Бюджет табыстарының есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім. Кірістер туралы жалпы түсінік ... ..4.15
1.1. Кіріс бюджеттік есептің ең маңызды объектісі
1.2. Бюджеттік құрылым және түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлу
2 бөлім. Табыстар есебінің мәні,
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.22
2.1. Кірістердің түрлері және олардың мәні
2.2. Кірістер есебінің ұйымдастырылуы және кірістер бойынша толтырылатын құжаттар
3 бөлім. Кірістер есебінің жүргізілуі ... ... 23.26
3.1. Табыстар (кірістер) бойынша жүргізілетін операциялар
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..28

Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ...1.
Республикалық бюджет әрқашан экономика мен әлеуметтік ораны дамытуға ықпал жасайтын маңызды құралдар мен экономикалық иін болып табылады. Осындай ықпалдар мемлекеттің басқарылуымен берілетін ақша құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақша құралдарының түсімдері мен қолданулары айрықша экономикалық форма, яғни бюджеттің кіріс бөлігі жалпы мемлекеттік салық есебінен құралады. Олардың Қазақстан Республикасында 5 түрі бар. Олар: қосымша құн салығы, акциздер, жеке және заңды тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық және жер қойнауын қолданушыларға арналған салықтармен арнайы төлемдер. Республикалық бюджеттен 1997 жылғы барлық кірістер, сондай-ақ кеден төлемдері де «Салықтың түсімдері» деп аталатын категорияға біріктірілді.
Бюджеттік табыстар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік органдардың қарауына түсетін және Қазақстан Республикасының субъектілерімен жергілікті басқару кезінде өздеріне жүктелген функцияларды атқаруға арналған ақша қаражаттары.
Мемлекеттік кірістер арқылы материалдық базаның атқарылуын қамтамасыз етілуіне арналған мемлекеттің меншігіне түсетін барлық құралдар процестері, яғни экономикалық жүйе қатыстары көтерілді.
Кірістер – кәсіпорынның коммерцияның делдалдық және басқа да мақсатты қызметтердің, сонымен қатар туарлардың және қызметтердің қайта өңделуінің белгілі бір дәреженің қортындысы болып табылады.
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджет табыстары болып табылады.
Кірістер қаражаттармен тығыз байланысты болатын, күрделі экономикалық санат (категория) болып табылады. Кірістер – бұл құралдардың шығындарымен байланысты белгілі бір қызметтердің қортындысы болып саналады. Жергілікті салықтар мен түсімдер бюджеттің кіріс көздері болып саналады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Орал Қаржы – Экономикалық колледжі.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы; Бюджет табыстарының

есебі

Орындаған:

Тексерген: .

Орал – 2008

Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 бөлім. Кірістер туралы жалпы түсінік ... ..4-15

1.1. Кіріс бюджеттік есептің ең маңызды объектісі

1.2. Бюджеттік құрылым және түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлу

2 бөлім. Табыстар есебінің мәні,
ұймдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-22

2.1. Кірістердің түрлері және олардың мәні

2.2. Кірістер есебінің ұйымдастырылуы және кірістер бойынша толтырылатын
құжаттар

3 бөлім. Кірістер есебінің жүргізілуі ... ... 23-26

3.1. Табыстар (кірістер) бойынша жүргізілетін операциялар

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . .28

Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ...1-

Кіріспе

Республикалық бюджет әрқашан экономика мен әлеуметтік ораны дамытуға
ықпал жасайтын маңызды құралдар мен экономикалық иін болып табылады.
Осындай ықпалдар мемлекеттің басқарылуымен берілетін ақша құралдарын
қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақша құралдарының түсімдері мен
қолданулары айрықша экономикалық форма, яғни бюджеттің кіріс бөлігі жалпы
мемлекеттік салық есебінен құралады. Олардың Қазақстан Республикасында 5
түрі бар. Олар: қосымша құн салығы, акциздер, жеке және заңды тұлғалардан
алынатын жеке табыс салығы, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
салынатын салық және жер қойнауын қолданушыларға арналған салықтармен
арнайы төлемдер. Республикалық бюджеттен 1997 жылғы барлық кірістер, сондай-
ақ кеден төлемдері де Салықтың түсімдері деп аталатын категорияға
біріктірілді.
Бюджеттік табыстар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
мемлекеттік органдардың қарауына түсетін және Қазақстан Республикасының
субъектілерімен жергілікті басқару кезінде өздеріне жүктелген функцияларды
атқаруға арналған ақша қаражаттары.
Мемлекеттік кірістер арқылы материалдық базаның атқарылуын
қамтамасыз етілуіне арналған мемлекеттің меншігіне түсетін барлық құралдар
процестері, яғни экономикалық жүйе қатыстары көтерілді.
Кірістер – кәсіпорынның коммерцияның делдалдық және басқа да
мақсатты қызметтердің, сонымен қатар туарлардың және қызметтердің қайта
өңделуінің белгілі бір дәреженің қортындысы болып табылады.
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджет табыстары
болып табылады.
Кірістер қаражаттармен тығыз байланысты болатын, күрделі
экономикалық санат (категория) болып табылады. Кірістер – бұл құралдардың
шығындарымен байланысты белгілі бір қызметтердің қортындысы болып саналады.
Жергілікті салықтар мен түсімдер бюджеттің кіріс көздері болып саналады.

1 бөлім Кірістер туралы жалпы түсінік.
1.1. Кіріс бюджеттік есептің ең маңызды объектісі.

Кіріс- бюджеттік есептің ең маңызды объектісі болып табылады. Кіріс
есебінің міндеттері ол; уақытында кіріп түскен кірістер жөніндегі
ақпараттар беру және бюджеттік кірістер бөлігін бақылау. Сонымен қатар
төлем тәртібін сақтау мен бекіту. Себебі, ол қаржыландырудың басты шығысы
болып келеді.
Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері бойынша кіріс
түріне капиталмен жасалатын операциялар кірісі жатады. Ол 15,5 %
ставкасында төленеді. Капиталмен жасалған операциялар кірісі деп
аталатын категория екі түрге бөлінеді: бірінші түріне негізгі капиталдың
сатылуы, екінші түріне мемлекеттік қорлардағы тауарлардың сатылуы жатады. 1
класс кірістердің 70%-ін құрайды, ал қалған 30%-і кірістердің 2 кассына
жатады.
Республикалық бюджет кірісінің басқа маңызды бабы болып 2-ші категория
салықтық емес төлемдер табылады. Олар кіріс құрлымында 10% құрайды.
Салықтық емес түсімдер 3 түрге бөлінеді: бірінші түріне іскерлік түсімдер
жатады. Олар кірістің шамамен 64%-ын құрайды. Осы кірістердің құрлымында
салықтық емес көздер қалыптастырылады. Салықтық емес түсімдердің 2-ші
класына әкімшілік төлемдер жатады. Олар шамамен алғанда 7%-ке жуық болып
келеді. Мұнда мемлекет бекіткен барлық тәлемдер, сондай ақ комерциялық
емес сатудан түсетін табыстар кіреді. Берілген категорияның соңғы классы-
бұл салықтық емес мінездегі кіріс құрамында 29%-ке жуық төленетін салықтық
емес түсімдер. Мұнда келіп түсулер бюджеттік қор – табиғатты қорғау қорына
келіп түседі. Бұл қор қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер және
Қазақстан Республикасыныңтабиғатын қорғау үшін арналған. Ол заң актілеріне
сәйкес штраф санкцияларын төлеуден құралады. Республикалық бюджетке келіп
түсетін түсімдеріне кіріс категориясынан бөлек – Алынған ресми
трансферттер жатады. Ол бюджеттің барлық кірісінен 0,5% түрінде төленеді.
Заңға байланысты ресми трансферттер ішкі және сыртқы ресми тансферттер
болып бөлінеді. 1997 жылға арналған Республикалық бюджетте олар сыртқы
көздер түрінде қсынылған. Барлық кірістнердің республикалық және жергілікті
бюджеттері міндетті түрде бырыңғай бюджеттік сыныптама бойынща
топтастырылуға тиісті. Бұл сыныптама бірыңғай белгілер бойынша кірістердің
жүйелі экономикалық группасынұсынады. Осыған байланысты бюджетте төрт
категория қалыптасады. Олар кірістердің түрлері болып табылады. Мысалы
бірінші категория- бұл салықтық түсімдер, екінші категория – салықтық емес
түсімдер және т.б. Кірістер категориясы немесе түрлері санаттарға бөлінеді.
Мысалы бірінші категория келесі санаттарға: жеке табыс салығы; мүлік
салығы; тауар, қызмет және жұмысқа салынатын ішкі салық; халықаралық
ссудаға байланысты салықтар.
Жеке және заңды тұлғаларға арналған жеке табыс салығы салықтың
негізгі түрінің бірі болып табылады. Жекетабыс салығын төлеушілерге
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел мемлекеттерінің және азаматтығы
жоқ адамдар жатады. Заңды тұлғаларға резиденттер (Қазақстан Республикасының
ұлттық банкісінен басқа) және жеке тұлғалар жатады.Қазақстан
Республикасының территориясында кіріс ретінде еңбекке төленетін төлем
есебіненалынған кіріс жиыны табылады. Осы кезде жеке табыс салығы салынатын
кірістер құрамына ақшалай және басқа да құралдар кіреді. Олар қызмет етіп
жүрген заңмен қаралады. Жеке және заңды тұлғалардан ұсталынатын жеке табыс
салығы бойынша жеңілдіктер салық заңдарында қарастырылады. Жеке табыс
салығы бойыншаәкімшілік жағдайлар табыс туралы декларацияны беру тәртібін,
салықтарды ұстау тәртібін, салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке
түсіру тәртібін қарастырады.
Тауарлар мен көрсеткен қызметтер үшін алынатын салық ҚҚС-иен өте
тығыз байланысты. Бұл салықтың түрі басқа салықтарға қарағанда бюджетке
түсетін кірістердің көбін құрайды, шамамен 20%-ін. Жалпы алғанда бұл
салықты ҚҚС-ға жатқызуға болады.
ҚҚС-ның объектісі болып айналым және импорт табылады, ал
төлеушілері болып осы салық бойыншаміндетті түрде есепте тұрған заңды және
жеке тұлғалар табылады. Осы жағдайда айналым мөлшері тауарлардың, жұмыс
пен қызметтердің құны бойынша есептеледі. Белгілі бір тауардың
реализациясы бойынша, жұмыстар мен қызметтер, сондай ақ ҚҚС төлеуден
босатылған импорт түрлері заң актілерімен қарастырылады. Сонымен қатар
республикалық салық жүйесіне кіретін жаңа салық болып бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар салығы жатады. Бұл салыққа бағалы қағаздарды сатып
алу – сату бойынша операциялар мен эмиссияны жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалар жатады. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар,
вексельдер және т.б. жатады.
Республикалық салық жүйесіне кіретін бюджетке келіп түсетін
салықтың басқа түрлеріне жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық
жатады. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық арнайы төлемдер мен
салықтар түрлері мен мөлшері негізінде жүзеге асады. Салықтың түрлері мен
мөлшері сәйкесті келісім шартта жер қойнауын пайдаланушылар мен Қазақстан
Республикасының Үкімет органы арасында құрастырылады. Жер қойнауын
пайдаланушылар бонустар, рояльти және еңбекақыдан ұсталынатын салықтар
кіретін арнайы төлемдермен, салықтармен есеп шығаруда жүзеге асырады.
Бонустар - жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шартқа
белгілінген тәртіп пен мөлшерін ақшалай түрде төлейтін жер қойнауын
пайдаланушылардың төлемдері. Бонустар мен тояльтидан басқа жер қойнауын
пайдаланушылар еңбекақыдан салықты төлейді. Осы салықты төлеудің объектісі
болып жер қойнауын пайдаланушылардың таза табысының сомасы табылады.
Пайданың ішкі нормасын анықтау Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан
бекітіледі. Еңбекақыдан ұсталынатын салық ставкасы таза табысқа % түрінде
белгіленеді.

1.2 .Бюджет құрлымы және түсімдерді бюджет деңгейлері
арасында бөлу.

Кірісте, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер, сондай ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің
табыстары (түсімдері) болып табылады.
Жалпы бюджет құрлымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Кірістер:
А) салықтық түсімдер;
Б) салықтық емес түсімдер;
В) негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
Г) ресми трансферттер түсімдері;
2. Шығындар:
3. Операциялық сальдо
4 Таза бюджеттік кредит беру:
А) бюджеттік кредиттер;
Б) бюджеттік кредиттерді өтеу
5. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
А) қаржы активтерін сатып алу
Б) мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
6. Бюджет тапшылығы:
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру:
А) қарыздар түсімі
Б) қарыздарды өтеу
В) бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Кірістерге жақынрақ тоқталатын болсақ:
1. Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке
өтеусіз негізінде берілнтін, қайтарылатын сипатта болмайтын және
мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Бюджет Кодексіне және
Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке
есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады. Салықтық түсімдер
– Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген салықтар және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
2. Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде
белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсеиін түсімдерге
жатпайтындардан басқа, Бюджет Кодексінде және Қазақстан Республикасының
басқа да заң актілерінде бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын
төлемдер, сондай ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізінде
берілетін ақша қаражаттары.
3. Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін табыстар болып
табылады:
А) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті
сатудан түсетін ақша;
Б) мемлекеттік материалдық резервтерден тауарларды сатудан түсетін
табыс ақша;
В) мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан
немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан
Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген
жағдайларда жер учаскілерін, өзге құқықтық нысаналарды өткізуден түсетін
ақша;
Г) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін
ақша;
4. Ресми трансферттер түсімдері – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер
түсімдері.
Кірістердің жаңа түрлерін, қолданылып жүргендердің күшін жою немесе
оларды өзгерту Бюджет кодексінде міндетті түрде өзгертулер немесе
толықтырулар енгізіле отырылып жүзеге асырылады.
Нысаналы ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердң нысаналы мақсаты
болмайды. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) өткізуденг түсетін табыс ақша тиісті бюджетке есептелуі тиіс.
Еге Қазақстан Республикасының заң актілерінде мемлекеттік мекемелердің
өздерінің негізгі қызметтеріне жатпайтын, төленетін ақшаның міндетті
сипаты болмайтын әрі жеке және заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын
тауарларды өткізу құқығы көзделген болса, мұндай тауарларды өткізуден
түсетін ақша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалуы мүмкін.
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды)
өткізуінен түсетін өздерінің иелігінде қалған ақша Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен пайдаланылады.
Негізінде бюджет құрамының бірнеше деңгейлері болады. Олар:
Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала Астаналық, аудандық.
Түсіндірме табыстарды осы деңгейлерге байланысты бөледі.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер:

1. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер:
-корпорациялық табыс салығы;
-қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстармен
көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағында
импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
-Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының
аумағанда импортталатын тауарларға акциздер;
-газ конденсатын қоса алғанда ішкі мұнайға акциздер;
-үстеме пайызға салынатын салық;
-экспортқа шығарылатын ішкі мұнайға салынатын рента салығы;
-бонустар
-рояльти
-Қазақстан Республикасының жасаған келісім шарттары бойынша өнімді
бөлу жөніндегі үлесі;
-жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары ақылы
автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүрі өткені үшін
алым;
-телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиотипілік спекторын
пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;
-теңіз, өзен кемелерімен шағын көлемді төлемдерді мемлекеттік тіркеу
үшін алынатын алым;
-дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
-азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін төленетін төлем;
-радиоэлектрондық құралдарды және жоғары құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым;
-қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төленетін
төлем;
-радиожиелік спектірін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
-республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;
-республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
-жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
-кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
-кеден баждары;
-кеден бақылауынан және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін
түсімдер;
-отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;
-консулдық алым;
-Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін
бергені үшін мемлекеттік баж;
-мемлекеттік тіркеу нөмірінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
-мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариоттық іс әрекет
жасағаны үшін алынатын салық мемлекеттік баж болып табылады;

2. Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер:
Республикалық меншіктен алынатын кірістер;
А) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің
түсімдері;
Б) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің таза табысы бөлігінің
түсімдері;
В) Республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне
дивиденттер;
Г) Республикалық меншіктегі заңды тұлғалар үлесіне кірістер;
Д) Республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден алынатын
кірістер;
Е)екінші деңгейдегі банктердің штаттарында мемлекеттің сыртқы
қарыздарының қаражатын орналастырғаны үшін және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банктегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша
сыйақылары;
Ж) қару – жарақ пен әскери техниканы сатудан түсітін кірістер;
З) Республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
-республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін түсімдер;
-республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша
түсімдері;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай ақ Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің бюджетінің (шығыстар сметасынан) қамтылатын
және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар,
санкциялар, өндіріп алулар;
- республикалық бюджеттен түсетін салықтық емес басқа да түсімдер болып
табылады;
3. негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер:
-республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге
бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін;
-мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан түсетін;
-мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша
болып табылады;
4. Республикалық бюджетке ресми трансферттердің түсімдері:
-облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінен түсетін ресми трансферттер;
-Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
түсетіннысаналы трансферттер болып табылады.
5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің
республикалық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, үкіметтік қарыздардан
түсетін түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.

Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
1.Облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:
А) блыстық маслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке
табыс салығы;
Б) облыстық маслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша
әлеуметтік салық;
В) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем;
Г) облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп
өткені үшін алынатын алым;
Д) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген
белдеуіндегі сыртқы жарнама орналастырғаны үшін алынатын алым;
Е) жнр үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін алынатын алым;
Ж) орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
З) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны
үшін төленетін төлем болып табылады.
2. Облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер:
А) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;
-облыстық әкімдіктің шешімі бойыншақұрылған коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындардың таза бөлігінің түсімдері;
-облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне
дивиденттер;
- облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне
кірістер;
- облыстық коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсім;
-облыстық бюджеттен берілген крелиттер бойынша сыйақылар;
-уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
- облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
Б) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыс, қызмет) өткізуінен түсетін түсімдер;
В) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар мен өткізуден түсетін түсімдер;
Г) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріліп алулар;
Д) облыстық бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер болып
табылады.
3. облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп
берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан
облыстық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
4. Облыстық бюджетке түсетін ресми трансферттердің түсімдері:
- аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен түсетін ресми
трансферттер;
- республикалық бюджеттен түсетін ресми трансферттер болып табылады;
5. облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден мемлекеттің облыстық
коммуналдық меншіктегі қаржы активтерін сатудан, облыстық жергілікті
атқарушы органдарының қарыздарынан түскен түсімдер облыстық бюджетке
есептелінеді.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне
түсетін түсімдер.
1. Республикалық маңызы бар қала , астана бюджетіне түсетін түсімдер:
А) жеке табыс салығы;
Б) әлеуметтік салық;
В) жеке тұлғалар, кәсіпкерлер мен заңды түлғалардың мүлкіне салынатын
салық;
Г) жер салығы;
Д) бырыңғай жер салығы;
Е) жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық
Ж) мыналарға:
- Қ.Р-ның аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
- Қ.Р-ның аумағында өндірілген алкоголь өнімдеріне;
- Қ.Р-ның аумағында өндірілген құрамында темекі бар басқа да бұйымдар;
- Қ.Р-ның аумағында өндірілген бекіре және қызыл балық уылдырығына;
- Қ.Р-ның аумағында шығарылған атыс және газ қаруына (мемлекеттік билік
органдарының мұқтаждықтары үшін сатып алынғаннан басқа);
- ойын бизнесіне;
Лоторея ойынын ұйымдастыруға және өткізуге;
- Қ.Р-ның аумағында шығырылған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін
арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
- бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
З) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
И) орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
Л) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем;
М) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны
үшін төленетін төлем;
Н) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем,
К) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
П) аукциондардан алынатын алым;
О) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын
лицензиялық алым;
Р) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
С) республыкалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттік
автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым;
Т) консулдық алымнан және республикалық бюджеттің есебіне алынатын
мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;
У) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілерге құқықтарды
мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
Ф) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алынатын алым;
Х) қалалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген
белдеуінде және елді мекендерде сыртқы ( көрнекті ) жарнаманы
орналастырғаны үшін төленетін төлем болып табылады.
2. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін салықтық емес
түсімдер;
А) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;
- республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша
құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің
түсімдері;
- республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншіндігіндегі
мемлекеттік акциялар пакетіне дивиденттер;
- республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі
заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
- республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарының
шешімдер бойынша өткізілетін мемлекеттік лотореялардан түскен кірістерден
түсімдері;
- республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің
мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
- республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
- уақытша бас бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған
сыйақылар;
- жер учаскесін жалдау құқығын сатұаны үшін төлейтін төлем,
- республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіне
түсетін басқа да кірістер;
Б) республикалық маңызы бар бар қаланың, астананын бюджетінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемемелердің тауарлары (жұмыстар,
көрсетілген қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер;
В) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар мен
өткізуден түсетін ақша түсімі;
Г) республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджетінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріліп
алулар;
Д) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін салықтық
емес басқа да түсімдері болып табылады.
3. Негізгі капиталды сатудан респуликалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджетіне түсетін түсімдер (табыстар);
А) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік
мүлікті сатудан түсетін ақша;
Б) жер учаскілерін сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
4. Республикалық бюджеттен түсетін ресми трансферттер республикалық маңызы
бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін ресми трансферттертердің түсімдері
болып табылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген
кредиттері өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық
меншігіндегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түсетін
түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне есептеледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер.
1. Аудан (оьлыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері.
1) Облыстық мәслихат белгіленген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке
табыс салығы;
2) Облыстық маслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша
әлеуметтік салық;
3) Жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне
салынатын салық;
4) Мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін спирттің барлық
бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін темекі бұйымдарына;
Қазқстан Респуьликасының аумағында өндірілетін құрамында темекі бар басқа
да бұйымдарға;
Қазқстан Респуьликасының аумағында өндірілетін бекіре және қызыл балық
уылдырығына;
Қазқстан Респуьликасының аумағында шығарылған атыс және газ қаруына
(мемлекеттік билік органдарының мұқтаждары үшін сатып алынған басқа) ;
Ойын бизнесіне;
Лоторея ойынын ұйымдастыруға және өткізуге;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңіл автомобильдерге
(мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден
басқа) ;
Бинзинге (авиациялық бинзинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
8) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
9) жеке кәсіпкерлерді тіркегені үшін алынатын төлем;
10) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
11) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
12) аукциондардан алынатын алым ,
13) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді тіркегені үшін алынатын
алым;
14) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды
мемлекеттік тіркегені үшін алынытын алым;
15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген
белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны
үшін төленетін төлем;
16) Консулдық алымнан және республикалық бюджеттің есебіне алынатын
мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж болып табылады.
2.Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін, салықтық емес
түсімдер:
1) коммуналдық меншіктен түсетін меншіктер;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің шешімі бойынша құрылған
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
Ауданның (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік
акциялар пакетіне дивиденттер;
Ауданның (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншігіндегі заңды
тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
Ауданның (облыстық маңызы бар қала) өкілді органдарының шешімдері бойынша
өткізілетін мемлекеттік лотереялардан түсетін кірістердің түсімдері;
Ауданның (оьлыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға
беруден түсетін кірістер;
Ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен берілген кредиттер бойынша
сыйақылар (мүдделер);
Ауданның (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да
кірістер;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылған мемлекеттік
мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) өткізуінен түсетін
түсімдер;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден
түсетін ақша түсімдер;
4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылған
мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп
алулар;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін басқа да салықтық
емес түсімдер болып табылады.
3. Негізгі капиталды сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне
түсетін түсімдер;
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан
түсетін ақша;
2) жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер болып табылады;
4. Облыстық бюджеттен түсетін ресми трансферттер аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеттен түсетін ресми трансферттердің түсімдері болып
табылады.
5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен берілген кредиттерді
өтекден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі
мелекеттік қаржы активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздегі корпоративтік табыс салығының мемлекеттік бюджет табыстарын қалыптастырудағы, сондай-ақ жалпы экономикадағы ролі
Өнеркәсіп, өндіріс
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің кірісі мен шығысының теориясы
Мемлекет қаржысының кіріс көздері
Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы мәлімет
Кондитер кәсіпорынында табысты болуды және қалыптасуды талдау
Республикалық бюджет құрамындағы салықтар рөлі
Тұтынушылар қалауы
ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЕСЕПТЕ КӨРІНІС ТАБУЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ШТИЖЕНІ АНЫҚТАУ
Корпоративтік жинақтық табыс салығы
Пәндер