Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі

1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні, ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері,
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы,коньюнктурасы ... ... ... ... ..12

2 Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастыру және оны қалыптастырудағы мемлекетті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы: оның функцияларының даму принциптері

3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.2 Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі, бағыттары және Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу, даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ


Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары». Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қосымшадан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық ұғымын, нарықтың мәнін, ерекшеліктерін, нарықтың пайда болуының шарттарын, қызметтерін, түрлерін, субъектілерін толықтай ашып, нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы, Рыноктық құрылымды қалыптастыру және оны қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу жөнінде толықтай мәліметтер беру.
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған,әміршілдік экономикалық пішім,жер – жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де,тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны,гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны,тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.
Сөйтсе де нарықтық эконоиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне қарамастан,осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде қалып отыр.Бұлай болуының бір себебі мынадан нарықтық экономика дегеніміз идеологиялық емес,адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас жүйесі.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.
Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.
Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.
Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады. Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде.
Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты ашық нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.Осы тақырыпты таңдау себебім де осында.
Нарықтық экономиканы алғаш рет А.Смит қарастырған.Оның «Халық байлығы» атты еңбегі 1776 жылы шыққан.Смиттің ойынша,ұлттың басты байлығы алтын немесе күміс қорын жинауда емес,ол еңбек түрін атқаратын және нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдар әрекеттерінің нәтижесі.Смиттің пікірінше,нарықтық экономика – көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.
Смиттің нарық туралы ілімі Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған.Оның ілімі бойынша нарық – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы.Нарық шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ,ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады;солар үшін қызмет атқарады,қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
Смит ілімінен шығатын қорытынды:нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Әубәкіров Я.Ғ., Байжұманов Б.О. «Экономикалық теория» Алматы 1999 ж.
2. Абугазин Д. «Регулирование инвестиционной деятельностив экономике Казахстана».
3. Василевский А. «Конспект лекций по экономической теорий».
4. Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық теория»,Алматы 2002 ж.
5. Крымова В. «Экономикалық теория»,Алматы 2003 ж.
6. Сейтқасимова Ғ.С. «Ақша,несие,банктер»,Алматы 2001 ж.
7. Егеменді Қазақстан, 2005 ж. 1 ақпан, 4 маусым, 6 сәуір, 11 мамыр.
8. Жетісу, 2003 ж. 25 қаңтар.
9. Атамекен, 2002 ж.1 ақпан, 5 маусым, 17 қаңтар.
10. Атамекен,2 006 ж. 1 ақпан, 11 қаңтар.
11. Осипова Б. «Экономикалық теория»
12. Колесникова В. «Экономикалық теория», Москва 2000 ж.
13. Мейірбеков Л.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы-2003
14. Дүйсенбаев К.Ш., «Экономика» Алматы - 2001
15. Ниязбеков Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Г., «Кәсіпорын экономикасы» /Алматы экономика - 2008
16. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. Алматы – 95.
17. Шеденов Ө.К. , Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – Ақтөбе, 2002 ж.
18. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері», Алматы – 2002 ж.
19. Мамедов О. Ю. Қазіргі таңдағы экономика. Ростов н\Д., 1998, 633 бет.
20. Микульский К. И. Әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономика. // Қоғам және экономика. 1997. № 1-2, 8 бет
21. Николаева И. П. Экономикалық теория. – М.: «Проспект», 1998, 511 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Микроэкономика
Тақырып: Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі

1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері,
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы,коньюнктурасы ... ... ... ... ..12

2 Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..14
2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастыру және оны қалыптастырудағы
мемлекетті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Жекешелендіру және мемлекет иелігінен
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы: оның функцияларының даму
принциптері

3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен
кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі, бағыттары және
Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу, даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Қазақстанда нарықтың қалыптасу
ерекшеліктері мен заңдылықтары. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және қосымшадан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық ұғымын, нарықтың мәнін,
ерекшеліктерін, нарықтың пайда болуының шарттарын, қызметтерін, түрлерін,
субъектілерін толықтай ашып, нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік жағдайы, Рыноктық құрылымды қалыптастыру және
оны қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, жекешелендіру және мемлекет
иелігінен алу жөнінде толықтай мәліметтер беру.
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі
экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде
нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір – бірімен
бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын
әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика
бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде
орталықтандырылған,әміршілдік экономикалық пішім,жер – жаһанның қай
бөлігінде ірге тепсе де,тұрақты экономикалық өсімді баянды ете
алмайтыны,гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны,тіпті өзі
азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан
анық болып отыр.
Сөйтсе де нарықтық эконоиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай
табысқа жеткеніне қарамастан,осынау балама экономикалық жүйенің іргелі
принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр
күйінде қалып отыр.Бұлай болуының бір себебі мынадан нарықтық экономика
дегеніміз идеологиялық емес,адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта
тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас
жүйесі.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға
дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту
экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз
ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау
қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін
де.
Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың
жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері,
Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы
сипатталады.
Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру
мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап
шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің
қағидаларына негізделген.
Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас
бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі
өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу
бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін
ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру
бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа
кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына
негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік
рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы
перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен
молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады. Нарық пен демократия дамуға
батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде.
Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты
ашық нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.Осы тақырыпты
таңдау себебім де осында.
Нарықтық экономиканы алғаш рет А.Смит қарастырған.Оның Халық
байлығы атты еңбегі 1776 жылы шыққан.Смиттің ойынша,ұлттың басты байлығы
алтын немесе күміс қорын жинауда емес,ол еңбек түрін атқаратын және нарықта
сауда жасайтын қарапайым адамдар әрекеттерінің нәтижесі.Смиттің
пікірінше,нарықтық экономика – көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін
қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.
Смиттің нарық туралы ілімі Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде
дамытылған.Оның ілімі бойынша нарық – ішкі себептерден пайда болған
әлеуметтік тәртіптің бір формасы.Нарық шегінде бағалылықтың белгілі бір
біркелкі шкаласы жоқ,ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады;солар үшін
қызмет атқарады,қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
Смит ілімінен шығатын қорытынды:нарықтың тиімділігі және барлық
бәсекелестердің өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы
мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

1 НАРЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨМІРІНІҢ НЕГІЗІ

1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері

Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономикалық негізгі мәселелерін
шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет
ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды
сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған
сайын,нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген
міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар кездесіп,келісім жасайтын орын
емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады,сатып
алушылармен тікелей байланыспай–ақ, олардың тапсырыстарын телефонмен жинап,
тауарларды пошта арқылы жібере алады.
Нарық – қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған
өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі
ретінде көрінеді. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген.Себебі
нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық
проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады.ТМД-ға кіретін
мемлекеттердің және Қазақстан ғалым – экономистерінің арасында нарық туралы
бірыңғай пікір жоқ.Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын
келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі (Кулагин П. Социалистік экономикадағы нарық. – Вопросы
экономики,1990 ж.№1,143 бет)
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы
(Чалбаев К.К. Өндірісті интенсификациялау және нарықтық қатынастар.М,1990
ж.204 бет)
Нарық – тауарларды сатып алу – сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы (Саяси экономия.Алматы,Ана тілі,1991ж,169
бет)
Келтірілген анықтамалар дәлелді болғанымен,олар проблеманың бір жағын
ғана қамтиды.Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің
емес,айырбастың категориясы,нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер
мен тұтынушылар деп көрсетілді.Тауар өндірісі жағдайында нарықтық
байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық
субъектілерін қамтиды.Нарық құрамына өз жұмыс күшін сатушы.
Кәсіпкерлер де,еңбеккерлер де,соңғы тұтынушылар да,қарыз
капиталының,бағалы қағаздардың иелері де,т.б. көреді. Нарық қоғамдық
тұтынушылар мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді механизмі ретінде
әлемдік өркениеттік ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі.Бірақ нарық
механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды.Ал
бұл меншіктің әр түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда
ғана мүмкін,бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,өмір сүруге қабілеті
жоқ шаруашылықтардан тазартады,оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын
болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.Бұдан нарықтың қоғамға
қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең
әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие:
1. Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2. Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3. Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын
қамтамасыз етеді;
4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа
технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;
5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар
мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.
Сонымен бірге нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары да бар.Оларға
әлеуметтік жіктеулі,әлсіздерге ,әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген
мейірімсіздік,жұмыссыздықтың болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық
экономика адамның еңбек ету,білім алу,табыс табу сияқты әлеуметтік –
экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.Бұл салалар мемлекеттің белсенді
түрде араласып реттеуін қажет етеді.Мемлекет бағаны реттеу,салық жүйесі
негізінде табысты қайта бөлу,бюджет шығындарының есебін жұмысшыларды қайта
мамандандыру,оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік амту жүйесі
арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады.
Нарық механизмі ғылым мен техника
жетістіктерін,еңбекресурстарын,еңбе кті ұйымдастырудың жаңа әдістерін
кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ көп қаржы уақытты қажет ететін оның жаңа
бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең
құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды.Бұл жерде мемлекеттің
стратегиялық ғылыми – техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз,ірі
кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін
емес.
Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне мыналар жатады:
1. табыс алуға кепілдік бермейді;
2. толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз
ынталадырады;
5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді
дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық экономиканың әрекет ету жиынтығында нарық жүйесін құрайтын
оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.
Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі - өндірушілер мен
тұтынушылар.Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері тауар
өндіріп,басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады.Тұтыну жеке өзіндік және
өндіруші болып бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан
шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді,бұл кезде
тауар басқа өндірушілер ары қарайғы өңдеу үшін пайдаланылады.Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін
алмасу үшін орнатылады.Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылығымен
ерекшеленіп,мамандандыру негізінде құрылады және көтерме нарықтық мәселе
нысанында көрінеді.
Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді
корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен
ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Үшінші маңызды элемент – баға.Ол айрықша зерттеуді қажет етеді.Бұл
жерде екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы әрекет етуші коньюнктураға
байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады.2)баға осы
географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастың
әрекеті сферасын анықтайды.Осы сфераның шекарасы трансакциялық
шығындармен,яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.
Төртінші элемент – орталық буын сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас
болып табылады.Сұраныс нарықта тауарларға деген қажеттілік түрінде
жүреді.Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары
кезінде сатып ала алады.Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен
ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы ретінде жүреді.
Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар
арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін нарықтық механизмнің
маңызды элементтері болып табылады.
Нарықтық механизмнің бесінші элементі – бәсеке.Ол пайданы мол табуды
және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады.Бәсеке нарықтық
субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара әрекетінің нысаны
ретінде жүреді.Бәсекенің негізгі қызметі пайда,процент нормасы,баға т.б.
экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.
Нарықтық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке
негізделеді

1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері,
субъектілері.

Нарық әртүрлі факторларға байланысты белгілі бірнақты әлеуметтік –
экономикалық жағдайларда өмір сүреді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеді:
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының әртүрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- нарық инфроқұрылымын жасау;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы; (бәсекелестік)
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Нарықтың мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:
- ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамаыз ететін реттеуші;
- ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным
төлем қабілетіне икемделді;
- бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру
(санациялау),тазалау;
- экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын
байланыстыратын буын;
- құрылымдық тұтыну,тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай)
ыңғайлы рационалды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету.
Ақпараттық қызмет.Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының,несие
және банк депозитінің проценттік ставкасының,т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы
арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар
мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы
ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті
тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады,үміт артатындардың дамуына
ыңғайлы жағдай жасайды.Біздің нарық терең монополияланған.Нарықтағы барлық
тауардың 50-70%солардың өндірген өнімін құраса,онда кәсіпорын қызыметі
монополияланған саналады.Сондықтан рыноктық ортаны қалыпта ұстау үшін
бәсекелестер әлемін жасау қажет.Бұл нарықтық қатынастардың табиғи
болмысы,бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты
кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Нарықтың құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше
түрлерге бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық:дүниежүзілік,еларалық
бірлестіктер,ұлттық,аймақтық,оқшаул анған немесе жергілікті нарықтар деп
бөлінеді.
Дүниежүзілік нарық,сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар
мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік
шаруашылықтың құрамдас бөлігі.Ол халықаралық еңбек бөлінісінің,валюталық-
несие,қаржы қатынастарының негізінде құрылды.Дүниежүзілік нарық өндірістік
кооперация және интергация,сыртқы сауда,тауар-айырбас операциялары арқылы
ішкі нарықпен байланысты болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп экономикалық айырбастың ерекше
формалары мен шарттары,терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа,бірнеше
мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық-бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген
жалпы ішкі нарық.Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда экономикалық қатынастар
дамиды.Бұл қатынастар,нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының
болуының анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық – бөлек территориялық бөлімше нарығы
(республика,облыс,аймақ,аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық деп негізінен,халық тұтынатын тауарлар
мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай үстіндегі және әртүрлі
дәрежедегі бәсекеге шектеу рыногы (олигополиялық,монополиялық, т.б.) деп
айырады.
Олигополиялық нарық баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей
немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады.
Монополиялық бәсеке нарығы сапасы,қасиеті,сыртқы безендірілуіне қарай
ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен
сатып алушылардан тұрады.Осыған байланысты нарықты сатушылар нарығы және
сатып алушылар нарығы деп те бөледі.
Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі (астыртын)
және ресми (ашық) нарық деп те айтады.
Нарықтың дамуының сәйкестігіне (пропорционалдығына) байланысты
теңдестірілген (балансыланған) және теңдестірілмеген (балансыланбаған)
нарық деп бөлу көзделген.Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік
орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды.
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық – салалық және сала ішіндегі нарық
болып бөлінуі мүмкін.Өткізу объектісі халық шаруашылығының бір дербес
саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді.Қоғамдық
өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі деп
айтады. Нарықты көлемді тауар топтары,бөлек тауарлар нарығы деп
тебөледі.Тауар топтары нарығына нан-бөлке,макарон өнімдері,т.б. нарығы
жатады

1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы

Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы, рухани)
және сатып алу – сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде
бірнеше түрлерге бөлуге болады.Олар біртұтас болып табылатын ұлттық
нарықтың жеке элементтерін құрайды,бір-бірімен өзара байланысты және өзара
тәуелділікте болады.Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік)
салалар - өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және жұмыс күші нарықтарын
құрайды.Дегенмен,нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау
факторы – нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып
табылады.
Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және қызмет
көрсету,қаржы (бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал), еңбек, ғылыми-
техникалық,ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі – инфрақұрылым. Ол
институттар (ұйымдар,фирма,мекемелер) жиынтығынан тұрады,оның мәні –
нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырады және
қызмет көрсетеді.Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық,қор
биржасы,еңбек биржасы,делдалдық және маркетингтік қызметтер,ақпараттық
жүйелер,банктер,көтерме сауда орталықтары,аукциондар,жәрмеңкелер, т.б.
жатады.
Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің пайдалы бағыттары мен
нысандарын іздеуді жеңілдетеді.Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс
пен тұтыну арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс
прцесінің дамуының объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық
саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.
Қазақстанның Дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік экономикалық
реформаларды тереңдету бағдарламасында нарықтық инфрақұрылымның инвестиция
мен қорлары және холдингілері,сақтандыру компаниялары мен
қорлары,аудиторлық фирмалар,консультация орталықтары мен фирмалар,сауда-
өнеркәсіп палаталары,көлік-экспедиция,заң консалтинг орталықтары мен
фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген.
Нарық инфрақұрылымның тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға
байланысты,яғни нарықтық белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.

2 ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және
әлеуметтік жағдайы

Қазақстанда көп салалы экономика,оны нарық жолына салуға
бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа
көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар
ерекшеліктер бар еді.
Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылылымындағы қайшылықтар
да болды.Өнеркәсіп дәрежесі өте төмен болды. Реформаға кірісерде
республиканың қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО
бойынша орта есеппен 61%болса, Қазақстанда 46%ғана болды.Қор және капиталды
көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді,КСРО-да химия, мұнай-химия
өндірудің үлесіне орташа9%келсе, Қазақстанда 15% еді.Машина жасау
өнеркәсібінің үлесі КСРО бойынша 27%болса, Қазақстанда17%-кеғана
жетті.Республика экономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен
болғандықтан, адам басына шағатын өнім өте төмен болды.
Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық
ерекшеліктері бар. Республикамызда әртүрлі пайдалы қазбалар мол және жер
қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес.
Солтүстік және Батыс Қазақстан-өнеркәсіп пен ауылшаруашылық
өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар.
Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті
және қара металлургия, машина құрылысы және металл өндеу, химия өнеркәсібі
дамыған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабына сай
келмейді.Өндірілетін жалпы өімнің 7%-і ғана жеңіл өнеркәіп өнімі. Шығыс
аймақтары өздерінің табиғат-ауа райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған.
Семей облысында ет,жүн, тігін бұйымдарын өндіру, т.б. салалар басым. Шығыс
Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және
тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі.
Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ
киімнің 60%-і,тері өндірісінің 40%-і орналасқан.Өркендеу бағыты болып
табылатын республика экономикасын нарық жолына бағдарлау кең көлемде
жүргізіле бастады. Нарықты қалыптастырудың алғышарты-нақты тәуелсіздік.
Тәуелсіздік не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына
деректерге көңіл аударайық.Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына деректерге
көңіл аударайық. Бұрыңғы Одақта орталықтандырылған одақтық басқару
федостволары менминистірліктерінде басты-басты 30 өндіріс олардың ішінде
көмір және металлургия өнеркәсібі, мұнай, газ, химия және мұнай айыру,
жалпы машина жасау, т.б. қазақстан экономикасын дамытуға
елеулі үлес қосатын салалар қалып қойған.
Осының салдарынан республикада өндірілетін осы салалар өнімдерінің
басым мөлшері сыртқа кетіп,сырттан еңбек құралдары мен тұтыну заттарын
әкелуге мәжбүр болдық.
Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем
еді.Ол өнімдердің 60%-ке дейін республикаға сырттан әкелінді.Қазақстаннан
жуылған жүннің 70%-іжиналған астықтың жартысынан астамы мақтаның мал
терісінің,аң терісінің 50%-і өңделген күйінде сыртқа жіберілген өнім құны 6-
7 млрд рубль болса, оны республикадан тыс жерлерде өңделген соң
Қайта әкелгенде әлгілердің құны 13,8млрд болып шықты.
Республика бюджетіндегі кірісте салық айналымының үлесі небәрі
9%елі,Эстонияда 45%болатын.
Бұдан шығатын қорытынды:Қазақстан өз экономикасының құрылымын өзі
айқындап,оның салаларының арақатынас пропорцияларын белгілеу және оған
уақытында керекті түзетулер енгізу,күрделі қаржыларды пайдалану жағдайда
ғана республика қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен
сыртқа шығарудан дұрыс реттей алады.
Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен
болды.Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен болды.Экономиканы қайта
құра бастағанда түрмыс дәрежесі төмен 5-6млн адам болды,бұл Қазақстан
халқының 13-денастамы.
Республикадағы 214 селолық аудандардың 180-іжәрдем қаржымен
күнелтті,70 аудан экономикалық даму жағына өте артта қалды,30 аудан
кедейліктің күйін кешті.
Ұзақ жылдар бойы тауар-ақша қатынасын елемеу экономиканың
монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және тауарлардың
жеткіліктілігіне қарамастан тапшылыққа, тауар-ақша тепе-теңінің бұзылуына,
қайта-қайта бөле берудің тууына, мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.
Нарыққа көшудің қиындығы да,күрделілігі де,ұзаққа созылатындығы да
осы себептерден болып отыр. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере
отырып,нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды.
1990 жыл желтоқсанның аяғында Қазақ КСР-ның экономикасын тұрақтандыру
және нарыққа көшу бағдарламасы қабылданды. Бұнда нарықтық құрылымдар құруды
жеделдету,экономиканы нарыққа сәйкес реттеу, республиканың әлеуметтік-
экономкалық жағдайын тұрақтандыру,нарық тарапын қалыптастыру,шаруашылық
әрекеттерді белсендіру қаралған.
1992жыл Қазақстан экономикасы үшін қоғамдық өндіріс деңгейінің
төмендеуі сипатты болды. Бұл тенденция,әсіресе өнеркәсіптің негізі
салаларында,күрделі құрылыста тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді.Себебі
көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткені болып отыр.
Мұның өзі өнім бағаларын күрт арттыруға әкелді. Азық түлік тауарлары-23есе,
басқа тауарлар-18есе қымбаттады.
1993жыл Қазақстан Республикасыны%%%жүргізіле
бастады.Екіншіден,өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру және экономиканы
басқаруды жетілдіруді ілгерілету шаралары жүзеге асырылды.Үшіншіден,қаржы-
несие және инвестициялық саясаттарға түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Осы шараларға қарамастан,материалдық өндіріс салаларында өндіріс
көлемінің кеміуі тоқтамады,1993жылы таза материалдық өнім 1992жылмен
салыстырғанда 14,8%-ке кеміді.
1994жылдың бірінші жартысы өндірістің төмендеуі, инфляцияның
өрістеуі,халықтың әл-ауқатының,тұрмыс жағдайының төмендеуімен
сипатталады.1994жыл 1 шілдеде 730 кәсіпорын толық немесе олардың бірен-
сараны тоқтап тұрды,соның ішінде55,2мың жұмыскерді қамтитын 106 кәсіпорын
толық жұмыс істеген жоқ.Сөйте тұра көп қаржыны несиеге алды,бюджеттен қаржы
сұрады, қарызды өтей алмады,қарыз болса өсе берді.
Осылардың нәтижесінде ЖӨ осы жылдың қаңтар-маусым айларында
1993жылдың осыған сәйкес кезеңінен 27%-ке,өнеркәсіп өндірісінің көлемі-
29,4мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттердің курделі қаржылары-61,2%-ке
кемиді.
Табыс деңгейі 1994жылы 1сәуірде Қазақстанда орташа жалақы 23,8
долларға тең болса,бұл көрсеткіш Өзбекстанда-39,6 Түркменияда-57,7 Ресейде-
94 доллар болды.
Экономикалық реформа осындай қиын жағдайда
жүргізілді.Республикада реформаны жүзеге асыруға бағытталған3 бағдарлама
қабылданды.Біріншісі 1991-1992жылдарға арналған мемлекеттік меншікті
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы.Дағдарысқа қарсы
шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету
бағдарламасы және мемлекеттік меншікті мемлект иелігінен алу және
жекешелендірудің 1993-1995жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы.
Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды
тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы екінші бағдарламада
1992-1995жылдарға алғашқы кезеңге мынандай міндеттер қойылды:
- мемлекет меншігінен алып,меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу:

- тұтыну нарығын тауарлармен қанықтыру;
- республиканың әлем шаруашылығына енуі.
Мұнда күштің басым жағын ұлт мүддесінің тәуелсіздігіне деген
экономикалық саясатты белсене жүргізуге,инфляцияны мүмкін болғанынша
төмендету,өндірістің құлдырай беруін тоқтату,оны өркендете беруге жағдай
жасау,халықтың әлеуметтік нәзік жағына рынок кеселінің салдарын жеңілдету
мәселелері топтастырылған.
1996-2005жылдар барысындағы екінші кезеңге көзделген міндеттер:
- республиканың шикізат өндіруге бағыт ұстауын жойып, нарықтың
толық механизмін құру транспорт тараптарын тезірек дамыту және нарықтың
барлық түрлерін де қалыптастыру;
- экономиканы монополизацияға соқтырмай,дұрыс бәсеке атаулыны
кеңінен қолдау арқылы барлық тауар өндірушілерге шын мәнінде еркіндік
жасау;
- отандық және халықаралық бизнес саласын кадрлармен толықтыру,
5-7 жылға арналған кезеңде ашық экономиканы дамыту негізінде Қазақстанның
әлемдік саудада алатын орнын нығайту,бюджет тапшылы мәселелерін шешу,ұлттық
валютаға толық жол ашу,республиканың әлемдегі өнеркәсібі озық елдер
қатарына қосылуы көзделген.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстанның егеменді мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген кітапшасында экономика
саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды айтады:
- меншіктің негізігі түрлерін үйлестіре және іс-қимыл жасай
отырып,бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарықтық және басқа
жағдайлар жасалады.
- Қазақстанның табиғи ресурстарының дүниежүзілік таур нарығында
өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу.
- Тұтыну нарығын толықтыру
- Қазақстанды дамыту үшін шетл инвстиццияларын тарту және оны
тиімді пайдалану.
Осы бағдарламада президентіміз экономика саласындағы стратегиясы үш
кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті:
-1кезең макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізі процестерін
қамтиды: меншікті жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толықтыру;
-2кезең экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін
телекомуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту үшін, сонымен
бірге дамыған тауар және бағалы қағаздар мен интелектуалды меншік
нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
-3кезең экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамытумен,осының
негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жетумен,Қазақстанның
әлемнің индустриалды елдер қатарына кіруі әлемдік саудада позициясының
нығайюымен сипатталады. 1997 жылы қарашада президенттің Қазақстан халқына
жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі және нарықтық қатынастардың қалыптасуы, кезеңдері
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Маркетинг бөлімдері жоқ компаниялар
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер