Францияның мемлекеттік бюджеті



Құрамы, бюджет процесі және кезеңдері
Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына- 4% үлесі тиеді.
Мемлекттік бюджет- бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.
Бұлар қаржы автономиясын қолдана отырып, сауда- өнеркәсіптік операцияларымен айналысатын және де өзднрі заңды тұлға болып саналмайтын ұйымдар үшін енгізілген. Қазірде біріккен 7 бюджет бар- 1 әскери және 6 азаматтық. Олардың ішінде- пошта бюджеті, телеграф пен телефон бюджеті, әлеуметтік ауыл шаруашылық жәрдемақылар бюджеті, ұлттық баспахана, т.б. тұрады.
Бірікккен бюджет құрамында: ағымдағы іс- қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, займдардан және т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан
Қолданылған әдебиеттер

1.Нәдірова – Шет мемлекеттер қаржылары.
2.Ж.О.Ихданов,Ә.О.Орманбеков – Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.
3.Доғалова Г.Н.-Халықаралық экономика.
4.Н.Қ.Мамыров,Д.М.Мадиярова,А.Е.Қалдыбаева- Халықаралық экономикалық қатынастар.
5. «Өмір» 2005ж.
6. «Егемен Қазақстан» 2005ж.

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Францияның мемлекеттік бюджеті:
Құрамы, бюджет процесі және кезеңдері

Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы
бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар,
жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке
9%, әлеуметтік сақтандыру қорына- 4% үлесі тиеді.
Мемлекттік бюджет- бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы
мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.
Бұлар қаржы автономиясын қолдана отырып, сауда- өнеркәсіптік
операцияларымен айналысатын және де өзднрі заңды тұлға болып саналмайтын
ұйымдар үшін енгізілген. Қазірде біріккен 7 бюджет бар- 1 әскери және 6
азаматтық. Олардың ішінде- пошта бюджеті, телеграф пен телефон бюджеті,
әлеуметтік ауыл шаруашылық жәрдемақылар бюджеті, ұлттық баспахана, т.б.
тұрады.
Бірікккен бюджет құрамында: ағымдағы іс- қызметтерге байланысты
табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген
арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі,
егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы
бюджеттен бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын
қаражаттарынан, займдардан және т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының
негізгі көзі болып салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан
құралады.
Салықтар арқылы ұттық табыстың 50% қайта бөлінеді.
Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді:
1) Қорытынды сипаттағы операциялар; (қайтарымсыз қаржыландыру).
2) уақытша сипаттағы операциялар. (несиелік операциялар).
Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет
шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік
шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.
Экномика шығындары өсіп келеді. Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі 25-
35%. Экономиканы реттеу шығындарының құрамына өнеркәсіп пен қызмет көрсету
саласының шығындары, транспорт пен байланыс, ауыл шаруашылығы кіреді.
Мемлекеттің экономикаға араласуы ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін
жоғарылату мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе қомақты қаражаттар
субсидия түрінде мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалады.
Машина жасау өнеркәсібі, әуе қатынасы құрылысы, мұнай өңдеу сияқты
салалардағы мемлекеттік тапсырыс әрдайым өсіп отыр.

Әскери шығындар. Франция НАТО әскери ұймынынан шығып ектсе де, оның
мүшесі болып қалды. 90-шы жылдары мемлекет тікелей әскери шығындары бойынша
әлемде 4-ші орынға шыққан. Қорғаныс министірлігінің әскери шығындарынан
басқа, премьер-министр бюджетінің шығындары да айтарлықтай (бас штабы
шығындары, барлау органдары, радио бақылау қызметері).
Ал, жанама әскери шығындарға: мемлекеттік қарызды басқару шығындары
мен әскери зейнетақылар жатады. Әскери мақсатқа жұмсалатын жалпы
қаржыландыру мемлекеттік бюджет көлемнің шамамен 35% дейін жетеді, бұл ЖҰӨ-
ң 4% деген сөз.
Әлеуметтік қажеттілік шығындары салыстырмалары түрде төмендеуде.
Үкімет бұл қаражаттарды тек әлеуметтік теңестіру үшін ғана емес,
экономиканы реттеу мақсатында жұмсайды. Ең төменгі жалақы және мүгедектік
бойынша берілетін зейнетақы көтерілді. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру
қорына аударылатын жұмысшылар жарнасының көлемі де ұлғайды. Бұл шығындардың
ішіндегі ең көп көңіл бөлетіні- білім беруге бөлінетін қаржы, оның үлесі
бюджеттің жалпы шығыстарының 25% құрайды.
Басқару шығындары мемлекеттік биліктің барлық органдарын қамтиды.
Құрамында шамамен 1 млн-ға жуық адамы бар үлкен әкімшілік аппаратының бар
болуы, мемлекеттік саяси, экономикалық және әлеуметтік қызметтерімен тағыз
байланысты. Бұл бағыттағы шығындар мемлекеттік бюджет шығындарының шамамен
12% құрайды.
Сыртқы байланыс шығындары- халықаралық байланыстарға, қарым-
қатынастарға байланысты шығындар. Бұл тізімге Африка мемлекеттеріне көмек
кіреді. Дамушы елдерге көмек беру жағынан Франция АҚШ-тан кейін екінші
орынды иемденеді.
Бұл шығындар өзінше жеке дара сыртқы байланыстар деген бапқа кіреді.
Осы бапқа сай халықаралық зерттеу ұйымдарына қатысуына байланысты шығындар
қарастырылған. Бұл баптағы қаражат көлемі шамамен 1,3 млрд франк,
халықаралық ұйымдарға жарналар 1,5 млрд франк, сондай-ақ дипломатиялық және
консулдық аппарат шығындары да осы бапқа енеді.
Қайта өндіріс процесінде мемлекеттік бюджет аса маңызды функциялар
орындайды, оның ЖІӨ-гі үлесі 20% астам.
Жалпы, Францияда бюджет процесі 4 сатыдан тұрады және ол 3 жылдан
астам уақытқа созылады. Алғашқы саты- бюджет жобасын құру, экономика және
қаржы министірлігінің (ЭҚМ) бақылаумен 9 ай бойы жүргізіледі.
Әрбір министірлік пен ведомство өз сметаларын жасап, қаржылық
бақылаушы тіркегеннен кейін бюджет жобасын даярлау үшін ҚЭМ-не жіберіледі.
Бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан кейін парламентке жіберіледі.
Екінші саты- үш ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту.
Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы парламентке
берілген. Бюджет жобасы әр палатының қаржы комиссиясының тексеруінен өтеді.
Комиссияның бас баяндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері
бойынша баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгі палатада (ұлттық
жиналыс) талқыланып,содаң соң жоғарғы палатаға (сенатқа) талқылауға қарауға
беріледі.
Бюджет бекітілуі қос палатаның біріккен отырысында өтеді. Егер сенат
берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны қайта қарауға
төменгі палатаға қайта қайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі
мәрте талқылауға түсіп, мақұлданбаса, онда президент өзінің жарлығымен
(ордонанс) бюджетті заң деп жариялайды. Бұл жағдайда ордонанстық бюджет
күшіне енеді.
Франция парламентінің бюджеттік құқықтары Ата Заңмен шектелген.
Парламенттің ұсыныс немесе өзгертулер еңгізуге құқығы жоқ.. Жалақының
төменгі шегі, отбасылық жәрдемақылар сияқты халықтың көп бөлігін
қызықтыратын, толғандыратын мәселелер бойынша бірқатар баптарды бекіту де
парламент құзырынан алынып тасталған. Ол тек аса маңызды баптардың жалпы
сомасын бекіте алады. Ал, кейбір баптар тіптен бірнеше жылдарға бекітіліп,
парламенттік бақылауды әлсіздендіре түседі.
Үшінші саты- бюджеттің орындалуы, ол бір жылды қамтып, бюджет жылы деп
аталады. Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді. Бюджет орындалуының
жалпы жетекшілігі ҚЭМ-не жүктелген. ҚЭМ-гі министірліктер мен ведомстволар
берген ұсыныстар (заявкалар) бойынша шығындардың айлық кестесін жасайды.
Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.
Бюджет жылы аяқталғаннан кейін- төртінші саты басталады, яғни,
экономика және қаржы министірлігі бюджет орындалуы туралы есеп беруді
құрайды. Арнайы бақылау органы, яғни есеп палатасы бюджеттің орындалуы
туралы есепті тексергеннен кейін парламент бекітуіне кіреді.
Бюджет процесі барысында қаржы бақылауы жүзеге асып отырады.
Мемлекеттік бақылаудың арнайы органы болып есеп палатасы саналады, ол алдын
ала, ағымдағы және кезекті бақылауларды орындайды. Әр министрлік пен
ведомствода қаржы бақылаушысы болады. Олардың негізгі айналысатын ісі-
қаражаттардың жұмсалуын тексеру. Жоғарыда аталып кеткендей, Франциядағы
мемлекеттік табыс бөлігінің 90% салықтардан тұрады, ал шығыс бөлігінің
бағыттары сан қилы.
Жалпы Франциядағы мемлекеттік бюджет шығындарын төмендегі суреттен
бақылауға болады:

Шетел
істері
Және
халық-қ

Ынтымақтас- 2%
әділ сот
өнеркәсіп 1%
ауыл шаруа-ғы және рт
балық аулау 3% басқа да министр-р 1%
ғылыми зерт-р және
ғылыми техно-р 3%
мәдениет 1%
қаржы қызметі 4%
ішкі қызмет-р орта және жоғары
және жергілікті білім беру 28%
өзін-өзі басқаруды
дамыту 7% қорғаныс 20%
көлік, тұрғын үй 10% әлеумет-к
министр-р 18%
басқа да министр-р 1

Францияның мемлекеттік бюджетінің шығыс
бөлігінің құрылымы (1998)

Францияның салық жүйесіне сипаттама

Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері:
• міндетті аударымдардың жоғары үлесі
• әлеуметтік бағыттағы қорларға аударылатын жарналардыңжоғары үлесі
• тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары
деңгейі
Францияның салық жүйесі салықтарды орталық бюджетке түсетін салықтар
және жергілікті салықтар деп бөледі. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің
табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60% жуығын жанама
салықтар береді, әсіресе ҚҚС.
ҚҚС-ң отаны да осы Франция мемлекеті болып саналады. Ол 1954 жылы Лоре
оқымыстының еңбегімен енгізілген. Салық бюджеттік түсімдердің 45% ҚҚС-ның
үлесінде.
Қазіргі кезде бұл салықтың негізгі ставкасы 18,5%. Кейбір тауар
түрлеріне, мысалы: автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы
терілерге жоғарылатылған мөлшерлеме 22% қолданылады. Ал, төмендетілген 5,5%
азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне,
кітаптарымен дәрі-дәрмектерге қолданылады.
Бұл салық бойынша айтарлықтай жеңілдіктер де қарастырылған. Мысалы:
1991 жылдың қаржы заңдылығындағы 25 бапқа сәйкес, кәсіп-орын, егер қаржы
жылындағы айналымы 70 мың франктан аспаған жағдайда, бұл салықтан
босатылады.
Осымен қоса, ҚҚС-нан мыналар бостылады:
• мәдени, спорттық, тәрбиелік, әлеуметтік, әкімшілік салалардағы
істерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;
• медицина және білім беру;
• кейбір еркін мамандықтар: жеке мұғалімдік іс, жеке тәжірибеленуші
дәрігерлер, рухани шығармашылықпен айналыса-тын адамдар.
Салық төлеушіге таңдау мүмкіндігі де берілетін жайлар болады, яғни
ҚҚС-н төлеу ме, немесе табыс салығын төлеу ме? Бұл ғимаратты жалға
бергенде, қаржы және банк ісінде; әдеби, әртістік, спорттық салада,
жергілікті шаруашылықта берілетін жеңілдік түрлері.
Сондай-ақ, тұтыныс салықтары ҚҚС-мен қоса басқа да жанама салықтармен
толықтырылады, яғни акциздер. Акцизделетін тауарлар тізіміне мыналар
кіреді: алкоголь ішімдіктері, темекі бұйымдары, сірің-ке, оттық, бағалы
металдан жасалған бұйымдар, қанат және кондитер бұйымдары, сыра және
минералды суы, автомобиль көліктерінің кейбір түрлері, ұшқыш аппаратары.
Кеден баждарын да қажетті салықтар қатарына қосуға болады.Кеден
баждарының басты мақсаты – табыс табу емес, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ
ауыл шаруашылығы мен ұлттық өнеркәсіпті де қорғау болып табылады. Кеден
баждары мемлекттің экономикалық саясатының құра- лы ретінде пайдаланылады.

Табыс салықтарын кәсіпорындар және жеке тұлғалар төлейді. Кәсіп-
орындардың таза табысына салық салынады. Салықтың жалпы мөлшер-лемесі –
34%. Кейбір жағдайларда ол 42% көтеріледі. Әлдеқайда төмен мөлшерлемелер 10-
нан 24% жер пайдаланылуынан түскен табыстарға құнды қағаздарға салынған
салымдарға т.б. қолданылады.
Ал жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы Францияның мемлекеттік
бюджеттеріндегі түсімдердің 20% жуығын қамтамасыз етеді. Бұл салық
мөлшерлемесі прогрессивті сипатта. 0-ден 56,8% мөлшерлемесі табыс көлеміне
қарай қолданылады. 0-мөлшерлеме дегеніміз, табыс 18140 франктен аспайтын
жеке тұлғаларға қолданыла-ды, яғни салыққа ілінбейді деген сөз.
Барынша көп мөлшерлеме 246770 франктан асатын табыстарға са-лынады.
Ақшалай капиталдардан түскен табыстарға да салық салынады. Қозғалмайтын
мүлікті сатудан түскен пайда, салық салынатын табыстарға қосылады. Ал құнды
қағаздар операциясынан түскен пайда-ға 16% мөлшерлеме қолданылады.
Қозғалмайтын мүлік операциясымен байланысты пайдаға да салық
салынады, егер келісім шарт саласы 20 мың франктан асса. Бұл жағдай-да үш
мөлшерлеме қарастырылған – 4,5% және 7% өнер бұйымдарына және де 7,5%
бағалы келісім шарттары үшін.
Келесі жерде меншікке салынатын салық туралы тоқтаған жөн. Мүліктер
қатарына мыналар жатады: ғимараттар, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық
кәсіпорындары, қозғалмалы мүлік, құнды қағаздар т.б. Салық мөлшерлемелері
мүлік құнына байланысты ажыратылады.

Франциядағы меншікке салынатын салық
мөлшерлемелері

№ Мүлік құны, мың франкпен Салық мөлшерлемесі, %
1 4260-дейін 0
2 4260-тан 6920 дейін 0,5
3 6920-дан 13740 дейін 0,7
4 13740-тан 21320 дейін 0,9
5 21320-дан 41280 дейін 1,2
6 41280 жоғары 1,5

Меншікке салынатын салықтар тобына сондай-ақ, тіркеу және елтаңбалық
алымдарды да қосуға болады, сонымен қатар кәсіпорындар мен компаниялардың
көлік құралдарына салынатын салық та осы топқа жатқызылады. Францияның
салық жүйесінде жергілікті салықтар мен алымдардың алатын орны ерекше. 1982
жылдан бері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтарын кеңейту
мәселелері жиі қозғалып келеді.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табыстарының шамамен 40%
құрайды. Жергілікті салықтар құрамындағы төрт негізгі салықтарды атап
айтуға болады:
• құрылған учаскелерге салынатын жер салығы;
• құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы;
тұрғын үй салығы;
• кәсіби салық;
Бұл салықтардың мөлшермесін жергілікті органдар анықтайды. Құрылған
учаскілердің жер салығы тұрғызылған учаскілерден алынады. Салық
қозғалмайтын мүліктің бәріне қатысты, яғни ғимараттар, резервуарлар,
мұнаралар т.б., сонымен қатар өнеркәсіп пен саудаға арнап пайданылатын
учаскілерге де қатысты.
Бұл салықтан мемлекет меншігі босатылады; қала шетінде орналасқан
және ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылатын ғимараттар да босатылады; жасы
75-тен асқан жеке тұлғалар да, сондай-ақ қоғамдық қорлардан жәрдем ақы
алатын, немесе мүгедектік жөнінде жәрдем ақы алатын жеке тұлғалар да
босатылады.
Ал, құрылмаған учаскілерге салынатын жер салығы алқаптар,
ормандар, жайлымдар т.с.с. қатысты. Бұл салықтан мемлекет меншігіндегі
учаскілер босатылады.
Тұрғын үй салығы тұрғын үй иелерімен қоса, жалгерлерден де алынады.
Тұрмысы төмен адамдар бұл салықтан біртіндеп босатылады. Кәсіби салықтарды
белгілі бір кәсіппен айналысатын, бірақ оған еңбек ақы алмайтын заңды және
жеке тұлғалар төлейді. Салықты есептеу үшін екім элемент алынып, жергілікті
органдар бекіткен мөлшерлемелерге көбейтіледі.
Олар мына элементтер:
• қозғалмайтын мүліктің жалгерлік құны;
• салық төлеушінің өзінің қызметкерлеріне төлейтін еңбек ақысынан
қайсібір процент (пайыз) (әдетте 18%), сонымен қатар жалпы пайдасы (әдетте
10%).
Осы элементтер бойынша есептелген салық мөлшері өндірілген қосымша
құнның 3,5%-нан аспаы керек. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі
Францияның қаржы және бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қажыларын басқару
Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері
Қазақстандағы қаржы жүйесі
Қаржының мәні, функциялары
Франциядағы қаржы дағдарысы
Республикалық бюджет – мемлекеттің бюджет жүйесінің басты буыны ретінде
Францияның экономикасы
Ресей Федерациясының экономикалық қоры
Пәндер