Геосаясат



Геосаясат түсінігі, пәні, объектілері.
Геосаясат классиктерінің негізгі идеялары мен принциптері
Қазіргі заманғы Батыстың геосаяси теориялары мен мектептері.
Орыс геосаясат мектебі және евразиялық идея

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Геосаясат түсінігі, пәні, объектілері.
Геосаясат классиктерінің негізгі идеялары мен принциптері
Қазіргі заманғы Батыстың геосаяси теориялары мен мектептері.
Орыс геосаясат мектебі және евразиялық идея

Геосаясат түсінігі, пәні, объектілері.

Геосаясат деп географиялық, тарихи, саяси және басқа да факторлардың
өзара байланысының мемлекеттің стратегиялық потенциалына тигізетін әсерін
айтады. КСРО-да геосаясат ұзақ жылдар буржуазиялық, жалған ғылым саналып
келіп, тек 80-шы жылдары ғана оған деген көзқарас өзгерді. Геосаясат
терминін ғылыми айналымға алғаш енгізген швед ғалымы Рудольф Челлен (1864-
1922 ). Ол геосаясатқа мемлекетті географиялық организм немесе кеңістіктік
феномен деп қарастыратын доктрина деген анықтама берген. Ал неміс
теоретигі Фридрих Ратцель (1844-1904) геосаясат жайында Геосаясат
мемлекетті қатып қалған, өзгермейтін түсінік ретінде емес, үнемі қозғалыста
болатын тірі организм ретінде қарастырады деді. Яғни Ратцельдің айтуынша,
геосясат кеңістіктпен қарым-қатынастағы саяси құбылыстарды зерттейді.
Қысқасы, геосаясат мемлекеттің территориялық мәселесіне шекарасына,
табиғи және адам ресурстарын тиімді пайдалануына қатыстылардың барлығын
зерттейді. Геосаясаттың объектілері ғаламдық кеңістік пен әлемдік
қауымдастықтағы геосаяси процестер мен құбылыстар болып есептелді. Жалпы,
геосаясат әлемдегі оқиғаларды өзгертудің, оған әсер етудің құралы ғана
емес, ол сондай-ақ, көптеген елдердің саясатын болжай алатын да құрал. Ал
геосаясат пәні деп әлемдік және аймақтық мәселелерді шешу кезіндегі
геосаясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасын айтамыз.
19-20 ғасырларға дейін геосаясат үшін географиялық, климаттық,
кеңістіктік және экономикалық факторлар үлкен рөл ойнап келсе, қазіргі
кезеңде жағдай біршама өзгерді. 21 ғасырда геосаясатқа әсер ететін
факторлардың көбеюіне байланысты әлемдегі геосаяси жағдайлар тұрақсызданып
барады. Мысалы, 21 ғасырда геосаясатта ақпараттық фактор алдыңғы орынға
щықты. Сондай-ақ, ғылым мен технологияның қарыштап дамуы да геосаяси
ойларға өзгерістер әкелді. Айталық, алыс қашықтағы ракеталар мен ядролық
қарулар қандай да бір қатып қалған теорияларға бағынышты емес екендігін
көрсетеді.
Геосаясатты өркениеттік, әскери-стратегиялық, географиялық детерминизм
теориясы тұрғысынан қарастыруға болады. Өркениеттік тұрғының негізін
қалаушы орыс ғалымы Н.Данилевский болып есетелді. Геосаясат әскери-
стратегиялық теориядан бастау алады деп есептейтін ғалымдардың қатарына
Николла Макиавелли, Карл фон Клаузевиц, Хельмут Мольтке жатады. Алайда осы
теорияның дамуы мен терең зерттелуіне үлкен ықпал еткен американдық әскери
теңіз теоретигі және тарихшысы Альфред Мэхен (1840-1914) болды. Оның
негізгі еңбегі Теңіз күшінің тарихқа әсері 1890 жылы жарық көрді.
Сондай-ақ, геосаясат теориясы географиялық детерминизм концепциясынан
да бастау алады. Бұл ең көнеден келе жатқан түсінік. Географиялық ортаның
(климат, жер бедері, теңіз, өзен және т.б.) тарих пен адамзатқа әсері
туралы ойлар Геродот, Гиппократ, Фукидид және басқа да антик авторларының
еңбектерінде кездеседі.

Геосаясат классиктерінің негізгі идеялары мен принциптері

Челлен өзінің Мемлекет өмір сүрудің формасы ретінде деген басты
еңбегінде мемлекетті тірі организм деп суреттейді. Челлен ол кітабында
Мемлекет адам тәрізді өсіп отырады, ол тіршілік иесі сияқты деп жазды.
Челленнің түсінігі бойынша жер бедері мен мемлекет тұтас дүние. Ол
Ратцельдің шәкірті әрі оның идеясын жалғастырушылардың бірі. Оның
түсіндіруінше, мемлекет табиғи сұрыпталу жолымен дамып, үлкен мемлекеттер
кеңістік үшін кішкентай мемлекеттерді басып алып отырады.
Геосаясат ғылымының дамуына үлкен үлес қосқандардың бірі ағылшын
Хэлфорд Джордж Макиндер (1861-1947). Макиндердің айтуынша, мемлекет үшін
географиялық жағынан ең ыңғайлы аймақ құрылықтың орталық бөлігі. Ол
құрылықтың орталық бөлігінен дүние жүзін бақылап отырған ыңғайлы деп
түсіндірді. Тарихта сондай мүмкіндікке ие болған халықтардың қатарына ғалым
ғұндарды, аландарды, монғолдарды жатқызды. Оның айтуынша, Азияның осындай
жауынгер тайпаларының жиі-жиі жасап отырған шабуылдарының арқасында ғана
Европа орталықтанған мемлекеттер құрып, өз өркениетін дамыта алған. Осыған
байланысты ол өз идеясын былай тұжырымдады. Егер кім де кім Евразияны
билесе, онда ол дүние жүзін де билейді. Ал Евразиядағы ең ыңғайлы
территория Макиндердің пікірінше, Евразияның орталығы – әлемнің кіндігі
немесе Хартленд болды.
Жалпы, Макиндер жердің геосаяси картасын үшке бөлген.
1. Орталық зонаға - Солтүстік мұзды мұхитының бассейндері мен Каспий және
Арал теңіздері жатады (Хартленд)
2. Сыртқы жартыайға АҚШ, Англия, Жаполния елдері кіреді.
3. Ішкі жартыайға Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан және т. б.
(Римленд)

Ал геосаясаттағы Теңіз күші теориясының авторы американдық адмирал
Альфред Мэхен(1840-1914) болып есептелінді. Ол 19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр
басында талассократия идеологтары мен саясаткерлердің іс-қимыл
бағдарламасын жасағандардың бірі. Ол өзінің 1890 жылы шыққан Теңіз күшінің
тарихқа әсері деген кітабында теңіздегі иелік етіп, оны бақылауда ұстау
тарихтағы ұлы факторлардың бірі болған және болады деген тұжырым жасайды.
Мэхен теңіздер арқылы тауарларды тасымалдау оңай, сондықтан бұл теңіз
елдерінің басты артықшылығы деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекетте теңіз
флотының болуы және халықтың теңіз жағалауына жақын орналасуы мемлекеттің
дамуына жақсы әсер ете алады.
Мэхен АҚШ-тың теңізге қатысы тұрғысынан жазған еңбегінде АҚШ мықты
теңіз державасы болу үшін теңіз державасы болып есетелетін Британиямен
тығыз байланыс орнатып, Германияның теңіздегі жолдарына бөгет жасауы
керек деді. Сондай-ақ, адмирал АҚШ-тың Жапонияның Тынық мұхиттағы
экспансиясына бөгет болуын және Азия елдеріне қарсы Европалықтардың бірігіп
күресуін қолдады. Мэхеннің пікірінше, АҚШ дүние жүзінде экономикалық,
стратегиялық, және идеолгиялық салаларында алдыңғы орынға шығып, әлемдік
үстемдік орнатуы тиіс болды.
Ал француз геосаяси мектебінің негізін қалаушы Видаль де ла Бланш
(1845-1918) поссибилизм концепциясының авторы болып есептелді. Егер
саяси география терминінің авторы Ф.Ратцельдің концепциясы кеңістік,
мемлекеттің географиялық орналасуы түсініктеріне құрылса, Видаль де ла
Бланштың концепциясының ортасында адам тұрды. Ол негізін салған адам
географиясы мектебінің мақсаты географиялық ортаның адамға тигізетін
әсерін зерттеу болды. Ол адамның ерік-жігері мен бастамасына үлкен мән
беріп, оны географиялық факторларының бірі ретінде қарастыра келіп, адам
жер бетіндегі процестерге белсенді әсер етуші және оларды бағыттап
отырушылардың бірі деді. Өзіне дейінгі неміс геосаясаттанушыларын қатты
сынға алған ол саясатта географиялық ортадан гөрі адамның рөлі үлкен
деген тұжырым жасады.
Ал тағы бір геосаясат теоретиктерінің бірі американдық ғалым Николас
Спайкмэн Т.Мэхенннің теориясын жалғастырушылардың бірі болды. Ол
геосаясатқа ғылым ретінде емес, тиімді халықаралық саясат жасап беретіндей
аналитикалық тәсіл ретінде қарады. Ол мемлекеттің геосаяси күш-қуатын
көрсететін он критерий болады деді. Олар: жер бедері, табиғи шекаралар,
халық көлемі, жазба байлықтары, экономикалық және техноололгиялық даму,
қаржылық жағдайы, этникалық біртектілік, әлеуметтік интеграцияның деңгейі,
саяси тұрақтылық, ұлттық рух. Егер аталғандардың көбісі мемлекеттен
табылмаса, онда ол мемлекет өз тәуелсіздігінің бір бөлігін құрбандыққа
шалып отырады дейді Спайкмэн. Спайкмэн өз геосаяси концепциясында әлемді
екіге Хартлэнд және Римлэндке бөліп, тарихтағы Римлэндтің рөлін жоғары
бағалады. Ол әлемдік үстемдікке жетудің кілті Римлэндте дей келіп,
Макиндердің формуласын өзінде былай өзгертеді. Егер кімде-кім Римлэндтті
билесе, онда ол Евразияны да билейді, ал Евразияны билеген дүние жүзінің
тағдырын өз қолына алады.
Ал Ратцель мен Челленнің көзқарастарын жалғастырушылардың бірі Карл
Хаусхофер (1869-1946) тарихта Үшінші Рейх идеологиясын жасаушылардың бірі
болып есептелінеді. Хаусхофер өз еңбектерін негізінен Германияның геосаяси
дамуы жөнінде жазып, онда Германияның реваншистік, агрессиялық саясатына
негіз салады. Өз идеяларын жүзеге асыру мақсатында ол Герман фашистерімен
байланыс орнатып, кейіннен Үшінші Рейхтің басты идеологтарының біріне
айналды. Сонымен, Хаусхофердің басты идеясы Германияның көршілес кіші
мемлекеттерге үстемдік орнатуын дәлелдеуге негізделді. Сондай-ақ, ол
құрылықтық мемлекеттердің теңіз елдерінен артықшылықтарын көріп, теңіз
елдерінің үстемдігіне қарсы тұру үшін Германия, Ресей және Жапонияның
құрылықтық блокқа біріккені дұрыс деген пікір айтты.

Қазіргі заманғы Батыстың геосаяси теориялары мен мектептері.

2-ші дүниежүзілік соғыста АҚШ-тың жеңіп шығуы бұл елде геосаяси
ойлардың дамуына серпім берді. Көптеген геосаясаттанушылар АҚШ-тың геосаяси
концепцияларын қалыптастыра бастады. Солардың қатарына 1942 жылы жарыққа
шыққан Спайкмэнннің Әлемдік саясаттағы американдық стратегия еңбегі мен
С.Хантингтонның Өркениеттің басты қозғаушы күштері шығармасы да болды.
Бұл кітаптарда жедел дамып келе жатқан АҚШ-тың дүние жүзінде үстемдік ету
керектігі жазылды. Бұлардан өзге еңбектерде де негізінен Батыстық
өркениеттің артықшылықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері
Геосаясаттың даму тарихы
Геосаясаттың негізін қалаушылар
Геосаясат түсінігі
Геосаяси жағдай
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
Қазақстанның экономиканың қозғайтын күші шикізат
ҚР-ның геосаяси мүдделері
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі
Пәндер