натурализм, т.б. бағыттар пайда болды (Францияда — Т. Жерико, Э. Делакруа,
Германияда — К. Д. Фридрих, Ресейде — О.Кипренский, С.Шедрин, К. Брюллов,
А. Иванов).
Барбизон мектебінің шеберлері ақиқат нәрсені көріп-тану арқылы өмірдің
шынайы бейнесін беруге зейін қойды: (Ұлыбританияда Дж. Конетебл, Францияда
О. Домье, Ресейде А.Г. Венецианов, П. Федотов). 19 ғ-да француз Б. ө-нде
әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм
пайда болды (Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега).
19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда
болып, бейнелеу өнерінің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті.
Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің
постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П.
Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм (
М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П.
Мондриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангарттық бағыттары дамыды. 20 ғ-да
адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді барлық қырынан көрсетуге
ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді.
1910—13 ж. кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде
абстрактілі өнер (затсыздық) белең алды.Б. ө-ндегі түрлі бағыттар негізінде
“Стиль” және “Баухауз” тобы, Н.Габоның скульптуралық композициясы, О.
Цадкин шығармалары, В. Е. Ташлин конструкциясы, америкалық абстракты
экспроссионизм мектебі (Дж. Поллок, М. Тоби), ағылшын мүсіншісі Г. Мура,
неміс хеппингін қалыптастырушы Г. Юккер, жапон абстракцияшы И. Ногуги, т.б.
танымал болды. 20 ғ-дың 2-жартысы мен соңында Б. ө-нде концептуалдылық,
кинотекалық өнер, перформанс өнері, трансаванград ағымы, т.б. пайда болды.
Осындай түрлі бағыттар арнасында Д. Джадд, Дан Асаль — Рози, К. Андре, Д.
Смит, А. Лоран, Э. Уорхолл, Христо, Д. Боровский, Я. Куосама, А. Кифер, Ф.
Клементе, Нам Джун Пэйк және т.б. ірі өнер шеберлерінің шығармалары өмірге
келді. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасқан
бейнелеу өнері— бай әлемдік көркем мәдениетінің аса арналы саласы. Көне
дәуірден Еуроазия мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған Қазақстанның бейнелеу
өнерінің әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар. Қазақстанның бейнелеу
өнерінің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының
көшпелілік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен
тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері бастауын палеолит және энеолит
дәуірінен алады.
Алғашқы қауымдық мәдениетке саздан жасалған ыдыстардағы суреттер, т.б.
жатады. Қазақстандағы бейнелу өнерінің келесі даму кезеңі — қола дәуірі.
Өзінің мифологиялық мазмұн-сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше
қуатымен көрінген кешенді таңбалы тастар — Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс
алқабы, Орталық Қазақстан ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен
жеткен Б. ө-нің мұрасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің
кешеніндегі (б. з. б. 5 — 4, 4 — 3 ғ-лар) бүгінге дейін сақталып жеткен
“Алтын адам” соның ең бір көрнекті үлгісі. Қазақстанның орта ғасырлардағы
өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен,
түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің
дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлыптастар да осы кезеңнің туындылары.
Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының
көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде,
белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас
бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің
құрылысынан өз көрінісін тапқан. 18 — 19 ғ-лар мен 20 ғ-дың басында қазақ
халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз
туындыларында (Т. Аткинсон, Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т.
Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі.
Қазақтың дарынды ұлдарының бірі Ш. Уәлихановтың суреттері 19 ғ-дың 2-
жартысындағы графикалық туындылардың Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілері
болып саналады. 20 ғ-дың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін,
графика жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар — Ә. Қастеев,
Ә.Ысмайылов, Х.Наурызбаев, т.б.
Ұлттық кәсіби бейнелеу өнері алғаш еуропалық көркемдік дәстүр
арнасында дамығанмен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр
негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен
көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев
сияқты дарынды өнер шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің
барлық қырын қамтыған қазақ бейнелеу өнері— қазіргі таңда ірі өнер саласына
айналған. 20 ғ-дың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы
ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар,
түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов,
Е. Төлепбай, А. Ақанаев, А. Сыдыхан, Т.Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов,
т.б. жемісті еңбек етті.
Қазіргі кезеңде қазақ бейнелеу өнері мәдени ескерткіштер, халық
тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың
ізденістерге бару. Адамзат мәдениетінің арналы саласы ретінде қазақ
өнерінің әлемдік бейнелеу өнерінде өзіндік орны бар.

1.2 Бейнелеу өнерінің түрлері
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен
мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал
біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи,
Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер
иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз
халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін,
оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді
түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса
керек. 
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің
методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның
түрлері және жанрларымен танысқан жөн. ХІХ ғасырға дейін архитектура
(сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің
басты бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір
түрі – графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден
өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта
өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Архитектура әрқашан да пластикалық өнерлердің ішінде ең бастысы болып
келді. Ол дәуір идеясын мейлінше күшті білдірді және өз заманының басқа
бейнелеу өнерлерінің – скульптура мен живописьтің стилін анықтап отырды.
Мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер: египеттік пирамидалар немесе американ
үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін жетті. 
Сонымен бірге бізге архитектураны өнер ретінде қабылдай көбіне қиын.
Біріншіден, оның скульптуралар мен картиналардан айырмашылығы өте көп – ол
ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, архитектурамен
біз күн сайын және сағат сайын ұшырасамыз – архитектуралық ғимараттарда
өмір сүреміз, оқимыз және жұмыс істейміз, барлық уақытта архитектура
арасында жүреміз де оны біздің өміріміз өтетін үйреншікті, табиғи дерлік
орта ретінде қабылдаймыз. Музыканы біз қалаған уақытта тыңдаймыз: киноға
немесе музейге керегінде барамыз. Ал архитектура онымен өнер ретінде қарым-
қатынас жасауға бізде қажеттілік бар ма немесе жоқ па – оған қарамастан
бізді үнемі қоршап тұрады. Архитектура – бұл адам қызметінің ерекше түрі,
мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік бірге өрілген.
Және де архитектура тікелей ештеңені бейнелемегенімен және
суреттемегенімен, ол, бәлкім, бейнелеу өнерінің барлық түлерінің ішінде
мейлінше әсерлі, біздің сезімімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер
болып табылады. Дарынды архитектор жасаған әрбір құрылыста, әрбір ғимаратта
өзіндік бет-бейне бар, оған ерекше көңіл күй берілген.
Мүсін өнері – бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын
өнер: ол шынында да адамдарды, хайуандарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның
архитектурамен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы – аумақты форма
және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан – ағаштан, тастан,
металдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт
және көп еңбек, әсіресе скульптураны тастан шапқан кезе, тіпті жай дене
күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты, ұзақ сақталады,
сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды
басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Неферититидің басы сияқты,
күні бүгінге дейін біздерді толғандырып, тамсандырып келеді. 
Скульптураның әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе живописьпен
салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе
алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен –
олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен, қимылымен,
материалмен, фактурамен білдірілуі тиіс.
Кескіндеме. Кескіндеме дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык,
бетінде орындалатын көркем шығарма. 
Живопись атауы орыстың живой писать деген сөзінен алынған, яғни
көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген
мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып
табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б.
салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера,
майлы бояу, пастель, сангина және т. б. 
Кескіндеме — бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға
салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы
кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен
— темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган ЖИВОПИСЬ болады. Тіпті аздап
боялған суретке (пастель) ауысатын КЕСКІНДЕМЕ бар, жартылай гравюра
КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар.
Жанрлар. Живопиь – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі,
онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің
ұшы-қиырсыз осы саласына көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды
таңдап алады. Біреулер портреттер жазғанды ұнатса, екіншілері пейзаждарды,
үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.
Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөлінуі деп аталады. Жанр сөзі
француздың түр немесе тек сөзінен шыққан. Живописьте мынадай жанрлар
бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету
керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар
деп аталады.
Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу.
Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде
(VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық
живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін
Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX
ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа
да көптеген суретшілер).
Пейзаж – қайсыбір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адым
өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді.
Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген,
мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір
өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше
бейнеледі.XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі
дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын
іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз – сауда мен жұмыс орны,
тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік.
Айвазовский жұмыстарында теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш,
мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап
қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де – осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты
стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем
стихияда деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға,
басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін
береді.
Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам
уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы
мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз
бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның
жаны портретке көшеді екен деп есептеді.
Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да
рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш,
қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. 
Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы.
Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт.
Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын,
қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз
суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.
Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынасын
көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі
бейнелейтін картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы
замандардан өз бастауын алады – жартастар мен үңгірлерден алғашқы қауым
адамның аң аулау сәтін және басқа да іс-әрекет түрлерін бейнелеген суреттер
көптеп табылуда. Ежелгі Египет, Греция мен Рим заманына қабырғаға салынған
живописьтің тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.
Бірақ станоктық тақырыптық картина (яғни архитектурамен
байланысты емес картина) тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс
алды. Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекетті көрсетеді: оған көз тастай
отырып, бейнелеген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын
көрермен ойша сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай, холсты
түсіндіру үшін екіншісінің қажеті жоқ.
Натюрморт та, пейзаж да, портреттер де тақырыптық композицияның
құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп
көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан: ол тым үлкен және өте
кішкентай болуы, сан қилы техникалық құралдармен жасалуы, аса ұлы әлемдік
оқиғалар туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі
мүмкін.
Графика.Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан
шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде
кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен
карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар
– осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл
байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін
таңдап алады. 
Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық
үстінде бейнелеу орын алады. 
График,живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге,
сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит
бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль
атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне
айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара
қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде
түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік
дәрежеде ғана болып қалады. 
Ең сараң графика – заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет
бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін,
қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және
сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап
жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді.
Форманы пішіндеуге, жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың
фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.
Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен
жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына жасалған ишара
ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді.
Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден
айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-
ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше
тақталардан басылады.
Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі – литография да
көбейеді. Бұл – бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып
шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.
Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес,
бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын
саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша
жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.
Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады.
Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын
ұшырасамыз.
Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың
жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және
скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол
беріледі. 
Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапарларға ие, өзінің әдемілігімен
біздің көзімізді қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл
өнер өзінің табиғаты жағынан архитектурамен туыстас: онда пайда мен әсемдік
бірігіп жатады. Қолданбалы өнер халық творчествосымен ерекше тығыз
байланысты. Мұндай өнер туындыларына мебель, кілемдер, ыдыс-аяқтар, үй-іші
тұрмысында қолданылатын басқа да тұрмыстық заттар және ойыншықтар жатады.
Қазіргі заманғы суретшілер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта
өткізіп, творчестволықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдарға –
пластиктерге, резеңкеге бейімдейді. Резеңке ойыншықтарда да форма барынша
жалпыланған, бірақ өзінің фактурасы ерекше – жұмсақ, жылтыр болып келеді.
Ал оның үрлеген кезде жалпақ нәрседен аумақты нәрсеге айналуының, әдеттегі
табақшадан таныс аңның томпақ формасына ауысуының өзі неге тұрады.
Дизайн мейлінше сан алуан машиналарды безендірумен, оның өзінде де
жасанды жолмен ойластырылған безендірумен емес, олардың конструкциясымен
және атқаратын қызметімен логикалық сабақтастықта безендірумен айналысады.
Заттың техникалық жетістіктері мен атқаратын қызметін баса көрсететін
сыртқы сұлулыққа инженер-конструктор мен суретшілер мен дизайнерлердің
бірлескен төзімді еңбегімен қол жетеді. Мысалы, қазіргі заманғы самолеттің
немесе автомобильдің тамаша формасын жасау үшін оның техникалық құрылысын
ғана емес, сонымен бірге осы машина дамуының тарихи жолдарында да терең
зерттеу қажет. Сырт келбетімен жайлылықты, қуаттылықты және жүріс
жылдамдығын білдіретін қазіргі заманғы автомобильдердің формалары да осылай
жасалған.

1.3.Батик техникасының тарихы
Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет
дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін  малайзиялықтар заттарын
алып келіп аралда, ағаштын қабығына, өрнектерді жабайы аралардың
балқытылған балауызы арқасында, өсімдік бояғыш заттармен қалған орындарды
содан соң бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі  –
балқытылған балауызбен сурет түсіру – сол жұмыстың сәндеуге де қолдана
бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық
түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге
болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында – ежелгі әдістердің бірі
матаны әрлеудің негізі каланды. Ежелгі матаны әрдеудің әдісінің тәсілі –
Батик.  Батик сөзі Яван тілінен аударғанда ыстық балауызбен сурет салу
деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің арқасында Горячий батик техникасының
атауы шығады. Горячии батик техникасы жеткілікті күрделі  және көп еңбекті
қажет етеді, сондықтан да қысқа тоқталып жатырмыз. Рамаға керілген матаға
балауызды пайдалана отырып, әртүрлі өрнек элементтерін саламыз. Балауыздың
толық кебуінен кейін ашық қалған жерлерді түрлі түсті бояулармен бояп
шығамыз. Осы әдісті бірнеше рет қайталауға болады түстердің қалай шығуына
байланысты. Соңғы рет матаны кептіргеннен кейін  үтіктің көмегімен
балауызды алып тастаймыз. Бүгінде балауыздың жағылуына пайда болған жаңа
тәсілдердің арқасында  Горячии батик көп еңбекті кемірек қажет ететін
болды. Сонда да бұрынғысынша жоғары көркем дік түрінде қалды.
Көп ғасырлар бұрын Қытай сүретшілері жібек маталарда әуедегі
пейзаждарды таң қалатын сұлулықтарды жасау, ерекше гүлдердің суретін салды,
бамбук, ағаштар, тұрмыс сахнасының суретін салды. Кейбір сүретшілер өз
жұмыстарында  тек қана тушьты қолданды. IX ғасырда жаңа көркем стилі пайда
болды. Оны сыншылар  бояу декоративтігі деп атады. Түстері керемет корінеді
сызықтың азар жақын бояумен көрінетінін ашық түспен жасалғанын тушь пен
қылқаламның кең қозғалыстармен  қолданылғанын көруге болады. Азат көркем
стилі Қытайда кең тарады және сондай биік белесті бағындырды. ХII соңында
академиялық стиль атағына ие болды. Шебер қолындағы қылқалам жібек бетімен
азат сырғанады немесе қағаздың бетінде. Мүмкін сондықтан болар қазіргі
заманғы жазу қандай да бір резервтің қолнануынсыз еркін жазу деп аталады(7-
18).
XX ғасырдың басында  Ресейде жылытуды қажет етпейтің резерв құрамын
ойлап тапты. Осының арқасында біздің елімізді Холодный батиктің отаны
болды. Мен жиірек мына техникада жұмыс істеймін азат жазумен оны біріктіре 
отырып,  сол себепті оның арқасында керемет жасап шығаруға болатынын айта
кеткенім жөн.
Батик  ( Индонез әріптерінен маталарға тамшы )-  матада жасалатын ерекше
техника (сонымен қатар қолымен сәнденген матаның өзін де батик  деп
атайды). Орындалу техникасы сурет үйлестіруінде негізі салынған.
Батик Индонезия халықтарында баяғыдан белгілі (әсіресе Ява аралында,
біздің I ғасырда.), Индияда, содан соң Шумермен ертедегіде, Жапонияда,
Перуде, Батыстағы және Орталық Африкада, және  кешірек (XVIII ғ)- Европада,
Ресейде 1930 жылдарға қарай көрінді.
Өз уақыты бойынша батик пайда болуы мен дамуы, әртүрлі елдермен
саяхатта және суретшіден суретшіге ұрпақтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батик өнері арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру
Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі
Батик өнерін үйрету әдістемесі
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу
Батиктің негізгі түрлері, орындалу әдістері мен оған қажетті материалдар
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу әдісі
Батик – мата бетіне сурет салу
Ыстық батик
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Аэрографиямен матаны бояу
Пәндер