Қазақстанның табиғи зонасы



Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Қазақстанның табиғи зонасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2Табиғи зонаның өзіне тән ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3.Табиғат зоналарының ендік бағытта таралуын бұзыуының себептер 14

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

IV.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе.
Зоналық табиғат кешені деп жылу, ылғал режимдерінің бірдей болып келуіне байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процестерінің сипаты бірдей болып келетін ланд-шафтылардың жүйесін айтады. Қазақстан жеріңде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.
Табиғат зоналарының таралуы географиялық ендікке, жер бедеріне және жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуына байланысты.
Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, есімдігі және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке учаскелер де кездеседі.
Қазақстанның жазық белігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шел зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге, бұл зоналарда топырақ және есімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігінің артуына байланысты.
Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (биіктік зоналар немесе белдеулер) ауысып отырады.
Әдебиеттер.
1.Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.
2.Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.
3.Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
4.Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер.-
5.География және табиғат –2006,N 2.
6.Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
7.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 8.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
9.Қазақстанның физикалық герграфиясы.-Алматы,1999.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Қазақстанның табиғи
зонасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 4
2Табиғи зонаның өзіне тән
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3.Табиғат зоналарының ендік бағытта таралуын бұзыуының себептер 14
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
IV.Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..21

Кіріспе.
Зоналық табиғат кешені деп жылу, ылғал режимдерінің бірдей болып келуіне
байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен
экзогенді геоморфологиялық процестерінің сипаты бірдей болып келетін ланд-
шафтылардың жүйесін айтады. Қазақстан жеріңде жылу мен ылғалдың қатынасына
байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.
Табиғат зоналарының таралуы географиялық ендікке, жер бедеріне және жер
бетінде жылу мен ылғалдың таралуына байланысты.
Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, есімдігі және жануарлар
дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас
жеке учаскелер де кездеседі.
Қазақстанның жазық белігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте
орманды дала, дала, шөлейт және шел зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге,
бұл зоналарда топырақ және есімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да
өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігінің артуына
байланысты.
Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты
(биіктік зоналар немесе белдеулер) ауысып отырады.

1.Қазақстанның табиғи зонасы.

Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеткі жақтары
сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанда
орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана
бөлігін (2,5%-ке жуық) алып жатыр.
Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда кішігірім ойпандар кездеседі,
бұлардың кейбіреулерін кел алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам кел бар.
Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда, біршама
қолайлы. Жауын-шашын кебірек түседі (370—430 мм), оның көбі жазда жауады.
Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орта температурасы +18 — 20°. Қысы едәуір
суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы — 51—53°-қа дейін
төмендейді. Қантардың орташа температурасы — 17—19°.
Өзендері түгелдей дерлік еріген қар суымен толығады. Ертістің, Еділдің,
Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін
ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
Ормандарда орманның сүр топырагы, ал түрлі шөп өсетін далаларда қара
топырақ болады. Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың
қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның қүрамында 9%-ке жуық шірінді (гумус)
болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі,
шіріндінің мөлшері де 6%-ке дейін азаяды. Қазақстан орманды даласының Шығыс
Еуропа жазығындағы орманды дала зонасының топырағынан айырмасы ойпаң
жерлерде тұздышақат және сортаң топырақтар кездеседі. Зонада кебінесе дала
және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында
шоқ-шоқ ормандар бар.
Өсімдік жамылғысы жыртылмаған учаскелерді жауып тұратын қалың және әр
түрлі шөптер мен дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда ең көп өсетіні:
қызғылт са-бақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық. Біраз жерді
қарабас шалгын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас
өсімдіктердің арасында сәбізшептің кішкене ақ-жасыл шатырша гүлдері мен
қызыл бояудың жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан
— сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар.
Батыс Сібір жазыгының ормандары шоқ-шоқ қайың мен көктеректен құралады.
Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар — емен, жеке,
қандыағаш басым болады.
Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында бұталар да
еседі. Бұлар: тал, долана, итмұрын, Қарақарақат. Сабағы жіңішке, шырынды,
қызыл күрең түсті жемісі бар тас бүлдірген жиі кездеседі. Орманның шетінде
аңқыған иісі бар, қызыл күрен түсті қүлішнай көп.
Ағаш туұымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа
орманды даласына, Солтүстік Қазақстанның орманды даласы Батыс Сібір орманды
даласына ұқсайды.
Орман өсімдіктері езен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен,
дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ ормандар учаскелері, Ертіс
жағасын бойлай құм үстінде жіңішке алқапта қарағай ормандар Сары-арқаның
Көкшетау, Қарқаралы және т. б. тауларының гра-нитті массивтерінде де
таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді коршап жаткан
далада ерекше көркем табигат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты
аудандарда санаториялер, демалыс үйлері бар. Мұнда еңбекшілер демалады.
Орман байлықтары — шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн.
гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы
ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.
Орманды далаға тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес
зоналардың жануарларындай: саршұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, ақ
тышқаңдар, қояндар (ақ қоян, ор қоян), сусар, түлкі, қасқыр, шоқ карағай
ормандарында — тиіндер бар. Соңғы жылдарда солтүстік ормандардан бұландар
мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жактан адамдар алып келген,
кәсіптік маңызы бар ондатра кездеседі. Бауырымен
жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары
бас және улы сұр жыландар кездеседі. .
Орманды далада қүстар ете кеп және әр түрлі. Қайынды шок ормандарда ақ
тұмсық, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар-күйкентай ұялайды. Ашық
жерлер мен орман шеттеріиде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді.
Көл жағасындағы қамыс қулары мен қамыс құрағы, коғалар және басқа да
өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген
қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар кездеседі. Үлкен көлдерде —
аққулар (айғайлаушы және қиқылдаушы), ал төмпешікті ждаге қияқты
батпактарда — кезкүйрыққа ұқсас сүр тырналар мен қамыс құладыны болады.
Орманды дала зонасы — Қазақстанның ен жақсы игерілген табигат зоналарының
бірі. Онда дала учаскелерінің көп жері жыртылган. Бұл жерлерде дәнді
дақылдардан — бидай, жүгері және басқа да дақылдар егіледі. Мұнда
совхоздардың жаңа поселкелері салынды. Зонаның егістікке жыртылмаған белігі
— шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан да мұнда сүтті-етті ірі
қара шаруашылығы басым дамыған.
Дала зонасы Қазақсханның біраз территориясын, яғни
республика жер көлемінің 26%-інен астамын алып жатыр.
Дала зонасы ормаңды дала зонасының оңтүстігінен баста-
лып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кен
алқапты камти, шамамен 54°—50° с. е. аралығында орна-
ласқан.
Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің
солтүстігі, Мұғалжар тауы бутівдей дерлік, Жалпы Сырттың сілемдері, Каспий
маңы ойпатының солтүстік шеті, Орал етегі (Жем) үстірті, Сарыарқаның
солтүстігі және орталық аудандары жатады. Даланың климаты континентті.
Жазы ыстық және қІұрғақ келеді, ал қысы катаң, қары аз болады. Қаңтардың
орташа температурасы — 16°—18°, шілде айында солтүстігівде + 18°-тан,
оңтүстігінде +23°-қа дейін жетеді.Жылына 300 мм-ге дейін жауын-шашын
түседі, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді.
Климат жағдайлары- егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіңдік береді.
Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіе, Есіл, Тобыл, Жайық,
құра және бірнеше шағын өзендер кесіп етеді. Олардың жылдық ағысының 80%-і
көктемгі су тасу кезеңінде ағып етеді. Егін шаруашылығы мен енеркәсібі
дамыған бүл аудандарда, су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан да
бөпендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс-Қарағанды) арқылы
пайдаланады.
Дала зонасынын, топырағы — кара және қызғылт топырақ типіне жатады.
Солтүстігінде топырақ қабатында жоғары өнім жинауға болатьш 6%-ке жуық
шірінді бар. Оңтүстікке қарай топырақтагы шірінді кеми түседі де, бірте-
бірте куаң далаға тән қызғылт күрең топыраққа айналады. Бұл арада сортаң
топырақты жерлер кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше күтімді
қажет етеді. Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін
жарамды, Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бам Мұнда — боз, бетеге,
атқонақ, еркек шөп, кермек, қаңба басым өседі.
Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды
есімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, аса
ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ еседі- Бидайық шалғындарынан мол пішен
алынады.
Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір
түрлері еседі. Кей жерде бұлар тұтас учаскелерді алып жатады. Дала
өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл,
шайшөп, итмұрын, дәрілік валериан кездеседі.
Жаз бойы даланын түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала тек көктемде ғана,
қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп, құлпырады. Шілдеде шөп қурап, саргайып
кетеді.
Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі
жануарлар кездеседі. Өмір сүретін жерінін түсіне ұқсас келетін, жылдам
жүгіретін, әрі тез ұшатын жылдың қолайсыз мезгілдерінде ұзақ ұйқыға кететін
жануарлардың да түрлері бар.
Дала сүтқоректілеріне саршұнақ, қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыны
жатады. Бұлар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі
суырлар (салмағы 10 кг-ға дейін) болады. Суырлар мен саршұнактар ін қазып,
топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды.
Қосаяқтар, саршұнақтар, дала тышқаңдары тіршілік ететін
жерлерде жыртқыштардан барыс, күзен, ақ тышқан, түлкі
кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына
жатады. Даланың оңтүстік аудандарывда түлкі
тұқымдасынан қарсақ бар. Ол інінен тек түнде ғана шығып,
жортады. Даланың барлық жеріңде осы зонаның негізгі жа-
нуары қасқыр кездеседі.
Далада ақбөкендер кездеседі. Бөкеннің басы үлкен, кошқар тұмсық, денесі
ықшам, аяғы жіңішке келеді. Бөкеннің жүгіргеніне көз ілеспейді. Бұдан
едәуір-бұрын далада үйір-үйір болып жүретін бөкендер қазір халықтың жиі
қоныстануына байланысты біртіндеп, шелейт және шөл.зоналарына қарай ауды.
Далада құстардан дуадақ бар, бұлардың кейбіреулерінін салмағы 16 кл-ға
дейін жетеді. Одан басқа безгелдек, тырна, балықшы, бозторғай кездеседі,
әсіресе қараторғайлар көп. Жыртқыш құстардың дала бүркіті, дала құладыны,
кезқұйрық бар.
Далада көлдер кеп, әдетте олар терен болмайды, жағалары жазық, жайпақ
келеді. Көп келдердің жағалауларыңда қамыс-құрақ пен ұсақ бұталар өседі,
Онда суда және батпақта тіршілік ететін құстар кеп кездеседі.
Бұлар қаз, үйрек, тырна, шағала, балықшы, қамыс торғайлары, аққұтан.
Ұсақ шоқылар арасында бытыраңқы орналасқан терең таулы көлдерде суда
жақсы жүзетін құстар сүңгуір, гагара, крохаль, тұрпан болады.
Қазан төңкерісіне дейін дала зонасындағы жерлер аз игерілген болатын. Тың
және тыңайған жерлерді игеру жылдарында 28 млн. га жер жыртылды.
2Табиғи зонаның өзіне тән ерекшеліктері.

Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып,
Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге . Ол республиканың барлық
территориясының 14%-іналып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48° с. е.
бойымен өтеді.
Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашьш аз, жылдық жауын-
шашынның мөлшері 180 мм-ден 300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың
басыида жауын-шашьш мол түседі, қысқы жауьш-шашын өте аз.
Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің "орташа температу-расы 22—24°, кейде
ыстык 40°-қа дейін жетеді. Қысы суык, ашық аязды күндер басым болады.
Қаңтардың орташа температурасы — 15—17°, ең төменгі температура зонанын
шығысында (— 50°) байқалады. Шелейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы
тартылып, кеуіп кетеді. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері — Ойыл, Жем, Торғай,
Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3 мыңнан астам көл бар. Олардын
көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады.
Шелейттін негізгі топырағы — ашық қызғылт топырақ-Қызғылт күрең.
топыраққа қарағанда оның құрамында шірінді аз болады. Топырақтың беткі
қабатында шірінді 2—3% қана, Саз топырақты жазық пен ойпаң учаскелерде
сортандар едәуір орын алады.
Шөл дала зонасында даланың, әрі шелдің өсімдіктері таралған. Өсімдік
жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедақ боздан құралады. Кейде жусан
келемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ақшыл болып
көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, кекпек
өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортанды жерлерде ши өседі.
Ұлытау, Шыңғыстау және т. б. жоталардың аңғары арасында әр түрлі шалғын
шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көк терек және қарағай
шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақат
және таңқурай өседі.
Таулы-тебелі гранитті Қызыларай сілемі (115)— шөлейттегі әсем жазираның
бірі. Осы жерде қарағай ормандары өседі.
Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және сор жерлер де
кездеседі. Сор жерлерде өсімдік еспейді, тек оның шет жағалауларывда ғана
сортан есімдіктер өседі.
Шел даладағы езен жайылмалары өсімдікке бай. Оларда айрауық, ши қоспасы,
құрақ, қамыс өседі. Жекелеген учаскелерде тал, итмұрын, ұшқат бұталары
аралас кездеседі.
Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан саршұнақ, қосаяқ, құм
тышқаны, құм қояндары мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар.
Құстардан бүркіт, бозторғайлар кездеседі. Сүтқоректілерден. ақбөкен мен
қарақұйрық кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Онда зиянсыз
жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, улы
жыландардан — сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар.
Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда
негізінен ашық қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады.
Шөлейтте қой және жылқы шаруашылыгы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы
жерлерде көкеніс, бақша егіледі.

Шөл зонасы шелейттен басталып, оңтүстікте биік таулы өлкенің етегіне
дейін созылады. Шөл зоңасы республика территориясының 44%-ке жуығын алады.
Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер
Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын учаскелерде кездеседі.
Шөлдің климаты тым континентгі және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның
жылдық орташа мелшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық
жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-
шашынның кебі көктемде түседі. Қысы суық. Аяз — 40°-қа дейін жетеді. Жазы
өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде
24—26°, оңтүстігіңде 28—30°. Құм бетінде температура жазда 70°-қа дейін
қызады. Осының бәрі буланудың кеп болуына септігін тигізеді. Көктемде
еріген қар суымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді.
Олардың түбіңде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай
өсімдіктер еспейді.
Шөл зонасының ауасы құрғақ әрі жауын-шашын мөлшері аз болатыыдықтан,
жергілікті өзендері жоқ. Тек қана шөл зонасынан тыс (Жайық, Жем, Сырдария,
Сарысу, Шу) басталатын өзендер бар. Ол өзендер шөл арқылы аққандықтан,
суының көбі булануға немесе жер суаруға кетеді де, кейде сағасына жете
алмайды. Осыған байланысты шөлде терең орналасқан жер асты суынық зор
маңызы бар. Ондағы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде және мал суару үшін
терең жер асты суыньщ алатын орны ерекше. Шөл зонасында Қызылқүм, Шу-
Сарысу, Онтүстік Балқаш, Сыр-дария, Бетпакдала, Маңқыстау, Каспий маңы
сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.
Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге белінеді. Солтүстік
шөлдерге Үстірт пен Тұран жазығының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстіргі,
Мойынқұм, Балқаш маны ққмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірт пең
Қызылқұм алып жатқан Тұран жазығының оңтүстік жарты-сы жатады.
Шөлдің солтүстігінде жеңіл саздақтын үстіне қалыптасқан қоңыр топырақ
тараған. Қоңыр топырактын кызғылт топырақтан түсі бөлек және құрамыңда
шіріндісі аз (2,5%-ке дейін). Щелдің оңтүстігінде сұр қоңыр топырақ басым.
Оның құрамында шірінді тіптен аз (1,0—1,2%). Сүр қоңыр топырақ минералды
заттарға бай болгандықтан, құнарлы келеді. Мұндай топырақты жердісуарса
және тыңайтқыштар қолданылса, мақтадан, бидайдан, бау-бақшадан көп өнім
алуға болады.
Құмды шөлдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның табиғат зонасы
Құмдақ ортагумусты қара топырақтар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы
Солтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурсы
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Әлем-дүниесі
Қазақстанның дала зонасы
Қазақстанның климаттық зоналары
Пәндер