Діндер тарихы



Дін дегеніміз не?
Діннің түрлері
Дін аттары
Діннің негізі
Діннің пайдасы

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Діндер тарихы
1. Дін дегеніміз не?
Дін тақырыбы адамдарды өте қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және
діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол
тәрбиеде тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді
қорғап, оны жалғастыруға тырысқан.
Дінге түрлі анықтамалар берілген. Әрбір анықтама діннің басқа бір
ерекшелігін көрсеткен. Бірақ барлық анықтамалар діннің адам үшін пайдалы
екенін көрсеткен. Дін ғалымдары, тарих және социология мамандары, діндер
тарихы жазушыларының анықтамаларының біразын берейік:
Дін — адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол. Адамды өз
жаратылысына сай жетілдіретін ілім. Дін адам өмірін тәртіпке келтіретін
жүйе. Адамды шындықа жеткізетін жарық. Дүние мен ақыретте бақытты болу
жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы болып табылады. Дін — илаһи
ережелер және соларға сүйенген әдеттрдің жиынтығы.
Бұл анықтамалар дінді жалпы түсіндіріп, илаһи діндер мен адам шғарған
діндер арасындағы айырмаишлықты көрсетпейді. Алайда, илаһи діндерге тән
көптеген анықтама бар. Бұлардың көзқарасы бойынша дін — пайғамбарлардың
Алладан әкелген илаһи уахилер жинағы, Алланың пайғамбар арқылы білдіретін
ақиқаттары. Құрушысы Алла, негізі адам болған қағидалар жинағы болып
табылады.
3. Діннің түрлері
Ғалымдар шығу тегі, доктриналары, әдістері және жақтастарына қарай
діндерді бірнеше бөлімдерге бөлген. Осы бөлімдерге бөлген адамдар түрлі
діндерден және ұлттардан болған. Бір бөлігі мұсылман, бір бөлігі христиан
және еврей, ал бір бөлігі басқа діндердегі адамдар болыл табылады. Бұлардан
мұсылман ғалымдар дінді Құранды негізге ала отырып бөлімдерге бөлген.
Ұлы Алла Құранда Али-Имран сүресі 319, 85; Рум сүресі 3030; Саф
сүресі 619; Тәубе сүресі 933 аяттарында анықтап, бөлімдерге бөлді.
Осыған орай діндер екіге бөлінді 1) Хақ дін, 2) Хақ емес дін (батыл).
Хақ дін Ислам. Ал Ислам пайғамбарлардың ортақ діні, әрі Алла разы
болған жалғыз дін. Хақ діннің құрушысы Алла, шығу тегі — уахи, бұзылмаған
және сол қалпында қалған дін. Құран Кәрім өзгеріп-өзгермеуіне қарай да
діндерді екіге бөледі.
1) Өзгертлген діндер.
2) Өзгертілмеген дін.
Өзгертілген діннің құрушысы Алла, шығу тегі уахи болған, бірақ уақыт
өте келе түрлі себептермен бұзылған, өзгерген, өзгертілген және тазалығын
жоғалтқан. Ал илаһи дін бұзылғанда немесе өзгертілгенде Алла бір пайғамбар
жіберіп, адамдарға жаңадан таза дінді, яғни Исламды білдірген. Мысалы,
еврейлердің және христиандардың діні баста ислам діні еді. Бірақ уақыт өте
келе түрлі себептермен еврейлер мен христиандар діндерін таза қалпында
ұстай алмай, оны бұзып, өзгертті. Сондықтан Алла Хз. Мұхаммедті соңғы
пайғамбар етіп жіберді және оған соңғы дінді уахи етті. Құранды уахи етіп,
таза және соңғы дін Исламды адамдарға жаңадан білдірді.
Өзгертілмеген бір ғана дін — Ислам діні. Түскен кезінен бүгінге дейін
таза қалпын сақтаған Исламның сенім, ғибадат, құлықтық (моральдық)
негіздері ешқандай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қалған. Өйткені,
Исламның қайнар көзі болып табылатын Кұран Алладан Пайғамбарға түсірілген
күйінде сақталып, қазірге дейін жеткен.
Алайда, бұрынғы пайғамбарларға жіберілген Зәбүр, Тәурат және Інжіл
атты қасиетті кітаптар қорғалмай, уақыт өте келе өзгертілген. Оларға
адамдардың сөздері, философтардың және дін адамдарының көзқарастары
қосылған. Нәтижеде бұл кітаптар Алланың сөздері болу қасиетін жоғалтып,
адамдардың сөзі болып қалған. Діндердің кейіннен бұзылуы шындығында қайнар
көзі болған қасиетті кітаптардың бұзылуы және өзгертілуі нәтижесінде
болады. Діндер доктрина құрылымдарына және сенім жағдайларына байланысты
екіге бөлінеді.
1. Тек тәңірілік діндер: Бір Аллаға сенім негізіне сүйенген діндер
больш табылады. Мұндай діндерде тек Тәңірлік негізге алынады.
Алланы барлық жағынан бір екеніне және оған серік (ортақ) қоспау сеніміне
сүйенеді. Ислам мұндай дінге үлгі болып табылады.
2. Көп тәңірілік діндер: бірнеше төңірдің бар екенін
қабылдайтын сенім жүйесі. Пұтқа табынушьшық, екі тәңірілік
(дуалистік), натурализм, көне грек, көне рим және көне мысыр діндері
(политеист) көп тәңірлік діндер болып табылады.
Құрылымдарына қарай діндер екіге бөлінеді.
1. Құрушысы болған діндер, құрушысы белгілі, құрушысы Алла немесе
адам болған діндер: Исламият, Буддизм, Брахманизм және Христиандық
сияқты.
2. Құрушысы болмаған, әдет-ғұрыпқа сүйенген діңдер. Дәстүрлі
түрде жасаған, әдет-ғұрып түрінде өмір сүрген діндер: Яхудилік,
Мысыр, Рим, Грек діндері сияқты.
Діндер ерекшеліктері мен мазмұндарына қарай үшке бөлінеді:
1. Алғашқы діндер: Анимизм, тотемизм, натуризм және фетишизм
сияқты діндер. Бұл діндерде дін сезімі және сенім негіздері жетілмеген.

2. Ұлттык, діндер: Белгілі бір халыққа немесе үлтқа тиісті діндер.
Яхудилік және буддизм сияқты діндер. Мұндай діндердің ережелері
мен кұңдылықтары тек қана өз халықтарына байланысты болады.
3. Әлемдік діндер: Барлық адамдарға тән және адамдардың қажеттіліктерін
қамтамасыз ету мақсатындағы діндер. Ережелері, сенім,
ғибадат және мораль негіздеріне байланысты әлемдік болып
табылады. Бүкіл адамзаттың діні. Әлемдік дін - тек қана Ислам діні болып
табылады.
Діндер ғибадат түсініктері мен негіздеріне қарай да үшке бөлінеді:
1. Сакраменталдық діндер: Діни тойларға сүйенген діндер. Қасиетті
нәрселерге мән береді.
2. Профетикалык, діндер: Пайғамбары бар және оның
білдіруіне негізделтен діндер сенім және құлықсыз
(адамгершілікке) көп мән береді.
3. Мистикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Дін және адам
Діннің анықтамасы
Дін
Дін және адам туралы түсінік
Дін этнологиясы
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Діндер тарихы лекциялар жинағы
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер