Қарыз алушыны кредиттеу процесін ұйымдастыру



Жоспар:

Кіріспе

1. Қаржы тұтқасының әсері, кредит пайызының шекті ставкасы және қарыз капиталын басқару кезінде оны пайдалану
2. Қарыз алушыны кредиттеу процесін ұйымдастыру
3. Қарыз капиталының тиімділік көрсеткіші

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қарыз капиталы – кәсіпорын капиталын қаржыландырудың қарыз көзі арқылы қалыптасқан бөлігі.
Корпорацияның қарыз капиталының құрамына:
1) Қысқа мерзімді кредит пен қарыз;
2) Ұзақ мерзімді кредит пен қарыз;
3) Кредиторлық берешек кіреді.
Қысқа мерзімді кредит пен қарыз айналым активтің орнын толтыратын көз болып табылады. Алдын ала төлем жүргізушілерге берілетін пайызсыз кредит ретінде қарастырылады және көбінесе шаруашылықта төлемеу себебіне айналады. Батыс корпорациялары тауарды төлеудің осы түрін сирек қолданылады. Қарыз алушы компанияның алынған кредит пен қарыз бойынша қарыз берушіге берешегі бухгалтерлік есепте қысқа мерзімдіге және ұзақ мерзімдіге бөлінеді. Берешек мерзімді және мерзімі өтіп кеткен болады. Алынған қарыз бен кредит бойынша берешеекті өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан аспайтын берешек қысқа мерзімді болып саналады. Алынатын қарыз бен кредит бойынша берешектің өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан асатын берешек ұзақ мерзімді берешекке жатады. Алынған кредит пен қарыз бойынша берешектің өтеу мерзімі әлі келмесе немесе белгіленген тәртіппен ұзартылса берешек мерзімді деп саналады. Алынған кредит пен қарыз бойынша қарызды өтеудің шартты мерзімі өтіп кеткен берешек мерзімі өтіп кеткен деп аталады.Қарыз алушы есептік саясатқа сәйкес ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге ауыстыруға немесе өзінің иелігіндегі қарыз немесе кредит шарты бойынша өтеу мерзімі 12 айдан асатын қарыз қаражатты көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұзақ мерзімді берешек құрамында есептеуге құқылы. Қарыз алушы бірінші нұсқаны таңдаған жағдайға, кредит шартының ережесі бойынша алынған қарыз бен кредит бойынша ұзақ мерзімді берешекті қарыздың негізгі сомасы қайтарылғанға дейін бір жыл қалғанда қысқа мерзімді қарызға ауыстырады. Қарыз алушы төлеу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді берешекті мерзімі өтіп кеткен берешекке ауыстыруға міндетті. Қарыз алушы осы ауыстыруды шарт ережесі бойынша қарыздың негізгі сомасын қайтаруы тиіс күннен кейінгі келесі күні жүзеге асырады. Акционерлік қоғамға вексель беру, берілген қарыз міндеттемесі деп аталатын корпоративтік тарту құқығы берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы»,Алматы,2008ж
2. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы, 2003ж
3. Яновская О.А., Никифирова Н.В. «Корпорациялық басқару»,Алматы,2006ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Қаржы тұтқасының әсері, кредит пайызының шекті ставкасы және қарыз
капиталын басқару кезінде оны пайдалану

2. Қарыз алушыны кредиттеу процесін ұйымдастыру

3. Қарыз капиталының тиімділік көрсеткіші

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қарыз капиталы – кәсіпорын капиталын қаржыландырудың қарыз көзі арқылы
қалыптасқан бөлігі.

Корпорацияның қарыз капиталының құрамына:

1) Қысқа мерзімді кредит пен қарыз;

2) Ұзақ мерзімді кредит пен қарыз;

3) Кредиторлық берешек кіреді.

Қысқа мерзімді кредит пен қарыз айналым активтің орнын толтыратын көз
болып табылады. Алдын ала төлем жүргізушілерге берілетін пайызсыз кредит
ретінде қарастырылады және көбінесе шаруашылықта төлемеу себебіне айналады.
Батыс корпорациялары тауарды төлеудің осы түрін сирек қолданылады. Қарыз
алушы компанияның алынған кредит пен қарыз бойынша қарыз берушіге берешегі
бухгалтерлік есепте қысқа мерзімдіге және ұзақ мерзімдіге бөлінеді. Берешек
мерзімді және мерзімі өтіп кеткен болады. Алынған қарыз бен кредит бойынша
берешеекті өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан аспайтын берешек
қысқа мерзімді болып саналады. Алынатын қарыз бен кредит бойынша берешектің
өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан асатын берешек ұзақ мерзімді
берешекке жатады. Алынған кредит пен қарыз бойынша берешектің өтеу мерзімі
әлі келмесе немесе белгіленген тәртіппен ұзартылса берешек мерзімді деп
саналады. Алынған кредит пен қарыз бойынша қарызды өтеудің шартты мерзімі
өтіп кеткен берешек мерзімі өтіп кеткен деп аталады.Қарыз алушы есептік
саясатқа сәйкес ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге ауыстыруға немесе
өзінің иелігіндегі қарыз немесе кредит шарты бойынша өтеу мерзімі 12 айдан
асатын қарыз қаражатты көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұзақ мерзімді
берешек құрамында есептеуге құқылы. Қарыз алушы бірінші нұсқаны таңдаған
жағдайға, кредит шартының ережесі бойынша алынған қарыз бен кредит бойынша
ұзақ мерзімді берешекті қарыздың негізгі сомасы қайтарылғанға дейін бір жыл
қалғанда қысқа мерзімді қарызға ауыстырады. Қарыз алушы төлеу мерзімі
аяқталғанға дейін мерзімді берешекті мерзімі өтіп кеткен берешекке
ауыстыруға міндетті. Қарыз алушы осы ауыстыруды шарт ережесі бойынша
қарыздың негізгі сомасын қайтаруы тиіс күннен кейінгі келесі күні жүзеге
асырады. Акционерлік қоғамға вексель беру, берілген қарыз міндеттемесі деп
аталатын корпоративтік тарту құқығы берілген.

1. Қаржы тұтқасының әсері, кредит пайызының шекті ставкасы және қарыз
капиталын басқару кезінде оны пайдалану

Сырттан тартылған ұзақ мерзімді капитал, әдетте, айналымнан тыс активті
қаржыландыруға жұмсалады. Айналымнан тыс активке негізгі құрал-жабдық
объектісі, мүліктік кешен және сатып алуға және салуға қомақты шығынды
қажет ететін осындай актив жатады. Негізінен қайта сату үшін сатып алынатын
объект тауар ретінде саналады және инвестициялық активке жатқызылмайды.
Инвестициялық қарыз сатып алуға және салуға тікелей қатысты алынған кредит
пен қарызға жұмсалған шығын объектінің құнына енгізіледі және бухгалтерлік
есеп ережесінде активтің амортизациясы қарастырылмаған жағдайды қоспағанда,
амортизация есептеу арқылы өтеледі. Инвестициялық актив сатып алумен
тікелей байланысты алынған кредит пен қарызға жұмсалған шығын акционерлік
қоғам келешекте экономикалық пайда алуы ықтимал деген оймен немесе осы
актив ұйымның басқарушылық мұқтажына қажет болған жағдайда аталмыш активтің
бастапқы құнына енгізіледі. Инвестициялық актив сатып алумен және салумен
тікелей байланысты алынған кредит пен қарыз шығыны қарыз қаражатын ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді қаржы салымы ретінде уақытша пайдаланудан
алынған кіріс мөлшеріне азайтылады. Инвестициялық активті қаржыландырумен
тікелей байлаысты шығын төмендеген жағдайда мысалы, құрылыс материалдары
мен жабдықтың бағасы төмендегенде, қосалқы мердігер жұмыстың жекелеген
түрін орыдауды кешіктіргенде және басқа да осындай себептерде қарыз
қаражатын салуға болады. Қарызға жұмсалған шығын алынған кірістің мөлшері
есеппен расталғаннан кейін сол мөлшерге кемітілуі тиіс.

Алынған кредит пен қарызға жұмсалған шығын инвестициялық активтің бастапқы
құнына:

1) Осы активті сатып алуға және салуға шығын жұмсалса;

2) Инвестициялық актив құрумен байланысты жұмыс нақты басталса;

3) Кредит пен қарыз немесе оны жүзеге асыру жөніндегі міндеттеме бойынша
нақты шығын жұмсалса енгізіледі.

Баланста есепті жылы өтелуі тиіс ұзақ мерзімді ретінде көрсетілген
міндеттеме осы есепті жылдың басында қысқа мерзімді ретінде көрсетілуі
мүмкін.

Мерзімінде төленбеген кредит пен қарыз да бөлек есептеледі. Ұзақ мерзімді
кредит пен қарыздың талдамалы есебін кредиттік ұйым мен қарыз қаражат
беретін басқа да қарыз берушілер жасайды.

Ұйымның есептік саясаты жөніндегі ақпараттың құрамына:

• Ұзақ мерзімді берешекті ысқа мерзімдіге ауыстыру;

• Қосымша шығынның құрамы мен оны есептеп шығару;

• Қарыз міндеттеме бойынша тиесілі кірісті есептеу және оны бөлу тәсілін
таңдау;

• Қарыз қаражатты уақытша салудан алынған кірістің есбін жүргізу тәртібі
жөніндегі ақпаратты енгізу қажет.

Ұйымның бухгалтерлік есеп-қисабында:

• Кредит пен қарыздың негізгі түрі бойынша берешектің болуы және оның
мөлшерінің өзгеруі;

• Қарыз қаражаттың негізгі түрін өтеу мерзімі;

• Операциялық шығынға және инвестициялық активтің құнына енгізілген
кредит пен қарызға жұмсалған шығынның сомасы;

• Кредит пен қарыздың орташа өлшенген ставкасының мөлшері жөніндегі
деректер көрсетіледі.

Банк кредитін тарту саясатына мына негізгі кезең кіреді: тартылатын
банк кредитін пайдалану мақсатын анықтау; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
кредит арасындағы арақатынасты бағалау; қарыз алушының ықтимал кредиторы-
коммерциялық банкіні зерделеу және бағалау; Бағалау қарыз алушы үшін
банкінің кредит саясатының тартымдылығы бойынша жүргізіледі; түрлі
банкілерден жекелеген кредит түрін тарту мүмкіндігінің ережесін салыстыру.

Кредитор-банкіні таңдау мәселесін шешу үшін мына факторларды ескеру
қажет: банкінің жалпы сипаттамасын: құрылтайшылардың құрамын, ұйымдастыру-
құқықтық нысанын, банкінің қарыз капиталы нарығындағы мақсаты мен саясатын,
оның клиенттерінің құрамын және т.б.

Кез келген акционерлік қоғам үшін оның меншікті де, сондай-ақ қарыз
қаражаты да кірісті қамтамасыз етуі ең маңызды мәселе болып табылады.

Егер корпорация өндірістік-сауда қызметте меншікті де, қарыз
капиталын да пайдаланса, онда меншікті капиталдың кірістілігін банкінің
кредитін тарту арқылы арттыруға болады. Қаржы менеджменті теориясында
меншікті капиталдың пайдалылығын осылай арттыру қаржы тұтқасының әсері
деп аталады. Қаржы тұтқасының әсері-кредиттің ақылы болуына қарамастан
оны пайдаланудың арқасында кәсіпорынның меншікті қаражатының таза
пайдалылығын үстелуі.

Кәсіпорын корпоративтік салықты қай ставкамен төлейтініне байланысты
қаржы тұтқасының әсер ететін күшін келесі формула бойынша есептеуге
болады:

ЭФР=(1-ставка*КПН)*(ЭР-СРСП)*ЗССС

Дифференциал теріс болмауы тиіс. Қаржы тұтқасының әсері активтің
экономикалық табыстылығына 13-12 оңтайлы тең болуы тиіс.

2. Қарыз алушыны кредиттеу процесін ұйымдастыру

Кредит – кредиттік ұйымның қарыз алушыға кредит шартында қарастырылған
мөлшер мен шартта ақша беруі, бұл жағдаіда қарыз алушы алынған соманы
қайтаруға және ол бойынша пайызды төлеуге міндеттенеді. Кредит алғанда банк
қарыз беруші, ал қарыздың мәні – ақшалай қаражат болады. Қарызды ағымдағы
операциялық және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша ақша
ресурсын қажетсінетін шаруашылық жүргізуші субъект алады.

Ақшалай кредиттің мына түрлері қолданылады:

1. Инвестициялық салық кредиті

2. Салық кредиті

3. Қаржы кредиті

4. Коммерциялық кредиті

Банкінің клиентпен жасайтын кредиттік қатынас мына негізгі сатылардан
тұрады:

• Кредит алуға берілген өтінішті қарау және банк мамандарының ықтимал
қарыз алушымен жеке кездесуі.

• Қарыз алушының кредитті өтеу қабілетін талдау және өтініштің сапасын
бағалау;

• Кредит шартын дайындау;

• Кредитті рәсімдеу және кредит шарты ережесінің орындалуын бақылау.

Әрбір кезеңнің мазмұнын толық қарастырайық.

Бірінші кезеңде кредит алға берілген өтініш алдын ала қаралғаннан кейін
болашақ қарыз алушымен әңгімелесу процесінде өтініті одан әрі зерттеу
ұсынылады.

1. Кредиттің мақсаты. Кредит қарыз алушының жарғылық мақсатын орындау
үшін сұратылатынына көз жеткізу қажет. Аталмыш мақсат
бизнес—жоспармен, қарыз алушы әріптестерімен жасаған шартпен және өзге
де құжаттармен расталады.

2. Сұрыптылатын кредит қатысында берілетін өтініштің негіздемесі
клиенттің меншікті қаражатының іс-шараны қаржыландыруға қатысу
дәрежесін сипаттайды.

3. Кредитті және ол бойынша пайызды өтеу мерзімі клиенттің нақты
мүмкіндігімен сәйкестігі табыс етілген кредиттің техникалық-
экономикалық негіздемесінің деректерімен, кредиттік қатынас
қолданылатын кезеңде есеп айырысу шотына түскен ақшалай қаражаттың
түсу кестесімен анықталады. Көп жағдайда кредит өнім сатудан алынған
түсімнен өтеледі. Сондықтан қарыз алушының қаржы жоспарының тиісті
көрсеткіштері зерттеледі. Егер қарыз алушымен ауқымды келісімшарт
жасасқан жағдайда, банкінің тәуекелі артады. Егер кредит қарыз
алушының активін сату есебінен өтеледі деп қарастырылатын болса, онда
соны сатудан алынатын сома мен мерзімнің кредитті қайтару мерзімі мен
оның сомасына сәйкестігі зерттеледі.

4. Кредитті қамтамасыз ету-кредит мәмілесінің ең маңызды элементі болып
табылады. Кредитті қамтамасыз ету ретінде:

• Клиентке тиесілі мүліктің кепілі;

• Кредитті өтеуге жеткілікті ақшалай қаражаты бар заңды тұлғаның
кепілдігі;

• Заңды тұлғаның кепілгерлігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияны қаржыландырудың қарыз капиталы
Несиенің формалары мен түрлері
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау және оларды жетілдіру жолдарын іздестіру
Айналым капиталы түсінігі
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Пәндер