Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу



Мазмұны:

Кіріспе

І бөлім. Еңбек нарығы.

1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік.
1.2 Еңбек сұраным мен ұсыным.
1.3 Еңбек нарығының сигменті.
1.4 Еңбек нарығы . бұл бәсекелік нарық.

ІІ бөлім Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары.

2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар.
2.2 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы.

ІІІ бөлім Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері.

3.1Батыс Қазақстан облысының еңбек нарығындағы
жағдайы.
3.2Батыс Қазақстан облысының еңбекке ақы
төлеуі. 3.3 Еңбек биржасы және оның
қызыметтері.
3.4 Жұмыспен қамтамасыз ету саясаты.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.


Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу ».
Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым –қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыспен қамту. Жұмысым негізінен еңбек нарығы туралы түсінік,ондағы сұраныс пен ұсыныс,халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепцияларын,Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығының жағдайы туралы толық мағлұмат береді.
Сонымен, біздің қарқынды саяси әлеуметтік және экономикалық өміріміз күн өткен сайын жаңа, тіпті, кей жағдайда күтпеген оқиғаларға тап болып отырмыз. Ал, экономика адамзат өмірінің және қоғамның барлық жақтарын анықтайтын болғандықтан, соңғы 5-10 жылдардың ішінде түбегейлі өзгерістер жасалуда.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің және оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы- ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан, еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көленкесінде жанды, жаны бар адамдар бар екенің естен шығармау қажет.
Қазіргі заманғы еңбек нарығы азаматтарды лайықты жұмыспен қамтамасыз етумен,жұмыс күшіне қатысты ұсыныстармен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық-құқықтық қатнастар жиынтығын білдіреді.
Қолданылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодесі» 2007-2008жж

2. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А.
«Экономикалық теория» Астана – 2002 жыл.

3. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П.
«Экономикалық теория». «Қазақ университеті»
Алматы – 1999 жыл.

4. Жүнісов Б.А, Мәмбетов Ү. «Нарық экономикалық негіздері».
Алматы – 1999 жыл.

5. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А.
«Жалпы экономикалық тоерия» Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.

6. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»

7. «Динамака рынка в Казахстане» // Труд в Казахстане,
2006, № 5, стр 112-115.

8. «Еңбек нарықтық категория». // Егемен Қазақстан, 2007,
4 қаңтар.

9. «Рынок в Республике Казахстан». // Труд в Казахстане. 2006,
Декабрь, стр 29

10. « Батыс Қазақстан облысының статистикасы» 2006-2007жж

11. «Ситуация на рынке труда». // Приуралье, 2006, 21 апрель.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Экономикалық теория
кафедрасы.

Курстық жұмыс.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу

Мазмұны:

Кіріспе

І бөлім. Еңбек нарығы.

1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік.
1.2 Еңбек сұраным мен ұсыным.
1.3 Еңбек нарығының сигменті.
1.4 Еңбек нарығы – бұл бәсекелік нарық.

ІІ бөлім Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары.

2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар.

2.2 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы.

ІІІ бөлім Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығы және тұрғындарды
жұмыспен қамту мәселелері.

3.1Батыс Қазақстан облысының еңбек нарығындағы
жағдайы.
3.2Батыс Қазақстан облысының еңбекке ақы
төлеуі.

3.3 Еңбек биржасы және оның
қызыметтері.

3.4 Жұмыспен қамтамасыз ету саясаты.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы Еңбек нарығындағы сұраныс пен
ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу .
Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым –қазіргі
қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыспен қамту. Жұмысым
негізінен еңбек нарығы туралы түсінік,ондағы сұраныс пен ұсыныс,халықты
жұмыспен қамтамасыз ету концепцияларын,Батыс Қазақстан облысындағы еңбек
нарығының жағдайы туралы толық мағлұмат береді.
Сонымен, біздің қарқынды саяси әлеуметтік және экономикалық өміріміз
күн өткен сайын жаңа, тіпті, кей жағдайда күтпеген оқиғаларға тап болып
отырмыз. Ал, экономика адамзат өмірінің және қоғамның барлық жақтарын
анықтайтын болғандықтан, соңғы 5-10 жылдардың ішінде түбегейлі өзгерістер
жасалуда.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын
элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға
психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық
қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне,
мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және
еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа
барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік
әрекеттерінің және оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру
формасы. Еңбектің бағасы- ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол
тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның
отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан, еңбек
нарығы категориясын зерттеп талдағанда адамгершілік элементтер барын,
олардың көленкесінде жанды, жаны бар адамдар бар екенің естен шығармау
қажет.
Қазіргі заманғы еңбек нарығы азаматтарды лайықты жұмыспен қамтамасыз
етумен,жұмыс күшіне қатысты ұсыныстармен сұраныстарды қанағаттандырумен
байланысты экономикалық-құқықтық қатнастар жиынтығын білдіреді.

І Бөлім. Еңбек нарығы.
1.1 Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының
нарығы, бұлардың тепе – теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен
ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен
еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара
қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс
механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің
нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі
дәрежесі орнайтын ( қалыптасатын) экономикалық
орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығының қызыметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал – жағдайдың өте маңызды
көзі. Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік
ресурс ( фактор ) болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы екі
қызымет атқарады.
Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының
әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлерідің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз
етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке
рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады.
Еңбек нарығы бір сыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар
бәсекелестік қабілеттін күшеюне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның
өсуіне, квалификацияның жоғарлуына, мамандықты ауыстыруға тағы басқа
мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай
принциптер құрайды : фирмалардың ынталарын бенелейтін және еңбекке
сұраныс жасайтын жұмыс берушілернің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік
ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек
нарығындағы субъектілердің тәртібі рационалды болады, олардың
мүдделеріні жетуді және пайда табуды көздегенмен белгіленеді. Олар
үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер
болмайды. Жұмыс берушілер ұсыныстын жұмыс орындары және жұмыскерлер
ұсыныстын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен
көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтын механизімі баға арқылы жүзеге асырылатын
еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай
нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы
нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе – теңдік
ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының
әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни
нарықтық прцестің барлық мүшелерінің жалпы өзара әсерлермен
белгіленеді.

1.2 Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың қисық
сызығының еңкеюі теріс брышты болады: жалақының жалпы дәрежесі
өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік –
еңбектің саны (Q), тік білік (P) – жалақының ставкасы ( 1.1 сурет )

Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады,
жалақының жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп
отырады ( 1.2 сурет ) . Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен
есептесе отырып, тауарлар мен қызыметтер өндіру үшін, тиісті
квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің
жалдауға қажеттіліктермен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы
еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінің қабілеттерін
әдеттегідей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен белгіленеді. Сұраныс
та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың әсерімен қалыптасқан баға
дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен, адамдардың
санымен, жұмыскерлердің квалмфикациялық – мамандық құрылымымен, несие
– қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың, мәдени, діни және
басқа ұйымдардың қызыметтерімен қалыптасады. Сұраныс (DD) пен ұсыныстың
(SS) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе – теңдік дәрежесін
(PE) көрсетеді де жалақының осы дәрежесінде экономикада толық
жұмыспен қамту байқалады: Qe – еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең (
1.3 сурет).

Жетілген бәсеке жағдайында жалақының тепе – теңдік дәрежеден
ұзақ мерзім бойы ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе –
теңдік дәрежеден артық өсуі фирма жағынан еңбекке сұранысты
төмендетеді. Сонымен бірге жұмыскерлер жағынан еңбек ұсынысын
өсіреді. Мұның салдарынан еңбек ұсынысының артықшылығы пайда болады.
Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен оның тепе – теңдік
дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден төмендеп
кеткен болса, керсінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік
нарығы еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе – теңдігімен
және жалақының тепе – теңдік дәрежесімен сипатталады.
Еңбек нарығы монопсониямен ( олигопсониямен ) сипатталуы мүмкін.
Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз ( немесе бірнеше ) фирма
жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма – моносонистің
шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың
маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі
жоғары болуы мүмкін Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан
жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның тепе –
теңдік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек
нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын –
монопсониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалпы көлемінің
өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады.
Дамыған елдердің көбінде заң жүзінде жалақының миниумы
белгіленген. Бұның мақсаты – кедейліктің дәрежесін төмендету және
төмен квалификациялы жұмыскерлердің хал – жағдайын қолдау.
Номиналдық және нақты жалақы болатынан айыра білу керек.
Номиналдық жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты
жалақы - бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген
жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарлардың
саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға
дәрежесіне бөлсек, нақты жалақы шығады.
Нақты өмірде фирмалар мен жұмыскерлердің барлығы қатысатын
біртұтас абстракті еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің
интегралдық бірлігінде көптеген локальдіқ еңбек нарықтарынан,
сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар аймақтық, салалық
ерекшеліктермен, маманданған топтардың рөлімен, квалификациялық
топтармен, жыныс – жастық , ұлттық және тағы басқа айырмашылықтармен
сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқуы әсері арқасында пайда
болатын еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда (
сегменттерде ) орын алады және олардын динамикасы ерекше болады.
Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және
сапалық құрлымы ылғи өзгеріп отырады. Осымен бірге жұмысшы күшіне
сұраныс өзгертіп тұрады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның
модернизациясы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары
дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа, осы замандық
мамандықты жете игеруін тілейді. Әрбір белгіленген мерзімде сұраныс
пен квалификациясы жоғары жұмысшы күшінің арасында сәйкестік
болмайды.
1.3 Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сигменті
болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы
және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Бірншілік жұмыс
орындарының бірінші сигментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта
білім бар жұмыскерлер, әкімшілік – басқару персоналды, жоғары
квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік – көмекші персонал,
инженерлік – техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтын жалақысы
салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың
белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын
екінші сигмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны
тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, кызымет көрсететін
жұмыскерлер, қызыметшілердің төменгі категориясы жатады.
Жекелеген аймақтардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін
еңбек нарығыныңрегионалдық сигментациясы болады. Осы ерекшеліктердің
негізінде халықтың әлеуметтік – демографиялық құрлымы, жұмысшы күшінің
профессионалдық – квалификациялық құрлымы, ұлттық құрам жатады.
Жұмысшы күшінің құрлымы болмағанда бес сигменттен тұрады.
Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы
жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, қадрлық жоғары
квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық
қайта құруға және қысқартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының
жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде,
еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің
әсіресе осал (әлсіз) категориясы-жастар, қарт адамдар, дене және ой-
сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және
т.б.

1.4 Еңбек нарығы-бұл бәсекелік нарық. Оның
құрылымдықфункционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан,
қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында
белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары
квалификасия талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып
қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір
бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын
болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады.
Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды
орналасу үшін, жоғары квалификатсиялы жұмыскерлер мен мамандар да
бір- бірімен бәсекелік сайыста болады.
Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары
квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға миханизмі арқылы белгілі
сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты
қалыптастыратын, экономикалық агенттердің қимылдарын үйлестіруге
қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы-бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы
бар динамикалық нарық.
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады:
жұмысшыкүші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына
кірушілер;жұмыс іздеуден бас тартқандар;жұмыс іздеуді
бітіргендер;жұмыс тапқандаржәне т.б.Осы адамдардың бейімділігі
қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.

ІІ Бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары.
2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы концептуалдық
бағыттар
Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың
концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге
назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдеріне Д . Гидлер,
А.Лаффер, М Фелдстайн, Р.Холл тағы басқа жатады. Олар өздерінің
концепцияларының негізіне А.Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы
авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі
емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның
реттеушісі нарықтық механизм. Еңбек бағасы ( жалақы дәрежесі )
жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Жұмысшы күшінің
бағасы нарық конъюнктурасына сезімшілдікпен жауап береді, осы
конъюнктураның нақты қажеттігіне сәйкес өсіп немесе төмендеп
отырады. Жалақының өсуі немесе азаюы арқылы еңбекке сұраныс және
ұсыныс реттеліп отырады. Егер еңбек ұсынысының оған сұраныстан
артық болуының нәтижесінде жұмыссыздық пайда болса, онда жұмыссыздық
бағаның төмендеуіне, яғни, жалақының төмендеуінің арқасында еңбек
нарығында тепе – теңдік орнағанша әсер етеді. Классикалық үлгі еңбек
нарығы өзін - өзі реттеуші деген принципке негізделеді.
Кейнстік бағыт еңбек нарығын жұмысшы күшін қатал бақылап
отыратын оқшау ( инерттік ) жүйе деп қарайды. Жұмыспен қамтудың
негізгі параметрлері – жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың дәрежесі,
еңбекке сұраныс, нақты жалақының дәрежесі, - еңбек нарығында
белгіленбейді, олар тауарлар мен қызыметтердің тұтынулық және
инвестициялық нарығындағы тиімді сұраныстын көлемімен белгіленеді.
Еңбек нарығында тек жалақының дәрежесі және осыған тәуелді еңбек
ұсынысының көлемі қалыптасады. Бірақ еңбек ұсынысы нақтты жұмыспен
қамтуды қалыптастыруда жетекші рөл атқармайды, ол тек жалақының
берілген көлемі жағдайындағы оның барынша жоғары дәрежеде болатын
мүмкүндігін сипаттайды. Жұмысшы күшіне сұранысты жиынтық сұраныс,
инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады.
Жұмыссыздықтың амалсыз болуы жиынтық тиімді сұраныстың жетімсіз
болуымен байланысты. Мұны реттеудің бюджеттік және ақша - несиелік
реттеудің экспансионистік шаралары жоя алады. Жиынтық сұраныстың
өсуіне әсер етіп, мемлекет еңбекке сұраныстың өсуіне көмектеседі.
Осының нәтижесінде жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыссыздықтың
төмендеуіне жол ашылады.
Кейнстік концепция бойынша, жұмыспен қамтуға тек жиынтық
сұраныс әсер етпей қоймайды, оған жалпы сұраныстың өсуінің әр
түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың құрлымы
әсер етеді. Жұмыспен қамтудың жеткілікті дәрежесінің тиімді құралына
мемлекеттің инвестициялық іс - әрекеттерінің молаюы, экономикалық
дамудың нақты жағдайларымен есептесе отырып, мемлекет тарапынан
инвестициялардың оптималдық көлемі қамтамасыз етілуі жатады. Кейнстік
үлгі мемлекеттің макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне
негізделеді, ал оны жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар
заңдылықтар мен құбылыстарға ( тұтынуға бейімділік, жинақтауға
бейімділік, инвестицияға ынталандыру ) және басты экономикалық
көрсеткіштердің арасындағы мультипликативтік байланыстарға негізделеді.
Монетарлық мектептің ( М.Фридмен, Э.Фелпс және тағы басқа )
тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономика жұмыспен қамтудың рационалды
дәрежесін өзі белгілейтін, өзін - өзі үйлестіретін жүйе, бағалық
механизм болып табылады. Осындай жүйеге мемлекеттің кірісуі нарықтық
өзін - өзі реттейтін механизімін бұзады, ал мемлекеттің жиынтық
сұранысқа ақша арқылы әсер етуі түбінде инфляциялық спиральдың
шырқауына әкеліп соғады.
Монитаристердің болжауы бойынша, қандай уақытта болмасын,
нақты жалақы ставкаларының құрылымдық тепе – теңдігімен үйлесімде
бола алатын жұмыссыздықтың белгілі бір дәрежесі болады. Осы дәреже
жұмыссыздықтың табиғи нормасы деп аталады. Бұл еңбек пен тауарлар
нарығының нақты құрылымын – нарықтағы жетімсіз жағдайларды, сұраныс
пен ұсыныстың схоластикалық ( кездейсоқ, ықтимал )

ауытқуларды, бос жұмыс орындары мен бар болып отырған жұмысшы күші
туралы информациялардың құнын тағы басқа сипаттайды. Жұмыспен
қамтудың өзінің табиғи дәрежесінен ауытқуы тек қысқа мерзімдік
сипатта болады. Оның дәрежесі тепе – теңдік дәрежеден жоғары болса,
инфляция үдей түседі, егер төмен болса – дефляция жанданады.
Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты жұмыссыздық нормасының оның
табиғи дәрежесінің ауытқумен, өндіріс көлемі және жұмыспен
қамтылғандардың санының ауытқулармен күресуге бағытталуы қажет. Еңбек
нарығын теңестіру үшін монетаристер көбінесе ақша – несие саясатының
құралдарын пайдаланған жөн деп тұжырымдайды.

Институционалдық – социологиялық мектеп – Т.Веблен, Дж.Данлоп,
Дж.Гэлбрейт, Л.Ульман жұмыспен қамтудың мәселелерін әр қилы
институционалдық реформалар арқылы шешуге болады деп тұжырымдайды.
Еңбек нарығындағы мәселелердің шешілуін тек макроэкономикалық
талдауға артуға болмайды. Осы мектептің өкілдері еңбек нарығындағы
мәселелердің болуын жұмысшы күшінің құрылымындағы
және оларға сәйкес келетін жалақының дәрежелеріндегі
айырмашылықтардың әлеуметтік, профессионалдық, салалық, жыныстық пен
жас жағынан, үлкен – кішілік, этникалық және тағы басқа
ерекшеліктерімен дәлелдеуді жөн көреді.

2.2 Икемді нарық концепциясы мен жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы

Икемді ( жұмсақ ) нарық концепциясы - ( ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу
Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың түрлері
Жұмысбастылықты басқару
Жұмыссыздықтың түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың шығындары
Еңбек күшінің жіктеуі
Жұмыссыздық және халық табысы
Жұмыссыздық және халықтың табысы
ҚР-ның еңбек сұранысы, артық жұмысбастылық, еңбекақы бойынша төлем қабілетсіздік
Пәндер