Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары



МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары
1.1. Жұмыссыздық теориялары
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері, себептері және деңгейі
II. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
2.1. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің маңызы
2.2.Жұмыссыздық деңгейі және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы
III. Еңбек нарығын реттеу және жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
3.1. Еңбек нарығын реттеу
3.2.Жұмыссыздықты жоюдың жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Назарбаевтың халыққа ұсынған биылғы Жолдауында «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құрған жағдайда және еңбекке қабілетті халықты мемлекеттің экономикасына тартуға бағытталған жағдайда ғана тиімді болады» делінген.
Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек ресурстарын басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің бірі болып саналады.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әр аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшуге, экономикалық реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне амалсыздан душар болып отыр. Жете дамымаған нарықтық инфрақұрылым, қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік проблемалар, атап айтқанда, еңбек және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипаттала бастады. Отандық өндірістің дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың экономикалық және қаржылық тетіктерінің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір аймақтарда әлеуметтік жанжалдың (қағтығыстың), кедейліктің, қайыршылықтың пайда болуына әкелді.
Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұмаев Ж. «Экономиканың мемлекеттік реттелінуі». Алматы 2004
2. М.Ш. Кенжеболатова, Д.Женсхан «Экономиканы мемлекеттік реттеу» 2006
3. Қабиденов Д.Қ, Оралтаев Т.Қ. «Экономикалық саясат» Алматы 2002
4. Горовая О.Н. «Государство и бизнес» Астана 2005
5. М.Ш. Кенжеболатова, Х.Н. Мұрсалова «Экономикалық теория негіздері» ОӘК Астана 2009
6. М.Б.Төреғожина «Экономиканы мемлекеттік реттеу»
7. Жұмамбаев С.К. «Еңбек рыногы экономикасы» Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2003
8. Д.Ә.Жампейісов «Еңбек және әлеуметтік қамсыздандару құқығы»
9. Жатқанбаев Е.Б. «Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы» Оқу құралы. Алматы: «Курсив»,2006
10. www.stat.kz
11. www.testent.ru
12. www.studmed.ru

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік
зардаптары ... ... ... ...5

1.1. Жұмыссыздық
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5

1.2. Жұмыссыздықтың түрлері, себептері және
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

II. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамтуды
мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...11

2.1. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..11

2.2.Жұмыссыздық деңгейі және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

III. Еңбек нарығын реттеу және жұмыссыздық мәселелерін шешудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

3.1. Еңбек нарығын
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 21

3.2.Жұмыссыздықты жоюдың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .29

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Назарбаевтың халыққа ұсынған
биылғы Жолдауында Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құрған
жағдайда және еңбекке қабілетті халықты мемлекеттің экономикасына тартуға
бағытталған жағдайда ғана тиімді болады делінген.
Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және
еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек
ресурстарын басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің
бірі болып саналады.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік
бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы
– адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әр аулан
қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшуге, экономикалық реформалауға байланысты
көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер жұмыссыздық мәселелеріне
амалсыздан душар болып отыр. Жете дамымаған нарықтық инфрақұрылым,
қалыптаса бастаған нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық, экономикалық
тұтқалар жағдайында көптеген әлеуметтік проблемалар, атап айтқанда, еңбек
және жұмыспен қамту саласы қауіпті сипаттала бастады. Отандық өндірістің
дамуын ынталандыратын жетерліктей қолайлы инвестициялық климаттың
экономикалық және қаржылық тетіктерінің болмауы, жалақының жоқтығы кейбір
аймақтарда әлеуметтік жанжалдың (қағтығыстың), кедейліктің, қайыршылықтың
пайда болуына әкелді.
Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу
мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын
жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.
Жұмыспен қамтудың негізгі басымдықтарының бірі - жаңа жұмыс орындарын
ашу.
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып
қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен
қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі
болып табылады.
Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік
саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде
қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы
тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді.
Қазіргі күнгі басты мәселе не? Ол – жұмыс орнының жетіспеушілігі.
Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде.
Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта
даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты
тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді
формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері айналысады.
Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы Заңына сәйкес
қызметтің міндетіне: жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау, әрі
болжау, бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш
жасайтын азаматтардың есебін жүргізу, жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет
көрсету, т.б кіреді.
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық не себептен туындайды,
жұмыссыздарға қандай әлеуметтік көмек көрсету керектігін ашып көрсету.

I. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАРДАПТАРЫ
1. Жұмыссыздық теориялары

Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең
өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі
түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын
түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты
рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік
мектебінің теориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен
туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік
теориясының қазіргі өкілдері - монетаристер - осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория
жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, -
техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-
1934) жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын
шығарған. Онда ол былай деп жазған: Жер шарындағы тұрғындар геометриялық
прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен
өседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек
арифметикалык прогрессиямен өседі: халық саны -1,2,4,8,16,32 ж.т.б..
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу каркыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген:
тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп
салдары болып табылады.
Түрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) ХҮІІ-
ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол кезде
АҚШ-да тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар
легінің келуімен да өскенің ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез
өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон
Бернал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғылым кітабында былай
жазған: Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия
алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз
бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға
сұранымның төлем қабілеттілітінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте
жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің
ол адамдардың кор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға
ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен
қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың кор жинауға бейімділігін жоюы
қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны
қарастырған дүрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жүмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы
жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс
жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.
Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А. Пигу
өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан Жұмыссыздық
теория кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай
жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша
саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс
басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу
инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады
К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың
қорлану процесінде, яғни қосымша құнының капиталға айналуында (қосымша
ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін
ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық
және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша
құннын еңбек құрал - саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша
құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді.
Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артығырақ болып, өндіріс
саласынан ығыстырылып шығарады.
Егер капиталға материалдық - заттық түрінің көзқарасымен қарасақ, онда
өндіріс құрал - жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретін жұмысшылар
санына қатынасы капиталдың техникалық кұрылымы деп аталады. Мысалы:
100 станок: 100 жұмысшы, немесе 100 станок 100 жұмысшы
Капитал тек қана материалдық - заттық түрге ие болып қалмай, сондай - ақ
кұндық түргеде ие болады. Осы түрғыдан мынандай тепе - теңдікті құрамыз:
100станок = 800с 100 жүмысшы - 200 V, немесе 100 с 100 ж - 800 с 200
V
Капиталдың 800 с: 200 V (С:У) катынасы құндық құрылымы деп аталады.
Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық
кұрылмының, өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы - бұл
капиталдың техникалык құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің
дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни
тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.
Өндірістің мануфактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалык
құрылымы 9с:1ү бастап 13с:ІҮ дейінгі аралығында тербеледі, сөйтіп жұмыс
күшіне сұранымды салыстырмалы түрде төмендетуге алып барады. Соның
салдарынан адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің колдану саласын таба алмайды.
Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып, олар резервті
өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын кұрайды.

2. Жұмыссыздықтың түрлері, себептері және деңгейі

Мемлекеттік социализм кезіндегі үгіттік әдебиетте, нарық және капитализм
жұмыссыздықты тудырады деп, ал социализм – тұрақты жұмыспен қамтиды және
тіпті жұмысшы күшінің дефицитін тудырады деп айтылған.
Мұндай пікірді ғылыми деп мақұлдауға болмайды, өйткені кез-келген
жүйенің еңбек нарығы оның әр түрлі варианттары кезінде – сұранысы шектелу
нарықтан (қарапайым пайдалы нарық) ресурстары шектелу нарыққа дейінгі
(дефициттік типтегі советтік нарық)- бірдей уақытта жұмысшы күшінің
артықшылығын (жұмыссыздықты) және жекеленген мамандықтары бойынша жұмысшы
күшінің дефицитін береді. Бірақ бұл экономикадағы жұмысшы күшінің дефициті
мен жұмыссыздықтың тепе-теңдену нүктесі әр түрлі деңгейде тұр.
Экономикалық теорияда еңбек нарығындағы экономикалық тұрақсыздықтың
ақиқат бейнесін айтып бере алатын екі көрсеткішті қолданады. Бұл
жұмыссыздық деңгейі және оның орташа ұзақтығы.
Жұмыссыздық деңгейі өндірісте жұмысқа қамтылғанның санына арнайы
тіркелген жұмыссыздардың үлесі ретінде өлшенеді.
Жұмыссыздықтың ұзақтылығы жұмыстағы үзілістің орташа уақытын сипаттайды.
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі
нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай
саналуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық,
технологиялық және т.б.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық
жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына
аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық -еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат
жоқтығынның нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе
қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда
болады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай
- ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке
қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы
мүмкін.
Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру
нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа
мамандықты игеруді қажет етеді.
Институционалды жұмыссыздықты өнеркәсіп еңбек нарығының өзін ұйымдастыру
жеткіліксіз тиімді кезінде туындайды. Былай болсын делік, бос жұмыс орны
туралы ақпарат толық емес. Ақпарат жүйесінің жұмысы тәртіпке салынған кезде
жұмыссыздық деңгейі төмен болар еді. Дәл осы бағытта жұмыссыздық бойынша
тым арттырылған жәрдем ақы немесе тым кемітілген табыс салығы жүреді. Бұл
жағдайда жұмыссыздық ұзақтығы үдейеді. Өйткені жұмыс іздеу ынтасы басылады.
Циклды жұмыссыздықты өнеркәсіптік дағдарыс және депрессия уақытындағы
өндірістің құлдырауын тудырады.Жандандыру және дамуға өту кезінде
жұмыссыздықтар әдетте аз болады.
Ерікті жұмыссыздық. Кез-келген қоғамда өздерінің психикалық құрылымы
бойынша немесе басқа себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін
адамдардың әлеуметтік тобы бар.
Сонымен, жұмыссыздық нарықтық экономиканың тән ерекшелігі болып
табылады. Сондықтан да толық жұмыспен қамтылған қисынсыздығы дамыған нарық
шаруашылығының идеясымен сыйыспайды.
Көптеген экономикалық мектепте жұмыссыздық себептерін талдауын береді.
Соның маңызды баян етілгендерін атап көрсетейік.
Жұмыссыздықтың алғашқы ұйымдарының бірі ағылшын экономисі Т. Мальтустың
Халық санының заңы туралы тәжірибе (XVIII ғ аяғы ) еңбегінде берілген.
Мальтус, жұмыссыздықты демографиялық себептер тудырады деп атап өткен.
Соның нәтижесінде халық санының өсу темпі өндірістің өсу темпінен асып
кетеді.
Марксистік әдебиетте Мальтус теориясын Тұрпайы және жалған ретінде
көрсетудің тұрақты дәстүрі қалыптасқан.
Мальтус теориясының марксистік сын бойынша мына бір жағдайда дұрыс деп
есептеуге болады: ол туып көбеюшілігі аз
Жоғары дамыған елдердегі жұмыссыздықтың пайда болуы түсіндіріп бере
алмады. Сондықтан, жұмыссыздықтың көзін экономикалық шаруашылық жүйенің
өзінен іздеу керек.
К. Маркс , Капитал (XIX ғ екінші жартысы) еңбегінде жұмыссыздықты
едәуір мұқият зерттеген. Ол, техникалық прогрес әсерінен бір адамға кететін
өндіріс құралының массасымен құны өсетінін атап өткен. Бұл жағдайда марстің
мынаған көзін жеткізді: экономикалық даму капитал жинағының темпіне еңбекке
сұраныстың біршама артта қалатындығына әкеледі, міне, жұмыссыздықтың себебі
осында.
АҚШ Конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген
зертеуінің мәліметі бойьшша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық
нысандары және олардың болуның ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің
мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі.
Біріншісіне жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде
ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне жиынтық сұранымның
өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты (фрикциондық, маусымдық,
құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық
болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын және фрикциондық болып
табылады. Нарык қатынастарының калыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық
жұмыссыздыққа айнала бастады. 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар
жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардын 2 мыңнан астам жұмыскер
еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді. Жұмыссыздықтың
зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми - техникалық прогресс. ҒТП,
жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық
салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті
бар түрғындарды жұмыспен камтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми техникалық
революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен,
өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы,
тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және
халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек
ауқымдылығымен сипатталады.
Қандай да жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және
әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты
жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар - намысын, абырой - беделін
жоғалту деп те есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет жағынан
жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен.
Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту
жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіктеріне кері
әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының
бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек
тәртібінің шұғыл кұлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жоспарлы - әкімшілік жүйе жағдайында жұмыс
істеушілердің саны мен еңбек ақын қорының мөлшері жоғарғы тұрған ұйымдар
арқылы, әдетте, жұмысшылар мен еңбек өнімділігінің қалыптасқан деңгейіне
қарап белгіленетін. Мұндай тәжірибе, әрине, ко басшылары өзінің өндірістік
міндеттерін экстенсивтік факторлар есебінен жаңа жұмыс орындарын ашумен,
жұмысшылар мен қызметшілер санын өсіру арқылы шешуге мүдделі болуына ықпал
ететін. Нәтижесінде көптеген ко-да жұмыспен қамтылғандардың 18 % құрайтын
артық жұмыс күші ұсталып келді. Сөйтіп, жасырын жұмыссыздық нарыққа
көшкеніне қарамастан қалыптасып, жұмысшыларды ко-да тиімді пайдалануды
күрделендіре түскені анық.
Нарыққа көшкеннен кейін бұрынғы артық жұмысшы күшіне қоса жұмысшылар мен
ко әкімшілігіне байланысты себептермен жұмыс уақыты шығындары арқылы
жинақталған жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық
байланыстардың үзілуіне, өнімге деген сұранымның болмауына, шикізатты,
материалдарды жеткізудегі берекесіздік, тапсырушыға жіберілген өнім үшін
төлемдердің дер кезінде түспеуіне байланысты ко қызметкерлеріне жұмыспен
мүлдем немесе жарым-жартылай қамтылатын жұмысшылар қосылды. Осы жағдайларға
қарап нарыққа көшу кезіндегі жұмыссыздық деңгейінің өзгеруін болжауға
болады.
Бірінші зона – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Осы зонаға жатқызу еңбек
нарығының қалыпты жағдайда болуын сипаттайды. Бұл зонаның шеңбері (1,0—
2,0%) мөлшерінде анықталады. Екінші зона – жұмыссыздықдықтың мүмкін болатын
деңгейі (2 – 7%). Үшінші зона – жұмыссыздықтың әлеуметтік тұрғыдан қауіпті
деңгейі, ол жұмыс күшінің басқаруға көнбейтін гиперинфляциямен, құнсыздануы
және жаппай жұмыссыздықпен сипатталады.
Шын мәнінде, жасырын жұмыссыздық, жұмысшы күшінің пайдаланылмайтын
резерві болып табылады. Мынаны ескерген жөн, ол мақсатты тұрғыда емес,
кездейсоқ түрінде туындайды.
Жұмыскердің жасырын жұмыссыздыққа және онымен байланысты уақытша
жұмыссыз болуына көзқарасы әр түрлі болады. Ко-ғы жұмысшылардың көпшілігі
өздерінің жұмыс орындарын құрмет тұтады. Қызметкерлердің бір бөлегі
белгілі бір мерзім өткеннен соң жұмыс болатынына кепілдік берген ко
әкімшілігінің ұсынысымен келісіп уақытында келіп жұмыстарын жалғастырады.

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2.1. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің маңызы

Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып,
мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге ол іштен және
сырттан реттелетін болды. Бөл процесте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір
жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретәнде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек
рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші
(арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді
реттеумен айналысуы тиіс.
Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік
емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр
қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге
асадыЕңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде,
екінші тарап (сатып алушы) – жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың
өкілдері болады.
Еңбек рыногы – бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол
сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының
арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар – салалар
мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.
Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін
ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің
нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға
жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға
айырбасталынады.
Жұмыссыздық деп- халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін
қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті
түсініледі.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру,
әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары (жолдары)
мыналар:
• Жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;
• Жұмыс орындарына сұранысты реттеу;
• Мемлекетің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта
даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.
Баланстық құрылым жүйесі жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз етудің
әдістемелік құралы болып табылады, оның құрамына еңбек ресурстарының
балансы мен оларды тиімді пайдалану балансы; халық шаруашылығының аялары
мен салалары бойынша нақты еңбек шығындарының бөліну сипатын бұдан да
нақтырақ көрсететін еңбек балансы; шаруашылық қызметтің салалары мен аялары
бойынша қажетті сипаттайтын жұмыс орындарының балансы кіреді.
Барлық еңбек ресурстары, оның ішінде:
1. Экономикалық белсенді халық – жұмыс күші, халықтық тауарлар мен
қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігні. Оған
халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.
2. Экономикалық белсенді емес халық – халықтың дәл осы уақытта қоғамдық
өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.
Жұмыспен қамту проблемаларын шешетін бағдармалық-мақсатты тәсілдемеде
бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды
шешу жөніндегі іс-шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен қамту
бағдарламарын жасауда, онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс
күшінің бәсекеге жарамдылығын көтеру көзделген.
Жұмыспен қамту деңдейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту
жөніндегі іс-шаралар:
• Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ;
• Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі жұмыспен
қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;
• Жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта даярлау және
кәсіби даярлау;
• Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;
• Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзінде жұмысқа
орналастыру;
• Тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру, бос
орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерін және т.б. өткізу.
Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар департаменттері айналысады. ҚР
Халықты жұмыспен қамту туралы Заңына сәйкес қызметтің міндетіне мыналар
кіреді:
• Жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау әрі болжау;
• Еңбек нарығының жай-күйі жөнінде ақпарат жинау және ұсыну ;
• Бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш
жасайтын азаматтардың есебін жүргізу;
• Жұмысқа орналасу мен жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері,
мамандықтар мен қызметраларын керлерге қойылатын талаптар туралы мәселе
және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен байланысты басқа да мәселелер
бойынша кеңес беру;
• Жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету;
• Жұмыссыздарды тіркеу, жәрдемақы төлеуді қоса алғанда оларға көмек
көрсету, халықтың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын қарастырған
жұмыспен қамту бағдармаларын әзірлеуді ұйымдастыру; халықты жұммыспен
қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
• Азаматтарды кәсіби оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру.
Мемлекеттік органдар қызметті тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбек
нарығында коммерциялық бюролар, жеке агенттіктер мен лицензиясы болса,
ақылы негізде жұмысқа орналастыру жөөніндегі қызметтер көрсететін басқа да
ұйымдар жұмыс істейді.
Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі,
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарында
тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.
Мемлекет тарапынан жұмыссыздық проблемасына жете назар аударылады. Бұл
әрқашанда осылай болған және көз жетерлік келешекте де қандай да болмасын
түбегейлі өзгерістер орын алуы екіталай.
Кейнсиандық жұмыспен қамту теориясының қорытындыларына сәйкес, нарықтық
экономика жағдайында толықтай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, әрі оған
кепілдік беретін тетік жоқ.
Бұдан басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін жүйе болып саналмайтыны
және жоспарлы әрі мақсатты мемлекеттік реттеуді қажетсінетіні жөніндегі
негізгі ереже осы теорияның қорытындысының бірі болып табылады.
Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбір
азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегенді
білдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі екі бағытты:
1) жұмыссыздықтың деңгейі мен оның ұзақтығын реттеу;
2) жұмыссызжықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды
топтастырады.
Бірінші бағытты таңдау кезіндегі мемлекет міндеті нақты жұмыссыздықты
деңгейі жағынан да, ұзақтығы жағынан да табиғи жұмыссыздыққа айналдыру
болып табылады. Сөз жұмыссыздықтың әлеуметтік жарамды деңгейі туралы болып
табылады.
Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен түсіп
кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына
жасалатын кедергілерді доғару қажет, толық жұмыспен қамтылуды орнатудың
бос әурешілік әрекеттерін тоқтату керек.
Мәжбүрлі жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық, өңірлік, кезеңдік
және басқа да түрлеріне мемлекет енді басқаша қарай бастады. Міне, осы
жерде ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма деңгейіне дейін төмендете
отырып, өз реттеу әлеуетін толық түрде іске асыра алады.
Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мемлекеттің жұмыспен
қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгел қолдануға
құқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қарастыруға болады: реттеу әдістерінің
кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық
қаиынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен
инфляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика
құлдыраудың кері шеңберіне түседі.
Мемлекет адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін уақытын қысқыртып, бос жұмыс
орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осы шартты толық
сақтайды.

2.2 Жұмыссыздық деңгейі және халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы

Қазақстанның нарыққа көшуі жұмыс істеуге қабілетті адамдардың жұмыспен
қамтылуын төмендетіп жіберді. Жұмыссыздық көбейіп кетті. Жұмыс күшінің
көлеңкелі нарығы дамыды.
Қазақстанда қатарына жұмыс істеуге қабілетті жастағы оқушылар,
өндірістен қол үзіп оқып жүргендер, экономикалық қызметпен айналыспайтын
және оқымайтын жұмыс істеуге қабілетті тұрғындар, жұмыс істемейтін көп
балалы аналар, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да жұмыс істемейтін
адамдар енетін жұмыссыздардың үлесі 2011 жылдың соңында халықтың
жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрады. Қазіргі уақытта республикада 28,6
мың адам жұмыс істейтін 407 ұйым тоқтап тұр. 125,4 мың адам жұмыс істейтін
646 ұйым ішінара тоқтап тұрса, жұмыс істейтіндер саны 3,7 мың адамды
құрайтын 289 ұйым толық емес жұмыс күніне ауысқан.
Сонымен бір мезгілде, ауыл шаруашылығы ұйымдарын мемлекет иелігінен алу
процесінде азаматтардың өзінің қалауы бойынша кез – келген уақытта
пайдалана алатын шарттық жер үлесіне ие болғандықтан барлық жұмыс
істемейтін азаматтар, әсіресе ауылдық жерлерде толық мәнінде жұмыссыздарға
жатқызылмауы мүмкін.
Жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген азаматтардың орташа жасы 40 –45
жасты құрайды, 45 жастан асқан жоғары және арнаулы білімі бар әйелдердің
мамандығы бойынша жұмыс табу перспективасы жоқ. Ауылдық жерлерде, шағын
қалалар мен жұмысшы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс бастылық. Жұмыссыздық. Филлипс қисығы. Оукен заңы
Инфляция туралы
Жұмыссыздық деңгейін өлшеу мәселесі
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Инфляцияның түрлері
Инфляцияға қарсы күрес
Инфляцияның түрлері
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның себептері және түрлері
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Инфляцияның экономикалық мәні және пайда болу себептері
Пәндер