Еңбек нарығының теоретикалық аспектісі



Мазмұны


Кіріспе 3
1 Еңбек нарығының теоретикалық аспектісі 5
1.1 Еңбек нарығының пайда болуы және мәні 5
1.2 Еңбеқ нарығының құрылымы 7
1.3 Еңбек нарығын реттеудегі шетел тәжірибесі 9
2 Бөлу теориясы: өткені мен бүгіні. Бөлу принциптеріне теориялық көз . қарастардың эволюциясы 12
2.1 Жалақының мәні,түрлері мен жүйесі 12
2.2 Тұрғындардың табысы және оның құрылымы 15
2.3 Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың мәселелері 17
3 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының басты проблемасы 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе


Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Еңбек нарығы және табыстарды бөлу».
Курстық жұмыстың мақсаты – еңбек нарығының теоретикалық аспектісі жағынан қарастыру және оның Қазақстан Республикасындағы пайда болуы мен ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері жағынан жан-жақты қарастыру, және елімізде орын алған еңбек нарығы саласындағы мәселелерді талдау және оны жою жолдары қарастыру. Сонымен қатар курстық жұмыста бөлу теориясын, соның ішінде жалақы ұғымы, тұрғындардың табыстары сұрақтарын талдау және қарастыру орын алған.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі қазіргі замандағы орын алған жұмыссыздық мәселесі, ондағы тұрғындардың табыстарын бөлу сұрағының ерекше орын алуында көрінісін табады, сонымен бірге бұл мәселелердің алдын алу немесе жою үшін жалпы еңбек нарығын және Қазақстанның еңбек нарығының ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.
Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы еңбек нарығы ұғымы теоретикалық аспектісі жағынан қарасытырылды. Оның ішінде негізінен еңбек нарығы түсінігі, мәні, пайда болуы, құрылымы және шетелдегі тәжірибесі сұрақтарына тоқталып қарастырылды.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде бөлу теориясы қарастырылды, оның ішінде келесідей сұрақтардың талдануы орын алды: жалақының мәні,түрлері мен жүйесі, тұрғындардың табысы және оның құрылымы, тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың мәселелері.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстандағы еңбек нарығы қарастырылды.
Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі


1 Жүнісов Б. Мәмбетов Ұ. Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. Алматы- 1994 жыл. 645 б.
2 Бейсенов С. Инфраструктура рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
3 Бейсенов С. Рынок труда // Экономика и жизнь - 1992 г. – 521 б.
4 Вамек А. “Янтарь”: формируется рынок труда // Человек и труд - 1993 г. – 192 б.
5 Голодец О. Критическая ситуация на региональных рынках труда // Вопросы экономики - 1997 г. - № 2.
6 Дадашев А. Региональный рынок труда в России: формирование и эффективность управления. // Вопросы экономики- 1995 г. - № 5 - стр. 63-70.
7 Заславский И. Характеристика рынка труда. // Новая жизнь - 1995 г. 18.07
8 Конкина А. На рынке труда // Новая жизнь - 1995 г. - 18.07
9 Маслова И. Особенности российского рынка труда // Человек и труд - 1993 г. - № 3.
10 Подшибякина Н. Рынок труда и единое экономическое пространство // Человек и труд - 1993 г. - № 1.
11 Рынок труда: цифры и факты // Рудный Алтай - 1994 г. - 17 февраля. Трудовой поворот к рынку М. - 90 г.
12 Четвернина Т. Государственные и государственные приоритеты на рынке труда // вопросы экономики - 1997 г. - №2.
13 Шеденов . Ќ. Жалпы экономикалыќ теория Актөбе – 1999
14 Әубәкіров, Байжұмаев, Жақыпова, Табеев. Экономикалық теория, оқу құралы

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Еңбек нарығының теоретикалық аспектісі 5
1.1 Еңбек нарығының пайда болуы және мәні 5
1.2 Еңбеқ нарығының құрылымы 7
1.3 Еңбек нарығын реттеудегі шетел тәжірибесі 9
2 Бөлу теориясы: өткені мен бүгіні. Бөлу принциптеріне 12
теориялық көз - қарастардың эволюциясы
2.1 Жалақының мәні,түрлері мен жүйесі 12
2.2 Тұрғындардың табысы және оның құрылымы 15
2.3 Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың мәселелері 17
3 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының басты 23
проблемасы
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27



Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Еңбек нарығы және табыстарды бөлу.

Курстық жұмыстың мақсаты – еңбек нарығының теоретикалық аспектісі
жағынан қарастыру және оның Қазақстан Республикасындағы пайда болуы мен
ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері жағынан жан-жақты
қарастыру, және елімізде орын алған еңбек нарығы саласындағы мәселелерді
талдау және оны жою жолдары қарастыру. Сонымен қатар курстық жұмыста бөлу
теориясын, соның ішінде жалақы ұғымы, тұрғындардың табыстары сұрақтарын
талдау және қарастыру орын алған.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі қазіргі замандағы орын алған
жұмыссыздық мәселесі, ондағы тұрғындардың табыстарын бөлу сұрағының ерекше
орын алуында көрінісін табады, сонымен бірге бұл мәселелердің алдын алу
немесе жою үшін жалпы еңбек нарығын және Қазақстанның еңбек нарығының
ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.
Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы еңбек нарығы ұғымы теоретикалық
аспектісі жағынан қарасытырылды. Оның ішінде негізінен еңбек нарығы
түсінігі, мәні, пайда болуы, құрылымы және шетелдегі тәжірибесі сұрақтарына
тоқталып қарастырылды.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде бөлу теориясы қарастырылды, оның
ішінде келесідей сұрақтардың талдануы орын алды: жалақының мәні,түрлері мен
жүйесі, тұрғындардың табысы және оның құрылымы, тұрғындарды әлеуметтік
қорғаудың мәселелері.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстандағы еңбек нарығы
қарастырылды.
Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным.
Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-
әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл
тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ
тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде
теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш
күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша
өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс
орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп
отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл
кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды:
кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың
санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді
өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға
пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты
кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады.
Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі
қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң
бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана
мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Қазақстан Республикасының 2005 – 2007 жылдарға арналған еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру
бойынша мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының 2008-2010
жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
бағдарламасын әзірлеу.
Балалар еңбегінің мәжбүрлі және ең нашар түрлерін пайдалануға жол
бермеу және оларды жою мен балалар мен отбасыларға балама мүмкіндіктер беру
жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне мынадай міндеттемелерді
қабылдайды:
Еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен
қамту туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру,
ұйымдарда кешенді тексерулер жүргізу, ұйымдар мен салаларда кешенді
тексерулер өткізуде мемлекеттік атқарушы органдардың, қызметкерлер мен
жұмыс берушілер бірлестіктерінің өзара бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу кезінде қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен
және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен бірлесіп
консультациялар өткізу.
Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы іске асыруға жағдай туғызу
мақсатында әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, кәсіпорындардағы
еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі сапасын арттыратын, ұйымдарда апаттар
мен жазатайым оқиғаларға жол бермейтін жұмыс берушілерді экономикалық
ынталандыру шараларын әзірлеу;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша республикалық қоғамдық
байқаулар, сондай-ақ салаларда, ұйымдар мен кәсіпорындарда кәсіби шеберлік
конкурстарын өткізу.
Келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу арқылы қызметкерлердің және
олардың отбасы мүшелерінің санаторий-курорттық емделуін және демалуын
ұйымдастыру, бұқаралық туризм мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын
насихаттау үшін бұқаралық-спорттық іс-шараларды, спартакиадалар, туристік
слеттер мен фестивальдар өткізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.
Мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтарының іске
асырылуын қамтамасыз ету.
1 Еңбек нарығының теоретикалық аспектісі

1.1 Еңбек нарығының пайда болуы және мәні

Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит Халықтар
байлығы (1776 ж.) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен
байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам
өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық
маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде
жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс
факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт.
Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің тереңдеуі алға
қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық
құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш
күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты.
Бір топ (Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Мейнард
Кейнс,Милтон Фридман) ғалымдар еңбектің өндіргіш күшінің дамуының,
жетістігінің және ептілік пен зеректілігінің белгілі бір бағытта болуының
өзі оның бөлінісінің нәтижесінде көрінеді деген түйін жасайды.
Неміс идеологиясы атты еңбегінде К.Маркс және Ф.Энгельс осы
байланысқа анықтама бере отырып, ұлттың өндіргіш күштерінің даму деңгейінің
көрнектілігін ондағы еңбектің бөлінісі дәрежесінен білуге болады деп
көрсетеді. Осы тұжырымға қоса олар еңбек бөлінісі үрдісінің қоғамдық,
салалық және аумақтық астарларын да ғылыми тұрғыдан зерделеген болатын.
Сонымен қатар, кез келген қоғамдық-экономикалық жүйенің тауарлы шаруашылық
жағдайында қоғамдық еңбек жиынтығы жекелеген іс-әрекет және оның қосалқы
түрлеріне, сфераларға бөлінетіні туралы да алғашқы дәлелдемелерді ғылыми
еңбектерінде келтірген.
К. Маркстың пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты
өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н.Н. Баранскийдің
ұстанымында ол жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің
кеңістіктегі өзарабайланысы. Ал, профессор И.С.Судеревский еңбектің
аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумақтық
астары десе, П.М.Алампиев, В.Е.Комаров, В.М.Москвич және басқалар оны тек
жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған.
Осылайша, еңбек бөлінісінің күрделілігі әртүрлі жағдайлармен
түсіндіріледі және олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- адам еңбегінің көптүрлілігі, оның сұранысының жан-жақтылығы және
оларды бір технологиялық процесс базасында қанағаттандырудың мүмкін
еместігі;
- адам еңбегінің өндірімділігін арттыратын ғылым мен техниканың
жоғары деңгейде дамып, шаруашылық субъектілерінің әртүрлі өндіріс өнімін
шығаруға мамандануы;
- белгілі бір өнімді шығару үшін бір технологиялық үрдісте көптеген
еңбек түрлерінің кооперациялануы.
Қоғамдық өндіріс өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардан
тұрады. Өндірістік күштер жұмыс күшінен, өндіріс технологиясынан, өндіріс
құралдарынан (өндіріс заты мен құралы) тұрса, өндірістік қатынастар
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық бөліктерден құралады.
Өндірістік қатынастарға кіретін бөліктер еңбектің бөлінісін
(қоғамдық, салалық, аймақтық, халықаралық), өндірістің мамандануын
(технологиялық, салалық, аймақтық, тораптық және заттық) және өндірістік
байланыстардың кооперациясын (қарапайым және күрделі) қалыптастырады.
Соның ішінде еңбектің аумақтық бөлінісі қоғамдық еңбек бөлінісінің
түрлері мен нысандарында ерекше орын алып, оның мәні мен қоғамдық
ұдайыөндірістегі рөлі қоғамдық еңбек жиынтығының әралуан түрлерін
өзарабайланыста қарастыру арқылы толығырақ ашыла түседі.
Сонымен, еңбектің аумақтық бөлінісі аумақты басқарудың объективті
негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар
арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл
үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты
элементі.
Осыдан келіп пайда болатын маманданған экономикалық аудан туралы
пікірді аймақтанушы-ғалым Н.Н.Колосовский төрт негізгі топқа бөліп
көрсетеді:
- теориялық: экономикалық аудандастырудың қалыптасуының ғылыми
негіздері мен заңдылықтары;
- тарихи: экономикалық аудандастырудың даму тарихын ескеріп, ғылыми
ойлардың сол мемлекетте дамуы;
- әдістемелік: зерттелетін объектінің ғылыми әдістерін (тәсілдерін)
дайындау;
- қолданбалы: экономикалық аудандастыру теориясын тәжірибеде
пайдалану. Сонымен, аудандарда еңбек бөлінісі негізінде экономикалық
жүйелердің қалыптасу барысын зерделеудің мақсаты елдің өндіргіш күштерін
ұйымдастыруда ең жоғары тиімділікке қол жеткізу болып табылады. Осылайша,
еңбектің аумақтық бөлінісі өндірістің жекелеген салаларының белгілі бір
аумақтарда болуын және оған тән табиғи, климаттық, экономикалық
(географиялық орналасуы, жұмыс күшінің саны мен сапасы, шаруашылықтың
қалыптасу тарихы) ерекшеліктерін сипаттайды. Егер осы мәселелерді
жергілікті басқару және жергілікті шаруашылықпен байланыстыратын болсақ,
онда оның қалыптасу заңдылықтарын еңбектің аумақтық бөлінісімен ұштастыра
түсіндіруге тура келеді.
Әрине, еңбектің аумақтық бөлінісін оның салалық бөлінісінен ажырата
қарастыру белгілі бір шарттылықты талап етеді. Өйткені еңбек бөлінісінің
бұл екі түрі де өзара өте тығыз байланыста өрбитін құбылыс.
Сондықтан жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуын зерделегенде
аумақтық еңбек бөлінісінің жетекшілік рөлін ойда ұстағанмен, оның салалық
астарын да есепке алып отыру ләзім. Ол екеуінің кемелдену дәрежесі оның
еңбек бөлінісі деңгейімен анықталатындығын әлемдік тәжірибеден айқын көруге
болады. Осыдан барып еңбек бөлінісінің аталмыш түрлерінің өзі қандай
факторлардан туындайтыны жайлы сөз қозғалуға тиіс.
Осылайша, нарықтық экономикаға көшуге байланысты қоғамдық өндіріс
дамуының аумақтық факторларын күшейтпейінше, интенсивті экономикалық өсуге
қол жетпейтіні белгілі. Сондықтан еңбектің жоғарыда аталған аумақтық және
салалық бөлінісі мынадай басты бағыттарға негізделуі шартты болып табылады:
- салалық өндірісті аумақтың шикізат, энергия және еңбек ресурстарына
жақындастыру негізінде өндірістік күштерді орналастыру;
- экономикалық мақсатқа лайық салалық өндіріс сфералары қарым-
қатынасы тиімді болуы үшін өндірісті тұтынушыға жақын орналастыру;
- аймақты мамандандыру және олардың алдында тұрған әлеуметтік
мәселелерді шешудің материалдық негізі ретінде өндірісті және оның жеке
салаларын аумақтарға шоғырландыру;
- аймақта (қалада, ауданда, ауылда) шикізатты дайын өнімге дейін
жеткізетін өндірісті комбинациялау.
Осыдан келіп, еңбектің аумақтық бөлінісі аймақ өндірісінің басты
тетігі ғана емес, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын қуатты фактор
болып табылады деп қорытынды жасауға болады.

1.2 Еңбек нарығының құрылымы

Жалақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет
нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін
алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынгталандыру жолдары бар, атап
айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын
ескере отырып, еңбекақы төлеу туралы ережесін дербес әзірлей алады,
сондай ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін,
қызметкер туралы ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушуге
еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім – шартын жасау үшін ғана емес,
сондай ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлеу жеке
және ұжымдық еңбек нәтижесі юойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда
белгілеген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмау керек. Іс жүзінде
еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім
санына қарайақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).
Мерзімді еңбек ақы деп – нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының
(айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге
есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімділік еңбек ақының нысаны жай
мерзімділік және сыйақылық – мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) еңбекақы
есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша
еңбекақы сыйақылы – мерзімділік төлеу болып табылады.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет
иесінің (лауазымда адамының) айлығын белгіленген кезде жалақының минималды
деңгейін және бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде
құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік триф коэффициенті белгіленеді.
Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін
жіктеледі, ал қызметкердікі 2-21 ге бірыңғай тарифтік сетка бойынша
тарификацияланады. Бірыңғай мамандандырылған анықтама (БТМА) және
мамандандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарифкасын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін және әр түрлі машықтық – мамандандырылған
топтарындағы қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең
төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне
сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік –
мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды. Тарифтік –
мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және
оларға әртүрлі өндіріспен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.
Ал мамандандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін,
мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қаматамасыз етеді
Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде
әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді
(дана, ткм, кг тағы басқалар). Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбекақы
жүйесіне бөлінеді.
Кесімді сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады,
белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
Жанама кесімді еңбекаақы төлемі мұнда қосалқы және басқа да
жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскінің, цехтың негізгі
жұмысшылардың төлшем қысына шаққандағы процентімен анықталады;
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек
төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім
нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай
орындалуына белгіленген жлпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек
төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек
ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстан орындалу
мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету
үшін пайдаланылады.
Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған
тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді,
ал олар болмаған жағдайда – онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қоглданып
жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға бойынша белгіленеді. Еңбек
төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын
орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін. Мысал: еңбекақыны
төлеудің әр түрлі жүйесін пайдаланған кезде жалақыны есептеудің жолдарын
қарастырып көрсетейік.

1.3 Еңбек нарығы саласында шетел тәжірибесі

Елдің экономикалық потенциалы неғұрлым төмен болса, соғұрлым елдің
халықарлық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі жоғары болады.
Елдің моноресурстармен (мысалы, мұнаймен) жоғарғы дәрежеде қамтамасыз
етілуі елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысуына
қажеттілік тудырады.
Ел экономикасы құрылымындағы негізгі өнеркәсіп салаларының
(энергетика, металлургия, қағаз шығаратын сала) үлес салмағы.
Негізгі салалардың үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елдің
халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі төмен болады.
Осы аталған факторлар өзінің көрінуінде абсолютті емес екенін ескеру
керек. Олардың әсері мынадай жағдайда төмендеуі мүмкін, мысалы, жергілікті
өнімнің халықаралық бәсекелестік қабілеттілігінің өзгеруімен, экспорттық
шектелуімен.
Халықаралық еңбек бөлінісінің даму процесінде бастығы – бұл әрбір
қатысушының өзінің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуынан экономикалық
қызығушылық пен пайда іздеуі және табуы.
Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарына экспортталатын
тауарлардың халықаралық және ішкі бағалары айырмашылығынан және тиімді
импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.
Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысу барлық мемлекеттер
үшін пайдалы. Себебі, олар өндіріс құнының ұлттық және интерұлттық
айырмашылықтарынан табысты болады. Сонымен, құн заңы дүниежүзілік еңбек
бөлінісінің қозғаушы күші.
Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне қатысу адамзаттың бүкіл әлемдік
проблемалары - қоршаған ортаны қорғау, азық-түлікпен қамтамасыз ету,
ғарышты, мұхиттарды игеру т.с.с. жобаларды шешуге көмектеседі.
Мамандардың болжауы бойынша болашақта өнеркәсібі дамыған елдердің
өндірісі сыртқы тұтынушыға қарай бейімделеді де ішкі сұраныс импорт арқылы
қанағаттандырылатын болады.
Үстіміздегі ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзіне орасан зор саяси
экономикалық, әлеуметтік өзгерістер әкелді. Олар халықаралық еңбек
бөлінісіне елеулі әсер етті. Бұл әсерлер халықаралық еңбек бөлінісінің
интеграциялық қуатын бұрынғыдан да арттырып отыр.
Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының көрсеткіштері. Халықаралық еңбек
бөлінісінің даму процесі оның өзгеруінің қажеттілік мәселелерін алға қояды.
Халықаралық еңбек бөлінісін өлшеу үшін экономистер бірқатар
коэффициенттерді ұсынады. Олардың ішінде:
өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттық үлес салмағы;
экспорттың жалпы құнындағы саланың үлес салмағы;
мемлекеттің барлық өнеркәсібінің өсу қарқынымен салыстырғанда экспорттық
мамандану саласының өсу қарқыны.
Аймақтық деңгейде халықаралық еңбек бөлінісінің даму көрсеткіштері 
мыналар:
- әрекеттесуші елдердің қоғамдық өндірісінің өсуімен салыстырғанда
өзара тауар айналым өсуінің өзу коэффициенті;
- осы елдердің қоғамдық өндірісте өзара тауар айналымының үлесі;
- жалпы сыртқы сауда айналымының өсуімен салыстырғанда өзара тауар
айналым өсуінің озу коэффициенті.
Кейбір экономистердің ойынша халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі
көрсеткіштерін мыналар деп санайды: экспорттық, импорттық, және осыған
сәйкес сыртқы сауда квоталары, әр тауар бойынша елдің халықаралық саудадағы
үлес салмағы және т.б.
Халықаралық мамандану және өндірісті кооперациялау. Халықаралық еңбек
бөлінісінің ішкі құрылымы және оған сәйкес даму бағыттары бар. Өндірістің
халықаралық мамандануы және халықаралық кооперациялануы халықаралық еңбек
бөлінісінің ажыратылмайтын белгілері болып табылады.
Өндірістің халықаралық мамандануы екі бағытта, өндірістік және
территориялық болып өрбиді. Өз кезегінде өндірістік бағыт:
- салааралық;
- салалық;
- маманданған жеке кәсіпорындар болып үшке бөлінеді.
Өндірістік территориялық мамандануына:
- жеке елдердің;
- бірнеше елдер тобының;
- аймақтардың, дүниежүзілік нарық үшін белгілі тауарлар өндірісін
ұйымдастыруы жатады.
Өндірістің халықаралық мамандануы түрлеріне заттық (дайын өнім
өндіру), бөлшектік (өнімнің бір бөлігін жасау), технологиялық, яғни
технологиялық тізбектің жекелеген процестерін жүзеге асыру түрлері жатады.
Дүниежүзілік шаруашылық байланыста заттық мамандану түрлері ішінен ең
кең тарағаны – дайын өнім өндіруге мамандану. Дайын өнім өндіру бойынша
халықаралық мамандану – халықаралық еңбек бөлінісінің динамикалық нысаны.
50-60ж.ж. жетекші орында бастапқы сала деңгейінде (машина жасау, ұшақ
жасау, пластмасса өндіру, радиоаппараттар, подшипниктер және т.б. өндіру)
өндірістің халықаралық мамандануы алды. 70-80 ж.ж. ішкі салалық өндірістің
халықаралық мамандануы және әртүрлі тұтынушылық сипатқа ұқсас тауарлармен
айырбасы көзге түседі. ( мысалы, тері және резина аяқ киімі және т.б.)
Соңғы жылдары жекелеген өнімдерді өндіру бойынша мамандану дамуда.
Кәсіпорындардың жекелеген өнімдерді өндіруге мамандануы қазіргі ғылыми-
техникалық прогреске тікелей байланысты. Өндірістің технологиялық
құрылымының күрделенуі өнім өндіру үшін пайдаланатын бөлшектер мен
тетіктердің сандық мөлшерін көбейтіп жібереді. Мысалы: жеңіл автомобиль
шығаруға қажет бөлшектер мен тетіктердің саны 20 мыңға, прокат станында –
100 мыңға, электровозда – 250 мыңға жуықтады. “Вольво” шведтік автомобилін
шығаруға мамандану осыған мысал бола алады. Ресей тұтынушысы осы
автомобильді ала отырып, шын мәнінде шведтік таза өнімнің 13-н ғана
иемдене алады. Өнімнің 60% -ы Швециямен импортталған.
Технологиялық мамандану елдердің дайын өнімді бөлек операциялар
орындау арқылы шығаруы (яғни жеке технологиялық процестерде жүзеге асыру,
мысалы, құрастыру, пісіру, сырлау, бояу, құйма өндіру және т.с.с.), мысалы,
шетелден глинозем (топырақта болатын алюминий тотығы) және оның қорытпасын
жеткізу.
Өндірістің халықаралық мамандануы қоғамдық байланыстарды есепке ала
отырып даму керек. Бірақ та өндіріс тиімділігін жоғарылату және өндірістің
халықаралық мамандануының экономикалық  пайдалылығын жүзеге асыру үшін,
экономикалық мақсаттардың жүзеге асырылуына жету үшін, оны өндірістің
халықаралық кооперациялануымен толықтыру керек. Оның объективті негізіне
өндіргіш күштердің қарқынды дамуы арқылы мүмкін болатын ел ішіндегі, немесе
халықаралық деңгейдегі дербес кәсіпорындардың өзара тұрақты өндірістік
байланыстары жатады. Өндірістің халықаралық кооперациялануы фирмаларға,
өндіріске және айналымға кететін шығындарды азайтуға көмектеседі, яғни
өнімнің бәсекелестік қабілеттігінің жоғарлауы.

2 Бөлу теориясы: өткені мен бүгіні. Бөлу принциптеріне теориялық көз -
қарастардың эволюциясы

2.1 Жалақының мәні,түрлері мен жүйесі

Жалақы – еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі Қазақстан
Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу
кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және
жоғрғы днңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбектіматериалды
ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттыружың басты құралы болып,
қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға етеді.Жалақыны дифференциялау және оның
принциптері: Еңбек ақы деңгейі халық шаруашылығы саласына көбірек өзіндік
ерекшелігімен айқындалады, ол бес принципке негізделеді.
Бірінші принцип – еңбектің күрделігі. Күрделі білітілікті
(квалиффикацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құрайды және оған
еңбек ақы жоғары болуы тиіс.
Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және
ауыр: қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек
еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы
керек.
Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті
салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.
Төрінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи – климаттық
жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалық
аймақтарда аудандық коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде
қосылады.
Қазақстан Республикасының бұл коэффициент 1.15-ті құрайды. Демек,
елімізде барлық салаларда жұмыс істейтіндер жалақысына 15 % қосымша қосып
алады. Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы Қазақстан
Республикасы эконмика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы
қаулысына сай, жалақыны есептегенде қолданып жүрген салалық аудандық
коэффициенттер размері сақталады.Таулы құмды және сусыз жерлердегі жұмыс
үшін, экономикалық келенсіз аймақта тұратындарға коэффициенттер сақталады.
Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның
еңбек нәтижесімен байланысты.
Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері тарифтік жүйеде
белгіленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып,
тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама. Тарифтік сетка және
тарифтік өсім енеді.Тарифтік – квалификациялық анықтамаға шаруашылық
саласының көптеген жұмыс түрлерінің сипаттамасы мен тізімі кіреді. Жұмыстың
барлық түрі күрделілігіне қарай разрядқа бөлінеді және жүмыс атқарушының
білімі мен орындау іскерлігіне талпатар көрсетеді.
Тарифтік сетка кез клген салада маман еңбегінің біліктілігінің арасын
айқындауға қызмет етеді. Сетка белгілі сандық разрядтан тұрады және оған
сай келетін коэффициенттер болуы керек.
Тарифтікставка жұмыскердің разрядқа байланысты уақыт өлшемінде (сағат,
күн) еңбек ақы размерін айқындауғак қызмет жасайды.
Тарифтік коэффициент әртүрлі разрядтың ставкасы қанша ретке өскендігін
1-ші разряд ставкасымен салыстыра көрсетеді.
Ескерту:
а) жұмысшыларға разряд дипазоны 1-ден 8-ші разряд арасында;
б) мұғалімденрге 6-дан 13-ші разряд арасында;
в) Жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға 11-ден 21-ші разряд арасында.
Үкіметтің 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы Қазақстан Республикасы экономика
саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы Қаулысында 1996 жылы
қаңтардан бастап біркелкі тарифтік сетка (БТС) недірілген.
Халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлерге кәсіптік –
біліктілік топтар (разрядтар) боцынша біркелкі тарифтік сетка (БТС):
Қаулыда еңбек ақының минималды мөлшері көрсетілген. Жұмыс беруші
жімыскерге одан төмен төлемеуі керек. Біркелкі тарфтік жүйенің (БТЖ)
бірінші разрядының ставкасы осы минимумды көрсетеді.
Осылайша еңбек ақы бюджеттік ұйымдағы жұмыскерлерге (жоғарғы оқу орны,
мектеп, аурухана) төленеді. Кәсіпорындағы жұмысшыларға 2-ші мен 8-ші разряд
аралығы қолданылады.
Мемлекеттік емес кәсіпорында тарифтік ставканы, тарифтік коэффициентті
және лауазымды қызметкердің айлығын кәсіпорын өз шешімімен белгілейді.
Мемлекеттік тарифтік жүйе жұмысты тарификациялау процесінде жай бағыт
сілтеу үшін керек, және әртүрлі біліктіліктегі (квалификациядағы)
жұмыскердің минималды жалақысын белгілеуге қажет:
Қазіргі кезде барлық әлемдік қауымдастық елдерінде жалақының негізінен
екі түрі қолдаылады: мерзімді және кесімді. Біздің елдің жағдайында олардың
әрқайсысы жүйелерге жіктеледі.
Мерзімді жалақы нақты істелген жұмыс уақытының шамасынас байланысты
төленеді.
Кесімді жалақы қажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай
төленеді. Жұмыскерлердің еңбегін нормалау мен есептеу қиынға түскенде
мерзімді жалақыны қолданылады.Шығарылған жеке өнім (табыс) жұмыскердің
өзіне ғана емес бүкіл технологиялық процеспен (мысалы, химиялық тұтқаның
операторы, ашытқаны шығаратын оператор т.б.) байланысты болғанда мерзімді
жалақы қолданылады. Мерзімді жалақы инженер-техник жұмыскерлерге,
қызметкер, краншы, электрик, наладчиктер т.б. төленеді.
Өнімнің сандық мөлшерін өндірістік бөлімше мен операцияларда ұлғайту
қажет болғанда кесімді жалақы ендіріледі.
Номиналды жалақы – жұмыскердің өзінің еңбегіне алатын ақшалай сомасы.
Жұмыскер өзінің номиналды жалақысына бүгін және ертең қандай тауарды,
қызмет көрсетуді қандай мөлшерде жасай алуын нақты жалақыға жатқызамыз.Осы
құбылыс нарыққа өту кезінде және қарқынды инфляцияда қатты сезіледі. Егер
ақшалай (номиналды) жалақы өспесе, баға өссе, онда ол жалақыны төмендетумен
пара-пар. Осындай құбылыс тарспорт қызметіне, байланысқа, тұрғын үй-тұрмыс
қызметіне баға өскенде және салық өскенде болады.
Кесте 1 - Жалақының түрі мен жүйесі
Жалақының түрі
мен жүйесі Төленетін ақының сипаттамасы

1 Мерзімді түрі:
А) жай мерзімді ИТЖ-ның (ИТР) жұмыс істеген уақыты үшін, жұмысшыларға
тарифтік ставка бойыеша төленетін жалақысы.
Ә) ИТЖ-ға айлықтан басқа, ал жұмысшыларға тарифтік ставкадан
мерзімді-сыйлықтыбасқа сыйлықтар беріледі.


2 Кесімді (жеке және ұжымжық) түрі:
А) тікелей
кесімді Әрбір өнім мөлшері бірдей бағамен төленеді.
Ә) кесімді - Сапс, үнемдегені үшін және (жұмысты) өнімді артық
сыйлық орындағаны үшін сыйлық қосылады.
Б) кесімді Әрбір шығарған затқа норманы артық орындағаны үшін ақы
прогрессивті прогрессивті өсім бағамен төлнеді.
В) ұжымдық- Металлургия, өндірісінде, легтік автомобиль жасауда
кесімді құрастыру желілерінде қолданылады. Әрбір бөлімше, желі
мүшесінің жалақысы барлық ұжым өндірген өнім көлеміне
байланысты.
Г) аккордық жүйеБұл жүйе бойынша ақы төлеу жұмысшылардың бір немесе
жалақысы кесімді топтарына әуелден жалақының жалпы сомасы оьбект, агрегат,
жалақының жұмыс көлеміне байланысты көрсетіледі.
өзгерген түрі
болып табылады.

Тұрғындардың ақшалай табысын индексациялау негізінде оларды әлеуметтік
қорғау қажеттілігі туады. Тұрғындардың ақшалай табысын тұтыну тауарынап
және қызмет көрсетуге бағаның өсуіне байланысты индексациялау Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес. 1991 жылы 1-ші шілдеден бастап. Қазақстан
территоиясында әрбірквартал санын ақшалай табысы индексациялануы қажет.
Кәсіпорында техникалық, жабдықтау өскенде және дамыған технологияны
қолданғанда жалақының қалыптасқан (қалыпты) түрін пайдалану азая түсіп,
жұмысшының еңбегі кесімді немесе мерзімді ставкасы бойынша төленді.
Жалақының бұл түрлері жеке жалақы вариантымен әр түрімен ауыстырылады.Жеке
жалақы да әр жұмыскердің бағалау негізінде, оның өзіндік үлесіне, атқарған
ұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауы ескеріледі. Мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Территориялды еңбек мобильділігі миграция ретінде
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Қазіргі ғылым философиясының ұғымы
Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері
Іс-әрекет ұғымы
Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
Жастар социологиясы
Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы
Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасуы
“Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланысын жақсарту механизмдері”
Пәндер