Халел Досмұхамбетов



Халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ардагер азаматтарының бірі — Халел Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келеді. Алдымен ауыл молдасынан хат таниды, кейіннен жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқиды. Одан соң Орал қаласындағы реалдық училищеге оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң Петербордағы Әскери-медиңиналық академияда оқиды, оны алтын медальмен бітіріп шығады. Академияда X. Досмұхамедов «дүние жүзі фи-зиологтарының ақсақалы, шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімінің авторы академик И. П. Павловтың лекңияларын тындаған. Кейінірек ұлы ғалымның дәрісін тыңдаған, екінші қазақ зиялысы проф. С. Асфендияров болатын. Осы кездері оның дүниетанымы мен ой-өрісі кеңейе, жетіле түседі. Сол жылдары Ресейде болған буржуазиялық-демократиялық төңкерісті өз көзімен көріп, оның мәнісін түсіне бастауы, Халелдің идеялық жағынан шыңдала түсуіне зор ықпал етеді. Ол қазақ халқын патшалық империяның аяусыз қанап, тонап отырғанына көзі жете бастайды. 1909 жылы академияны бітірген соң әуелі Пермь губерниясына, одан сон 22 - Орал казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер болып жұмыс істейді. Ол осы кезден бастап «Орал», «Пікір», «Қазақ» газеттеріне мақалалар жазады. Мәселен, «Қазақ» газетіндегі «Жұқпалы аурулар» (1914) мақаласында «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дейтін қазақ мәтелін эпиграфқа алып түрлі аурулардан сақтандыру жолдары, әр дерттің өзіне тән белгілері, оларды емдеу әдістері, дәрі-дәрмекті қолдану туралы кеңес береді.
1917 жылдан бастап Алашорда өкіметінің басшылық жұмысына белсене араласады. Оның Қазан төңкерісіне дейінгі осы іс-әрекетін бетіне шіркеу ғып, есімін атамай келгеніміз белгілі. Алайда оның ісі республика Жоғары сотының 1958 жылғы ақпандағы шешімімен қайта қаралып толық

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Халел Досмұхамбетов

_______________________
_______________________

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ
(1883—1937)

Халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ардагер
азаматтарының бірі — Халел Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Қызылқоға
ауданында дүниеге келеді. Алдымен ауыл молдасынан хат таниды, кейіннен
жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқиды. Одан соң Орал қаласындағы реалдық
училищеге оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң Петербордағы Әскери-
медиңиналық академияда оқиды, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
Академияда X. Досмұхамедов дүние жүзі фи-зиологтарының ақсақалы, шартты
рефлекстер туралы әйгілі ілімінің авторы академик И. П. Павловтың
лекңияларын тындаған. Кейінірек ұлы ғалымның дәрісін тыңдаған, екінші қазақ
зиялысы проф. С. Асфендияров болатын. Осы кездері оның дүниетанымы мен ой-
өрісі кеңейе, жетіле түседі. Сол жылдары Ресейде болған буржуазиялық-
демократиялық төңкерісті өз көзімен көріп, оның мәнісін түсіне бастауы,
Халелдің идеялық жағынан шыңдала түсуіне зор ықпал етеді. Ол қазақ халқын
патшалық империяның аяусыз қанап, тонап отырғанына көзі жете бастайды. 1909
жылы академияны бітірген соң әуелі Пермь губерниясына, одан сон 22 - Орал
казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер болып жұмыс істейді.
Ол осы кезден бастап Орал, Пікір, Қазақ газеттеріне мақалалар жазады.
Мәселен, Қазақ газетіндегі Жұқпалы аурулар (1914) мақаласында Сынықтан
басқаның бәрі жұғады дейтін қазақ мәтелін эпиграфқа алып түрлі аурулардан
сақтандыру жолдары, әр дерттің өзіне тән белгілері, оларды емдеу әдістері,
дәрі-дәрмекті қолдану туралы кеңес береді.
1917 жылдан бастап Алашорда өкіметінің басшылық жұмысына белсене
араласады. Оның Қазан төңкерісіне дейінгі осы іс-әрекетін бетіне шіркеу
ғып, есімін атамай келгеніміз белгілі. Алайда оның ісі республика Жоғары
сотының 1958 жылғы ақпандағы шешімімен қайта қаралып толық ақталады. Кенес
өкіметінің жылдарында халық ағарту институтында оқытушы, Орта Азия
университетінде ординатор қызметін, ал 1924 жылы Ресей академиясының
Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті болып сайланады.
1926 жылы Қазақ педагогика институтының проректоры, кейіннен педология
кафедрасының меңгерушісі, профессор қызметін, (1929) бұған қоса Қазақ АССР
Денсаулық халық комиссариатында жоспарлау-ұйымдас-тыру басқармасының
меңгерушісі болып істейді. Сол жылдары ұлттық мектептердің жаңа жүйесін
кұруға қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне, ұлт тілінде журнал
шығаруға белсене кіріседі, тарих, әдебиет, тіл ғылымдарына қатысты іргелі
проблемалармен Қазақ халық әдебиеті, Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм
заңы, Кенесары — Наурызбай, Исатай қозғалысы турасында (1925),
Адамның тән тірлігі (1927) Сүйектілер туралы (1928), Жануарлар (1928)
атты кітаптар туындайды. Оның оқу құралдарын жазудың методикасы яғни оның
шәкірт жанына лайықты етіп кұрастыру жайлы айтқан түйіні көңіл
аударарлықтай. Алдымызда үлгі болмаған соң, ғылым кітабын жазу деген қиын
болады. Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі
колданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап түсінікті қылып аудару өте қиын
жұмыс. Сөздің жүйесін келтіріп, көркем қылып жазу да керекті нәрсе. Ғылым
атауларындағы лайықты ат қоюмен қоса, ол бүтін ілгері болашаққа жол салатын
нәрсе. Сондықтан алғашқы жазылған кітаптарда әсем қылып сөздің жүйесін
келтіріп жазудан гөрі ғылыми атауларға лайықты атақ тағу жағын қарастыру
керек—дейді.
X. Досмұхамедов жаратылыс тану ғылымы саласында ұлттық ғылыми
терминдерді жасау мәселелерінің теориялық астарларына үңіліп, оның
принңиптік жақтарына ерекше назар аударды. Ол термин жасау ісінде қазақ
тілінде дыбыс үндестігінен (сингармонизм заңы) туындайтын өзіндік әдемі
әуезді сақтаудың қажеттігін, яғни ана тілінің сонау ерте заманнан келе
жатқан өзіндік заңдылықтарын мықтап ескеру қажеттігін айтады. Осы
айтылғанға орай автор Еуропа тілдерінен термин алғанда оларды ана тілінің
ішкі заңдылығына икемдеп қолдану, ғылыми атаулардың түп-төркінінің шығу
тегіне талдау жасап, оларды өз тілімізде айтылуына жақындатудың сондай-ақ
жат-жұрт сөздеріне жалғанатын қосымшаларды тіліміздің үндестік заңына
үйлестіре, бағындыра қолдану қажет дейді. Автордың тұжырымдары қазіргі
қазақ ғылыми терминологиясының теориялық қисаптарына бағыт-бағдар беретіні
даусыз. Өйткені біздегі жаратылыс тану, математика, техника саласындасы
ұлттық терминдеріміз түгіл, тіпті филолог-әдебиетшілердің өздері де төл
тіліміздің дыбыстық заңдылықтарын бұзып орыс және батыс елдерінен енген
сөздерді қолдануда тіліміздің ерекшелігін ескермей, сол тілдердің
орфографиялық, орфоэпиялық ереже қағидаларына сүйеніп, мұны термин жасаудың
негізгі принңиптерінің біріне айналдырғаны көпке мәлім.
X. Досмұхамедовтың физиология, психология пәндеріне байланысты
көптеген терминдік атауларды төл тіліміздің сөздік қорына жиырмасыншы
жылдардың өзінде-ақ іріктеп ала білгені бізді қайран қалдырады. Солардың
бірі мыналар: жүйке жүйесі (нервная система), жүйке талы (нервные волокна),
жүйке орталығы (нервный ңентр), ми қалтасы (мозговой желудочек), көз қағар
жүйке (глазодвигательный нерв), жүйкенің ұлы жүйесі (ңентральная нервная
система), жүйке түйіні (нервный узел) т. б. Автордың жаратылыс тану
пәндерінің аттарын қазақшалауы да кұптарлық нәрсе. Мәселен, ол Анатомияны
Тән жүйесін тану, Физиологияны, тән тірлілігін тану, деп алуы көңілге
бірден ұялайды.
Досмұхамедов қазақ жоғары педагогика институтының қазақ тілі
кабинетінде оқыған Қазақтың халық әдебиеті атты лекңиясында халықтық
педагогиканың кейбір проблемаларын сөз еткен. Мәселен, халық әдебиетінің
мазмұны туралы айтқанда шілдехана, бесік жырларының тәрбиелік мәніне
тоқтала келіп, Қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке
толғанға дейінгі тыныс тіршілігі ән-жырдың кұшағында өтеді. Қазақ баласын
тәрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың басты орынға шығуы, сірә, халық әдебиеті
мен халық әндерінің кең тарап, дамуы және оның тәрбие құралы болуы себеп
болса керек,— дейді. Ғалым мұнан кейін ғашықтық жырлардың шығу тарихы мен
тәлім-тәрбиелік мәнін сөз ете келіп, жар-жар, тойбастар, беташар жырларына
ерекше тоқталады. Бұл жырларда,- деп жазды ол,- жаңа түскен жас келінді
жаңа жұртқа таныстыру көзделсе, сонымен бірге негізінен келінге қатынасты
әдептілік ережелері және қайын атаға, қайын енеге, күйеу жігіттің өзге де
туыстарына мінездеме беріледі деп тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік жағын
сөз етеді.
Сондай-ақ автор өлген адамды жерлеу дәстүрімен байланысты шыққан
көрісу, жоқтау, естірту сияқты халықтық дәстүрдің сыр-сипатына тоқталады.
Ғалым халық поэзиясында мақтау жырлары айрықша орын алатындығын, онда жеке
адамдардың тұтас ру мен ұлыстық батырлығы, байлығы, елдігі, әділдігі, ерлік-
қажыры т. б. қасиеттері мадакталатынын айтып, мақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алаш зиялыларына қарсылық
Қазақстандағы жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқын
Алаш партиясының құрылуы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Күн сөнгенше сөнбейміз!
Алаш партиясы
1921-1925 жылдардағы қазақ баспасөзі
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
Ақпан революциясынан кейін
Пәндер