Италия



Ауданы – 301,2 мың км. кв.
Халқы – 57,4 млн. адам (1996 ж.)
ЖІӨ - 1,1 трлн.долл. (1996 ж.)
Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 19,2 мың. долл. (1997 ж.)

Италия - әлемнің ірі мемлекеттерінің жетілігіне кіретін, жоғары дамыған капиталистік ел. Онда табиғаттың көптеген ерекшеліктері, шаруашылық пен өмірдің жағдайлары, сонымен қатар белгілі екі және ірі географиялық аудандардың, яғни Батыс Еуропа мен Жерортатеңіздің экономикалық және әлеуметтік мәселелері үйлесіп келеді.
Әлем мәдениетіне көп үлес қосқан, бай тарихы бар бұл елді «еуропалық өркениеттің бесігі» деп атайды. Бұл территорияда адамзат іс - әрекетінің үздіксіз дамуы тек бірмыңжылдықты ғана қамтымайды. «Еуропалық өркениеттің жас шағындағы» уақытынан, яғни Қайта өрлеу кезеңінен бастап Италия әлем мәдениетіне терең із қалдырды.
Географиялық және геосаяси жағдайы. Италия Жерорта теңізіндегі Апеннин түбегін толығымен алып жатыр, оған солтүтігінен материктің бір бөлігі - Падан жазығы, Альпі таулары, сонымен қатар ірі Сицилия мен Сардиния аралдары және бірнеше шағын архипелагтар мен аралдар шектеседі. Құралған 20 тарихи италияндық облыстары 104 првинцияларға бөлінеді. Өзіндік этникалық пен тарихи - мәдени ерекшеліктерінің күштеріне және перифериялық жағдайына байланысты бұл облыстар қатары (Валле - д Аоста, Трентино - Альто - Адидже, Фриули - Венеция - Джулия, Сицилия және Сардиния) автономияның құқықтарын пайдаланады.
Италияның ең ұсақ әкімшілік бірлігі - коммуна, олардың саны 8 мыңнан астам. Италияның астанасы - Рим. Оның территориясына екі дербес микромемлекет енеді - Ватикан және Сан - Марино.
Италия - теңіз жағалауындағы ел: оның жағалық сызығы 7500 км созылып жатыр. Жерорта теңізі мен оның жеке бөліктері: Тиррен, Лигурия, Адриат және Ион теңіздері Италияның өмірінде маңызды роль атқарады. Елдің ең «континенттік» пункті - Альпідегі Силуга асулары - ол теңізден тек 230 км - ге аластап жатыр. Апеннин түбегінің ішкі аудандарына қарағанда, Италияның теңіздік жағалаулары тығыз қоныстанған, әрі экономикасы жақсырақ дамыған.
Жерорта теңізінің орталық бөлігіндегі Италияның жағдайы, яғни Батыс және Шығыс аралығындағы сауда жолдарының торабы барлық заманда да маңызды болды. XX ғ. таяушығыстан Батыс Еуропаға әкетілетін жолдарындағы жағадайы елдің экономикасы үшін маңызды болды. НАТО - ң саяси және әскери жүйесінде Жерорта теңізінің орталығындағы Италияның стратегиялық жағдайы оның маңызды бөлігін алады.
Халқы. Италияның халқы 57,4 млн. адамда құрайды (1996 ж.). Ел тұрғындарының көбі - италияндықтар (98%). Бұдан басқа, Италияның

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Италия.

Ауданы – 301,2 мың км. кв.
Халқы – 57,4 млн. адам (1996 ж.)
ЖІӨ - 1,1 трлн.долл. (1996 ж.)
Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 19,2 мың. долл. (1997 ж.)

Италия - әлемнің ірі мемлекеттерінің жетілігіне кіретін, жоғары
дамыған капиталистік ел. Онда табиғаттың көптеген ерекшеліктері, шаруашылық
пен өмірдің жағдайлары, сонымен қатар белгілі екі және ірі географиялық
аудандардың, яғни Батыс Еуропа мен Жерортатеңіздің экономикалық және
әлеуметтік мәселелері үйлесіп келеді.
Әлем мәдениетіне көп үлес қосқан, бай тарихы бар бұл елді еуропалық
өркениеттің бесігі деп атайды. Бұл территорияда адамзат іс - әрекетінің
үздіксіз дамуы тек бірмыңжылдықты ғана қамтымайды. Еуропалық өркениеттің
жас шағындағы уақытынан, яғни Қайта өрлеу кезеңінен бастап Италия әлем
мәдениетіне терең із қалдырды.
Географиялық және геосаяси жағдайы. Италия Жерорта теңізіндегі
Апеннин түбегін толығымен алып жатыр, оған солтүтігінен материктің бір
бөлігі - Падан жазығы, Альпі таулары, сонымен қатар ірі Сицилия мен
Сардиния аралдары және бірнеше шағын архипелагтар мен аралдар шектеседі.
Құралған 20 тарихи италияндық облыстары 104 првинцияларға бөлінеді. Өзіндік
этникалық пен тарихи - мәдени ерекшеліктерінің күштеріне және перифериялық
жағдайына байланысты бұл облыстар қатары (Валле - д Аоста, Трентино - Альто
- Адидже, Фриули - Венеция - Джулия, Сицилия және Сардиния) автономияның
құқықтарын пайдаланады.
Италияның ең ұсақ әкімшілік бірлігі - коммуна, олардың саны 8 мыңнан
астам. Италияның астанасы - Рим. Оның территориясына екі дербес
микромемлекет енеді - Ватикан және Сан - Марино.
Италия - теңіз жағалауындағы ел: оның жағалық сызығы 7500 км созылып
жатыр. Жерорта теңізі мен оның жеке бөліктері: Тиррен, Лигурия, Адриат және
Ион теңіздері Италияның өмірінде маңызды роль атқарады. Елдің ең
континенттік пункті - Альпідегі Силуга асулары - ол теңізден тек 230 км -
ге аластап жатыр. Апеннин түбегінің ішкі аудандарына қарағанда, Италияның
теңіздік жағалаулары тығыз қоныстанған, әрі экономикасы жақсырақ дамыған.
Жерорта теңізінің орталық бөлігіндегі Италияның жағдайы, яғни Батыс
және Шығыс аралығындағы сауда жолдарының торабы барлық заманда да маңызды
болды. XX ғ. таяушығыстан Батыс Еуропаға әкетілетін жолдарындағы жағадайы
елдің экономикасы үшін маңызды болды. НАТО - ң саяси және әскери жүйесінде
Жерорта теңізінің орталығындағы Италияның стратегиялық жағдайы оның маңызды
бөлігін алады.
Халқы. Италияның халқы 57,4 млн. адамда құрайды (1996 ж.). Ел
тұрғындарының көбі - италияндықтар (98%). Бұдан басқа, Италияның
территориясында словян, хорват, албан, грек және басқа компактілі топтар
қоныстанған. Италиян тілі үндіеуропалық тілдердің роман тобына жатады.
Бүгінгі күнге дейін елдің әртүрлі аймақтарында қолданылатын италиан тілінің
30 астам диалектісі сақталынған. Италияндық әдеби тілінің негізіне тоскан
диалектісі жатады.
Италияда дінге сенушілердің көбі - католиктер. Әсіресе солтүстік
аудандағы тұрғындардың арасында атеистердің көп болғанына қарамастан,
шіркеу барлық қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізеді. Италия астанасының дәл
орталығында Ватикан мемлекеті орналасқан, ол - әлемдік католик шіркеуінің
орталығы және оның басшысы Рим Папасының резиденциясы.
Италия - Еуропаның аса тығыз қоныстанған елдерінің бірі (1 шаршы км.-
ге 190 адам). Экономикасы біршама жақсы дамыған және табиғи жағдайы
қолайлы болып келетін Ломбардия, Лигурия, Кампания аудандарда халық тығыз
шоғырланған. Таулы аудандарда (Валле - д Аоста, Трентино - Альто - Адидже),
сонымен қатар Сардиния мен Базиликате аралдарында халық аз қоныстанған.
Басқа дамыған елдерде сияқты, Италияда соңғы он жылдықта халықтың
тууы мен табиғи өсімі төмендеуде. Экономикалық белсенді халық 22,8 млн.
адам есептелінген, оның ішінде 12% жұмыссыздар немесе алғашқы жұмысты
іздеуші жастар құрайды.
Италия көптеген он жылдықтар ішінде классикалық эмиграциясының елі
болды. Бірыңғай италияндық мемлекеттің өмір сүру уақыты аралығында 20 млн.
- нан астам италияндықтар АҚШ, Аргентина, Австралия және басқа елдерге
эмиграциялады. Бірақ 1973 ж. бастап эмиграция маңызды қысқарып, қазір
иммиграция мен репатриацияға орын берді. Сонымен қатар, қазіргі таңда
Италияның өзі шетелдік жұмысшылардың еңбегін пайдалануда. Тек заңды
иммигранттардың саны 1,1 млн. асты, олар негізінен Солтүстік Африка мен
Шығыс Еуропа елдерінен келгендер. Біршама жағдайы нашар елдерден (бұрынғы
Югославия, Албания және т.б.) келген заңсыз иммигранттар соңғы жылдары
ауқымды әлеуметтік мәселелерді тудырып отыр.
Италия халқының шамамен 67% - қала тұрғындары. Ірі агломерациялары -
Милан (3,8 млн. адам), Рим (3,1 млн. адам) және Неаполь (3,1 млн. адам).
Солтүстік және Орталық Италияға кіші қалалар жүйесі тән (бірден отыз мың
тұрғынға дейін). Бүкіл қалалардың 13 жағалауларда, көбінесе өзен
сағаларында орналасқан. Транспорттық жүйелердің қиылысқан, сонымен қатар
ауқымды тау аңғарларынан жазыққа шыққан жерлерінде аса ірі орталықтар
қалыптасқан. Аппенин тау бөктерінің солтүстігі бойындағы қалалар тізбегі
мынадай: Римини - Болонья - Пьяченцадан Брешиге дейін; Альпі тау
бөктерінің (Брешия - Верона - Виченца - Монфальконе), Тиррен (Францияның
шекарасынан Арно өзенінің сағасына дейін), Адриат (Марке және Абруцци
аудандары), сонымен қатар Кампани жағалауларының бойымен орналасқан.
Оңтүстіктің жазық бөліктерінде (мысалы, Апулияда), Сицилияның оңтүстігі мен
шығысында шаруашылық қалалар шоғырланған.
Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Италия - жоғары дамыған өндірісі
бар ел, ол оның экономикасы мен әртүрлі салалардың негізін құрайды. Жан
басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Италия Ұлыбританиядан біршама алда, бірақ
Германия, Франция және кішігірім бай еуропалық елдерінен кейінгі орынды
алып отыр. Қазіргі күнге дейін Оңтүстіктегі шешілмеген мәселелері, сонымен
қатар елдің әртүрлі бөліктеріндегі экономикасы біркелкі дамымаған
мәселелері Италияны артқа тартуда. Оның экономикасының көтеруіне байланысты
құрылған мемлекеттік және жеке бағдарламалардың көптігіне қарамастан,
Оңтүстік негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері бойынша
Солтүстік пен Орталықтан біршама артта қалып отыр. Экономикалық белсенді
халқының 60% - нан астамы қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді, бірақ
оның шаруашылығында жетекші орынды өнеркәсіп алып отыр.
Фиат, Монтэдисон, Пирелли және басқа сол сияқты ірі
монополиялардың қолдарында Италия өнеркәсібінің маңызды бөлігі шоғырланған.
Елде, көбінесе жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, тұрмыстық электротехникалық
өндірісіне, өнеркәсіптік құралдар мен станоктардың кейбір түрлеріне
маманданған көптеген орта, шағын және ұсақ фирмалар бар. 1970 ж. күрделі
дағдарыстан кейін италия экономикасының құлдырап кетпеуіне шағын
кәсіпорындар көмек көрсетті.
Италия - мемлекеттің белсенді экономикалық ролінің және экономикада
мемлекеттік сектордың үлкен ауқымдылығымен ерекшеленеді. Маманданған
мемлекеттік органдар (ИРИ, ЭНИ холдингтері және т.б.) акционерлік қоғамға
қатысады. Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес көптеген ірі өнеркәсіптік
кәсіпорындар құрылды. Мемлекет елдің ірі кәсіпкеріне айналды.
Өніруші өнеркәсібі жоғары емес: пайдалы қазбалары алуан түрлі, бірақ
өнеркәсіптік қорлар шамалы қалды. Көптеген кен орындарының бұрыннан
игерілуіне байланысты, олардың сарқылуына әкелді. Мысалы, біздің эрамызға
дейінгі ғасырларда Эльба аралында темір рудаларын игерген, бірақ оның
өндірілуі тек 1982 ж. ғана тоқтатылды. Италия қорғасын - мырыш пен басқа
полиметалл рудаларына бай, өйткені ол Тоскани, Сардиния аралы және Альпінің
солтүстік - шығысында қола дәуірінен бастап әлі күнге дейін өндірілуде.
Бокситтердің кен орындары маңызды көлемде сарқылды: оның игерілуі 1982 ж.
26 мың т.- дан 1995 ж. 11 мың т. - ға дейін қысқарды. Экологиялық
қауіпсіздіктің түсініктеріне байланысты Тосканидегі сынаптың бай кен
орындарының игерілуі 20 жыл бұрын тоқтатылды. 1986 ж. күкірттің өндірілуі
толығымен тоқтатылды. Сицилияда әлі күнге дейін калий мен тас тұзын және
асфальтты өндіруде. Құрылыс материалдардың (мрамор, гранит, туф, травертина
және цемент өнеркәсібіне қажетті шикізат) қоры сарқылмайтын болып келеді.
Шынымен де, Италия энергетикалық шикізатқа кедей: ол тұтынатын
энергияның тек 15% ғана өзіндік шикізат қоры арқасында алса, ал қалғанын -
импорттық мұнайдан өндіреді. Сондықтан Падан жазығындағы, Адриат жағалауы
мен таяу Сицилия аралындағы мұнай мен газдың шағын кен орындары ел үшін өте
маңызды.
Ресурстардың кейбір түрлері елде жанартаулық құбылыстардың болуымен
байланысты: бұл жанартаулық шығу тегіндегі (туф, травертин, пуццолан)
құрылыс материалдары ғана емес, сонымен бірге жанармайлық көздер (олрдың
негізінде әлемдік деңгейдегі көптеген бальнеологиялық курорттар өсті);
электроэнергияны алу үшін қолданылатын жерасты термалдық сулар (әлемдегі
алғашқы геотермалдық электростанция Италиядағы - Лардереллода салынған,
Тосканиде - 1908ж.) жатады.
Италия экономикасының көтерілуіне маңызды ресурстарының бірі
климатты жатқызуға болады, ол адам қызметіне, сонымен бірге туризмнің ірі
индустриясын дамытуына қолайлы болып келеді. Жерортатеңіздік климат алуан
түрлі ауыл шаруашылық мәдениетін өсіруге мүмкіндік береді.
Италияда ағынды тау өзендерінің энергиясы толығымен пайдаланылады.
Сондықтан Италияның Солтүстігіндегі - альпілік өзендерде
гидроэлектроэнергияның 70% астамы өндіріледі.
Италияның өңдеуші өнеркәсібі импорттық шикізат негізінде жұмыс
істейді. Даму деңгейі мен масштабы бойынша машина жасау өндірісі
ерекшеленетін, ауыр индустрия басым. Сонымен қатар электроэнергетика,
металлургия, химия және мұнайхимия маңызды болып табылады.
Соңғы он жылдықта италия энергетикасының құрылымы айтарлықтай
өзгерді. Гидроэнергия мен импорттық көмірден жетекші роль мұнайға көшті, ол
бүкіл тұтынатын энергияның 60% қамтамасыз етеді. Маңыздылығы бойынша екінші
орынды табиғи газ алады (16%), содан кейінгілерді тас көмір, лигниттер (8,5
%) және гидроэнергия. 1950 жж. Италия Еуропада алғашқы атом электр
станцияларын сала бастады және чернобыль апатынан кейін 1987 ж.
бүкілхалықтық референдум қорытындысы бойынша ол бірінші болып жабылды.
Теңіз жолдарымен әкелінген мұнайдың негізінде Батыс Еуропадағы ең
қуатты мұнай өндіретін өнеркәсіп осында дамыды. Порттардың жанында мұнай
өндеуші зауыттар орналасқан, мұнда Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Ресей
елдерінен әкелінетін мұнайды танкерлермен жеткізеді. Солтүстік Италияда
мұнай құбырлардың тармақталған жүйесі жүргізілгендіктен мұнай өңдеуші
зауыттар порттардан қашық салынып, тұтынушыға, яғни ірі өнеркәсіп
орталықтарына жақын орналасқан. Әсіресе олар Миланның өнеркәсіптік
аудандарында өте көп. Сонымен қатар Солтүстік Италияда өзінің мұнай кен
орындары табылған (Галлиатде, Пьемонттағы Трекатте, Ломбардиядағы
Малоссада). Алайда Италия жыл сайын шамамен 5 млн. т мұнай өндіреді, бұл
оның тұтынушыларының тек аз бөлігін ғана қамтамасыз етеді. Жыл сайын
Италияның мұнай өңдеуші зауыттары шамамен 80 млн. т мұнай өндіруі мүмкін
(қуаттылығы - 99 млн.т). Олардың ішіндегі ең ірілері солтүстіктегі Трекате,
Саннадзаро - де - Бургонди, Кремона, Мантуя, Маргера, Буссало (Генуя),
Специя, Равенна және басқа, сонымен қатар Оңтүстіктегі - Таранто, Милаццо,
Аугуста, Джела, Приоло - Гаргалло, Саррох қалаларында орналасқан.
Сицилияда, Аугуста шығанағының жағалауларында бірнеше зауыттардан құралған
мұнай өңдеуші және мұнайхимия өнеркәсібінің қуатты тораптары шоғырланған.
Италияның шаруашылығына электроэнергетика өте маңызды.
Электростанцияның белгіленген қуаттылығының соммасы 72 млн кВт құрайды
(1995 ж.). Елде жыл сайын электроэнергияның шамамен 230 млрд кВт сағ
өндіріледі. Электроэнергияның басты өндіруші мен тұтынушысы - Солтүстік
Италия.
Қара металлургияның импорттық шикізат пен жанармайға тәуелділігі
анық байқалады. Жыл сайын Италияның металлургиясы 24 -28 млн. т болат және
10 - 12 млн. т шойын өндіреді. Толық циклді төрт металлургиялық
комбинаттарының ішінен қазіргі уақытта тек үшеуі қалды - Таранто (ірілердің
бірі), Корнильяно (Генуя) және Пьомбинода. Болаттың шамамен 60%
электропештерде, ал қалғаны - конверторларда алады.
Болатқорытпалар мен прокат зауыттарының көбі Солтүстік - Батыстың
ескі индустриалдық орталықтарында шоғырланған. Альпі бөктері мен альпілік
аңғарларда электрометаллургиялық кәсіпорындар орналасқан.
Ірі глинозем зауыты бар Венецияның қаламаңы - Маргер мен
электроэнергияға бай Солтүстік - Шығыс аудандарда (Больцано, Мори және
Фельтренің альпілік орталықтарында) алюминий өнеркәсібі өзінің орналасуын
бағыттаған. Сардиниядағы Порто - Весмде салыстырмалы жаңа және ірі алюминий
зауыты жұмыс істейді. Алюминийдің туынды өндірісі бойынша көптеген зауыттар
елдің әртүрлі аудандарына таратылды, бірақта бұл өндірістің басты орталығы
- Миланда орналасқан. Алюминий өндірісі 1994 ж. 208 мың т.- дан 1996 ж. 193
мың тоннаға дейін төмендеген.
Қорғасын - мырыш өнеркәсібі әкелінген полиметалдық және жергілікті,
яғни Сардиния мен Альпідегі кен орындарының рудаларын өңдейді және жыл
сайын 120 -130 мың т қорғасын мен 250 - 270 мың т мырыш береді. Мырыштың
энергосыйымды қорытпалары ірі электростанциялардың (Портовесме, Понтеносса,
Кротоне, Порто - Маргера қалаларында) маңында орналастырады. Онда туынды
өнім ретінде кадмийді алады. Қорғасынқорытпа зауыттары негізінен
Сардинияда, полиметалл рудалары кен орындарының маңында, сонымен қатар
Ломбардияның ірі өндірістік орталықтарында топтасқан. Қорғасынқорытпа
зауыттарында туынды өнім ретінде күмісті алады (жылына 110 - 120 т.).
Шамамен 86 мың т рафинадталған мыс және 106 мың т. мыс қорытпаларын
(1996 ж.) өндіретін ірі мысқорытпа зауыттары Пьеве - Вергонте, Маргера,
Брешия және басқа да қалаларда орналасқан.
Италия өндірісінің жетекші саласы - машина жасау. Бұнда 2,2 млн.
астам адам қызмет етеді, ол барлық өңделетін өнеркәсіп өнімінің 14 және
итальяндық экспорттың 25 береді. Даму деңгейі мен масштабы бойынша әсіресе
автомобиль жасау өндірісі ерекшеленеді (130 мың адам жұмы істейді). Италия
- әлем рыногында автомобильдердің ірі жабдықтаушыларының бірі. Жыл сайын
1,3 - 1,5 млн жеңіл және шамамен 200 мың жүк автомобильдері мен автобустар
шығарылады. Автомобиль өндірісінің үлкен бөлігін ФИАТ концерні
монполизациялады, ол - Италияның жекеменшік фирмаларының ішінде ең
қуаттысының және әлемдегі ең ірілердің бірі.
ФИАТ - ты республиканың империясы деп атайды. Оның қызметі
алуантүрлі. Ол облыстың құрылыс өндірісінің, автотранспорттың және кемеде
жүзудің бірнеше компанияларын иеленген, оның құрамына Стампа туриндік
газеті, қонақ үйлер, ірі дүкендер мен стадиондар және басқа да көптеген
мекемелер жатады. Бұл империяның өз астанасы да бар - Турин, мұнда
маңызды автомобиль зауыты Мирафьори орналасқан. Турин - сонымен қатар
автомобиль дизайнның әлемдік астанасы. Ломбардия (Миланның маңы), Кампания
(Неапольде) және Сицилияда (Термини - Имерезде) оның зауыттар бар. ФИАТ
мамандары әлемнің көптеген елдерінде автозауыттар құруға қатысты. Әртүрлі
аймақтарда ФИАТ - ң өз филиалдары бар.
Автомобиль өндірісінің басқа да фирмалары бар - Феррари және
Мазерати, олар өзінің спорттық машиналарымен белгілі (1996 ж, соммасында
шамамен 4 мың автомашина); Аутобьянки, Альфа - Ромео және Ланча (1996
ж. - 250 мың автомобиль) ФИАТ - ң құрамына енді. Ол - әсіресе гусеничтік
тракторлардың басты өндірушісі, сондықтан ел экспорт бойынша әлемде 1 - ші
орынды алып отыр. Бұл - мұнда төбелер мен таулардың баурайларында
орналасқан ауыл шаруашылық жерлердің басым болуына байланысты. Осы
өндірісте ауыл шаруашылықтың маңызды аудандарының бірі маманданады - Эмилия
- Романья, Турин, Милан және Солтүстік Италияның басқа да қалалары.
Италия мотороллерлердің өндірісін бастаған алғашқы ел болды. Шағын
тоскандік қала Понтедерада мотоциклдер мен моторолллерлер шығаратын зауыт
орналасқан.
Елдің ең ірі кеме жасау өндірісі Адриат теңізіндегі Монфалькон,
сонымен қатар Порто - Маргере мен Анконе қалаларында орналасқан. Итальяндық
кеме жасаудың ескі ауданы - Лигурия теңізінің жағалаулары (Генуя - Сестри,
Рива ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италияның басқа
Италиядағы «Маттеотти дағдарысы»
Италия туралы жалпы мәлімет
Италия Республикасы
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИТАЛИЯМЕН байланысы
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдардағы Италияның экономикалық дамуы
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Италия экономикасының «Ғажайып даму» кезеңі
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Пәндер