Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (балалардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және т.б.), бүгінгі тәрбие саласындағы жаңаша көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде бүгінгі таңда балаларға жасына қарай кезеңге бөліп тәлім-тәрбие және білім беруде қолдану қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағдарысқа әкелуде.
Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі болып қаланған гуманистік идеялар адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамгершілік қасиеттерінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық дәстүрлерді халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі
Ғылыми мақалалар:
1 Халық педагогикасы негізіндегі ұлттық тәрбие // Социальные и гуманитарные науки. - Бишкек, 2009. - № 3-4. - С. 194-196.
2 Қазақ ағартушыларының тәлім-тәрбиелік мұралары // Известия вузов. Бишкек, 2009. - № 6. - С. 205-209.
3 Этнопедагогика: салт-дәстүр және бала тәрбиесі // Наука и новые технологии. - Бишкек, 2009. - № 6. - C. 279-281.
4 Ұлттық дәстүрлердегі этнопедагогиканың құралы ретінде // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. - 2009. - № 05-06 (29-30). - Б. 36-39.
5 Жалпыадамзаттық құндылықтарды этнопедагогикалық тұрғыдан зерделеу // Зерттеуші. - 2009. - № 11-12. - Б. 82-87.
6 Жастарға тәрбие берудің этнопедагогикалық мазмұны // Ұлт тағылымы. - 2010. - № 1. - Б. 5-7.
7 Халықтық педагогика бойынша ғылыми зерттеулердің даму жайы // Ұлт тағылымы. - 2010. - № 1. - Б. 8-12.
8 Халық педагогикасындағы ұлттық тәрбие беру дәстүрлері // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2010. - № 1. - Б. 206-210.
9 Этнопедагогика ғылымының пайда болу тарихы және оның зерттеу мәселелері // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2010. - № 1. - Б. 211-215.
10 Қазақ этнопедагогикасы ғылымының қалыптасу тарихынан // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2010. - № 1(1). - Б. 257-261.
11 Қазақ халқының этнопедагогикасын зерттеудің әдіснамалық және теориялық мәселелері // Қазақстанның жоғары мектебі. - 2010. - № 1. - Б. 29-32.
12 Халықтық педагогика - ұлттық тағылым // Білім әлемінде. - 2010. - № 1. - Б. 56-58.
13 Халықтық педагогика - ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы // Білім әлемінде. - 2010. - № 1. - Б. 68-70.
14 Этнопедагогикалық ортаның тәрбиелік мүмкіндіктерін іске асыру // Тәрбие құралы. - 2010. - № 1. - Б. 9-11.
15 Халықтық салт дәстүрлер // Қазақстан мектебі. - 2010. - № 2. - Б. 49-52.
16 Ұлттық тәлім-тәрбиеде оқушылардың елжандылығын қалыптастыру // Білім. - 2010. - № 1 (49). - Б. 47-49.
17 Қазақ этнопедагогикасы негізінде бала-бақшада тәрбие беру мәселелері // Шағын мектеп. - 2010. - № 1. - Б. 17-23.
18 Мектеп қабырғасында оқушыларға отансүйгіштік тәрбие берудің мазмұны // Қазақстанның кәсіпкері. - 2010. - № 1 (80). - Б. 36-38.
19 Балаларды жас ерекшелігіне қарай халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу // ХҚТУ хабаршысы. - 2010. - № 1 (69). - Б. 261-265.
20 Балабақшадағы балаларды қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеу // ХҚТУ хабаршысы. - 2010. - № 1 (69). - Б. 288-292.
21 Ұлттық тәрбие негізінде ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру // Қазақстанның ғылыми әлемі. Ізденуші. - 2010. - № 1. - Б. 46-53.
22 Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік дәстүрлері негізінде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу // Ұлағат. - 2010. - № 1. - Б. 3-13.
23 Халықтық педагогика негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. - 2010. - № 1.- Б. 59-62.
24 Ұлттық құндылықтар негізінде ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу // Қайнар университетінің хабаршысы. - 2010. - № 1/1. - Б. 104-108.
25 Қазақ этнопедагогикасының халықтық педагогикамен сабақтастығы // Бастауыш мектеп. - 2010. - № 2. - Б. 16-18.
26 Мектеп оқушыларын халықтық педагогика құралдары арқылы тәрбиелеу // Қазақстан орта мектебі. - 2010. - № 2. - Б. 3-8.
27 Этнопедагогиканың теориялық негіздері // Білім берудегі менеджмент. - 2010. - № 2. - Б. 12-127.
28 Қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиелеудің маңыздылығы // Қазақстан мектебі. - 2010. - № 3. - Б. 46-49.
29 Халықтың рухани қазынасы - халықтық педагогика // Бастауыш мектеп. - 2010. - № 3-4. - Б. 70-72.
30 Ұлтжандылық тәрбие тал бесіктен бастау алады // Бастауыш мектеп. - 2010. - № 3-4. - Б. 72-74.

Ғылыми әдістемелік конференциялардағы баяндамалар:

31 Қазақ этнопедагогикасында балаларды жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөліп, адамгершілікке тәрбиелеу // «Қазақ мемлекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және заңдылығы туралы мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. (7-8 қараша 2008). - Түркістан. - 2008. - Б. 606-609.
32 Балаларды жасына қарай кезеңге бөлуде отбасылық тәрбиенің әлеуметтік-педагогикалық негіздері // М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының 15 жылдығына арналған «Қазіргі таңдағы біліммен ғылымның мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. Том 1. - Шымкент, 2009. - Б. 141-143.
33 Қазақ этнопедагогикасының түркілік мәдениеттегі өзіндік орны // III Халықаралық түркология конгресі. Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері мен келешегі (ортақ тіл, тарих және әліппе). 18-20 мамыр 2009 жыл. Түркістан, 2009. - Б. 670-672.
34 Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөліп, елжандылыққа тәрбиелеу мәселелері //«Ө. Жәнібеков оқулары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. (3 наурыз 2010 ж.). - Түркістан, 2010. - Б. 45-49.
35 Қазақ этнопедагогикасы ғылымындағы баланың жасына сәйкес кезеңге бөлудің ғылыми-теориялық негіздері //«Ө. Жәнібеков оқулары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (3 наурыз 2010 ж.). - Түркістан, 2010. - Б. 49-54.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.013 Қолжазба құқығында

СЕЙТКУЛОВ НУРЛЫБЕК АКЫНУЛЫ

Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай
кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Пірәлиев С.Ж.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Шалғынбаева Қ.Қ.
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Асанов Ж.
педагогика ғылымдарының докторы
Ыбыраимжанов Қ.Т.

Жетекші ұйым: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті

Қорғау 2010 жылы ____ ____________ сағат ______ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, Кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2010 жылы ____ ____________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы: Б.Қ.Мұхамеджанов

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (балалардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және т.б.), бүгінгі тәрбие саласындағы жаңаша көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде бүгінгі таңда балаларға жасына қарай кезеңге бөліп тәлім-тәрбие және білім беруде қолдану қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағдарысқа әкелуде.
Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі болып қаланған гуманистік идеялар адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамгершілік қасиеттерінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық дәстүрлерді халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды. Бұның, әсіресе мұғалімдер үшін пайдасы зор.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б.) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі қарай А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский және т.б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
ТМД елдерінде XX ғасырдың соңғы ширегінен басталған ұлттық тағылымдардың білімдік және тәрбиелік әлеуетін зерттеу 90-жылдары қарқынды жүргізіле бастады. Сол зерттеулерде этнопедагогика пәнінің мазмұнын негіздейтін шығыс ғұламаларының ой-пікірлері, түрік ойшылдарының көзқарастары, қазақ ағартушыларының, зиялыларының, жеке тарихи тұлғалардың, қайраткерлердің шығармалары, ақын-жыраулардың өлеңдері, би-шешендердің даналық сөздері, жерін, халқын жауынан қорғаған батырлардың ерлік өнегелері ғылыми, тағылымдық тұрғыдан сараланып, талданып, ғалымдардың еңбектеріндегі этнопедагогикалық ойлар мен тұжырымдар жүйеленді.
Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде сол кездердегі Г.С.Виноградов (1926), А.Ф.Хинтибидзэ (1951) ғылыми еңбектер жазды. 1956 жылы жарыққа шыққан академик Г.Н.Волковтың Чуваш халқының эгнопедагогикасы атты еңбегі ТМД мемлекеттері кеңістігінде этнопедагогика ғылымының көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналуына себеп болды. Бұл орайда А.К.Алиевтың (Әзірбайжан, 1968), Я.И.Ханбиковтың (Татарстан, 1967), З.Миртурсуновтың (Өзбекстан, 1973), А.Ш.Гашимовтың (Әзірбайжан, 1970), Ю.А.Рудь (1980), З.П.Василькованың (Украина, 1983), Е.Л.Христованың (1988), К.Пирлиевтің (Түрікменстан, 1991), А.Э.Измайловтың (Қырғызстан, 1991) және басқа ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.
Халық педагогикасы мен этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, мазмұнын (Г.Н.Волков, А.И.Ханбиков, Я.Ф.Хинтибидзе, Ю.А.Рудь, Л.Христова, С.М.Саипаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова және т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдардың, ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларын (Т.Әлсатов, И.Халитова, А.Айтпаева, К.Қалиева және т.б.) зерделейді, енді бірі халық педагогикасы мен этнопедагогикадағы тәрбиенің мүмкіндіктерін тәрбие бағыттарына қарай (адамгершілік, эстетикалық, еңбек, музыкалық, патриоттық және т.б.) (С.Ұзақбаева, Р.Төлеубекова, Қ.Шалғынбаева, Р.Жанабаева, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) зерттейді. И.Шоров, Х.Пирлиев, Қ.Бөлеев, Р.Дүйсембінова, Ж.Асанов, Қ.Т.Ыбыраимжанов, Г.Бахтиярова, Ш.Құлманова, Т.Сламбекова және т.б. халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастырады.
Педагогиканың жеке бір бөлігі болып табылатын этнопедагогиканы жеке ғылым саласы ретінде құрудың негізгі қағидалары Қазақстанда іргелі педагогикалық зерттеулердің (Т.Тәжібаев, Ә.Сыздықов, Ә.Сембаев, Қ.Бержанов, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, А.Х.Мұқамбаева, А.Көбесов, І.Халитова, А.Н.Ильясова, Ж.Асанов, В.Г.Храпченков, Э.А.Орынбасарова, Ш.А.Әбдіраман, С.Ғаббасов, К.А.Оразбекова, Қ.Шалғынбаева, Р.А.Джанабаева, А.П.Сейтешев, Қ.К.Жампейісова, Б.И.Мұқанова, Г.Т.Хайруллин, Б.Әбдікәрімұлы, Л.А.Байсерке, А.С.Иманғалиев, Н.Н.Хан, З.У.Кенесарина, Ш.Т.Таубаева, Қ.М.Арынғазин, Г.М.Храпченков т.б.) нәтижелеріне сүйенеді.
Қазақ этнопедагогикасы ғылым мен оқу пәнінің әдіснамалық-теориялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін жасаушылар: этнофилософтар - Қ.Б.Бейсембаев, Н.Сәрсенбаев, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Р.Әбсаттаров, А.Х.Қасымжанов, С.А.Қасымжанов, М.Бурабаев, О.Сегізбаев, Г.Шалабаева, М.Орынбеков, Қ.Бейсенов, К.Нұрланова, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, А.Тайжанов, Ж.Молдабеков, А.Айталы, А.Қалмырзаев т.б. этнографтар - Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, А.Әбдрахманов, Ю.В.Бромлей, С.Кон, А.Янушкевич, С.Мұқанов, С.Касиманов, Ә.Тәжімұратов, Б.Төтенаев т.б.; тарихшылар - С.Д.Асфендияров, Л.Н.Гумилев, М.Қозыбаев, М.Мұқанов, Э.Масанов, М.Сужиков, Н.Мыңжани, Б.Қ.Албани, С.Г.Кляшторный, Т.И.Сұлтанов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б.; этномәдениеттанушылар - А.Сейдімбек, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, С.Ақатай, Ж.Қаракөзова, Б.Қазыханова, Ә.Хасанов т.б.; этнопсихологтар - Ж.Аймауытов, Н.Жандильдин, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, К.Жүкеш, Н.Елікбаев, Т.Сәрсенбаев, С.Нұрматов, т.б.; этнопедагогтар - Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Т.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, А.Көбесов, К.Құнантаева, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Ө.Озғанбай, К.Қожахметова, М.Балтабаев, Ш.Құлманова, Р.Төлеубекова, Р.Дүйсембінова, З.Әбілова, А.Ильясова, І.Халитова, Т.Әлсатов, Қ.Ералин, Қ.Әмірғазин, М.Тәнекеев, Ә.Табылдиев, Е.Сағындықов, Ж.Асанов т.б..
Еліміз егемендік алысымен қазақ этнопедагогикасы проблемалары ерекше қарқынмен жан-жақты зерттеле бастады: 1) қазақ отбасы этнопедагогикасының проблемасы (Қ.Сейсембаев, Ж.Сәкенов, С.Жамансариева т.б.); 2) мектепке дейінгі жастағы балаларды халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу проблемасы (А.С.Әмірова, Т.А.Левченко, Ж.М.Ақпарова, Т.Иманбеков т.б.; 3) халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу проблемасы (С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Қ.О.Жеделов, Б.А.Тойлыбеков, А.Қ.Айтпаева, Н.Албытова, Е.Сағындықов, Ж.Балкенов, С.А.Жолдасбекова, О.Стақанов, Р.К.Төлеубекова, С.Қ.Мұхамбетова, Э.И.Шыныбекова, Ә.Табылдиев, Т.Мұсақұлов, М.Исқақов, М.Т.Тұрыскелдина, Ш.М.Жанзақова, Т.Көбентаев, Ы.Оршыбекова, А.Х.Мұхамбаева, Қ.Нұрсұлтанов, Т.Ж.Бекбатшаев, Ж.М.Төлегенов, Қ.Ә.Өтеева, З.Әбілова, С.Құсайынова, К.Ж.Әмірғазин, Ә.Қамақ, Б.А.Әлмұхамбетов, Ұ.О.Асанова, Е.С.Асылханов, Ж.Б.Сәдірмекова, Т.Ә.Қоңыратбаева, А.Қ.Қисымова, Қ.Д.Сарыбеков, С.Т.Иманбаева, Г.Н.Жолтаева т.б.; 4) оқушыларға этномәдени білім беру проблемасы (Ж.Ж.Наурызбай, Б.К.Каирова т.б.); 5) дәстүрлі көркемөнер құралдары арқылы оқушы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру проблемасы (С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Ш.Б.Құлманова, А.А.Нұғманова, Р.К.Дүйсембінова, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, М.А.Оразалиева, Л.Б.Бақтұғұлова, Е.Қозыбаев т.б.); 6) жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру проблемасы (С.А.Ұзақбаева, Қ.Ж.Қожахметова, К.Бөлеев, К.Әбішев т.б.); 7) орта арнайы және жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді және тәрбиешілерді даярлауда қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Қ.К.Болатбаев, Т.Қуанышев, Е.С.Асылханов, А.С.Мағауова, Ж.Хасанова, Б.М.Досқараев, М.Т.Тәнекеев, М.Х.Балтабаев, Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.Әбілдина, Б.Ижанов, Қ.Ералин, Қ.Бөлеев, Г.Р.Бахтиярова, Қ.А.Сарбасова, Н.М.Көшеров, Б.Ж.Мұқанова т.б.); 8) педагог кадрлардың мамандығын арттыру жүйесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Л.Қ.Бөлеева); 9) алыс шетелдердегі қазақ мектептерінде халықтық педагогика материалдарын пайдалану проблемасы (Ә.Ашайұлы, Қ.Абыразақұлы).
Қорғалған диссертациялардың тақырыптары қоғамдық практиканың қажеттігін қамтамасыз етуге бағытталған көкейкесті проблемаларды қамтиды. Олар республиканың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық тармақтарына қатысты: отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, орта арнайы және жоғары оқу орындары, біліктілікті арттыру жүйесі.
Ал, қазақ этнопедаогикасының тарихы бойынша Қ.Б.Жарықбаев, А.Көбесов, К.Құнантаева, С.А.Ұзақбаева, А.Ильясова, І.Халитова, А.С.Сыдықов, М.Тәнекеев, К.Камалиева, Е.Садуақасов, У.С.Иманқұлов, К.Шаймерденова, М.Б.Көккозова, Т.Әлсатов, Ш.Жалғасова, К.Ж.Ибраева, Б.М.Досқараев, А.Е.Дайрабаева, Ф.З.Бұланова, А.М.Құдиярова, Қ.Қ.Құламбаева, Р.Б.Үсембаева, Ж.А.Төлебаева, А.С.Қыдыршаев, Қ.Қ.Шалғынбаева, С.Жұматаева, Р.Көшенова, С.А.Баймұратова, А.Б.Тұрсынова, М.К.Ахметова, Қ.Т.Ыбыраимжанов, Б.Т.Махметова, Ұ.М.Әбдіғаппарова, Г.Алдамбергенова және т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ этнопедагогикасының дамуына ерекше үлестерін қосты.
Сонымен, жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасалған талдау қарастырылып отырған проблеманың бұрын-соңды мақсатты түрде педагогика ғылымында зерттелмегенін, сонымен бірге педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және пайдалану проблемаларына аса мән беріліп отырғандығын дәлелдейді.
Демек, болашақ ұрпақты халық педагогикасы мен қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегенімен қатар оқу-тәрбие процесінде баланың жасына қарай адамгершілік қасиетін, сезімін қалыптастыру қажеттілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиедегі озық дәстүрлердің жүйелі түрде зерттелмеуі арасында; бүгінгі таңда баланың жасына қарай адамгершілік тәрбиесі тұрғысында қазақ халқының озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері, - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі - қазақ халық педагогикасы.
Зерттеу пәні - қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай адамгершілікке тәрбиелеу тәжірибесі.
Зерттеудің мақсаты - қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай тәрбие берудегі озық дәстүрлерді ғылыми тұрғыда жүйеге келтіру және оларды білім беру жүйесінде пайдалану жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп, тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, оны білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты нұсқаулармен қамтамасыздандырылса онда білім қызметкерлерінің халықтық педагогика және қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімі анағұрлым арта түседі. Ал бұл болса, олардың жады мен бойында ізгілік қасиеттерін, адамгершілік көзқарастарын қалыптастырады, өйткені халықтық педагогикадағы салт-дәстүрлер ұлттық ділдің тірегі мен алтын діңгегі болып саналады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы шарттарын анықтау.
2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін анықтау.
3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.
4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуетін айқындау.
5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасын жасау (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) және оны жүзеге асыру жолдарын анықтау.
6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасау.
Жетекші идея: қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп тәрбие берудегі озық салт-дәстүрлері бүгінгі таңда балаларды адамгершілік идеалға бағдарлайды және адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті мен құндылықтарға тәрбиелейді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының тұжырымдамасы; балаларға адамгершілік тәрбие берудегі философиялық, логикалық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.
Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің жалпы тәрбие, соның ішінде адамгершілік тәрбиеге байланысты ресми құжаттары (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, психологтар мен педагогтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі шығармашылығы, қазақ халқының мәдени дәстүрлері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары және оларды адамгершілік, моральдық тәрбие беру мақсатында пайдалану туралы оқу бағдарламалары, озық тәжірибелер, сондай-ақ, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге этнопедагогикалық, философиялық, тарихи-этнографиялық, филологиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, филологиялық тарихи-теориялық талдау; қазақ халқының мәдени дәстүрлерін зерделеу; оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге талдау жасау.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы шарттары анықталды.
2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұны, әдіс-тәсілдері, мүмкіндіктері анықталды.
3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктері ашып көрсетілді.
4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуеті айқындалды.
5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасы жасалды (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) және оны жүзеге асыру жолдары анықталды.
6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Зерттеудің практикалық мәні:
- Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде) тұжырымдамасы;
- қазақ халық педагогикасында балаға тәрбие берудегі озық дәстүрлерін пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік кешендер (эллективті курс бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар) жасалды.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлттық тәрбие кафедрасы құрылды. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жүрген жоғары оқу орындарының студенттері үшін қазақ тілінде Таным және студент қосымша оқу құралы әзірленді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары, арнайы орта оқу орындарында, және жалпы білім беретін мектептерде, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазақ этнопедагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөлудің мәні зор. Себебі, баланың негізгі қасиеттері бала жасының белгілі даму кезеңдеріне байланысты қалыптасады.
2. Қазақ халық педагогикасында балаларға адамгершілік тәрбие берудегі озық дәстүрлерді анықтап, педагогикалық жіктемеге келтіру (адамгершілік идеалға бағдарлау; адамгершілікке тәрбиелеу) бүгінгі адамгершілік тәрбиеге қойылып отырған талаптарды оңтайлы шешуде дұрыс бағдар береді.
3. Қазақ этнопедагогикасында бала жасына қарай кезеңге бөліп адамгершілік тәрбие берудегі озық дәстүрлердің мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері олардың педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.
4. Қазақ ойшылдарының адамгершілік ілімдерінде көрініс алған гумандық идеялар адамгершіліктің негізгі құндылықтарын қарастырады, адамзат салт-дәстүрінің негіздерін терең зерделеуде және адамдар арасында озық адамгершілікті қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
5. Жалпы ғылыми талаптардың негізінде құрылған Қазақ халық педагогикасында балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасы қазақ балаларының адамгершілік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін және қазіргі біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін ескереді.
6. Оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны ұсынылып отырған тұжырымдаманы практикада жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және қазіргі заман балаларына ұлттық мәдениет негізінде адамгершілік тәрбие беруге септігін тигізеді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2005-2006 жж.) қарастырылып отырған мәселенің тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.
Екінші кезеңде (2007-2008 жж.) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинау жалғастырылды, тұжырымдама дайындалды, оқу-әдістемелік құралдар жүйеленіп, озық тәжірибелер қорытындыланды.
Үшінші кезеңде (2008-2009 жж.) зерттеу материалдары құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелері нақтыланды, тұжырымдама, оқу-әдістемелік кешендер жарық көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдалануымен, алынған нәтижелерді практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру: Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда (Астана 2007; Алматы 2004, 2005, 2006, 2007, 2009; Қырғызстан 2009, 2010; Түркия (Анкара) 2000, 2001, 2002, 2003); Шымкент 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, Тараз 2007, 2008, 2009; Түркістан 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010; Қызылорда 2006, 2009) т.б.) Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары мен профессорларының ғылыми семинарларында (2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009) және педагогикалық институт студенттеріне дәріс оқу барысында, Бөбек ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының семинарлары мен конференциясында (2007, 2008), Шымкент облыстық мұғалімдер біліктілігін көтеру курстарында (2008, 2009, 2010) оқыған дәрістерінде, Шымкент-Қазақстан облыстық телеарнасының Жансарай бағдарламасында (2009) баяндалды. Зерттеу нәтижелері ғылыми мақалалар ретінде мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары мен профессорларының ғылыми семинарларында және аталған оқу орындары студенттеріне лекциялар оқу барысында, талқыланып, тәжірибеге ендірілді, баспасөзде жарияланды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелдігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.
Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғышарттары атты бірінші бөлімде Халық педагогикасы, Қазақ халық педагогикасы, Этнопедагогика, Қазақ этнопедагогикасы ұғымдарының мәні және өзара байланысы, қазақ халық педагогикасының мәні және өзіндік ерекшеліктері, баланы тәрбиелеу қазақ халық педагогикасының негізгі өзегі, ғұлама ойшылдардың бала тәрбиесіндегі адамгершілік идеялары мен қазақ халық педагогикасының тұғыры мазмұндалады.
Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұндық сипаты атты екінші бөлімде қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің мазмұны, әдіс-тәсілдері, құралдары, қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің өзіндік ерекшеліктері, қоршаған орта - қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі жетекші фактор, қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі әлеуеті беріледі.
Қазақ халық педагогикасында балаларды жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлерін қазіргі жағдайда пайдалану атты үшінші бөлімде қазақ халық педагогикасында баланың тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасы (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде), бала жасына қарай қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеудегі озық дәстүрлерін мұғалімдердің меңгеруі, қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай тәрбиелеудегі озық дәстүрлердің мектептің сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану перспективасы айқындалады.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.
Тарихи педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау тәрбие мәселесіне тарихи дамудың барлық кезеңінде аса назар аударғанын дәлелдейді.
Ұлы түркi қағанаты дәуiрiндегi Орхон-Енисей ескерткiштерiндегi (VI-VIII ғ.ғ.) жазбаларындағы тәлімдік саясат сөздерi өзiнiң теңдесi жоқ өнегесiмен жүрек тербейдi. Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар. Өлiмнен ұят күштi... Адам ұлының бәрi де өлмес үшін туады... деп жазылыпты.
Одан берiректе (IХ ғ.) ғұмыр кешкен Қорқыт атаның мұрасындағы тәлiмдiк өсиет бүгiнгi ұрпақ үшін де аса маңызды. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық, - дейдi ұлы Қорқыт баба.
Қазақ даласына араб-шығыс мәдениетiнiң тарауы (Х-ХV ғ.ғ.) исi түркi халықтарының ұлы ғұламалары - әл-Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иасауи, Баласағұнды т.б. дүниеге әкелдi. Ұлы бабаларымыз Әбу Насыр әл-Фарабидiң сан-салалы трактаттарында, Қожа Ахмет Ясауидiң Диуани хикметiнде, Жүсiп Баласағұнидiң Құдатғу бiлiгiнде (Құтты бiлiк), Махмуд Қашқаридiң Диуани луға-ат-түрiгіндегi, Ахмет Жүйнекидiң Хибатул хиқайқ (Ақиқат сыйы), Хорезмидiң Махаббатнама еңбектерiнде педагогикалық, психологиялық, философиялыќ, дидактикалыќ, әдiснамалыќ ой-пiкiрлер өрiлiп жатыр. Ғұлама-ойшылдардың бiзге жеткен мұраларында әдет, мiнез, баќыт, дағды, аќыл-парасат, имандылыќ, мейiрiмдiлiк, әдiлеттiлiк тұрғысындағы ұлағатты өсиетнамалар тұнып тұр. Бұларда ұл мен ќыздың өнегелi тәрбиесi, бала мен ата-ананың ќарым-ќатынасы, отбасы мен неке, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдыќ-этикалыќ ќасиеттер, т.б. ұлы ойшылдар шығармаларының алтын арќауы болды.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай), шетел педагогтары (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский және т.б.) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Халық педагогикасының көкейкестілігі Қазақстан егемендік алғаннан бері бұрынғысынан да арта түсті. Нәтижесінде көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер орындалып, білім беру жүйесінің сұранысынан шығып отыр.
Біз өз зерттеуімізде Халық педагогикасы, Қазақ халық педагогикасы, Этнопедагогика, Қазақ этнопедагогикасы ұғымдарының мәні және өзара байланысын ашып көрсету жолдарын қарастырамыз.
Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың бастауында тұрған қайнар көзі. Ол бүгін ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың шығармашылығындағы, өткен кезеңнің көне педагогикалық мәдениетіндегі қазіргі өмірге қажет жалпы адами және ұлттық құндылықтарды іріктеуге мүмкіндік туғызады. Халықтық тәрбие тәжірибесінің халықтық педагогика түріндегі бейнесі әуелде педагогиканың (XVI ғасырдан XX ғасырдың 70-шы жылдарына дейін), сонан соң этностық педагогиканың пәніне айналған деп түсінеміз.
Халық педагогикасы - ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес, ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ.
Бiз еңбектi жазу барысында ќазiргi ќазаќ этнопедагогикасын зерттеушi, ғалым С.Ќалиұлының бiрќатар тұжырымдарын негiз етiп алдыќ. Ғалым халыќ педагогикасының тарихын адамзат дамуының ќоғамдыќ ќұрылыс кезеңдерiне сай сегiз кезеңге бөлiп ќарастырған.
Ғалым С.Ќалиұлының пайымдауынша, бірінші кезең - Алғашќы ќауымдыќ ќұрылыс кезiндегi тәрбие (б.з.д. тас, ќола замандары); екінші кезең - Саќтар мен ғұндардың жауынгерлiк тәрбиесi (б.з.д VII-VIII ғ.ғ. - б.д. V ғ. дейiн); үшінші кезең - ұлы түрік ќағанаты кезiндегi тәрбие (VI-IХ ғ.ғ. аралығы); төртінші кезең - Араб-шығыс мәдениетi, орта ғасыр ойшылдарының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (Х-ХV ғ.ғ. аралығы); бесінші кезең - Ќазаќ хандығы кезiндегi ұлттыќ тәлiм-тәрбие көрiнiстерi (жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар) (ХV-ХVIII ғ.ғ. аралығы); алтыншы кезең - Ќазаќстанның Ресейге ќосылу кезiндегi ұлт-азаттыќ ќозғалысы мен ағартушылыќ-демократиялыќ бағыттағы тәлiм-тәрбие (ХVIII ғасырдан ХХ ғ. 20-ж. дейiн); жетінші кезең - Кеңестiк дәуiрдегi ғылыми педагогиканың ќалыптасуы (1920-1990 ж.ж. аралығы); сегізінші кезең – Тәуелсiз Ќазаќстандағы ұлттыќ тәлiм-тәрбиенiң өркен жаюы (1991 ж. кейiнгi).
Қазақ халқының халық педагогикасы туралы жалпылық түсініктер мен тұжырымдар бұл ғылымның этникалық мәні туралы жалпылау ұғымның аты ғана, ал қазақ халық педагогикасы (қазақ ұлтының педагогикасы) жеке этностың (қазақ ұлтының, халқының) педагогикасы болғандықтан оның нақтылай атауы сол ұлттың атымен аталуы қажет. Ол үшін сол ұлттың тарихи қалыптасқан ұлттық, халықтық педагогикасы болу керек. Ал, қазақ халқының халық педагогикасы - ғасырлар бойы қалыптасып, негізделген, ұлттық тәлім-тәрбиенің құнды құралы деп есептейміз.
Қазақ халқының халық педагогикасының құрылымы: ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық өнер, ұлттық тәлім болып табылады.
Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып табылады.
Қазақ халкының өзіне тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа айналдырған.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өтуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Этнос (ру, тайпа, ұлт) және педагогика (оқыту, тәрбиелеу туралы ғылым) сияқты екі сөзден құралып, этнопедагогика деп аталған бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі, оның ғылыми қалыптасуындағы негізгі бір саласы.
Ал этнопедагогика ғылымы жайында Г.Н. Волков: Этнопедагогика дегеніміз бұқара халықтың өскелең ұрпаққа тәрбие беру тәжірибесі. Олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстар мен ұлттардың педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихы жағдайлар әсерімен қалыптасқан ұлттың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейді, - деп көрсетеді.
Этникалық педагогика - өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыруға байланысты теориялық ой саласы және ғылым саласы, тұрмыс педагогикасы, отбасы, ру, тайпа, ұлыстар мен ұлттар педагогикасы туралы ғылым, - деп өз көзқарастарын В.А.Панькин, И.О.Попова түйіндейді.
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Этнопедагогика - педагогика ғылымының саласы ол: 1) нақты халыққа тән әртүрлі тәрбие мен оқытудың өзіндік мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын зерттеумен; 2) түрлі халықтардың тәрбиесі мен білім беру ерекшелігін салыстыра зерделеумен; 3) этникалық қауымдастықтардың білімі мен тәрбиесіне ұлттық психология әсерін талдаумен; педагогикалық және білім берушілік әсерді ұйымдастыру осы үрдісті есепке алумен айналысады - дейді В.Г.Красько.
Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасының ғылыми-методологиялық және теориялық негіздеріне арналған зерттеу жұмыстары С.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, К.Ж.Қожахметованың, Қ.Б.Бөлеевтің, А.Қ.Қалыбекованың және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапты. Мәселен, К.Қожахметова өзінің Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика (1998) деген еңбегінде сол кезеңге дейінгі қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттелген еңбектер мен авторлық-мемлекеттік бағдарламалар мен әдістемелік оқулықтар және озық тәжірибелер жөнінде толық мағлұматтар келтіріліп, жете талдау жасаған.
Қазақ этнопедагогикасының табиғатын тану ғалым-педагог С.А.Ұзақбаеваның, К.Ж.Қожахметованың ойынша этномәдени мұралар мен аталмыш сала бойынша қалыптасқан мәдениеттану теориясына арқа сүйенуінде болмақ. ...Қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарын зерттеу барысында, біздер тек қазақтың ұлттық мәдениетімен шектеліп қалмай, ол саланың тарихи-әлеуметтік, мәдениеттану теориясы тұрғысынан зерделеу қажет екеніне тоқталамыз. Бұл тұжырымымыздың негізі - қазақ этнопедагогикасының қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және тарихи-әлеуметтік, мәдениет теориясы ғылымдары салаларымен тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен теориялық алғышарттарына сүйенген, педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі деп қарастырамыз. Бұл аталған тұжырымды өз зерттеуімізде басшылыққа аламыз.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми негіздері зерттеулерде қазақ халқының этникалық болмысының тарихи қалыптасуына, халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктеріне, этнопедагогикалық ойларға байланысты жүйеленіп тұжырымдалады.
Қазақ этнопедагогикасы ғылымын зерттеуге біз этнонимдік, этникалық сана, салт-дәстүр, мәдениет, этникалық ұқсастыру (гедентификация), ұлттық дүниетаным, менталитет, ұлттық наным, сенім, тұлғалық, қаракеттік, ассоциациялық, біртұтас, этностық, тәрбие, уақыт пен кеңістік туралы ұғымдар теориясына сүйеніп, біз қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық алғышарттары төмендегі негіздерден тұратынын айқындадық:
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық алғышарттары: этнопедагогика - белгілі бір халықтың, ұлттық ерекшеліктерін айқындап, оның өмір тәжірибесі арқылы таным-тәрбиелік, дүниетанымдық құралы ретінде қалыптасқан ғылым. Яғни әрбір халықтың немесе ұлттың өз ерекшеліктеріне сәйкес тәлім-тәрбие жүйесі қалыптасқан. Ол қалыпты ешбір ғаламдастыру бұза алмады. Ерте замандардан бері қазақ халқының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері: ақынжандылық, өнерпаздық, шешендік, жадына сақтау қасиеті, имандылық, инабаттылық, меймандостық, қайырымдылық, дарындылық...
Зерттеу еңбектерінде халық педагогикасы, қазақ халық педагогикасы, этнопедагогика, қазақ этнопедагогикасы ұғымдарына берілген анықтамалар да мазмұндық жағынан бірін-бірі толықтыра түседі. Авторлардың барлығы дерлік халық педагогикасын, қазақ халық педагогикасы, халықтың бала тәрбиесі саласында жинақталған тәжірибесі ретінде, ал этнопедагогиканы, қазақ этнопедагогикасын халық педагогикасын зерттейтін ғылым ретінде қарастырады.
Қазақ халқының дарындылығы мен қайырымдылығы, меймандостығын В.В.Радлов сияқты ғалымдар XIX ғасырда жан-жақты дәлелдеп кеткен болатын. Осындай тарихи дәлелдерге сүйеніп, біз қазақ этнопедагогикасының ғылым болып қалыптасуына негіз болатын алғышарттардың бірі - қазақ ұлтының халық педагогикасы болып табылады деп тұжырымдаймыз. Ол - қазақ этнопедагогикасы атты ғылымның өзегі және өрнегіндегі арқауы.
Қазақ этнопедагогикасы - дегеніміз қазақ философиясы, этностар теориясы, этнопсихология және мәдениет теориясы ғылымдары салаларымен тоғысқан, аталмыш ғылыми пәндердің фундаменталдық ережелері мен методологиялық негіздеріне сүйенген, педагогика ғылымының ажырамас, біртұтас бөлігі.
Қазақ этнопедагогикасының практикалық негіздері ұлттық тәжірибелерден туындайды. Баланы тәрбиелеуде біз халық тәрбиесіне сүйенеміз, - дейді ертедегі грек философы Аристотель. Ал халықтың тәжірибелері арғы тегінен, халық болып қалыптасуынан, тұрмыс-тіршілігінен бастау алады. Профессор С.Қалиев қазақтардың шығу тегіне байланысты тарихшы ғалым Л.Гумилевтің: Қазақтар-түрік, монғол, үнді-иран тектес, қазақстан территориясында тіршілік еткен Еуразия далаларының көшпелі үштігінен тараған сақ, ғұн, үйсін тайпаларының қосындысынан құралған ежелгі халық деген тұжырымын мысалға келтіріп, қазақ халқы негізінен, республиканың қазіргі жерін мекендеген автохтонды (байырғы) тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құбылыстарының түп тамырлары сонау қола дәуіріне, андронов мәдениеті деп аталатын көне кезеңге (б.з.б. ХVІІІ-VІІІ ғ.ғ.) саяды -дейді. Міне, осындай тарихи түп негіздері анықталған қазақ халқының этнопедагогикалық негізі - ұлттық тәжірибелер екендігін немен дәлелдеуге болады? Білге хан мен Күлтегінге арналған ескерткіштен (тас жазуынан) басталатын қазақтың тарихи тегін зерттеу ғылыми тұжырымдары түріктектес қазақ халқының тарихи, этнографиялық, этностық, тұрмыс салттық белгілерін айқындап береді.
Қазақ этнопедагогикасы - қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің қайнар бастауынан бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын айқындап, оның болашағын белгілеп беретін ғылым.
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдеріне тоқталғанды жөн санадық (Сурет 1).

Сурет 1- Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері

Батыс ғалымдарының iшiнде бұдан жетi ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебiз бiлдiргендердiң бiрi жазушы, әрi саяхатшы Италия ғалымы Марко Поло (1245-1324) болған.
Қазақ этнопедагогкасының ғылыми-әдiстемелiк жүйесiн қарастырсақ, ол төмендегідей жүйе болып шығады:
1. Қазақ этнопедагогикасының Сегiз қырлы, бiр сырлы ұстанымы, мақсаты мен мiндеттерi: жан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеу. 2. Мазмұны: Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерiн беру, мiнез-құлық дағдыларын қалыптастыру. 3. Әдiстері: әңгiмелесу, кеңесу, түсiндiру, сендiру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, үлгi көрсету, өтiну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сөгу, кiнәлау, айыптау, жазалау т.б. 4. Түрлерi: Ойындар, тойлар, еңбек мерекелерi, ойын-сауықтар, кештер. 5. Құралдары: Санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегi-аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендiк сөздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгiме, айтыстар, сабақтар мен үйiрмелер. 6. Нәтижесi: Сегiз қырлы, бiр сырлы, жаны таза, тәнi сау адам. 7. Тәрбиеге себепшi күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсiптер, дiн, ана тiлi, ұлттық ойындар. 8. Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл-аймақ, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе. 9. Тәрбие объектiсi: Бала. 10.Халық тәрбиешiлерi: Әке-шешесi, атасы мен әжесi, апа, ағалары, ауыл үлкендерi, өнер иелерi.
Білім мен тәлім-тәрбие құралдары әр елдің орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі негізінде қалыптасады. Қазақ тәлім-тәрбиесі өзінің көл-көсір молдығымен де, адамгершілік қуат-тегеурінімен де, тарихи тәлім-тәрбиесі айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алады. Қазақ тәлім-тәрбиесінің ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алған. Осыдан 2600 жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, жеті ұлы ғұламаның бірі Анахарсис (Анарыс) әдеп және адамгершілік туралы терең пікірлер қалдырған.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің қалыптасып, дамуына ғұлама-ойшылдар да (Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки және т.б.) елеулі үлес қосқан. Егер Қорқыт ата өзінің ел-жұртына, кейінгі ұрпағына қалдырған өсиет сөздерінде: Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүргенде аз. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... - десе, әл-Фараби тәлім-тәрбиелік категорияларға жақсылықты, зұлымдықты, достықты, өзара көмекті, әділеттілікті, әділетсіздікті, абыройды, қанағаттануды, бақытты жатқызады, адамның бақыты туралы сөз қозғайды, тәлім-тәрбиелік ілімдердің адамгершілік аспектісіне талдау жасайды.
Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас.
ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Жүсіп Баласағұн өзінің Құтты білік еңбегінде адамгершілік ұстанымдарына: парасат, ар-ождан, әділет пен бақыт жайлы сұрақтарға өзіндік ізденістерімен түбірлі жауап береді, ақиқатты адамның қайырымдылық мұратынан іздейді. ...Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып. Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың, өзгермейдi салғанша ажал құрығын. Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың Құтты бiлiк еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алады - дейді. Махмұт Қашқари Диуани лұғат-ат-түрікте, Тіл - тәрбиелік пен қайырымдылықтың басы, Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер, Тіл түйгенді тіс шеше алмайды, Белгі болмаса жол бұзылады, білім болмаса сөз бұзылады, Шақпақты жақса - от тұтанар, сөз ұғындырылса - ой білінер- деп тіл мәселесіне аса мән береді. Тіл - тәрбиеліктің көрсеткіші және ақпарат алмасудың маңызды құралы деп түсіндіреді. Ал, Қожа Ахмет Ясауи болса Диуани Хикметте оқып білім алу, иманды, ізгі қасиетті болу, жақсы мен жаманды айыра білу сияқты тәлім-тәрбиелік қатынас құндылықтарын уағыздайды. Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки Ақиқат сыйы атты дидактикалық дастанында тәлім-тәрбиелік ілімдердің педагогикалық мүмкіндіктеріне аса мән береді, ізгі істерді, адамгершілікті, имандылықты алдыңғы орынға қояды.
Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, Қасымның қасқа жолы (1511-1518), Есiмнiң ескi жолы (1598-1628), Әз Тәукенiң Жетi Жарғысы (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған азғындарды етегiн кесiп, елден қу деген қағидамен аяусыз жазалаған.
Ұлттық тәлім-тәрбиелік ілімі Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай және т.б. шығармаларында да, Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім дүниетанымында да заман талабына қарай биік белестен көрінеді. Оны Шоқан Уәлихановтың Сот реформасы жөніндегі жазбасында қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесіне берілген талдауынан да, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен де байқау қиын емес. Мысалы, Абай адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi - бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, ол немене, ол неге үйтедi, бұл неге бүйтедi деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегенi.
Балалардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін дамыту мақсатында халық педагогикасы материалдарын мектеп практикасында пайдалану қажеттігін кезінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өзінің тәжірибесі мен еңбектері арқылы дәлелдеген болатын. Ол ұлттық мектеп ашты, халықтың ауыз екі шығармашылығын, ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрлерді, т.б. бала тәрбиесінде пайдаланды. Ағартушы-ұстаз қазақ даласының ұлы ойшылдары Қорқыт, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Ясауи мен жыршы-жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Дулат Бабатайұлы және т.б.) педагогикалық ой-пікірлерінде көрініс тапқан ұлттың өнегелі дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі мән-маңызын жақсы түсінді.
Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.
Шәкәрім болса өзінің Үш анық атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті ар ілімі деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.
Осы айтылғанның бәрі ғұлама ойшылдардың бала тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының тұғырындағы көзқарастарының бірін-бірі толықтыратынын, тәлім-тәрбиеге берілген анықтамаларының нақтылана түсетінін дәлелдейді.
Біздің пайымдауымызша, көне замандардан бері қалыптасып келе жатқан қазақ даласында ғұмыр кешкен ғұлама-ойшылдардың, қазақ ақын-жырауларының және ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің ұлттық педагогика жөніндегі ой-пікірлері - заманның қай кезеңінде болмасын - өзіндік ерекшелігі мен тәлім-тәрбиелік заңдылығы бар этнопедагогикалық мұралардың қалыптасуын қажет етіп отырды деп санаймыз.
Зерттеу тақырыбымызға қарай бала жасына қарай кезеңге бөлудің тарихи-педагогикалық аспектісін қарастырамыз.
Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан Г.Гете мен Л.Н.Толстой жазған. Л.Н.Толстой бөбек пен жеткіншек (отрочество) балалардың балалық және ересек (юность) туралы кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған.
Жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келген. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, сол жас кезеңіне тән болатындай ақыл-ой жағынан белгілі бір дәрежеге жету. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген. Азия мен Африканың кейбір елдерінде бала бір жас кезеңінен екінші бір жас кезеңіне өтерде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Осындай ғұрыптың бір жақсы жері бала осы мейрамды алдын-ала күтіп, жұрттың алдында өзінің ептілігін көрсету үшін әдейі даярланады. Той етіп, баланы жігіт деп атағаннан кейін, оған сенім білдіріп, үлкендермен бірге игіліктерді өндіруге не жауға қарсы шығуға бірге аттанатын болған.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келген. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде болған. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы тайпаларда балаларды материалдық игіліктерді өндіруге ерте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі туралы
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Балаңыз қанша жаста
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Пәндер