Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпарат



Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлттын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы. қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін – бірі толықтырады.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері осы ұлттың мінез – құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан – ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр.
Салт-дәстүрдің ұрпак тәрбиесіндегі мәні зор: балатәрбиесіне, тұрмыс-салтқа, әлеуметгік мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би
өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып,
билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай
ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлттын да оңай
ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері
басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді.
Қырғыз қазақ бір туған деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының
бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар түркі тілдес халықтар
да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын,
қасиеттерін таныта алады. Мысалы. қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық,
қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл
қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-
дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін – бірі
толықтырады.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері осы ұлттың мінез – құлқын,
қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол
халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай
қалыптасып, келеді. Қазақта Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа
деген мақал бар. Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы
қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне,
өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан – ұрпаққа берілгенде
ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты
кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр.
Салт-дәстүрдің ұрпак тәрбиесіндегі мәні зор: балатәрбиесіне, тұрмыс-салтқа,
әлеуметгік мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне
байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін
тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі
кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат кою, бесікке салу, қырқынан
шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл
бала мен қыз баланы жанұя болуы мен шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу.
Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй
жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық,
балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері
енеді. Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл-
адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен
аспаптары, үйлену — үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді
өткізу сияқты түрлері кіреді.
Бұл кітапта қазақ халқында қазіргі күні ұмыт болмаған және жаңадан енген
салт-дәстүрлер жиынтығымен таныса аласыздар.

Амандасу салты

Амандасу салты қазақ халықының ең үлкен дәстүрлерінің бірі. Үлкені мен
кішісі бір-бірімен кездескенде бірінші амандасады. Жасы үлкен ер адамдар
мен арасында амандасу салты Ассалаумағалейкүм! деген сөзден басталады)
Бұның мағынасы жақсы тілекті білдіреді: Сізге алланың нұры жаусын деген
сөз. Бұл сөзді жасы үлкен ер кісілермен әр түрлі жастағы ерлер амандасқанда
жиі қолданады. Тілегін қабыл алып, қарсы адам: Уағалейкүм ассалам! деп оң
қолын ұсынады. Ол: Алланың рақымы сізге де жаусын! деген сөзді біддіреді.
Осылай қол алысып, амандасып болғаннан кейін амандасушылар кезек-кезек
отбасыларының, туған-туыстарының, бала-шағаның, мал-жанның халін сұрайды.
Қонақжай қазақ халқы үйге келген қонақты төрге шығарып, жайғастырып
отырғызады. Қазан асып, дастарқан жая карсы алады. Қария адам үйіне келген
кісіден ең алдымен аман саулық сұрасып болғаннан кейін, дастарқан басында
қай елдің баласы екенін, әке-шешелері кім екенін сұрап, нендей шаруамен
жүргенін әбден біліп алған соң шаруаларына кіріседі. Бірін-бірі ұзақ уақыт
көрмей жүздескен адамдар төс қағыстырып, қол алысып, аркаларын қолдарымен
кағысып амандасады.
Қазақ халқының сәлемдесуінің ең бір ерекшелігі келіндердің ата-енесі
мен қайын жұртымен амандасуы. Ізеттілік көрсетіп, келін ата-енесіне иіліп
сәлем салады. Келін сәлемді таңертеңгісін ата-анасына салады және олар ұзақ
уақыт басқа жақта болғандарында салады. Сәлемін алған олар тілектерін
білдіріп, рақ-меттерін айтады. Жас келіннің сәлемін алған енесі немесе жасы
үлкен кісілер Өркенің өссін, Бакытты бол!, Ұл тап!, Көп жаса! деген
тілектерін айтып ризашылығын білдіреді. Келін тағы сол кісілерге ас
ұсынғанда сәлем салып ұсынады. Үйге қонақ кіріп келісімен үй иелері
орындарынан тұрып екі қолдарын бірдей созып амандасады. Балаларының
орындарынан тұрып амандасқаны ізеттілікке жатады. Егер үйде ақсақал болса
келген қонақтар ақсақалды тұрғызбай өздері барып амандасады.
Алыстан келген ағайын көп жылдар бойы көрмеген туыстарына сәлем беріп,
амандықтарын білу үшін жеке-жеке үйлеріне кіреді. Бір-бірімен қауышып
жатқан ағайындар қуаныштарын дастарқан үстінде бөліседі.
Ұзақ сапардан келген адамға туған-туыстары мен көрші-қоландары онымен
арнайы сәлемдесуге келеді. Аман-есен барып келгенін олармен бөліседі.
Сапардан келген адамның не көріп, не біліп келгенін, барған жеріндегі
халықтың ерекшеліктерін айта отырады.
Қуаныш қайғы мен ас, ат ортақ деп, өз ұрпағын бауырмалдыққа, береке-
бірлікке баулып келген ата дәстүрінде кісі өлсе жиналып, Қазаның арты
қайырлы болсын! деп көңіл айту, жас нәресте дүниеге келсе: Нәрестенің
бауы берік болсын! деп, немесе ауылға жас келін келсе, Келіннің қадамы
құтты болсын!, деп тілек білдіру көрші-қолаң мен туған-туыстың міндетті
парызы болып саналады. Сондықтан қонақтар есіктен кіре бере осы сөздерді
айта кіреді. Бірін-бірі сыйлағандарын амандық сұрасқандарынан білуге
болады. Үлкендерінің алдынан жастар кесіп өтпей, амандасса, үлкендерді
сыйлағаны, ол үшін олар риза болады.
Қазақ халқының бір ерекшелігі сыйластығында. Үлкеңді сыйлау, ізеттілік
көрсетіп, қамқорлық жасау қай жастың болмасын міндетіндей. Қарт туысарымен
амандасып кету үшін әдейілеп сол үйге кіреді. Осылайша көрсеткен
ізеттіліктеріне олар ризашылықтарын білдіреді. Қарашаңыраққа соғып үлкен
үйдің қалжағдайын біліп амандасып кету тәрбиелікке жатады.

Қонақты қарсы алу мен күту рәсімдері

Қазақ халқының дәстүрлері қонақ күтумен байланысып жатыр. Қонаққа
кел демек бар дегендей, той-думандатып өмір кешетін қазақ халқы қандай
той болмасын қонағын шақырып, оны құдайындай сыйлаған. Ертеден келе жатқан
әдеті бойынша келген қонақты құр қайтармайды. Келген қай қонақты болмасын
ақ жарқын жүздерімен қарсы алып, дастарқандарын жайып, оған барын салып
сыйлайды. Қонағы үйіне кіре бере үй иелері амандасып болған соң келіндері
мен қыздарына төрге көрпеше жайындар деп, қонақтың терге шығуын өтінеді.
Қонағын сыйлаған төрге шық дейді деген мақал да осыдан шықса керек.
Жолы үлкен сыйлы қонақтарына аса ізгі ниетпен қарап, қой сойып, қазан асып,
баптап күтеді. Қонақ келсе есікке, жүгіріп шык кешікпе дегендей, үйіне
келген қонақтың алдынан үй иесі шығып қарсы алып, сырт киімін шешіп, қонақ
бөлмесіне қарай беттеуін өтінеді. Алдыменен қонақ келісімен қымыз немесе
басқа да ағарғаннан жасаған сусындарын, самаурынмен шайларын беріп шөлдерін
қандырады. Шайларын іше отырып, бала-шаға, туған-туыстарын сұрап, қал-
жағдайларын біліседі. Қатар адамдар қалжыңдаса күліп, ойнап отыру
әңгімелеріне сән береді. Әдетте қақ төрге жолы үлкен бас қонақ отырады.
Жолы мен жасына қарай қалған қонақтар төр ағасының оңы мен солынан орын
алады. Қонақ үстіне конақ келсе жасы кіші қонақ жасы үлкенге ығысып орын
береді. Бұрынғы қонақтың соңғы қонаққа орын беруі сонан қалған дәстүр.
Қонақтарды сыйлау қазақ халқында шай құйып беруінен көрінеді. Шай құю
жас келіндерге жүктеледі. Олар кеселерін ауыстырмай, сапырмай, қою ғана
етіп құяды. Шай құюдың әр елде әр түрлі дәстүрі бар. Мысалы, Орталық
Қазақстанның көп жерінде шайді кесеге толтырыңқырап құйса, оңтүстікте шайді
кесенің жартысынан төмен етіп ғана құяды. Шайді сүт немесе қаймақ қатып
қызыл күрең етіп баптап беру, дастарканға бауырсақ, өрік-мейіз, ірімшік,
құрт, май, қант салып түрлендіру — үлкен аспазшылық. Қонаққа шай екі
қолымен беріледі, немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың алақанын
жайып, шыны ұстаған қолын білегіне тигізіп, еңкейіп ұсынады. Дастарқан
үстінде үй иелерінің қонақтарға әлсін-әлсін алдарындағы астан алып отыруын
өтініп отырады.
Қазақ елінде кез-келген уақытта қонақ келсе болды мал сойып бермеген,
бірақ қонакка деп әрқашан сыбаға сақталған. Сыйлы қонаққа мал сойылады, ал
қысты күні соғым етінен тартылған мүшелі табақка риза болып, сыбағаларына
ие болады. Мал союдың өзіндік жөн-жобасы бар. Арнайы қонақ шақырып, той
жасағанда келетін қонақтардың санына қарап мал сояды. Қонақ сыбағасына мал
сойылған жағдайда ол алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын.
Бұрынырақта мал есіктен кіргізіліп союшы малдың мінер жағына бір тізерлеп
отырып, екі қолын қойдың мойнына орай ұстап, алақанын жайып қонақтан
әумин деп бата тілеген. Қонақ бата істеуге тиіс болған, бата әр түрлі
мазмүнда болады. Бата үй үйесінін пиғылына ризалық білдіру, мал-жанның
амандығын тілеу сияқты болып келген.

Мысалы, көп айтылатын батаның бір түрі мынандай болған:
Басқа амандық берсін,
Жанға саулык берсін.
Босағаң тең болсын,
Пиғылың кең болсын.
Алдан ас кетпесін,
Кетпес байлық, қайтпас ырыс берсін.
Дәулетің тасып жатсын,
Жасың жүзден асып жатсын!
Немесе:
Дәулетің зияда болсын,
Дүшпаның пияда болсын,
Ұлың ұяда болсын,
Қызың қияда болсын!
Адамның жаласынан,
Бұлттың аласынан,
Көрінер көрінбес мың да бір,
Бәлесінен патша құдай сақтасын!
Дастарқан байлығын берсін!

Еті дайын болған сон қонақ күтуші баласына қонақтардың қолына су құюды
тапсырады. Қолына құманы мен легенін алып, оң иығына қол сүртетін сүлгі
ораламын асып, отырған қонақтардың артымен барып, бала үлкендерден бастап
қолдарына су кұйып шығады. Су құюшы балаға қонақ ықыласын білдіріп,
рақметін, тілегін айтады. Қазақта сыйлы қонаққа бас тарту ежелгі ел
дәстүрі. Ол — адам әлемді баспен билейді деген үғымды білдіреді. Әр
қонақтың өзіңдік сый-сыпаты, мүше ұстау рәсімдері бар. Қонақ асыңа емес,
қабақ-қасыңа риза дегендей үй иесі қонақтарын сыйлағанын табақ тартысымен
білдіреді. Мысалы, бас жасы үлкен ақсақалға, алыстан келген ең сыйлы
қонаққа ұсынылса, онан кейінгі отырған қонаққа асықты жілік ұстатады. Ал
күйеу бала мен келінге төс тартады. Бас ұстаған ақсақал немесе үлкен қонақ
өзі ауыз тиіп өзгелеріне ұсынбас бұрын құлағын кесіп немерелеріне немесе
балаларға береді, етінен, құйқаларынан кесіп жанында отырғандарға асатады.
Ет желініп, сорпа ішілгеннен кейін су құюшы бала тағы да жағалай жүріп
қолдарына су құйып, майлық орамалдарын ұсынады. Дастарқан жиылмай тұрып,
ықылас білдіріп, бата беріледі. Біраздан соң шай ішіледі. Қазақтарда ет
бергеннен кейін шай беру дәстүрі бар. Етке тойған қонақтың асын шаймен
басады. Әңгіме-думан құрып, домбырашы, күйшілер өнерлерін көрсетеді. Үлкен
қарт адамдардың әңгімерелін тыңцайды. Қарттардың арасында қонақтарды үйіріп
алатын арнайы әңгімешілері болады. Өнерлі адамдар термелер айтып, арасында
термені әрі қарай жалғастыру үшін әңгімемен айта келіп, Сонда былай деген
екен деп өлең шумақтарымен жалғастырып кетеді. Өлеңдер айтылып, біраз
көңіл көтергеннен кейін, арқа жазып қонақтар есік алдына шығып серуен
құрады.
Осындай қонақта болған үлкеңдер ризашылықтарын білдіріп, баталарын
беріп, үй иесіне рақметтерін айтады. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал
деген бар. Үй иесі де келгендеріне риза болып, Тойда кезде сейікдеп,
жақсы лебіздерін білдіріп шығарып салады.
Қазақ халқының қонақ күту дәстүрі ел-жүрт арасындағы ізгі қарым-
қатынастарды нығайтады. Ағайын-туысқандардың арасыңдағы туысқандықтың мықты
боллуында, көрші-қолаңдардың алыс-берісіне, үлкенді-кішілі болып
сыйласуына, өскелең ұрпақтың жастайынан көпшіл, мейірімді, үлкенді
құрметтеп, кішіге қамқоршы болуды үйретудегі тәрбиелік мәні зор.

Бесік той

Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді.
Бесік алып бару дәстүрі қазақ елінде көп тараған. Бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүр трансформациясы баспасөзде
Баспасөз және ұлттық дәстүр
Ағылшындар мен қазақ халқының мерекелері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ баспасөзіндегі рухани құндылықтар мәселесі
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Пәндер