Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орны



Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II Негізгі бөлім

2.1 Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2.2 Информатиканың математика, физика, химия пәндерімен пән аралық байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
XVIII-XIX ғ.ғ. техникалық жетістіктер толығымен физика және химия ғылымдарының жетістіктерімен байланысты болған. Сол ғылымдар арқылы материя мен энергияны әр түрлі мынадай өзгертушілер: қозғалтқыштар, металлургиялық және химиялық өндірістер, электрогенераторлар және т.б. жасалды және кең тарай бастады. Олардың жұмыстарының тиімділігі физикалық ұғымдар арқылы сипатталады: қуаты, п.ә.к., жүк көтергіштігі, өндірілетін энергияның мөлшері және т.б. ХХ ғасырда техниканың дамуына байланысты басқа құрылымдар пайда болды: байланыс құралдары, автоматика құрылымдары, ал 40-шы жылдардан бастап есептеуіш техника қолданысқа енді. Олардың жұмыстарының тиімділігін физикалық ұғымдардың көмегімен сипаттаудың мүмкін еместігі және мұндай құрылымдардың маңызды сипаттамаларын мүлдем басқа әдістермен келтіру керектігі анықталды. Нәтижесінде алғаш рет информация мен информацияның математикалық теориясының нақты ұғымы пайда болды.
XXI ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін пән.
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Информатиканың маңызды ерекшелігі – оның қоғадық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қоғауда, криминалистік медицинада және т.б. орындарда қолданылуы.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің жаңа мазмұны жалпы мәдени және жалпы мемлекеттік маңызы бар бөлімдер мен курстар арқылы беріледі. Оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығының негіздерін бастауыш, жалпы білім беретін мектеп қалыптастырады. Онда биологиялық, физикалық, химиялық, географиялық білімдер «Дүниетану», «Жаратылыстану» деп аталатын кіріктірілген жеке пәндерге енгізілген.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші білім беру саласында жаратылыстану ғылымдарының өзіндік орны ерекше екенін ескеріп, оқушыларды сол бағытқа қызықтыруға барша ұстаздар қауымы атсалысқаны абзал. Бұл ғылымды меңгерту – жаңа буын оқулықтарын оларға қойылатын талаптар деңгейінен шығарудың басты шарты десек, екінші үлкен талап – білім мазмұнының нақтылығы. Оқулықтың мазмұның сөз еткенде кейінгі жылдары білім беру стандартын басшылыққа алып жүрміз. Білім беруді стандарттаудың негізгі нысандары оның құрылымы, мазмұны, оқу жүктемесінің көлемі және оқушылардың даярлығының деңгейі болып табылады.
Ғылым дамыған сайын сол ғылымның жетістіктерін түсіндіру де күрделене беруі заңды. Әр ғылымның өзіне тән басты теориялары мен қағидалары бар. Пәнді оқыту барысында оларды айтпай кетуге болмайды. Түрлі формулалар, өрнектер, есеп – қисаптар тақырыпты игерудің кілті болып табылады. Бүгінгі замандағы қоғам сұранысын ескере отырып, адам баласының өмір тіршілігіндегі ең маңызды мәселелерді былайша іріктеп алуға болады: алдымен денсаулық, тіл, содан кейін қоғам, техника, табиғат, математика, көркем әдебиет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік № 4 2002 ж. 3 – 4 бет.
2. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік №3 2004 ж. 4 бет.
3. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік №3 2004 ж. 30 бет.
4. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік №6 2004 2 бет.
5. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік №6 2004 ж. 28 – 30 бет.
6. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік №2 2003 ж. 2 бет.
7. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік №5 2003 ж. 27 бет.
8. Н. Ермеков, Ж. Қараев, Н. Стифутина «Информатика» оқулық Алматы «Жазушы» 2001 ж.

Мазмұны

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II Негізгі бөлім

2.1 Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2.2 Информатиканың математика, физика, химия пәндерімен пән аралық
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

IV Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Кіріспе
XVIII-XIX ғ.ғ. техникалық жетістіктер толығымен физика және химия
ғылымдарының жетістіктерімен байланысты болған. Сол ғылымдар арқылы материя
мен энергияны әр түрлі мынадай өзгертушілер: қозғалтқыштар, металлургиялық
және химиялық өндірістер, электрогенераторлар және т.б. жасалды және кең
тарай бастады. Олардың жұмыстарының тиімділігі физикалық ұғымдар арқылы
сипатталады: қуаты, п.ә.к., жүк көтергіштігі, өндірілетін энергияның
мөлшері және т.б. ХХ ғасырда техниканың дамуына байланысты басқа құрылымдар
пайда болды: байланыс құралдары, автоматика құрылымдары, ал 40-шы жылдардан
бастап есептеуіш техника қолданысқа енді. Олардың жұмыстарының тиімділігін
физикалық ұғымдардың көмегімен сипаттаудың мүмкін еместігі және мұндай
құрылымдардың маңызды сипаттамаларын мүлдем басқа әдістермен келтіру
керектігі анықталды. Нәтижесінде алғаш рет информация мен информацияның
математикалық теориясының нақты ұғымы пайда болды.
XXI ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық эраға
өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу
және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып
табылады.
Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру,
жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін пән.
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп
қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен
тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Информатиканың маңызды ерекшелігі – оның қоғадық қызметтің барлық
негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде,
жоспарлауда және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қоғауда,
криминалистік медицинада және т.б. орындарда қолданылуы.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі негізгі сипаттамасы қоғамдағы және
табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролін
мойындау болып табылады.
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің жаңа мазмұны жалпы мәдени және
жалпы мемлекеттік маңызы бар бөлімдер мен курстар арқылы беріледі.
Оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығының негіздерін бастауыш,
жалпы білім беретін мектеп қалыптастырады. Онда биологиялық, физикалық,
химиялық, географиялық білімдер Дүниетану, Жаратылыстану деп аталатын
кіріктірілген жеке пәндерге енгізілген.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші білім беру саласында жаратылыстану
ғылымдарының өзіндік орны ерекше екенін ескеріп, оқушыларды сол бағытқа
қызықтыруға барша ұстаздар қауымы атсалысқаны абзал. Бұл ғылымды меңгерту –
жаңа буын оқулықтарын оларға қойылатын талаптар деңгейінен шығарудың басты
шарты десек, екінші үлкен талап – білім мазмұнының нақтылығы. Оқулықтың
мазмұның сөз еткенде кейінгі жылдары білім беру стандартын басшылыққа алып
жүрміз. Білім беруді стандарттаудың негізгі нысандары оның құрылымы,
мазмұны, оқу жүктемесінің көлемі және оқушылардың даярлығының деңгейі болып
табылады.
Ғылым дамыған сайын сол ғылымның жетістіктерін түсіндіру де
күрделене беруі заңды. Әр ғылымның өзіне тән басты теориялары мен
қағидалары бар. Пәнді оқыту барысында оларды айтпай кетуге болмайды. Түрлі
формулалар, өрнектер, есеп – қисаптар тақырыпты игерудің кілті болып
табылады. Бүгінгі замандағы қоғам сұранысын ескере отырып, адам баласының
өмір тіршілігіндегі ең маңызды мәселелерді былайша іріктеп алуға болады:
алдымен денсаулық, тіл, содан кейін қоғам, техника, табиғат, математика,
көркем әдебиет.

Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы
алатын орны
Білім мазмұнын жаңарту пәндердің әр циклі үшін оқу материалы
мазмұнының жоғары ғылыми әрі оқушыларға түсінікті деңгеймен оның ғылыми
логикасына сәйкес баяндалуын қамтамасыз ететіндей жүйесін анықтау міндетін
жүктейді. Бұл міндет циклдегі әр пән бағдарламасы мен оқулықтардың цикл
пәдерінің терең өзара байланысын қамтамасыз ететіндей болып құрылуы арқылы
шешілмек.
Мазмұнды таңдап алу мен оқу материалын тақырыптарға бөлу кезінде
пәнаралық байланыстарға, яғни, әр түрлі пәндердегі ортақ мәселелерді
синхронды түрде, үйлестіре оқытуға көңіл бөлу қажет, себебі тек білімді
игеру ғана емес, сол білімнің дүниенің жалпы бейнесіндегі үлесі де маңызды.
Бұның ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін және бүгінгі таңда күрделі
болып отырған әлеуметтік, экологниялық мәселелерді түсіну үшін мәні зор.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мектепте оқытылатын барлық пәндерді
қамтитын күрделі процесс. Соның ішінде, әсіресе , жаратылыстану цикліндегі
пәндердің оқушылардың санасында Әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті
қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас
ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты
жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Математика мектепте оқытылатын пәндердің ішіндегі негізгі, әрі
іргелі ғылымдарының бірі, ол адам мәдениетінің маңызды элементі болып
саналады. Математиканың мектептегі бағдарламасының басым бөлігі практикада
қолданылады немесе басқа ғылыми пәндік салаларға негіз бола алады.
Математиканың көптеген қырлары бар, осы адамның ұқыптылық,
ынталылық, жаңаны қабылдау тәрізді, өзгеріске жиі ұшырайтын әлеуметтік,
техникалық, табиғи құбылыстарға бейімделушілік сияқты жеке қасиеттерін де
дамытуға көп үлес қоса алады.
Оқу процесіне жаңа информациялық технологияларды енгізу ісі де
математикамен тығыз байланыста өткізіледі, сондықтан математик мұғалімдер
компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен
қолдануы тиіс. Осындай сәттерде математика курсының мазмұнын да қайта
қарап, оның компьютерлік сүйемелдеуде пайдалануға болатын бөлімдерңн
саралап, сабақтарды жаңалап өткізу әдістемелерін құрастыру қажет. Жаңа
технологияларды математикада пайдалану ісі бұрынғы белгілі әдістемелермен
қатар педагогикалық жаңа технологияларды қолдануды талап етеді.
Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар
жүйесінің бір бөлігі болып табылады, пән ерекшелігіне қарай математика
курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома,
теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау
қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір
тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға
жүктеу керек.
Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа
деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиялар –
педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра
алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу
осы тұрғыдан қарастырылуы тиіс.
Осындай сабақтарды жасау қажеттілігі мынадай факторлармен
сипатталады:
- математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен
оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлекметтік талабына сай
болуы;
- компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде
математикаға араласуы, енгізілуі;
- оқушылардың әр түрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп,
соларды тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды
жаңа білім ортасына жылдам енгізеді;
- математикалық түсініктер мен концепцияларды оқып үйренуге қажет жоғары
дейгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компьютерлік
техниканы тұақты қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы, т.б.
Қазіргі кезде компьютер арқылы математиканы оқытудың дайын
теориялық әдістемесі жоқ. Өткен ғасырдың 80 жылдарының ортасында басталған
компьютерлік программалар көмегімен оқыту жұмыстары ойдағыдай нәтиже бере
алмады, өйткені программалық құралдар сапасы төмен болды да, олар бұрынғы
қолданылып келе жатқан технологиялардан асқан нәтиже бере алмады. Оған қоса
ол кездерде компьютерлер де көптеген мектептерде болған жоқ. Сондықтан
балалар да, мұғалімдер де компьютерлерді тұрақты оқу құралы деп санамады.
Кейбір зерттеушілер тіпті сол кщмпьютерді оқу процесіне қолдану
қажеттілігіне үлкен күмәнмен қарады. Қазір де жағдай өзгеріп, мектептегі
математика сабағын компьютер арқылы жүргізудің теориялық негіздерін,
әдістемелерін жасау қажеттілігі туып отыр.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше
өткізу тәсілі бар екені белгілі.
Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдерін атап өтейік:
- оқыту мақсатын анықтау;
- өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектілерін
таңдап алу және оның тиісті құрылымын жасау;
- оқыту тәсілін таңдау;
- сабақты жобалау, яғни оның сценарийін құрастыру;
- сабақты жүргізудің программасын (программалау тілінде) жасау;
- пән мұғаліміне арналған әдістемелік құрал жасау;
- педагогикалық эксперимент;
- оқу процесіне компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу;
Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап
алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады.
Педогогикада оқыту мақсаттарының үш түрі болатыны белгілі, олар: білім
беру, дамыту және тәрбиелеу.
Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде балалар оқу
материалының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін
өсіреді. Бұл мақсат екі топқа бөлінеді:
- оқушылардың білім негіздерін, нақты фактілермен, түсініктермен,
заңдармен, теориялармен таныстыру;
- жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді
қалыптастыру, яғни алынған білімді қолдану тәсілдерін меңгеру.
Дамыту мақсаттары жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттерді дамытудан
тұрады. Бұл мақсаттың да үш тобын атап өтуге болады:
- ойлау аймағына жататын іс-әрекеттерді табысты түрде орындау;
- іздеу әрекеттері;
- кейбір интеграциялық әрекеттерді - әр түрлі мәтіндерді өңдеп есте
сақтау, пайымдау түрлерін игеру;
Тәрбие мақсаттарына жеке тұлғаны өндіріс пен қоғамда қызмет етуге
дайындауға керекті оның рухани және физикалық дамуына тұрақты және
бағытталған түрде әсер ету істері кіреді.
Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі
алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмдерді
құрудан тұрады.

Информатиканың математика, физика, химия пәндерімен пән аралық
байланысы
Жаратылыстану ғылымдарының зерттейтін объектілері өмірдегі нақты
заттар мен құбылыстар. Тек әр ғылым өзіне тиісті саласын қарастырады. Олай
болса, ол ғылымдар арасында сөзсіз байланыс болуы тиіс.
Жаратылыстану – математика цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық
байланысты жүзеге асыру, әсіресе, осы пәндердің мазмұнын жаңарту жағдайында
өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, бұл пәндердің өзара байланысы оқу
материалының мазмұны мен оның өтілу ретін анықтаудағы аса маңызды критерий
болып табылады.
Пәндер арасындағы неғұрлым күрделі, терең байланыстарды тағайындау
олардың ерекшеліктерін мен мүмкіндіктерін көрсетеді.
Компьютердің оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастырып және
дамытуға әсерін айқындау үшін физиканы компьютер көмегімен оқытудағы
альтернативті пікірлерді талдау қажет. Компьютерлік оқыту – компьютерді
кеңінен қолдану негізінде оның сапасы, интенсивтілігін іске асыру арқылы
оқытудың сұрау – түсіндіру – бекіту – үйге тапсырма түрінен өз бетінше
білім алу қажеттілігі мен жолдарына сүйенетін шығармашыл белсеенді, ұтымды
түріне көшуге бағытталған.
ЭЕМ – ді физика сабағында қолдану формаларының төрт деңгейіндегі
классификациясы анықталған:
1. тексеру, ұқсастыру;
2. қалпына келтіру, репродукциялау;
3. типтік жағдайдағы білімді қолдану;
4. ебдейлікті, дағдыны, білімді жаңарту.
Мұндай деңгейлік меңгерту тәсілін пайдалану – оқушылардың қабілетіне
сәйкесті дамуына, әр оқушының өз даму траекториясын табуына, жеке меңгеру
қарқынын қамтамасыз етуге, жалпы алғанда саралап оқытуды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Компьютерді физика сабағында қолданудың ең қажетті, ең маңызды бағыты
– олардың оқушыларға практика жүзінде кез-келген моделін жасап, өз бетінше
ізденіп, ойланып, әректтеніп барып жетістікке жетуіне мүмкіндік туғызатын
дидактикалық бағыт.
Ғылыми – техникалық прогресс өндірістің көптеген салаларының
технологиясына, техникалық жүйелердің құрылымы мен элементтеріне түбегейлі
ықпал етіп қана қойған жоқ, қазіргі өндірістегі ЭЕМ қызметі мен еңбек
адамының рөлін барынша өзгертті. Ғылыми – техникалық прогрестің бұл
үрдісінде, политехникалық білім беру ұстанымын жүзеге асыруда ескеру қажет.
Сондықтан, ЭЕМ мүмкіндіктерін және қолдану шарттарын объективті түрде оқып-
үйренуге, компьютерлік техниканы пайдалану негізінде жаңа оқыту
технологиясын жасауға бағытталған тәсіл бізге неғұрлым шынайы әрі
практикалық мәнді болып көрінеді.
Физика курсын оқыту үрдісінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктеріне
талдау жасар алдында В.Г.Разумовскийдің қазіргі уақытта педагогика ғылымы
алдында тұрған маңызды міндеттер ішінен студенттерді оқытуда компьютерді
қолдану әдістемесін жасау міндеті ерекшеленеді деген сөзіне
жүгінеміз.Оқытудың компьютерлік құралдарының физика курсындағы қызметіне
негіз болатын, компьютерді неғұрлым мақсатты түрде қолдану жолдары бұл
әдістемеде маңызды орын алуы тиіс. Оның бір нұсқасын мысалға келтірейік.
Диагностика. Бұл - студенттердің оқу материалын игеру сапасын
диагностикалық тестілеуге компьютерді пайдалану нұсқасы. Бұл жағдайда
есептегіш техниканың мүмкіндіктері: студенттердің бастапқы білім деңгейін
анықтауға; бұрын өтілген материалдан қалған білімді айқындауға; оқу
барысында меңгеру дәрежесін аралық бақылауға пайдаланылады.
Оқыту режимі. Бұл жағдайда студенттердің жаңа тақырыпты меңгеруі оқу
материалының белгілі бір бөліктерін сабақтастыра ұғыну арқылы жүзеге асады.

Компьютерлік оқыту жағдайында физика курсынан өтілген тақырыпты
бекітуге арналған есептерді шығару кезінде қарапайым білік пен дағдыны
қалыптастыру. Физика курсын оқытуда компьютерді есептеу құралы ретінде
қолдану мұнай-газ өндірісіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканың жаратылыстану ғылымдары арасындағы алатын орнын анықтау
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Информатика және этика
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Информатика негізі
Пәндер