Қаржы механизмі



Жоспар

Кіріспе

Қаржы механизмі

Негізгі бөлім
1. Қаржы механизмі ұғымын тұжырымдаған кездегі қаржы элементтерінің диалектикасы
2. Қаржы механизмінің тиімділігі
3. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм – бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
«Механизм» термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс – қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс - әрекет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. “Қаржы теориясы” Оқу құралы - Алматы: Мерей, 2001
2. Мельников В.Д., Ильясов К.К. “Финансы”. – Алматы: Қаржы – қаражат. 1997
3. Мельников В.Д., Ильясов К.К. “Финансы”. – Алматы 2001
4. Финансы. Под. Ред. В.М.Родионовой. – М...: Финансы и статистика 1993
5. Шуляк П.Н. “Финансы предприятия”. – М...: 2000
6. Шахов В.В. “Введение в страхоаание” Изд. 2 – ое. Учебн. Пособие. – М...:Финансы и статистика. 2000

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Қаржы механизмі
Негізгі бөлім
1. Қаржы механизмі ұғымын тұжырымдаған кездегі қаржы элементтерінің
диалектикасы
2. Қаржы механизмінің тиімділігі
3. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті
қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы
көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары
мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың
тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік
категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы
жасалған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте
қолданылатын механизм – бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері,
нысандары мен әдістері.
Механизм термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс – қимылға
келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл
мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның
ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатын басқарушы субъектінің
басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау,
болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды
бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар
жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі
әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс - әрекет
етеді.

1.Қаржы механизмі ұғымын тұжырымдаған кездегі қаржы элементтерінің
диалектикасы
Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарының ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және
әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және
қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы
механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай – ақ
мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. өз кезегінде, бұл сфералардың
әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының
механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып
бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті
органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән
ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр
алуандығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді, қаржы механизмі
экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының
жиынтығын, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын,
қаржыны жоспарлаудың (болжаудың) әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін
басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың
тап осындай көптігі оларды (элементтерді) ұйымдастырудың көптеген түрлерін,
нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.
Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде
анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі блогі, элементі сияқты
ұғымдарын пайдаланған орынды.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші
болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен
ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі,
қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогі – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі
бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол
арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нысандарының және
әрекет жасау әдістерінің өзара іс – қимылы арқылы көрінеді.
Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизмдерінде абстрактты
экономикалық (құндық) категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар
түрінде болады.
Нақтылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін өзгерте алатын, адамдар
есепке алатын категориялар ұғынылады. Нақтылы нысандар – бұл экономикалық
категориялардың іске асу нысандары. Жалпы қаржылар арқылы емес, бірақ оның
нақтылы нысандары (қаржылық қосалқы категориялар) – бюджет, кірістер,
шығыстар арқылы экономикалық заңдарды адамдар өз мақсаттарына пайдаланады.
Бұл мағынада жоғарыда аталған нақтылы нысандар ұдайы өндіріс процестерін
басқарудың құндық категориялары болып табылады.

2.Қаржы механизмінің тиімділігі
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің
қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге
тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың
кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржы механизмі мен оның элементтерін
жеке және ұжымдық мүдделерімен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі
ұмтылушылық сақталынады, бұл – қаржы механизмі тиімділігінің кепілі.
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың
деңгейіне қарай (жалпыұлттық шаруашылық, экономиканың секторы, экономикалық
аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъект, әкімшілік – аймақтық
құрылдым) неғұрлым толық нақтылануы мүмкін. Сондықтан анағұрлым нақтылы
нысандар – басқару тұтқалары қолданылады: мысалы, кірістерде қосылған құнға
салынатын салық, акциздер, табыс салығы, мемлекеттік мүліктіктен түсетін
табыстар, ренталық төлемдер және т.т., шығыстарда – экономикаға (әрі қарай
тәптіштіледі), әлеуметтік – мәдени мақсаттарға, (білім беру, денсаулық
сақтау, әлдеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру және басқалары, ғылымға,
басқаруға) жұмсалатын шығындар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде
– фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты
Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы
Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қазақстан Республикасының қаржылық саясатының ерекшеліктері
Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты
Пәндер