Мемлекеттік бюджеттің құрылуының жалпы сипаты



1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1.1 Бюджет түсінігі. Бюджеттің ерекше арналымы
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы
1.3 Бюджет балансы. Бюджет артықшылығы және тапшылығы
2 ҚР БЮДЖЕТТІ ТҰРАҚТАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ 2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттің құрылуы және бюджетаралық реттеу
2.2 Республикалық бюджетті тұрақтандырудағы фискалдық саясаттың қалыптастыру бағыттары
3 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ БАҚЫЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ



Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек. Еліміз қайта құру кезінен бастап жиырма бірінші ғасырдың басына дейін толық ауқымды төңкерісті анықтайтындай кезеңдерді бастан өткерді. Төңкеріс кезіндегі ең негізгі ерекшелік: «ойын ережесін» нық ұстап тұруға шамасы келмеген және әрбір мезетте әлеуметтік күштің ығысына қарай жығылатын мемлекеттік билік болып табылады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылык қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ышыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу аркылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптасуын іске асыруы болып табылады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - ортатандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономика қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзат
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 жыл
2) Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» – А: Экономика, 2000.
3) www. googe. Kz
4) Ақша. Қаржы және несие. Оқу құралы. – Қарағанды: Болашақ, 2002
5) Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/Под ред. Е.Ф. Жукова. – М:Банки и биржи. ЮНИТИ. 1999.
6) Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001.
7) С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. «Экономикалық теория». Оқу құралы – Астана 2002
8) Доғалова Г.Н. «Халықаралық экономика» А: Экономика,2003
9) Құлжабаева Ж.О. «Халықаралық қатынастар» А: Экономика, 2001
10) Б. Көменова «Валюта қатынастары» А: Экономика, 2001
11) Ө.Қ.Шеденов «Жалпы экономикалық теория» А: Экономика, 2001
12) Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова «Макроэкономика» А: Экономика,2002
13) Долан Э.Дж. «Макроэкономика» С.-Петербург, 1994
14) Гальперин В.М., Гребенников П.И., Мусский А.И., Тарасевич Л.С. Вводный курс по экономической теории.- М.: Инфра-М., 1997.
15) Мамыров Н.К., Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Изд-во Экономика, 2003
16) Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стенли Л.Брю. Экономикс: принципы, проблемы и политика.- М., 1996.
17) Фишер С. Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1993
18) Пол А. Самюэлсон, Вильям Д. Нордхауз. Макроэкономика. – М.: Основы, 1995.
19) Агапова М.И. Макроэкономика. – СПб., 1997
20) Линдвуд О., Гайер Т. Макроэкономическая теория и переходная экономика. М: ИНФРА, 1996
21) Козырев В.М. Основы современной экономики.- М.: Финансы и статистика, 1998
22) Стратегия инвестиционно-инновационного развития Республики
Казахстан на 2003-2015 гг.
23) Кривко Н. Об инфляционных процессах в условиях переходной экономики в Казахстане. // Экономика и статистика, 2001, №1, б.10
24) Велямов Т., Мурсалимова Т. Источники и природа казахстанской инфляции. // Экономика и статистика, 2002, №1.
25) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Әлемнің 50 бәсекеқабілетті елдерінің қатарына ену». // Казахстанская правда, 2 наурыз 2006 жыл.
26) Статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. / Под ред. Абдиева К.С. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2005г, 598с.
27) Статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. / Под ред. Абдиева К.С. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2007г, 495с.
28) Статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. / Под ред. Абдиева К.С. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2006г, 483с.
29) Финансы в стратегии роста. // Казахстанская правда,№93-94, 20 апреля, 2006г
30) 2006-2008 жылдарға ҚР Үкіметінің бағдарламасы // Казахстанская правда, 1 сәуір 2006 ж
31) Қазақстан Республикасының «Ұлттық банк туралы» Заңы 31.08.1995 (түзетілген 2006 жылдың желтоқсан айы)
32) Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2006 года N 141 «О Заявлении Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан об основных направлениях экономической и социальной политики и прогнозе экономических показателей на 2006 год»// "Казахстанская правда" от 4 марта 2006 г. N 49-50 (25020-25021)
33) Распоряжение Премьер-министра Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года № 379-р «О Плане мероприятий по регулированию инфляционных процессов в Республике Казахстан на 2005-2006 годы». Электронная справочная система «Юрист»
34) Макконнелл К., Брю С.Экономикс. Т1. М.: Изд-во МГУ, 1992
35) Мамедов О.Ю. Современная экономика.- М..: Феникс, 1996.
36) Миссия МВФ говорит о желательности номинального укрепления тенге.//Панорама, №14, 14 апреля, 2006 г, с.9
37) На первом совещании с новым правительством Президент подверг критике работу прежнего Кабинета // Панорама, №3, 27 января 2006 года
38) Назарбаев Н. Казахстан – Стратегия 2030: Процветание, базопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента народу Казахстана. – Алматы, 1997
39) К.А.Аттапханов "Фискальная систем государства: роль и вопросы совершенствования". Алматы: Ғылым, 1999-100
40) ЮткинаТ.Ф. Налоги и налотообложение, - М: ИВФРА-М, 1998.- 429б-86 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық
кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы
керек. Еліміз қайта құру кезінен бастап жиырма бірінші ғасырдың басына
дейін толық ауқымды төңкерісті анықтайтындай кезеңдерді бастан өткерді.
Төңкеріс кезіндегі ең негізгі ерекшелік: ойын ережесін нық ұстап тұруға
шамасы келмеген және әрбір мезетте әлеуметтік күштің ығысына қарай
жығылатын мемлекеттік билік болып табылады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылык қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ышыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу
аркылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптасуын іске асыруы
болып табылады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық
және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар,
материалдық негізі - ортатандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы
экономика қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде
сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне
байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі қүралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады. Бюджет
әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік саясаттық функцияларын
орындауға объективтік ақшалай түрде жетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса
да мазмұндары бір категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын
тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономика формациядан басқа
формацияға ауысса да өздерінің мазмұны өзгертпейді. Ұғым бюджетті
экономикалық категория деп дәлелдейді. Бюджеттің экономикалық түбі
экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және сәйкес материалды
негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатады. Әрбір төңкеріс кезеңінің
уақытша шегі болады, ал қазір Қазақстан бюджет жүйесін, еліміздің
экономикасын жаңадан сапалы түрде реформалау арқылы теңкерістің соңына таяп
қалды. Бюджет процесін оңтайландырудың ең негізгі мақсатының бірі -
мемлекеттің қаржы ресурстарын қайта бөлу кезіндегі мемлекеттің
тиімділігінің жоғарылауы.Бюджет саласын жоғарылату
факторларына әртүрлі көзқарастар бар. Ең негізгісі - қаржыландыру көлемі,
екіншісі - бюджет қаржысын бөлу бағыттарын болжауды негіздеді. Үшіншісі -
қаржылық технологизм тұжырымдамасынын қалайтын - қаржыны процедурасы
болып табылады. Мемлекеттік ресурста тиімсіз пайдалану олардың
процедураларының, бюджет процесінің барлық сатылары бұрмалануына, бюджеттің
тасуы мен орындалуына кедергілер тудырады. Бұдан басқа да процедуралық
сұрактардың шешілмеуі мемлекеттік меншіктің тиімсіз өкімі болып табылады.
Акционерлеу жекешелендіру кезінде, сондай -ақ банкрот болғандығын ескеру
және қаржылық сауықтыру шараларын жүргізу кезінде мемлекет қаржылық
ысырапқа ұшырайды. Айта кететін жәйт, мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді
пайдалану тиімді ығыстардан тәуелсіз, бұл дегеніміз жеке секторлардың
экономикалық белсенділігінің төмендеуінен мемлекеттік шығыстардың көбеюі
мүмкін.
Елбасы халқына жолдауында айтқандай, Ең бастысы, ол экономиканың
шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы
салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің
күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын
арттыру есебінен өтелуі тиіс. Осы жолдауда келесі Жаңа үшжылдық бюджет
құрылды:
- тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін
2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25% , 2010 жылы –
25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте
2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс
мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілуге тиіс;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік
жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен
9% арттыруды;
- сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы
жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен
алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды;
- 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін
біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен
асыра өсіруді;
- бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру
арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25%, 2010
жылы – 25%, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.
- тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл
сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20
мың отбасына жеткізуіміз керек [1].
Осыған байланысты, дипломдық жұмыстың мақсаты бюджетті дұрыс құра
отырып, олардың тұрақтандырудың негізігі әдістері мен жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау
керек:
- бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
- бюджет балансын анықтау;
- мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын
қарастыру;
- аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен, бөлімшелерден және қолданылған
әдебиеттер тізімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде, мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ашылған.
Екінші бөлімінде, ҚР бюджетін тұрақтандыру әдістері мен жолдары
көрсетілген.
Үшінші бөлімінде, Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің
атқарылуын бақылау жүйесiн жетiлдiру және дамыту жолдары жазылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында әдістемелік негіз болып отандық және
шетелдік экономистердің бюджетті зерттеу бойынша еңбектер, нормативтік
құқықтық актілер мен заңдар әдебиеттер, мақалалар мен статистикалық
мәліметтер табылады.

1. Мемлекеттік бюджетТІҢ құрылуының жалпы сипаты

1. Бюджет түсінігі. Бюджеттің ерекше арналымы

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен
ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір
ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды
және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай
қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің
қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы
мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша
қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық
қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық
мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры [1,21б]. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар,
материалдық негізі - орта тандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы
экономика қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік саясаттық
функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде жетті. Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бір категориялардан қалыптасады, яғни
салық, займдар, шығын тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-
экономика формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұны
өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді.
Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі экономикалық категорияларға сай ақша
түріндегі және сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста
жатады.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан сол қаржының барлық
негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде қаржы жалпы
ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша
қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда бюджет өз алдына қарым-
қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік корды калыптастыру және пайдалану
процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғам қажеттілік шығындарды (әлеуметтік,
қорғаныс, т.б.) қаржыланруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми
мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланады,
мысалы, ақша қаражаттарынын кірісі мен шығысы формасында немесе ақша
қаражаттарының не орталықтандырылған қоры ретінде.Осыған қоса, әдебиетте
мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол
қаржылық жоспар; бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық
құжат; бюджет - ол коммуникация құру бюджет - ол бюджеттік салық саясатты
дәлелдейтін құжат делінген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте
кең, оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері,
бюджеттің көрсеткіштері тағы бір керсеткіштер мен ережелер кіреді[2,56б].
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде
сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне
байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі қүралы, біріккен
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген - ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-
қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретіңде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет.
Сонымен қатар, мемлекетгік бюджет термині - мемлекет құрастыратып және
басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылык қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ышыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу
аркылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптасуын іске
асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және
әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арқылы қоғамдық міндет
атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет
етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының
шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық
құрылымы жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру,
денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз
етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы белгілермен
сипатталады:
1) бөлулік қарым-қатынастың айрықша экономикалық нарық, яғни мемлекет
тарапында жалпы ішкі өнімнің жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз
етуге пайдалануға арналған;
2) ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлардың қоғамдық іс-
әрекет салалары арасында құндылықты бөлуге арналған;
3) құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни қаржылық қарым-
қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынастаспен тығыз байланысты болса, бұл
арада құндылық тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей
байланыста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
4) бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық алмасуының сұраныстары мен
міндеттемелері бойынша жүргізіледі;
5) бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз
байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда,
себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық әлеуметтік
дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер
етеді.
6) жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық
категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай
материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды
түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады.
Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер
мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы
көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның
жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу
сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық әнім мен
ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір белігін құрайды. Бюджеттік қорды
қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты
сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
7) бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше
экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі.
Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу
процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және
шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы
қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша
қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс – жалпы мемлекеттік
функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге
арналған.
8) бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің
түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет
тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады.
Негізінде, бүл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы
реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.
9) алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді қүндылық бөлу мен қайта бөлу
процесіндегі мемлекет пен коғамдық өндірістің басқа да қатысушылар
арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты экономикалық категория.
Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған және
оны экономиканың дамуы мемлекет, бір жағынан, экономикалық жоспарларына
кезекті ретте, бюджеттік жоспарлық формада негіздерін анықтайды[3,73б].
Бюджеттің әрекет етуінің барлығы экономикалық формалары жоспарлы түрде
жүргізіледі, сондықтан көптеген меншік формадағы шаруашылық болжампарлық
жүргізуді талап етеді. Бұл қарым-қатынастың осындай болжам етуін талап
етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы
жоспарлық форма мен биліктің тік байланыстың тұрақты сипаты байланыстардың
арнайы қаржы кұжатында - бюджетте, мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында
анықталады. Бұл құжат бюджеттің экономикалық мазмұның құрайтын барлық бөлу
процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыстары мемлекеттің ақша
қаражаттарының орталықтандырылған пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу
көздерін көрсетті. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің
нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің
мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекет күш-жігері
жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламент жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет жөніндегі заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіші ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет және басқа да салалар дамуының қарқыны
екінші жағынан, көбінесе соларды бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде
ықпал етуіне байланысты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық
экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын
ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет
қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық
ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де
пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар бюджет арқылы
іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол халықтың
ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-
әрекеті. Бұл саясат еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын
төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге
бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика
жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың
механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар
ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады. Мемлекеттік
бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни
экономикалык маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде
біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы
жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады[4,54б]. Сонымен
қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі
негізгі функциялар атқаруы тән:
- ұлттық табысты қайта бөлу;
- әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
- экономиканы реттеу мен ынталандыру;
- ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануын бақылау.
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде
мемлекеттік бюджет осы функция арқылы озінің экономикалық маңызын тікелей
әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын
орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттындыруға
пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында
және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі
пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жонінде
мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің болу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек
емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда
бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар,
экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен
анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша
қаражаттарын осындай коп аспектіні қайта болу мен экономикалық басқарудың
әр деңгейінде іске асыра алмайды.
Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, занды және жеке тұлғалар бюджетке
енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар
арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық
және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта
бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту
және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-
экономикалык даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор
қалыптастыруын қамсыздандырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында
қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір
бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала
мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік
қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі
өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық
табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта
ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік
сектордан түседі, бірақ жалпы мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге
жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да
субъектілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының
кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір
бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен
кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара
байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін
әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика
процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі
болады[5,31б]. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық
құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде,
мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді
ұлғайтуда кеңінен пайдаланады.
Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін
қоғамдық өндірістің барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен
анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза
табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта
бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық
төлемдері және оларды пайдалануы.
Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне бюджеттің қоғамдық
өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі
іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық
және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік
береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін
жоғарлатуына ықпал етеді.

Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік шығындар көрсеткіштері
арқылы бюджеттік ресур қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе
төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму
қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған
қаражаттар толық көлемде пайдаланса, онда экономика салалары мен іс-әрекет
салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан,
бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көре отырып, сол
кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық қалпына қайта келтіруте
бағытталған нақты шараларды қарастырып қолдануға негіз болады.
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа және өте кең әрекетті
шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық
өндірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің бар
қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы
қаржылық ахуалы жөнінде хабар беруге кедергі болмайды.
Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да
өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға тараған ақпарат пайдалану,
автоматталған жүйелер, қаржы есептемелер, компьютерлер колдану негіздерінде
көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандық оның функциялары да
объективті. Бюджет функцияларын бір оның ішкі потенциалдық қабілеттілігінен
түсіну қажет, себебі (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік
қатынасы қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады.
Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу бақылау құралдары
ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік
мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып,
бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды
шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және
субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі
бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі
бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін
анықтайды.
Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың
функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:
а) нарықтан тыс қызмет керсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер:
білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.);
ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және
т.б.);
б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен
қамтамасыз ету және т.б.);
в) мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі
бақылау).
Мемлекеттік бюджетті, жалпы категориялар секілді мемлекет белсенді
түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық пайдаланады. Мемлекет
бюджетті функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны
экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады.
Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай
маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие, мұнда қоғамдық
өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам
мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей
керсетілген.
Бюджеттік қатынастарды пайдаланудағы оған өте үлкен ұтқырлы және
ұйымдастырушылық мән береді.
Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар
екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай).
Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімде әрі арасында
материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жұмыс күшімен ал құндық
форма ақшалай қаражаттарды бөлудің анықтауды қарастырады.
Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының
салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік
болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды
(қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің
құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға
мүмкіндік береді[6,21б].
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және
аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын
реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады.
Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру,
экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы
басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады,
себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның
тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті - экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай
отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту
қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу
нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада
пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны
қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде
пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық құрал ретіндегі
ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең
пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік
бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса,
соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын
уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте
маңызды.
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік
механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде
бар қатынастарды экономика даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі
болады. Бюджет механизм - ол бюджеттік қатынастарды үйымдастыруға ме кеттің
құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар мен қаржылық ресурстарды
қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар
арасында қайта бөлуді қарастыратын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік механизмнің объективтік негізі мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мазмұнын құрайтын болу процестері болып табылады. Экономикалық
категория ретін бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің әр
түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді[7,82б]. Сондықтан, бюджет механизм
құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік
қатынастар топтары және сол сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі
формалары әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджет
қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылым тізбектерді
бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын
әдістер; әр түрлі іс-әрекет салалар бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет
қалыптастыратын формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта болу жөне олар
маневр жасайтын әдістер.
Бюджеттік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес
элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражатта жұмылдыратын бюджеттік
механизм салықтық және салықтық қаржы ресурстар түсетін әдістермен
сипатталады және өздер әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға
салық, акциз мүлік салығы және т.б.) іске асырылады. Мекемелер,
кәсіпорынмен ұйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр принциптер
негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формар арқылы іске асырылады.
Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік мен қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің
сәйкестік буындары бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен
бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады.
Бюджеттік механизмнің әр құрылымдық буыны мен элементіне өздерінің
орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ,
бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы
дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық
буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің
бірыңғай іс-әрекеттін қамтиды[8,16б].
Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді
түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына
ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың
салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар
түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл аткарады. Сонымен қатар, мемлекеттік
бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы
басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат,
экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.

1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы

Қазақстанның бюджетінің негізгі болып республикалық бюджет есептелді.
Республикалық бюджет мемлекеттік кірістер мен шығыстардан құралады.
Мемлекеттік кірістер – бұл мемлекеттің басқару органдарын және
мемлекеттік кәсіпорындарды қаржы ресурстарын құрауға байланысты
жүргізілетін қаржы қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттік кірістердің құралу көздерін 2 топқа жіктеуге болады:
1) ішкі кірістер – бұл осы елдің ішінде жасалын ұлттық табысты айтамыз.
2) сыртқы кірістер – бұл мемлекеттік қарыз ретінде алынған басқа елдің
ұлттық табысының бір бөлігін жатқызамыз.
Мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың келесі әдістері бар:
1) салық салу;
2) қарыз алу;
3) ақша эмиссиясы.
Жоғарыда айтылған әдістерден басқа мемлекеттерден кірістердің
басқа да көздері бар:
1) салықтық емес түсімдер;
2) экспорттық және импорттық операциялардан түсетін
түсімдер;
3) Мемлекеттік объектілерді сатудан немесе жекешелендіруден, жалға
беруден түсетін түсімдер және т.б.
Салық - мемлекеттік кірістердің негізгі көзі ретінде. Салық - бұл
заңмен бекітілген міндетті түрде белгілі бір мөлшерде, белгілі уақытта
мемлекетке төленетін ақшалай төлем. Мемлекеттік бюджетке салықтардан басқа
алымдар мен баж салығы түседі.
Алым (жинақ) - бұл бір мақсатқа бағытталған заңды және жеке тұлғаның
мемлекетке атқарған қызметтері үшін төленетін төлем.
Баж салығы - бүл заңды және жеке тұлғаның құжаттарды алу үшін төлейтін
ақшалай төлемі. Оның екі түрі бар:
1) кеден баж салығы - бұл тауарларды мемлекеттік кеден шекарадан өткізген
кезінде төленетін ақшалай төлем.
2) ішкі мемлекеттік баж салығы - бұл заңды және жеке
тұлғалар заңды күші бар құжаттарды алған кезде мемлекетке
төлейтін ақшалай төлем.
Салықтың үш атқарымы бар:
1) фиксалдық - мемлекеттік қазынаға ақшаның түсуін
қамтиды;
2) реттегіш - мемлекет бір салық енгізіп, басқа салықты алып тастап,
экономиканың жекеленген сапасын және мемлекеттің жалпы
экономикасын реттеп отырады;
3) Қайта бөлу - заңды және жеке тұлғаның табысының
жартысын мемлекеттің пайдасына өткізу.
Салық ставкасы - салық мөлшері. Салық ставкасының
келесі түрлері бар:
қатаң - ақшалай түрде бекітілген мөлшерлеме;
пайыздық - пайыз түрде бекітілген мөлшерлеме.
Пайыздық мөлшерлеме өз кезегінде келесі түрлерге бөлінеді:
Пропорционалдық - өзгермейтін салық мөлшерлемелері;
Үдемелі - табыс өскен сайын, салық пайызы өсіп отырады;
Регрессивтік - табыс өскен сайын, салық пайызы
төмендеп отырады.
Салық төлеу жолдары:
мағлұмдамалы - салықты мағлұмат бойынша төлеу;
патент бойынша - бұл белгілі бір тауарды сатуға және қызметті көрсетуге
кұқық беретін арнаулы құжат;
төлем ақысының дерек көзі - салықтың төлемақысының дерек көзінен алынуы;
бір жолғы талон ретінде - базардағы сатушының сауда орнына төлеген кезде
пайдаланады.
Салық санкциялары - бұл салық заңын бұзушыларға
қарсы қолданылатын шара [9,42б].

1. Кесте – 2007 жылдың республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен
құрылымы

Түсімдердің атауы млн. теңге %
ТҮСІМДЕР 722034 100,0
КІРІСТЕР 649000 89,9
Салықтық түсімдер 603396 93,0
Соның ішінде:
Корпоративтік табыс салығы 272632 45,2
Қосылған құнға салынатын салық 222161 36,8
Акциздер 6019 1,0
Салықтық емес түсімдер 39348 6,1
Капиталмен жасалған операциялардан 6256 0,9
алынатын кірістер
АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 57630 8,0
КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ 15404 2,1

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер
құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға
салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады.
Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі—салықтық емес түсімдер
және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Мемлекеттік шығыстар - бұл мемлекеттің жұмыс істеумен байланысты ақша
шығындары. Экономикалық санат ретінде олар коғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңыздьт қүралы,
оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
ерекшелігі, ол қызметтің тек мемлекеттік аясының қажеттіліктерін қамтамасыз
етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің
экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. атқарымдарымен
тікелей байланысты[10,16б].
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған
жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыган байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын
мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі бар:
1) шаруашылык есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру - меншікті
ресурстар, банк несиелері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет
қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
2) сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың
(сметалардың) негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік
пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары
қаржыландырылады.Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар
бюджеттік деп аталады.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз
етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық
көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады:
1) демеу қаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет
пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін,
сонымен қатар төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан
ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер
мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойынсауық басқадай
ұйымдардың шығындарын ішінара етеу түрінде жүреді.
2) субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету
жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға
мемлекеттің қаржы көмегінің саны. Мақсатты пайдалануы бұзылған
жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
3) субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға
бюджет есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайда) трансферттік
қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен
белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу
кезінде оларды өтеусіз жэне қайтарусыз беруді айтады.
Ал, жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеттік құрылымда
қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капитал сатудыц түсімдері;
- ресми трансферттер түсімдері.
2) шығындар;
3) операциалық қалдық;
4) таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді
етеу;
5) қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып
алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - займдар
түсу, займдарды өтеу, бюджет құралдары қалдығының қозғалысы.
Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітуі мен оны атқару
жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері
маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми
трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар келтіріледі. Және де ресми
трансферттерден басқа кірістерде мақсатты арнаулары болмайды.
Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік
құралдар алынады. Олар мемлекеттік мекемелерінің іс-әрекетін қамтамасыз
ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және
қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен заңды тұлғаларга
субсидиялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми трансферттер де
жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға
төлейтін төлемдер.
Бюджет кірістері мен шығындары арасыңдағы айырмасы операциялық қалдық
(сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерінен асып
түссе, онда теріс операциялық қалдық болады, ал кері болса - онда оң
операциялық қалдық болады[12,47б]. Теріс операциялық қалдық жіберіледі,
егерде бюджет шығындарына даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның
шекті көлемі мемлекеттің ортамерзімді фискалдық саясатпен анықталады.
Қазіргі уақытта ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие
беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайдаланады. Мұндай несиелер қайтару
және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе
жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен
алынады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджеттік қаржы
беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюджет құрылымында бюджет
несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза
бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.
Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды
өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары
бойынша қалдық (сальдо) деп аталады. Қаржы активтермен мүліктену маңында
заңды түлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қатысу үлесі
мен құнды қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы
активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі,
мемлекеттік кәсіпорындардың оперативтік немесе шаруашылық басқарудағы заңды
түлғалар мен халықаралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын
сатудан түскен бюджет кірістері табылады.

3. Бюджет балансы. Бюджет артықшылығы және тапшылығы

Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығындарының оның
кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егерде бюджет кірістері оның
шығындарынан асып түссе, онда бюджеттік профицит деген түсінік болады.
Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялық қалдықтан таза
бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты
минустағанға тең.
Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады,
мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану.
Республиканың Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен
алып пайдалану мен бюджет қүралдарыныц бос қалдықтары есебінен
қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне
сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының
займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы
анықталады.
Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар
құралдарын, бюджет құралдарының бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі
берешекті өтеуге жұмсау[13,52б]. Оның көлемі займдар бойынша негізгі
берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының
қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.
Әр бюджетте оның кіріс жөне шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған
дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе
мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету
болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің
жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің
ауқымынан асып түсуі бюджет артығын -профицитті құрайды. Ол мемлекеттік
борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық
жөне жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет
жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың
бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына
есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің
тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай
қажеттлік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді
тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір өрі тұрақты
болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3%
мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың
немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін.
Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің
қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының
қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бүл инфляцияның
дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы
табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы
мына себептерге байланысты:
елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір
әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару
шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
"көлеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;
ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ
төмендейді).
Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1) ақша белгілерін шығару. Бүл жол теріс әлуметтік -экономикалық
салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы
айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде
мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге
өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің
резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында
айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
2) мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары
бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
3) шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық
қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4) ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге
өзінің активтерін сатады[14,35б].
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың
әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет
тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың
жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу жөне дәйекті
іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның
әлеуметтік экономикалық дамуына жердемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш түжырымдамаға
негізделеді.
Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық
саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мүндай жай-күйі фискалдық
саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті
теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың
болуы жөне халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты
түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не
салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы,
не бүл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның
қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады.
Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін.
Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық
түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды
қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің
шығыстарын көбейтуі, не бүл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс.
Циклдік негізде теңгерілетін бюджет. Бүл тұжырымдамаға сәйкес бюджет
жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің
құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып
салықтарды азайтады жөне шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі
кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда
болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет саясатының ахуалы
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қаржылық жүйенің құрылымы
Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
Салық жеңілдіктері
Қаржы, каржы шаруашылыгы және каржы жүйесі жайлы
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика туралы
Пәндер