Қазақстан мен НАТО



Жоспар

1. Қазақстан мен ЕО.тың дипломатиялық қатынастары ... ... ... ... ... ... ...
2. Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық
қауымдастық арасындағы қарым.қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қазақстанның әлемдегі 50 мемлекетпен бәсекеге қабілеттігі ... ... ... ... ..
4. Қазақстан мен НАТО қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.Қазақстан мен ЕО-тың дипломатиялық қатынастары
Әлемнің әлеуетті алып ұйымдары Қазақстанмен қатынастар көкжиегін кеңейтуге ықылас танытуда. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен келген Бельгия Корольдігінің астанасы Брюссельдегі Еуроодақ және НАТО басшылығымен кездесуі кезінде айқын аңғарылды.
Брюссельді Еуропаның орталығы деуге де болады. Өйткені, мұнда Еуропалық Одақтың негізгі басқару органдары және НАТО-ның штаб-пәтері орналасқан. Қалада мыңдаған халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Сондықтан Елбасы сапары тек Бельгия Корольдігі аясында шектеліп қалған жоқ. Сапар жөнінде мағлұматтар беретін бағдарламаға қарап, оның кең ауқымда болатындығын аңғарған едік.
Күткендегідей Елбасы өзінің алғашқы кездесуін Еуропалық Одақтың атқару органы болып табылатын Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл Бар­розумен кездесуден бастады. Бұл кездесу Еуропалық комиссия орналасқан “Берлемон” ғимаратында өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 2 наурызда вице-президент Ф.Андрияссен бастаған Еуропалық комиссияның делегациясын қабылдады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси байланыс міне, осы кезден бастап орнықты. 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігі ашылды. Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазір осы өкілдіктің басшысы қызметін қоса атқаруда. Ал 1994 жылы Алматыда Еуропалық комиссияның өкілдігі ашылды. Оны А. Вандер Меер басқарады.
Елбасының Еуропалық Одақтың өкілетті және атқару органдарының басшыларымен әрбір кездесуі ықпалдастыққа жақсы әсерін тигізіп, еліміз экономикасы үшін осындағы үлкен рыноктың есігі ашыла түсуіне қызмет етіп келеді. Мемлекет басшысы 1995 жылы қаңтар айында Брюссельде ЕО кеңесінің төрағасы А.Жюппемен кездесіп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасасса, 2000 жылғы маусым мен 2002 жылғы қараша айындағы ЕО-ның жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы Жоғарғы өкілі – ЕО кеңесінің бас хатшысы Х.Соланамен және Еуропалық комиссияның басшысы Р.Продимен кездесулері екі жақты қатынастарды одан әрі өрістете түсті.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Қазақстан мен ЕО-тың дипломатиялық
қатынастары ... ... ... ... ... ... ...
2. Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық
қауымдастық арасындағы қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қазақстанның әлемдегі 50 мемлекетпен бәсекеге
қабілеттігі ... ... ... ... ..
4. Қазақстан мен НАТО
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.Қазақстан мен ЕО-тың дипломатиялық қатынастары
Әлемнің әлеуетті алып ұйымдары Қазақстанмен қатынастар көкжиегін
кеңейтуге ықылас танытуда. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы
сапармен келген Бельгия Корольдігінің астанасы Брюссельдегі Еуроодақ және
НАТО басшылығымен кездесуі кезінде айқын аңғарылды.
Брюссельді Еуропаның орталығы деуге де болады. Өйткені, мұнда
Еуропалық Одақтың негізгі басқару органдары және НАТО-ның штаб-пәтері
орналасқан. Қалада мыңдаған халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Сондықтан
Елбасы сапары тек Бельгия Корольдігі аясында шектеліп қалған жоқ. Сапар
жөнінде мағлұматтар беретін бағдарламаға қарап, оның кең ауқымда
болатындығын аңғарған едік.
Күткендегідей Елбасы өзінің алғашқы кездесуін Еуропалық Одақтың атқару
органы болып табылатын Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл
Бар­розумен кездесуден бастады. Бұл кездесу Еуропалық комиссия орналасқан
“Берлемон” ғимаратында өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 2
наурызда вице-президент Ф.Андрияссен бастаған Еуропалық комиссияның
делегациясын қабылдады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси
байланыс міне, осы кезден бастап орнықты. 1993 жылдың желтоқсан айынан
бастап Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігі ашылды. Қазақстанның
Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазір осы
өкілдіктің басшысы қызметін қоса атқаруда. Ал 1994 жылы Алматыда Еуропалық
комиссияның өкілдігі ашылды. Оны А. Вандер Меер басқарады.
Елбасының Еуропалық Одақтың өкілетті және атқару органдарының
басшыларымен әрбір кездесуі ықпалдастыққа жақсы әсерін тигізіп, еліміз
экономикасы үшін осындағы үлкен рыноктың есігі ашыла түсуіне қызмет етіп
келеді. Мемлекет басшысы 1995 жылы қаңтар айында Брюссельде ЕО кеңесінің
төрағасы А.Жюппемен кездесіп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы
әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасасса, 2000 жылғы маусым мен
2002 жылғы қараша айындағы ЕО-ның жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік
саласындағы Жоғарғы өкілі – ЕО кеңесінің бас хатшысы Х.Соланамен және
Еуропалық комиссияның басшысы Р.Продимен кездесулері екі жақты қатынастарды
одан әрі өрістете түсті.

2.Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық
арасындағы қарым-қатынастары
2002 жылғы қарашада Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі
Еуропалық қауымдастық арасындағы термо-ядролық синтезді басқару
мәселесіндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.
Қазіргі күні Қазақстанда уран шикізатының бай қоры негізінде
“Қазатомпром” ұлттық компаниясын уранды өндіру мен өңдеу бойынша әлемдегі
жетекші компанияға айналдыру жөніндегі өршіл жоспардың қолға алынғаны
белгілі. Мұның өзі таяудағы 4-5 жылдың айналасында еліміздегі уран
өндірісін еселеп арттыруға және оны өңдеудің жаңа сапалық деңгейіне шығуға
мүмкіндік бермек.
Екінші жақтан алғанда, мұнай-газ қорының шектеулілігіне байланысты
атом энергетикасына деген қажеттіліктің күшеюімен қатар өндірістік тұрғыдан
игеру мәселесіне адамзат қолы әлі жете қоймаған энергияның жаңа көзі –
сутегін алу жөніндегі ынта-ықылас та барған сайын артып келеді. Осыған
байланысты әлемнің дамыған ірі елдері (әсіресе, табиғи энергия көздеріне
зәрулікті сезіне бастаған Еуропа елдері) термо-ядролық реакцияларды
синтездеу арқылы басқаруға мүмкіндік береді деп есептеліп отырған
халықаралық эксперименттік ТОКАМАК реакторын салудың жобасын қолға алуға
белсенділікпен кірісіп кеткені белгілі. Болашақта бұл жобаға Қазақстан да
қатысуы мүмкін. Өйткені, Курчатов қаласындағы ядролық орталықта материал
тану мақсатындағы ТОКАМАК реакторын Ресей ғалымдарының көмегіне сүйене
отырып салу жөнінде әңгіме қозғалып, осы мақсатта халықаралық ғылыми-
теориялық конференция да өткізілген болатын.
Екіншіден, халықаралық эксперименттік термо-ядролық реактор жобасы
жүзеге асқан жағдайда оның сыртқы бетін қаптауға берилий металы
пайдаланылуы мүмкін. Ал ол металл Америка мен Қазақстанда ғана өндіріледі.
Үшіншіден, қазіргі қолданыстағы атом энергетикасына деген сұраныс
артқан жағдайда Қазақстанның әлемдік энергетика нарығындағы рөлі қазіргіден
де күшейе түсуі мүмкін.
Міне, осы жағдайлардың барлығы қосыла келе Еуропалық Одақтың атом
энергетикасы мен термо-ядролық реакцияларды синтездеу мәселесінде
Қазақстанмен ынтымақтастық құруға ниетті екендігін байқатып отыр.
Елбасының Еуропалық Одақ органдарының басшыларымен кездесуі
басталардан бір күн бұрын Брюссельдегі “Конрад” қонақүйінде Қазақстан мен
Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық арасында Ядролық энергияны
бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі келісім дәйектелді. Оған Қазақстан
жағынан Энергетика және минералдық ресурстар министрі Б.Ізмұхамбетов,
Еуропалық Одақ жағынан Энергетика жөніндегі комиссар А.Пиебалгс қол қойды.
Біз бүгін жоғарыдағы құжатқа қол қою арқылы Қазақстан мен Еуроодақ
арасындағы атом энергетикасы мен термоядролық реакцияларды синтездеуге
қатысты келісімге өзіміздің ниетті екендігімізді бекіттік. Қазақстан осы
уақытқа дейін көбінесе Ресейді уран таблеткаларымен қамтамасыз етіп келді.
Бұл таблеткалар Ресейдегі атом реакторларының технологияларына сәйкес
әзірленген. Енді өзіміздің атом энергетикасын дамыту жөніндегі
бағдарламамызға сәйкес Еуропадағы атом реакторының технологиясына сәйкес
уран өнімдерін әзірлейтін боламыз. Сонымен қатар әңгіме ядролық отынды
бейбіт мақсатта тереңдетіп өңдеу мәселесіне де қатысты болып отыр. Еуропа
Одағымен атом энергетикасы жөніндегі ынтымақтастықтың артуы бізге жаңа
рыноктағы орнымызды кеңітуге мүмкіндік береді, – деді Бақтықожа
Ізмұхамбетов.
Ал А.Пиебалгс Қазақстанның әлемдік уран өндірісіндегі ықпалын арттыру
жөніндегі жоспарына Еуропалық Одақ елдері назар аударғандығын, өйткені бұл
мәселенің маңызды екендігін айта келе:
Еуропа атом энергетикасы рыногындағы Қазақстан уранының үлесі әзірге
3 пайыз ғана. Болашақта Қазақстан Үкіметінің өршіл жоспарды қолға алуы
арқылы бұл үлес артуы тиіс деп ойлаймыз. Себебі, Қазақстан уран қорына өте
бай. Бұл мәселедегі ынтымақтастықты дамыту Еуропалық Одақ үшін де пайдалы
болады деп ойлаймын, – деді.
Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық
әріптесі болып табылады. 2005 жылы Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар
айналымы 15,3 миллиард АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 11
миллиард доллар, импорт 4,3 миллиард доллар болды.
Ал 2006 жылдың бірінші жартысындағы тауар айналымының көлемі 9,9
миллиард долларды құрады. Мұның 7,3 миллиард доллары экспорт үлесінде.
Еуропалық Одақ елдері Қазақстан экономикасына 24 миллиард доллардың
инвестициясын салып отыр. Бұл – Қазақстанға салынған шетелдік тікелей
инвестицияның шамамен екіден бір бөлігі. Негізгі инвесторлар Ұлыбритания
(жалпы көлемінің 13,7 пайызы), Италия (7,1), Нидерланды (5,5), Франция
(1,7), Германия (1,5 пайыз) болып табылады.
Ал Еуропалық комиссия немесе Еуропалық қоғамдастықтың комиссиясы –
Еуропа Одағының атқару органы. Еуропалық Одақты құруға негіз болған
Еуропалық экономикалық қоғамдастық пен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық
қоғамдастық осы комиссия арқылы басқарылады. Одақтың дүниеге келуіне әсер
еткен үшінші бір қоғамдастық – Көмір мен болат жөніндегі еуропалық
бірлестік Одақ құрылысымен таратылған болатын.
Еуропалық комиссия 1967 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Еуропалық Одаққа
мүше ретінде жаңа елдердің қабылдануына байланысты оның құрамы да өсе
түсуде. 2004 жылғы Еуропарламент сайлауынан кейін ол 25 комиссардан тұратын
болды (әрбір мүше мемлекеттен 1 адамнан). Комиссия мүшесін әр елдің үкіметі
5 жыл мерзімге тағайындайды. Ал комиссия президентін Еуроодақ елдерінің
үкіметтері бірлескен шешім арқылы тағайындап, ол шешімді Еуропалық
Парламент бекітеді.
Комиссия Еуроодақтың негізгі келісім-шарттарының дұрыс сақталып,
орындалуын қамтамасыз етеді. Ол қажетті мөлшерде заң белсенділігіне де ие
(регламенттер мен директивалардың жобаларын жасайды). Құжаттар бекігеннен
кейін олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Қатысушы елдер
Еуропалық Одақ заңдарын бұзған жағдайда санкция қолдануға да құқығы бар.
Сондай-ақ Еуропалық Сотқа жүгіне алады. Комиссия Еуропалық Кеңестің
(Еуропалық елдердің Үкімет басшыларының кеңесі) тапсырмаларын да мүлтіксіз
орындап отырады.
Комиссияның штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Ол 26 бас
директор мен комиссия мүшелерінің арасында бөлінген міндеттерді жүзеге
асыратын арнаулы қызметтерден тұрады.
2004 жылдың 20 шілдесінде Еуропарламент Еуропалық комиссия президенті
қызметіне Португалияның бұрынғы Премьер-министрі Жозе Мануэл Дуару
Баррозуды бекітті.
Елбасының Баррозумен кездесуі барысында екі жақты қатынастар, соның
ішінде сауда-экономикалық байланыстар кең көлемде талқыланды. Нәтижесінде
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның өзара қатынасын тиімді жағдайда дамытуға
негізделген Бірлескен мәлімдеме қабылдауға қол жеткізілді. Мәлімдемеде
былай делінген:
“Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың жеті
жылы Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы үнқатысудың деңгейі мен сапасы
жоғары екендігін көрсетіп отыр. Біз күшті әріптестігімізді жалпыға ортақ
игіліктер не­гізінде дамытудағы алға басушылыққа, сауда-экономикалық
ынтымақтастықтағы қол жеткен жетістіктерімізге, жаңа жаһандық қыр
көрсетулерге жауап берудегі, энергети­калық қауіпсіздік пен өркениеттердің
тиімді үнқатысуын қамтамасыз етудегі бірлескен әрекеттерімізге
қанағаттанғандық білдіреміз. Біздің берік әріптестігіміз екі жақты
экономикалық байланыстардың тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
НАТО құрылуы және қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасы және НАТО
Солтүстік атлантикакалық шарт ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық қырлары
Солтүстік-атлант альянсы
НАТО
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Қауіпсіздікті нығайтуға арналған ұйым
Пәндер