Идеология және билік



Жоспар

1. Идеология . идеялар мен теориялар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясы . Қазақстанның тәуелсіздігі мен экономикалық саяси қуатын арттырушы фактор ... ... ..4
3. Қазақстан мемлекеті идеологиясының принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4. Қазақстан Республикасы идеологиясын қалыптастыратын
субъектілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1. Идеология – идеялар мен теориялар жүйесі

Идеология дегеніміз қоғамдағы экономикалық қатынастарды белгілі әлеуметтік таптың тұрғысынан бейнелейтін идеялар мен теориялардың жүйесі. Идеологияға саяси ілімдер, құқықтық көзқарастар, адамгершілік принциптері, эстетикалық және философиялық көзқарастар, діни идеялар жатады.
Идеологияның ерекшелігі – ол қоғамдық таптар мен әлеуметтік топтар мүдделерінің бір жүйеге келтірілген және теориялық жағынан қорытылған бейнесі болып табылады. Сондықтан ол стихиялық түрде өздігінше қалыптаса алмайды, оны сол таптың идеологтары жасап шығарады.
Қоғамның антогонистік таптарға жіктеліп, адамды адамның қанауынынң шығуы қоғамның саяси құрылысын, саясатты және таптар арасында саяси қатынастырды тудырады. Саясат дегеніміз таптар, ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастыарды, сондай-ақ таптардың өкімет билігі үшін жүргізетін күресін қамтитын қатынастар саласы.
«Идеологияны» мәтін ретінде ең алғаш XVIII ғасырда француз ғалымы Антуанет Десткент Граси қолданған.
Саясат – билік пен басқарудың жолдары болса, идеология – саясаттың мән-мағынасын халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет атқарады. Идеология саясаттың мақсат-міндетерін насихаттайды, ұғындырады және уағыздайды. Бірақ идеологияның қоршаған орта туралы көзқарастар, идеалдар мен білімдер жүйесі жөнінен біршама өзіндік саясаттан тәуелсіз сипаты да бар.
Қолданылған әдебиеттер

1. Н. Назарбаев. «Тарих толқынында». Алматы, 1996 ж., 66, 76 беттер.
2. Әбсәлімұлы Т. Ұлттық идея// «Қазақстан-Заман», 2007, 12-қаңтар, 17 б.
3. Борбасов С. Бүгінгі идеологияның міндеті не? // «Қазақ әдебиеті», 2002, 10-мамыр, 9 бет.
4. Нұрмағанбетов Б. Қазақстандық идеология қандай болуы қажет? // «Қазақ тарихы», 1999, №3, 10-13 бет.
5. Сапарғалиев Ғ. Қазақстанның бірыңғай мемлекет ретіндегі идеологияның мәселелері.// «Ақиқат», 1999, № 9, 3-11 бет.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Идеология – идеялар мен теориялар жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясы - Қазақстанның
тәуелсіздігі мен экономикалық саяси қуатын арттырушы фактор ... ... ..4
3. Қазақстан мемлекеті идеологиясының
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4. Қазақстан Республикасы идеологиясын қалыптастыратын
субъектілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .15

1. Идеология – идеялар мен теориялар жүйесі

Идеология дегеніміз қоғамдағы экономикалық қатынастарды белгілі
әлеуметтік таптың тұрғысынан бейнелейтін идеялар мен теориялардың жүйесі.
Идеологияға саяси ілімдер, құқықтық көзқарастар, адамгершілік принциптері,
эстетикалық және философиялық көзқарастар, діни идеялар жатады.
Идеологияның ерекшелігі – ол қоғамдық таптар мен әлеуметтік топтар
мүдделерінің бір жүйеге келтірілген және теориялық жағынан қорытылған
бейнесі болып табылады. Сондықтан ол стихиялық түрде өздігінше қалыптаса
алмайды, оны сол таптың идеологтары жасап шығарады.
Қоғамның антогонистік таптарға жіктеліп, адамды адамның қанауынынң
шығуы қоғамның саяси құрылысын, саясатты және таптар арасында саяси
қатынастырды тудырады. Саясат дегеніміз таптар, ұлттар және мемлекеттер
арасындағы қатынастыарды, сондай-ақ таптардың өкімет билігі үшін жүргізетін
күресін қамтитын қатынастар саласы.
Идеологияны мәтін ретінде ең алғаш XVIII ғасырда француз ғалымы
Антуанет Десткент Граси қолданған.
Саясат – билік пен басқарудың жолдары болса, идеология – саясаттың
мән-мағынасын халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет атқарады. Идеология
саясаттың мақсат-міндетерін насихаттайды, ұғындырады және уағыздайды. Бірақ
идеологияның қоршаған орта туралы көзқарастар, идеалдар мен білімдер жүйесі
жөнінен біршама өзіндік саясаттан тәуелсіз сипаты да бар.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясы - Қазақстанның
тәуелсіздігі мен экономикалық саяси қуатын арттырушы фактор

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында идеология
жөнінде қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология деп
мойындалмайды, деген бір жол бар. Мұндай тұжырым нақты да, негіздірек болып
табылады. Өйткені идеология әлдебір абстрактілі нәрсе емес. Ол белгілі бір
адамдар тобының көзқарасы мен идеясын білдіріп қана қоймай, түрлі
идеологиялық бағыттағы тиісті ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне арқау
болады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы идеология
жөнінде Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандық
мойындалады делінген. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының екі Конституциясы
да мемлекеттік идеологияның болу мүмкіндігін жоққа шығармай, тек бәз бір
идеологияның ғана мемлекеттік деп танылмайтынын ескертеді. Мемлекеттік
идеология түрлі идеологиялардың жиынтық қоспасын қамтып көрсетуі де
мүмкін, тек олар Қазақстан мемлекетінің табиғаты мен түпкі мәніне қайшы
келмесе болғаны.
Н.Ә. Назарбаев былай деп жазады: Әңгіме арныға түскен бір
идеологиядан бас тартуда болып отыр. Мұның өзі – конституциялық принцип.
Бүгінде бәз ьір біртұтас әрі қатал идеологияны қайта түрлету қажеттігі
туралы сөз қылғанда ойды ірікпей ақырына дейін айту керек. Демек, жазалайшы
саяси цензура енгізу керек екен, онда бұқаралық ақпарат құралдарының
өркендеуін тоқтату қажет, яғни бұл – суреткердің үстінен саяси қарауыл
қайта шыға келді деген сөз. Ғасыр тарихында біздің мемлекет тұңғыш рет
шығармашылық үрдіске қысым жасаудың кез келген түрінен бас тартып отыр (Н.
Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы, 1996ж., 66 бет). Бұл Н. Назарбаев
жалпы мемлекеттік идеологияға қарсы шығып отыр деген пікір білдірмейді.
Н.Ә. Назарбаевтың тағы да мынадай сөзі бар: Біздің халқымыз үшін
бірігудің бастау көзі қашанда мемлекет идеясы болған. Осылай дей келе, ол
қазақтар мемлекеттің қалыптасқан екі тұрпатын білгеніне тоқалады:
біріншісі – басым бөлігі көшпелі мемлекет, ол қазақ халқы пайда болғаннан
басталып, ол Ресей империясына ену барысында жойылған; екіншісі – кеңес
мемлекеттігі. Енді Қазақстан халқының қолда бар жетістіктер негізінде
келешек ХХІ ғасырдың мәтінідегі тың ұрпатты мемлекеттік қалыптастырудың
шынайы перспективалары бар (Сонда. 76 бет). Мемлекет идеясы, мәтіндегі
мемлекеттік деген сөзлердің мемлекеттік идеология ұғымымен астасып жатқан
терең мәні бар.
Мемлекеттік идеологияның басты мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі мен
экономикалық саяси қуатын арттыруға қызмет ету. Идеологиялық міндеттерді
шешуге қатысы бар рухани салалар: бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз,
білім беру жүйесі, өнер, әдебиет, көрнекі насихат, интернет. Қазақстан
қоғамындағы стратегиялық саяси міндеттерді шешуге бөгет болатын қандай да
болмасын күштерді, құбылыстарды, дағдарыстарды идеология талдап, түсіндіріп
және оларды жеңу жолдарын көрсетуге міндетті. Идеологияның жолдарының бірі
- әлеуметтік оптимизм. Ол – ел келешегіне деген сенім. Адамдар мемлекет пен
қоғам болашағына сенімді болғанда ғана ол мемлекет қуатты болады. Сенім –
батыл қимылдар, жаңашылдық жанпидалық, еңбек пен отаншылдық кепілі.
Идеологияның болмысты көрсетіп, баға беретінінде шек жоқ. Алайда,
қоғамдық өмірді тек қана әлеуметтік қатынастырға саюға болмайды. Қоғам
өмірі экономикалық, әлеуметтік, рухани және саяси салалардан тұрады.
Сондықтан да идеологияда бұл салалардың қарым-қатынасы өз көрінісін табуға
тиіс. Идеология болмысты дұрыс не бұрыс көрсетіп қана қоймай, оған баға да
береді. Ол түрлі әлеуметтік топтардың көзқарасын танытатын әр алуан
идеология тқрғысынан бағаланады. Әрбір әлеуметтік топ (топтар, ұлттар,
діндарлар, т.б.) қоғамдық болмысқа өз мүддесі тұрғысынан баға береді.
Қоғамдағы идеологиялық әр алуандықтың қайнар көзі осы болып табылады.
Сонымен мемлекеттік идеология дегеніміз, белгілі бір әлеуметтік
топтардың немесе күллі қоғамның мүддесі үшін қоғамдық өмірді қамтып
көрсететін, бағасын беретін, оны қайта құрудың құралы ретінде қызмет
ететін идеология.
Қазақстан мемлекеті тұрпаты жөнінен бірыңғай құрылым саналғанымен
халқының құрамы жағынан көпұлтты ел болып табылады. Мұның мемлекеттік
идеологияның ерекшеліктерін, оның принциптерін, негізгі қағидаларын
қалыптастыратын тұлғаларын, міндеттерін, тағы басқаларын айқындау үшін
тарихи мәні мен маңызы зор.
Мемлекеттік құқықтық актілерде қазақ ұлты, ұлттық топтар, халық
деген ұғымдар жиі қолданылады. Осы арқылы Қазақстан аумағында бір ғана ұлт
– осында ежелден өмір сүріп келе жатқан қазақ ұлты қоныстанған деген жәйт
ресми мойындалады. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясыеың өзінде де
танылған. Сонымен бірге осынау өңірде өткен әр алуан тарихи оқиғалардың
салдарынан бұл жерге әртүрлі ұлтардың өкілдері де келіп ірге тепкен. Олар
дербес ұлт құрай алмайды, өйткені, бағзыдан бері тұратын жері жоқ және
бірыңғай орналаспай, шашырай қоныстанған. Оның үстіне этникалық
қауымдастығы да жоқ. Оларды ресми ұлттық топтар деп атайды. Біраз
жағдайда бұл да шартты атау. Соған қарамастан мұндай атаулардың мемлекеттік
идеология қалыптастыру үшін маңызы бар. Ал ондай идеология ұлттық тегіне
қарамай күллі адамдардың мүддесін ескеругше тиіс. Қазақ ұлты, онымен бірге
өмір сүріп отырған өзге де ұлтық топтар, тұтас алғанда, Қазақстан халқын
құрайды. Қазақстан халқы деген ұғым бірден-ақ сіңісіп кетті. Қазақстан
Республикасы Конституциясының кіріспесінде оны Қазақстан халқы
қабылдағаны атап айтылады. Конституцияда: мемлекеттік биліктің бірден-бір
көзі халық болып табылады деп жазылған.
Олай болса, мемлекеттік идеология қазақ ұлтының, күллі ұлттық
топтардың, тұтас алғанда, Қазақстан халқының мүддесі тұрғысынан берілер
баға болуға тиіс. Мемлекеттік идеология қоғамды қазақ ұлтының, күллі
ұлттық топтардың, тұтас алғанда Қазақстан халқының мүддесі тұрғысынан қайта
құрудың құралы болуы шарт. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
идеологияның әлеуметтік мәні осында.

3.Қазақстан мемлекеті идеологиясының принциптері

Принцип дегеніміз – арнасында мемлекеттік идеология өалыптасатын
идеялық бастау. Мемлекеттік идеологияның принциптерін, біріншіден, ресми
көздерге сүйеніп, екіншіден, мемлекеттік органдардың ұйымдасуы мен қызмет
тәжірибесін қорытындылап, мемлекеттік бағдарламаларды зерделеп, үшіншіден,
қоғамдық-саяси институттардың бағдарламалық құжаттары мен қызметін талдап
барып жасауға болады.
Ресми көздерге:
1) халықтың мемлекеттік органдарды сайлауға, республикалық референдумға
қатысуынан көрінетін қарекет-қимылы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да нормативтік-құқықтық
актілері;
3) Президенттің халыққа жолдаулары жатады.
Мемлекет, оның органдары белгілі бір идеялық алғышарттарға сүйене
отыра құрылып, өз қызметін соған сәйкес жүргізеді. Мемлекет өз саясатын
қиял сауып, қайдағы бір құр құлшыныстан шығарып жүргізбейді. Және мұндай
жағдай бірде-бір мемлекетте болмайды. Кез келген мемлекет өз саясатын
белгілі бір идеяларға идеялық принциптерге сүйене отырып жүзеге асырады. Ол
идеялар мемлекеттік бағдарламаларда жасақталып, мемлекеттік органдардың
нақты іс-қимылынан көрінеді. Мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда
қоғамдық-саяси институттар (саяси партиялар мен қозғалыстар, кәсіподақтар,
үкіметті емес басқа да бірлестіктер (тек діни мес)) айрықша рөл атқарады.
Мемлекеттік идиология принциптеріне:
- мемлекеттік идеогияның таптық сипатын мойындамау;
- мемлекеттік идеологияның қоғамдық сипаты;
- мемлекеттік идеологияның сабақтастық принципі;
- заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің құқық идеясына
сәйкес келуі принципі;
- мемлекеттік идеологияның ашықтық принципі;
- мемлекеттік идеологияның зайырлылық, әлеуметтік жікшілдікке қарсы
принципі жатады.
1) Мемлекеттік идеогияның таптық сипатын мойындамау. Мұның өзі
тәуелсіз, егемен Қазақстанның алғашқы заң актілерінде-ақ көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңында Қазақ КСР
Конституциясының Қазақ соалистік мемлекеті жұмысшылардың, шаруалар мен
интеллегенцияның, республиканың барлық ұлт еңбекшілерінің ерік-жігері мен
мүддесін білдіреді деген қағидасынан бас тартты. Конституциялық Заң
таптық принциптің орнына жеке адамның құқығы мен бостандығының артықшылығын
таптық тегіне қарамай тану қажеттігін жариялады. Қазақстан Респудликасының
1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары да мемлекеттік идеологияның
негізі ретіндегі таптық идеологиядан бас тартты. Мемлекеттің ең жоғары
құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы деп танылды.
2. Мемлекеттің идеологияның қоғамдық сипаты. Қазақстан мемлекеті
идеологиясының таптық принципті қабылдамауы Қазақстан қоғамында таптардың
барын жоққа шығару емес. Нарықтық қатынастарға көшу және өндіріс
құралдарына жекеменшік болуына жол беру қоғамның бір-бірінен мүлік жағдайы
жағынан да, әл-ауқаты жағынан да дараланатын әр алуан тарабын
қалыптастырары сөзсіз. Қазірдің өзінле-ақ байлар мен орташалар, кедейлер
деп айқындала бастады. Олар әр түрлі мүліктік жағдайы қоғамдық болмысқа
деген әркелкі көзқарасын қалыптастарып, идеялар туындатады. Олар қоғамда
болып жатқан экономикалық, саяси және басқа оқиғаларға да өз өзесі
тұрғысынан түрліше қарап, оларды өз мүддесіне орай қайта құру идеясын
ұсынады. Мұның бір мысалы – түрлі саяси-идеялық принциптер мен ағымдарды
ұстанатын саяси партиялардың бой көтеруі.
Осының өзінде де түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері түйісетін ортақ
мәселелерге келгенде идеялық бағыты тұтасып кетуі ықтимал. Өйткені, бәрі де
бір елде, бір шаңырақ астында өмір сүріп отыр. Түрлі таптарға деген
мемлекеттің көзқарасы оның әлеуметтік мемлекет және мүліктік жағдайына
қарамай барлық азаматтардың тең құқығы идеясынан-ақ көрінеді. Әлеуметтік
мемлекет теориясына сәйкес мұндай мемлекеттің үш үлгісі жұмыс істеп келеді.
1. Жағымды мемлекет үлгісі. Онда әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жеке
пейіл мен бірлескен мүддені қорғауға негізделген. 2. Әлеуметтік мемлекет
үлгісі. Онда жұмыспен толық қамту саясаты іске асырылып, күнкөріс деңгейі
қамтамасыз етіледі және өмірдің бар саласында тең мүмкіндік туғызылады. 3.
Жалпыға ортақ береке мемлекетінің үлгісі. Онда жеке меншіктің қорғалуына
және еңбекке жарамды халықтың жұмыспен толық қамтамасыз етілуіне кепілдік
беріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын зерделеу оның біздің елде
жалпыға ортақ береке болатын әлеуметтік мемлекет жасау бағдар тұтылып
отырғанына кепілдік береді деген ой түюге арна ашады. Қазақстан
Республикасының Конституциясына орай Республика қызметінің арналы
принциптерінің бірі – күллі халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту (2-
бап). Осынау принцип мемлекеттің экономиканы тұрғындардың бәзбір тобы
емес, көпұлтты халықтың барлық тарабының игілігі үшін өркендетуге ықпал
етіп отырғанын айшықтап көрсетеді. Бұл принцип мемлекеттің экономикалық
қызметінің идеялық арқауы болуға тиіс. Аталмыш принципке мемлекеттің,
қоғамның экономикалық дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге жалпыға ортақ
игілікті қамтамасыз ету үшін де жауапкершілік идеясы өзек болған. Осы
принциптен келіп экономиканың мемлекеттік секторына тікелей басшылық етіп,
оның қатынастарын жан-жақты реттеп отыру және жекеменшік экономикалық
қатынастарды біртіндеп бір арныға салу идеясы туындайды. Мемлекет өз
меншігін қоғам мүддесі үшін пайдалануға тиіс және жеке меншікті ортақ
мүддеге қарсы пайдалануға жол бермеуге міндетті. Сондықтан да
Конституцияда меншіктің қоғамдық игілікке қызмет ету идеясы тұжырымдалуы
тегін емес (6-бап).
3. Мемлекеттік идеологияның сабақтастық принципі. Қазақстан тәуелсіз
мемлекеті Кеңес социалистік мемлекетінің қираған жұртынан бой көтерді. Ал
ол мемлекеттің маркстік-лениндік таптық идеологияға негізделгені белгілі.
Тегі социалистік емес мемлекеттер ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Олар да
идеялар мен теорияларға, тұжырымдамаларға арқа сүйейді, бірақ таптық
принциптерді уағыздамайды. Қазақстан мемлекеті болса, кеңес өкіметі
кезінде кері серпіп тасталған идеяларды қабылдай бастады. Олар мемлекет
ұйымының идеялық негізінен д, қызмет ауанынан да көрініп отыр. Ең алдымен,
бұл – мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот деп тармақтарға
бөлу теориясы. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеті туралы
канституциялық Заң 1991 жылы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және
сот тармақтарына бөліну принципіне негізделіп құрылады деп жариялады.
Биліктің бұл үш тармағы кеңес мемлекеті тұсында да болды. Бірақ олар
мемлекеттік биліктің біртұтастығы принципіне сүйенді. Қазақ КСР Жағарғы
Кеңесі заңдар ғана қабылдап қоймай, сонымен бірге үкіметті де құрды. Бұл
үш тармақтың үшеуі де идеологиясы ресми Коммунистік партияға бағынды.
Қазақстан мемлекеті идеологиясының бір бөлігі құқықтық мемлекеттің
идеологиясы болды. Ал Коммунистік партия түп-түгел буржуазиялық деген
желеумен құқықтық мемлекет идеясын жалпы қабылдаған жоқ.
Құқықтық мемлекет теориясы озық идея болып табылады. Оны імке асыру
әділеттіктің, тәртіп пен заңдылықтың орнығуына ықпал етеді. Құқықтық
мемлекет құруға бел буу Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеті туралы
Кнституциялық Заңда жарияланып, 1993 және 1995 жылдардағы
Конституцияларда пысықтала түсті. Қазақстан Республикасының өзін құқықтық
мемлекет ретінде ьекіте беретіні республиканың 1995 жылғы Конституциясында
атап айтылуында мән бар. Бұ құқықтық мемлекеттің, қай кезде, қанша
мерзімде құрылып бітетін тарихи шеңберін айқындамайды. Демек, құқықтық
мемлекет құру идеясы ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасы мемлекеттік
идеологиясының бір бөлігі болып қала береді. Оның үстіне Қазақстан
мемлекеті басқарудың президенттік-парламентік жүйесі, Конституцияны
қорғау, Парламенттің қос палаталы құрылымы, мажоритарлық және тепе-тең
сайлау жүйесі тағы басқа да идеяларды қабылдады.
Арналы идея ретінде адамның табиғи құқығы идеясы алынды. ҚР
Конституциясында адмдардың құқығы мен бостандығы оларға туғаннан тиесілі
екеніжазылып, заңдардың және басқа құқықтық құжаттардың мазмұны мен
қолданылу ауқымы айқындалған. Бұл арада адамның құқығы мен бостандығы
идеясы құқық жасау үрдісіне арқау болуы қажеттігі тікелей айтылады.
Жоғарыда атап көрсетілген идеялар мен теориялар, тұжырымдамалар
Батыстан келді. Батыс мемлекеттерінде туындаған идеялар мен теорияларды,
тұжырымдамаларды қабыл алудан Қазақстан мемлекетінің идеологиясы бастан-аяқ
соларға негізділіп, көшірмесі болып отыр деген пікір тімасқа керек.
Қазақстан – евразиялық ел, оның төл тарихы, өз болашағы бар. Сондықтан
Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы ешкімдікіне де ұқсамайды, ұқсауға тиіс
те емес. Ол алдағы уақытта да озық, сындарлы мемлекеттік идеяларды
қабылдап, жүйелі дамудың кәдесіне асыра беретіні сөзсіз.
4. Заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің құқық идеясына
сәйкес келу принципі. Құқықтық басты идея - әділеттілік. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Идея және идеология ұғымдарының мәні
Саяси идеологиялар
Саяси мәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны
Қазақстандағы ұлттық идеология мәселелері
«Едігелік» идеологиясының мәні
Қазіргі кезеңде саяси өмірдегі идеологияның ролі
Демократияның антикалық теориясы
Саясаттанудан емтихан сұрақтары
Саяси сана және саяси идеология
Саяси идеология түрлері
Пәндер