Экологиялық білім беру



Жоспар

Кіріспе

1. Экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеті
1.1. Экологиялық білім берудің негізгі жолдары мен ұстанымдары
1.2 Экологиялық білім берудің міндеттері
1.3 Экологиялық білім беріді ұйымдастыру

Қорытынды
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда. Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиға ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу маңызы орын алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы – орынды жағдай. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:
- туған өлкеміздің табиғатымен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла бастауы;
- республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің көбейе түсуі;
- өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы;
- экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен «тұрмыстық» қажеттілік мақсатындағы «табиғатты пайдалану» сипаты арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. Мектеп, гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері үздіксіз экологиялық білім берідің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.

Жоспар
Кіріспе
1. Экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеті
1.1. Экологиялық білім берудің негізгі жолдары мен ұстанымдары
1.2 Экологиялық білім берудің міндеттері
1.3 Экологиялық білім беріді ұйымдастыру
Қорытынды
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру
мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие
беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда. Экологиялық білім беру
дегеніміз адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта
үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған
орта мен оның табиға ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты
қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық
білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу маңызы орын алады.
Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны
қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, экологиялық жаппай және үздіксіз білім
беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді
ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы – орынды жағдай. Оның өзіндік
объективті және субъективті себептері бар. Олар:
- туған өлкеміздің табиғатымен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар
бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз
сарқыла бастауы;
- республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің
көбейе түсуі;
- өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының
сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам
денсаулығының нашарлауы;
- экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен тұрмыстық
қажеттілік мақсатындағы табиғатты пайдалану сипаты арасындағы
алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. Мектеп,
гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері үздіксіз экологиялық
білім берідің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРІДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Экологиялық білім берідің мақсаты – жеке адамның бойында табиғатқа
деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам- қоғам – табиғат
арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық білім беру
жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке
үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Экологиялық білім беру - өте
күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі
қажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте-
бірте қалыптастыру көзделеді.
Өкінішке орай, қоғамдық санада табиғатқа байлық көзі немесе табыс көзі
ретінде қарау басым болып келеді. Табиғатты ластау, орман- тоғайды аяусыз
кесу, фауна мен флораны пайдакүнемдікпен пайдалану, браконьерлік т.б жат
көріністер жаппай орын алды.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық
мәдениетін қалыптастыру үшін кейбір әлеуметтік және экономикалық
мәселелерді шешу қажет.
Олар:
- эколгиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру және оларды
бұлжытпай орындау;
- табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту;
- қоршаған ортаның тазалығы мен ұйымдастыруды тездету;
- елдегі экололгиялық жағдайлар мәліметтердің көпшілікке жетуін
қамтамасыз ету.
Қазақ халқының салт- дәстүрінде табиғатпен тікелей араласуы өзінің
әлеуметтік- тарихи тыныс- тіршілігі болып қалыптасқан. Сондықтан да олар
табиғатты аялау, аң мен құсын қадірлеп, киелі санап, өзен- көлдерін
ластамаған. Оны біз білім мен мәдениетіміздің аталары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев т.б еңбектерінен көреміз.
Экологиялық білім берідің қазіргі заманғы ғылыми негіздері оны жүзеге
асыру проблемалары мен бағдарламалары 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО үйлесімділік
халықаралық ұйым отырысында қарастырылады. Одан соң 1970 жылдары Стокгольм,
1972 жылы Тбилиси қаласында экологиялық білім туралы халақаралық ғылым
конференциалар өткізілді. Ал, 1992 жылы Рио- де- Жанейро қаласында өткен
ғылыми конференция экологиялық білім беру проблемасын қайта қарап, оның
негізгі 3 бағытын айқындап берді:
1. биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экология бойынша оқу- ағарту
жұмыстарының жүйесін құру;
2. экологиялық білім беруді жүзеге асыру;
3. жұртшылық арасында экологиялық үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу.

1.2 Экологиялық білім берідің мақсаты мен міндеттері
Мақсатына қарай экологиялық білім беру 3 сатыда өтеді.
1. Алғашқы саты: мектепке дейінгі және бастауыш мектеп;
2. Екінші саты: орат мектеп және колледж;
3. Үшінші саты: жоғары оқу орындары;
Алғашқы саты мектепке дейінгі балабақща жүйесі және бастауыш мектепті
қамтиды. Мұнда қоршаған ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігі, өз
үйінде, аулада, табиғаттың жекелеген көріністеріне қамқорлық жасау сияқты
салауатты өмір салтының негіздері қалаптасады. Бұл сатыдағы оқытудың
негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық
негіздегі дамытушы ойындар.
Екінші саты жалпы арнайы білім беретін орта мектептерде жүзеге асады.
Алғашқы сатыдағы эклологиялық танымдар негізінде экологиялық білім
беріледі. Бұл кезеңде комьютерлік модельдеуді қолдану тиімді болады. Жаңа
оқу пәндерін енгізу қолданыстағы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қайта
қарап, қысқартулар жасауды қажет етеді.
Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше талаптарды қажет
етеді. Олар:
1. Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және әдістемелік құралын
жасау, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру
2. Мұғалімнің экологиялық білімінің дайындық деңгейі
3. Жаратылыстану пәндері бойынша биоцентризм ұстанымына негізделген
факультативтік сабақтар арқылы экологиялық білім бері
4. Табиғат қорғауі мәселелері мен экология бойынша мұғалімдердің білімін
жетілдіру және қайта даярлау шаралары
5. Қазіргі техникалық құралдарды, оқытуды комьютерлендіруді және оқытудың
жаңартылған әдістерін кең түрде қолдану
6. Мұғалімнің тәжірибе, оқу материалдарымен алмасу мүмкіндіктерін туғызу
7. Ақпарат жинақтау орталығын құру керек
8. Географтар, биологтар, тарихшылар, әдебиетші және математиктер, т.б
барлық пәндердің мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдар,
оның мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс
9. Мемлекетік экологиялық саясатты жетік білуі керек.

1.3 Экологиялық білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқу тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Пәндер