Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы бюджет саясатында қазынашылықтың атқаратын ролі



Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері нарықтық экономиканы даму жолына түсті және экономикалық қатынастарды дамытудың Батыстық моделін таңдады. Қазіргі нарықтық экономика талаптарына дағдыланған мемлекеттік басқару жүйесі өткізілген реформа негізінде қалыптасты.
Осыған байланысты әкімшілік-бюджеттік реформаның аяқталуы тұрақты және алда да қаражат түсуін қамтамассыз етуінің маңызды шарттары болып табылады. Мемлекеттік басқару функциялары сол немесе басқа да функциялардың өзге деңгейге жатқызу тұрақты функционалдық талдау негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бюджет қаражаттарын қолданудың айқындылығы мен мемлекеттің еңбек және материалдық ресурстарын қолдану тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметін атқару тұрғындарға максималды жақын болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығын жүзеге асыру мақсатында 29 қыркүйек 2009 жылы №1449 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін болашақта жетілдіру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасының қаулысымен 29 қазан 2004 жылы №1129 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті туралы жағдайын бекітті, осыған сәйкес Қазынашылық Комитетке Қаржы Министрлігінің орталық аппаратының жекеленген қызметтерін, ағымдағы қаржы жылына республикалық бюджетті қаржыландыруды қалыптастыру және жиынтық қаржылық жоспарды нақтылауға берілді; республикалық бюджеттен бөлінген, бюджеттік кредиттер мен қаражаттардың берілуі, қызмет көрсетілуі және қайтарылуы; үкіметпен және мемлекетпен кепілдендірілген қарыз міндеттемелері мен талаптары есебін қамтамасыз ету, сыртқы қарыздарды үкімет шотынан қаражаттарды шешу операциялары; бөлек негіз бойынша мемлекеттің меншігіне түскен асыл тастар мен асыл металдарды есептеу және сақтау; мемлекеттік мекеменің шығындарын есептеу және бюджет қаражаттарын игеру, мониторингті қамтамасыз ету бойынша бақыламалы-қадағалау функциясы республикалық бюджеттің қарыздары бойынша талаптарды сақтау үшін, үкіметтік және мемлекетпен кепілдендірілген қарыздарды басқару.
Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев отандандастарды дағдарыстың салдарынан шығуға және алдағы экономикалық өсуге негіз (базис) дайындауға шақырды.
Осы арада Үкіметке республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландыруды жүргізу және әр апта сайынғы мониторинг жүргізу арқылы бюджеттік құралдарды қолдануды бақылауға алу жүктелді. Қолданылатын шаралар мыналар болуы қажет: бюджеттің барлық шығыc баптары бойынша қатаң үнемділік және қатаң қаржылық тәртіп, ысырапқорлық орынды, мақсатты тұтыну мен үнемділікке ауысуы керек.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы бюджет саясатында қазынашылықтың
атқаратын ролі

Қаржы кафедрасының доценттері , э. ғ.к. Г. А. Жолмурзаева

э. ғ.к., С.Н. Абиева

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері нарықтық экономиканы даму
жолына түсті және экономикалық қатынастарды дамытудың Батыстық моделін
таңдады. Қазіргі нарықтық экономика талаптарына дағдыланған мемлекеттік
басқару жүйесі өткізілген реформа негізінде қалыптасты.
Осыған байланысты әкімшілік-бюджеттік реформаның аяқталуы тұрақты
және алда да қаражат түсуін қамтамассыз етуінің маңызды шарттары болып
табылады. Мемлекеттік басқару функциялары сол немесе басқа да функциялардың
өзге деңгейге жатқызу тұрақты функционалдық талдау негізінде жүзеге
асырылуы тиіс. Бюджет қаражаттарын қолданудың айқындылығы мен мемлекеттің
еңбек және материалдық ресурстарын қолдану тиімділігін қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттік қызметін атқару тұрғындарға максималды жақын болуы
тиіс.
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығын жүзеге асыру
мақсатында 29 қыркүйек 2009 жылы №1449 Қазақстан Республикасы мемлекеттік
басқару жүйесін болашақта жетілдіру бойынша шаралар туралы Қазақстан
Республикасының қаулысымен 29 қазан 2004 жылы №1129 Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті туралы жағдайын бекітті, осыған
сәйкес Қазынашылық Комитетке Қаржы Министрлігінің орталық аппаратының
жекеленген қызметтерін, ағымдағы қаржы жылына республикалық бюджетті
қаржыландыруды қалыптастыру және жиынтық қаржылық жоспарды нақтылауға
берілді; республикалық бюджеттен бөлінген, бюджеттік кредиттер мен
қаражаттардың берілуі, қызмет көрсетілуі және қайтарылуы; үкіметпен және
мемлекетпен кепілдендірілген қарыз міндеттемелері мен талаптары есебін
қамтамасыз ету, сыртқы қарыздарды үкімет шотынан қаражаттарды шешу
операциялары; бөлек негіз бойынша мемлекеттің меншігіне түскен асыл тастар
мен асыл металдарды есептеу және сақтау; мемлекеттік мекеменің шығындарын
есептеу және бюджет қаражаттарын игеру, мониторингті қамтамасыз ету бойынша
бақыламалы-қадағалау функциясы республикалық бюджеттің қарыздары бойынша
талаптарды сақтау үшін, үкіметтік және мемлекетпен кепілдендірілген
қарыздарды басқару.
Қазақстан халқына Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты Жолдауында
Елбасы Н.Назарбаев отандандастарды дағдарыстың салдарынан шығуға және
алдағы экономикалық өсуге негіз (базис) дайындауға шақырды.
Осы арада Үкіметке республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландыруды
жүргізу және әр апта сайынғы мониторинг жүргізу арқылы бюджеттік құралдарды
қолдануды бақылауға алу жүктелді. Қолданылатын шаралар мыналар болуы
қажет: бюджеттің барлық шығыc баптары бойынша қатаң үнемділік және қатаң
қаржылық тәртіп, ысырапқорлық орынды, мақсатты тұтыну мен үнемділікке
ауысуы керек.
Елдің әлеуметтік-эконмикалық жағдайына әлемдік дағдарыстың тигізген
салдарын жұмсарту және қаржылық жүйенің, экономиканың тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатында Үкімет 2009-2010 жылдарға арналған қаржылық
жүйені және экономиканы тұрақтандыру бойынша бірлескен әрекет жоспары
бекітілді.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі республикалық бюджеттің
бекітілген параметрлерін нақтылай түсуді қажет етті, бұл жерде
республикалық бюджет шығындарын оңтайландырудың негізгі қағидалары фискалды
тұрақтылық , халықтың әлеуметтік әлсіз қабатын қолдау, икемді инвестициялық
саясат, мақсатсыз шығындарын қысқарту болып табылады.
Барлық күштер мен ресурстарды жұмылдыру, қысқа мерзімді кезеңдегі
тактикалық мақсатқа жетуге ең тиімді және аз шығынды жолын іздеу үшін
макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-
шараларын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылғы республикалық бюджеттің
параметрлері нақтыланды.
Сонымен қатар, бұл нақтылану елбасының тапсырмаларын іске асыру
мақсатында жасалып отыр, және ол бюджеттің шығындарын оңтайландыруға,
Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламаларының шараларын, соның ішінде,
аймақты жұмыспен қамту стратегиясын және Жол картасын іске асыруға кадрлар
даярлауды іске асыруға бағытталған.
Біз экономикалық дағдарыспен бірінші рет кездесіп тұрмағанымызды атап
өткіміз келеді. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның
көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен
сынақ болды.
Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын
бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде
экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын
реформалау қажеттіліктері туды.
Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында 1994 жылы Қаржы министрлігі
жанынан Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік
мекемелердегі бухгалтерлік есептің әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік
басқарылу функциясы берілген бюджеттің атқарудағы бірден бір ұйым. Сонымен
қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты
және мақсатсыз пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда
фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып
алуға құзыретті болды.
Бүгін Қазақстанның Қазынашылығына 16 жыл. Бүгінде аяғынан нық тұрған
Қазынашылық комитеті өзін жақсы дамып келе жатқан қаржы институты ретінде
көрсете алды. Ол мемлекеттік қаржыны жедел басқарудың, барлық деңгейдегі
бюджеттің атқарылу процесіне қатаң бақылау жасаудың ақпараттық негізі болып
табылады, сонымен қатар біз экономикалық дағдарыс сұрақтарын шешу үшін
жеткілікті тәжірибе жинадық.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде республиқалық бюджетті атқару
және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының
атқарылуына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы
болып табылады.
Қазіргі кезде қазынашылық жүйесі орта есеппен 15026 республикалық және
жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.
Қазынашылықтың алдына қойған міндеттерді атқару үлкен ұжымға жүктелді.
Бүгінде Қазынашылықтың құрамына 16 облыстық, Астана мен Алматы
қалаларындағы қазынашылық департаменттері, 187 аудандық және қалалық
бөлімшелері мен орталық аппарат кіреді.
Дағдарыстың салдарынан шығу міндетін іске асыру үшін, әсіресе
мемлекеттік бюджеттің шығындарын оңтайландыру және бюджеттік құралдарының
қолдануын бақылау мақсатында қазынашылық жүйенің міндетіне мемлекеттік
мекемелермен жүргізілетін барлық қаржылық операцияларды есепке алу және
олардың орындалуын қатаң бақылауға алу жүктеледі.
Жүктелген міндет жаңа қазынашылық жүйенің атқарымдылығына негізделіп
іске асырылады. Бұл жаңа жүйе бюджеттің атқарылуының бақылануы мен
анықтылығын, мемлекеттің кез келген деңгейдегі қаржылық ресурстарын басқару
тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қазынашылық жүйенің функционалдылығы қазынашылықтың интегралданған,
ақпараттық құрылған базаға негізделген, ал ол мынадай функционалдық
модульдерден тұрады: Бас кітапша, Бюджетке түсімдерді басқару,
Міндеттемелерді тексеріп қадағалау мен басқару, Төлемдерді басқару,
Қолма қол ақшаны басқару, Активтерді басқару, Шетел валютасындағы
операцияларды есепке алу, Мемлекеттік мекемелерге және мемлекеттік
органдардың есептілігін жүргізу үшін есеп жүргізуді көрсету.
Бас кітапшаның модуль жүйесі бюджеттік операцияның барлық санатын
тіркеп отыруды қамтиды, ал нақты бекітілген немесе нақтыланған бюджет,
қабылданған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарламаның әкімшілік төлемдерін
ерекшелейтін жиынтық қаржылық жоспардың айлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары
Қаржыларды басқару
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Бюджеттік процесс: оның кезеңдері
Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі
Мемлекеттін қаржысын басқару
Жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылау
Пәндер