Ұлы Карл



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ұлы Карлдың тұсында Франк мемлекеті территориясының ұлғаюы.
2.2. Ұлы Карлдың жүргізген соғыстарының нәтижелері.
2.3. Ұлы Карл империясының ыдырауы және оның себептері. Верден шарты.

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Сілтемелер тізімі.

Ү. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Ұлы Карлдың соғыстағы ерліктері көзінің тірісінде-ақ дүние жүзіне белгілі болды. Ішінде бүлік шығып жатқан Византия да Карлден қорықты. Көптеген жат елдің билеушілері оған мол сыйлықтар жіберді.
Карлдың мемлекеті Батыс Еуропаның көп жерін алып жатты. Көлемі жағынан ол Ү ғасырда жойылған Батыс Рим империясымен теңескен еді. Ал Ұлы Карлдың қолындағы билік кейінгі Рим императорларынан әлдеқайда көп еді. ҮІІ ғасырда Батыс Еуропаның халықтары мен тайпалары, яғни римдіктер мен варварлардың кейінгі ұрпақтары өшкен империя туралы әлі құрметпен еске алатын. Сондықтан да франк королі кеңесшілерінің ежелгі римдіктердегідей болмайды. Мұндай мүмкіндік 800 ж. туды. Жергілікті шонжарлар қуған Рим папасы ІІІ Лев көмек сұрап Ұлы Карлге қашып келді. Карл бүлікшілерді ауыздықтау үшін ІІІ Левке қосып Римге әскер жіберді, артынша «Мәңгілік қалаға» өзі де келді. 800 ж қарсаңында Римдегі әулие Петр храмында папа Карлдың басына тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп Батыста тағы импреия пайда болды. Карлдың мөрінде «Рим империясының жаңаруы» деген жазу ойылды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Орта ғасырлар тарихы Т.1. А., 1976 .
2.Орта ғасырлар тарихы Т.2. А., 2000.
3. Марков М.И. Культуралогия М., 2001.
4. Колесницкого История средних веков Т.М. 1986.
5. История Францией М., 1972.
6. Карпов. История средних веков. Т. 1. М., 2000.
7. Карпов. История средних веков. Т. 2. М., 2000.
8. История европы в древнейших времен до наших дней в 8 т. М., 1992. Т.2.
9. Орта ғасырлар тарихы І 1. А., 1976.
10. Ғабитов Т. Мүталіпов Ж. Құлсариев А. Мәдениеттану. А., 2001.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ұлы Карлдың тұсында Франк мемлекеті территориясының ұлғаюы.
2.2. Ұлы Карлдың жүргізген соғыстарының нәтижелері.
2.3. Ұлы Карл империясының ыдырауы және оның себептері. Верден шарты.

ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Сілтемелер тізімі.
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер.

Жұмыстың мақсаты:
Франк мемлекетінің Ұлы Карл тұсындағы тарихын ашып көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Франк мемлекетінің құрылуына тоқталу;
- Ұлы Карлдың император жариялануын ашу;
- Ұлы Карлдың жүргізген саясаты;
- Ұлы Карлдың соғыстарын ашып көрсету;
- Империяның ыдырауы;

Жұмыстың өзектілігі
Ұлы Карл өмірін түгелдей дерлік соғыспен өткізді. Ең
алдымен Италиядағы лангобардтар корольдігін түпкілікті талқандап,
франктер державасына бағындырды. Карл Бавар герцогінің аса
бір күш жұмсамай ақ өзінің иелігіне қосып алды. Карл алыста
жатқан Шығысқа, қазіргі Венгрияның жеріне де жорық жасап көрді.
Славян тайпаларымен одақтаса отырып, франктер мұнда Авар
қағанатын талқандады.
Карлге – сакстермен шайқасы аса қиынға түсті. соғыс басталар
кезде сакстер Германиядағы Карлге бағынбаған ең соңғы үлкен
тайпа еді.
Ұлы Карлдың соғыстағы ерліктері көзінің тірісінде –ақ дүние
жүзіне белгілі болды. ішінде бүлік шығып жатқан Византия да
Карлден қорықты. Көптеген жат елдердің билеушілері оған мол
сыйлықтар жіберді.

Жұмыстың тарихнамасы
Эйнгард тақуа Ұлы Карлдың өмірінен Карлдың денесі
мығым, бойы биік болатын, бірақ 7 футтан аспайтын. Оның басы
домалақ, көздері мөлдір, мұрны үлкен еді. Әрқашан да сергек,
жарқын жүзіне шашының ақ қырауы әр беріп тұратын. Мұның бәрі
оны тартымды көрсетті. Оның мойны қысқа әрі жуан, іші шығыңқы
болғанымен денесінің қалған жағының үйлесімі бұл кемшіліктерін
жауып жіберетін.
Жүзінен батылдығы байқалатын Карлдың жүрісі, зор даусы қуатты
денесіне үйлесіп тұратын.
Герцог Иоанның қысымы туралы жергілікті тұрғындардың патша
елшісіне арызы:
Біз бұрын билеушіге тап қазіргідей жұмыс істемейтінбіз.
Герцогтың жүзімдіктерінде де еш уақытта еңбек еткен жоқпыз, үйін,
пешін де салмадық, үйімізде жауынгерлер тұрмайтын, иттеріне ауқат
бермейтінбіз. Тап қазіргідей алым-салықты да көрген жоқ едік,
енді әр өгіз басына 1 модий береміз, қой басына да төлейтін
болдық, жыл сайын қой да қозы да береміз...

Кіріспе
Ұлы Карлдың соғыстағы ерліктері көзінің тірісінде-ақ дүние
жүзіне белгілі болды. Ішінде бүлік шығып жатқан Византия да
Карлден қорықты. Көптеген жат елдің билеушілері оған мол
сыйлықтар жіберді.
Карлдың мемлекеті Батыс Еуропаның көп жерін алып жатты. Көлемі
жағынан ол Ү ғасырда жойылған Батыс Рим империясымен теңескен
еді. Ал Ұлы Карлдың қолындағы билік кейінгі Рим императорларынан
әлдеқайда көп еді. ҮІІ ғасырда Батыс Еуропаның халықтары мен
тайпалары, яғни римдіктер мен варварлардың кейінгі ұрпақтары өшкен
империя туралы әлі құрметпен еске алатын. Сондықтан да франк
королі кеңесшілерінің ежелгі римдіктердегідей болмайды. Мұндай
мүмкіндік 800 ж. туды. Жергілікті шонжарлар қуған Рим папасы ІІІ
Лев көмек сұрап Ұлы Карлге қашып келді. Карл бүлікшілерді
ауыздықтау үшін ІІІ Левке қосып Римге әскер жіберді, артынша
Мәңгілік қалаға өзі де келді. 800 ж қарсаңында Римдегі әулие Петр
храмында папа Карлдың басына тәж кигізіп, император деп
жариялады. Сөйтіп Батыста тағы импреия пайда болды. Карлдың
мөрінде Рим империясының жаңаруы деген жазу ойылды.

2.1. Ұлы Карлдың тұсында Франк мемлекеті территориясының ұлғаюы.
Франк мемлекетінің мейлінше кемеліне келіп, нағыз құдіретті
болған кезі, Пипин Короткийдің баласы және мирасқоры – сан алуан
аңыздар мен ертегілердің, талай-талай жыр дастандардың қаһарманы
болған – Ұлы Карлдың (768-814) билеген уақытына жатады. Бұл адамның
бойына біткен керемет қасиеттері – жалынды және арып-аршуды
білмейтін жігер қайраты, мемлекетті басқару ісі мен әкімшіліктің,
шаруашылықтың, соғыстың дипломатиялық, халыққа білім беру
істерінің және тағы да басқа күрделі жұмыстардың ұсақ-түйек,
егжей-текжейлеріне шейін жете үңіле қарап ұғынуға құмарлығы
замандастарын таң қалдырды. Замандастарының суреттеулеріне қарағанда,
ұлы Карл ұзын бойлы және керемет күшті, алып денелі кісі болса
керек. өзінің өмір сүрген кезеңі үшін әжептеуір білімді адам
болған, сол замандағы ғылымның көптеген мәселелерімен жете
шұғылданған жаза білмегнімен де, латын және грек тілдерін жақсы
білген кісі болыпты. Карлдың бейнесі әсіресе ол қайтыс болғаннан
кейін көп ұзамай ақ Франк мемлекетінің аса құлдырап кері кетіп,
саяси ыдыраушылығын еске алар болсақ, тым асыра дәріптелініпті.
Буржуазиялық тарихнама Ұлы Карл империясының құдіреттілігі мен
орталықтандыру дәрежесін үнемі асыра айтып, оның ролі күйзеліске
ұшырап кедейленген және крепостнойға айналдырылған франк шаруаларын
феодалдардың озбырлық қысымынан қорғаушы адам ретінде көрсетті.
Шындыққа келер болсақ Ұлы Карл өз заманындағы мемлекеттің және
өз тобының аса көрнекі қайраткері бола тұрғанмен де, үлкен жер
иелері де феодалдардың мүдделерін қорғау саясатын жүргізді және
крепостнойларға айналдырылған Франк халқының бұқарасы мен жаулап
алынғын жерлердің елдері мен халықтары жөнінде мейлінше қатаң
адам болды. Жүргізілген бірсіпіра соғыстардың нәтижесінде ол Франк
мемлекетінің шекараларын анағұрлым ұлғайтып, өз қол астына
әртүрлі тайпалар мен халықтарды бағындырды. 1
Франция мемлекеті енді үлкен территорияны жаулап қарамағына
алды. Территориясы Эбро өзенінің орта ағысынан бастап және
барселон, Оңтүстік батыста Эльбаға дейін Сал, Богем тауы, және
шығыста Вендік ормандар, солтүстікте Ютландия шекарасынан,
орталық Италия оңтүстік шекарасы болды. Бұл территорияда әртүрлі
даму деңгейдегі халықтар мен құлдар өмір сүрді. Карл және оның
қарамағындағылар батыс Рим империясында жаңа мемлекеттің пайда
болғанын ол француз корольдігі екендігіне көз жеткізді. Енді
корольдің саясатында орта ғасырлық саясаттың дамуындағы
әмбебеаптық беталып пайда болды. Уақыт өте келе саяси
этникалық құрылымның пайда боуына алып келді. Әке Арыстан ІІІ
Рим шонжарларының қарсылығынан құтылуда француз корольінен көмек
сұрауын пайдаланып, Карл әкені қорғай отырып римдіктерге жол
ашты. Қасиетті әке 800 жылы Карлдың күш көрсетуінсіз оны Римде
қасиетті Петр соборында император тәжін кигізді. Осылайша
батыста жаңа империя құрылды. Бұл империя Карл империясы мен
Византия арасындағы қарама-қайшылықты болдырды. Бұл екі империя
өздерін жалғыз Рим империясының мұрагері деп санаған. Бірнеше
онзылдықта франк империясы батыс Еуропада өте күшті дамыған
мемлекетке айналды. Императордың резиденциясы өмірінің соңғы
жылдарында Аахен қаласы болды. Солтүстік батыста Бретандық
марка, оңтүстікте исландық марка құрылды. Шекарада славяндық
тайпалар мен Балтикадан Адриатикаға дейінгі аралықта үнемі
соғыс болып тұрды. Осы жерлерде шекаралары бекітілген: Даттық
марка Шелезвигада, саксондық шекара балтық жағасындағы
славяндарға қарсы, соборлық шекара Эльбадан Дунайға дейін,
Танондық немесе шығыс маркы Дунайдың орта ағысында. Солтүстік
Италияны
1.Орта ғасырлар тарихы Т.1. А., 1976. 127-132 бб.
Византиядан және оңтүстік славянды Фирульдік марка арқылы
бекітеді. 812 жылы Византия императоры карлдың император
титулын мойындады. Ұлы Карл тұсында Франк ертефеодалдық
мемлекеті үлкен даму жетістігіне қол жеткізді. Жерінен және бас
бостандығынан айырған басы байлы шаруаларды ұстап тұру үшін
және жаулап алу үшін және жаңа территорияларды иемдені үшін
орталықтан басқару керек болды. ҮІІІ-ІХ ғғ. саяси басқаруда
феодалдарды жинауда ол бәрінен да өзгешеленді. Осы кезде Ұлы
Карлдың басқаруы ерекше орын алды. Ол кезде бір жылда екі рет
король сарайында беделді үлкен жер иеленушілер жиналыс
өткізді. Олардың кеңестері бойынша әртүрлі мемлекетті басқару
тарапынан жарлықтар шығарып отырды. Жергілікті басқару мемлекеттік
елшіліктер арқылы басқарылды. Олар графтықты аралап,
жергілікті тұрғындардың іс әрекетін бақылады. Әскери сынақтар
енді наурыз айында емес, мамырда өткізілетін болды, және мамырлық
алаң деп аталынды. Ұлы Карл жаңа әскери реформа қабылдады.
Бұл реформа бойынша әскерде енді тек қана дәулетті еркін жер
иеленуі және 3-4 шарауны иеленушілер ғана әскерге қабылданған.
Қалған басқа шаруалар барлығы бірігіп өздерінің арасынан бір-
бір әскери адамды шығаруға ғана мүмкіндік алды. Осылайша
шаруалар еркін бостандықта болды. Ұлы Карл империясының құрамына
бұрынғы Талли территориясының халықтары және сакстар, фриздер,
баварлар, аламандар, тюрингтер, лангобардтар, бретондықтар , Галии
және Италияның романдық халықтары басктар және наварраның
тұрғындары, аварлар кірді. Империяның әр жерін және құлдыққа
түскен адамдардың әртүрлі халықтардың жерлеріндегі тұрғындар
жаулап алушылардың басқаруына мойынсұнғысы келмеді. Сол себептен
де Ұлы Карл өзінің өмырын осы территорияларды аралап шығумен
өткізді. Қай территорияға қауіп-қатер төнеді ол сол жерге барып
отырды. Уақыт өте келе бұл үлкен территорияны және тұтқындарды
және халықты басқару бара-бара қиынға соқты.
Ұлы Карлдың басқаруы тұсында үлкен жетістіктері және жарқын,
айбынды, сәулетті келбеті, оның батырлығы көптеген аңыздар,
ертегілер және орта ғасырлық әндерде сипатталды. Қазіргі заман
зерттеушілері императордың мемлекет басқаруын, әскери істі
жүргізуін, дипломатиялық қарым-қатынас жүргізуін, білім және
мәдениетті дамуында таусылмас күш қуатына қайран қалуа.
Императордың әдебиет поэзияға қызығуы және латынша, грекше
әріп тануы, өзінің қайталанбас тұлға екендігін көрсетеді.

2.2. Ұлы Карлдың жүргізген соғыстарының нәтижелері.
Карл арабтық Испанияға шабуыл жасауға аттанды. Рас, оның
Испанияға жасаған бірінші жорығы ойдағыдай болып шықпады:
Сарагосқа шейін жеткен франктер кейде шегініп, түк бітірместен
Галлияға қайта оралуға мәжбүр болды. осы сәтсіздікке ұшыраған
жорық, соңғы кезде орта ғасырлық француз рыцарлығының әйгілі
Ролланд туралы жыр эпосының сюжетіне негіз болды. мұнда
Карлдың әскер басыларының бірі - Пиреней тауларында баскылердің
кенет шабуылының нәтижесінде франк әскеріінің арьергардымен
бірге қаза тапқан Ролланд шығарманың ең басты қаһарманы
болды. бұл шығармада осы жорықтың тарихы бірқатар
фантастикалық ойдан шығарған еселеулерімен жарланған. 2 Атап
айтқанда, Ронсеваль аңғарында франктерге тұс-тұстан тарпа бас
салған хрестиян- баскілерді, поэмада мұсылман арабтарға айналдырып
жіберген еді.
Бұдан былайғы жерде жүргізген соғыстарды, арабтардың
ҮІІІ ғасыр аяғында басталған қарсы шабуылдарына қарамастан,
франктер оңтүстікке қарай жүйелі түрде жылжи берді. Сөйтіп,
801 жылы арабтардан Барселонаны тартып алды. Пиреней тауларының
сырт
2. История средних веков Т.1. М., 1997. 52-56 бб.
жағындағы Солтүстік Шығыс Испанияның территориясында Испандық
марка пайда болды. мұның халқы негізінде баскілер мен наварцылар
болды.
Ұлы Карлдың тұсында Саксония жаулап алынды және франк
мемлекетіне қосылды. Саксонияны жаулап алу 30 жылдан астам уақытқа
созылып франк мемлекетіне орасан көп күш-қаржы жұмсауға тура
келді.
Сакстардың тайпалары батыста Эмспен және ішінара төменгі
Рейнмен, шығыста Эльбамен және солтүстікте Эйдердің араларындағы
территорияны мекендеді. Олар бұл кезде алғашқы қауымдық
құрылыстың ең соңғы сатысында болды, яғни өзінің әлеуметтік
экономикалық және саяси дамуының дәрежесі жағынан франктерден
әлдеқайда төмен тұрды. Рас, сол кездің өзінде ақ оларда
әлеуметтік жіктеушілік әжептеуір елеулі түрде орын алды. Және
негізгі үш әлеуметтік топ бөлініп шықты: ру тайпалық ақсүйектер
тайпаның негізін құрушы эделингтер мен қарапайым еріктілер, -
фрилингтер және жартылай еріктілер – лацылар; алайда бұлардың
бәрінде де таптар пайда бола қоймаған еді, рулық қалдықтар
үлкен рол атқарды. Корольдік өкімет болмады. Сакстар дін
жағынан пұтқа табынды.
Франктер мен сакстардың арасында ұзаққа созылған табанды
соғыстың сипаты фрилингтердің негізгі бұқарасы -қарапайым ерікті
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФРАНК ИМПЕРИЯСЫ ЖӘНЕ АВАР ҚАҒАНАТЫ
Франк державасындағы феодализмнің дамуы
Франк мемлекетінің құрылуы
Франктер
Карл X
Солтүстік соғыс
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Батыс Европа мемлекетi
Франк мемлекетi
Франк мемлекеті және оның құқығы
Пәндер