Өндірістік практика бойынша есеп



Мен, Даулетова Рысгул Сайлаубаевна, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, экономика және бизнес факультетінің 4-курс студенті өндірістік практикадан 19.01.2009-18.04.2009 аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқрамасынан өттім.
Өндірістік практикадан өту барысында Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен, салық басқармасының мақсаты, негізгі міндеттері, құрылымымен, заңды тұлғалардың есептілігін қабылдау және өңдеу , ақпараттық технологиялар бөлімдерінің жұмысымен таныстым және ИНИС, ИС ИСИД, ЭФНО, ИС НДС бағдарламаларымен жұмыс істеуді үйрендім. Практика кезінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның жекелеген элементтеріне қатысты көптеген материалдармен жұмыс жасай отырып, оқу үрдісі кезіндегі теориялық білімімді одан әрі жетілдіріп, өз мамандығым аясында қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болдым.
Практика кезінде салық төлеушілерге арналған терминалдан салық есептілігін тапсыру бойынша кеңес беру, крипто-кілттердің жарамдылығын тексеру, сертификаттау, профайл құру, салық органымен электрондық құжаттармен алмасу туралы салық органына өтініш беру (009.00 нысаны) (тіркеуге өтініш) және электрондық құжат алмасу кезінде электрондық сандық қолды пайдалану және тану туралы келісімге (009.02 нысаны) өтініш тапсыру немесе келісімді қайтарып алу туралы өтінішті жіберуді үйрендім.
Заңды тұлғалардың есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінде заңды тұлғалардың есептілігін енгізу (ручной ввод), хабарлама

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Өндірістік практика бойынша есеп

Мен, Даулетова Рысгул Сайлаубаевна, әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университеті, экономика және бизнес факультетінің 4-курс
студенті өндірістік практикадан 19.01.2009-18.04.2009 аралығында
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқрамасынан өттім.
Өндірістік практикадан өту барысында Қазақстан Республикасының
салық заңнамасымен, салық басқармасының мақсаты, негізгі міндеттері,
құрылымымен, заңды тұлғалардың есептілігін қабылдау және өңдеу ,
ақпараттық технологиялар бөлімдерінің жұмысымен таныстым және ИНИС,
ИС ИСИД, ЭФНО, ИС НДС бағдарламаларымен жұмыс істеуді үйрендім. Практика
кезінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның жекелеген
элементтеріне қатысты көптеген материалдармен жұмыс жасай отырып, оқу
үрдісі кезіндегі теориялық білімімді одан әрі жетілдіріп, өз
мамандығым аясында қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болдым.
Практика кезінде салық төлеушілерге арналған терминалдан салық
есептілігін тапсыру бойынша кеңес беру, крипто-кілттердің жарамдылығын
тексеру, сертификаттау, профайл құру, салық органымен электрондық
құжаттармен алмасу туралы салық органына өтініш беру (009.00 нысаны)
(тіркеуге өтініш) және электрондық құжат алмасу кезінде электрондық сандық
қолды пайдалану және тану туралы келісімге (009.02 нысаны) өтініш тапсыру
немесе келісімді қайтарып алу туралы өтінішті жіберуді үйрендім.
Заңды тұлғалардың есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінде
заңды тұлғалардың есептілігін енгізу (ручной ввод), хабарлама тарату,
заң бұзушылықтар анықталған жағдайда Салық және Әкімшілік
құқықбұзушылық Кодексі бойынша хаттама (протокол) толтырып, әкімшілік
жауапкершілікке тарту , қателесіп түскен салық есептілігін қайтарып
алу (отзыв налоговой отчетности) сияқты жұмыстар атқардым.

Қазіргі уақытта қандай да мемлекет болмасын өз экономикасын
дамытуға ынталы болады. Бәсекеге қабілетті ұлттық тұрақты экономика
қалыптастырудың негізі тиімді экономикалық саясатқа, процестерге және оның
іске асырылуына байланысты. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы
саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар -
мемлекеттің тұрақты қаржы көзі болып табылады.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық
мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін
мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің
міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының
Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.
Салық заңнамалары арқылы салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі
жөніндегі, сондай - ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастар реттеледі. Қазақстан
Республикасының салық заңдары Салық Кодексінен, сондай-ақ қабылдануы
Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты салық жүйесін құру және оның
тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру болып
табылады.
Салық жүйесі – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы
қаржы қатынастары және осы қатынастарды анықтайтын салықтар, салық
механизмі және салық қызметтерінің жиынтығы. Салық жүйесі мемлекет қаржы
көздерін жақсартудың ең негізгі кұралы болумен қатар, ел экономикасын қайта
құруға, өндірістің үлғайып дамуына және саяси - әлеуметтік шаралардың
толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.Салық жүйесі мынадай құрамдас
бөліктерден тұрады: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын
салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар
мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі
органдары.
20008 жылғы желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының №
99-ІV Заңының 55- бабына сәйкес мынадай салықтар мен міндетті
төлемдер қолданылады:

1) салықтар:
• корпоративтік табыс салығы;
• жеке табыс салығы;
• қосылған құн салығы;
• акциздер;
• экспортқа рента салығы;
• жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
• әлеуметтік салық;
• көлік құралы салығы;
• жер салығы;
• мүлік салығы;
• ойын бизнесі салығы;
• тіркелген салық;
• бірыңғай жер салығы;

2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
• мемлекеттік баж;
• алымдар;
• тіркеу алымдары;
• автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін
алым;
• аукционнан алынатын алым;
• жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
• телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

мыналар:
• жер учаскесін пайдаланғаны үшін;
• үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;
• қоршаған ортаға эмиссия үшін;
• жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;
• орманды пайдаланғаны үшін;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
• радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
• қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ
ұялы байланысты бергені үшін;
• кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
• сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар.
Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан
Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке,Үкіметке,
Қаржы министрлігіне жүктеледі.
Салық жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі салық
қызметі органдары болып табылады. . Салық қызметі органдары салықтар
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық мен уақытылы
түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және жинақтаушы
зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен
уақтылылығын қамтамасыз ету, салық саясатын іске асыруға қатысу, өз
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін,салық
заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Салық комитеті-
салықтардың барынша түсуін және оның қызметіне барынша қанағаттануын
қамтамасыз ететін басқарудың жоғары жүйесі бар мемлекеттік орган.
Салық қызметi органдары  уәкiлеттi орган мен салық органдарынан
тұрады. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы
қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша
аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық
бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы
аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарының
уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық
комитеті болып табылады. Ал облыстар мен аудандар бойынша салық
департаменттері мен салық басқармалары қызмет көрсетеді.
Салық қызметі органдарының мынандай құқықтары бар:
1. Салық кодексіне сәйкес кесімдік құқықтық актілерді жасау және
бекіту;
2. Өз өкілеттігі ауқымында салық міндеттемелерінің туындауы, атқарылуы
және тоқтатылуына байланысты түсініктеме беру;
3. Салықтық бақылау жүргізу;
4. Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген талаптарды сабақтай
отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесімен байланысты ақша
қаражаттарының құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарды, есептерді,
сметаларды, қолма- қол ақшаны, бағалы қағаздарды, есеп айрырысуларды,
декларацияларды және өзге де құжаттарды тексеру;
5. Салық төлеушіден есептелген және төленген салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, жинақтаушы зейнетақы
қорларына жасалатын міндетті зейнетақы жарналары туралы
құжаттарды талап ету;
6. Салықтық тексеру барысында салық заңдылықтарын бұзушылықтарды
растайтын құжаттарды тәркілеу;
7. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша салық
төлеушіден электронды құжаттарды алу;
8. Банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан салық төлеушінің банк шоттарының номерін ,
ондағы ақша қозғалысы мен қалдық туралы мәліметтер алу, т.б.
Салық қызметі органдарының міндеттері:
• Салық төлеушінің құқықтарын сақтау;
• Мемлекет мүддесін қорғау;
• Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін дұрыс орындауын
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын
толық әрі уақытылы аударуын бақылау;
• Салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және басқа да
төленетін міндетті төлемдердің есебін жүргізу;
• Салық тексерулерін нұсқама бойынша жүргізу;
• Салық құпиясын сақтау;
• Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге әкімшілік шараларын
қолдану;
• Мемлекет меншігіне айналған мүліктерді есепке алу,сақтау,
бағалау, өткізу және оны өткізуден түскен түсімнің бюджетке
толық әрі уақытылы түсуін бақылау, т.б.
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының
ақпараттар базасының 01.10.2008 жылғы жағдайына сәйкес Бостандық
ауданының салық басқармасы бойынша 15601 кәсіпорын тіркелген,оның
ішінде:
Қызмет ететіндері-9746 кәсіпорын;
Қызметін тоқтатқандар- 2224 кәсіпорын;
Банкротқа ұшырағандары- 5 кәсіпорын;
01.07.2008-30.10.2008 аралығында тіркелген салық төлеушілердің құрамында
келесідей өзгерістер болған:
қайта тіркелгендері -293
жойылғандары-42
басқа аударда қайта тіркелгендері-120
басқа облыстарда қайта тіркелгендері-26
қайта қалпына келген кәсіпорындар-8
басқа аудандардан ауысып келгендері-88
басқа облыстардан ауысып келгендері-7
банкрот деп танылғандары-5
дара кәсіпкерлер саны-11874, оның ішінде:
қызмет ететіндері - 8184
қызмет етпейтіндері- 1089
тіркелген жеке тұлғалар саны-247801

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы
13 бөлімнен тұрады :

1. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі
2. Заңды тұлғалардың есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімі;
3. Жеке кәсіпкерлердің есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімі;
4. Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі
5. Заң бөлімі
6. Заңды тұлғалардың аудит бөлімі
7. Жеке тұлғалардың аудит бөлімі
8. Жанама салық бөлімі
9. Өндірістік емес төлемдер бөлімі
10. Өндіріп алу бөлімі
11. Ақпараттық технология бөлімі
12. Талдау, есептеу жене есептемелер бөлімі
13. Ұйымдастыру және адамдық ресурстар бөлімі

Салық басқармасының құрылымы

Басқарма төрағасы
Төраға орынбасары Төраға орынбасары Төраға орынбасары

Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі

Заңды тұлғалардың есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімі
Жеке кәсіпкерлердің есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімі
Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі
Заң бөлімі
Заңды тұлғалардың аудит бөлімі
Жеке тұлғалардың аудит бөлімі Жанама салық бөлімі Өндірістік емес
төлемдер бөлімі
Өндіріп алу бөлімі
Ақпараттық технология бөлімі
Талдау, есептеу жене есептемелер бөлімі
Ұйымдастыру және адамдық ресурстар бөлімі


Жоғарыда көрсетілген Салық басқармасы бөлімдерінің қызметтері
мен міндеттеріне тоқталып өтетін болсақ:

Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі
Салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің атқаратын қызметі -
Салық төлеушілерді тіркеу, тіркеуден шығару, фискалды жады бар бақылау-
касса машиналарын тіркеу және тіркеуден шығару, ҚҚС тіркеу есебіне қою
және есептен шығару т.с.с. Барлық жұмыстар ИНИС бағдарламасы арқылы
жасалады.Жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару, жеке
кәсіпкерлігінің куәлігін беру,патент беру,ОКЭД нөмірін өзгерту(вид
деятельности).Барлық кәсіпоррындағы өзгерістер мен тіркеулер төмендегі
бланкалар(004.00, 008.02, 001. 00 ) тіркеу бөліміне тапсырылады . ККМ
қатысты хабарлама тарату.

Ұйымдастыру және адамдық ресурстар бөлімі
Бұл бөлім 3 бөлімшеге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру және құжатайналым бөлімшесі
2. Адамдық ресурстар мен кадр бөлімшесі
3. Канцелярия
Ұйымдастыру және құжатайналым бөлімшесінде басқарманың жұмыс
тәртіптері қадағаланып және құжаттардың мезгілімен орындалуын
қадағалайды.Басқармадағы барлық шаралары ұйымдастырылады.
Адамдық ресурстар мен кадр бөлімшесінде басқармадағы
мамандардың құжаттарын реттеу және олардың еңбекақыларын есептеу
т.с.с Төмендігі карточка сияқты құжаттарды реттеу.

Жанама салық бөлімі
Жанама салық бөлімінде жанама салықтар бойынша тексеру жүргізу,
импортталған, экспортталған тауарларды реттеу, алькогольді тауарларды
реттеу және де бензин дизель т.с.с. мұнай өнімдерінің (соправодительные
накладные) накладнойларын ИНИС-қа енгізу бойынша қызметтер атқапылады.
Заң бөлімі
Заң бөлімінде ең негізгі атқаратын қызметі - сотқа бару, яғни
процесте заң бұзылғанын дәлелдеу, түрлі хаттамалар мен қаулыларды
тексеру,заңды және жеке тұлғаларға кеңес беру.

Заңды және жеке тұлғалардың аудит бөлімі
Заңды тұлғалардың жеке тұлғалардың аудит бөлімінің атқаратын
қызметі заңды және жеке тұлғалардың құжаттарын тексеру. Түрлі актілер
мен қарама-қарсы, ликвидациялық тексеріс жүргізу. Камералдық бақылау
бойынша жұмыс жасау. Төмендегідей хабарламалармен жұмыс жасау.

Өндірістік емес төлемдер бөлімі
Өндірістік емес төлемдер бөлімінің негізгі жұмысы салық төлеушілерді
тексеру.Яғни түрлі келіп түскен ақпаратқа сүйене отырып оларды
тексеру.Тексеру барысында салық төлеушілерді тексеру актісін құрады.
Заңды тұлғаларды тексеру салық органанына тіркелген мекен-жайдың
дұрыстығын, касалық аппаратының тіркелгендігін, жеке тұлғалардың салық
органында тіркелшенгдігін, т.с.с. текскріп, аталған мәселелер бойынша толық
мәлімет беретін бөлім. Сонымен қатар бөлім қөлік салығы байынша
жеке тұлғаларға түрлі мәліметтер мен көлік салығын есептеу, салықтың
уақытылы төленуін қадағалайды.

Өндіріп алу бөлімі
Өндіріп алу бөлімінде қарызы бар салық төлеушілер мен жұмыс жасалады,
яғни бюджетке мерзімінде салықтың түсуін қадағалау бойынша жұмыстар
жүргізіледі. Бөлімде заңды және жеке тұлғалардың есеп-
шотттарын түбегейлі қадағалап отырады. Есеп-шотттардың ашылып,
жабылғанын банктер қадағалайды. Қарызы бар салық төлеушілердің есеп-
шотттарына инкассалық өкім қою, сонымен бірге хабарламаларды таратып,
олардың талдау жасалады

Талдау, есептеу жене есептемелер бөлімі
Талдау ,есептеу және есептемелер бөлімінде ақша аударымдары
бойынша жұмыс жасалады. Түрлі себептер бойынша ақшалар басқа ауданға
түсуі мүмкін, сонымен бірге артық төленген, бюджетке келіп түскен
соммаларды өтінішке сүйене отырып аударады немесе банктегі шотына
қайтарылады.

Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі

. Салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімі Алматы қаласы Бостандық ауданы
бойынша Салық Басқармасының (бұдан әрі Басқарма) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Кәсіпорындағы практика жетекшісінің міндеті
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Өндірістік практика
Өндірістік тәжірибе қорытындысы
ТОО Казцинк. Оқыту және дамыту бөлімінің жұмысы. Студенттерді өндірістік практикаға қабылдау деректер базасын жобалау
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Пәндер