Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан



Кіріспе 2
1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан 3
1.1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика 3
1.2 Қазақстанның экономикалық.географиялық және табиғи нышандары 8
1.3 Қазақстан Республикасының кеңес кезеңіндегі экономикалық дамуына қысқаша шолу 10
2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасы 14
2.1 Қазақстанның әлем елдерімен сыртқы саудасы 15
2.2 Қазақстанның мұнай.газ өнеркәсібі бойынша экономикалық талдау 17
2.3 Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы 24
Қорытынды 29
Әдебиеттер тізімі 32
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы тұрақты сипатта болып отыр. Мамандардың айтуы бойынша еліміз өтпелі кезеңнен өтіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ үкіметі Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныды. Қазақстан экономикасы ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда. Бірақ бұл орайда біздің елде шешілмеген бірқатар мәселелер бар екенін айта кеткен жөн.
Қазақстанда қалыптасқан экспортқа бағытталушы шикізат моделі - ішкі сұранысты жанар-май энергетикалық ресурстардың қызметі қамтамасыз етуіне әкелді. Бұл бағыт экономиканы әлемдік нарық коньюнктурасына тәуелді етіп қана қоймай, елімізді экономикалық прогрестен алшақтатты. Экономиканың өңдеуші салалары артта қалып, өндірісте диспропорциялар қалыптасты. Сол себепті республикада импортығыстыру саясатын қолданудың объективті қажеттілігі туындады.
Тақырыптың өзектілігі мынада болып отыр. Ғаламдану және интеграция жағдайында Қазақстан әлемдік аренада өз орнын табуы үшін экономиканы басқа сарынға бұруы қажет. Яғни негізгі салалар арасында байланысты қалпына келтіріп, тиімді экономикалық модель бойынша даму бағытын таңдау. Ал бұл өз кезегінде импортығыстыру арқылы экспортқа бағытталған экономикалық модельмен даму жолы.
Менің бұл жұмысты жазудағы мақсатым - еліміздің маңызды экономикалық салаларындағы импортығыстыру саясатының іске асырылу байыптап, Қазақстанның әлемдік экономикадағы алатын орнын анықтай отырып, оның дамуының келешегіне көз жіберу.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында көптеген қызықты мәліметтер алып, мәселенің маңыздылығы мен мәнін тереңінен түсіндім.
1. ВТО в системе мирохозяйственных связей. // Евразийское сообщество № 3 (31) 2000 Салимбаева Р. Страница 82
2. Данные института экономических исследований Министерства индустрии и торговли РК
3. Конференция вступления РК в ВТО: Проблемы и перспективы. Алматы 7 октября 2002
4. Программа развития региона Шелкового пути (тренинг вступления в ВТО: опыт Китая и Кыргызстана) Астана 2002
5. Рабочее совещание по вопросам присоединения РК к ВТО. Астана апрель 1999
6. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Алматы, 1997.
8. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі: тұрақты дамуға тигізетін салдарлары, Алматы, 2003 ж.
9. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы: 2002
10. Казахстан в современном мире (статистические данные)/Сост. Т.Ж.Жумасултанов. – Алматы, 1992
11. Канамори Х. Экономика Японии: современное положение и перспективы развития//Экономист.- №17.-1992
12. Отчет по ИЧР за 1992 г. ПРООН ООН
13. ҚР Президентінің Ұлттық валютаны енгізу туралы жарлығы. –1993, 12 қараша
14. Статистический бюллетень Министерства финансов РК. №9.-1999

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және
Қазақстан 3
1.1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика 3
1.2 Қазақстанның экономикалық-географиялық және табиғи нышандары 8
1.3 Қазақстан Республикасының кеңес кезеңіндегі экономикалық дамуына
қысқаша шолу 10
2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасы 14
2.1 Қазақстанның әлем елдерімен сыртқы саудасы 15
2.2 Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі бойынша экономикалық талдау 17
2.3 Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы 24
Қорытынды 29
Әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы
тұрақты сипатта болып отыр. Мамандардың айтуы бойынша еліміз өтпелі
кезеңнен өтіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ үкіметі Қазақстанды
нарықтық экономикалы ел деп таныды. Қазақстан экономикасы ТМД елдері
бойынша алдыңғы қатарда. Бірақ бұл орайда біздің елде шешілмеген бірқатар
мәселелер бар екенін айта кеткен жөн.
Қазақстанда қалыптасқан экспортқа бағытталушы шикізат моделі -
ішкі сұранысты жанар-май энергетикалық ресурстардың қызметі қамтамасыз
етуіне әкелді. Бұл бағыт экономиканы әлемдік нарық коньюнктурасына тәуелді
етіп қана қоймай, елімізді экономикалық прогрестен алшақтатты. Экономиканың
өңдеуші салалары артта қалып, өндірісте диспропорциялар қалыптасты. Сол
себепті республикада импортығыстыру саясатын қолданудың объективті
қажеттілігі туындады.
Тақырыптың өзектілігі мынада болып отыр. Ғаламдану және
интеграция жағдайында Қазақстан әлемдік аренада өз орнын табуы үшін
экономиканы басқа сарынға бұруы қажет. Яғни негізгі салалар арасында
байланысты қалпына келтіріп, тиімді экономикалық модель бойынша даму
бағытын таңдау. Ал бұл өз кезегінде импортығыстыру арқылы экспортқа
бағытталған экономикалық модельмен даму жолы.
Менің бұл жұмысты жазудағы мақсатым - еліміздің маңызды экономикалық
салаларындағы импортығыстыру саясатының іске асырылу байыптап, Қазақстанның
әлемдік экономикадағы алатын орнын анықтай отырып, оның дамуының келешегіне
көз жіберу.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында көптеген қызықты мәліметтер алып,
мәселенің маңыздылығы мен мәнін тереңінен түсіндім.

1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және
Қазақстан

1.1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика

Әлеуметтік-экономикалық үрдістердің интернационализациясы және әлемдік
экономиканың глобализациясы жағдайында экономикалық өсуді тек экспортқа
бағыттап әлемдік шаруашылыққа интеграциялану арқылы ғана жетуге болады.
Глобализация артықшылықтарын пайдалана білген елдер ғана экономикасын
дамыта алады. Алайда глобализация үрдістеріне қосылу дамитын және дамыған,
экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің арасындағы экономикалық алшақтықтықты
көбейтеді.

Экономикалық және технологиялық жағынан ел неғұрлым бай болған сайын,
ол глобализациядан көп артықшылықтарды алады. Ғылыми-техникалық, өңделген
өнімді экспорттап шикізатты импорттай отырып, дамыған елдер әлемдік
шаруашылықта жасалған қосылған құнның көп бөлігін иемденеді.
Планетамыздың ең бай 20% халқына әлемдік табыстың 83%-ті келеді,
қалған 80% халыққа 17% табыс, ең кедей бөлігіне 1,4 % табыстың үлесі тиеді
екен. Ең бай 20% елдер мен ең кедей 20% елдердің арасындағы алшақтық 1960
жылы 30:1, 1990 жылы 60:1, ал 2000 жылы 100:1 болды. Постиндустриалды әлем
азаматтарын қалған халықпен салыстырғандағы номиналды жылдық табыстары 1960
жылы 5,7 мың доллардан 1993 жылы 15,4 мың долларға өсті. Нәтижесінде
глобализация әсерінен бірнеше мемлекет әлемдегі өндіріс пен тұтыну үлесінің
маңызды бөлігін қамтып өзінен төмен жағдайдағы елдерге саяси және
экономикалық қысым көрсетпей-ақ оларды бақылап отыр.

Кесте 1.
1995 ж. Елдер топтары бойынша жалпы әлемдік өнімнің бөлінуі

Көрсеткіштер Барлығы Табысы жоғары елдерде
жоғары орташа төмен
Жалпы әлемдік өнім, трлн. 24 19,2 3,6 1,2
доллар,% 100 80 15 5
Елдер саны 132 24 63 45
Халық,% 100 13,5 31,5 55
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, 4300 23200 200 324
доллар
Бір жұмысбастыға шаққандағы ЖІӨ,9700 51318 5714 836
доллар
Жан басына шаққандағы тұтыну, 2714 14800 1440 236
доллар
Жан басына шаққандағы жалпы 1470 3650 520 84
инвестициялар, доллар
Жан басына шаққандағы экспорт 700 3600 410 50
көлемі, доллар
Жан басына шаққандағы ИИК, 450 2350 250 32
доллар

Кесте 1 мәліметтері көрсетіп тұрғандай 24 дамыған елге ЖІӨ-нің көп
көлемі, тұтыну, инвестициялардың, экспорттың маңызды бөлігі келіп отыр.
Постиндустриалды елдерде табыстың 15 бөлігі экспортқа тәуелді болса,
дамушы елдерде 13 бөлігі тәуелді. Дамыған елдерде экспорттық квота 5-8%,
ал Бразилияда 18%; Мексикада 23,5%; Қытайда 21,9%; Индонезияда 21,9%;
Оңтүстік Кореяда 26,8%; Сингапурде 132,9%. Дамушы елдер дамыған елдерге
қарағанда үлкен экспорттық квотаға ие бола тұра, постиндустриалды елдерге
қарағанда төмен табыс алады. Мысалы Қытай экспортының құны Бельгиядан
төмен.
Екіншіден, интернационализация және глобализация тұрғысында аймақтану
үрдісі жүріп, әр түрлі әлемдік нарықтан тәуелсіз интеграциондық топтар
құрылып жатыр.
Глобализация мен аймақтану бір үрдістің нәтижесі болса да жиі-жиі бір-
біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген елдер соңғы жылдары топтанып ішінара
экономикалық ареалдар құрып жатыр. Интеграциялық топтың мүддесін қорғау
қалған әлемдік шаруашылық мүддесінен маңызды болып отыр. Мұндай топтар ӘСҰ,
БҰҰ сияқты ұйымдардың нұсқауларын қабылдамауы да мүмкін.
Көбіне ішінара интеграциялық топтарды постиндустриалды елдер құруға
тырысады. Ю.Шишковтің ойынша бұл аграрлі және мұнай өндіруші елдерде жоқ,
ол дамыған экономикалардың құрылымды түрде бір-бірімен толықтыруымен
байланысты. Мысалы Европалық Одақ және НАФТА-ны алсақ болады. Бұл
топтардағы сауда үлесі жыл сайын ұлғаюда. ЕО-та елдер негізінен экспортқа
бағытталған тауарлар өндірісіне маманданғанымен, операциялардың көп бөлігі
аймақ ішінде болады.1958 жылы ЕО-та сауда айналысы 36% болса, бүгінгі күнде
ол 74%. 26,б.75-78 20-шы ғасырдың 90-шы жылдары ЕО-тың сыртқы саудасында
Оңтүстік-Шығыс Азия мен Жапонияның үлесі 13%, Латын Америкасының үлесі
2,5%, Африка елдерінің үлесі 2,8%. Интеграциялық үрдіс тереңдей берген
сайын ЕО-тың АҚШ-тың импорттық тауарларынан тәуелділігі азайды. 1970 жылы
АҚШ-тың ЕО-қа экспорты оның жалпы экспортының 25%-ін құраса, 1998 жылы ол
19,6% боды. Қазір бұл көрсеткіш ...14,7%. Бұл әрине ЕО экономикасына
әлемдегі дағдарыстарға максималды төтеп беруіне мүмкіндік беріп отыр.
Мұндай саясатты НАФТА-да ұстанып отыр. АҚШ, Канада және Мексика арасындағы
сауда операциялары бұлардың барлық сыртқы саудасының 49,1%-ін құрап отыр.
Канада және Мексика АҚШ-қа 74% және 69,3% экспортын бағыттайды және 67% пен
68% импорттайды. АҚШ-тың сыртқы саудасында НАФТА қатысушыларының үлесі
46,3%. Мұндай экономикалық жүйелердің құрылуы арнайы сауда саясатын жүргізу
арқылы пайда болды. Яғни топ ішіндегі елдер арасында кедендік бөгеттерді
алып тастап, өндірісі ішкі нарықта бар және сұранысты қанағаттандыратын
немесе ұлттық монополиялардың мүддесін қорғайтын басқа елдер тауарларына
портекционистік саясат жүргізу. Протекционистік саясат алдымен номиналды
орташа кедендік тарифтен 2 есе артық қойылым қою, тарифтік эскалация
жүргізілумен байланысты. Соңғы жылдары кедендік емес бөгеттер қолдануда,
яғни импортты лицензиялау, мемлекеттік сатып алу, сандық шектеу.
Интеграциялық топтар қолданатын протекционистік бөгеттер бұл топтарға
кірмейтін дамушы және экономикасы өтпелі кезеңдегі елдерге 100 млрд. доллар
шығын келтіреді. Бұл сома дамыған елдер дамушы елдерге көрсаететін көмектен
2 есе артық.
Сонымен бірге ЕО және НАФТА елдері аймақтық мүдделерді қорғауды басқа
елдерден импортқа қатысты белсенді импортығыстыру саясатын жүзеге асырады.
Сауда бөгеттерін алып тастау преференциалды сауда аймақтарының пайда
болуына әкелді. Мұндай саясат ЕО және НАФТА-ның өз экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және басқа елдерден тауарлар мен
қызметтердің енуінен сақтау үшін қолданылды.
Нәтижесінде әлемдік жалпы өнімнің үлкен бөлігі жергілікті қауымдастықтар
шегінде өндіріледі, мысалы европалықтар сатып алатын автокөліктердің 80%
-ті Европада жасалған. АҚШ-та бұл көрсеткіш 85%. Мұндай көрсеткіштер
химиялық, металлургиялық және электротехникалық өнеркәсіпте, қызмет көрсету
саласында және құрылыс саласында орын алып отыр.
Аймақтық топтар шегіндегі импортығыстыру тәуелділікті төмендетіп, ішкі
тұтынымды ғылыми-техникалық және инновациялық өніммен өз өндірісі арқылы
қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл постиндустриалды елдер алғашқы және төмен
технологиялық өнеркәсіп өнімдері нарығын үшінші елдерге бәсеке үшін ашса,
интеграциялық топ шегінде жоғары технологиялық өндіріс нарығын белсенді
түрде қорғайды деген сөз. Мұндай тендецияны ғылыми зерттеулерге кеткен
инвестициялар көлемінен байқауға болады. Мұндай мақсаттарға ЕО және НАФТА
елдері, сонымен бірге Жапония жыл сайын 400 млрд. доллар құртады. Мұның
42,8%-ті АҚШ пен Канада үлесінде. 90 жылдары Латын Америкасы мен Африка бұл
соманың 1%-ін ғана осындай мақсаттарға жұмсайтын. Нәтижесінде “Үлкен
жетілік” мүшелері жоғары технологиялық өндірістің 90,5%-ін, әлемдегі
компьютерлік техниканың 80,4%-ін қамтамасыз етеді. 1993 жылдың соңына
тіркелген 3,9 млн. патенттің 87%-ін осы елдер бақылайды. Американ
интеллектуалдық меншігінің шетелге сатылуы 1986 жылы 8,1 млрд. доллар
болса, 1995 жылы 27 млрд. долларды құрады, технологиялар импорты өссе де
6,3 млрд. доллардан аспады, сауда балансының оң сальдосы 20 млрд. доллар
болды.
Сонымен қазіргі әлемдік нарық тенденциялары постиндустриалды елдердің
глобалды нарықты құруға қатысқысы келмей, қалған әлемнен тәуелділігін
төмендету және жоғары технологиялық өнімді импортығыстыру арқылы
аймақтануға бағытталумен сипатталып отыр. Бұл әрине дамушы және экономикасы
өтпелі кезеңдегі елдерде интеграциялық құрылымдарға және импортығыстыруға
қажеттілікті көрсетіп отыр.
Алайда дамушы елдер тиімді интеграциялық топтар құрып, үлгі көрсетіп
отырған жоқ. Ұлттық экономикалардың өзара интеграциялануға қабілеті олардың
құрылымды түрде бір-бірін толықтыра алатындығымен байланысты. Дамушы
елдердің құрылымдары ұқсас болғандықтан олар толықтырушы емес бәсекелес
сипатта болып табылады. Экспорттық ресурстардың шектеулілігі, төмен
сапалылық өзара сауданы шектейді. Көбіне дамушы елдер интеграциясы
формальді болып келеді. Мұндай жағдай посткеңестік кеңістікте байқалады.
Формальді түрде қол қойылған көптеген келісімдер ТМД елдерінде өндірілген
тауарлардың бірегей салық салу тәртібінің құрылуына, капитал мен қызмет
және жұмысшы күшінің еркін қозғалуына әкелмеді.

1.2 Қазақстанның экономикалық-географиялық және табиғи нышандары

Біз әлем экономикасының глобализация кезеңіндегі даму үрдістері мен
топтар құра отырып интеграциялану арқылы бәсекелестігін көтеруде екендігін
біршама зерделедік. Ендігі сөзді қазіргі кезеңдегі Қазақстанның жағдайына
тоқталу арқылы жалғастырамыз.
Территориясы жағынан Қазақстан Республикасы әлемдегі ең ірі
мемлекеттер қатарына жатады. Оның көлемі 2724,9 мың шаршы км. болып,
әлемнің екі құрығына орналасқан, көбі Азияда және аз бөлігі Еуропада.
Территориясы бойынша ТМД елдерінде 2-ші, дүниежүзінде 9-орында тұр. Әлемде
одан ірі мемлекеттер қатарына Ресей (17075), Канада (9976), АҚШ (9809),
Қытай (9560), Бразилия (8510), Австралия (7713), Үндістан (3290) және
Аргентина (2770) кіреді. Кейбір географиялық оқулықтарда Қазақстанға Батыс
Еуропа еш қиындықсыз орналаса алады деп айтылған еді. Қазақстанның
төмендегідей елдермен ортақ шекаралары бар: Ресеймен (шекара ұзындығы 6467
км); Өзбекстан (2300 км); Қытай (1460); Қырғызстан (980); Түркменстан
(380). Каспий теңізі бойынша Иран және Әзербайжанмен (теңіз шекарасы 600
км) көршілес болып отыр.
Елдің географиялық орналасуы дүние жүзілік шаруашылыққа енудің маңызы
факторы екені белгілі. Ал Қазақстанның геоэкономикалық жағдайына мамандар
түрлі баға беруде. Біреулері оны әлемдік мұхитқа шығатын жолы
болмағандықтан, әлемдегі ең арзан халықаралық транспорт – мұхиттық
тасымалдауды пайдалану мүмкін еместігін сәтсіз деп санауда. Басқалары
керісінше, ел Еуразия құрлығының ең ортасында тиімді орналасып, одан елеулі
экономикалық пайда ала алады деп есептеуде. Шынында Қазақстан бір-бірімен
қатынастары осы территория арқылы жақын болатын, бірнеше дамыған және таз
дамып келе жатқан аймақтар ортасында орналасқан. Бұл экономикалық
байланыстарға бір жағынан Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс және шығыс пен
Оңтүстік-Шығыс Азия арасында, екінші жағынан (шығыс-Батыс транспорттық-
коммуникациялық коридоры) Ресеймен Солтүстік Еуропа, Орта және Оңтүстік
Азия (Солтүстік-Оңтүстік транспорттық-коммуникациялық коридоры) кіреді.
Сөйтіп Қазақстан әлемдік мұхитқа шығатын жолы болмағанымен, халықаралық
темір жол, автомобиль, әуе және құбыр тасымалдау мен коммуникациялық қызмет
көрсетудің зор потенциалына ие болып отыр.
Халқы. 1999 жылдың қаңтарында халықаралық талаптарға сәйкес,
Қазақстанда соңғы жүргізілді. Соның нәтижесінде 15048,8 мың. Нақты және
14952,4 мың тұрақты өмір сүретін адамдар тіркелген. 1999 жылы халықтың 1
шаршы км-ге. орташа тығыздығы 5,5 адам болды. Сөйтіп, Қазақстан әлемнің
халқы ең сирек орналасқан мемлекеттерінің бірі болды. Көптеген дамушы
елдерге қарағанда, еліміздің халқы соңғы онжылдықта тұрақты түрде азаюда.
1989 жылы Қазақстанда 16199,2 мың халқы болса, 1999 жылы ол 7,7 пайызға
қысқарды. Егер экономикалық өсу қарқынды болған жағдайда, мемлекетіміз
еңбек ресурстарының тапшылығына кезігуі мүмкін. Басқа жағынан қарағанда,
экономикалық даму үшін пайдалы фактор ретінде Қазақстанда халық білімділігі
мен кәсіптік-мамандану деңгейінің жоғарылығын атап кету керек. 1996 жылы
Әлемдік Банк жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша, ер жеткен
азаматтардың білімділігі 97,5 пайыз. Ал ОЭСР (нарықтық экономикасы бар
өндірісі дамыған елдерде) - 96 пайыз, ал Қазақстан кіретін орта табысы
бар елдерде – 79 пайыз ақ болды. 90 жылдар ортасында Қазақстанда білімге
жіберілген орташа жылдар саны 11,4 жыл болды. Бұл көрсеткіш әлемдегі жоғары
көрсеткіштерінің біріне жатады.
Бірақ Қазақстанның негізгі үміті – оның уникалды табиғи ресурстары.
Әдетте бірінші кезекте пайдалы қазбалар аталады, бірақ бүгінгі халқы көп
әлемде, тиімсіз табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан, елдің негізгі
байлығы – жер ресурстары болып табылады. Республикамыздың 34 бөлігінен
астамы ауылшаруашылық өндірісі үшін жарамды болып, оны тиімді пайдалану
Қазақстанды ірі ауылшаруашылық аймағының біріне айналдыруы мүмкін. Әрине
бұл үшін уақыт пен керекті экономикалық шарттар қажет. Ал жақын
болашағымызға көз салсақ, шынында ол уникалды пайдалы қазбалар
ресурстарымен байланысты.
Ел территориясы әлі де толық зерттелмегеніне қарамастан, бұл жерде
көптеген пайдалы қазбалар қорлары табылды. Мұнайдың мүмкін қорлары 10-нан
22 млрд. Тоннаға дейін, табиғи газ 2 трлн. м3 аса мөлшерде бағалануда.
Хром рудасы қоры бойынша Қазақстан ОАР (ЮАР)—дан кейін екінші орында,
Вольфрам (әлемдік қордың 30 пайыз), қорғасын (19 пайыз), марганец (30
пайыз), мырыш, күміс қорлары бойынша бірінші орында тұр. Алтынның қоры
бойынша әлемдегі алтыншы орында. Одан басқа Қазақстанда көмірдің (4,5
млрд.т.б.); темір рудасы (әлемдегі 6 орын); уран (әлемдің қордың 25
пайызын), полиметалл рудалары, фосфориттер және тағы басқа пайдалы
қазбалардың бай қорлары быр. Барланған негізгі пайдалы қазбалардың
баланстық қорларының болжамдық құны 11 трлн. АҚШ долларына бағалануда.
Сондықтан Қаазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінде өз пайдалы
қазбаларына үміт артуы кездейсоқ емес. Бұл Хекшер-Олин теориясына сәйкес
келеді.

1.3 Қазақстан Республикасының кеңес кезеңіндегі экономикалық дамуына
қысқаша шолу

Қазіргі дәуірдегі Қазақстанның экономикалық дамуы КСРО-мен тығыз
байланысты. Өндірістің алғашқы нышандары Ресей империясының құрамында
пайда болып, 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан үлкен елдің
экономикалық құрылымына кіріп, соның сапында дамыған еді. Әлемдік
экономика мен КСРО экономикасында біз қандай орын алдық?
Бұл сұраққа ешқашан да толық жауап ала алмаспыз, өйткені жоғарыда
айтылғандай, одақтас республикалар ХЭҚ субъектілері болмағандықтан,
статистикалық мәліметтер жоқ. Әрине жыл сайын “КСРО халық шаруашылығы”,
“Қазақ КСР” және тағы басқадай сияқты анықтама-мәліметтер басылып тұрды.
Сол арқылы біздің республикамыздың экономикалық даму динамикасын, экономика
құрылымын, салалар бойынша салыстырмалы ара салмағының өзгеруін анықтауға
болады. Бірақ бұл жинақтарда КСРО соңғы жылдарына дейін басқа республика
мен мемлекеттермен салыстыру үшін жүргізуге макроэкономикалық көрсеткіштер
жарияланған жоқ еді.
Бірақ басты қиындық статистикалық мәліметтердің аздығы емес, КСРО-ғы
экономикалық көрсеткіштердің нарық экономикасы бар елдерден өзгеше
болғанында, ал сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттік монополия
болды. Сондықтан одақтас республикалардың сыртқы экономикалық байланыстары
одақтық сыртқы экономикалық ведомстволарының "“алып қазанына” түсіп,
одақтас республикаларға бөлінбей, жалпы одақтық есеп берумен өткен еді.
КСРО-да экономиканың салыстырмалы талдауы жүргізілген жоқ деп айтуға
болмайды. Мұндай талдау КСРО-да ғана емес, көптеген шетел институттарында
да жүргізілген. “Екі әлемдік жүйенің экономикалық жарысы” атты жинақтан
бізді қызықтырған сұрақтарды зерттеуімізге болады. Бірақ есептеу
методологиясындағы өзгешеліктерге байланысты, макроэкономикалық
көрсеткіштер әртүрлі методикалар бойынша есептелді, ал сомның
конвертенбеуі, онсыз да сенімсіз есептеулерді одан ары қарай бұрмалады.
Сондықтан салыстырмалы экономикалық көрсеткіштер, талдау жасаушылардың
мүддесіне сәйкес бұрмаланып отырды.
Әрине республиканың экономикалық даму деңгейінің шындап талдауы
Қазақстанда болған жоқ. Бізде тек “Қазіргі әлемдегі Қазақстан
(статистикалық мәліметтер)” басылымы бар. Онда көптеген экономикалық
көрсеткіштердің салыстырмалы мәліметтері келтірілген. Бұл кітап 200 дана
көлемімен шығарылып және кейбір физикалық көрсеткіштердің абсолютті
сандарына байланысты қызықтырады. Ал экономикалық дамуды басқа елдермен
салыстыруға қажетті жинақталған экономикалық көрсеткіштер жоқ.
Әрбір одақтас республиканың жалпы одақтық экономикаға нақты салымын
анықтау республикалардың “өз” ресурстарын пайдалану мен экономиканы
басқарудың бейорталықтандыру мәселесі қойылған 1988-1989 жылдары басталды.
Бұл мәселе бізге КСРО тарихында алғашқы рет республикалардың КСРО
экономикасында ғана емес, халықаралық деңгейдегі орны туралы айта алатын
аналитикалық мәліметтері жағынан қатысы болып отыр.
Оның ішінен біз тек үшеуін көрсетеміз: В.Болотин “Кеңес Одағы: бұрынғы
15 одақтас республикалардың соңғы статистикалық сипаты” (МЭ и МО, 1993,
С.141-159); А.Илларионов “Бұрынғы одақтас республикалар әлемдік жүйенің
экономикалық координаттарында” (Вопросы экономики 1992 № 4-6, С.122);
Петраков Н.Я. “Экономика, саяси шешімдер доминанты ретінде (аймақтық
аспект)” (Экономика и математические методы, 1992, № 5-6). Бұл мәселелер
туралы басқа материалдар жоқ деуге болмайды, бірақ біздің пікірмізше,
белгілі, беделді үш экономистің де еңбектері халықаралық салыстырмалы
экономикалық талдау методикаларын пайдаланып, әр түрлі қорытындыларға
келгендігімен құнды болып отыр.
Елдің экономикалық даму деңгейі адам басына шаққандағы ЖҰӨ (ЖІӨ)
көлемімен өлшенетіні белгілі, А.Илларионов есептемелері бойынша ЖІӨ-нің
Қазақстандағы көлемі 3433 доллар болды, ал В.Болотиндікі 5400 доллар.
Бірдей мағлұматтарды пайдаланғанымен, екеуінің арасындағы алшақтық зор
екенін көріп отырмыз. Біздің пікірмізше, В.Болотин есебі шындыққа көбірек
сәйкес келетін сияқты. Ол біздің экономикалық потенциалымызды жоғары
көрсеткенімен ғана емес, жанама дәлелдермен де құпталады. Мысалы, Жапония
экономикалық зерттеу орталығының төрағасы Хисао Канамари 1990 жылы Кеңес
одағының адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемін (ағымдағы бағамен) 9363
долларға, 1980 жылдары 5244 долларға бағалады. Халықаралық қайта құру мен
даму банкі (әлемдік банк) біздің ел үшін бұл көрсеткішті 1992 жылы 4200
долларға бағалады. (Бұл экономикада құлдырау кезінің 4-жылы болған).
Сондықтан адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемнің 80-жылдар соңында 5400 доллар
болуы – объективті көрсеткіш. Осындай көрсеткішпен Қазақстан қазір орта
жоғары табысы бар елдер қатарына кірер еді.
КСРО-дағы Қазақстанның орнына келетін болсақ, Кеңес Одағында
республикалар жоғары, орта және төмен дамыған топтарға бөлінген. Бірінші
топқа Балтық республикалары, Ресей, Украина, Белорусия, дамымағандар
қатарына Орта Азия республикалары, ал қалғандары, оның ішінде Қазақстан
орташа дамығандар қатарына кірген. Бірақ бірқатар көрсеткіштер негізіндегі
салыстырмалы талдау кезінде КСРО сапында Қазақстан жоғары дамыған
республикалар қатарына кіргенін көрсетті. ЖІӨ көлемі бойынша Ресей,
Украинадан кейін 3-орында болып, Беларусь пен Өзбекстанды артта
қалдырғанбыз. Адам басына шаққандағы табыс бойынша Эстония, Латвия, Литва,
Беларусь, Ресейден кейін 6-орында болып, еңбек өнімділігі бойынша
Украинамен 6-7 орынды бөліскен еді.
Егер жекелеген салалар дамуының индексін алсақ, бізде ауылшаруашылық,
құрылыс, транспорт пен байланыс, сауда, қызмет көрсетуден одақтық орташа
көрсеткіштен жоғары болды. Қазақстанның әлсіз жері өнеркәсіп болған.
Өнеркәсіптің дамуы бойынша Молдавамен 6-7 орынды бөліссек те, оның индексі
жалпы одақтық көрсеткіштің 70 пайызына ие болған еді. Сөйтіп Қазақстан КСРО
құрамында экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары дамыған
республика болып табылды.
Бірақ 1989 жылдан бастап өндіріс тоқырау басталып, 1992 жылдың
экономикалық реформалары басталысымен экономиканың құлдырауына әкелді. Әр
түрлі бағалар бойынша Қазақстан 90-жылдары өзінің экономикалық
потенциалының жартысын жоғалтты.

2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасы

Қазіргі кезде Қазақстанда нарық қатынастарының негіздері
қалыптастырылып, өндіріс салыстырмалы деңгейде тұрақтанды. Әлемдік
экономикада Қазақстанның үлесі өте аз: халқы жағынан 0,25 пайыздай, ЖІӨ,
экспорт пен импорт бойынша 0,1 пайыздай. Сондықтан, ол кейбір шикізат
тауарларынан басқа, халықаралық рыноктарына әсер ете алмайды. Мүмкін ХХІ
ғасырдың бірінші жартысында ондай тауар көп қоры бар шикі мұнай болатын
шығар деп топшылаймын.
Қазіргі кезде Қазақстанның ірі сауда серіктестері Ресей (оның үлесінде
экспорттың 34 пайызы, импорттың 46 пайызы), Украина, Өзбекстан болып
табылады. ТМД шекараларынан тыс Қазақстан Ұлыбритания, Германия, Қытай,
Италия, Түркия мен Оңтүстік Кореямен елеулі сауда-экономикалық байланыстары
бар.
Менің негізгі тоқталайын деп отырғаным Қазақстанның қазіргі әлемдік
экономикадағы мұнай-газ саласынан алатын орны жөнінде болмақ. Өйткені осы
саладағы Қазақстан экономикасының жағдайы едеуір дәрежеде тез өсіп дамып
келеді. Тек осы саланың өзі біздің елдің экономикасының негізгі ұстыны
десем қателесе қоймаймын. Мұнай бағасының өсу үрдісі сақталып отырған мына
кезеңде бұл өнеркәсіп саласының маңызы біздер үшін арта түсуде.

2.1 Қазақстанның әлем елдерімен сыртқы саудасы

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше зор.
Егемендiк алған жылдардан берi Қазақстан дүние жүзiнiң 180-нен астам елiмен
сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесiнде Қазақстанның сыртқа шығаратын
және сырттан бiзге алып келетiн тауарлардың (қаржы түрiндегi) көлемi жылдан-
жылға өсiп келедi. Бiр қуанарлық нәрсе, республиканың экспортқа шығаратын
тауары импорттан асып отырғандығында болып отыр. Мысалы, 1995 ж. экспорт
импорттан 1 млрд. 250 млн. доллар көлемiнде асып түскен, немесе 64 пайызға
өскен. Сол жылы оның алдындағы 1994 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсiп
кешенi өнiмiнiң экспортын 2,5 есе арттырды. Сөйтiп, ол импорттан алғаш рет
1,7 есе асып түстi. Ал 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемi 14 млрд.
АҚШ долларынан асты.
Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 пайызы ТМД елдерiнiң
үлесiне, 23-24 % Еуропа елдерiнiң (35 ел), 13 % Азия аймағы елдерiнiң
үлесiне тиедi. Ескере кететiн бiр нәрсе - сауда көлемi Батыс Еуропа
елдерiнде арта түсiп, Шығыс Еуропа (бұрынғы социалистiк мемлекеттер)
елдерiнде едәуiр кемiп бара жатқаны байқалады. Батыс Еуропаның қалтасы
қалың инвесторлары үшiн Қазақстан кәсiпорындарының есiгi барған сайын
айқара ашылып келедi. Алдағы кезде Еуропа Сыртқы сауда бiрлестiгiне
мүшелiкке өтетiн болады. Мiне, сол кезде Еуропа Одағына кiретiн елдермен
екi арадағы сауданың бұдан да кең өрiс алуына қолайлы жағдайлар туатыны
сөзсiз.
Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарларының басты түрi металл (34 %),
мұнай, газ, көмiр, минералдық тыңайтқыш (35 %), азық-түлiк тағамдары (12 %)
қалғандары химия тауарлары (9 %), транспорт құралдары, приборлар және
аппараттар (5 %). Оның басым көпшiлiгiн бұрынғы одақтас республикалар сатып
алады.
Қазақстан басқа елдерден отын-энергетика ресурстарын (27 %),
машиналар, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары, приборлар және аппарат
құралдары (26 %), химиялық тауарлар (10 %), азық-түлiк (11%) алады. Сырттан
алынатын тауарлардың 75 %. ТМД елдерiнен келедi. Бiзбен негiзiнен сауда
iстейтiн елдер Ресей (57 %), Түркменстан (7 %), Белоруссия, Германия,
Қытай, Түркия (3 %), Украина, Моңғолия, Финляндия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай - газ саласындағы импортығыстыру саясаты
Жаһандану
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
Жаһандану: мәні мен бастаулары
Глобализацияның негізгі қасиеттері
Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Жаһандану жағдайы
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Глобализация теоретиктерінің өздері
Пәндер