Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)



Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикасы тарихи-мәдениет тәжірибесі ретінде де, рухани мұра ретінде де аса қызығушылық туындатады, өйткені халықтың және халық арасынан шыққан ұлы ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары мен құнды идеяларын дәстүрлі педагогикалық мәдениетті зерттеу арқылы ғана танып білуге болады. Бұл тұрғыда тұлға тәрбиесінің күрделі міндеттерін шешудегі мұғалімнің рөлін, оның этнопедагогикалық мәдениетін көтеруге ықпал ететін қоғамның дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің құндылықтарын шығармашылықпен тарататын білімнің маңыздылығы артады.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау дәстүрлі мәдениетке бірқатар ұлы классик педагогтардың (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б.), кеңес педагогикасы өкілдерінің (А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, Л.Н.Толстой, В.А.Сухомлинский және т.б.), қазақ ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б.) аса назар аударғанын, тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздегенін, сондай-ақ өз еңбектерінде ұтымды пайдаланғанын көрсетеді.
Халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін түрлі қырынан және «халық педагогикасы», «этнопедагогика» ұғымдары негізінде талдап, қарастырған зерттеу жұмыстары ТМД елдерінде де, Қазақстанда да баршылық. Олардың бірі халық педагогикасы мен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, ондағы тәрбие мазмұнын (Г.Н.Волков, А.И.Ханбиков, А.Э.Измайлов, Л.Христова, С.Ұзақбаева, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Асанов, Қ.Шалғынбаева, Р.Жанабаева және т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларына (Д.Лордкипанидзе, Н.Сафаров, Қ.Б.Жарықбаев, А.Кубесов, Т.Әлсатов, И.Халитова және т.б.) жан-жақты сипаттама береді.
Оқу, оқу-әдістемелік құралдар
1 Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану. Әдістемелік құрал. – Алматы: Абай ат. АМУ, 2001. – 46 бет.
2 Халық тағылымы – тәрбие қайнары. Оқытушылар мен студенттерге арналған оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 2002. – 177 б.
3 Этнопедагогика: семинар және практикалық жұмыстар. (БМПжӘ мамандығы студенттері үшін). Оқытушылар мен студенттерге арналған әдістемелік құрал. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат. АМУ Редакциялық баспа бөлімі, 2003. (Қ.С.Алдамжармен авторлық бірлестікте) – 28 б.
4 Педагогика. Семинар және практикалық сабақтар мазмұнына әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік нұсқау құралы. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат. АМУ Редакциялық баспа бөлімі, 2003. (А.А.Калюжныймен авторлық бірлестікте) – 46 б.
5 Педагогика. Содержание и методический инструментарий к семинарским и практическим занятиям. Методические указания. – Актобе: Изд-во АГУ им. К.Жубанова, 2003. (в соавторстве с А.А.Калюжным) – 46 ст.
6 Этнопедагогика: семинар және практикалық жұмыстар. Әдістемелік ұсынымдар. ЖОО-ның педагогикалық мамандықтары үшін. Қайта өңделген екінші басылым. – Ақтөбе: Ақт.МПИ-ның редакциялық-баспа бөлімі, 2006. (Қ.С.Алдамжармен авторлық бірлестікте) – 64 б.
7 Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тарихнамасы. Монография. – Алматы: Әрекет-Принт, 2010. – 237 б.
8 Педагогика және Этнопедагогика бойынша тест тапсырмаларының жинағы. (педагогикалық мамандықтар үшін). – Ақтөбе, 2010. – 78 б.

Ғылыми-әдістемелік мақалалар мен тезистер
9 Бабалар сөзі – тәлім-тәрбие көзі. Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемалары //Халықаралық ғылыми-педагогикалық конференция. – Алматы, 2000. – Б. 143-147.
10 Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу үрдісіне ендірудің жолдары //Ұлт тағылымы. – Алматы, 2001. № 1. – Б. 26-29.
11 Педагогикалық практика барысында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану арқылы болашақ мамандардың кәсіптік даярлығын арттыру //Психолого – педагогическая диагностика деятельности учителя в транзитивном обществе: теория, технология, эксперимент, практика. Международная научно-практическая электронная конференция. – Актобе, 2001. (А.А.Айпеисовамен авторлық бірлестікте) – С. 7-11.
12 Этнопедагогикалық білім беру негізінде студенттердің кәсіптік даярлығын арттыру //Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл: өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Халықаралық ғылыми – практикалық конференция. – Ақтөбе, 2001. – Б. 372-376.
13 Студенттердің кәсіптік даярлығын жетілдірудегі қазақ этнопедагогикасының ролі //ІІ–халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен ІІ – Тәжібаев оқуларының материалдары. – Алматы, 2002. –Б. 236-239.
14 Дәстүрлі қазақтың педагогикалық мәдениетіндегі дене тәрбиесінің құралы – ұлттық ойындардың алар орны //Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Ақтөбе, 2004. – Б. 60-61.
15 Қазақтың дәстүрлі педагогикалық мәдениеті – болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыру негізі //Инновациялық педагогикалық технологиялар: қолдану және дамыту перспективалары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Ақтөбе, 2005. – Б. 60-61.
16 Дәстүрлі қазақтың педагогикалық мәдени мұрасы негізінде студенттердің кәсіптік даярлығын арттыру //Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және қазіргі кезең. Республикалық ғылыми – практикалық конференция. – Ақтөбе, 2005. – Б. 219 – 221.
17 Жаңа тұрпатты педагог тұлғасын қалыптастырудағы этномәдени құндылықтардың рөлі //Жоғары оқу орнындағы оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік әдістері. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Орал, 2006. – Б. 41-43.
18 Қазақ халқының этномәдениеті – патриоттық тәрбие беру негізі //Білім. – Алматы, 2006. № 4 (Жетпісбаймен авторлық бірлестікте) – Б. 38-39.
19 Жоғарғы оқу орындарында этномәдени құндылықтар негізінде студенттерге білім мен тәрбие беру мәселелері //12 жылдық білім беру жүйесі және жаңа педагогикалық технологиялар. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Ақтөбе, 2006. – Б. 27-28.
20 Мұхтар Арын еңбектеріндегі этнопедагогикалық идеялар //АқтМПИ- ның Хабаршысы. – Ақтөбе, 2006. № 2 (3). – Б. 37-40.
21 Болашақ ұстаздар даярлығындағы кәсіби мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы //12 жылдық білім беру жүйесі және жаңа педагогикалық технологиялар. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Ақтөбе, 2006. (Ш.С.Отарбаевамен авторлық бірлестікте) – Б. 166-168.
22 Қазақ халық тағылымындағы тәрбиенің дәстүрлі әдістері //Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-і. Хабаршы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. – Алматы, 2006. № 3 (19). – Б. 82-88.
23 Қазақ «Шежіресінің» танымдық-тәрбиелік мәні //Қайнар университетінің Хабаршысы. – Алматы, 2006. № 4/2. – Б. 67-70.
24 Халықтық педагогикалық мәдениет – ұрпақ тәрбиесінің негізі //Қазақстан жоғары мектебі. – Алматы, 2007. № 1. – Б. 57-61.
25 Этномәдениет – жаңа тұрпатты педагог тұлғасын қалыптастырудың негізі //Білім берудің инновациялық моделі: бағыттары мен болашағы. Халықаралық ғылыми – практикалық конференция. – Ақтөбе, 2007. – Б. 38-42.
26 Қазақ халық педагогикасында «намыс», «ар» ұғымдарының қолданылу мәні //Ізденіс. – Алматы, 2007. № 1 (2). – Б. 192-195.
27 Діннің танымдық-тәрбиелік мәні //Қазақстан мектебі. – Алматы, 2007. № 3. – Б. 63-66.
28 Жаңа әлемдегі жеке тұлға қалыптасуындағы этномәдениеттің алатын орны //Өзгермелі әлемге бейімді жастар: әлеуметтенудің жаңа парадигмасы. Халықаралық форум. – Астана, 2007. – Б. 175-178.
29 ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі қоғам қайраткерлерінің этнопедагогикалық идеялары //ХХ ғасырдың басындағы Еуразия кеңістігіндегі қоғамдық саяси партиялар мен қозғалыстар: алғышарттары, сипаты мен сабақтары. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Ақт.МПИ. – Ақтөбе, 2007. – Б. 308-312.
30 Қазақ жыршы-жыраулары еңбектерінің танымдық-тәрбиелік мәні //Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тарихы, тәжірибесі және болашағы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Х.Досмұхамедов ат.Атырау МУ. – Атырау, 2007. (С.А.Ұзақбаевамен авторлық бірлестікте) – Б. 278-282.
31 Ұлы ойшылдар еңбектеріндегі дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің көрінісі //Ұлт тағылымы. – Алматы, 2007. №3. (Ш.С.Отарбаевамен авторлық бірлестікте) – Б. 5-11.
32 Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы этномәдени мұраның алатын орны. Адам әлемі және әлемдегі адам: Өзін-өзі тану теориясы мен практикасы //Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Алматы, 2007. – Б. 63-66.
33 Киелі бесік тәрбиесінің бүгінгі таңдағы мәні мен маңызы туралы //Абай ат.ҚазҰПУ. Хабаршы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2009. № 2 (22). – Б. 99-102.
34 Қазақ отбасы тәрбиесіндегі дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің көрінісі //Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика. – Алматы, 2009/04 (28). – Б. 56-59.
35 Қазақстан жоғары мектебіндегі бүгінгі этнопедагогикалық білім берудің өзекті мәселелері //ТМД елдеріндегі түркітілдес халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясы: қазіргі жағдайы, проблемалары мен перспективалары. ІV халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен IX Тәжібаев оқуларының материалдары. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ. – Алматы, 2009. – Б. 99-101.
36 Отбасын құрудағы халықтық талаптардың тәрбиелік мәні туралы //Ізденіс. – Алматы, 2009. № 4 (2). – Б. 201-206.
37 Болашақ ұстаздарға сапалы этнопедагогикалық білім берудегі өзекті мәселелер //Абылай хан ат. Қаз.ХҚжӘТУ. Хабаршы (Педагогика ғылымдары сериясы). – Алматы, 2009. № 2 (21). – Б. 46-52.
38 Патриоттық тәрбиені жүзеге асырудағы дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің маңызы //Қазіргі кезеңде студент жастар бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Ақт.МПИ. – Ақтөбе, 2009. – Б. 42-45.
39 Педагогикалық практика – болашақ ұстаздарды этномәдени мұралар негізінде кәсіби даярлаудың басты шарты //Үздіксіз педагогикалық практика: дәстүрлер мен инновациялар. Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Ақт.МПИ. – Ақтөбе, 2009. – Б. 117-122.
40 Роль казахского устного народного творчества в воспитании подрастающего поколения //Международный научный Альманах. – Галле-Москва-Минск-Бишкек-Актобе, 2009. Выпуск 3. – С. 23-27.
41 Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері //Республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Ақтөбе, 2009. (С.А.Ұзақбаевамен авторлық бірлестікте) – Б. 252-256.
42 Этнопедагогическая культура как условие формирования профессиональных качеств будущего учителя //Известия вузов. Общественная академия наук Кыргызской Республики. – Бишкек, 2009, № 8. – С. 212-214.
43 Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы халықтық педагогиканың рөлі //Білім – Образование. – Алматы, 2010. № 2 (50). (Д.Комаровамен авторлық бірлестікте) – Б. 57-60.
44 О методах и приемах воспитания в казахской народной педагогике //Вестник Кыргызского государственного университета имени И.Арабаева. Серия: педагогика и психология. – Бишкек, 2010, №1. – С. 60-65.
45 О традиционной педагогической культуре казахского народа. //Международный научный Альманах. Галле-Москва-Минск-Бишкек-Актобе, 2010. Выпуск 5. (в соавторстве с С.А.Узакбаевой) – С. 181-185.
46 Фольклор как средство в системе традиционного воспитания казахов //Социально-педагогическое взаимодействие: проблемы, перспективы, реалии. Материалы Всероссийской научно-практической конференции с международным участием. – Санкт-Петербург, 2010. – С.66-70.
47 Основные компоненты традиционного воспитания в казахской народной педагогике //Опосредованное воспитание. Материалы Всероссийской научно-практической конференции с международным участием. – Санкт-Петербург, 2010. – С. 78-84.
48 About the «iman» educating in the Kazakh people pedagogy //Наука и новые технологии. Республиканский научно-теоретический журнал. – Бишкек, 2010, № 3. – С. 262-263.
49 Этномәдени білім беру үрдісіндегі ұлттық дәстүрлі мәдениет //Қазіргі заманғы маңызды мәселелер. Халықаралық ғылыми журнал. «Педагогика» сериясы. – Қарағанды, 2010. (К.Төребаевамен авторлық бірлестікте) – Б. 5-11.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37. 013. 43(=512.122) Қолжазба құқығында

БАХТИЯРОВА ГҮЛШАТ РАХМЕТЖАНҚЫЗЫ

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті
(Тарих. Теория. Практика)

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған

Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор С.А. Ұзақбаева

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
профессор Ж.Асанов

педагогика ғылымдарының докторы
профессор И.Р.Халитова

педагогика ғылымдарының докторы
профессор Т.М.Әлсатов

Жетекші ұйым: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Қорғау 2010 жылы ____ __________ сағат __ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.61.35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: (161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы).

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2010 жылы _____ __________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Мухамеджанов Б.Қ.

К І Р І С П Е

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикасы тарихи-мәдениет тәжірибесі ретінде де, рухани мұра ретінде де аса қызығушылық туындатады, өйткені халықтың және халық арасынан шыққан ұлы ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары мен құнды идеяларын дәстүрлі педагогикалық мәдениетті зерттеу арқылы ғана танып білуге болады. Бұл тұрғыда тұлға тәрбиесінің күрделі міндеттерін шешудегі мұғалімнің рөлін, оның этнопедагогикалық мәдениетін көтеруге ықпал ететін қоғамның дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің құндылықтарын шығармашылықпен тарататын білімнің маңыздылығы артады.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау дәстүрлі мәдениетке бірқатар ұлы классик педагогтардың (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б.), кеңес педагогикасы өкілдерінің (А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, Л.Н.Толстой, В.А.Сухомлинский және т.б.), қазақ ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б.) аса назар аударғанын, тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздегенін, сондай-ақ өз еңбектерінде ұтымды пайдаланғанын көрсетеді.
Халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін түрлі қырынан және халық педагогикасы, этнопедагогика ұғымдары негізінде талдап, қарастырған зерттеу жұмыстары ТМД елдерінде де, Қазақстанда да баршылық. Олардың бірі халық педагогикасы мен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, ондағы тәрбие мазмұнын (Г.Н.Волков, А.И.Ханбиков, А.Э.Измайлов, Л.Христова, С.Ұзақбаева, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Асанов, Қ.Шалғынбаева, Р.Жанабаева және т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларына (Д.Лордкипанидзе, Н.Сафаров, Қ.Б.Жарықбаев, А.Кубесов, Т.Әлсатов, И.Халитова және т.б.) жан-жақты сипаттама береді.
Бірқатар ғалымдардың іргелі жұмыстарында (Л.Манонов, Г.Убайдуллаев, Т.Қышқашбаев, Р.Төлеубекова, Қ.Бөлеев, Қ.Ералин, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) халық педагогикасы мен этнопедагогика материалдарын жоғары оқу орындарында пайдалану жолдары қарастырылып, ғылымға негізделген тұжырымдамалар, әдістемелер ұсынылады.
Х.Пирлиев, Ж.Орозбаев, В.Баймурзина, А.Бердиев, Т.Қоңыратбаева, Ә.Ашайұлы, Ұ.Асанова, Ж.Наурызбай, Р.Дүйсембінова, Ш.Құлманова, Р.Сқақова және т.б. ғалымдар халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың тиімді формаларын, әдіс-тәсілдерін қарастырады.
Халық педагогикасында қыздарға адамгершілік, адамгершілік-жыныстық және моральдық-этикалық тәрбие беру мәселесіне Я.Рахманова, А.Е.Дайрабаева, Ж.Т.Сарыбекова, Ұ.Ә.Есім, Г.Алдамбергенова, Ж.Сәкенов, А.Қисымова, А.Аманжолова және т.б. қазақ этномәдениетін оқушыларға меңгерту жолдарын іздестіруге Б.Қайырова, Ш.Мұхтарова және т.б. аса мән береді.
Бірқатар зерттеу еңбектерінде өзбек (Б.А.Кадыров), сібір (А.Л.Бугаева, С.А.Возняк), татар (В.Г.Закирова), карачай (Х.Х-М.Батчаева) халықтарының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу жолдары, өзіндік ерекшеліктері, бағыт-мазмұны түрлі қырынан қарастырылады.
Сонымен, жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасаған талдау қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің педагогика ғылымында бұрын-соңды тарихи, теориялық, практикалық бағытта мақсатты түрде зерттелмегенін дәлелдейді.
Демек, бүгінгі заман жастарын қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде тәрбиелеу қажеттігі мен оның тарихи-теориялық тұрғыда кешенді зерттелмеуі арасында; жоғары оқу орнында қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің әлеуетін пайдалану қажеттігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика) деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі – қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті.
Зерттеу пәні – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу және даму процесі.
Зерттеудің мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму процесін ашу және оның теориялық негіздерін анықтап, қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындары жүйесінде пайдалану жолдарын айқындау.
Зерттеудің болжамы – егер, қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму процесі тарихи кезеңдер бойынша жүйеге келтіріліп, теориялық негіздері анықталса және оны қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындарында пайдалануға байланысты тұжырымдама жасалып, арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениеті қалыптасады, ал, бұл болса оған осы проблеманы кәсіби іс-әрекеттерде тиімді шешуде септігін тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму кезеңдерін негіздеу және оған ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттарды анықтау.
2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің маңызды бір элементі ретінде қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің даму тарихына сипаттама беру.
3. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті мен ғұлама ойшылдарының, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің демократиялық идеяларының сабақтастығын көрсету.
4. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.
5. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасын жасау.
6. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау.
7. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Жетекші идея: қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін болашақ мұғалімдерге арнайы тұжырымдама мен оқу-әдістемелік кешендер арқылы меңгерту олардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруда септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының тұжырымдамасы; педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелілік, тұтастық, тарихи-салыстырмалылық, кешенділік тұжырымдамалары, жеткіншектер мен жастарға қоғам талабына сай жан-жақты тәрбие берудегі философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.
Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің ұлттық рухани құндылықтарды жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану және мәдени-этникалық білім беруге байланысты ресми құжаттары (ҚР-ның Конституциясы, Заңдары, тұжырымдамалар, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, педагогтар мен психологтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі шығармашылығы, қазақ халқының мәдени мұралары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылар мен жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары, оқу құжаттары, оқу орындарының озық тәжірибелері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге (этнопедагогикалық, философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, әлеуметтану, психологиялық-педагогикалық, филологиялық) тарихи-теориялық талдау; деректі материалдарға салыстырмалы талдау, қазақ халқының озық мәдени педагогикалық дәстүрлерін зерделеу; жоғары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге, студенттердің зерттеу проблемасына қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау, жүйелеу, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу, диссертацияны талапқа сай рәсімдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму кезеңдері негізделді және оған ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттар анықталды.
2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің маңызды бір элементі ретінде қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің даму тарихына сипаттама берілді.
3. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті мен ғұлама ойшылдарының, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің демократиялық идеяларының сабақтастығы көрсетілді.
4. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәні, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделді.
5. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы жасалды.
6. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі жасалды және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар анықталды.
7. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәні:
- Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы;
- қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты оқу-әдістемелік кешендер (Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті, Қазақ этнопедагогикасы атты элективті курс бағдарламалары, педагогикалық пәндерге қосымшалар, Халық тағылымы – тәрбие қайнары атты оқу құралы, Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тарихнамасы монография, Этнопедагогика: семинар және практикалық жұмыстар, Педагогика және Этнопедагогика бойынша тест тапсырмаларының жинағы атты әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік кешендер) жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жоғары, арнайы орта педагогикалық оқу орындарында және жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай негізгі қағидалар ұсынылады:
1. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті – ғасырлар бойы әлеуметтік-тарихи шарттардың және материалдық-рухани құндылықтардың ықпалымен қалыптасқан, бірыңғай мақсаттылықпен ұлттық тәрбие жүйесіне негізделген эмпирикалық тәжірибе. Оның қалыптасуы мен дамуын төрт кезеңге бөліп сипаттауға болады:
- бірінші кезең (VI–IХ ғғ.) – қазақ жеріндегі халықтардың, тайпалық бірлестіктердің дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің түрлі мәдениеттер тоғысындағы (сақтар, ғұндар, үйсін, қаңлы, Түрік және Түргеш қағанаттары және т.б) көне түркі дәстүрлерінің ықпалында қалыптасуы;
- екінші кезең (Х–ХV ғ. бірінші жартысы) – қазақ жеріндегі халықтардың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің көне түркі мәдениеті мен үстемдік еткен ислам дініне негізделген ұлттық дүниетаным аясында дамуы;
- үшінші кезең (ХV ғ. екінші жартысы – ХІХ ғ.) – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қазақ хандығы тұсында, Ресей және Батыс Еуропа ойлары ықпалында дамуы;
- төртінші кезең (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХІ ғ. басы) – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің Қазақстанның егеменді жағдайындағы білім беру жүйесі мен педагогика ғылымының өзара әрекеттестігінде дамуы.
2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің маңызды бір элементі ретінде қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің дамуы оның ғасырлар қойнауына бойлай тамырланғанын дәлелдейді.
3. Ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің демократиялық идеялары олардың қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетімен сабақтастығын көрсетеді.
4. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның болашақ мұғалімдердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу процесін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктері туралы айтуға негіз болады.
5. Тұжырымдама болашақ мұғалімдерді қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тәжірибесін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде шығармашылықпен пайдаланудағы білім, іскерлік пен дағды жүйесін меңгеру процесіне және нәтижесіне бағдарлайды.
6. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі мақсатын, даярлық элементтерін, мазмұнды, компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді және деңгейлерді қарастырады. Педагогикалық шарттар (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық) болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыздандырады.
7. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген тәжірибеге негізделеді және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағытталады.
Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) қарастырылып отырған проблеманың тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен оқу құралы жарық көрді.
Екінші кезеңде (2003-2006 жж.) зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинау жалғастырылды, тұжырымдама, Педагогика, Этнопедагогика пәндері оқу бағдарламаларына қосымшалар жасалып, элективті курс бағдарламалары дайындалды, анықтау және қалыптастыру экспериментінің алғашқы кезеңдері жүргізілді, әрбір кезеңнің соңында кесінділер алынды, оқу-әдістемелік кешенге қажетті материалдар сұрыпталды.
Үшінші кезеңде (2007-2010 жж.) қалыптастыру эксперименті жалғастырылды, жиналған материалдар құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелер қорытындыланды, бақылау эксперименті өткізілді, нәтижелер тексеріліп, математикалық өңдеуден өтті, монография, оқу-әдістемелік кешендер жарық көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.
Зерттеу базасы ретінде тәжірибелі-эксперимент жұмысы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Семей мемлекеттік педагогикалық институтында жүргізілді. Экспериментке 285 студент қатысты, оның 145 – эксперимент тобында, 140 – бақылау тобында болды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі тарихи, теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдалануымен, зерттеудің негізгі қағидалары мен алынған нәтижелердің практикаға ендірілуімен, тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланылған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларда (Алматы 2000, 2002, 2007, 2009; Атырау 2007; Астана 2007; Ақтөбе 2001, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009; Орал 2006, Санкт-Петербург 2010), Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушылары мен профессорларының ғылыми семинарларында (2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009) және педагогикалық институт студенттеріне дәріс оқу барысында, Бөбек ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының семинарлары мен конференциясында (2003, 2006), Ақтөбе облыстық мұғалімдер біліктілігін көтеру курстарында (2007, 2008, 2009) оқыған дәрістерінде, Ақтөбе-Қазақстан облыстық телеарнасының Көзқарас бағдарламасында (2009, тамыз) баяндалды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен дәйектелуі беріледі.
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тарихнамасы атты бірінші тарауда қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасып, дамуына ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттар мазмұндалып, тарихи даму кезеңдері анықталады; қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің дамуына жан-жақты сипаттама беріледі; дәстүрлі педагогикалық мәдениетке ұлттық дүниетанымды қалыптастыру факторы ретінде түсінік беріліп, ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің идеяларының қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетімен сабақтастығы баяндалады.
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің теориялық негіздері атты екінші тарауда мәдениет, дәстүрлі мәдениет, дәстүрлі педагогикалық мәдениет ұғымдарына берілген анықтамалар жүйеге келтіріліп, олардың өзара байланысына жан-жақты сипаттама беріліп, тұжырымдар жасалады; дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің тәрбие мазмұнындағы көрінісі қарастырылады; халық түсінігіндегі жетілген адам мен ұлттық этикет мәселесінің мәндік сипаты ашып көрсетіледі, қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің бүгінгі жоғары білім беру жүйесіндегі көрінісі мазмұндалады.
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану практикасы атты үшінші тарауда Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасының мазмұны және оны педагогикалық жоғары оқу орындарында жүзеге асырудың мазмұны мен әдістемесі қарастырылады; тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі және зерттеліп отырған проблеманың перспективасы беріледі.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ халқы өзінің тарихи даму жолында аса күрделі жағдайларды басынан өткерді. Қазақ халқының тарихи кезеңдері факторларының әр алуандылығы түрлі әдіснамалық көзқарастарды дамытты. Қоғамдық педагогикалық ойлар тарихында халықтың қоғамдық өмірі мен тәрбиедегі дәстүрлі мәдениеті оның дүниетанымдық, эстетикалық, философиялық көзқарасы жиынтығында біртұтас құбылыс ретінде қарастырылады. Әлбетте материалдық және саяси өмір жағдайының ықпалымен бұл көзқарастар да өзгеріске түседі. Әйтсе де тамыры тереңге бойлаған мәдениет дәстүрлері мұндай өзгерістердің біріне қарамастан өзінің іргелі бастауының мәндік сипатын сақтап қалады. Оны қазақ халқының күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырған дәстүрлі мәдениеті дәлелдейді.
Ғылыми зерттеулерге (философия, тарих, этнография, педагогика және т.б.) жасаған талдау қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің зерттеу тақырыптарының объектісіне қарай кезеңдерге бөліп қарастырылғанын көрсетеді (қазақ тарихының кезеңдері (М.Қозыбайтегі), қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері (Х.Маданов), қазақ тарихының дамып, қалыптасу кезеңдері (А.Қ.Ақышев, М.К.Асылбеков, М.Байпақов, Ж.Қ.Қасымбеков және т.б.), қазақ халық педагогикасының даму кезеңдері (С.Қ.Қалиев).
Біз олардың ұсынған кезеңдерін негізге ала отырып, әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен даму жолына қысқаша сипаттама береміз және ғылыми тұрғыда қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің аса маңызды даму кезеңдерін ашып көрсетеміз:
- бірінші кезеңде (VІ–ІХ ғғ.) қазақ жеріндегі халықтардың, тайпалық бірлестіктердің дәстүрлі педагогикалық мәдениеті түрлі көне мәдениеттердің тоғысуында пайда болып, қалыптасты. Олар көшпелі сақтар мен ғұндардың, қаңлылардың тұрмыс-тіршілігінде, мәдениетінде ежелгі дәуірдегі және сақ-савроматтар мәдениетінің негізгі белгілерін сақтап қалды. Түрік қағандығы мен қатар өзге де (Шығыс және Батыс түрік) қағандықтардың құрылуы, ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастар процесінің мүмкіндігінше тез қалыптасуы, этно-мәдени бірлестіктердің орнауы барысында материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті дамытты. Ұлттық тіл, жазу альфавиті – руналық көне түркі жазуы пайда болды. Сырдария бойын мекендеген оғыз-қыпшақтар арасында пайда болған, өзінің тарихи мәнін, көркемдік сапасын күні бүгінге дейін сақтаған ауыз әдебиетінің мұрасы – Қорқыт ата кітабы осы кезең еншісіндегі тағылымдық-тәрбиелік мәні зор рухани мәдениеттің құнды туындысы.
- екінші кезеңде (Х–ХV ғ. бірінші жартысы) қазақ жеріндегі халықтардың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы екі түрлі ағымда: біріншіден, көне түркілер мәдениетінің; екіншіден, үстемдік еткен ислам діні негізіндегі ұлттық дүниетаным аясында жүзеге асты. Осы кезеңдегі халықтардың ұлттық дүниетанымының, мәдениеті мен салт-дәстүрінің негізін қалап, қоғамдық адамгершілік асыл қасиеттерін орнықтырған, X–XII ғғ. өмір сүрген шығыс пен батысқа, бүкіл әлемге есімдері танымал болған ғұлама ғалымдар мен ойшылдардың еңбектері халықтың педагогикалық мәдениетінің қайнар көзіне айналды.
Халыққа негіз болған түркі тектес рулар тарихынан сыр шертетін ауыз әдебиеті нұсқалары батырлар жыры, ғашықтық жырлар, халық арманы, тілегімен ұштасқан кейіпкерлердің рухани-адамгершілік қадір-қасиеттері, асқан ақылдылығы өзінің тәрбиелік мәнінің тереңдігімен ұлттық рухани мәдениеттен өз орнын алды. Бұл кезеңдегі дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің дамуына гумманизмге негізделген көзқарастардың пайда болуы, өмірдегі мейірімділік пен зұлымдықтың бір-біріне қарсы күресі айқын көрініс тапқан қоғамдық сананың қалыптасуы тән.
XII–XV ғасырларда бүкіл әлемдік дамуда айрықша орын алған Еуроазиялық ұлы мемлекет Алтын Орда, Ақ Орда халқының ортасынан көптеген жыршы-жыраулардың, ауыз әдебиеті өкілдерінің шығуы осы тарихи кезең еншісіне тиеді.
- үшінші кезең (XV ғ. екінші жартысы – XIXғ.). Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің дамуына қазақтың XV ғасыр ортасында халық болып құрылуының Ресейге қосылғанға (1731ж.) дейінгі тәуелсіздігінің, әлеуметтік-экономикалық жағдайының өмір сүру дәстүрлері мен рухани болмысының Ресей мен Батыс Еуропа ойларының ықпалы зор болды. Осы кезеңде халықтың дәстүрлі тәрбие жүйесінде көрініс алған араб-мұсылман мәдениетінде орныққан адамдық, имандылық қағидалары еңбек арқылы жас ұрпақты батырлыққа баулып, елдікке тәрбиеледі. Қазақтардың дәстүрлі педагогикалық мәдениеті бірте-бірте орыс және Батыс Еуропа мәдениетіндегі озық ой-пікірлердің ықпалымен әрі қарай дамыды. XV ғ. екінші жартысы – XIX ғ. қазақ халқының қоғамдық ойлары исламдық діни көзқарастар мен ағартушылық негізге бағдарланды.
- төртінші кезең (XIX ғ. екінші жартысы – XXІ ғ. басы). Еркіндікке ұмтылған бейбіт елдің ұлттық филoсофиялық ойларымен, мектеп ісі, педагогика (этнопедагогика) ғылымымен және егеменді Қазақстанның қалыптасып, дамуымен байланысты бұл кезең қазақ халқының озық ағартушылық, демократиялық ой-пікірлері мен джадиттік идеологияда көрініс тапты. Салыстырмалы түрде алғанда қазақ халқының дәстүрлі материалдық және рухани мәдениетінің дәуірлеу кезеңі XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында айрықша сипат алды. Осы кезеңде ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық толысу мен дәстүрлі қарым-қатынастың үйлесім табуы өз кезегінде мәдени-рухани процесті қоғамдық мүдде деңгейіне көтерді. Қазақ даласының саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуы да білім беру жүйесі мен ғылымның, мәдениет пен ақпарат құралының жетілуіне әсер етті. Ал бұл болса қазақ халқының әлеуметтік мәдениетіне айтарлықтай өзгерістер әкелумен бірге, дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің гумандық белгісін сақтауға септігін тигізді.
Қазақ халқы өзінің тарихи даму жолында халықтың ұлттық психологиясына, өмірінің табиғи жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне, дәстүрлеріне, мәдениетіне сәйкес өз педагогикасын жасады. Қоғамның дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәнін құрайтын педагогикалық құндылықтар көптеген халық өнері туындыларында, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде, сенім-нанымдарында, этномәдениетінде, қарапайым мінез-құлқында көрініс алады. Қазақтар туғаннан қартайғанға дейін осы мәдениеттің аясында үздіксіз өмір сүрумен бірге халық педагогикасын алғашында тәрбие объектісі ретінде қабылдады, содан соң жеткіншектердің қатынасындағы субъекті ретінде пайдаланды. Осылайша қоғамның дәстүрлі педагогикалық мәдениеті жеке бір тұлғаның этнопедагогикалық мәдениетіне айналып отырды. Халықтың педагогикалық мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі болды. Демек, қоғамның педагогикалық мәдениеті тұлғаның этнопедагогикалық мәдениетінің базалық рөлін атқарды.
Зерттеу барысында айқындалған дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің ерекшеліктері оны сақтаудың және бір мезгілде басқа ұрпаққа жеткізіп отырудың негізгі қызметін атқарды. Бұл ерекшеліктер заңды сипатта болды және тәрбие принципі ретінде ғылыми педагогикаға ауысты.
Тәрбиенің дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің маңызды ерекшеліктеріне: табиғилық, табиғатқа сәйкестілік, сабақтастық, тізімділік, импровизаторлық, синкреттік, ұжымдық сипат, әрекеттік жатады. Егер табиғилық халық өмірінің қарапайымдылығын білдірсе, табиғатқа сәйкестілік деген халықтың табиғат заңдылықтарын анықтап, ой-елегінен өткізуін, сабақтастық педагогикалық ықпалдың үздіксіз сипатын көрсетеді, синкреттік болса жаңа ұрпақтың рухани жетілуіне ықпал ететін рухани және материалдық мәдениеттің элементтерін қарастырады. Ол адамзат мәдениетінің маңызды жетістіктерін (ғылым, философия, өнер) құрайды. Әрекеттік жетілген адам бейнесін жасауда, оны тәрбиелеуге қажетті құралдарды табуда, өңдеуде көрініс алады.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениет халықтың әлеуметтік өмірінің барлық бағытымен (салт-дәстүрлер, шаруашылық түрлері, қоғамдық тәртіп ережелері және т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан дәстүрлі педагогикалық мәдениет ұжымдық сипатта болады.
Қазақ отбасын тәрбиелік орта ретінде зерттеу онда ғасырлар бойы патриархалды-тектік өмір салтына қарай баланың дүниеге келуімен, оның тәрбиесіне, жас ұрпақты өмірге даярлауға байланысты көптеген салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың бүгінге дейін сақталып келгендігіне көз жеткізеді. Бұл салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қазақ отбасы тәрбиесінің атқаратын функцияларына қарай шартты түрде былайша топтастыруға болады:
1. Ата-анаға лайықты аялы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған салт-дәстүрлер: туыстық байланыс пен туыстық байланыстың беріктігі, ата тегін, жеті атасын, анасының тегін, отбасы шежіресін, нағашы жұртын біліп құрметтеуі, ата-ана алдындағы перзенттік парыз, борышы, анаға деген айрықша құрмет, ата-ана шаңырағын құрметтеу, қарттайған ата-ананың кенже ұлымен тұруы, балалардың, соның ішінде кенже баланың немесе жалғыз баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі мен құрметі және т.б.
2. Балаларға деген аялы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: ересек балалардың өздерінен кейінгі кіші іні, қарындастары мен сіңілілерінің тәрбиесіне деген жауапкершілігі, бауырмашылдығы, әке-шешесінен жетім қалған балаларға жасалатын қамқорлық, балалары жоқ туыстардың бала асырап, бауырына басуы, ағайын-туыс отбасыларының бір-біріне өзара көмегі, анасыз қалған апа-қарындасын, әкесіз қалған бауырының балаларын қамқорлыққа алуы, бала тәрбиесіне деген талап пен қатаңдықты үйлесімділікте ұстауы және т.б.
3. Жалпы қабылданған мінез-құлық ережелеріне лайықты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған салт-дәстүрлер: ақсақалдар мен қарияларды сыйлау, құрметтеу, ұлттық әдепті білу және оны ұстану, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, ата-баба рухына құрмет, еңбектің түрлерін, еңбектің жемісін бағалап, құрметтей білу, қонақжайлылық, кеңпейілділік, жомарттық көрсете білу, кешірімді, қайырымды, мейірімді, сабыршылды, иманжүзді, ар-ұятты намысты болу, барды қанағат тұту, көпшілік ортада өзін ұстай білу, адамдармен мәдени қарым-қатынаста болу.
Қазақ отбасы өмірінде көрініс тапқан осы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды топтастыру бізге қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің тарихи даму жолын терең мазмұндап ашып көрсетуге мүмкіндік берді.
Қазақтардың дәстүрлі тәрбие жүйесі мыңдаған жылдар бойы өзінің негізінде сақтала отырып, қазақ халқының қажырлы еңбегінің ықпалымен және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, ұлттық дүниетанымдық сана-сезімімен толықтырыла отырып, басқа халықтардың педагогикалық мәдениетімен, білім беру жүйесімен, ғылымымен өзара ықпалдаса отырып дамыды.
Қазақ халқы өзінің ғасырлар бойғы тіршілігінде өзіндік мәдениеті ретінде анықталатын рухани құндылықтарды жасап, жинақтап, шашауын шығармай сақтап келді. Қазақтарға өзіндік генотип, өзіндік биологиялық, әлеуметтік байланыстар, жер бетінде нақты анықталған орнының болуы, кеңістік пен уақыт аралығын түсіну тән. Бұның бәрі болмаса халық кеңістіктен жойылып, бүкіл дүниеден байланысын үзеді. Демек, этнотабиғи орта – этнос пен оның ерекше мәдениетінің, соның ішінде педагогикалық мәдениеті тіршілігінің негізі болып табылады.
Қазақ халқында әлемнің этникалық көрінісін бала ерте жастан арнайы білімді меңгермей-ақ, ересектер мен балалар арасындағы өзара әрекеттік қатынастар барысында танып біледі. Қажеттіліктер мен құндылықтарды, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді меңгеру, оларды өзінің жеке тәжірибесіне айналдыру және күнделікті өмірде қолдану ұлттық тәрбие жүйесінде көрініс алады.
Мұндай жүйенің болуы жаңа ұрпақ бойында өзіндік психикалық ерекшелікті жасауға негізделген халық тіршілігінің қызығушылығына сәйкес келеді. Ұлттық психология уақыт өзгерістерінің ықпалына қарамастан табиғи қалпын сақтап, аға ұрпақтан кейінгі жас ұрпаққа өз жалғасымен беріліп отырады. Ұлттық мәдениетте көрініс тапқан (халық әндерінде, билерінде, музыкасында, фольклорда, дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда және т.б.) құндылықтар бағдарын, қажеттіліктер мен қызығушылықтарды, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, қазақ халқына ғана тән нақты мінез-құлық ережелерін, этникалық қоғамның өзіндік психикасын, ұлттық менталитетін, ұлттық санасы мен өзіндік санасын анықтайды.
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін зерттеу оның тұрақтылығы мен өміршеңдігінің көбінесе, барлық этникалық топтар үшін мінез-құлық ережесінің бірегейлігімен, тарихи ескерткіштерінің және өмірге көзқарастарының ұқсастығымен айқындалатынын көрсетеді. Мәдениеттің осы бір кіріктіруші және тұрақтандырушы салаларының қызметін қолдауға дәстүрлі педагогиканың іс-әрекеті бағытталады. Бұл мөлшерден жаңылу дәстүрлі мәдениеттің бұзылуына, этникалық сана-сезімнің төмендеуіне, өзінің этникалық негізін түсінбеушілікке әкеліп соғады. Қазақтардың этникалық санасы мен дүниетанымы дәстүрлі тәрбие жүйесінің, жеке сана-сезімі мен этникалық сана-сезімнің, дәстүрлі мәдениет пен дәстүрлі педагогиканың өзара тығыз байланысында қалыптасқан. Нақ осы құбылыстардың өзара байланысы нәтижесінде қазақ халқы өзінің тіршілігін жалғастырып, этникалық бет-бейнесін, ұлттық абырой-намысын сақтап қалған.
Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады. Егер, Әбу-Насыр әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, мәртебелі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты, ...жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса, халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді, деп ой түйіндесе, Жүсіп Баласағұн өзінің Құтты білік дастанында қарапайым халықтан бастап, түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормаларының, қоғамда алатын орындарының қандай болуы керектігіне тоқталады.
Қазақтың аузы дуалы жыршы-жыраулар мен шешен-билері болса (Асан қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал жырау, Әнет және т.б.) елге басшылық жасап, ақыл-кеңесші болумен бірге, сол дәуірдегі халықтың ауыр тұрмыс жағдайын, ел мұңын, азаттық үшін болған қанды майдан көрінісін, ерлердің ерлігі мен қаһармандығын, тарих шындығын өз жырларына қосады. Халықты өнегелі сөздерімен, жыр-толғауларымен ынтымағы жарасқан ел болуға, береке-бірлікке, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға шақырады. Қоғамдық өмір сахнасынан көкейкесті ойлар айтып, ел ұйытқысына айналады.
Халық педагогикасы мен қазақ даласы ойшылдарының даналық ойларынан нәр алған ғұлама ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Атынсарин, А.Құнанбаев та өз еңбектерінде олардың идеяларын әрі қарай ұтымды сабақтастыра білді.
Ш.Уәлиханов өзі жинаған ауызекі шығармашылығы арқылы халықтың арман-тілегін, тұрмыс-қарекетін, көзқарасын, дүниетанымын баяндады, халық арасында ұмытылып бара жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер және т.б.) көңіл аударып, оны халықтың бала тәрбиесіндегі жетекші құралы деп қабылдады.
Оның Егер Гомердің поэтикалық аңыздаулары, Геродоттың естіп алып, жазып қалдырған аңыздары азды-көпті тарихилық мәнге ие десек, егер әрбір шала-пұла, қисынсыз аңыз-әңгімелердің өзінің негізінде оқиға мен шындық жатады десек, қазақтардың ұнамды және жүйелі аңыздауларында... тарихи мән болуы шүбәсіз, ...қазақтар поэзиясы өте-мөте қызықты және көңіл аударатын көптеген жақтары бар, - деген пікірінің өзі-ақ халық шығармашылығының болашағына деген сенімін көрсетеді. Оның бұл пікірі ағартушы шығармаларының арқауы болды десе болады.
Халықтық принцип Ы.Алтынсариннің де шығармашылығы мен ағартушылық қызметінің қызыл өзегі болды. Ол өзінің оқулықтарында, оқу-тәрбие процесінде халықтың поэтикалық ауызекі шығармашылығын (мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, эпос және т.б.), ән-күйлерін, ұлттық ойындарды, салт-дәстүрлерді, қол өнерді кең көлемде пайдаланды. Әсіресе, халықтың шешендік сөз өнеріне аса мән берді. Ата-бабалардың ежелден тіл, сөз, сөйлеу мәдениетіне ерекше көңіл бөлгенін ескерте отырып, балаларды осы өнерді қадірлеуге, түсіне білуге үйретті, тұжырымды нақты, көркем, бейнелі сөйлеуге машықтандырды.
Халық қайнарынан бастау алған ұлы А.Құнанбаев та тағылымды даналық ой-пікірлерді өзінің поэмалары мен қара сөздеріне арқау ете білді. Мақалдардың тәрбиелік мәнін (адамгершілік, ынтымақтастық, әділдік, гумандық және т.б.) халықтың өмірімен тығыз байланыстыра отырып, қоғамдық мәні тұрғысынан, өзінің тарихқа, этикаға, дінге, дүниетанымға деген көзқарасы тұрғысынан бағалады.
Халық даналығы мен осындай сабақтастықта берілетін демократиялық идеялар қоғам қайраткерлері, Алаштың ардақты азаматтарының шығармашылығында да кең өріс алады. Өнер алды – қызыл тіл деп ұғынған қазақ азаматтары ана тілінің, сөз өнерінің рухани күш-қуатын таныту жолында халық ауыз әдебиетіне жүгінеді. Халық ішінде кең тараған өнер түрлерін сөз ете келе, мәселен Ахмет Байтұрсынұлы: Өнердің ең алды – сөз өнері деп саналады. ...Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді, - деп туған тілдің табиғи ерекшелігін ғылыми тұрғыда негіздеп, жан-жақты түсінік береді. Сөз өнері мен тілдің сауаттылығы адамның психологиялық дамуымен, адам санасының үш негізімен, яки, ақыл, қиял, көңілімен байланысты деп ой тұжырымдайды. Сөйтіп, кейінгі жастарға туған тілдің табиғи өзіндік ерекшелігін айқындап танытуды, аталы сөздің құдірет күшін жеткізуді, ұлттық мәдени-рухани күштің осы халық тілінде екендігін санаға ұялатуды көздейді.
Ал Мағжан Жұмабайұлы болса: Тілсіз ұлт тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады, - деп ұлттық тілдің мән-мағынасын, құдыретін баса түсіндіреді.
Жоғарыда айтылғанның бәрі ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушылар мен қоғам қайраткерлерінің халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін аса жоғары бағалағанын, оның мүмкіндіктері мен мәндік мағынасын жетік түсініп меңгергенін дәлелдейді.
Біз зерттеу барысында сонымен бірге дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің теориялық негіздерін ашып көрсетуде ең алдымен проблеманың ұғымдық түсініктеріне мән береміз. Ғалымдардың еңбектерінде мәдениет, дәстүрлі мәдениет, дәстүрлі тәрбие мәдениеті, дәстүрлі педагогикалық мәдениет ұғымдарына берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, мазмұндық сипаттама береміз және олардың халық педагогикасы ұғымымен өзара байланысына тоқталамыз.
Мәдениеттану теориясының проблемасы саласындағы еңбектерге талдау жасау арқылы біз мәдениет ұғымының қазіргі қоғамтануда іргелі зерттеулердің қатарына жататынын анықтап, оны ұғымдық түсінігінің ерекшелігіне қарай танымның әрқилы саласында пайдалануға болатынын айғақтаймыз. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің мәнін ашуда мәдениеттану тәсілін орынды пайдалану мақсатында мәдениет ұғымның әртүрлі түсінігіне де назар аударамыз (философиялық, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогикалық және т.б.). Өйткені бұл ең алдымен халық өмірінің, барлық саласында, соның ішінде негізгі саласы болып табылатын материалдық және рухани өндіріс саласында мәдени шығармашылық әрекетінің жүзеге асырылуына байланысты. Осыған орай біз материалдық (пәтер-үй, өндіріс, еңбек құралдары, халық қолөнері, тұрмыс заттары және т.б.) және рухани (тіл, дін, ауызекі поэтикалық, музыкалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнері, халық білімі, салт-дәстүрлер, ойындар, мерекелер және т.б.) мәдениетті бөліп қарастырамыз. Сонымен бірге осы екі мәдениет бағытының аясында тәрбиені жүзеге асыруда аса мән беріле бермейтін моралдық-этикалық дәстүрлердің бар екенін ескере отырып, мәдениеттің үшінші жүйесі әлеуметтік-нормативтік мәдениетті ұсынамыз. Сөйтіп өз зерттеуімізде дәстүрлі педагогикалық мәдениетті үш құрылымдық жүйе негізінен қарастырамыз: материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік.
Материалдық мәдениет қоғам мәдениетінің негізі, іргетасы болып табылады. Ол этнопедагогикалық мәдениет тұрғысынан алғанда тәрбиенің ең бір маңызды объективті факторы рөлін атқарады. Бүгінгі таңда материалдық мәдениет мазмұнында оның екі жағын ажыратып көрсету қабылданған, атап айтқанда этнопедагогикалық қызметтің негізгі құралдарын анықтауға мүмкіндік беретін заттық-өнімдік және техникалық-технологиялық.
Қоғамның рухани мәдениеті әлеуметтанудың негізгі үш салада қарастыратын қоғамның рухани өмір деңгейінен көрініс береді: 1) қоғамдық сана; 2) рухани өндіріс; 3) рухани құндылықтардың қызмет атқаратын және дамитын жүйесі.
Қоғамның рухани мәдениеті аясында идеология, дін, ғылым, қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар қарастырылады. Тәрбие қоғамның экономикалық өмірі мен рухани өмірін байланыстырушы буын болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің халықтың рухани және материалдық өмірінде ерекше орын алатындығы да осымен түсіндіріледі. Қоғамның материалдық және рухани мәдениетіне терең бойлаған педагогикалық мәдениет осы екеуінің арасындағы көпір қызметін атқарады.
Әлеуметтік-нормативтік мәдениет өндірістік және қоғамдық саладағы тұрмыс әрекеттері барысындағы қоғам мүшелерінің өзара қатынасындағы мінез-құлқын реттеп, бағыттап отырады. Ол құқық, мораль, этикет, дәстүрлері мен қарым-қатынас өлшем-ережелерін және т.б. бірлестіреді.
Мәдениет әр тарихи кезеңде жаңа ұрпақты тәрбиелеуші адамдардың қоршаған ортаға, бір-біріне қатынасын, көзқарастары мен идеяларын дәстүрлі формада бейнелейді. Мәдениет қашанда өзіне уақытты бағындырады, өткенді бүгінгі күнмен және болашақпен байланыстырады. Жаңа жағдайда ескіге әркез назар аудару, қашанда жаңа болып табылады. Ескіге назар аудару ескіні қайта жаңғырту, оны сақтау – бұл жаңадан бас тарту емес, бұл ескіні, өзінің шығу тегін жаңаша түсіну, өзін тарих аясында сезіну.
Тарихи дәстүрлер тәрбиенің маңызды да, басты қозғаушы күші болып табылады, олар биологиялық тұрғыда берілмейді, тікелей еліктеу арқылы меңгертіліп, аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа эмоционалды түрде әсер етуі арқылы беріледі. Басқаша айтқанда этнос өзінің шығу тегі арқылы ғана емес, тәртібі арқылы да анықталады және тәрбие жүйесі де балаға өз халқы жасаған мәдениет үлгілерін меңгертумен, бала бойында қоғам үшін пайдалы құндылықтар мен мотивтерді қалыптастырумен шектеліп қалмауы керек.
Тарихи қалыптасқан дәстүрлер қоғамда орныққан еңбек, адамгершілік, эстетикалық, діни және т.б. қатынастарды жаңа ұрпаққа жеткізудің формасы. Олар халық шығармашылығында, салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, ұлттық этикетте, түрлі бейнелерде және т.б. көрініс алады.
Ұрпақтар сабақтастығы әр түрлі формада, тәрбие мәдениетін, бүкіл мәдениет атаулының басты компонентін құрайтын педагогикалық мәдениетті, соның ішінде жалпы адамзаттық мәдениетті жасайтын тәрбиемен қамтамасыздандырылады. Бұл, дәстүрлердің үздіксіз өзін-өзі дамыту мен жаңарту процесі болып табылады. Өйткені жаңа дәстүр ескінің негізінде, соны жалғастыра, меңгере, жетілдіре отырып қалыптасады.
Әр халықтың ұлттық өзіндік болмысы тарихи тұрғыда қалыптасқан. Тек толыққанды және жалпыадамзаттық мәнге ие ұлттық дәстүрлі мәдениет қана халықты жойылып кетуден сақтайды, өйткені дәстүрлі мәдениет этностың шығармашылық әлеуетінің басты дәріптеушісі, тарихи дамудың негізгі мақсаты. Ол басқа халықтардың біздің ұлттық дүниетанымымызды, рухани-материалдық құндылықтарымызды түсінуіне мүмкіндік береді.
Дәстүрлі тәрбие мәдениеті тәрбиеге тікелей қатысы бардың да, жанама қатысы бардың да бәрін, тіпті тамыры тереңге бойлаған ассоциативті байланыстарды да қамтиды. Мұндай түсінік біздің пайымдаумызша, дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің тарихи шарттарын, оның пайда болуының әлеуметтік себептерін қарастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда дәстүрлі педагогикалық мәдениет, этномәдениет ұғымдарына берілген анықтамалар да кездеседі. Біз оларға жан-жақты талдау бере отырып: Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті дегеніміз, ғасырлар бойы әлеуметтік-тарихи шарттардың және материалдық-рухани құндылықтардың ықпалымен қалыптасқан бірыңғай мақсаттылықпен ұлттық тәрбие жүйесіне негізделген эмпирикалық тәжірибе деп өз анықтамамызды ұсынамыз.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің негізі болып халық педагогикасы саналады. Біз оны тәжірибеде сұрыпталып, тексерістен өткен және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған халықтың жеткіншектерді тәрбиелеп, оқытудағы эмпирикалық білімдерінің рухани-адамгершілік, эстетикалық, этикалық құнды көзқарастарының идеяларының, әдіс-тәсілдері мен амал-жолдарының, құралдарының жиынтығы ретінде қарастырамыз. Халық педагогикасы педагогикалық білімнің белгілі бір деңгейін, адамзаттың рухани дамуындағы нақты тарихи кезеңдерді көрсетеді және педагогика ғылымын дамытуда негіз болады.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері болып: табиғилық, табиғатқа сәйкестілік, сабақтастық, бұқаралық, тәрбиедегі ұжымдық сипат, тұрақтылық, жетілген адам – Сегіз қырлы, бір сырлы бейнесіне бағдарлау, әрекеттілік саналады. Табиғилық – баланың еркін дамуына жағдай жасауды, оның мүмкіндіктерін ескеруді, орынсыз нәрсені міндеттемеуді көздесе, табиғатқа сәйкестілік, халыққа табиғаттың заңдылықтарын анықтап, ой-елегінен өткізуді, осы заңдылықтардың негізінде педагогикалық ықпалдың мақсаты құрылатынын ескертеді. Сабақтастық этникалық қоғам аясында педагогикалық процестің тәрбиелік ықпалдың жалғастығын, күтпеген жағдайда туындаған мәселелерді тез қабылдай білуін және т.б. қарастырады. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттегі сабақтастықты балалардың психикалық дамуын, олардың тәртібін, әлеуметтендіру тәсілін алдын-ала анықтаудағы тұрақты құбылыс деп түсіндіруге болады. Дәстүрлі педагогикалық мәдениетке тән тәрбиенің ұжымдық сипаты болса көпшілік тәрбиелейді, соның ішінде ұжым (балалар, ересектер, отбасы, адамдар тобы) тәрбиелейді деген көзқарастардан байқалады. Тәрбиенің дәстүрлі үлгісінің тұрақтылығы, сенімділігі және тиімділігі ұрпақтан-ұрпаққа өзгермей беріліп отыратын тәрбие мақсаттарымен, міндеттерімен, әдістерімен айқындалады. Әрекеттілік – жеткіншектерді ересектердің өміріне араластыруға оңтайлы даярлау барысында көрініс алады.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениет жүйесін біртұтас процесс тұрғысында қарастыру халық тәрбиесінің мынадай белсенді ықпал ететін маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мәдени тілдік құзыреттілік
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер