Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу қабілетін дамытудың жолдары



ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ: (1.2)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық.физиологиялық даму ерекшеліктері
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетінің ерекшеліктері
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесін дамыту жолдары
2.4 Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті.бала тілін дамытудың басты шарты


ҚОРЫТЫНДЫ(28.29)
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ(30)
І.Кіріспе


Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1,3].
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеп, қалыптастыруда әрине сөйлеу процесінің рөлі ерекше.
Бірақ, өкінішке қарай, соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстарды анық айтпай кеш жетілуде, тіптен мұндай қылық бастауыш сынып жасында да байқалуда; баланың сөйлеу үдерісін дамытуға арналған оқу құралдарының көбісі аударма, ұлттық менталитетіміз ескерілмеген; балалар тілдік дефектілерге жиі ұшырауда; тіл дамыту әдістері ескірген жағдайлары орын алуда. Бұл әрине таңдалған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны-мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу жұмысының зерттеу пәні-мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу процесі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты-мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесі, лның ерекшеліктерінің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерін толық ашу, дамыту жолдарын оқу-тәрбие үдерісіне кеңінен енгізуге ықпал жасау, тәрбиешілерге әдістемелік көмек беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесінің өзгешеліктерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеп, жеке-жеке сипаттама беру;
2. Сөйлеу әрекетін дамытудың жолдарына талдау жасау арқылы насихаттау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесі, оны дамыту жөніндегі дидактикалық тұжырымдамалар, коррекциялық жұмыстар жүргізудегі тұлғалық-бағдарлық теориясы, ресми құжаттар, құндылық теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы.
Зерттеу көздері:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы; «Алғашқы қадам» бағдарламасы; Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласы; Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңы; мектепке дейінгі мекемелерге арналған бағдарламалар.
Зерттеу әдістері: педагогика-психологиялық, әлеуметтік, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу,анализ-синтез, нормативті-құқықтық және басқа да құжаттардың мазмұнымен танысу,тәжірибелер,диагностикалық және коррекциялық зерттеу әдістері, бақылау, сауалнама, мектеп құжаттарын зерттеу, математикалық-статистикалық зерттеу әдістері, алынған мәліметтерді талдау,тестілер, проективті техника.
Зерттеу болжамы: егер мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үрдісінде тәрбиешілербаланың сөйлеу әрекетін дамытудың тиімді жолдарын функционалды жүйелі қолданса, онда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде, қоғам талаптарына сай бәсекеге қабілетті азаматтар жетіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, тәжірибелік және қорытынды бөлімнен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР «Білім туралы» заңы
2.Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2004
3.Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.
4. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.
5. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984.
6.Набатова Н. Кімге не керек? Отбасы және балабақша.// №4 -2013-35-36 б.
7.Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.
8. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.
9. Кисловская В.Р. Школьники в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975.
10. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 1998.
11. Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики - М., 1981.
10. Мақашова Ж. Үй жануарлары. // Отбасы және балабақша № 5 -2012-48-49 бет
12.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1982
13.Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.
14. Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.
15. Оклендер В. Окна в мир ребенка. / Руководства по детской психотерапии. – М., 1997.
16. Слободчиков В.И. Психологические проблемы становления внутреннего мира человека. // Вопросы психологии. - 1986 № 6.
17. Смирнова Е.О. Психология ребенка. - М., 1997.
18. Фельдштейн Д.И. Проблемы возрастной и педагогической психологии. – М., 1995

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу қабілетін дамытудың жолдары

0101000-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
(мамандығы)

топ оқушысы: Шадешова Айнұр
Ғылыми жетекшісі:Зікір Гүлжазира
(қолы)

Қызылорда, 2015 ж

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ: (1-2)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктері
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетінің ерекшеліктері
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесін дамыту жолдары
2.4 Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті-бала тілін дамытудың басты шарты

ҚОРЫТЫНДЫ(28-29)
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ(30)

І.Кіріспе

Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1,3].
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеп, қалыптастыруда әрине сөйлеу процесінің рөлі ерекше.
Бірақ, өкінішке қарай, соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстарды анық айтпай кеш жетілуде, тіптен мұндай қылық бастауыш сынып жасында да байқалуда; баланың сөйлеу үдерісін дамытуға арналған оқу құралдарының көбісі аударма, ұлттық менталитетіміз ескерілмеген; балалар тілдік дефектілерге жиі ұшырауда; тіл дамыту әдістері ескірген жағдайлары орын алуда. Бұл әрине таңдалған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны-мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу жұмысының зерттеу пәні-мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу процесі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты-мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесі, лның ерекшеліктерінің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерін толық ашу, дамыту жолдарын оқу-тәрбие үдерісіне кеңінен енгізуге ықпал жасау, тәрбиешілерге әдістемелік көмек беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесінің өзгешеліктерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеп, жеке-жеке сипаттама беру;
2. Сөйлеу әрекетін дамытудың жолдарына талдау жасау арқылы насихаттау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесі, оны дамыту жөніндегі дидактикалық тұжырымдамалар, коррекциялық жұмыстар жүргізудегі тұлғалық-бағдарлық теориясы, ресми құжаттар, құндылық теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы.
Зерттеу көздері:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауы; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;Балапан мемлекеттік бағдарламасы; Алғашқы қадам бағдарламасы; Мемлекет басшысының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам мақаласы; Қазақстан Республикасы Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы Заңы; мектепке дейінгі мекемелерге арналған бағдарламалар.
Зерттеу әдістері: педагогика-психологиялық, әлеуметтік, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу,анализ-синтез, нормативті-құқықтық және басқа да құжаттардың мазмұнымен танысу,тәжірибелер,диагностикалық және коррекциялық зерттеу әдістері, бақылау, сауалнама, мектеп құжаттарын зерттеу, математикалық-статистикалық зерттеу әдістері, алынған мәліметтерді талдау,тестілер, проективті техника.
Зерттеу болжамы: егер мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үрдісінде тәрбиешілербаланың сөйлеу әрекетін дамытудың тиімді жолдарын функционалды жүйелі қолданса, онда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде, қоғам талаптарына сай бәсекеге қабілетті азаматтар жетіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, тәжірибелік және қорытынды бөлімнен тұрады.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен алты жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар тканьдер мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. [11,98]Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған [7,123]. Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық жұмыс
Балалардын ойлауын сезімін,еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. [9,368]
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады . [9,371]
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады .Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі - ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді (Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады. Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші, тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады .В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: Сосын не болады?, Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің? Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес - жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Ес - бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау - тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі - танымдық белсенділігі. [2,26]Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау - 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер де өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (мектепке дейінгі мекемелер және жалпы орта білім беретін мектептер) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

2.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетінің ерекшеліктері

1 жастағы балаларда ең алдымен жүру дағдысы жетілдіріледі. өз бетімен жүре алатын болған соң, бала 1 жылының алғашқы 3-4 айында сергек кездерін қозғалыстарда өткізеді; қолдарына әлде бір заттарды ұстаған күйінде көп жүреді. өмірлерінің бірінші жылдары әр түрлі заттармен жасап үйренген әрекеттер енді үйлесімдірек бола түседі тілі де дами бастайды. Олар көрсетілген қимылдарға адам сөзіне бар нәрсеге оңай еліктей бастайды.
Заттармен іс-әрекет өмірінің 1 жылында баланың айналысатын негізгі әрекеттеріне айналады. Үлкендердің көрсетіп, сөйлеп үйретуінің нәтижесінде оның бұл әрекеттерді күрделене түседі. Осы әрекет барысында ол заттардың қасиетімен сөздердің мәнісімен таныса бастайды және ұғына бастайды. Қоршаған ортаға аса ықылас қоя қарап адамдарға назар аударып олардың сөздеріне, бет әлпетінің өзгерісіне сөйлеген кезде соның бәріне назар аударып еліктей бастайды.
Баланың ақыл-ойы мен тілінің жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері тез даму үстінде болады. Іс-әрекет жасау процесінде қоршаған орта әсерін қабылдау қабілеті жетіледі. Бала заттардың белгілері бойынша - түсіне, формасына, көлеміне қарай оларды ажырата білетін болады: салыстырп, ұқсастықтарын аңғарып түсіне бастайды. Алдымен үлгі бойынша содан кейін ересектердің сөзі бойынша ұғып ол 2 -3 түрлі түсті шариктің ішінен қажетті түсі бар шарикті немесе үлкендігі әртүрлі 2-3 қуыршақтың ішінен ең кішкенесін таңдап ала алады.
1-жылдың басында бала назары еріктен тыс болады, бір заттан бір затқа ауа береді. Бірақ жасы өскен сайын белгілі бір тәрбиелік арқылы оның назарын тұрақтандырып, ойын жинақтауға үйретуге болады.
Іс-әрекет процесінде балалардың әр нәрсені әр сөзді жадына сақтау қабілеті де дамиды. Олар заттарды танып қана қоймайды, сонымен бірге дәл сол мезетте жоқ заттар мен құбылыстарды әсіресе бұрын өздерін қатты қызықтырған немесе қатты әсер еткен нәрселерді еске алады. Бұл еске алуларға алдымен әлде қандай көрнекті жағдайлар себеп болады. Мысалы, үйге кірген дәрігерді көріп, бала кеше анализ үшін қан алған саусағын көрсетіп былдырлайды немесе тұтқасы сынған чашканы көрсетіп; Папа ұрған немесе сындырған деп былдырлайды.
Кейінірек олар сөздер арқылы да осы нәрсені еске алатын болады. Мысалы, балаға : Әжеңе барамыз-, десе ол әжесінің үйінде ойнаған ойыншық аюды немесе тағы басқа нәрселерді есіне алып қуанады. Бала өзінің қуыршағын қайда қойылатындығын, ыдысы қай жерде ұсталатынын, қалай аталатынын есінде ұстайды.
әсіресе сөйлеу қабілетінің дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала өмірінің екінші жылы оның тілінің қалыптасып, тез даму кезеңі болып табылады, мұның ой-өрісінің жетілуі үшін зор маңызы бар.
Баланың сөйлеу қабілетінің 2 жылында дамуы екі кезеңге бөліне өтеді: біріншісі -- 1 жастан 1 жас 5-6 айға дейін, бұл кезеңде негізінен тілді түсіну қабілеті дамиды, екіншісі - 1 жас 5-6 айдан 2 жасқа дейін, бұл сөз қорының тез молайып, активті тілді пайдалану кезеңі. [6,226]Егер өзін қоршаған үлкендер маңайдағы заттарды нұсқап, атын атаса немесе бала қадағалап тұрған өз қимылдарын, не болмаса баланың өзінің әрекеттерін сөзбен бейнелесе, 1 жас 1 ай - 1 жас 2 айдан бастап бала сөздің затпен байланысын тез аңғаратын болады, былайша айтқанда, заттар мен әрекеттердің қалай аталатынын түсіне бастайды. Бала бүтін бір сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Мысалы: Қазір тамақтанған соң қыдыруға шығамыз дегенді естіп, 1 жасар бала пальтосын нұсқайды.
Сөйлеу қабілетінің дамуы одан да әрі жалғасады. Дұрыс тәрбиеленсе, балалар бұл жасында көп былдырлайды. Олардың былдырында әр түрлі дыбыстар мен сол дыбыстардың тіркесі көбейе түседі. Бала былдыры сезімге толы, бейнелі болады және әр қимылмен қатар істеліп отырады. Бала таныс дыбыстарға ғана емес, сонымен бірге жаңадан естілген қарапайым дыбыс тіркестеріне де оңай еліктейді. 1 жас 5-6 айға таяғанда ол шамамен 30-40 сөзді айта алады. [6,88]Бірақ тіпті таныс сөздерін ол әлі сирек қолданады, негізінен өте ықыласқанда айтады. Мысалы: кішкене қызды көріп Юба дейді онысы люба дегені, қасындағы ересек кісімен сол қызға кезек кезек қарайды. Немесе бірнәрсе сұрағанда сол заттың атын атайды. Үлкендерге бір нәрсе айтқысы келгенде бала сөздердің орнына бейнелі қимылдарды, ымды, дыбыстарды жиі қолданады. Оның бір сөзі көбінесе бүкіл бір сөйлемнің мағынасын білдіреді. Мысалы: Мә дейді бұл сөзі Мені көтер (мұндайда ол үлкен кісіге жанындаы ересек адамға талпынады, қолын көтеріп созылады) дегенді, кейде орындыққа отырғыз (мұндайда қолымен орындықты қағады немесе орындыққа көрсетеді) дегенді аңғартады.
Жаңадан үйренген сөздерін бала негізінен жақын адамдардың жанында және жақсы таныс жағдайда айтады; үйренбеген жағдайларында ол, әдетте, үндемейді. Баланың сөздері әлі дұрыс айтылмайды, бөгде адамдарға оны түсіну қиын; ол сөздер не қысқартылып айтылады (сөздің басы немесе соңы), немесе өте бір ерекше дыбыстар тіркесі болып келеді.
Дұрыс тәрбиеленген жағдайда 2 жылдың екінші жартысында бала тілінің дамуында секіріс болады: 1 жас 5-6 айдан асқан соң сөздік қоры тез молая бастайды, сөйтіп, 2 жасқа толғанда бөбек 300 ге жуық сөзді қолданатын болады.
2 жылдың бірінші жартысының аяғында баланың сөздік қорына заттар мен әрекеттердің ғана емес, сонымен қатар, олардың сапаларының атаулары да кіреді, бала тілінде грамматикалық формалар пайда болады. Ол екі сөзден тұратын сөйлемдер арқылы: Тәте ки (киіндір), одан соң өсе келе 3-4 сөзден тұратын сөйлемдермен: Таня нәм-нәм (Таня тамақ ішеді) тілдесе бастайды. 2 жасқа таяғанда тіл балалардың үлкедермен сөйлескенде тілді өздерінің тілектерін білдіретін, әсерлерін жеткізетін құрал ретінде пайдаланады. Ересек адамның сөзі тәрбие құралына айналады. Оның өз сөзі баланың тәрбиесін өзгертіп, әрекетіне бағыт бере алады.
Тілдің жетілуімен бірге балалардың ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті дамиды. әсер дүниесінің байп, жеке заттар жайындағы нақты ұғымдарының молаюына және тілдік қабілетінің дамуына қарай өмірінің бірінші жылының соңында ақ бала алғашқы қорытандыларын жасайды. Алдымен олар заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілеріне негізделеді. Мысалы: алма деген сөзді үйренген соң балалар допты да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі кездеседі. өздерінің іс-әрекеттері барысында және үлкендердің ұғымдарының ықпалымен қорытындылау қабілеті біртіндеп жетіле түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік белгілері бойынша біріктіріледі. Көптеген іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.
Кеңейіп келе жатқан тәжірибе негізінде балалар құбылыстарды салыстырып, айырып, олардың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. 1 жас 11 айда бала Күн жылынған соң қыдырамыз деген ойды айта алады. Одан өсе келе бала: Оямал жоқ, ал тағы кішкене тілі дами келе Тәте жазады, Зина қаяп тұяды деген сөз байланыстарын айта алады. 2 жылы балалар ойынының сипаты едеуір өзгереді. Бұл жылдың алғашқы айларында бала лар ойын үстінде көбінесе бұрын үйренген әрекеттерін қайталамайды. Олар қуыршақтарын тамақтандырады, тербетеді, олармен билейді, анасынан және де басқа ересектердің өзінің қарым қатынасын қуыршақтармен қайталайды. Оларға ән айтып береді, ұйықтатады, еркелетеді және т.б. біртіндеп олар бұл істерін басқа да заттарға да жасай бастайды. Қуыршақтарды ғана емес ойыншық иттерімен тағы да басқа ойыншықтарына соны жасайды. Осы жасында балалар жаңа әрекеттер көмегімен өз айналасында көргендерін бейнелей алады. Балалар газет оқып, шашын тарап, сәнденуді т.с.с шығарады. Алдымен мұндай әрекеттер түрі өте аз болады, алайда балалар бірте-бірте маңайындағылардың сирек жасайтын сан алуан әрекеттерін өз ойындарында алдымен жеке жеке бейнелей бастайды., одан соң өзара байланысты бірнеше іс-әрекеттен тұратын мазмұн да пайда болады - сюжетті ойын дамиды.
3 жас бойына балалардың мінез-құлқының күрделенуі ең алдымен баланың ақыл-ойын одан әрі дамытуға жәрдемдесетін тілді дамытумен байланысты. 3 жасқа қарағанда:
1) айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді - келер шақты, өткен шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;
2) балалардың актив сөзін жетілдіру - сөздікті байыту, барлық сөз таптарын пайдалана отырып, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;
3) сөзді пайдалануды кеңейту -- өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға сұрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым-қатынас жасау себептерін ұлғайту;
4) айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;
5) қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі және т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
6) сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды - үлкендердің айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;
7) мәдени тілдің дағдыларына - ақырын, асықпай, оның үстіне қолдарды ербеңдетпей және т.б. сөйлеуге тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен өмірдің табиғи жағдайлары және ойын, серуен, тамақтану, ұйықтауға жатқызу кезіндегі балалармен өзара қарым-қатынастар пайдаланылады. [5,95]Балалардың сезімдік тәжірибелерін қабылдауға жеңіл әсерлермен және оларды дербес іс-әрекетте дұрыс ұйымдастыра білумен байытып отыру қажет. Балалармен қандай да бір құбылысты немесе үлкендердің іс-әрекетін серуендеу кезінде, үйде бақылай отырып, картинаны қарап, оларға әлденені көрсете, олардың ойындары жөнінде сөйлесе отырып, жекелеген заттар мен іс-әрекеттерді атап қана қоймай, сонымен бірге оларды түсіндіру, жекелеген фактілер арасындағы байланысты анықтап, заттардың қасиеті мен атқаратын қызметтерін белгілеу қажет. Тікелей қабылданған нәрсені баланың бұрынғы тәжірибесімен байланыстыру қажет. Қандай да бір әрекетке кіріспестен бұрын балалардың не істейтінін , қайда баратындарын және т.б. айтқан жөн. Балалармен сан алуан сылтаулармен үлкендерге қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастырады, мұның өзі бұл қарым-қатынастың сипатын сан алуан етіп қана қоймайды, сонымен бірге оның дамуына жәрдемдеседі.
Бала әрбір сөйлеген кезде қолдап отыру қажет, оған қысқа жауап бере салмай, мүмкіндігінше әңгімеге айналдыру, жай: Жарайсың, жақсы салыпсың деп айта салмай, онымен әңгімелесу өте маңызды. Балаларға біртіндеп күрделелініп отыратын сөздік тапсырмалар алдымен үлгі бойынша, беріп отыру керек, мысалы: Гулшат Стамғазиевадан (тәрбиешінің аты) кітапша сұра, былай деп айт: Гулшат Стамғазиева маған кітапша беріңізші. Ал содан кейін үлгісіз-ақ тапсырмалар беруге болады: Аруна Мамыраеваға (күтушінің аты) айт, ол бізге саз балшық әкелсін, біз мүсін жасаймыз.
Негізінен 3 жаста да балалармен олардың сезімдік жағынан нені қабылдайтыны, яғни олардың нені көретіні, натурада, картинкада немесе ойыншықтар арқылы не көрсетуге болатыны туралы айту керек. Сонымен бірге балаларға бұрын ешуақытта да мұндай үйлесімде қабылданбаған, бірақ жекелеген элементтері балаларға олардың бұрынғы тәжірибесі бойынша таныс оқиғалар туралы, мысалы, мысық Мурканың шарбақтан секірген кезде құлап аяғын қалай ауыртып алғанын, оны бақшадағы балалардың қалай күткенін, немесе әжейдің дүкеннен келе жатып, жолда алмаларын қалай шашып алғанын және балалардың оған алмаларды жинауға және үйге дейін жеткізіп беруге қалай көмектескенін және т.б. туралы әңгімелеп беруге болады, тіпті әңгімелеп беру қажет те.
Ана тілді үйретудің заңдылығы, жоғарыда айтылып өткендей бір қатар қабылеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабылеты - сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды моделдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабылеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналы элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.[5,97]

2.3.Мектеп жасына дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Баланың логикалық ойын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Сөйлеу дағдысын дамыту
Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер