Ежелгі грек ғұламалары – Платон мен Аристотель



Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім
2.1. Ежелгі грек ғұламалары . Платон мен Аристотель
2.2. Платон еңбегіндегі «мемлекет және мемлекеттік құрылыс туралы ілім»
2.3. Аристотель еңбегіндегі «мемлекет және мемлекеттік құрылыс туралы ілім»

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары қазіргі замандағы саяси және құқықтық ілімнің дамуы мен оның бағытына едәуір ықпал етеді, біздің қазіргі іс-әрекетімізге бағыт береді.
Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерін қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және құқықтық ілімдер мен ойларға, идеяларға сол кезеңнің және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси және құқықтық ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әр түрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтың даму тарихын, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың, адамдардың құқы мен бостандығын, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған, әлі де ойландыратын ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына жататындар: мемлекет деген не, ол қалай пайда болды, не үшін керек, оның ең жақсы түрі бар ма, билігінің шегі қандай, әділдік деген не, саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қандай және тағы да сол сияқты сұрақтар. Бұл мәселелер жөнінде әр ойшылдың өзіндік пайымдаулары болған.
Мемлекет пен құқықты зерттеудегі ежелгі грек саяси-құқықтық ойының ерте кезеңінде оның мифологиялық түсініктері (Гомер, Гесиод) қоғамдық ойдың даму барысында өзінен кейінгі қалыптасқан жаңа көзқарастарға, атап айтқанда философиялық тұрғыдан түсіндіруге («Жеті данышпан», Пифагор, Гераклит, Демокрит) одан кейінгі рационалистік интерпретацияға (софистер), логикалық-танымдық талдауға (Сократ, Платон) және ақыр соңында эмпирикалық-ғылыми (Аристотель) және тарихи-саяси (Полибий) ілімге орын берді.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б., Мұхамедов М. «Саяси-құқықтық ілімдер тарихы»
Алматы, 2005 ж
2. Д. Жамбылов «Саясаттану»
Алматы, 2003 ж
3. М.Т. Мағзумов «Саясаттану»
Өскемен, 2002 ж
4. Г.Ж. Нұрышева «Философия тарихы»
Алматы, 2005 ж
5. «Әлемдік саясаттану антологиясы» 1- том
Алматы, 2005 ж
6. Карл Поппер «Ашық қоғам және оның жаулары: Платонның сиқырлы тартымдылығы» І-том
Алматы, 2004 ж
7. «Батыс философиясының антологиясы»
Алматы, 2002 және

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
1. Ежелгі грек ғұламалары – Платон мен Аристотель
2. Платон еңбегіндегі мемлекет және мемлекеттік құрылыс туралы
ілім
3. Аристотель еңбегіндегі мемлекет және мемлекеттік құрылыс
туралы ілім
3. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары
қазіргі замандағы саяси және құқықтық ілімнің дамуы мен оның бағытына
едәуір ықпал етеді, біздің қазіргі іс-әрекетімізге бағыт береді.
Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы
ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік
топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерін қорғағандығын, бұл
ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда
ғана саяси және құқықтық ілімдер мен ойларға, идеяларға сол кезеңнің және
сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен
саяси және құқықтық ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның
ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әр түрлі көзқарастар мен ойлардың
күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен
құқықтың даму тарихын, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың,
қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың, адамдардың құқы мен бостандығын,
билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен
принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Қай заманның ойшылдарын болмасын ойландырған, әлі де ойландыратын
ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына жататындар: мемлекет деген не, ол
қалай пайда болды, не үшін керек, оның ең жақсы түрі бар ма, билігінің шегі
қандай, әділдік деген не, саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қандай
және тағы да сол сияқты сұрақтар. Бұл мәселелер жөнінде әр ойшылдың өзіндік
пайымдаулары болған.
Мемлекет пен құқықты зерттеудегі ежелгі грек саяси-құқықтық ойының
ерте кезеңінде оның мифологиялық түсініктері (Гомер, Гесиод) қоғамдық ойдың
даму барысында өзінен кейінгі қалыптасқан жаңа көзқарастарға, атап айтқанда
философиялық тұрғыдан түсіндіруге (Жеті данышпан, Пифагор, Гераклит,
Демокрит) одан кейінгі рационалистік интерпретацияға (софистер), логикалық-
танымдық талдауға (Сократ, Платон) және ақыр соңында эмпирикалық-ғылыми
(Аристотель) және тарихи-саяси (Полибий) ілімге орын берді.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ
біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотельге
тоқталамыз.

2.1. Ежелгі грек ғұламалары – Платон мен Аристотель
Платон (шын аты Аристокл) б.з.д. 437-347 жылдарда өмір сүрді. Ол
ежелгі грек философы және әлеуметтік ойшылы, саясат ғылымының негізін
қалаушылардың бірі. Бай аристократтар әулетінде дүниеге келген. Жас кезінде
ол Сократтың шәкірті және тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін,
Платон басқа шәкірттермен бірге Афиныдан кетеді. Б.з.д. 387 жылы грек
батыры Академның атымен аталған Академия деп аталатын өзінің философиялық
мектебін ашады.
Платонның саяси көзқарастары Афина қоғамының белең алған дағдарысы,
құлдырауы мен азып-тозуы жағдайында қалыптасты. Классикалық полистің (қала-
мемлекеттің) гүлденуі мен жойылуы қарқынды әлеуметтік жіктелуі, қоғам мен
мемлекеттің дамуы барысында билік тұрпаты өзгерді: аристократия олигархияға
айналып бара жатты. Демократия саяси теңдікті көздейді, ал іс жүзінде
аристократиялық және олигархиялық жайсаңдар билеп төстеді. Платон идеал,
яғни мінсіз мемлекеттің үлгісін (утопияны) әзірледі, бұл орайда оған оның
идеялар туралы, жан, инсаният (адамгершілік) және әділет туралы ілімі негіз
етіп алынды. Платон бойынша мемлекет жасағанның – идея иесі, ғарышты
жаратушы Құдайдың құдіретімен пайда болады. Ол үш нәрседен – ақылдан,
жаннан және тәннен құралады. Тән - өледі, ол парасатты, сұрапыл және опасы
бөліктерден құралатын жан – бақи, мәңгі. Платонның мінсіз мемлекеті өзінің
философтарымен – дана, сақшыларымен – ержүрек, қол еңбегі адамның
бағыныштылығымен байсал. Байсалдылық, ержүректік және бағыныштылық секілді
қасиеттердің ұштасуы әділетті мемлекеттік құрылысты сипаттайды. Осылайша,
ойшылдың адамгершілік (этика) туралы және мемлекет (саясат) туралы ілімдері
өзара етене байланысқан. Мемлекет дегеніміз – біздің әрқайсымыз өзімізге
өзіміз жеткіліксіз болып, көпке мұқтаж болғанымызда өсіп шығатын ортақ
мекен. Платонның саяси көзқарастарының серпіні Мемлекет, Саясаткер,
Заңдар деген еңбектерінен аңғарылады. Платонның философиялық және
әлеуметтік-саяси идеялары жалпы адамзаттық мәнге ие болып, ол ежелгі кезең
шеңберінен көп ұзап шығып біздің заманда да сақталып отыр.
Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.) ежелгі грек философы, ойшылы,
энциклопедияшысы, логиканың және басқа ғылымдардың негізін қалаушы.
Стагирде (Фракия) Македония патшасы ІІІ Аминтаның сарай дәрігерінің
отбасында дүниеге келген. Платонның Академиясына түсіп, кейіннен сонда 20
жылдай ұстаздық еңбек еткен. 340 жылдардың аяғында Македония патшасы ІІ
Филипптің шақыруымен оның баласы Александрдың, болашақ Александр
Македонскийдің тәрбиешісі болады. Қолбасы өзінің ұстазын былай сипаттайды:
Мен Аристотельді өзімнің әкеммен бірдей құрметтеймін, өйткені мен өмірге
келгенім үшін әкеме қарыздар болсам, Аристотельге сол өмірдің құнын
ұқтырғаны үшін қарыздармын. Елу жасында Аристотель қайтадан Афинаға
оралып, онда өзінің философиялық мектебін – Ликейді (Лицейді) ашады. Саяси
ғылымның пайда болуы Аристотельдің есімімен байланысты. Оның Саясаты
құқықты, экономикалық, әлеуметтік және саяси өмір салаларын қамтиды, олар
этикамен табиғи байланысты. Платоннан өзгеше, ол мемлекеттің пайда болуына
тарихи тұрғыдан келіп, оның дамуындағы әр түрлі кезеңдерді анықтайды. Адам
– қоғамдық, саяси тұлға. Ол қашанда бірлесе өмір сүруге ұмтылады. Мұндай
бірлесіп өмір сүрудің алғашқы пошымы – отбасы, онда үш түрлі: ерлі-
зайыптылық, ата-аналық және билеп-төстеушілік қарым-қатынас қалыптасады.
Патриархтық отбасы қатынастарының бұл түрлерін Аристотель тұтасымен отбасы
эволюциясы, қажеттіліктер мен айырбастардың өсуі барысында пайда болуы
мемлекетке де көшіреді.
Егер Платон бойынша мемлекеттік құрылыс пошымы билік басында кімнің
тұруымен байланыстырылса, Аристотель олардың әрқайсысын мұқият зерттей
келіп, оларды тек дұрыс және надұрыс дегенде ғана саюға болмайды деп атап
көрсеткен. Белгілі бір тұста аралас пошымдар да туындауы мүмкін. Мәселен,
тирания мен демократияның көптеген түрлері болуы мүмкін. Ол тиісті
принциптермен (аристократия принципі – жақсылық, олигархиянікі – байлық,
демкратиянікі – еркіндік) байланыстыратын мемлекеттік құрылыс пошымдары
туралы ілім Аристотельдің саяси көзқарастарында басты орын алады. Мемлекет
гүлдену, әділет және азаматтың жақсы өмір сүруі үшін керек. Аристотель
өзінің саяси ілімін Саясат, Афина политиясы, Этика, Риторика атты
жұмыстарында ашып көрсетеді. Ежелгі дәуірдің де, орта ғасырлар мен жаңа
заманның да рухани өмірінің дамуында Аристотельдің маңызы орасан зор.

2.2. Платон еңбегіндегі мемлекет және мемлекеттік құрылыс туралы
ілім
Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен
айналасуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың
әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты
жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту
мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық
мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге
асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір
сүре алмайды. Өйткені, билік басына келгендердің бәрі де қайырымды бола
бермейді, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттері де қосылады.
Сондықтан да басқа мемлекеттік құрылым түрі келеді.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар
өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары керек. Біреулері
егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен,
төртіншілері етікшілікпен айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана
қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда
болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да,
көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан
Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше,
ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2)
қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды.
Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге
қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске
асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге
керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді.
Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек.
Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі
таптан жоғары таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі
боласың. Адамдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өте үлкен сандарға амалдар қолдануға құштарлық - бүкіл Индия математикасы тарихына тән нәрсе
Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы
Антика философиясы
Этика терминінің мәні мен мазмұны туралы
Ғылыми Психологияның пайда болуы. Алғашқы психологиялық білімдер
Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы
Сократтың еңбектері
Эстетика мәселесі мен міндеттері
Антикалық философия жайында
Ежелгі дәуір мәдениеті. Ежелгі Грекия мәдениеті
Пәндер