Каспийдің химиялық, органикалық заттармен ластануы



Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II.Негізгі бөлім:

1.Каспий экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.Каспийдің химиялық,органикалық заттармен ластануы.9
3.Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... .15
Кіріспе

Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүниежүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар тағы басқа) –Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан жер шарындағы бірден–бір тұйық су айдыны. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км 2 . Меридиан бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке дейін 1030 км,батыстан шығысқа дейін 196–435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен .
Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы өсімдіктердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастарының дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиетін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып (регрессия). Плейстоцен кезеңінде 70 миллион жыл бұрын теңіздің понтокаспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде 10 миллион жыл бұрын құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінеді . Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз 10 –20 м. Орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң 1025 м. Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде –24 –26 0 С, оңтүстігінде –27 –28 0 С- қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10 0 С –қа жуық болады. Каспий теңізіне 130 – дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайық өзендері берсе,Терек,Сулак,Самур өзендері 5 %-тен астам , Кура өз 6 % береді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 миллион құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 миллионға жетеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қасымов А.Г. Каспийское море, Ленинград 1987 г.

2.Шабанова Л.В. Экологические проблемы Казахстанской части Северного Прикаспия и их пути решения, «Информационный экологический бюллетень» , 1999 г.

3.Оспанова Г.С. Экология негіздері

4.Бейсенова А.Т.Экология негіздері

5. Қазақ ұлттық энциклопедиясы.

6. Атырау нциклопедиясы.

Жоспар

I.Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------3

II.Негізгі бөлім:

1.Каспий экологиясы ----------------------------------- ------------5
2.Каспийдің химиялық,органикалық заттармен ластануы-9
3.Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу
жолдары ----------------------------------- ---------------------------12

III.Қорытынды ----------------------------------- ----------------14

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі -------------------------15

Кіріспе

Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүниежүзілік
маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Каспий теңізі (ескі
тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар тағы басқа) –Еуразия
құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан жер шарындағы
бірден–бір тұйық су айдыны. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны,
үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км 2 . Меридиан бағытында
1200 км–ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км,
оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым
бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан,
Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м
төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий теңізі
оңтүстіктен солтүстікке дейін 1030 км,батыстан шығысқа дейін 196–435 км
аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал
оңтүстік батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік
жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Ірі шығанақтары: Маңғыстау,
Қазақ, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері
Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен .
Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде
орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен
жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен
жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы
өсімдіктердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре
тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастарының
дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиетін мақтанышпен айтуға
болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және
флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945,
балдырлардың 64, фитопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.
Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған
кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ
геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты
(трансгрессия), бірде суы кейін қайтып (регрессия). Плейстоцен кезеңінде
70 миллион жыл бұрын теңіздің понтокаспий алабы оңтүстігінде орналасқан
Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде 10 миллион жыл
бұрын құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар
Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінеді . Нәтижесінде оқшау тұйық алапты
қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің
аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің
аумағы одан да кіші болған. Ол тек дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.
Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді.
Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз 10 –20 м. Орта
тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң 1025 м.
Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде –24 –26 0 С, оңтүстігінде
–27 –28 0 С- қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады,
оңтүстігінде судың температурасы 10 0 С –қа жуық болады. Каспий теңізіне
130 – дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайық
өзендері берсе,Терек,Сулак,Самур өзендері 5 %-тен астам , Кура өз 6 %
береді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі
кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз
жағалауларында 3-3,5 миллион құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-
12 миллионға жетеді.

Каспий экологиясы

Каспий теңізінде мұнай–газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына
байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі - әлемдегі шаруашылық
маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің жыл–қума-
желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5-1 м–ге дейін ауытқып отырады. 1837-
1990 жылдарда жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің
су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980-1990 жылдар
аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 1941 жылдары су деңгейі 2 м-ге
төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолют мөлшеріне -29,01 м
жетті. 1978–1995 жылдары су деңгейі -26,66 м болды. Су деңгейінің
тұрақсыздығы–климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып
отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0-12 %0 . Каспий теңізінің морфологиялық
жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий
болып бөлінеді. Теңіздің Қазақстандық бөлігі– солтүстік шығыс жағалауы
Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында.Солтүстік Каспий теңіздің
басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің
құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және тағы
басқалар бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда
таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км2.Оған келіп құятын
өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы–жалпы Каспийге құятын барлық өзен
сулары ағымының 88%-ін құрайды.Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен
өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі (оның ішінде
омыртқасыздар -1069 , омыртқалылар –415, паразит жануарлар - 325) тіршілік
етеді. Теңіздің фаунасын негізін эндемик жануарлар (шаянтәрізділердің 60%-
і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50 %-і ) құрайды. Каспий теңізінің
балық қоры 2,9 миллион тонна болса, оның 40% Солтүстік Каспий бөлігінің
үлесіне тиеді. Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны.
Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90%-і осында ауланады.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы – балық аулауды реттеу, аса бағалы
балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды
жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты Каспий
теңізіне 75 миллион тонна балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері
Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 миллион бекіре балығының шабағын
дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұщы суға
шығады. Мысалы: шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына
дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10-11 %0),
ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген.
Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий
аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қызыл кітапқа
енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра
бірқазан, тағы басқа бар. Ал Каспий итбалығы-тек қана Каспий теңізінде
тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жыл 1 миллионнан астам итбалықтың 120 мыңы
ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 - 450 мыңға дейін азайған.
Итбалықтың -27 мыңы, 1990 жылы -13,8 мыңы, 1996 жылы 8 мыңы ауланған. 2000
жылы сәуір-тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды.
Каспий итбалығының жаппай қырылуы-Каспийдің солтүстік бөлігіндегі
гидрометеорологиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз
жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің
88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі.
Соның ішінде, 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6- түрі
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ал теңіздің өзінде су
өсімдіктернің 728 түрі өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық
өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер,
ал суда балдырлар кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз
шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер
балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары
мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем
табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының,
судың ластануы үлкен қауіп төндіруде.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің
көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп , бірде тартылуы
жердің табиғи – тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша
1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның
себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен
түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 % -ын
құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста
болды. Соңғы жылдары Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам
баласының Каспий теңізінің экожүесіне батыл араласуы еді. Мәселен, 1940-
1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға
жатқызады. Осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан
24 % , ал Теректен 60 % -ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз
суының азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу
үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы
небәрі 3 –ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұз аралас шаң –
тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды,
тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін
бірден–бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан
бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның
деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай
бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай - газ кешені, жүздеген елді
мекендер, коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды.
Барлық ластағыш заттар мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың
гектарға жеті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс
екендігі дәлелденді.
Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген
проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар.Біріншіден,
су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін
тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін
соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді.
Балықтардың уыылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп,
биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың
ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен
ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр
металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың
жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер
бойынша бекіре балықтарын аулау 40 % - ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай
ұңғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық
комбинаттарын, елді мекендерді су басып орасан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің
экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға
шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар
үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді
жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
Каспий мұнайлы–газды аймағы–Атырау, Батыс Қазақстан, ішінара Ақтөбе
облыстарының жерінде орналасқан мұнай, газ, кен орындары шоғырланған аймақ.
Ерте палеозойға дейінгі даму сатысында тектоникалық төмендеуіне байланысты
қалың шөгінділердің жиылуына шалынған Шығыс Еуропа платформасының құрамдас
оңтүстік – шығыс бөлігі. Геофизикалық деректер бойынша кембрийге дейінгі
іргетастың тереңдігі 20 км – дан асады. Стратигиралық қимада жаппай дамыған
кунгур ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий экологиясы туралы
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Қазақстандағы Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің экологиялық проблемалары
Су ресурстары және оны қорғау
Каспий аймағыньң экологиялық жағдайы
Су ресурстары және оны тазалау технологиялары
Маңғыстау өңірі табиғат компоненттеріне физикалық-географиялық сипаттамасы
Каспий теңізін қорғау
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластануы
Су тапшылығы мәселесін шешу
Пәндер