Топырақтың ластануын бақылау, топырақтың ластану деңгейін бағалау



Кез келген топырақты үш фазадан тұратын(қатты, сұйық және газ) көпфазалы, гетерогенді жүйе ретінде қарастыруға болады. Қатты фазада бірінші (кварц, дала шпаты) және екінші реттік (балшықты материалдар: каолинит, монтмориллонит, гидрослюдтер, аралас қатпарлы минералдар; темір, алюминий, марганец және кремний оксидтерінің минералдары; минералды тұздар: доломит, сода, кальций, магнезит, трона, ангидрит, мирабилит, галит, фосфаттар, нитраттар, сульфидтер және т.б.) минералды заттар (топырақтың 50,60% -ы) басым болады. Осы фазаға көң және қарашірік секілді әртүрлі органикалық заттар, сонымен қатар шығу тегі органикалық, минералды, органоминералды болып келетін топырақ коллоидтары жатады.
Су және онда еріген минералды, органикалық заттар, газдар бірігіп, топырақтың сұйық фазасын (топырақтық ерітінді, 25,30%) құрайды.
Топырақтың газды фазасына (15,25%) су бармаған қуыстарды толтыратын «топырақтық ауа» және коллоидты бөліктермен адсорбцияланып, топырақ ерітіндісінде ерітілген газдар кіреді.
Әртүрлі химиялық элементтердің, органикалық заттардың және энергияның шоғырлануы топырақ үшін маңызды рөл атқарады. Топырақ жамылғысы зиянды ластағыш заттарды биологиялық сіңіруші, жоюшы және бейтараптаушы қызметін атқарады. Егер биосфераның бұл үрдісі бүлінетін болса, биосфераның қалыпты қызметі бұзылады. Сондықтан, топырақ жамылғысының әлемдік биохимиялық мәнін зерттеу, оның қазіргі таңдағы жағдайын және антропогендік факторлардың әсерін анықтау өте маңызды мәселе болып саналады.

ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҚЫЛАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
Кез келген топырақты үш фазадан тұратын(қатты, сұйық және газ) көпфазалы, гетерогенді жүйе ретінде қарастыруға болады. Қатты фазада бірінші (кварц, дала шпаты) және екінші реттік (балшықты материалдар: каолинит, монтмориллонит, гидрослюдтер, аралас қатпарлы минералдар; темір, алюминий, марганец және кремний оксидтерінің минералдары; минералды тұздар: доломит, сода, кальций, магнезит, трона, ангидрит, мирабилит, галит, фосфаттар, нитраттар, сульфидтер және т.б.) минералды заттар (топырақтың 50,60% -ы) басым болады. Осы фазаға көң және қарашірік секілді әртүрлі органикалық заттар, сонымен қатар шығу тегі органикалық, минералды, органоминералды болып келетін топырақ коллоидтары жатады.
Су және онда еріген минералды, органикалық заттар, газдар бірігіп, топырақтың сұйық фазасын (топырақтық ерітінді, 25,30%) құрайды.
Топырақтың газды фазасына (15,25%) су бармаған қуыстарды толтыратын топырақтық ауа және коллоидты бөліктермен адсорбцияланып, топырақ ерітіндісінде ерітілген газдар кіреді.
Әртүрлі химиялық элементтердің, органикалық заттардың және энергияның шоғырлануы топырақ үшін маңызды рөл атқарады. Топырақ жамылғысы зиянды ластағыш заттарды биологиялық сіңіруші, жоюшы және бейтараптаушы қызметін атқарады. Егер биосфераның бұл үрдісі бүлінетін болса, биосфераның қалыпты қызметі бұзылады. Сондықтан, топырақ жамылғысының әлемдік биохимиялық мәнін зерттеу, оның қазіргі таңдағы жағдайын және антропогендік факторлардың әсерін анықтау өте маңызды мәселе болып саналады.
Топырақтың жағдайын әртүрлі деңгейде бүлдіретін антропогенді-техникалық әсер етудің алты түрі бар:
1. Су және жел эрозиясы;
2. Сортаңдау; сілтілену; қышқылдану;
3. Батпақтану;
4. Нығыздалу және қабыршақтану, физикалық азуы;
5. Құрылыс және кен қазу әсерінен топырақтың бүлінуі және істен шығуы;
6. Топырақтың химиялық ластануы, оның себептері келесідегідей болуы мүмкін:
oo Ластағыш заттардың атмосфералық тасымалдануы (ауыр металдар, қышқыл жауындар, фтор, күшәла, радионулидтер, пестицидтер);
oo Ауылшаруашылықтық бүлінулер (тыңайтқыштар, пестицидтер);
oo Жер үстіндегі бүлінулер - ірі тонналық өндірістердің, жылу-энергетикалық кешендердің үйінділері, қоқыс.
oo Мұнай және мұнай өнімдерімен бүліну.
Топырақтың ластануын бағалау нормативтік құжаттарға (5-қосымша) сай жүргізіледі. Топырақты қорғау және ластануын бақылау барысында да осы құжаттарды қолданады. МемСТ 17.4.3.04-85 Табиғатты қорғау. Топырақтар. Ластанудан қорғау және бақылауға арналған жалпы талаптар бойынша:
1. Орманды алқап және ауылшаруашылық топырақтары, жыртылған жер, шабындықтар, көпжылдық өсімдіктердің астындағы топырақтар, қорықтар, ұлттық табиғат парктері, рекреациялық аймақтар ластанудан қорғалады.
2. Топырақты ластанудан қорғау келесі талапатар арқылы жүзеге асуы қажет: егіндіктің бітелуін және зиянкестер мен аурулардың алдын алу үшін, топырақты агрохимиялық тексеру барысында, топыраққа себілетін тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар және басқа да химиялық заттардың себілу техникасын, мерзімін және нормасын мұқият анықтау; тыңайтқыш пен химиялық мелиорант ретінде тұрғын үй-коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қолданбас бұрын, олардың химиялық құрамын толық тексереді, құрамында ауыр металдар, токсинді және басқа да зиянды заттар болса, қолдануға рұқсат берілмеу; барлық жаңа кәсіпорындардың және технологиялық линиялардың жобасына топырақты ластаудан қорғайтын тазартқыш құрылғыларды енгізу; тоырақты ластаудың алдын ала отырып, шыққан шығындылар, қалдық, тұнбаларды және т.б. көму және жою.
Топырақтың ластануын бақылау кезінде қойылатын талаптар (МемСТ 17.4.3.04-85) мынадай:
1. Топырақтың ластану деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі критерийлерге шекті зиянсыз концентрация (ШЗК) және топырақтағы химиялық заттардың шекті бағдарлық мөлшері (ШБМ), ауылшаруашылық өнімдеріндегі және ауыспалы табиғи ортадағы ластағыш заттардың нормативті рұқсат етілген мөлшері, МемСТ бойынша 17.4.2.01 - 81 бойынша топырақтың санитарлық жағдайы жатады.
2. Ластанған топырақ деп лас заттардың мөлшері ШЗК мөлшеріне жеткен немесе одан асқан деңгейдегі топырақты айтамыз.
3. Ластанған топырақтар үнемі ведомоствоішілік және мемлекеттік бақылау қызметтерінің бақылауында болуы қажет. Топырақ құрамындағы лас заттар шектік мөлшерден азайған кезде, бақылау қызметі үнеміден мезгілдік түрге өтеді, және ластанған топырақ категориясынан шығарылады.
4. Өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдары, шаруашылықтар, кейбір транспорттар жанындағы топырақтарға баса назар аудару қажет, себебі олар шығынды, қалдық, тұнба, ағынды заттарды сыртқа шығару арқылы топырақты бүлдіреді.
5. Топырақтың ластануын бақылау барысында МемСТ 17.4.1.02-83 бойынша химиялық заттардың, патогенді және шартты патогенді ағзалардың қауіптілік деңгейін еске ұстау және талаптарды орындау қажет:
oo Топырақтың құрамындағы зиянкестер туралы нақты сапалық және сандық ақпарат алу үшін физико-химиялық және биологиялық әдістерді қолдану; Бақыланатын заттардың мөлшері ШЗК нормативтерінен аспауы қажет;
oo Топырақтың сапалық және сандық құрамын, шығындылардың, қалдық, ағынды, тұнба заттардың мөлшері мен күнін, аумақты өңдеу барысында қолданылған химиялық заттардың бүкіл ассортименттерінің себілу мөлшерін, күнін журналға тіркеп отыру;
oo Топыраққа және онда өсетін өсімдіктердің сапасына теріс әсер ететін, фитотоксинді қасиет тудыратын ластағыш заттардың мөлшерін анықтау.
Ластағыш заттар:
1. ауылшаруашылық алқаптарындағы егін салатын қабатта;
2. кәсіпорын аймағының топырағында;
3. тұрғын үй аудандарының тұрмыстық қалдық сақталатын жерлерінде нормаланады.
Химиялық ластанудың , топырақтың нормалануы шекті зиянсыз концентрация (ШЗКт) бойынша орнатылады. ШЗКт мөлшері су мен ауаның шекті зиянсыз концентрациясынан едәуір ерекшеленеді. Бұл ерекшелік, топырақтағы зиянды заттардың адам ағзасына түсуі - топырақпен байланысатын нысандар (ауа, су, өсімдік) арқылы жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі. ШЗКт - бұл адамдардың ағзасына, топырақ ортасына және топырақ құрамына тікелей немесе жанама теріс әсер етпейтін (топырақтың егіндік қабатының кг-ына мг-нан) химиялық заттардың концентрациясы. Химиялық заттардың шектес орталарға орын ауыстыру жолына байланысты ШЗКт-ның төрт түрі бар: ТК - заттың топырақтан өсімдіктердің тамырына өту жүйесін сипаттайтын транслокационды көрсеткіш; МАК - заттың топырақтан атмосфераға өтуін сипаттайтын миграционды ауа көрсеткіші; МСК - химиялық заттың топырақтан жер асты сулары мен су қоймаларына өтуін сипаттайтын миграционды су көрсеткіші; ЖСК - химиялық заттың топырақтың өзіндік тазалануына және топырақтың тірі тұрғындарына әсерін сипаттайтын жалпы санитарлық көрсеткіш.
ШЗКт-ның мәні оның жалпы концентрациясына, тұрақтылығына және зияндылығына байланысты белгіленеді. ШЗКт мал азықтық, тағамдық өнімдердегі шектік қалдық концентрацияға (ШҚК) байланысты тәжірибелік жолмен орнатылады. ШҚК - бұл адам ағзасына тағамдар арқылы түссе де, денсаулыққа ешқандай зиян тудырмайтын заттардың максималды мөлшері.
Ары қарай ШЗКт - ы есепелінеді, ол мына жағдайларға кепілдік беруі қажет:
oo зиян заттардың ауаға өтуі ШЗК-ның нақты нормасынан аспауы қажет;
oo жер асты сулары үшін де;
oo топырақтың өзіндік тазалануы мен топырақ микробоценозы процестерінің жүруін қамтамасыз ету.
Егер ШЗК анықталмаған жаңа химиялық қосылысты қолданатын болса, уақытша шектік концентрацияны (УШКт ) мына формуламен есептейді:
УШКт = 1,23 + 0,48 ШЗКтағ ,
мұнда ШЗКтағ - тағамдарға (көкөніс және жеміс культуралары) арналған шектік зиянсыз концентрация, мгкг.
Топырақтардың ластану дәрежесіне байланысты жіктеуді химиялық заттардың ШЗК-на және жалпы ластануға қарап жүргізеді. Ластану дәрежесіне қарап, топырақтарды былай жіктейді:
oo өте қатты лас;
oo орташа ластанған;
oo әлсіз ластанған.
Өте қатты ластанған топырақ деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта ластануына моноторинг
Өскемен қаласы топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Ауыр металдардың топырақ қасиеттеріне әсері
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Литосфераны қорғау
Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Пәндер