Қазақстан - 2030 даму стратегиясы



Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1. Ұлттық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

3. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл . ауқаты ... ... ... ...7

5. Энергетика ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

7. Кәсіпқой мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына жолдаған «Қазақстан – 2030 даму стратегиясы» жолдауы бұл Қазақстан үшін өте қажет. Жолдаудың мақсаты Қазақстанның дамуы барысында 2030 жылға дейін Азияның барысына айналу. Президентіміздің жолдаудағы айтылған сөздері: бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі күнде сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да «көптеген» параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемге Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
2030 жылға қарай Қазақстан Оталық Азия Барысына айналады және
өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен - өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болшағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күн нақты іс – қимылдары іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Бұл жұмыста табысқажету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Нақ сондықтан адамдардың әл- ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізуге тиіс.
Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
«Қазақстан – 2030 даму стратегиясында» жеті ұзақ мерзімдік басымдылықты Қазақстан өз алдына мақсат етіп қойды. Олар, ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; негізгі міндеттермен шектелетін кәсіпқой мемлекет.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.
Қолданылған әдебиеттер

«Қазақстан – 2030» авторы: Н.Ә.Назарбаев
«Білім» баспасы.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1. Ұлттық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 2

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның
топтасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

3. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық
өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл –
ауқаты ... ... ... ...7

5. Энергетика
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 9

6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

7. Кәсіпқой
мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..12

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Қазақстан азаматтарына жолдаған Қазақстан – 2030 даму стратегиясы
жолдауы бұл Қазақстан үшін өте қажет. Жолдаудың мақсаты
Қазақстанның дамуы барысында 2030 жылға дейін Азияның барысына
айналу. Президентіміздің жолдаудағы айтылған сөздері: бүгін біз зор
мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур
өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға
жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі
күнде сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын
табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да
көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20
жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін
10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл
елдер күллі әлемге Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
2030 жылға қарай Қазақстан Оталық Азия Барысына айналады және

өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Дегенмен 2030
жылғы осындай Қазақстан өзінен - өзі пайда болмайды. Оны біз өз
қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы
тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ,
егер біз болшағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күн нақты іс –
қимылдары іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып
алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә
арта алмаймыз.
Бұл жұмыста табысқажету Қазақстан азаматтарының қолдауына
байланысты. Нақ сондықтан адамдардың әл- ауқатының өсуі біздің күллі
күнделікті жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес батыл жүргізуге тиіс.
Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен
мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық
біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының
экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси
тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Қазақстан – 2030 даму стратегиясында жеті ұзақ мерзімдік
басымдылықты Қазақстан өз алдына мақсат етіп қойды. Олар, ұлттық
қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; шетел
инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға
негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы,
білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе
көлік және байланыс; негізгі міндеттермен шектелетін кәсіпқой
мемлекет.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті
елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай
біздің үйлеріміз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда
толыққанды өмір сүретін болады.
-1-
1.Ұлттық қауіпсіздік
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы
және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың басталуында
оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы тұрғанына
куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды
түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет.
Егер біз өз мемлекеттігімізден айрылып, егемендігіміздің
стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан
шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың
мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ
мерзімді кезеңге айналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты
үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030
жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық
қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру
және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында
болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да
және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін
сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап
білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуметін
тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық
қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық
процестерді күшейте береміз.
Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынасымыз тиісті
деңгейде нығая береді.
Біздің стратегиямыздың екінші құраласы – Америка Құрама Штаттарын
қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен
байланысын күшейту. Бұл елдер тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды
құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.
Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық,
Еуропалық және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар
мен форумдардың көмегімен қолдануын барынша пайдаланамыз, бұл
Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін
қамтамасыз етеді.
Біздің стратегиямыздың төртінші элементі – еліміздің ұлттық
егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола
алатын бай табиғи ресурстарды игеру.
Бесіншіден – біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі
мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен
мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал
жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса
қойған жоқ.
-2-
Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш
халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз
тікпейтініміз баршаға аян болуға тиіс. Жерімізде, мол қазынамыз да
өзімізде жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімен еселей береміз.
Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш-жігерді ірі
ұлтаралық капитал үшін төзімді және оңтайлы экономикалық өріс
құруға жұмсауға, елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін
“ықыласты рай” туғызуды көтермелеуге тиіс. Біз қандай да бір
тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы тұрып, “Жақсы
араздықтан жаман татулық жақсы” дейтін қағиданы уағыздауға тиіспіз.
Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау мен күштеудің
теңдестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз, ынтымақтасу
саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы
Орта Азия Одағын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне
араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты
болуға тиіс.
Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың
кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды
қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық
берілетіні сөзсіз.
Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға
тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін
ізеттілігіміз бен меймандостығымыздың тіпті де аңқаулық пен
кіріптарлықтың көрінісі емес.
Ұлттық қауіпсіздік пен басымдықтарының деңгейіне мықты
демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің
мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын
болса, онда біз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны
сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми
беретін “демографиялық оппа” жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция
дереу тоқтатылуға тиіс.

-3-
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі
алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Егер әртүрлі топтар оларды қандай
мүдделердің – саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық
мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама – қарсылық күйде болса,
бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық
мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға
әкеп соғады. Солтүстік Ирландия, бұрынғы Югославия, Перу,
Ауғаныстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениет-
тің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан
сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.
Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке,
құштарлыққа, ерекше мүдделеоге, дінге, жас қарайластығына немесе
басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа
кедергілерді болдырмау – біздің міндетіміз.
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдылықты жүзеге асырудағы
біздің стратегиямыздың мынадай құрамдас бөліктері бар:
- еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне
негіздел-ген біріңғай азаматтығымызды дамытатымызға кепілдік беру;
- этникалық түсінбеушілік себептердің жойылуын, барлық этникалық
топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;
- қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашы-
лықты азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;
- өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік
проблемаларды ұдайы шешіп отыру;
- ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның
топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстан барынша жігерлі түрде
қалыптастыру.
- адамдар арасындағы қарым – қатынас пен комуникациялық
байланыстардың барлық нысандарын дамыту;
- әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен
сенімді қарым – қатынастарды нығайту.
Біздің моделіміз қоғам дамуының әр түрлі модельдерінің түйісуін
бейнелеуге тиіс. Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік –
нарықтық экономика құрудамыз. Бұл – бізге қажеттінің нақ өзі.
Біздің моделіміз басқа модельдердің элементтерін сабақтастыра
отырып, бірақ негізінен өзіміздің ерекшеліктерімізге, тарихымызға,
жаңа азаматтығымызға және даму кезеңдерінің нақтылығын еске ала
отырып, ұмтылыстарымызға сүйеніп, өзіміздің жеке даму жолымызды
белгілейтін болады.

-4-
Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының
шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың
жекелеген учаскелерде тежеулі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды
талап етеді.
Егер елдегі инфляция шектен асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы
экономиканың жалпы жағдайы мен біздің стратегиялық ұмтылыстарымызға
сай келсе, ал өсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып,
оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс
болып отырса, біз алға қойған мақсаттарды іске асыра алмаймыз.
Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына
макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлыхалықаралық
тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол – инфляция мен бюджет тапшылығының төмен
болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын
көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен
Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады.
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті
экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы-
мемлекеттік стратегиялық монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан
біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл
орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты
секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер
жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.
Біз аяқтаған бағаны ырықтандыруға енді күмән келтірмейді және
өзгеріс болмайды.
Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік
құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін
құрудың есебінен нығайтылады.
Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны, ең
алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және
акциялардың айналымы процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық
сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды
пайдаланылатын болады.
Өзміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру
жалғаса береді. Оның мақсаты – экспорттан экономикалық өрлеумен қатар
елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу.

-5-
Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері
қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі
мәселелер қатарында ұсталады.Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи
ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат,
еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту
экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ
Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар
капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел
капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру
қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің
барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология
мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті.
Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп
түзетуге болмайды.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау
көмектеседі. Қазірге бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік
жағдайында өндірістер мен бүгінгідей салалардың нарыққа бейімделу
процесі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз
бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттың
құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы
әлем бұған тікелей қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Өндірістің
құлдырауы мен оның керітартпа құрылымы бұдан былай есепке алмауға
болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды
екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз
мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды
жемқорлықпен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық
бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды
басымдықтардың бірі болып қала береді.

-6-
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен
кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз
денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы
салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге
елестету қиын емес. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың өрлеуі
КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
Қазақстандағы бастау алған стратегиялар
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Кәсіпқой мемлекет
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 бағдарламасы
Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
Пәндер