Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ерекшеліктері



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3



1.1 Жастардың девианттық мінез.құлқы: түрлері, ерекшеліктері, сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5


Девиантты мінез.құлықтың зерттеудің теориялық аспектілері
1.2 Суицид әлеуметтік мәселе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3 Шетеделдердегі суицид мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Кіріспе

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі - өзін-өзі өлтіру дегенді білдіреді.10 қыркүйек — дүние жүзінің суицидке қарсы күрес күні. Бұл күн өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен атап өтіледі. Біздер болсақ елде алаңдатарлық жағдай қалыптасып отырғанына қарамастан, мұндай күннің бар, жоғынан хабарсызбыз. Өйткені соңғы 45 жылда өзіне өзі қол жұмсайтындардың саны 60 пайыз өссе, оның жылдан-жылға өсе түсуі әбден мүмкін. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2000 жылы суицидтен бір миллиондай адам көз жұмса, 2020 жылы оның бір жарым есе өсуі ықтимал. Осы ұйымның деректері бойынша, егерде, жылына миллионға жуық адам өзіне өзі қол жұмсаса, оның 8 мыңы қазақстандықтар екен. Бұл — әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне өзі қол салса, Қазақстанда әрбір сағат сайын бір адам өмірмен қоштасады деген сөз. Тағы да осы ұйымның деректеріне жүгініп көрелік. 2005 жылы Қазақстанда суицидтен 3 919 адам көз жұмса, оның 3 283-і — ерлер. Әрине, елдегі ресми статистика жүрегі дауалап мұндай мәліметтерді жария етпейді.
Өткен ХХ ғасырдың басында осы жайға назар аударған австриялық психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер суицидтің барлығын санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себеппен: өш алу, жеккөрушілікпен, тығырықтан шығатын жол таппағандықпен және кінәлі сезімнің күштілігімен түсіндірген.
Өзін-өзі өлтіру деген түсінікке 19 ғасырда
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Агафонов А.Н., Меңлібаев Қ.Н. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар. - Астана ,2005. - 221бет. [1]
2 Намазбаева Ж.И. Психология. – Алматы, 2005. - 227бет.[2]
3 Общая психология и психология личности // Под редакцией. Реана А.А. - Санкт Петербург, 2000. – 282 бет. [3]
4 Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы. – Алматы, 2008. - 115бет.[4]
5 Биекенов К.Ү., Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлуметтік жұмыс. - Алматы, 2003. - 27 бет.[5]
6 Лаврикова И.Н. Молодежь: отношение к смерти //Социологическое исследования. - 2001 . - 135бет.[6]
7 Социальная работа: Словарь справочник. - М., 1998. – 242бет.[7]
8 Социология молодежи //В.Т.Лисаковскийдің басш.ред. –Москва, 1996 – 307 бет.[8]
9 Джаманбалаева Ш.Е., Зайниева Л.Ю. Актуальные проблемы отклоняющегося поведения молодежи в современном Казахстане // Социальная структура современного казахстанского общества. Международная научно-методическая конференция, Астана, 12 июня 2003 г. - Астана, 2003. – 249бет. [9]
10 Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 277 бет.[10]
11 Кудро Н.М. Социально-правовое регулирование поведения личности. // Вестник Каз ГУ. Серия психологии и социологии. - 2000. - № 1 (4).. - 31-33 бет.[11]
12 Морозова Т.А. (Царева Т.А.) Методологические проблемы анализа правовой социализации студенческой молодежи: автореф. ... канд. социол. наук: 22.00.05. - Алматы: КазГУ, 1999. - 9-10 бет.[12]
13 Әбдікерова Г.О. Тұлға әлеуметтануы . Алматы ,2009.-91-99бет.[13]
14 Садырова М.С. Жеке адамның әлеуметтенуі мәселесі,мәні ,негізгі бағыттары //Социальные проблемы личности.- Караганда,1993. – 22 бет.[14]
15Орлова И.Б. Самоубиство – явление социальное // Социологические исследования. – 1998. – 90 бет.[15]
16 Помро К. және басқалары.Суицидальные поведение в юношеском возрасте// Социальная и клиническая психиатрия. – 57 бет.[16]
17 Дюркгейм Э. Самоубиство соцологический этюд. – Москва, 1994. – 112 бет. [17]
18 Уоррен Шибл Смерть:междисциплинарный анализ. – Америка, 1999. – 77 бет. [18]

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .3

1.1 Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ерекшеліктері,
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

Девиантты мінез-құлықтың зерттеудің теориялық аспектілері
1.2 Суицид әлеуметтік мәселе ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.3 Шетеделдердегі суицид мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .12

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .18
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе

Латын тілінен аударғанда суицид сөзі - өзін-өзі өлтіру дегенді
білдіреді.10 қыркүйек — дүние жүзінің суицидке қарсы күрес күні. Бұл күн
өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық
бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен атап
өтіледі. Біздер болсақ елде алаңдатарлық жағдай қалыптасып отырғанына
қарамастан, мұндай күннің бар, жоғынан хабарсызбыз. Өйткені соңғы 45 жылда
өзіне өзі қол жұмсайтындардың саны 60 пайыз өссе, оның жылдан-жылға өсе
түсуі әбден мүмкін. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
деректері бойынша 2000 жылы суицидтен бір миллиондай адам көз жұмса, 2020
жылы оның бір жарым есе өсуі ықтимал. Осы ұйымның деректері бойынша,
егерде, жылына миллионға жуық адам өзіне өзі қол жұмсаса, оның 8 мыңы
қазақстандықтар екен. Бұл — әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне өзі
қол салса, Қазақстанда әрбір сағат сайын бір адам өмірмен қоштасады деген
сөз. Тағы да осы ұйымның деректеріне жүгініп көрелік. 2005 жылы Қазақстанда
суицидтен 3 919 адам көз жұмса, оның 3 283-і — ерлер. Әрине, елдегі ресми
статистика жүрегі дауалап мұндай мәліметтерді жария етпейді.
Өткен ХХ ғасырдың басында осы жайға назар аударған австриялық
психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ызақорлық, агрессиядан
болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер суицидтің
барлығын санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себеппен: өш
алу, жеккөрушілікпен, тығырықтан шығатын жол таппағандықпен және кінәлі
сезімнің күштілігімен түсіндірген.
Өзін-өзі өлтіру деген түсінікке 19 ғасырда
Самоубиство:социологический этюд деген еңбегінде француз социологы Эмилем
Дюргкгейм классикалық тұрғыда анықтама берді.Өзінің осы түсінік туралы
пікірінде ,тікелей немесе жанама болса да,оң немесе теріс қылықтардың
нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өзі жасаса
,және ол оның нәтижесі туралы білсе,онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып
табылады дейді.Өзін-өзі өлтіру-философиялық (өмірдің мәнін
жоғалту),психологиялық (психологиялық теріс
бейімделу,фрустрация),әлеуметтік(әл еуметтік жағынан өз орнын
таппау,қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және
т.б.),медициналық (күрделі ауру,психикасының бұзылуы),адамгершіліктік және
құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі,көп қырлы
феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір
20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1
миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке
қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы - қазақстандықтар
екен. Ал бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен
өмірмен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам
өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны
әлдеқайда көп көрінеді. Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне
жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне,
осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің
түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін
байқатса керек.

1.1 Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ,ерекшеліктері,
сипаты
Девианттық мінез- құлыққа адамның,әлеуметтік топтың сол
қоғамдаресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес
келмейтін қылықтары,іс-әрекеттері жатады.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі девиантты мінез-құлықтың себебіне
әлеуметтік теңсіздік, қажеттіліктерді қанағаттандырудың шынайы
мүмкіндіктері арасындағы қоғамдық айырмашылықтар, ол ең алдымен жеке бастың
және қоғамдық топтың әлеуметтік айқындамасына, олардың құрылымдағы орнына
байланысты. Отбасы фактор тәрбие стиліне ғана емес, ауқатты-ауқатсыз
отбасы деген түсінікпен де өлшенеді. Жасөспірімдік және жастар девиациясы
көбіне ауқатсыз отбасылардан шығады деген пікір қалыптасып қалған, ол
тұрақсыз неке айырылсу отбасындағы келеңсіз қарым қатынас және балаларды
әлеуметтендіру, ата анасының біреуінің немесе екеуінің де маскүнем немесе
нашақор болуына байланысты сипатталады. Бірақ,фактілер көрсетіп отырғандай
ауқатты отбасылары да девианттық мінез құлықты таратушылар қатарына жатады
екен.Соған қарамастан,ауқатсыз отбасыларынан девианттық мінез құлықты
көбірек кездестіруге болады.[10]
Осы және осы сияқты пікірлерге оң жауап беру баланың дүние танымында
белсенді суициальдылыққа қарсы айқындаманың жоқ екенін көрсетеді.
Суицидтің алдын алу әлеуметтік жұмыстағы өте маңызды және күрделі
мақсаттардың бірі.Ол 40% өзін өзі өлтіруге себеп болатын отбасындағы
жанжалды реттеуден тұрады,және өмірге қанағаттанбау сезімінен болған өзін
өзі өлтіру себептерін психологиялық ,қажет болған жағдайда құқықтық
әдістермен жоюдан тұрады.Суициденттермен жұмыста барлық құралдарды кеңінен
қолдану керек :емдеу,қолдау,қатысу техникасы,әсіресе клиентке жақын ғана
адамдардың емес,бөгде адамдардың да қатысуы,сондай ақ мұғалімдердің,діни
адамдардың,кәрі адамдардың,және жас суициденттің қайғысын жеңілдетуге
септігі тиетін барлық адамдардың қатысуы.
Жоғарғы суицидальдық қауіп төнгенде адамды жалғыз,көмексіз қалдыруға
болмайды.Жасөспірімге қоршағандарының оны қамқорлыққа алғанын көрсету
үшін,оның өмірлік мақсаттарының болашағы бар екенін сезіндіру үшін
әлеуметтік қызметкер жасөспіріммен суициальды келісімге отыруы керек.Бұл
оның суицидальды шешімін біраз уақытқа шегере тұруын өтіну,егер
суицидальдық ойлар жоғалмаса,онда суицидальды әрекетке барарда социономмен
байланысуды сұрау деген сөз.Бұл кейде өзінен өзі емделіп кетуге апаратын
уақытты ұтуға,жасөспіріммен басқа да мінез-құлық түрлерінің жолдары туралы
ақылдасуға,сондай-ақ ол үшін маңызды микро әлеуметтік қоршағандары мен
мамандардың әсер етуіне мүмкіндік береді.Мұндай келісім шарт тиімді болуға
тиіс.[15]
Пост суицидальды фазада,аяқталмаған суицидте әлеуметтік қызметкер үш
басты сәттерді бағалауы керек
1)аяқталмаған суицидті орындауға әкеп соққан жанжалдың көкейкестілігі;
2)суицидті тенденцияның жазып алынған дәрежесі;
3)клиенттің суицидке баруға деген қатынасы.
Осыларға сүйене отырып психологиялық және әлеуметтік жұмыстың
тактикасы құрылады. Мұнда пост суицидтің төрт нұсқасы анықталады:
• екіталай (қысылшақ) – жанжал өз көкейкестілігін жоғалтты, суицидтің
себебі жоқ, өзін-өзі өлтіруге деген қарым-қатынасы теріс, суицидтің
қайталануының мүмкіндігі аз, бұл жағдайда рационалды психотерапия мен
әлеуметтік қамқорлық керек;
• манипулятивті – жанжалдың көкейкестілігі жанжал ь жағдайына суицидті
әрекетті ниет қылудың қолайлы әсер етуінен азайды (мысалы, әкесі
отбасынан кетпейтін болды), суицидті ниет жоғалған, оған деген қатынас
рентті, яғни суицид мақсатқа жетудің жолы болғаны туралы ұят пен қорқу
сезімін сезінумен байланысты; жағдай өзін-өзі өлтірудің әдейілеп –
бопсалау ниетіне айналады; бұл жағдайларда дүние таным мен
құндылықтарды бағдарлауды түзетуге бағытталған психотерапия қолданылуы
керек;
• аналитикалық – жанжалдар өзінің көкейкестілігін сақтайды, өзін-өзі
өлтіруге деген ниет жоқ, суицидтің туындаған мәселелерді шекешпейтінін
түсініп, оған деген қатынас теріс, сақталған жанжалды шешу үшін жаңа
жолдар іздестіріледі; жанжалды жаңа жолдармен шеше алмаған жағдайда
суицидтің қайталануы қауіп туғызады, бұл жолы өлімге апару қаупі
жоғары; бұл жағдайларда психотүзету психотерапиясы керек, жанжалдық
жағдайдың көзін жою қажет, емдеу мен жүйелі бақылау керек;
• суицидальды-бекіген – жанжал көкейкесті болып қалған, өзін-өзі
өлтіруге ниет қылуы сақталады, суицидке деген қатынас оң (басқа жол
жоқ); бұл жағдайда жанжалдық интервенция және кризистік стационарда
емделу (психотерапевтік және медикоментоздық) қажет.
Пост суицидтің кез-келген нұсқасында көмектің табысты болуы
әлеуметтік қызметкер мен жас суициденттің арасындағы өзара әрекеттестігінің
сапалығына байланысты. Социономның қомқорлығы сөзбен ғана емес, вербальсыз
эмпатияда да көрінуі керек. Бұл өмірде өзінің керек жоқтығын сезінген
суицидентпен қарым-қатынас кезіндегі қамқорлық пен оның өміріне араласу,
оны сергітудің күшті құралы болып табылады.
Суицидент – жасөспірімдер мен бозбалалар көп жағдайда социономның
кеңестерін тыңдауға құлқылары жоқ болып келетінін есте сақтау керек, олар
өздерінің жандарына батып жүрген қайғыларын, сезімдерін – үмітсіздікті,
өзінің тіршілігінің мәнін жоғалтқанын және т.б. айтуды қажет деп табады.
Сондықтан соционом суициденттің әбден ойындағысын айтыпалуға, психикалық
шиғыруын босатуға барынша мүмкіндік береді. Жанкешті болған жас адамды
өзінің сезімін, тіпті теріс сезімдерін – жеккөрініш, суицидтің басқа
біреудің жанына жара түсіргісі келгені туралы ашық, ұялмай айтуға қажет
екеніне сендіру керек.[16]
Суицид- рухани дерт деп жатыр. Ата-бабамызда болған шығар бірақ
мұндай көп болмаған. Мына Тәуке ханның жеті жарғысында бар өзіне-өзі қол
салған адамды жеке жерлеген және де жаназасы шықпаған. Дерт қайдан шығады
адам екі денеден тұрады: материялық және рухани. Материялық денеміз
көзімізге көрінетін мына денеміз, ол ауырады емі дәрісі бар жазылады. Енді
рухани дене, яғни жанымыз, мұның да ауыруы бар.
Дәрігерлер суицид аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан
күйзелісінің көрінісі дейді.Психологтар жан дертін емдеу қиын
Суицидентпен жұмыстағы маңызды сәтке оның психологиялық жайсыздығының
негізін бірге анықтау жатады.Егер психологиялық жайсыздықтың негізі біріге
отырып анықталса,онымен байланысты мінез-құлықтың себептері мен эмоциясы
анықталса,онда келесі – проблеманы шешуге қажетті құралдарды бағдарлау
деп аталатын кезеңге көшу керек.Оның мәні суициденттің осыған ұқсас
жағдайларды қалай шешкенін анықтау,және оның осы туындаған проблеманы
онымен бірге шешудегі басқа ойларының қандай екенін білу.Суицидент -
жасөспіріммен жұмыс кезінде бұл жаста әлі де болса өз өмірінің құндылығы
жөнінде түсініктің қалыптаспағанын ескеру керек.
Осындай күрделі,арнаулы білім мен іскерлікті қажет ететін жастар
суициді сияқты проблемамен суициденттермен жұмыс істеуге мамандандырылған
психологтар,психотерапевттер,әлеуме ттік педагогтар,әлеуметтік қызметкерлер
айналысуы керек.
Соңғы жылдары бұл проблеманы шешу үшін мамандар
жасөспірімдердің,бозбалалар мен бойжеткендердің көпшілігін қамтитын және
кешенді сипаттағы превентивті,алдын алу шараларын қолдануға аса көп назар
аударып отыр.Өзін өзі өлтірудің жолын кесу үшін жасалған осындай жаңа тәсіл
,өзін өзі өлтіру жасөспірім мен бозбалалық шақтағы өлім ішінде үшінші орын
алатын,АҚШ-та дамып келе жатыр.Мұнда негізінен орта мектеп оқушылары мен
олардың ата аналарына арналған оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламалары
жасалған.Бұл бағдарламалар өзін өзі өлтіру статистикасымен,суицидальды
ниеттердің белгілерімен,ауданның кризистік қызметтерінің мекен жайлары мен
телефондарын көрсете отырып,таныстыру қарастырылған және мұнда көмек сұрап
келген досы немесе мүшесін тыңдай білуге үйретеді.
Жақында Американдық психологиялық ассоцациясы бозбалалардың өзін өзі
өлтіруін алдын алуға арналған көп аспектілі бағдарлама жасады,онда
жұмыстың мынадай бағыттары көрсетілген:
• медико психологиялық орталықтар мен басқа да кризистік қызметтердің
педагогтары мен қызметкерлерін арнайы оқыту
• сәйкес заңдылықтарды қолдана отырып,атыс қаруларына қол жеткізуді
шектеу
• өзін өзі өлтіру тақырптарын сөз ететін көпшілік ақпарат құралдарының
өкілдерімен,осы тақырыпты салмақты және сыпайы жеткізу бағытында
тәрбиелеу білім беру жұмысын жүргізу
• суицидальды қауіпті топқа жататын жастарды анықтау және терапевтік
жұмыс жүргізу
Мұндай превентивті тәсілді қолдану өзін өзі өлтірудің әлемдік
статистикасының негізіне сүйеніп жасалып отыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының критерилері бойынша 100 мың адамға шаққандағы 20-дан астам суицид
деңгейі жоғары болып есептеледі.Қазақстанда бұл көрсеткіш аса жоғары.
Суицидальды мінез-құлық белгілерін ертерек анықтау үшін мыналар
маңызды
• Ауырған ауруларын немесе миынан алған жарақатын есепке алу
• Қосымша стресс фактор ретінде отбасындағы күрделі қатынастардыңбала
психикасына әсерін
• Тым ашуланшылықтың,тым әсершілдіктің,ұяңдықтың пайда болуының,өз
кемтарлығының сезінуінің,өз кемшіліктеріне қатысының,өз табыстары мен
абыройын төмендетуіне себептеріне талдау жасау.[17]
Баланың суицидальдық әрекеттерге әлеуметтік-психологиялық қатысын
анықтау мақсатында ақырындап,мынадай өмірдің мәні мен өлім туралы
сұрақтарға жауап алған дұрыс өз еркімен өлімді таңдап алған адамдарды
түсінуге болады, өмірдің мәні кейде түсініксіз,оны жоғалтып алуға да
болады, мен өмірден өз еріктерімен кеткісі келген адамдарды сынамаймын,
қарапайым өмірде адамның өз еркімен өмірден кетуі ақталуы керек, адамды
жақындары мен туыстары сатып кетсе,олардың әрі қарай өмір сүргісі
келмегенін түсінемін .
Жасөспірімдерге тән суицидальды мінез-құлыққа тән проблемалардың
бірінші орнында олардың ата-аналармен арасындағы қарым-қатынас болса,екінші
орында оқу орындарына қатысты қиындықтар,ал үшінші орында достарымен
байланысты ,әсіресе қарама қарсы жыныстағы құрдастарына қатысты проблемалар
жатады.[10]
Өзін-өзі өлтірудің алдын алу ісінде анонимдік телефонның қызметі
сенім телефонынегізгі буын болып табылады.Бұл телефон қызметінің мақсаты
дағдарыс жағдайында тұрған,өзін өзі өлтіруді ойлап тұрған жас адамға арнайы
даярланған,оны досындай мұқият тыңдайтын ,абоненттің дағдарыс жағдайын
бастан өткеруге көмектесе алатын әлеуметтік қызметтің қызметкерімен телефон
арқылы қарым қатынасқа түсіруге ұмтылу.Мұндай қызметкердің қағидалардың
арасында ерекше орында сенімділік,абсолюттік құпиялық,анонимділік,кез
келген қысым көрсетуге тыйым салу айыптамау ,сынамау,тіпті
таңқалмау,керісінше абонентке дұрыс шешім қабылдауға көмектесу
жатады.Жастар сенім телефонының барлығы туралы ештеңе айтылмайды,тек
қайғыда,үмітсіздікке және депрессияда көмек көрсетілгеніғана
хабарланады.[16]

Девиантты мінез-құлықтың зерттеудің теориялық аспектілері
1.2Суицид әлеуметтік мәселе ретінде
Суицидті мінез-құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болады кәрі
адамдар мен жасөспірімдік және бозбалалық шақтағы жас адамдар.Жастар
арасында жеке адам аралық қатынастары бұзылған: жалғыздар,алкоголь немесе
есірткіні шектен тыс пайдаланатындар,гомосексуалистер сияқты суицидальдық
рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді.
Суицидтің көп тіркелу себебі, біріншіден, қоғамның бір формациядан
екінші бір формацияға өтуіне байланысты болса, екіншіден, қатаң нарық пен
БАҚ-тардағы адамды рухани аздыруға әкеп соқтыратын дүниелер де айтарлықтай
әсер етіп отыр. Психиатр мамандардың болжамы бойынша, жүйке ауруына
шалдыққандар саны қай елде де көп тіркелген жүрек-қан тамырлар ауруын қуып
жетіп қалды. Суицидке әкеп соқтыратын жүйке ауруының алдын алуды
мемлекеттік деңгейде шешу керек. Әсіресе жастар арасындағы суицидке баса
назар аударуға тиіспіз. Себебі суицид барған сайын жасарып барады. Бір
қуантарлығы, Үкімет психиатрия саласына да лайықты көңіл бөле бастады.
Қаржы да, бұрынғыға қарағанда, көп бөлінеді. Қазір білім ошақтарындағы
бағдарламаларға психология тақырыбы бойынша дәрістер енгізіле бастады. Енді
ұжымдар арасында тренингтер өткізуді қолға алмақпыз. Маман ретінде айтарым,
бұл мәселеге немқұрайды қарауға болмайды. Өйткені суицид барған сайын
асқынып барады.
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі әлеуметтік себебі бар және
зерттуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет етеді.Девиантты мінез-
құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған
немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс әрекеттері
жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларғы не жататынын білу
керек. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез құлық үлгісі ретінде қабылдай
отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық моральдік және құқықтық қолдау
механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары
бар дегенді білдіреді.[1]
Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы
болғанда стресстік сезімдерге душар болады.Стресс өте ауыр психологиялық
жағдайда қауіп қатер төнгенде,іс әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде,әл
қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.
Жасөспірімдер мен бозбалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері
бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі: реактивті негізделген (қашып
кету, суицид), әдетте психиканың зақымдану негізінде болады; дұрыс
белілмеген тәрбиенің негізінде болатын жеке адамның төменгі моральдік
деңгейінен болатын түрі (есірткі қолдану, маскүнемдік); биологиялық фактор
негізінде болатын потологиялық дерт (садизим). [2]
Басқалары девиацияны екі негізгі бағытта қарастырады:
1. бұзушылықтың пайда болатын формалары бойынша – деликвенттілік, үйден
қашып керу, қаңғыру, ерте маскүнемдік, суицидтік мінез құлық.
2. биологиялық факторлар негізінде жатқан себептер, факторлар, дәлелдерге
қатысты, сондай ақ әлеуметтік психологиялық негіздегі: әлеуметтік орта
және психологиялық жас ерекшеліктері.
Суицидальды мінез-құлыққа:антивитальды қапаланулар (өмірдің құндылығын
жоғалту, мен өмір сүріп жүрген жоқпын,тек тіршілік етеміндеген сияқты
ойлар),селқос суицидті ойлар -өзінің өмірінен айырылудың жеңіл өтуі туралы
қиялдар( ұйықтап кетсе ,содан оянбаса деген сияқты ойлар),суицидті
ниеттер - өзін-өзі өлтіруге деген тілектер,суицидті аужаулар өзін-өзі
өлтіру туралы шешімдерді тәсілдер мен ыңғайлы жағдайларды іздеу арқылы
жүзеге асырулар жатады,суицидальды ниеттер қайтымды фазадан (суицидент әлі
де болса өмірге қайтып келмеген кезі) қайтымсыз фаза арқылы - биологиялық
өлімнің келуімен өтеді.[3]
Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар
көрінеді. Оның біріншісі - шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам өмірден
түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры
өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі - жариялы суицид. Әдетте,
мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің
назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны
қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, өлем деп өзгелерді
үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі - жасырын,
яғни құпия суицид. Бұған барғандар өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін,
абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен
қиындықтан шығатын жол жоқ болып көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар
мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.
Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу
одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен
қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-
жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге,
нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.
Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-
келген
күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес
суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам
өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-
өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер,
көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.
Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар
жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай
ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны,
экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде көрініс табады.
Жасырын суициденттерді киллер, өрт сөндіруші, құтқарушы, көлікті
жылдам жүргізетіндер, шылымды көп шегетіндер, өте толық адамдар арасынан
табуға болады. Тірі кезінде осылар жақындарына өз қорқыныштары, күйзелуі
жайлы айтпайды, сондықтан туыстары оның суицидке байланысты проблемалары
бар деп ойламайды.
Өкінішке орай кәсіби психолог пен психотеропевт дәрігердің өздері
жасырын суицид проблемасына көңіл бөледі деп айту қиын. Өлімнен қорқып,
өзін сол өлімге жақындай түсу. Оны о дүниелік болып кеткендердің
күнделіктерінен, өлеңдерінен немесе басқа әрекеттерінен байқауға
болады(тірі кезінде байқауға болушы еді).
Өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жүргінші жолда (Германияда әсіресе
метрода) көп кездеседі. Тағы да жасырылған суицид. Бұл орайда батыстағы
полиция қызметкерлері автоцид деген терминді қолданады. Автомобиль бұл
кезде суицид жасауға арналған инструмент рөлін ойнайды. Байқаусыздан немесе
жоғары жылдамдықта келе жатып, алкогольді мастануда көлікті жүргізу, әлде
жолда ұйықтап қалу сияқты себептерді жамылып, өз-өзіне қол жұмсау
әрекеттері де көп кездеседі.
Бүгінде, қазіргі заманғы қоғамда жастар түбегейлі қоғамдық ұстанымды
еншілейді. Оның өмірлік мүдделері, талаптары, тұрмыс стилі қоғамның саяси,
экономикалық, мәдени және басқа да салаларындағы әлеуметтік үдерістер
дамуының түп мәтінінде қаралады. Жастарды зерттеуге қатысты барлық
қолданыстағы тәсілдер жас ұрпақты зерделеу мен зерттеудің әдіснамалық
негіздерін тұжырымдауға мүмкіндік туғызады. Негізгі қағидаттарға, ең
алдымен, тарихи-талдамалық тәсілді жатқызуға болады, соның аясында
биологиялық және жас ерекшеліктерін ғана есепке алу арқылы жастарды мән
мағына ретінде қарамау керек. Жастарды әрдайым нақты тарихи қоғам
щеңберінде белгілі бір әлеуметтік топ ретінде бағалаған жөн. Олар қоғамның
серпімді және жұмылғыш бөлігі болып табылады. Жастардың проблемаларына
қатысты ғылыми тәсілдің келесі қағидатына жастар өмірінің нақты салтын
талдау жатады. Бұл жастардың олардың әлеуметтік жағдайының, өмір салтының,
субмәдениет ерекшеліктерінің, ділінің, құндылықты бағдарларының тек жалпы
теориялық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге эмпирикалық деңгейде де
зерделеуі тиіс екенін білдіреді. Жастардың қайсыбір проблемалар бойынша тек
сыңар жақ жалпы идеялалар мен пікірлерге ғана сүйенуге болмайды. Ғылыми
пікір талас жастардың ортасында болыа жатқан нақты үдерістерді көрсетуі
тиіс. Бұл зерттеудің ғылыми әдістерін пайдалануды, обьективті құбылыстар
мен жастардың даму жағдайларына дәл баға беруді талап етеді.
Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми
әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: асиоциалдық, антисоциалдық,
девиантты, деликвентті, аддиктивті мінез құлықтар. Оның әрқайсысы жа
адамның белгілі бір мінез құлық кесіндісін, қоғамға тән мінез құлық
нормаларының белгілі бір ауытқу дәрежесін сипаттайды. Олардың ішіндегі ең
кең тараған жалпылама түсінік девиантты мінез-құлық, себебі барлық
әлеуметтік мінез құлықты қалыпты және де девиантты деп екіге бөлуге болады.
Өзін-өзі өлтіру қоғамда адам қалыпты,жалпыға белгілі жолдармен шеше
алмайтын немесе оны шешудің қажеттілігін керек қылмайтын жеке тұлғалар
арасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсетеді.Өзін-өзі өлтіру -өзін-
өзі өлтірген немесе оған барған тұлғаның-суициденттің-психо әлеуметтік
теріс бейімделуімен аяқталатын,шешілмеген жанжалдың салдары.Суицидент үшін
жанжалдың шешілмеуі екі жағдайымен байланысты: біріншісі-бұл жанжалды
шешудің оған белгілі нұсқалары көбіне шектеулі немесе тіпті де жоқ,екіншісі-
жанжлды шешудегі оған белгілі немесе ұсынылған тәсілдері ол үшін тиімсіз
немесе қолайсыз.Бұл жағдайларда суициденттің ойынша жанжалды шешудің жолы
біреу ғана,ол дағдарыстан шығаратын тек өзін-өзі жою,өзін өзі аластату
жолы.
Суицидальды мінез-құлық мыналардан тұрады:
а)аяқталған өзін-өзі өлтіру,
ә)суицидальдық әрекеттер (өз өміріне қауіп төндіру),
б)ниет (өзін-өзі өлтіру идеясы)
Суициальды мінез-құлықтың себебін дұрыс түсіну үшін әрбір нақты
жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: не себепті адам суицидті әрекетке
барды немесе бармақшы болды және неге оны жасағысы келді?Бірінші сұрақққа
жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарыныңобьективтік жағдайына
талдау жасауды қажет етеді.Екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Мектеп жасындағы балалардың девианттық мінез-құлық мәселелері
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Педагогика бойынша практика
Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру
Пәндер