Алаш партиясы және Алашорда автономиясы



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қазан төңкерісінің әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері туралы пікірталастар
2. Алаш партиясы және Алашорда автономиясы (1917 жыл, желтоқсан — 1920 жыл, ақпан)
3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918—1920 жж.)

Қорытынды

Пайдланлыған әдебиеттер
Қазақстанда қазан төңкерісі және социализмді орнату
(1917 қазан— 1940 жыл)
Қаралатын мәселелер:
1. Қазан төңкерісінің әлеуметтік базасы жөне қозғаушы күштері туралы пікірталастар.
2. Алаш партиясы және Алашорда Автономиясы (1917 жыл, желтоқсан — 1920 жыл ақпан).
3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж).
4. Қазақстанда азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армияның әскери бөлімдері мен құрамдары (1918-1920 жж).
5. РКП (б) X съезінің жаңа экономика саясаты (НЭП) және оның Қазақстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы. Жер су реформасын іске асыру.
6. Орта Азия Кеңестік Республикаларының ұлттық мемлекеттік межеленуі жөне Кеңестік Қазақ Автономиялық республикасының құрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж).
7. Қазақ АССР-дағы Кеңестік мемлекеттік құрылыс және байлардың шаруашьшықтарын тәркілеу (конфискелеу).
8. Қазақстандағы индустриллавдыруға көшу және бірінші бесжылдық (1926-1932 жж).
9. Қазақстанда күшпен ұжымдастыру, отырықшыландыру мен орталыққа ет тапсыру науқанының қасіреті (1932-1933жж).
10. Ұжымдастыру жылдарындағы қазақ босқындары және олардың жанкештілік күресі (1930-1932жж).
11. Қазақстанда халық шаруашылығын қайта құрудың аяқталуы (1934-1940жж).
12. Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940жж).
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында . "Атамұра", 1999.
2. Назарбаев Н.Ә. Жанымызда жатталсын, татулық дөйім сақталсын. Алматы, 1998.
3. Мүстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992.
4. Елеуов Т.Е. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. Алма-Ата, 1961.
5. Социалистическое строительство в Казахстане в восстановительный период. Алма-Ата, 1962.
6. Шесть лет национальный политики советской власти и наркомнац. М,.1924.
7. Қойгелдиев Мәмбет. Алаш қозғалысы. Алматы, "Санат", 1995.
8. Коллективизация селького хозяйства важнейшие постановление Компартии и Советского правительство 1927-1935. М., 1957.
9. Базанова Ф.Н. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР (национальный аспект), Алма-Ата, 1987
10. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. Том 3. Алматы. 1999.
11. Қазақ ССР тарихы (Социализм дәуірі). Алматы, "Ғылым", 1964.
12. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 5-том. Алматы "Ғылым" 1984.
13. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты, 44 қор; 1179 қор; қор 16;
14. Кәкішев Т. Шындықты бұрмаламай, жұлмаламай айтайықшы. Қазақстан Коммунисі, 1990, №5.
15. Вопросы истории Компартии Казахстана. Алма-Ата. 1985.
16. Народное хозяйство Казахстана, 1979, №4.
17. Қазақстан тарихы. 1991. №1,3. 1992 1993 №1,3 1995. №3.
18. Қазақ ССР-нің 4 томдық қысқаша энциклопедиясы том 1. Алматы, 1985.
19. Нүрпейісов К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. "Егемен Қазақстан". 1997, 5желтоқсан.
20. Сариева Р. Қазақстан тотолитаризмінің 1932-1933 жылдарындағы қасіреті мен қайғысы. "Егемен Қазақстан" 1998 жыл 29 мамыр.
21. Омарбеков Т. Азалы тарих ақиқаты. "Егемен Қазақстан". 1996 ж. 8 маусым.
22. "Егемен Қазақстан". 1992, 22 желтоқсан.
23. Амангелді Айталы. Үлттың биік мерейі. "Егемен Қазақстан". 2002, 22 наурыз.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қазан төңкерісінің әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері туралы
пікірталастар
2. Алаш партиясы және Алашорда автономиясы (1917 жыл, желтоқсан — 1920 жыл,
ақпан)
3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918—1920 жж.)

Қорытынды
Пайдланлыған әдебиеттер

Қазақстанда қазан төңкерісі және социализмді орнату
(1917 қазан— 1940 жыл)
Қаралатын мәселелер:

1. Қазан төңкерісінің әлеуметтік базасы жөне қозғаушы күштері туралы
пікірталастар.
2. Алаш партиясы және Алашорда Автономиясы (1917 жыл, желтоқсан — 1920 жыл
ақпан).
3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж).
4. Қазақстанда азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армияның әскери
бөлімдері мен құрамдары (1918-1920 жж).
5. РКП (б) X съезінің жаңа экономика саясаты (НЭП) және оның Қазақстан
халқын ашаршылыққа ұшыратуы. Жер су реформасын іске асыру.
6. Орта Азия Кеңестік Республикаларының ұлттық мемлекеттік межеленуі
жөне Кеңестік Қазақ Автономиялық республикасының құрылуы мен нығаюы (1920-
1925 жж).
7. Қазақ АССР-дағы Кеңестік мемлекеттік құрылыс және байлардың
шаруашьшықтарын тәркілеу (конфискелеу).
8. Қазақстандағы индустриллавдыруға көшу және бірінші бесжылдық (1926-1932
жж).
9. Қазақстанда күшпен ұжымдастыру, отырықшыландыру мен орталыққа ет тапсыру
науқанының қасіреті (1932-1933жж).
10. Ұжымдастыру жылдарындағы қазақ босқындары және олардың жанкештілік
күресі (1930-1932жж).
11. Қазақстанда халық шаруашылығын қайта құрудың аяқталуы (1934-1940жж).
12. Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-
1940жж).

1. Қазан төңкерісінің әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері туралы
пікірталастар

1917 жылы қазанда Петроградта және оның маңайында социалистік
революцияның жеңіп шығуы үшін партияның басшылығымен Қызыл гвардияшылардың,
революцияшыл солдатгар мен матростардың 250 мың жауынгерінен тұратын
екпінді отряд жасақталды. Осы басты үш күш 24 қазанда таңертең шабуылға
шығып, сол күннің кешінде көтерілістің орталығы Смольныйға В.И.Ленин
келгеннен кейін, көтеріліс өзінің шешуші кезеңіне көшті. 25 қазанда
(қарашаның 7) таңертең Петроград Советі жанындағы Әскерирев. Комерциялық
комитет В.И.Ленин өзірлеген "Россия азаматтарына" үндеуді жариялады. Онда
Уақытша үкіметтің құлатылғаны хабарланды. 25 қазанның кешінде Смольныйда
Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды. Съезд "Жұмысшыларға,
солдаттарға және шаруаларға" үндеудегі бүкіл өкімет билігінің Советтерге
көшкенін мәлімдеп, қарулы көтерілістін; жеңіп шыққанын баян етті. Съезд
Бейбітшілік туралы, Жер туралы декретгер қабылдап, БОАК-ті сайлады. Совет
үкіметін-Халық Комиссарлары Советін құрды. Оның Председателі болып
В.И.Ленин бекітілді. Жаңа заман басталды.
Совет үкіметінің алғашқы актілерінің бірі "Россия халық-тарыправоларының
Декларациясы" болды. Онда жұмысшы шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі
принциптері: Россия халықтарының теңдігі мен сунерендігі, олардың өзінің
мемлекет құрылысын өзі шешу правосы жариялауды. Ұлтгық және этникалық
азшылық пен топтардың еркін дамуы, ұлттық және діни артықшылықтарды жою-
Совет өкіметінің ұлт программасы, міне осындай еді.
Қарашаның басында Москвада жеңіске жеткен революция бүкіл елде өзінің
салтанатты шеруін бастады. Поволжьеде, Уралда, Сібірде Совет өкіметінің
орнауы кейбір себептерге байланысты біраз кешеуілдеді. 1917 ж. 30 қазанда
Қазақстанда алғаш рет өкімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда)
жұмысшылары мен солдаттары өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен гарнизон
орналасқан ірі теміржол станциясы болатын. 3 маусымда мұнда дербес
большевиктік ұйым құрылып, РСДЖ(б) П ОК-нің Москва бюросымен байланыс
орнатқан еді. Түркістан мен Сырдария облысының әкімшілік орталығы
Ташкенттегі қарулы көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін Әулиеатада, Шымкентте,
Қазалыда т.б. жерлерде бейбіт жолмен Совет өкіметі орнады. Біраз кідірістен
кейін — 22 қарашада Петропавлда, 27 желтоқсаңца Ақмолада өкімет биллігі
Советтер қолына көшті. Оның кідіру себебі Сібір казақтарының ауқатты
бөлігіне арқа сүйеген әсерлер мен меньшевиктер белсенді қарсылық көрсетті.
Ұсақ буржуазиялық қайраткерлердің қазақтардың офицер атаман топтарымен
бірігуі оларға кей жерлерде революция күшін уақытша тежеуге мүмкіндік
берді. Оралда, Орынборда, Алматыда меныпевиктер мен әсерлердің қатысуымен,
"әскери үкімет"құрылды. Ол Совет өкіметімен күреске әзірлік жұмысын өз
қолына алды. Семейде, Павлодарда, Өскеменде ұсақ буржуазиялық "делегаттар
жиналысының" қолшоқпары басшьшық етті. Бұл жерлерде қазақ полктерімен,
жасақтармен, офицерлік-юнкерлік отрядтармен бірге реакция жергілікті
халықтардың буржуазияшылдарынан қолдау тапты. 14 қарашада атаман Дутов
Орынборда төңкеріс жасап, Поволжье мен Орал өңірі Қызыл гвардияшылдармен
ашықтан-ашық Қазақстаңда кеңес үкіметіне қарсы соғыс қимылдарына көшті.
Басқа жол, басқа әдісті өлі танып-білмеген қарапайым халықтың басым бөліп
коммунистердің соңына еріп, ал мұндай әрекеттің арты немен аяқталатынын
әуелде жақсы түсіне алмады. Олар өз арасынан комиссарлар сайлап Совет
үкіметін қолдады.
Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге,
қазақ қоғамында ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен әдісіне қатысты
жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлттық
демократиялық интеллигенция қазақ жеріңдегі ара салмақтың өзгергенің қарсы
тұрған жаудың да күші мен айласы бұрынғыдан басқа екендігін ескере отырып,
күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлттық
саяси тұтастық және негізгі мақсаттар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту
екендігін халыққа жеткізуге тырысты.
Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура
келетіндігін көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман,
жаңа өзгерістердің келе жатқандығын тура түсіне отырып, енді белсенді
әрекетке көшті. Оның бұл өрекеті алдымен саяси партия құрудан басталды.
2. Алаш партиясы және Алашорда автономиясы (1917 жыл, желтоқсан — 1920
жыл, ақпан)

Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда
"Алаш" партиясының кезекті (үшінші) съезін өткізді. Съезде Алашорда
автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі
Ә.Бөкейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады, программалық документтер
қабылдады. Ол 25 мың адамнан тұратын милиция формасыңдағы ұлттық қарулы күш
ұйымдастыруды белгіледі.
Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шілденің 21-28-інде Орынбор
қаласында жалпы қазақтық I съезінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе
талқыға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: "Русия демократическая,
парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлтжігіне қарай
облыстық автономия алуға тиіс" деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер
проблемасы жайында 14 бағыттан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта
алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орньнып болғанша қазақ жері
ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін
жойған жоқ.
Ал қазақтың ұлттық-территориялық мәселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы
5-13 желтоқсаңда Орынбор қаласындағы жалпықазақтың II съезінде заңды түрде
бекітті.
Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссимық құрылтай съезі
бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ"
газетінің 251 санында жариялаңды. 10 баптан тұратын саяси құжатта қазақ
елінің ұлттық, тілек-мақсатының негізгілері баяндалды, онда: "Алаш Орда"
үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекеттік үкімет билігшің түрі
"федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды.
Ол. республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы
механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді.
Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекеттен бөлуді
де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болып табылатын
халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру,
"түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау жөне жерге мемлекеттік
меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.
Осы жалпықазақтық II съезіңде: "Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен
қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі құрылды, оның аты "Алашорда" деп
аталды. "Алашорданың" өкімет құрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар
арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.
Алаш автономиясыньщ Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт
кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей
ордасы), Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы),
Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы),
облыстардан тыс Алашорда құрамына Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов,
Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев,
Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне
орынбасарлар болып қазақ өлкесінің өр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің
канди-датуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі
— Алашорданың төрағасы болып сайланды.
Сол кездегі Алашорда автономиялық мемлекетінің жері Россия империясының
бес әкімшілік (административных) құрамы болып кірген еді. Сырдария мен
Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы
Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің құрамына
кірді.
Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар, 1918 жьшғы
көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмүхамедовтар Москвада автономия
алу женінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов,
Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясының жер көлемі,
шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шілдеде
шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда үкіметінің іске кіріскені"
туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жылы майда Оралда өткен
қазақ съезінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойып
уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол
сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың
батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының терағасы
Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс бөлімін құру жайын іс қағазына қол қойған,
бірақ Алашордада занды түрде мұндай бөлінуі болмаған1". Осының бөрін ескере
отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды2 — деп
жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған
есебіңде.
"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында
екілетті өкімет биліктерін ұйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне"
ақырына дейін адал болып қалған әскер бөлімдерінің атамандарымен әскери
одақ құрып, олардан қару-жарақ алмақ болды.
Алаш үкіметінің терағасы Ә.Бөкейханов 1919 жылдың басында Омбыда
Колчактан қару-жарақ сұрау ниетімен барғаңда Алаш Орда үкіметіне бағынышты
әскердің құрамын, тұрған жерін санын айтады: солардың ішінде:
Жетісу майданында — 700 адам, Тройцкіде — 540 адам, Орал облысында 2000
адамнан құрылған 2 әскери бригада болғанын көреміз. Колчак Қазақ
автономиясын мойындаудан бас тартқан соң Алаш Орда үкіметінің басшылары
Совет өкіметімен келісімге келеді. Ал А.Байтұрсынов 1919 жылы 25 шілдеде
Кирревкомның мүшесі болып В.И.Ленин қолынан мандат алды.
Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21
желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған құпия хатында атты казактардың
қыстағанына қарамастан Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанын,
тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында қара беріп
кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа
анығынан сенбей қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан
майданының Оралдағы соғыс-революция советінің мүшесі Лежава-Мюратпен
байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекетгерін тездетіп, қазақ даласын ақтардан
тазартуларын өтінгеңцерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның
бір адамын жіберулерін өтінеді.
Батыс Алаш Орда басшылары Қызыл Армияның Ойыл қаласына келген татар
атқыштар полкінің командирі Мәуледов және коммиссары Қасымовпен тығыз
байланыс жасайды. Бұл жөнінде татар полк командирінің 3-ші Түркістан атты
дивизиясының бастығына жазған ақпарында: "Қызыл қоғамдағы Алашорда отряды
біздің нұсқауымыз бойынша, 1919 жылы 27 желтоқсанда таң алдында білдірмей
шабуыл жасап, Елек корпусының барлық штабын, бастығы корпус комавдирі
генерал Акутинді, оның көмекшісі полковник Марковты, штаб бастығы Шадринді,
полковник Ершовты қарусыздандырып ұстап алды. Біздің отряд Қызыл қоғаға 28
желтоқсанда кірді," — деп хабарлайды. Батыс Алаштың қызылдарға берілгені
жөніңде майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе 1919 жылы 21 желтоқсаңца В.И.Ленинге
берген телеграммасында: "... Алашорданың Каспий жағалауына дейінгі
диктатурасын негізге алған большивиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да
Алаш көсемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан
революциясының ұрандарын, кеңес өкіметінің идеялары мен нақты іс-
әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты.
Азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес өкіметше жау
күштермен одақтас болды. Нәтижесіңде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес
өкіметі Алаш пен Алаш-орданы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінен аластауда
алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды. Кезінде
(1919 және 1920 жылдары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың
барлығына кешірім жасағанына қарамастан азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда
Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, өдебиеті мен өнері-нің халық
шаруашьшығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық
интеллигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған
қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен "халық жауы" аталып, сталиндік
әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болды., ал олардың ғылыми және әдеби
мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды.
Тек соңғы 15 жылдың жүзінде ұлттық-демократиялық интеллигенцияның халық
таныған көсемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани
мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.
"Алаш Орда" үкіметінің Қазақстандағы 4 жьщдық басқару кезеңі, міне осылай
аяқталды1. Кеңестік социализм идеологтары "Алаш Орданы" буржуазиялық
ұлтшылдық қозғалыстан өзге ешнәрсе емес деп бағалайды. Алайда біздің
жоғарыда атап көрсеткеніміздей оның қызметі мен бағдарламасында
"буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі жоқ. "Алаш" — "ұлттық-
демократиялық" партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының өз
тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп
бағалау керек.
Үкімет билігін қолына алған большевиктік-марксистік партия ұлттардың
бөлініп кетуге дейінгі өзін-өзі басқару ұранын "интернационалдық бірлік"
жөне "сепаратизмге жол бермеу" ұрандарымен ауыстырды. Ал өз идеяларын
өздеріне дейінгі патшалы Ресейдегіден әлдеқайда қатал және қатып-семіп
қалған догмалық нұсқада жүзеге асыра бастады. Сонымен патшалық Ресейдің
отарлау кезеңі "Алаш Орда" автономиясының уақытша жүргізген ұлттық басқаруы
кезеңімен алмасты. Ал "Алаш Орда" үкіметін Кеңес өкіметі 1920 жылы қүлатты
да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттілік орнады. Ол іс жүзінде езінің
басқару тәсілдері жағынан ұлттық дербестікке, өздерінің этникалық тарихы
мен салт-дәстүрлерін одан әрі жалғастыруға ұмтылған халықтарды идеялық
жағынан басып-жаныштап отыратын жүйесі болған патшалы Ресейдің тым қатал
тәсілдерінен де асып түсті.
Сонымен қорыта келгенде Ақпан көтерілісінен кейін ұлттық қозғалыс жаңа
серпін алды. 1918 жылы 22 қаңтарда Кеңес өкіметіне балама ретінде Қоқанда
Түркістан автономиялы республикасы, ал 1917 жылы 5-13 желтоқсаңца Орынборда
Алаш автономиясы жарияланды. Алайда әуелі Қоқан, кейін "Алаш" өкіметтері
ұлттық мемлекеттік идеяны жүзеге толық асырып болмай-ақ, тарих саханасынан
аластатылды. Қазақ ұлттық мемлекеттігін құру идеясы тек кеңестік түсінік
тұрғысында ғана үстем болды.
1920 жылы 9 мартта Қырғыз (қазақ) ревкомы Алашорданың және оның барлық
мекемелерінің жойылғаны туралы хабарлады.
3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918—1920 жж.)

1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин қол қойған халық комитетінің декреті
бойынша қырғыз1 (қазақ) революциялык комитеті құрылды. Оның қарамағына
Қазақ Совет автономиясы жарияланып, өлке Советтерінің қүрылтай съезі
шақырылғанға дейін қазақ тұрғындары мекендеген Орал, Торғай, Ақмола, Семей
облысы мен Астрахань губерниясы жеріндегі барлық жоғарғы әскери-азаматтық
басқармалар берілді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті алғашында РСФСР
үкіметі тағайындаған 7 мүшеден тұрды. Халкомсовтың келісі-мімен қырғыз
(қазақ) революциялық комитеті өз құрамын жергілікті тұрғындардан қызметке
адам алу арқылы толықтырып отыруға праволы болды. Ол ішкі контрреволюция
мен өскери-интервенцияға қарсы еңбекшілер күресін басқарып, совет
ұйымдарының мемлекеттік шаруашылық және мәдени құрылыстағы барлық істерін
біріктіріп, ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардың әдет-ғұрпы мен жағдайын
ескере отырып, Совет үкіметінің қаулыларын жүзеге асырды, Қазақстан
Советтерінің құрылтай съезін шақырып, өткізуге дайыңдық жұмыстарын
жүргізді. РСФСР-дің ұлт жөніндегі халкоматының басшылығымен қазақ халқының
Советтік мемлекетін құру жөніңдегі ереженің жобасын жасады. Өлке халқының
күнделікті өміріне түрлі салалар бойынша Қырғыз (қазақ) революциялық
комитетінің жанына құрылған бөлімдер мен бөлімшелер басшылық етті. Бірінші
председателі С.С.Пестковский болды. Революциялық комитет құрамында әр кезде
Ә.Әйтиев, САрғыншиев, А.Д.Авдеев, Ә.Жанкеддин, Б.Қаратаев, С.Мендешев,
М.Тұнғашин т.б. кірді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитет 1920 жылы 13
қазанда құрылтай съезі шақырылғанға дейін жұмыс істеді.
1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі Казақстан әкімшілік тұрғысынан қазақ
жері біртұтас болмады. Мәселен, өлкенің Батыстағы айтарлықтай бөлігі —
Астрахань генерал-губернаторына, дала елкесі — Батыс Сібірге, Оңтүстік
облыстар Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Совет өкіметі
орнағаннан кейін де қазақ облыстары әкімшілік жағынан бытыраңқы жағдайда
болып, РСФСР-дің түрлі губернияларының қарамағында қалып қойды. Мәселен
солтүстік-шығыстағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Алашорда автономиясы
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ ЖӘНЕ XX ҒАСЫРДЫҢБАСЫНДАҒЫ КАЗАҚСТАНДАҒЬІ ӘКІМШШК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
Алаш зиялыларына қарсылық
Ақпан төңкерісі
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Пәндер