Педагогикалық технология дегеніміз не?



«Педагогикалық технология дегеніміз не?» Педагог ғалым Беспальков өзінің «Слагаемое педагогическое технология» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
Педагогикалық технология дегеніміз - оқытуда жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі).
(Волков И.П.)
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қолданылуы.
(Кларин М.В.)
Технология – оқушы мен ұстаз бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған моделі.
(Монахов В.М.)
Технология - дидактикалық жүйенің процесуалды бөлігі
(Чаянов М.)
Технология – бұл өнер, шеберлік, біліктілік, әдістемелер жиынтығы, яғни гректің өнер, шебер деген сөзінен шыққан.
Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, жеке тұлға, яғни, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру, білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық технология дегеніміз не? Педагог ғалым Беспальков өзінің Слагаемое педагогическое технология деген еңбегінде былай дейді: Оқу тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы. Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
Педагогикалық технология дегеніміз - оқытуда жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі).
(Волков И.П.)
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қолданылуы.
(Кларин М.В.)
Технология - оқушы мен ұстаз бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған моделі.
(Монахов В.М.)
Технология - дидактикалық жүйенің процесуалды бөлігі
(Чаянов М.)
Технология - бұл өнер, шеберлік, біліктілік, әдістемелер жиынтығы, яғни гректің өнер, шебер деген сөзінен шыққан.
Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, жеке тұлға, яғни, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру, білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Соның ішінде білім берудің мынадай технологияларын атап өтуге болады.
дамыта оқыту технологиясы;
модульдік оқыту технологиясы;
шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясы;
преспективалық - озық оқыту технологиясы;
ойындық оқыту технологиясы;
саралап оқыту технологиясы;
деңгейлеп оқыту технологиясы;
іс-әрекетті бағалап оқыту технологиясы;
тірек сызбалар арқылы оқыту технологиясы;
жобалап оқыту технологиясы;
ақпараттық оқыту технологиясы.
Әрбір педагогикалық технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен
ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдер мұғалімнің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеледі. Оқушыларға жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру сияқты оқу үрдісінің негізгі мәселелері арқылы жүзеге асады. Сондықтан сабақ беру әдістеріне әрқашан көңіл бөлініп, оны жетілдіру күн тәртібінен түспей келеді.
Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Қазақ тілін оқыту - қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әр түрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу мұғалімнің жеке басының интелектісін, оқу іс - әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу, яғни, жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Мен өзім сабақ беру барысында бірнеше технологиялардың элементтерін қолданып жүрмін. Сол технологияның бірі - В.Ф. Шаталовтың технологиясы, яғни сабақта тірек сызбаларды қолдану. Тірек сызбаларды қолдану арқылы төмендегідей әдістерді дамытуға болады.
1. Тірек сызбалар арқылы сұрақ-жауап (тақырып бойынша)
2. Өз ойын айту әдісі (өз ойын жеткізе білу);
3. Баяндау әдісі (мәтінді толық баяндап беру);
4. Монолог әдісі (әңгімелеп беру);
5. Аударма әдісі (аудару).
Тірек сызбалар арқылы оқушылар кез - келген тақырыпқа әңгіме құрастырып, өз ойларын оңай жеткізеді, ауызша тілді дамытады, сөздік қорын молайтады, ауызекі сөйлеуге дағдыланады.
Мысалы: Қазақстан тақырыбына құрылған сызба бойынша оқушылар қысқаша әңгіме құрады.

Қазақстан
Өсімдіктер
Аңдар
Көлдер
Өзендер
Астана
Рәміздер
Шекара
Қалалар
Таулар
Отан

1. Менің Отаным Қазақстан.
2. Қазақстан шекарасы.
3. Қазақстан қалалары.
4. Қазақстан табиғаты
5. Қазақстан Республикасының рәміздері.
6. Қазақстанның жануарлар әлемі.
7. Қазақстанның көлдері.
8. Қазақстанның таулары.
Тірек сызбалардың тағы бір тиімділігі грамматикалық тақырыптарды өткен кезде сабақтың сапасы артады, оқушылардың белсенділігі, ойлау және есте сақтау қабілеттері, қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Oқытy тexнoлoгиялapын қoлдaнy әдіcтeмecі
Педагогикалық технологиялардың дамуы
Модульді оқыту технологиясы
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану жолдары
Дәтүрлі педагогикалық технология
Кванттық физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Технологияның кезеңдері
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі, сипаттамасы
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды қолдану
Пәндер