Экологиялық білім беру сатысы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Отбасылық және мектепке дейінгі тәрбие ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Жалпы білім беретін мектепте, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында экологиялық білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Жоғарғы білім беру сатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Жоғары кәсіби экологиялық білім беру
5. Жоғарғы оқу орынынан кейінгі экологиялық білім беру ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде, іс -әрекет жасауға бастайтын білім ғана шешіп береді.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар президент Н.А.Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.
Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың - мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өндірушілердің, саясаткер-лердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік - экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде окушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді қолма - қол өмірге енгізіп жетілдіру керек. Өйткені табиғаттағы апатты жағдайлар жасынан "Экология-ландырылған" ұрпақтың өсіп жетілуін күтуге, ұзақ мерзімді эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру кажет. Ұсынылып отырған ұлттық бағдарлама осы мәселелерді шешу мақсатымен жасалып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ”Экологиялық білім беру концепциялары”
2. ”Экологиялық білім беру бағдарламасы”
3. Момесеев “Экологическое образование”

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Экологиялық білім беру сатысы

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Отбасылық және мектепке дейінгі
тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2. Жалпы білім беретін мектепте, бастауыш және орта кәсіптік оқу
орындарында экологиялық білім
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Жоғарғы білім беру
сатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
4. Жоғары кәсіби экологиялық білім беру
5. Жоғарғы оқу орынынан кейінгі экологиялық білім беру ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

Кіріспе
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық
проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде.
Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін
әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер
туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші
жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде, іс -әрекет жасауға бастайтын
білім ғана шешіп береді.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық
білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар президент
Н.А.Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.
Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар
туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың -
мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өндірушілердің,
саясаткер-лердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау
тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың
азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік -
экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз
жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім
беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі
негізінде окушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз
ету.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді қолма
- қол өмірге енгізіп жетілдіру керек. Өйткені табиғаттағы апатты
жағдайлар жасынан "Экология-ландырылған" ұрпақтың өсіп жетілуін күтуге,
ұзақ мерзімді эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы
жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай
қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы
бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін
үйлестіріп отыру кажет. Ұсынылып отырған ұлттық бағдарлама осы мәселелерді
шешу мақсатымен жасалып отыр.

1. Отбасылық және мектепке дейінгі тәрбие
Қоршаған ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігін үғыну,
табиғаттағы тәртіптің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, біздің "кіші жан-
жануарларымызға" жауапкершілігімізді сезіну;
Қоршаған ортада сезімдік, жағымды қарым-қатынастардың қалыптасуы,
табиғаттың әсемділігін көре білу;
Табиғат және адамның әрекетімен өзгертілген табиғат туралы бастауыш
білімдер жүйесінің қалыптасуы;
Тіршіліктің тума бейнесінің алғашқы негіздерін байқау, өзінің меншікті
үй-жайына, үй жануарларына, өсімдіктерге, суды пайдалануға, электр қуатына,
тамақ өнімдеріне ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру, күнделікті тұрмыста
қолданған өнімдердің қалдықтарын қайта пайдалану қажеттігін түсіну;
Адамның күнделікті жүріс-тұрысы және қоршаған ортаның арасындағы
байланысы, отбасы өмірінің сапасын, оның мүшелерінің денсаулығын және
амандығын қоса есептегендегі байланысты ұғынуы;
Табиғатты сүюге тәрбиелеу, оның дағдысын түсіну;
Адам тәртібінің экологиялық қауіпсіздігі мен денсаулығының қоршаған
ортаның жағдайына тәуелділігі және өзінің тәртібі туралы (экологиялық-
валеологиялық бағыт) қарапайым түсініктердің алғашқы қадамдарын
қалыптастыру;
Адамның биоәлеуметтік тірі организм екендігі және оның өмір айналасы
("қоршаған орта'') туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру;
Табиғат объектілеріне және әлемнің жасанды заттарына саналы түрде
ұқыпты қарауды тәрбиелеу, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
Балаларды қоғамдық-пайдалы еңбекке, отбасының жасы үлкен мүшелеріне
көмектесуге, үй жануарлары мен өсімдіктерді күтуге жұмылдыру;
Өзінің қимыл әрекетін қоршаған ортаға байланысты қалыптастыру, оны
сақтау және жақсарту жолында қолдан келетін істерге қатынасу.
Іске асырудың амалдары мен жолдары
Жас ерекшеліктеріне сәйкес балабақшада тиімді технология мен тәрбие
моделінің тиімді жүйесі барлық білім беру және тәрбие процесін оқу-
әдістемелік қамтамасыз етудің интеграциялау, экологияландыру үлгілерінің
жүйесі жасалуда (баланың іс-қимылының барлық түрлері арқылы экологиялық
көзқарасын қалыптастыру: музыкалық, көркемдік, эксперименттік, қадағалау
және т.б.);
Жергілікті жерлерде, білім беру мекемелерінде, жасөспірімдердің
туристік клубтарында оларды балалармен бірге экологиялық іс-қимылға
белсенді түрде катыстыру әдісінен мектепке дейінгі мекемелердің
қызметкерлері мен ата-аналарды экологиялық оқытуды ұйымдастыру;
Мектепке дейінгі және отбасылық экологиялық тәрбиелеуге арналған
материалдар. Оған ойындарды, оның ішінде компьютерлік, дәстүрлі
құндылықтарға, мәдени дәсгүрлерге, ұрпақтар арасында тәжірибемен бөлісуге
қызығушылық танытатын балаларға арналған әдебиет пен бейнематериалдар.

2.Жалпы білім беретін мектепте, бастауыш және орта кәсіптік оқу
орындарында экологиялық білім беру
Жер планета үстіндегі өмірдің, көп түрлі себеп-салдары байланыстары мен
құрылуының тұтастығы, табиғат пен қоғам жөнінде ғылыми көзқарастар туралы,
өзара қатынастар туралы, адамдардың өз өмірі үшін жаңа урбанизацияланған
қоршаған орта жасауға ұмтылуы туралы, экологиялық мәселелер туралы, олардың
пайда болу себептері туралы, биосферадағы тіршілік негізін киратудың
қауіптілігі туралы білімдерді қалыптастыру;
Алғашқы экологиялық білімдерді игеру, қоршаған ортаны қорғау
саласындағы стандартты міндеттерді стандартты әдістермен бере алатын
ақпаратты жинау, алгоритм мен қарапайым үлгілерді пайдалану, әр дәрежеде
мәселелерді шешудің нақты жолдарын көрсету ұстанымы;
Экологиялық таза қажеттіліктерді, себептерді, тәртіптің талаптары мен
дағдыларын өмірдің таза қалпын сақтауға бағытталған қажетті шектеулерін
түсінумен, коршаған ортаны ықыласпен пайдалануды және қорғауды тәрбиелеу;
Қоршаған ортаға, өзінің денсаулығына және қоғамда қабылданған құқық
және адамгершілік ережелері негізінде маңайдағы адамдардың денсаулығына
жауапкершілікпен карауды, адамның табиғатпен байланысының тұтастығын,
оқушыларды іс жүзінде экологиялық іс-қимылға қатыстыру, белсенді өмірлік
позиция және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану үшін жеке өзінің
жауапкершілігін қалыптастыру;
Жергілікті жердегі қоршаған ортаны зерттеу және оның экологиялық
жағдайын бағалау, оны қорғау және жақсарту үшін нақты іс-қимыл жасау үшін
интеллектуалды қабілеттілік және қарапайым іскерлік жүйесін қалыптастыру;
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын, сезімдік эстетикалық және
гигиеналық бағалау эмоциялық-сезім сферасын, іс-қимылдар мен әрекетін
ықтимал талдау, болжау және моделдеу қабілетін жетілдіру.

Жүзеге асыру жолдары мен амалдары
Мектептің негізгі оқу жоспарының барлық компоненттерінің мүмкіндігін
пайдалану негізінде мектеп жасындағы балалардың үздіксіз экологиялық білім
алуының мемлекеттік жүйесін жасау: мемлекеттік, аймақтық, мектептік оқу
пәндерін эколологияландыру, арнайы курстар, факулътативтер, семинарлар
енгізу есебінен.
Жоғарғы кластарда экологиялық пәндер циклы үшін оқу кестесіне ең
кемінде аптасына бір сағат кіргізу ("Экология", “Қоршаған ортаны қорғау
және табиғатты тиімді пайдалану негіздері”, “Геоэкология") жалпы білім беру
мектептерінде және арнаулы орта оқу орындарында, олардың бейімдерінен
тәуелсіз;
Оқушыларды әр түрлі экологиялық шараларға қатыстыру (конкурстарға,
семинарларға, конференцияларға, халықаралық экологиялық бағдарламаларға);
Практикалық бағыттағы әр түрлі жұмыстарды дамыту (далалық орталықтарды,
экологиялық-туристік лагерлерді);
Ауылды жерлерде оқу шаруашылықтар құрылымдарын қоса, экологиялық
практика жүйесін ұйымдастыру, экологиялық жағдайларды зерттеу.

3. Жоғары білім беру сатысы
Қазахстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы жалпы экологиялық
дайындықтың бағыттары
Жоғары мектепке әлемнің құрылысы, аса маңызды мәселелер мен олардың
бастаулары, тұрақты даму негіздері туралы терең ғылыми білімі бар және
өзінің кәсіби қызметінің аясында қоршаған орта мен табиғатты пайдалану
сапасын басқарудағы практикалық іс-әрекет ету шеберлігі мен дағдысына ие
жоғары интеллектуалды және мәдени деңгейлі парасатты мамандарды даярлау
жүргізіледі.
Қажетті жағдайлар:
▪ жоғары экологиялық білім беру тиімділігін көтеру;
▪ тұлғаның танымдық, шығармашылық және эмоционалдық қабілеттерімен
қоса оның жан-жақты дамуы;
▪ экологиялық, әлемдік көзқарастың қалыптасуы, қоғам мен табиғаттың
тұрақты дамуының негіздері туралы терең жүйелі білім және түсінік алу;
▪ экологиялық мәселелерді шешудің техникалық, экономикалық,
ұйымдастырушылық заң шығарушылық, ақпараттық мүмкіншіліктері мен
жолдары туралы түсініктерді дамыту;
▪ әкімшілік басқаруға арналған мамандарды даярлау;
▪ қорды сақтау және табиғатты қорғау технологияларын құруға, кеңінен
пайдалануға бағытталған техникалық-технологиялық және басқа да
өндірістік ортада жұмыс істейтін инженер кадрларды даярлауды
ұйымдастыру;
▪ білім беру аясына арналған кадрларды даярлау;
▪ қызмет сапасының төмендеуінің салдарынан тұрғындардың денсаулығына,
жауапты әрекетпен бірге қоршаған ортаға, табиғат қорларының сарқылу
салдарынан экономикаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар және ерекше қорылатын табиғи территориялар
Экологиялық білім беру туралы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы
Пәндер