Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари)



Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари)

Әбу-Насыр Әл-Фараби ілімі

Әл-Фараби шығыс перипатизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты.
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөнінде жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – А., 1973, 132б). Фараби бұл салада жасаған қорытындаларының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл мен ой білімінің биік мәнін халықтар арасындағы туысқандық, достастықтың принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, мораль мәселелесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу екенін көрсетті.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге дейін мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, «Риторика», «Поэзия өнерінің каноны туралы трактат», «Поэзия өнері туралы», т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті проблемаларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне кірігіп, ұласып кетеді. Фарабидің: «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді.
Ол адамның іс-әрекетінде зерделіліктің (зиялылықтың) ролі аса зор деп бағалады. «Олардың ақыл-ойы халықтар арасындағы ұрыс-жанжалдардың пайдасыздығын ұғуға жетеді». Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке, берекеге жету жолында, (демек берекеге жету жолында) бір-бірімен келісімге келуі керек». Гуманизмді халықтар достығын насихаттап, адамның өзін, оның ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды, адамның шынайы бақытын тілейді, оларды тынымсыз іздену, оқу-уйрену арқылы өзін жетілдіруге шақырады. Тек адамның мінез-құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады»,- дейді. (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық тракттар).
Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. «Адам денесінің органдары жайлы Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық» атты трактаттары орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады. Медицина саласындағы трактаттарды ғылымның жаратылыстану, философиялық идеялары және грек заманындағы классикалық ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге оның ғылыми тұрғыдан дұрыс та деректі білімнің тазалығы үшін күрескендігін дәлелдейді, білімнің ұлан асыр энциклопедиялық сипатта екенін, әр ғылымның күрделі проблемалары аналитикалық жолмен шешетіндігін айқын аңғартады. Ол жаратылыстануды теориялыық білім деп қарайды. Ал медицинаны практикалық өнердің әлде қандай бір түріне жатқызады. Оның айтуынша, жаратылыстану әрбір табиғи заттың мазмұн-мағынасын түсіндіріп беруге қызмет етеді. Материяны оның формасын әрекетінің себебін анықтайды, бұл қасиеттер оның болмысын, мақсатын көрсетеді, бұл зат сол үшін тіршілік етеді, сөйте отырып әрқайсысының жеке дара белгілерін түсіндіреді.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедрасы: Философия
және тарих

Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари)

Оқытушы: п.ғ.к., доцент
Молдасан Қ.Ш.
Магистрант: Мердемгалиева Г.Ш.
Мамандығы: Қаржы менеджменті

Алматы 2011

Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари)

Әбу-Насыр Әл-Фараби ілімі

Әл-Фараби шығыс перипатизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты.
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөнінде жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - А., 1973, 132б). Фараби бұл салада жасаған қорытындаларының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл мен ой білімінің биік мәнін халықтар арасындағы туысқандық, достастықтың принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, мораль мәселелесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу екенін көрсетті.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге дейін мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, Риторика, Поэзия өнерінің каноны туралы трактат, Поэзия өнері туралы, т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті проблемаларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне кірігіп, ұласып кетеді. Фарабидің: Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді.
Ол адамның іс-әрекетінде зерделіліктің (зиялылықтың) ролі аса зор деп бағалады. Олардың ақыл-ойы халықтар арасындағы ұрыс-жанжалдардың пайдасыздығын ұғуға жетеді. Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке, берекеге жету жолында, (демек берекеге жету жолында) бір-бірімен келісімге келуі керек. Гуманизмді халықтар достығын насихаттап, адамның өзін, оның ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды, адамның шынайы бақытын тілейді, оларды тынымсыз іздену, оқу-уйрену арқылы өзін жетілдіруге шақырады. Тек адамның мінез-құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады,- дейді. (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық тракттар).
Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. Адам денесінің органдары жайлы Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық атты трактаттары орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады. Медицина саласындағы трактаттарды ғылымның жаратылыстану, философиялық идеялары және грек заманындағы классикалық ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге оның ғылыми тұрғыдан дұрыс та деректі білімнің тазалығы үшін күрескендігін дәлелдейді, білімнің ұлан асыр энциклопедиялық сипатта екенін, әр ғылымның күрделі проблемалары аналитикалық жолмен шешетіндігін айқын аңғартады. Ол жаратылыстануды теориялыық білім деп қарайды. Ал медицинаны практикалық өнердің әлде қандай бір түріне жатқызады. Оның айтуынша, жаратылыстану әрбір табиғи заттың мазмұн-мағынасын түсіндіріп беруге қызмет етеді. Материяны оның формасын әрекетінің себебін анықтайды, бұл қасиеттер оның болмысын, мақсатын көрсетеді, бұл зат сол үшін тіршілік етеді, сөйте отырып әрқайсысының жеке дара белгілерін түсіндіреді.
Білімнің мазмұн-мағынасын анықтау және оған жіктеу жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой-пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды. Сөйтіп, ол білім салаларының дамуында және оларды жүйелеуде елеулі рөл атқарады. Фарабидің ғылыми жүйелеу жөніндегі теориялық-тарихи мәні материалдық заттарды адамның санасынан тыс, өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке ие болып тұрған құбылыс деп мойындауында, демек мұның бәрі материалистік көзқарасқа негізделген. Ғылымның объектісі және жіктеуі жөніндегі Фарабидің ілімі өзінің мәні жағынан Беконның ғылыми білімдерді жіктегенде субъективтік принциптерді негізге алған ілімнен анағұрлым жоғары тұр.
Ғылымды жіктеу жөніндегі Фарабидің еңбегі ХІ-ХІІ ғасырларда көне грек, латын тілдеріне аударылды, сөйтіп Батыс Еуропа ғалымдары арасында жоғары бағаланды. Батыстың кейінгі зерттеушілері оның бұл трактатын орта ғасырлардағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Фарабидің ғылымды жіктеу теориясын сан ғасыр бойы ғылымның дамуына игі әсерін тигізді, ғылыми мәнін сақтап келді.
Фарабидің логикалық-гнесеологиялық, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық-теориялық т.б. пікірлерімен жеке танысу оның сан салалы мұраларын, оның ғылыми тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық, этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді. Фараби өз алдына жеке-дара тұрған үздік ойшыл ғалым болды.
Әл-Фараби тәрбиенің барлық мәселесін логикамен, тәрбие мұратымен, білім алумен, үйренумен үлгілі тәжірибемен, оқумен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған Ақыл мен түсінік атты атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде - тәрбие негізінен туындайды деген еді. Тәрбие қоғамды: өмірдің жалпы және қажетті категориясы екенін біз тәрбие тағылымынан жақсы білеміз. Демек, жасөспірімдер мен аға буын арасындағы мирасқорлық тәрбие арқылы жүзеге асады. Дәлірек айтсақ, тәрбие жеке адамның адамгершілік, ақыл-ойының дамуында, еңбекке баулуда басты роль атқарады.
Еңбек тәрбиесінің теориясының, тәрбиенің жалпы және қоғамдық категория ретінде педагогика ғылымы жан-жақты зерттеп келді. Демек, еңбек тәрбиесі белгілі бір қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке саналы да адамгершілікті арқау етіп, мирас тұтатын көзқарасты, жоғары саналықты еңбек үстінде қалыптастыратын процесс.
Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін жан-жақты зерттеп, өзінің ғылыми еңбектерінде адам ақыл-ойының дүние танудағы құдыреттілігін дәріптейді.
Әл-Фараби тәрбиені, оның ішінде еңбк тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп тұжырым жасады. Ол өзінің ғылымдар тізбегі немесе ғылымдарды жіктеу деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі. Олар: 1. Тіл білімі мен оның тараулары; 2. Логика және оның тараулары; 3. Математика және оның тараулары; 4. Физика және оның тараулдары; 5. Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін. Әл-Фараби педагогика ғылымын - Азаматтық ғылымға жатқызған. Ол Азаматтық ғылымды - оның саласы педагогиканы оқу, білім алу тәрбиенің құралы деп есептеген. Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ақылдылық - табиғаттан туындауы шарт деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамның өзі табиғат, адам - жер бетіндегі тірі организмнің ең жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы белгілі бір ортаның мүшесі. Сол кездегі түсінік бойынша, Фарабидің орта деп отырғаны бүгінгі қоғам болса керек. Адам туралы материалистік бағытты ұстаған Фараби - адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілді деген тұжырымға келді.
Әл-Фараби тәрбие процесінде қатты әдіс деп жұмсақ әдісті ұштастыруды талап етеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Қазіргі тәрбие тұрғысынан қарағанда, қатты әдіс - деп отырғаны жазалау да, жұмсақ әдіс деп отырғаны мадақтау болса керек.
Тарихқа тәрбие тағылымына, еңбек пен еңбек тәрбиесінің даму жолдарына көз салсақ, білім туралы мынадай мағлұматтар айтуға болады. Демек, адамзаттың дамуы, қоғам, айнала орта, қолы жеткен біліміне сүйене отырып, табиғат күштерін өздеріне бағындыру арқылы, материалистік игіліктерді өндіріп, қоғамдық қатынастарды өзгертті. Педагог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда білімнің ең қарапайым тұрмыстық формасы балаларда кездеседі. Оны әрі қарай дамыту, жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәрбиесін жан-жақты жүргізу арқылы орындалады. Білімнің қай түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет. Ұлттық идея эволюциясы
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы
Ислам мәдениеті
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Пәндер