Экономианы мемлекеттік реттеу



Жоспар

Кіріспе

1. Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұғымы
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
3. Экономианы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Экономиканы Мемлекеттік реттеу пайда болуы мен даму барысында,олардың арақатынасы іс-әрекеттерімен даму барысы айқын турде көрсетілген.Яғни менің ойымша экономиканы мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін өндірушілер мен тұтынушылардың өзара нарықтық қатынастарының тығыз байланысы болып табылады. Мысалы қарым-қатынастар аумағында тауарлар өндіруге кететін шығындар мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға ынталандыру механизмі. Реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етті. Осыдан баиланысты, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын түрлерін тиімді пайдалану мәселелері толықтай түсінікті.
Бұнын негізінде қарастырылған басты мәселер мен методикасына байланысты әдістерін мен тәсілдер толықтай ашылған. Мемлекеттңміздің экономиканы басқару және реттеу барысындағы ең негізгі бағыттағы қызметтер аясы болып табылады.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз бөлігі болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. С.Б. Мақыш, Оқу құралы “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж.
2. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. – Алматы: 2003ж.
3. Ивашковский С.Н. – Экономика: микро- и макроанализ. Учебно-практическое пособие. – М.: Дело, 1999г.
4. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003ж.
5. А.Исаева «Мемлекеттің дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» // Қаржы-Қаражат, 2005, №6
6. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
7. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұғымы
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
3. Экономианы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Экономиканы Мемлекеттік реттеу пайда болуы мен даму барысында,олардың
арақатынасы іс-әрекеттерімен даму барысы айқын турде көрсетілген.Яғни
менің ойымша экономиканы мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігін айқындауға
мүмкіндік беретін өндірушілер мен тұтынушылардың өзара нарықтық
қатынастарының тығыз байланысы болып табылады. Мысалы қарым-қатынастар
аумағында тауарлар өндіруге кететін шығындар мен соған арналған қорларды
тиімді пайдалануға ынталандыру механизмі. Реттеудің көмегімен мемлекет
халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар
мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың
қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етті.
Осыдан баиланысты, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және
пайда табуға бағыттайтын түрлерін тиімді пайдалану мәселелері толықтай
түсінікті.

Бұнын негізінде қарастырылған басты мәселер мен методикасына байланысты
әдістерін мен тәсілдер толықтай ашылған. Мемлекеттңміздің экономиканы
басқару және реттеу барысындағы ең негізгі бағыттағы қызметтер аясы
болып табылады.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұғымы
Экономиканы Мемлекеттік реттеудегі негізгі объективті ұғымын, ең
алдымен оның өзіне тән ғылыми қажеттілігінен анықтауға болады. Себебі
білімнің әр-бір саласы "оның тәжірибемен дәлелденгенін бастапқы негізгі
аксиомалары арқылы жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық
процестеріндегі олардың тиімді паидалану мақсатында макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және
ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың
мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша ұғымдық түрде
анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни
нарықтық қатынастар механизмдерінің қабылдамайтын тауарлар жөнінде.
Мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысында,олардың арақатынасы
бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын
турде көрсетілген.Яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір
материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды, қорғаныс кабілетін
қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі
маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық
өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып
табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар өндіруге кететін
шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды
тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ.
Осыдан баиланысты, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және
пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісін қоршаған табиғи ортаның
ластануын болдырмау және табиғи шикізаты әсіресе оның қайта өндірілмейтін
түрлерін тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы толықтаи
түсінікті.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік
реттеу нысанында жүргізіледі:
- Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын
қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап,
пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
- Екінші қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан
экономикалық тетіктерін соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы
араласуын бейнелейді.

Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сферала-
ры мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық ) және сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу — бұл макроэко-номикалық тепе-теңдікке
және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі
дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың
күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге
мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және
дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан
қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап
ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін
есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама
мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз
ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған
жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының
болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын
және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің
сұранымына және сұранысына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді
өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына,
макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен қатар қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының
жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметтерді экономикалық түрде
шектеу;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,
олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық
жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің
ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және
инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу
мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық
дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына
оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай
шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден
басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау
негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де,
халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше
елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер,
аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы
капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік
құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың,
экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі
категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан
осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге,
түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық,
кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік
реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік,
кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі,
кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.т.) реттеуді қамтиды. Қаржылық
реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады:
мысалы, бюджетке — қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),
салықта — тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда — сыртқы
инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш.
Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары болып табылады.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) негізінде.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар
мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика
мынадай реттеуіштерді әдістерді жасады: салық салуда — салықтардың
мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар,
табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары;
бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың
пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет
артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың
қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік
қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеуіштер ақша (қолма-
қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялардың нарықтық тұрғыда сұрыпталуы
Кiшi ашық экономика
Халықаралық экономикалық қатынастың теориялық негізі
Ататүрік – саяси келбеті
Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы
ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
Кеңістіктегі вектор
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
Жергілікті басқару құрылымының негіздері және қалыптасу заңдылықтарын анықтау
Пәндер