«Қазпочта» ақ компаниясына жалпы сипаттама



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. «Қазпочта» АҚ компаниясына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 «Қазпочта» АҚ компаниясының құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 «Қазпочта» АҚ мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Компанияның негізгі салалары мен қызмет түрлері ... ... ... ... ... ... 11
1.4 «Қазпочта» АҚ еншілес кәсіпорындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.5 «Қазпочта» АҚ.ның басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы ... .22


2. «Қазпочта» АҚ негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.1 «Қазпочта» АҚ қызметінің негізгі нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.2 Есеп.кассалық қызмет көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.3 Депозиттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.4 «Қазпочта» АҚ инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.5 «Қазпочта» АҚ несиелік рейтингісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51



3. «Қазпочта» АҚ қызмет көрсету сапасы және оны жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.1 «Қазпочта» АҚ қызмет көрсету саласын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... 54
3.2 «Қазпочта» АҚ даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
1. «Қазпочта» АҚ компаниясына жалпы сипаттама
1.1 «Қазпочта» АҚ компаниясының құрылу тарихы

Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды.
Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 почта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда почта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде почта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы почтаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне почта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатын
Почта байланысының арзан болуы үшін почта идарасы (атты)-почта бекеттері және болыстық басқарма жанында қосымша пункттер ашты. Ондай пункттерде почта жұмыстарын жүргізу болыстық старшиндар мен писарларға жүктелді. Атты-почта даңғыл жолдарының жалпы ұзындығы 20 мың шақырым шамасында болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының почта шаруашылығына үлкен зиян тигізсе, азамат соғысы және басқыншылық жылдары ол барынша әлсіреді. Елдегі хат-хабарлар тасымалдау жүйесі бүлінді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жойылуы даңғыл жолдар бойымен почта тасу санын азайтты, почта бекеттері іс-жүзінде барлық аттарынан айрылды.
Азамат соғысынан кейін Кеңес үкіметі почта байланысын аса зор күйзелістен шығаруға, оны тұрғындар мен халық шаруашылығының қажеттілігі үшін пайдалануға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мысалы, салмағы 15 гр-ға дейнгі хаттар тегін жіберілетін, мерзімді басылымдарға жазылу почта бөлімшелері арқылы жүргізілетін болды, сондай-ақ, почта бөлімшелері жанында басылымдарды тасымалдау және бөлшек сауда арқылы сату ұйымдастырылды, почта тасымалдау көліктері әскери мақсатпен алынбайтын болды,
Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбор қаласындағы Қырғыз әскери комиссариаты жанындағы почта-телеграф басқармасы Қырғыз почта-телеграф округы болып қайта құрылды, ал 1925 жылдың аяғында ол ҚСРО Почта және телеграф Халық комиссариаты жанындағы Қазақ облыстық байланыс басқармасы деп аталатын болды. Сол жылы почтаның даму тарихында тұңғыш рет ауылдық хат тасушы лауазымы құрылды, Алыстағы ауылдарға почта қызметін көрсету үшін тұйықталған атты почта жүйесі енгізілді. Қалаларда атты почта автомобильдермен ауыстырылды, идаралық кемелер мен теміржол көліктері пайдаланыла бастады. 1929 жылы біздің республикадағы бірінші почталық әуе желісі Алматыны Тәшкенттпен байланыстырды. 1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал почталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жетті.
1932 жылы Почта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды.
Ұлы Отан соғысы почта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты соғыстың бастапқы жылдары почта үшін аса ауыр болды.
1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 почта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды
1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Почта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай «Байланыс» саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Қаржы факультеті

Қаржы кафедрасы

Есептеу нәтижесі

Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің бағдарламаларын орындау туралы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тәжірибе өту орны :

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кәсіпорын мекен-жайы :

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Cтудент :

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курс,топ :

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қаржы кафедрасынан тәжірибе
жетекшісі

___________________________________ _____________________________

Шаруашылық істейтін субъектен тәжірибенің жетекшісі

___________________________________ _______________________________

Алматы, 2011ж.
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қаржы факультетінің Қаржы мамандығының 4 курс студентінің өндірістік практика бойынша
Күнтізбелік Жоспар
Студент: Бакаева Айгерим

пп
Өндірістік практика бағдарламасы бойынша жұмыстың түрлері
Жұмыс күндер саны
Күні
Кәсіпорын (Ұйым) басшысының аты-жөні
1
Қазпочта АҚ бөлімдерімен танысу
1
13.12.2010

2
Презентация. Акционерлік қоғамы қызмет жағдайы, Қазпочта АҚ құрылымындағы материалдармен танысу
2
14.12.10-15.12.10

3
Қаржы департаментінің атқаратын қызметтерімен танысу
1
20.12.10

4
Қазпочта АҚ өтініштерінің үлгілерімен танысу

10
21.12.10

5
Қаржы менеджер жұмысымен және қызметімен танысу
10
21.12.10-03.01.11

6
Активтер және пассивтер түсімдер, шығындар, және қаржы қорларының үйлестірілуін талдауды үйрену
12
04.01-14.01

7
Қазпочта АҚ атынан ашық хат жазу,толтыруды үйрену.
10
01.02-10.02

8
Handy Pay төлеудің жүйесі мен танысу
10
11.02-21.02

9
Айналым активтерімен басқару бойынша жедел қаржы жоспарлау және талдау
10
22.02-04.03

10
Стратегиялық қаржы жоспарлауы және болжауы
10
05.03-18.03

11
Бағалы қағаздардың рыногында кәсіпорындардың қызметі
12
25.03-04.04

12
Есепті операциялар және олардың мінездемесі
12
05.04-18.04

13
Депозиттік операциялар аралық байланыс талдап етуге дейінгі салым және жедел етуге дейінгі депозиттердің салалық түрлері.
10
19.04-30.04

Қазпочта АҚ

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Қазпочта АҚ компаниясына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... .5
1.1 Қазпочта АҚ компаниясының құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . .5
1.2 Қазпочта АҚ мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...10
1.3 Компанияның негізгі салалары мен қызмет түрлері ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Қазпочта АҚ еншілес кәсіпорындары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 20
1.5 Қазпочта АҚ-ның басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы ... .22

2. Қазпочта АҚ негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.1 Қазпочта АҚ қызметінің негізгі нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..37
2.2 Есеп-кассалық қызмет көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.3 Депозиттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.4 Қазпочта АҚ инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.5 Қазпочта АҚ несиелік рейтингісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..51

3. Қазпочта АҚ қызмет көрсету сапасы және оны жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.1 Қазпочта АҚ қызмет көрсету саласын жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ..54
3.2 Қазпочта АҚ даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

Кіріспе

Мен, Бакаева Айгерим, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің Қаржы факультетінің Қаржы мамандығының 4 курс студенті, өндірістік тәжірибені 13.12.2010ж. - 30.04.2011 ж. Аралығында Қазпочта АҚ өттім. Аталған жұмыс орнында практика уақыты өте қызық әрі пайдалы өтті. Қазпошта АҚ қызметі мен көрсететін қызметтер түрімен таныстым. Қазпоштаның ағымдағы жағдайы мен негізгі қаржылық көрсеткіштерімен таныстым.
Өндірістік тәжірибені өту мақсаты Университет қабырғасында оқу процесінде алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту, өзінің болашақ мамандығы бойынша тәжірибелік еп (машық) алу және болашақ маман ретінде кәсіби қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.
Өндірістік практиканың міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:
кәсіпорынның қызметін зертеу;
оның ішкі және сыртқы салада иеленетін орнын зерттеу;
кәсіпорын өнім шығарумен айналыспағандықтан, қызмет көрсету процесін қарастыру;
кәсіпорынның технологиялық схемасы;
басқару құрлымы туралы ақпарат алу;
бөлімшелер мен басқарылатын бөлімдер функциялары;
кәсіпорынның негізгі техника экономикалық көрсеткіштерін талдау (ол көрсеткіштердің әртүрлі болып, уақыт шамасына байланысты өзгеруін, яғни экономикалық өзгеруін сипаттау және түсініктеме беру);
өндірістік шара қызметінің талдауын жасау үшін ақпарат жинау;
қорларды шығару мен тиімділікті жоғарлатуға ұсыныстар жасау.Өткізу түсінігін әртүрлі көзқарас бойынша айыруға болады.Осылай кәсіпорын активтері мен балансының өтімділігі туралы,сонымен қатар активтер кәсіпорын міндеттемелерін жабу көзі болып табылады.Өткізу активтерінің шамасы дегеніміз, ол баланстың айналымдық өткізуін активтерін ақша құралдарына айналу уақыты: белгілі актив түрі ақшаға ауысу уақыты төмен болса, онда оның өткізулігі жоғарлайды.Баланстың өткізулігін талдаудың мәні активтер бойынша құралдарды салыстыру.Соған байланысты өткізілу дәрежесі бойынша топтастырылған және өткізудің кему тәртібі бойынша орналасуы, пассив міндеттілігі бойынша, талдау мерзімі бойынша топтастырылған және мерзімнің өсу тәртібімен орналасқандығын талдау.

1. Қазпочта АҚ компаниясына жалпы сипаттама
1.1 Қазпочта АҚ компаниясының құрылу тарихы

Қазақстан почтасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің почта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйде (Алматы қаласы) бірінші почталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 почталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық почта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық почта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл почта бөлімшесі, және басқалар ашылды.
Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 почта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда почта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде почта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы почтаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне почта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатын
Почта байланысының арзан болуы үшін почта идарасы (атты)-почта бекеттері және болыстық басқарма жанында қосымша пункттер ашты. Ондай пункттерде почта жұмыстарын жүргізу болыстық старшиндар мен писарларға жүктелді. Атты-почта даңғыл жолдарының жалпы ұзындығы 20 мың шақырым шамасында болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының почта шаруашылығына үлкен зиян тигізсе, азамат соғысы және басқыншылық жылдары ол барынша әлсіреді. Елдегі хат-хабарлар тасымалдау жүйесі бүлінді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жойылуы даңғыл жолдар бойымен почта тасу санын азайтты, почта бекеттері іс-жүзінде барлық аттарынан айрылды.
Азамат соғысынан кейін Кеңес үкіметі почта байланысын аса зор күйзелістен шығаруға, оны тұрғындар мен халық шаруашылығының қажеттілігі үшін пайдалануға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мысалы, салмағы 15 гр-ға дейнгі хаттар тегін жіберілетін, мерзімді басылымдарға жазылу почта бөлімшелері арқылы жүргізілетін болды, сондай-ақ, почта бөлімшелері жанында басылымдарды тасымалдау және бөлшек сауда арқылы сату ұйымдастырылды, почта тасымалдау көліктері әскери мақсатпен алынбайтын болды,
Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбор қаласындағы Қырғыз әскери комиссариаты жанындағы почта-телеграф басқармасы Қырғыз почта-телеграф округы болып қайта құрылды, ал 1925 жылдың аяғында ол ҚСРО Почта және телеграф Халық комиссариаты жанындағы Қазақ облыстық байланыс басқармасы деп аталатын болды. Сол жылы почтаның даму тарихында тұңғыш рет ауылдық хат тасушы лауазымы құрылды, Алыстағы ауылдарға почта қызметін көрсету үшін тұйықталған атты почта жүйесі енгізілді. Қалаларда атты почта автомобильдермен ауыстырылды, идаралық кемелер мен теміржол көліктері пайдаланыла бастады. 1929 жылы біздің республикадағы бірінші почталық әуе желісі Алматыны Тәшкенттпен байланыстырды. 1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал почталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жетті.
1932 жылы Почта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды.
Ұлы Отан соғысы почта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты соғыстың бастапқы жылдары почта үшін аса ауыр болды.
1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 почта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды
1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Почта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай Байланыс саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңде почта саласы тиімділікпен жұмыс істеді, бірақ, барлық табыс электр байланысын дамытуға жұмсалды. Зейнетақы жеткізуден және телеграф-телефон қызметін көрсетуден алынатын табыстар Жалпы кірістің негізгі бөлігін құрады. Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. Қазақстандағы почта саласы (халық шаруашылығының барлық саласы сияқты), ел экономикасының түбегейлі өзгеру кезеңіндегі баға еркіндігіне және бұрынғы Кеңестер Одағының қалыптасқан почта байланысы жүйесінің бұзылуына байланысты орын алған белгілі қиындықтар мен проблемаларға кезікті. Мұның өзі почта жөнелтімдері санының және бүкіл республика бойынша байланыс бөлімшелер санының азаюына әкеліп соқты.

ПОЧТА МАРКАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫНАН
Салмағы 1 лот хатқа арналған, атаулы құны 10 копеек тұңғыш Ресей почта маркасы 1857 жылы шығарылып, сол жылдың желтоқсан айында почта бөлімшелерінде сатыла бастады. Оларда тіс кетікшелері болмады және парақтан қайшымен қию арқылы ажыратылатын еді.
Алғашында маркалар қауырсын арқылы жәй ғана айқастырып сызу арқылы өшірілетін боды, сосын көп ұзамай дөңгелек күнтізбелік почта штемпелі енгізілді. 1858 жылы тіс кетікшелері бар екінші шығарылымдағы маркалар өмірге келді.
1918 жылы бірінші кеңестік марка шығарылды, 1921 жылы олардың екінші шығарылымы болды.
Жіберуші хат-хабарларының почта арқылы адресі бойынша жеткізілуі үшін төлемақы төленгендігінің белгісі ретіндегі өзінің ресми мақсатынан басқа, маркалар шағын нысандағы өнер туындысы болып табылады.

ТЕЛЕГРАФ БАЙЛАНЫСЫ
1862 жылы Қазақстан аумағында Верный (Алматы) мен Пішпекті (Бішкек) қосқан бірінші телеграф желісі пайдалануға берілді.
1912 жылы Верный - Тәшкент, Верный - Пішпек, Верный - Семей - Омск сияқты бірнеше телеграф байланысы болды. Ол кезде телеграфта үш Морзе аппараты болатын.

Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. Қазпочта АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді.
Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.
Қазпочта бүгін - көп қызметті қаржылық супермаркет болып табылады. Еркін бәсекелестік жағдайында почта қызметтері жаңа стратегиялар мен жаңа коммерциялық жолдарды өңдіруде. Радио болсын, телефон болсын, интернет болсын адамзатты почтадан айыра алмады, керісінше, қазіргі жағдайларда почта - байланыс құралы ретінде таяу уақытта жойылады деген торығушылық болжамдарға қарамастан, өз дамуын жалғастыруда. Почта қызметінің әлемдік нарығындағы негізгі үрдісі - көптеген қызметтерді кіргізетін, әсіресе қаржы қызметін, әмбебап почта қызметін құру болып табылады. Қазіргі пошта - жеке, әрі заңды тұлғаларға пошталық, агенттік және қаржылық қызмет көрсету кешеніне бағытталған
Қазпочта АҚ 2006 жылдың қаңтарынан Самұрық мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды.
Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет көрсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде бір терезе ұстанымы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық EMS қызметі сапасын сәтті дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша EMS-Kazpost қола деңгейіне қол жеткзді.
Қазпочта АҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады.
Біздің бүгінгі күнгі стратегиямыз - көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында өте маңызды болып табылады.
2007 жылдың желтоқсанында Қазпочта АҚ-ға ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат - компания басқару жүйесінің халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Аталған сертификатқа ие болу компания мен оның қызметкерлеріне ерекше жауапкершлік жүгін артады.
Бүгінгі күні компания 19 елмен пошталық ақшалай аударымдармен өзара айырбас жасауда, соның ішінде ТМД, Канада, Латвия, Литва, Туркия, Эстония, Жапония, Польша және Қытай елдері кіреді, сонымен қатар Швейцариядан түсетін ақшалай аударымдарды төлеуді жүзеге асырады.
Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, Қазпочта АҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндрістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты.
Почта банктердің, сақтандыру компаниялардың құнды қағаздар портфелімен басқару жөніндегі инвестициялық қызметін, жүзеге асыратын ұйымдардың және басқа банктік емес қаржылық мекемелердің ресми өкілі болып отыр.
Бүгінгі таңда қазақстандық почта екінші деңгейлі банктердің агенті ретінде халыққа тұтыну несиелерін беру бойынша қызметтерді жүзеге асыруда. Жуырда қазақстандықтар үшін почта ақша алатын (осы мақсат пен банкоматтар орнатылуда), оларды басқа қалаларға немесе шет елдерге жіберуге, сонымен қатар сақтандыруды ресімдеуге, ақшаны құнды қағаздарға салуға, салымдар бойынша сыйақы алуға болатын бірыңғай супермаркеті ретінде болмақ. Қоғам филиалдарында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін, банктік операцияларды, почта жөнелтімдерді ресімдеу, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарды, бюджеттеу мен құжат айналымы сияқты, Корпоративтік Ақпарат Жүйесі (КАЖ) белсенді енгізілуде. Яғни, хаттарды, жүктерді жіберу, ақша аудару,мерзімді басылымдарға жазылу, жеделхаттарды қабылда, зейнетақыны, стипендия мен еңбекақыны төлеу жедел уақытында орындалатын болады.
Пошта-банктік терминал - пошталық байланыс кәсіпорындарымен көрсетілетін қызметтер бойынша почта-банктік операцияларды автоматты ресімдеу, есепке алу және бастапқы өңдеу үшін арналған почта терезелерінің жұмысын автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен. ПБТ келесі операцияларды орындау үшін арналған:
* Ішкі және халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау және табыстау;
* Аударымдарды қабылдау және табыстау;
* Мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, жеткізу және есепке алу;
* Мерзімді басылымдарды, почтаның халық тұтынатын тауарларын сату;
* Жеделхаттар қабылдау;
* Зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және еңбекақы төлеу;
* Халықтан төлемдер қабылдау;
* Халықтан салымдар қабылдау және төлеу;
* Валютамен айырбастау операциялары;
* Ішкі шаруашылық операцияларын тіркеу.
Қазпоштаның бөлімшелерінде КАЖ енгізу 4 жылға, яғни Қазпошта
АҚ мен Colvir Software & Solution компаниясы арасындағы кестеге сәйкес 2006 жылдың аяғына дейін есептелген.
Компанияның бәсекеге қабілеттілігі мен серпінді даму проблемелары. Қорыта айтқанда, өсіп келе жатқан бәсеке жағдайларында бүгін әр компанияың өндіріп жатқан тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтің сапасын үнемі көтеру проблемасымен жиі кездесетіндігін атаған жөн.
Нарықта тек тауарлары мен қызметтері тұтынушылардың талабын толық қанағаттандыратын фирмалар ғана тұрақталып қалады. Ұсынылатын тауаурдың немесе қызметтің сапасы компанияның бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы ретінде маңызды рөл атқарады. Тек жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмьылу кез келген компанияның стратегиялық өзегі болып табылады.
Қазпочта АҚ отандық нарықтың барлық өзекті салаларында жетекші позициясын сақтай отырып, Қазақстан аумағын түгелдей қамтудың артықшылықтарын барынша пайдалануды мақсат тұтады; сол үшін почталық қызметтер мен қаржылық қызметтердің кеңейтілген жиынтығын тиімді ұсынып, алдағы 10 жылда 2010 жылғы жылына 19,9 млрд теңгені құрайтын түсімді 2020 жылы 47,5 млрд теңгеге жеткізу, операциялық түсімді 2010 жылғы 0,07 млрд теңгеден 2020 жылы 1,5 млрд теңгеге шейін өседі.

8.2 Қазпочта АҚ мақсаттары мен міндеттері

Қоғамның негізгі мақсаты ретінде тұтынушылардың үміттеріне сәйкес келетін сапалы деңгейді ұсынатын, пошта-жинақтау жүйесінің қызметтеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы әр заңды және жеке тұлғаға тиімді әдістерді, жоғарғы сапаның инновациялары мен стандарттарын пайдалана және азаматтарға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ете отырып пошталық және қаржылық қызметтерін ұсыну.
Қазпочта АҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады.

Компанияның мақсаттары

1. Заманауи және өнімді бизнес-үдерістерге көшуді қамтамасыз ету мақсатында қол жеткізілген еңбек нәтижелері және технологиялық үрдістердің деңгейіне сараптама жасау негізінде негізгі қызмет түрлерінің тиімділігін арттыру;
2. Тұтынушыларға сұраныс бар өнімдер мен қызметтерді көрсету арқылы табыстың өсуін және нарықты жаулап алуды қамтамасыз ету.

Компанияның міндеті

Компанияның міндеті - әрбір заңдық және жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының бүкіл территориясы бойынша почталық және қаржылық қызметтерді көрсету және осы мақсатта ең тиімді әдістемелерді, инновациялар мен жоғары сапа стандарттарын пайдалана отырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні қазақстандық почтаның ең басты міндеті - көрсетілген қызметтердің сапасын көтеру, почта жөнелтімдерін жеткізу мерзімін қысқарту, клиенттердің талғамына сәйкес келетін жаңа қызмет түрлерін енгізу болып табылады.

Негізгі басымдылық ретінде төмендегілер анықталды:
- қала мен ауыл арасындағы қызметке қолжетімділік деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту арқылы ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесу;
- халыққа әлеуметтік төлемдерді уақтылы төленуін қамтамасыз етуді төлем карточкалар жүйесіне ауысу арқылы зейнетақы жүйесінің сәтті жұмыс істелуіне көмек көрсету;
- қаржылық сауаттылықты және халықтың қаржы құралдарына қолжетімділігін жоғарлату бойынша трансфер-агенттік қызметті кеңейту жолымен бағалы қағаздар нарығын дамытуға көмек көрсету.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі тапсырмаларды шешу анықталды:
- клиенттердің талаптарына бағыттау арқылы жоғары технологиялық қызметтерді енгізу есебімен өнімділік сызбасын кеңейту;
- клиенттердің сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыру үшін пошта-жинақтау қызметтерін ұсыну сапасын жақсарту;
- пошта-жинақтау жүйесінің тиімді жұмыс істелуін жоғарлату үшін қолданыстағы технологияларын оңтайландыру және жаңа технологияны енгізу;
- қойылған міндеттерге ойдағыдай қол жеткізу үшін жұмыскерлердің материалдық мүдделілігін жоғарлату;
- корпоративтік басқару принциптерін енгізу.

2.2 Компанияның негізгі салалары мен қызмет түрлері

Нарықтық жағдайға көшу барысында пошта байланысы елеулі қиындықтарға тап болды. 90-шы жылдардың бас кезіндегі жалпы экономикалық жағдайдың құлдырауы кезінде және соған орай өндіріс орындарының жабылуы, ұйымдардың бюджеттік шығындарының қысқаруы, бұқара халықтың төлем қабылетінің төмендеу көріністері етек алғанда, пошта қызметтерінің ауқымы 6 еседей қысқарып қалған болатын.
Қазақстан поштасын реформалау жұмыстары 1999 жылы басталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 1940 Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорынын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру туралы Қаулысына сәйкес мемлекеттің 100-пайыздық қатысумен Казпочта акционерлік қоғамы құрылды. Акционерлендіру Қоғам қызметінің эксплуатациялау және жоспарлау-экономикалық салаларында дербестігін арттырды, аймақтық инфрақұрылымдарды дамыту және модернизациялау мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін қамтамасыз етті. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекетті дамыту ісіндегі пошта салаларының рөлін арттыру мақсатында 2000-2003 жылдарға арналған пошта жүйесін дамыту және пошта-жинақ жүйесін қалыптастыру Бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 -қарашасында қабылданған № 1716 Қаулысы арқылы бекітілді. Аталмыш Бағдарлама бұқара халыққа арналған әлеуметтік маңызы жоғары қызметтер түрлерінің қолжетімділігін арттыруды көздеді; соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде пошта жүйелері арқылы банктік қызметтерді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерді көрсету де қарастырылған болатын. Бұл шаралардың қабылдануы пошта тарапынан көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтті. Дәстүрлі пошталық қызметтермен қатар жаңа бағыттар мен қызметтер пайда болды, мәселен, валюталыө-айырбас операциялары, депозиттерді қабылдау, есептесу-кассалық қызметтері, т.т. Халықаралық және ұлттық жылдамдатылған пошта сияқты қызметтер ұйымдастырылды.
Қазпочта АҚ ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ ж.йесін құрды; және бүгінгі таңда ондай жүйені енгізген жалғыз ел болып қала беруде. Қазпочта АҚ - ның толыққанды пошта-жинақ жүйесін құру жолындағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастық тарапынан жоғары баға алды, ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін дамудың болашағы зор даму жолы ретінде атап өтілді.
Алдағы уақыттарда қазақстандық почтаны көпфункционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мұнда таяу арада почталық, қаржылық және басқа, негізгі емес, қызмет түрлері де көрсетілетін болады, сондай-ақ, даму үстіндегі ақпараттық қоғам жағдайында Қазақстан секілді үлкен мемлекетке қажеттілігі мол, әмбебап логистикалық оператор қызметтері де жоспарлануда.
Қазпочта АҚ 2006 жылдың қаңтарынан бастап Самұрық мемлекеттік холдингі құрамына енді. Аталмыш даму институты құрылғанда алға қойылған басты мақсат, - ол корпоративтік басқару, мемлекет мүдделерін қорғау және макроэкономикалық тұрақтылыққа одан әрі қолдау қолдау көрсету.
Компанияның Директорлар кеңесінде 2007-2009 жж. арналған даму жолдарының стратегиялық бағыттары бекітілді, онда бұрынғыдай, почтаның даму тұжырымдамасы ғана емес, сонымен бірге ұлттық почта операторының бүкіл инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы қарастыралған. Ондай жаңартудың негізгі міндеттері пошта бөлімшелерінің жеке желілерін оларды барынша қамтамасыз ету, техникалық жағынан нығайту, ақпараттық-коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамтамасыз ету негізінде жетілдіру болып табылады.
Бұл шаралар көптеген маңызды стратегиялық міндеттердің орындалуын қажет етеді. Бірінші кезекте аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға жұмылдыру керек, бұл жан-жақты ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты почта-жинақ қызметтерінің тізімін сапалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қайта жабдықталған почта байланысы бөлімшелерінде электронды үкімет жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй құрылысы жинақ қызметін көрсету үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейтуге жол ашады. Сайып келгенде, компанияның даму жоспарын жүзеге асыру почта-жинақ қызметтерін көрсету көтеруге, почта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен бірге тұтастай алғанда аймақтық желі мен күре бағдарларды оңтайландыратын күре бағыттар бойынша почталық жөнелтімдерді жеткізу.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған өндірістік қорларды модернизациялауға ерекше назар аударылуда, бұл өндіріс нысандарын түбегейлі жетілдіруге, жеке сауда жүйесін автоматтандыру және компьютерлендіру, почта жабдықтарын және транспорт паркін жаңартуға мүмккіндік береді.
Почта - Қазақстан Республикасының бүкіл халқына қол жеткізетін бірден бір қуатты жүйелік құрылым. Қазпочта аса зор филиалдық жүйеге ие, және оған парапар ешбір жүйе республикада жоқ. Қазпочта АҚ - ның барлық облыстық филиалдарында ұялы байланыс қызметтері үшін төлем қабылдау бойынша жаңа жобаларды іске асыруға арналған бағдарламалық өнімдер табысты түрде жүзеге асырылуда.
2006 жылдың мамыр айында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызмет түрін іске асыруға лицензия алып, трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алды. Қазіргі кезде Қазпочта АҚ құнды қағаздар рыногындағы қызметін белсенді түрде дамытуда. Бұл орайда екі негізгі бағытты атап көрсетуге болады: біріншісі, қазір Қазпочтада енгізіліп жатқан Казпост-секьюритиз аталатын, почта секторы үшін бірегей ерекше жобаны қамтиды. Ол Алматы қаласындағы Аймақтық қаржы орталық алаңында құнды қағаздармен түрлі операциялар жүргізілуін көздейді. Екінші бағыт Қазпочта АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды қамтамасыз етеді. Соған байланысты Самұрық мемлекеттік холдингінің Қазақтелеком АҚ-ның жәй акцияларының мемлекеттік пакетін сату тәжірибесі сәтті болды. Қазпочтаның трансфер-агенттік нүктелері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқара алды. Трансфер-агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу туралы өтініштер бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Сонымен бірген, аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімдерін өздері тұрған жерде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш жобаны іске асыру трансфер-агенттік желіні пайдаланудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті, өйткені бұған шейін тарнсфер-агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп саналып келген. Бірінші тәжірибе сәтті өтуі себепті, бұл бағы одан әрі де белсенді түрде дамытылатын болады. Таяу болашақта жұртшылыққа Қазпочта АҚ-ның барлық ірі қалалар мен почта байланысының аудандық бөлімшелерінде орналасқан трансфер-агенттік нүктелері арқылы акциялар сату жоспарлануда.
Соңғы жылдары қазақстандық почта халықаралық EMS қызметінің сапасын Қазақстан ренспубликасы аумағында халықаралық жөнелтімдер мен ішкі жөнелтімдердің автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу арқылы жетілдіру жұмыстарын сәтті жүргізуде, бұл сертификациялау деңгейінде нақты көрінісін тапты.
2010 жылы Қазпочта АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінен EMS Кооперативінің Алтын деңгей Сертификациясын алды. Алтын деңгей жоғары мәртебесіне әлемнің 203 елінен 13 мемлекет қана ие, және бұл рейтинг бойынша Қазақстан 11-ші орынға ие болды. 2006 жылы ұзақ мерзімді салалық бағдарлама аясында жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске қосылды. Бірінші кезекте, почта байланысы бөлімшелерін күрделі жөндеуден өткізу жобасы, оның игілікті нәтижелерін көптеген ауыл тұрғындары бағалап үлгерді. Бюджеттік инвестициялар және өзіндік қорлар есебінен бүкіл республика бойынша қалалық және ауылдық байланыс бөлімшелері күрделі жөндеуден өткізілді. Олардың ішкі жабдықталуы да заманауи талаптарға сай - барлық почта бөлімшелері заманауи жиһаздармен, компьютерлік техникамен, электрондық аппаратурамен, почта-кассалық құралдармен жабдықталған. Заманға сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтер ауқымы кеңейтілді, мыңнан астам жұмыс орындары жасалды.
Тағы бір маңызды жоба - Қазпочта жүйесі арқылы электрондық сауда мүмкіндіктерін арттыру. Бұл тапсырманы орындау барысында Қазпочта АҚ 2007 жылдың тамыз айында электрондық сауда алаңын іске қосу жұмыстарын бастаған болатын. Оны ұйымдастыру барысында ұсынылатын тауарлар мен қызметтер екі түрге бөлінді. Мәселен, заңды тұлғаларға, жеке және дербес кәсіпкерлерге арналған ұзақмерзімді негіздегі тауарлар мен қызметтер саудасы бизнес - бизнес және бизнес - тұтынушы қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Жеке тұлғаларға арналған, қысқа мерзімді тауарлар мен қызметтер саудасы жеке тұлға - тұтынушы қағидатына негізделеді. Мұндай тетік тауарлар мен қызметтер саудасының қорғалған жүйесін құруға мүмкіндік береді және сатушы-сатып алушы қарым-қатынастары рәсімін оңайлатады.
Бұл жаңалық мемлекеттік тапсырма болғандықтан, ол әлеуметтік сипатқа ие болуы заңды. Электрондық алаң құру мақсатында барлық ауылдық почта байланыс жүйелерін интернеттеу бағдарламасы жасалды. Интернет-сауда республика жұртшылығына әдеткі дүкендерде табылмайтын бірегей тауарларды сатып алу мүмкіндігін кеңейтеді және оның үйге жеткізілуін қамтамасыз етеді, бұл орайда керекті тауарды іздеуге кететін қыруар мол уақыт үнемделетіні де анық. Осыған орай, электрондық сауда алаңын Қазпочта базасында құрастыру барынша қисынды әрі оңтайлы болып табылды. Оның үстіне біз бүкіл қазақстан территориясы бойынша Интернет жүйесіне қоғамдық қол жеткізудің 45 нүктесін аштық, байланыс бөлімшелерін Интернетке шығу мақсатында компьютерлендіріп, керекті бағдарламалармен қамтамасыз еттік.
Қазіргі уақытта 89 жеделтетілген почта нүктелері жұмыс істеуде, Қазпочта бөлімшелерінің негізінде бір терезе қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда. Қазпочта АҚ қызмет ету және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында менеджментті нығайту, қызметшілер құрамын оқыту, почта байланысын модернизациялау, бәсекеге қабылетті почта-жинақ жүйесін және заманауи ақпараттық-технологиялық схемаларды құруға көп көңіл бөледі.
Біздің бүгінгі стратегиямыз - көрсетілетін қызметтер түрлерін кеңейту және оларға байланысты айқын сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін белсенді түрде енгізумен айналысуда. Бұл республикамыздың Әлемдік сауда ұйымына кіруіне дайындалып жатқанына байланысты да ерекше маңызға ие.
2007 жылдың желтоқсан айында Қазпочта АҚ-на МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестігіне орай халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат - компанияны басқару жүйесі халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай екендігінің белгісі.Мұндай сертификатқа қол жеткізу бүкіл компанияға және оның барлық жұмыскерлеріне ерекше жауапкершілік жүктейді
Халықаралық сертификатқа қол жеткізіп және сапа талаптарына ерекше ден қоятыны туралы жария ете отырып, Қазпочта АҚ өзінің күнделікті жұмыстары арқылы халықаралық деңгейге сай сапалы қызметтер көрсетуді шынында да компанияның барлық басқарушы деңгейі және өндірістік бөлімшелері үшін басым мақсат саналатынын, ал тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыруды - жұмысының мақсаты және нәтижесі деп есептейтінін паш етеді.
2008 жылдың қараша айында Сертификациялау бойынша Халықаралық ұйымы (ISO) Халықаралық Форуммен (IAF) бірлесе, МС ИСО 9001:2008 сапа менеджментін жүйелеріне қатысты талаптарды реттеуші МС ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттың пайдаланыстағы нұсқасын қабылдағаннан кейін, Қазпочта АҚ бүгінгі таңда пайдаланыстағы стандарттардың талабына сай сертификацияланған сапа менеждменті жүйесіне көшу шараларын жүзеге асыруда. Почта саласында компания хаттар мен жолдамаларды жеткізу, жеделтетілген (EMSжәне курьерлік почта қызметтерін, почта арқылы ақша аудару, баспа басылымдарын тарату қызметтерін көрсетеді. Хат жолдамаларын жеткізуді жүзеге асыру және филателистік өнімдерді сату мақсатында Қазпочта АҚ почта маркалары түріндегі почта байланысының мемлекеттік белгілерін, олардың топтамаларын және маркаланған конверттерді шығарады. Сондай-ақ, Қазпочта АҚ коллекциялық конверттер мен маркалар секілді ко филателистік өнімдерді де сатумен айналысады.
Қаржылық-банк қызметтері саласында Қазпочта АҚ валюталық-айырбастау операцияларын, депозиттерді, төлемдерді қабылдау, есептесу-кассалық қызметтерін көрсету, инкассация , ақша және құндылықтарды тасу, құнды қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету, электрондық ақша аударымдары, трансферлік-агенттік қызмет және т. б. жүзеге асыруда. Агенттік қызметтер саласында екінші деңгейлі банктер беретін тұтынушылық кредиттерге қызмет көрсету үрдістері белсенді түрде дамып келеді, тұрғын үй сақтау қорларын қабылдау және қызмет көрсету жүзеге асырылуда. ҚР почта-жинақ жүйесінің коммерциялық қызметтер 100-ден астам түрлері қолданыс табуда.
Бүгінгі таңда Қазпочта АҚ кең ауқымда пошталық, қаржылық, агенттік және басқа да қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ, ақпараттық, ақша және тауар ағыны өтетін жүйе болып табылады.
Пошталық қызметтер
Қазпочта АҚ кең ауқымда пошталық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
∙ жазбаша хат-хабарлар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жөнелту мен жеткізу;
∙ ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді жіберу мен жеткізу;
∙ EMS-Kazpost шабармандық қызметі;
∙ мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды қабылдау, тасымалдау, жіберу, жеткізу мен бөлшек сауда арқылы сату;
∙ арнайы байланыс қызметі;
∙ филателия;
∙ аралас электронды пошта (пошталық жеделхат)
"Қазпочта" АҚ келесі қызмет түрлерін көрсетеді: мемлекеттік пошталық төлем белгілерін шығару; пошталық жөнелтімдерді сұрыптау, тасымалдау және жеткізу; соның ішінде жеделдетілген шабармандық пошта; пошталық ақша аударымдары; жазылым бойынша және даналап мерзімді баспасөз басылымдарын тарату; зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, стипендия, жалақы төлеу; қаржылық қызмет көрсету; құнды қағаздарды шығару.
Қазпошта - мерзімді баспасөз басылымдарын тарату жөніндегі қызмет нарығындағы ең ірі ойыншы. Ең шалғай мекендерге дейін жайылған желілерінің арқасында республикада жазылым бойынша таратылатын газеттер мен журналдардың 85% астамы компанияның бөлімшелері арқылы сатылады және жеткізіледі

КУРЬЕРЛІК EMS KAZPOST ҚЫЗМЕТІ
Қазпочта АҚ алуан түрлі EMS Kazpost қызметін ұсынады - амандығын және кепілді жеткізіп беруін қамтамасыз ету арқылы барынша қысқа мерзімде қолдан қолға принципі бойынша Сіздердің хат-хабарларыңызды, құжаттарыңыз бен басқа да почта жөнелтілімдеріңізді жедел жеткізіп беру:
:: жедел мерзім ішінде Алматы қаласының ішінде хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта жөнелтілімдерін жеткізіп беру;
:: Қазақстан Республикасы бойынша хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта жөнелтілімдерін жіберу және жеткізіп беру;
:: ТМД елдері мен Қиыр Шетелдерге хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта жөнелтілімдерін жіберу және жеткізіп беру.
EMS Kazpost қызметі 100-ден астам әлемнің почта әкімшіліктерін біріктіретін, Дүниежүзілік Почта Одағындағы халықаралық кооперативтің мүшесі болып табылады. Бүгінгі күні EMS Kazpost қызметін:Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Дүниежүзілік Банктің Тұрақты Өкілдігі, АБН АМРО Банк Қазақстан ЖАҚ ЕАБ, Ислам Даму Банкінің Аймақтық Өкілдігі, REUTERS Eastern Europe Ltd филиалы, ШНОС ААҚ, Procter&Gamble" ЖШС сияқты және тағы да бірқатар ірі корпоративтік клиенттер пайдаланады.
Қазпочта АҚ экспресс-почта (EMS Kazpost) қызметі қазіргі қалпында 2000 жылдың қаңтар айында құрылған еді. Бірақ, 1999 жылдың соңынан бастапа-ақ, қызметті ұйымдастыру және қалыптастыру жөнінде мынадай орасан жұмыстар атқарылған болатын:қажетті нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту, Дүниежүзілік Почта Одағындағы (ДПО) Халықаралық Кооперативке кіру, ДПО мүше-елдерімен және Қазақстан Республикасы ішінде ірі корпоративтік клиенттермен халықаралық хат-хабарларды экспресс-жеткізіп беруге бірқатар шарттар жасасу.
Бүгінгі күні EMS Kazpost қызметі Қазақстан почтасының ең жылдам дамып келе жатқан құрылымының бірі болып табылады, яғни құжаттар, тауарлар, хат-хабарларды жедел (экспресс) жіберу және жеткізу мен қосымша сүйемелдеуші қызметтер көрсету жөнінде түрлі қызметтер көрсетеді.
Сіз, Қазақстан, сонымен қатар бүкіл дүние жүзі бойынша жөнелтіліміңізді жеткізу үшін экспресс-почта қызметін пайдалана аласыз. EMS жөнелтілімдерін қабылдау пункттері Қазақстанның барлық облыстық филиалдарында және бірқатар аудан орталықтары мен облыс орталықтарынан төмен ірі қалаларда бар.
Электронды байланыс құралдарының қарқынды дамуына қарамастан іс қағаздарын, тауарлар мен басқа қажетті материалдық заттарды қолмен ауыстыру қажеттігі әлі де бар, сондықтан да EMS Kazpost болашаққа сеніммен қарауда.

Есеп-шот хабарламалар
Қазпочта АҚ есеп-шот хабарламалар мен зейнетақы жазбаларын жеткізу бойынша көрсеткен қызметі 2009 жылғы кірісі 2008 жылы түскен табыстан 15% жетті.
2009 жылы Қазақтелеком АҚ, Алсеко ЖАҚ, Алма-ТВ ЖАҚ, Мобайл Телеком Сервис ЖШС, GSM Kazakhstan, АлматыЭнергоСбыт ЖШС және басқа да компаниялардың есеп-шот хабарламаларын жеткізу жүзеге асырылды.
Электронпост.kz БК ЖШС еншілес компаниямен бірігіп атқарған жұмыстардың арқасында 2009 жылы Просто кредит ЖШС, Еуразия банкі АҚ, Каспий банк АҚ компанияларына есеп-шот хабарламаларын жеткізу қызметтері көрсетілді.

Директ-мейл
Қазпочта АҚ 1998 жылдан бастап Директ-маркетинг қызметтері нарығына араласып, жөнелтімдерді мекенжайға, сондай-ақ, мекенжайсыз жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. Қазпочта АҚ негізгі әрі тұрақты клиенттері банктер, маркетингтік және жарнама агенттіктері, каталогтық фирмалар, темекі компаниялары және т.б. болып табылады. Директ-мейл қызметтерін көрсете отырып, Қазақстан поштасы қомақты нәтижелерге қол жеткізді, мекенжай жүйесі бойынша жіберілген жөнелтімдер көлемінің орташа жылдық өсімі 40%-ды құрайды. 2009 жылы табыстың төмендеуі 2008 жылмен салыстырғанда 9,3%-ды құрады.2009 жылы ЖМ тарату жөніндегі ірі компания Metro Cash&Carry ЖШС тартылды. Компанияларға мекенжайларға жіберу бойынша қызмет көрсету - жазбаша хат-хабарлар нарығын дамыту жолдарының бірі. Статистика көрсетіп отырғандай, жеткізілген жазбаша хат-хабарлардың жалпы көлемі ішінде компанияның мекенжай жүйесі бойынша жіберілетін жөнелтімдері 50%-дан асады, әрі бұл үлестің жыл сайын артып келе жатқаны байқалады.
Директ-мейл қызметінің дамуы - Қазпочта АҚ жазбаша хат-хабарлар жіберуді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі. 2009 жылы Қазпочта АҚ Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) Тікелей пошталық тарату жөніндегі сабағатты кеңесінің қатысушысы болды.

Филателия
Қазақстан Республикасының 2009 жылға арналған Мемлекеттік пошта төлемінің белгілерін шығарудың тақырыптық жоспары 100 пайызға орындалды.
2009 жылы түрлі тақырыптағы 1 320,0 мың дана таралыммен 30 пошта маркалары шығарылып, айналымға енгізілді.
Әдеттегідей, шығарылатын маркалардың тақырыптары ауқымды - Ұмытылмас, мерейтой даталары сериялы 8 марка, Наурыз, Ертедегі Қазақстанның сауыт-саймандары және қарулары сериялы маркалар, Флора және Фауна сериялы екі марка, Еуропа. Астрономия, Космос және Астрономия сериялы маркалар басып шығарылды.
КоМоКо пошталық комитеттің шеңберінде Қолданбалы өнер сериясының Әйелдер әшекейі тақырыбында Қазақстан - Корея - Моңғолия біріккен басылымы шығарылды. Қазақстанның театр өнері. Балет тақырыбында дөңгелек перфорациясымен 6 маркіден тұратын көркем сурет парағының жаңа түрі, А және В литерімен маркалаған хатқалталар, сонымен қатар арнайы өшіру мөрқалыбы шығарылды.
Республика ішінде филателиялық нарықты дамытып кеңейту және халық арасында филателияны кең тарату мақсатында Қазақстандық пошта маркаларын коллекция жинаушылардың одағы қоғамдық бірлестіктің тіркелуіне көмек көрсетілді.
Шығарылымдар туралы толық ақпараттар Қазпочта АҚ Интернет-дүкенінде және ресми веб-сайтында орналасқан.

1999 жылдан бастап Қазпошта АҚ шетел валюталарын айырбастау қызметтерін көрсетіп келеді. Қазіргі кезде Қоғам Colvir компаниясы құрған, Корпоративтік ақпараттық жүйесін ендіруде. Бастапқы кезеңде байқау жобасы ретінде Алматы почтамты АФ-да валюталық-операциялар жөніндіе КАЖ жаңа модулі енгізілді. Байқау жобасын өтеп, жаңа бағдарламалық жасақты ендіргеннен кейін Қоғамның on-line режимінде жұмыс істейтін барлық бөлімшелерінде осы операциялар бойынша Қоғамның бөлімшелері арасындағы ақпараттардың өту мерзімі бірнеше минутқа дейін қысқартылаьын болады.

2007-2010 жж. Қызметтің негізгі түрлері бойынша Қазпошта АҚ нарықтық үлесі

2007 ж.
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
ҚР - да пошта қызметін көрсету табысынан Қазпошта АҚ нарықтық үлестері

Кезеңдік басылымдар
78,4
78,3
81,5
95,6
Жазбаша хат-хабар
100,0
100,0
100,0
41,0
Сәлем-сауқат
100,0
100,0
100,0
40,4
EMS-Kazpost
12,1
14,6
17,6
13,7
КГПО
-
-
-
57,3
Директ-мейл
-
-
-
86,3
Арнайы байланыс
-
-
-
99,4
ҚР - да қаржылық қызмет көрсету көлеміндеҚазпошта АҚ нарықтық үлестері

Зейнетақы мен жәрдемақы төлемі
50,9
50,9
51,1
44,8
Салықтық төлем
26,5
25,2
25,4
31,5
Коммуналдық және басқа төлемдер
24,2
42,1
36,4
41,4
Аударымдар

1,6
Тұрғындардың жедел салымдары
0,06
0,05
0,04
0,04
Еңбекақы төлемі
4,1
4,0
3,4
3,2
Пайдалануға берілген карточка саны
-
-
0,3
0,7
Банкомат саны
-
-
1,0
1,9

2.4 Қазпочта АҚ еншілес кәсіпорындары
Қазпочта АҚ-ның еншілес кәсіпорындары

Электронпост.KZ БК ЖШС - Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 210 қаулысына сәйкес бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған даму Жоспарына орай Казпочта АҚ-ы ашқан компания. Бірлескен кәсіпорын AS Eesti Elektronpost (Эстония) және Astermann LLP (Ұлыбритания) компанияларымен бірге құрылған. Компанияның жарғылық капиталындағы Қоғамның үлес мөлшері 33,3% құрайды.
Электронпост.KZ БК ЖШС-нің қызмет аясы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Почталық қызметтер
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің есебі
Қазактан поштасынын тарихы
Экономикалық басқару
«Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалына жалпы сипаттама
ЕСЕП БЕРУ “ҚАЗПОШТА” АҚ-на жалпы тәжірибелік сипаттама
ҚР-ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы
АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-на экономикалық сипаттама
Казпочта байланыс қызметі
Басқару ғылымының мәні мен әдістері
Пәндер