Қазақстанның Польшамен байланысы



ЖОСПАРЫ:

1. КІРІСПЕ: Польша Республикасы.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Поляк.қазақ қарым.қатынастарының тарихи бастаулары
ә)Қазақстан мен Польша арасындағы саяси қарым.қатрынас
б) Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда.экономикалық қарым.қатынастар.
в) Әскери саладағы ынтымақтастық.
г) Өңіраралық ынтымақтастық.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

5. Тест сұрақтары.
ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ

Польша мен Қазақстан...
Қазақстан Орталық Азияның басым көпшілік аймағын алып жатса, Польша Еуропаның кіндік тұсында орналасқан. Оларды әлемдегі ірі өзендер, таулар, ормандар мен далаларға ұласатын мыңдаған шақырым жер бөліп жатыр. Қазақстан – түркі халқынан тарайтын қазақтардың байырғы елі. Ал поляктар славян тегінен шыққан. Қазақ жерінде ислам діні тараса, ал поляктар католик дінін уағыздайды... Сонымен, қазақтар мен поляктар арасында ешбір байланыс жоқ секілді.
Алайда, бірінен бірі шалғайды мекендейтін әр-түрлі халықтың тағдыры елесті жағдайда тоғысуы әбден мүмкін. Бір кезде Қазақстан арқылы Ұлы Жібек жолы Азиядан Еуропаға созылып жатты, енді сол тарихи жол тағы да Қазақстан арқылы неғұрлым жоғары деңгейде қайтадан жалғастырылмақ. Қазіргі замандағы дәуірде Еуропадан Азияға апаратын неғұрлым төте жол тағы да Қазақстан арқылы негізін қаламақ.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропа елдерінің бірі Польша мен қарым-қатынас орнатуы және екі ел арасындағы байланыстың одан арғы барысы мен бүгінгі күнгі деңгейін зерттеу мақсаты мынадай мәселені көлденең тартады: Қазақстан мен Польша арасындағы қарым-қатынастардың ғасырлар қойнауынан табылар алғы тарихы бар ма, әлде олардың тарихи кеңестігі соңғы он жылмен шектеле ме? Бұл мәселеге жауап іздеп, тарихи әдебиетті ақтарғанда белгілі болған нәрсе – 1245 жылы тұңғыш рет Польша елінің өкілі қазақ топырағына табан тіреген. 1245-1247 жылдары Арал маңындағы далалар арқылы Сырдария алқаптарын, Балқаш көлімен Іле өзенінің бойын Францискан орденді Вроцлавтық монах Бенекдит Поляк, Ұлы ханға жіберген папа елшілігінің өкілі саяхаттап жүрген еді. Карақорумға бағытталған миссияның басында басқа францискандық Жан ди Плиано Карпини болатын. Бұл алғашқы саяхаттың бәрі 1241 жылы Легинициядағы поляк рыцарларының моңғолдармен болған соғысындағы жеңілісінің астарында жатса керек. Осы экспедициядан (Рубрук пен Марко Полоға дейін) кейін арнайы баяндама жазылған еді. Ішіндегі көлемдісі – Карпинидің жазған Historia Mongolorum баяндамасы болатын. Бұл есепке қосымшаны Бенекдит Поляктың өзі жазды. Оның қысқа баяндамасында Кергиз (қырғыздар елі) елдерінің көшпенділері және «адамдар жоқ жердегі өскен көптеген жусандар» жайлы суреттеген жерлерін кездестіруге болады.
Ресейдің біздің елімізге қатысты саясаты барысында байланыстырылған қазақ-поляк қарым-қатынасы поляктардың Қазақстанды дамытуға және жете білуіне өзіндік үлес қосты. Мол тарихи деректер әрдайым жекелеген кісілердің басынан өткен оқиғаларға байланысты көрініс табады. Поляк-қазақ өзара қатынастарындағы осындай көріністер поляк қоғамына жақсы таныс. Алайда, қауып-қатер сезімінен бір сәт арыла отырып, бұл өзара байланыстардың қырын ашуға болады: экономиканы дамыту, мәдени және ағартушылық қызмет, жағырафиялық және табиғаттану зерттеулері Қазақстан және оның халқының абыройын көтерген романтикалық поэзия, этнография саласындағы байқаулар мен зерттеулер.
Еуропалық прогрессивті дәстүрінде тәрбиеленіп, білім алған мәдениетті жер аударылғандар рулық қатынастар үстемдік еткен ортағасырлық жағдайға тап болғандарына қармастан қазақтарға жабайы екен деген көзқарас танытпады. Поляк жер аударушылары болса, қазақ халқына керісінше парасатты және шынайы көзқараста болды. Дәл осы поляктар еуропалықтарды тұңғыш рет қазақтармен шынайы болмысында таныстырды. Өйткені олар қазақтардың рухани дүние танымын терең түсіне отырып, еш бір қоспасыз, дөрекі теңеусіз жазды. Поляк демократтары өздерінің қоғамдық өмірдегі жағдайларымен ыңғайларына қарай қазақтармен қарым-қатынастарын әртүрлі формада ұштастырды. А.Янушкевичтің, Б.Залесскийдің ұшы қиыры жоқ қазақ даласындағы әр қилы өмір қырларын тілге тиек еткен көптеген шығармаларын Еуропа тілдеріне басып шығарылуы Батыс елдерінің үлкен ынтасын тудырды.
Поляктың көрнекті ұлдарының бірі Адольф Янушкевичтің 1875 жылы Берлинде жарық көрген «Zywot Adolfa Ianuszkiewicza I jego listy ze stepow kirgiskich» деп аталатын күнделігімен жол сапар хаттары қазақ халқының тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Бұл күндері осы кітап қазақ және орыс тілдеріне аударылған, көпшілік қауымға кеңінен таныс. Бұл еңбекте А.Янушкевичтің өзі куә болып, көзімен көрген жәйттерді қазақ халқының нақтылы тарихы туралы шынайы жазған «Осыдан бірнеше күн бұрын жауласушы екі партияның қақтығысына куә болып, Демосфен және Цицерон туралы естіп білмеген шешендерге таңдана қол соқтым». Бұлар кімдер, жабайы тағылар ма? Бұл басқа болашақтан жұрдай, ғасырлар бойы маңдайына мал бағуда ғана жазған халық па? Жоқ! Шын сөзім. Дарынды халық. Мұндай шығармашылық қабілетпен өркениеттен тысқары қалуы мүмкін емес. А.Янушкевич тікелей өзі қарым-қатынас жасаған Құнанбай Өскенбайұлына көптеген жылы сөздерін арнаған.
1847 жылы Варшавада Иосиф Кобылецскийдің «Сведения о Сибири и Путешествия по ней в годы 1831, 1832, 1833, 1834» деп аталатын кітабы шықты. Бұл Сібірдің мәдени-экономикалық монографиясы іспетте. Ол өз кітабында қазақтардың мәдениеті мен экономикасы сан қилы екендігін баяндайды: мал шаруашылығы, құрылыс, киім-кешек, сонымен қатар, қоғамдық және рухани мәдениетінің сан саналылығы. Атақты әскер басыларының моласында ер-тұрман, садақ пен жебе; аңшы – мергендер басында сұңқар, болмаса қырғи бейнесі; шетінген жас сәбиге бесік және жасына қарай белгілер қойылған. Уралдан Шығысқа дейінгі кең-байтақ аймаққа байланысты біздің тарихнамада бұл еңбектің маңызы өте зор және 19-ғасырдағы поляк жер аударылғандар әдебиетінің көпшілігінен айырмашылығы сонда көмескі қара бояу жағылмаған.
19-ғасырдың өн бойында кенге бай – Қазақстан өңірін жан-жақты зерттеуді шетелдіктер жылдамдатты. Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың бір эпизоды ретінде осы проблеманы қарастыруымызға болады. 1848-1849 жылдары пароход шаруашылығын дамытуға қажетті тас көмір кенін барлау мақсатында Арал теңізіне экспедиция ұйымдастырылды. Оған негізінен поляктар Т.Вернер (ғылыми топтың жетекшісі), Л.Турно, С.Круликевич, И.Заводский, Р.Копровский, А.Грабчинский, Р.Жуковский, И.Плашкеский және С.Пржевлонцский қатысты. Ал кен орнының суреттерін Б.Залесский салған. Жер аударылған Ян Черскийдің солтүстік батыс Қазақстанда мұнай кенін табу нәтижесінің арқасында батыс Сібірдегі полиграфиялық үшінші жүйеге үлкен үлес қосылды.
Семейдегі үлкен кітапханаға иелік еткен Феликс Гросс ниет еткендердің баршасына, оның ішінде Адам Мицкевичтің поэзиясын жанындай жақсы көрген қазақ ақыны Абай Құнанбаевқа пайдалануына рұқсат еткен. 1851-1853-жылдар аралығында Сібір қырғыздары облыстық Басқармасының бастығы болған ұлты поляк Ресей шенеунігі Кароль Гутковский қазақтардың досы болды. Ал Қазан университетін бітірген поляк Хилари Гонсевский Омбыдағы кадет корпусында оқыған жас Шоқан Уәлихановтың дара тұлға болуына үлкен әсерін тигізіп, оның жүре ғылымды сүюге және туған халқының мәдениетіне ынта қою сезімін оятты.
Бірінші поляк дипломатия қызметкерлері екінші дүние жүзілік соғыс кезінде жүз мыңдаған поляктардың Кеңес Одағы басып алған Польшаның Шығыс аумағынан Қазақстанға жер аударылғандармен жұмыс істеуі болды. 1941 жылғы тамыз айындағы Сикорский – Майский келісімі бойынша жер аударылып кеткен барлық поляктарға кешірім жарияланды. Осы уақытта Куйбышевта (қазіргі Самарада) Польша Республикасының елшілігі ашылған болатын. Елші С.Кот, А.Вышинский мен келісім барысында Қазақстан аумағында елшіліктің алты бөлімшесі (Алматы, Жамбыл, Семей, Павлодарда, Петропавл, Шымкент) ашылды және 33 сенім білдірген адамдары болды. 1942 жылы НКВД барлық поляк өкілдерін өкіметке қарсы әрекет жасады деген сылтаумен жойып жіберді.
Жоғарыда келтіріліп өткен фактілер мен деректерге сүйене отырып, Польша мен Қазақстан арасындағы байланыстың 18 ғасырдың аяғынан бастап 20-ғасырдың ортасына дейін жүйелі түрде болғанын көреміз. Демек, поляк-қазақ қарым-қатынастарының тарихи тамыры бар екеніне көз жеткізе аламыз. Бірақ әр түрлі кезеңде, әр қилы деректер жиналған және ғылыми таныстықтан сауда-саттық мүдде үшін жасалғанын көрсек, революцияға дейінгі дәуірде мәдени-этнографиялық зерттеулер мен танысып білу болды. Демек, поляк-қазақ қарым-қатынастары ғасырлар қойнауының өзіне тиісті орын алды және бұл байланыс ілгері қарай жылжып, дами түседі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, А., 2005, 381-382-бб.
2. «Дипломатия жаршысы»,// А., 2004, №2, 28-32-бб.
3. «ҚазҰУ хабаршысы», Тарих сериясы//№1(24), 15-17-бб.
4. «ҚазҰУ хабаршысы», Тарих сериясы//№2(25), 19-21-бб.
5. «ҚазҰУ хабаршысы», Тарих сериясы//№3(26), 9-11-бб.
6. гавенцкий М. «В Степи далеком». Поляки в Казахстане. Алматы-Познань, 1997, 5-б.
7. Қазақстан-Польша дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы мен қазіргі жай күйі//Дипломатия жаршысы. 1998,№4, 26-б.
8. Казахстан заинтересован в налаживании тесных экономических контактов с Польшей: (о визите Назарбаева в Польшу)//Казахстанская правда-1997.29-ноября.

Интернет сайттар:
www.referat.ru
www.bankreferatov.ru
referat.kulichki.net
www.decan.kz
www.referat.kz
www.google.kz
www.go-to.kz
www.aport.kz
www.cvi.kz
www.akorda.kz
www.egemen.kz
www.zonakz.net
www.gazeta.kz
www.bbc.co.uk

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПОЛЬШАМЕН БАЙЛАНЫСЫ

ЖОСПАРЫ:

1. КІРІСПЕ: Польша Республикасы.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а) Поляк-қазақ қарым-қатынастарының тарихи бастаулары
ә)Қазақстан мен Польша арасындағы саяси қарым-қатрынас
б) Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-
экономикалық қарым-қатынастар.
в) Әскери саладағы ынтымақтастық.
г) Өңіраралық ынтымақтастық.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

5. Тест сұрақтары.

ПОЛЯК-ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ

Польша мен Қазақстан...
Қазақстан Орталық Азияның басым көпшілік аймағын алып жатса, Польша
Еуропаның кіндік тұсында орналасқан. Оларды әлемдегі ірі өзендер, таулар,
ормандар мен далаларға ұласатын мыңдаған шақырым жер бөліп жатыр. Қазақстан
– түркі халқынан тарайтын қазақтардың байырғы елі. Ал поляктар славян
тегінен шыққан. Қазақ жерінде ислам діні тараса, ал поляктар католик дінін
уағыздайды... Сонымен, қазақтар мен поляктар арасында ешбір байланыс жоқ
секілді.
Алайда, бірінен бірі шалғайды мекендейтін әр-түрлі халықтың тағдыры
елесті жағдайда тоғысуы әбден мүмкін. Бір кезде Қазақстан арқылы Ұлы Жібек
жолы Азиядан Еуропаға созылып жатты, енді сол тарихи жол тағы да Қазақстан
арқылы неғұрлым жоғары деңгейде қайтадан жалғастырылмақ. Қазіргі замандағы
дәуірде Еуропадан Азияға апаратын неғұрлым төте жол тағы да Қазақстан
арқылы негізін қаламақ.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропа елдерінің
бірі Польша мен қарым-қатынас орнатуы және екі ел арасындағы байланыстың
одан арғы барысы мен бүгінгі күнгі деңгейін зерттеу мақсаты мынадай
мәселені көлденең тартады: Қазақстан мен Польша арасындағы қарым-
қатынастардың ғасырлар қойнауынан табылар алғы тарихы бар ма, әлде олардың
тарихи кеңестігі соңғы он жылмен шектеле ме? Бұл мәселеге жауап іздеп,
тарихи әдебиетті ақтарғанда белгілі болған нәрсе – 1245 жылы тұңғыш рет
Польша елінің өкілі қазақ топырағына табан тіреген. 1245-1247 жылдары Арал
маңындағы далалар арқылы Сырдария алқаптарын, Балқаш көлімен Іле өзенінің
бойын Францискан орденді Вроцлавтық монах Бенекдит Поляк, Ұлы ханға
жіберген папа елшілігінің өкілі саяхаттап жүрген еді. Карақорумға
бағытталған миссияның басында басқа францискандық Жан ди Плиано Карпини
болатын. Бұл алғашқы саяхаттың бәрі 1241 жылы Легинициядағы поляк
рыцарларының моңғолдармен болған соғысындағы жеңілісінің астарында жатса
керек. Осы экспедициядан (Рубрук пен Марко Полоға дейін) кейін арнайы
баяндама жазылған еді. Ішіндегі көлемдісі – Карпинидің жазған Historia
Mongolorum баяндамасы болатын. Бұл есепке қосымшаны Бенекдит Поляктың өзі
жазды. Оның қысқа баяндамасында Кергиз (қырғыздар елі) елдерінің
көшпенділері және адамдар жоқ жердегі өскен көптеген жусандар жайлы
суреттеген жерлерін кездестіруге болады.
Ресейдің біздің елімізге қатысты саясаты барысында байланыстырылған
қазақ-поляк қарым-қатынасы поляктардың Қазақстанды дамытуға және жете
білуіне өзіндік үлес қосты. Мол тарихи деректер әрдайым жекелеген
кісілердің басынан өткен оқиғаларға байланысты көрініс табады. Поляк-қазақ
өзара қатынастарындағы осындай көріністер поляк қоғамына жақсы таныс.
Алайда, қауып-қатер сезімінен бір сәт арыла отырып, бұл өзара
байланыстардың қырын ашуға болады: экономиканы дамыту, мәдени және
ағартушылық қызмет, жағырафиялық және табиғаттану зерттеулері Қазақстан
және оның халқының абыройын көтерген романтикалық поэзия, этнография
саласындағы байқаулар мен зерттеулер.
Еуропалық прогрессивті дәстүрінде тәрбиеленіп, білім алған мәдениетті
жер аударылғандар рулық қатынастар үстемдік еткен ортағасырлық жағдайға тап
болғандарына қармастан қазақтарға жабайы екен деген көзқарас танытпады.
Поляк жер аударушылары болса, қазақ халқына керісінше парасатты және шынайы
көзқараста болды. Дәл осы поляктар еуропалықтарды тұңғыш рет қазақтармен
шынайы болмысында таныстырды. Өйткені олар қазақтардың рухани дүние танымын
терең түсіне отырып, еш бір қоспасыз, дөрекі теңеусіз жазды. Поляк
демократтары өздерінің қоғамдық өмірдегі жағдайларымен ыңғайларына қарай
қазақтармен қарым-қатынастарын әртүрлі формада ұштастырды. А.Янушкевичтің,
Б.Залесскийдің ұшы қиыры жоқ қазақ даласындағы әр қилы өмір қырларын тілге
тиек еткен көптеген шығармаларын Еуропа тілдеріне басып шығарылуы Батыс
елдерінің үлкен ынтасын тудырды.
Поляктың көрнекті ұлдарының бірі Адольф Янушкевичтің 1875 жылы Берлинде
жарық көрген Zywot Adolfa Ianuszkiewicza I jego listy ze stepow
kirgiskich деп аталатын күнделігімен жол сапар хаттары қазақ халқының
тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Бұл күндері осы кітап қазақ және орыс
тілдеріне аударылған, көпшілік қауымға кеңінен таныс. Бұл еңбекте
А.Янушкевичтің өзі куә болып, көзімен көрген жәйттерді қазақ халқының
нақтылы тарихы туралы шынайы жазған Осыдан бірнеше күн бұрын жауласушы екі
партияның қақтығысына куә болып, Демосфен және Цицерон туралы естіп
білмеген шешендерге таңдана қол соқтым. Бұлар кімдер, жабайы тағылар ма?
Бұл басқа болашақтан жұрдай, ғасырлар бойы маңдайына мал бағуда ғана жазған
халық па? Жоқ! Шын сөзім. Дарынды халық. Мұндай шығармашылық қабілетпен
өркениеттен тысқары қалуы мүмкін емес. А.Янушкевич тікелей өзі қарым-
қатынас жасаған Құнанбай Өскенбайұлына көптеген жылы сөздерін арнаған.
1847 жылы Варшавада Иосиф Кобылецскийдің Сведения о Сибири и
Путешествия по ней в годы 1831, 1832, 1833, 1834 деп аталатын кітабы
шықты. Бұл Сібірдің мәдени-экономикалық монографиясы іспетте. Ол өз
кітабында қазақтардың мәдениеті мен экономикасы сан қилы екендігін
баяндайды: мал шаруашылығы, құрылыс, киім-кешек, сонымен қатар, қоғамдық
және рухани мәдениетінің сан саналылығы. Атақты әскер басыларының моласында
ер-тұрман, садақ пен жебе; аңшы – мергендер басында сұңқар, болмаса қырғи
бейнесі; шетінген жас сәбиге бесік және жасына қарай белгілер қойылған.
Уралдан Шығысқа дейінгі кең-байтақ аймаққа байланысты біздің тарихнамада
бұл еңбектің маңызы өте зор және 19-ғасырдағы поляк жер аударылғандар
әдебиетінің көпшілігінен айырмашылығы сонда көмескі қара бояу жағылмаған.
19-ғасырдың өн бойында кенге бай – Қазақстан өңірін жан-жақты зерттеуді
шетелдіктер жылдамдатты. Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың
бір эпизоды ретінде осы проблеманы қарастыруымызға болады. 1848-1849
жылдары пароход шаруашылығын дамытуға қажетті тас көмір кенін барлау
мақсатында Арал теңізіне экспедиция ұйымдастырылды. Оған негізінен поляктар
Т.Вернер (ғылыми топтың жетекшісі), Л.Турно, С.Круликевич, И.Заводский,
Р.Копровский, А.Грабчинский, Р.Жуковский, И.Плашкеский және С.Пржевлонцский
қатысты. Ал кен орнының суреттерін Б.Залесский салған. Жер аударылған Ян
Черскийдің солтүстік батыс Қазақстанда мұнай кенін табу нәтижесінің
арқасында батыс Сібірдегі полиграфиялық үшінші жүйеге үлкен үлес қосылды.
Семейдегі үлкен кітапханаға иелік еткен Феликс Гросс ниет еткендердің
баршасына, оның ішінде Адам Мицкевичтің поэзиясын жанындай жақсы көрген
қазақ ақыны Абай Құнанбаевқа пайдалануына рұқсат еткен. 1851-1853-жылдар
аралығында Сібір қырғыздары облыстық Басқармасының бастығы болған ұлты
поляк Ресей шенеунігі Кароль Гутковский қазақтардың досы болды. Ал Қазан
университетін бітірген поляк Хилари Гонсевский Омбыдағы кадет корпусында
оқыған жас Шоқан Уәлихановтың дара тұлға болуына үлкен әсерін тигізіп, оның
жүре ғылымды сүюге және туған халқының мәдениетіне ынта қою сезімін оятты.
Бірінші поляк дипломатия қызметкерлері екінші дүние жүзілік соғыс
кезінде жүз мыңдаған поляктардың Кеңес Одағы басып алған Польшаның Шығыс
аумағынан Қазақстанға жер аударылғандармен жұмыс істеуі болды. 1941 жылғы
тамыз айындағы Сикорский – Майский келісімі бойынша жер аударылып кеткен
барлық поляктарға кешірім жарияланды. Осы уақытта Куйбышевта (қазіргі
Самарада) Польша Республикасының елшілігі ашылған болатын. Елші С.Кот,
А.Вышинский мен келісім барысында Қазақстан аумағында елшіліктің алты
бөлімшесі (Алматы, Жамбыл, Семей, Павлодарда, Петропавл, Шымкент) ашылды
және 33 сенім білдірген адамдары болды. 1942 жылы НКВД барлық поляк
өкілдерін өкіметке қарсы әрекет жасады деген сылтаумен жойып жіберді.
Жоғарыда келтіріліп өткен фактілер мен деректерге сүйене отырып, Польша
мен Қазақстан арасындағы байланыстың 18 ғасырдың аяғынан бастап 20-ғасырдың
ортасына дейін жүйелі түрде болғанын көреміз. Демек, поляк-қазақ қарым-
қатынастарының тарихи тамыры бар екеніне көз жеткізе аламыз. Бірақ әр түрлі
кезеңде, әр қилы деректер жиналған және ғылыми таныстықтан сауда-саттық
мүдде үшін жасалғанын көрсек, революцияға дейінгі дәуірде мәдени-
этнографиялық зерттеулер мен танысып білу болды. Демек, поляк-қазақ қарым-
қатынастары ғасырлар қойнауының өзіне тиісті орын алды және бұл байланыс
ілгері қарай жылжып, дами түседі.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ПОЛЬША АРАСЫНДАҒЫ
САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

XX ғасырдың аяғында соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі –
Кеңес Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүниежүзілік тарихындағы аса ірі
оқиға. Әлемдегі саяси жағдайларға ықпал ету жағынан бұл Ежелгі Рим
империясының құлауымен, Британ империясының күйреуімен пара-пар. Ақырында
бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында қысқа мерзімде бірнеше жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің қатары бой көтерді, олардың арасында Қазақстан да бар еді.
КСРО құрамында бола отырып, Қазақстан 1944-жылдан бастап өзінің сыртқы
істер министрлігі болғанына қарамастан, халықаралық құқықтың субъектісі
бола алмады және сыртқы саяси қызмет үшін қажетті институты да жоқ болды.
Қазақстан әлемдік сахнаға шығу үшін XX ғасырдың аяғындағы күрделі кезеңде
халықаралық қатынастардың дүниежүзілік жүйесінің сапына қосылу қажет еді.
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы өркендеу жылдары оның басқа елдермен
сыртқы байланыстарының жаңа мағына-мазмұнда орнығуымен және дамуымен
сипатталады. Өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, осы күнге дейін,
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты халықаралық
құқықтың субъектісі болып табылатын әлемнің кез-келген мемлекетімен
әріптестік пен әділеттілік ұстанымдарына негізделген, өзара тиімді достық
қарым-қатынас орнату болып отыр. Қазақстан үшін стратегиялық әріптестер
болып табылатын Ресей, ТМД-ның басқа да елдері, АҚШ, Қытай сияқты
мемлекеттермен қарым-қатынасты дамытумен бірге, еуропалық елдермен оның
ішінде Польша Республикасымен әріптестік қатынасты дамытудың маңызы ерекше.
Себебі, саяси-экономикалық және мәдени байланыстардан басқа Қазақстанда
поляк диаспорасының өмір сүруі екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың
өзіне тән ерекшелігі болып отыр.
Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстардың тарихы XIII ғасырдан
бастап, жүйелі түрде болмаса да көрініс таба бастады. 1245-1247 жылдары
Арал маңындағы далалар арқылы Сырдария алқаптарын, Балқаш көлі мен Іле
өзенінің бойын Францискан Орденді Вроцлавтық монах Бенедит Поляк, Ұлы ханға
жіберген Папа елшілігінің өкілі саяхаттап жүрген еді. Осы арнайы
экспедициядан (Рубрук пен Марко Полоға дейін) кейін баяндама жазылған еді.
Ішіндегі көлемдісі – Карпинидің жазған Historia Mongolorum баяндамасы
болатын. Осы еңбек Орта Азия халықтары жайлы мағлұматтардың бастамасы
болды. Бұл баяндама есепке қосымшаны Бенедит Поляктың өзі жазды. Оның қысқа
баяндамасында Кергиз (Қырғыздар елі) елдерінің көшпенділері және адамдар
жоқ жердегі өскен көптеген жусандар жайлы суреттеген жерлерін кездестіруге
болады.
Ал XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап екі ел арасындағы байланыстар
жүйелі түрде калыптасып, осы байланыстар жайлы бірнеше деректер мен
әдебиеттер пайда болды. Польша мен Қазакстан арасындағы байланыстар баска
мемлекеттерге қарағанда, ешкашанда үзіліп қалмаған, бұл байланыстар Кеңес
дәуірі кезінде де өз жалғасын тапты.
Бірінші поляк дипломатия кызметкерлері екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде жүз мыңдаған поляктардың Кеңес Одағы басып алған Польшаның Шығыс
аумағының Қазақстанға жер аударылғандармен жұмыс істеуі болды. 1941 жылы
тамыз айындағы Сикорский-Майский келісімі бойынша жер аударылып кеткен
барлық поляктарға кешірім жарияланды. Осы уакытта Куйбышевта (казіргі
Самарада) Польша Республикасының елшілігі ашылған болатын. Елші С.Кот А.
Вышинскиймен келісім барысында Қазақстан аумағында елшіліктің алты
бөлімшесін (Павлодар, Петропавл, Шымкент, Жамбыл, Семей, Алматы) ашты және
33 сенім білдірген адамдары болды.
Екі мемлекет арасында арнайы кол қойылып екі жақты карым-қатынас
орнатылмаған, себебі, Кеңес Одағының құрамындағы мемлекет болған Қазақстан
тек Мәскеу арқылы ғана байланыс жасай алатын еді. Польша Республикасы
Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 27 желтоқсанында таныды.
Екі ел арасында 1992 жылы 6 сәуірде ресми толыққанды елшілік қарым-
қатынастар орнады. Егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара құрметтеуді,
бір-бірінің ішкі істеріне араласпауды негізге ала отырып, БҰҰ жарғысының
мақсаттары мен ұстанымдарына, Хельсинки Қорытынды актісінің жаңа Еуропаға
арналған Париж хартиясының негізгі жағдайларына өздерінің беріктігін растай
отырып, 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена
конвенциясына сәйкес дипломатиялық қарым-қатынас орнату, адам құқығын және
ұлттық азшылыққа жататын адамдардың құқықтарын сақтауға қатысты, атап
айтқанда БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі
ұйымның құжаттарында көзделген жалпыға ортақ халықаралық нормаларын
басшылыққа алу, теңдік, екі жақтық пайдаға негізделген экономикалық және
ғылыми техникалық ынтымақтастық орнату белгіленді.
Ресми Варшава Қазақстан Республикасына Орталық Азия аймағындағы жетекші
әріптес деп қарайды. Варшава дипломатиясы Қазақстанға байланысты саяси және
демографиялық мақсаттарды көздеген болса, саяси мақсаты посткеңестік
Қазақстанның нарық пен демократияның бағытында дамуында ықпал жасау,
демографиялық мақсатының мәні: Қазақстандық поляктардың қазіргі тұрғылықты
жерлеріндегі материалдық және мәдени тұрмысын жақсартуға көмектесу.
Сонымен бірге, Қазақстанда табиғи шикізат көздерінің молдығы,
Қазакстанның Азия мен Еуропаның түйісінде орналасуы және Орта Шы-ғысқа
апаратын жол ретіндегі маңызды стратегиялық жағдайы Польша назарын
Қазакстан Республикасына аударып отырған факторлардың біріне саналады.
Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тарихы үшін 1994 жылы үлкен оқиға
болды. Осы жылдың сәуір айында Алматыда Польша Республикасының елшілігінің
ашылуы болды. Елшінің тағайындалуымен Польша-Қазақстан қатынастарының
институтционалдық тұрғыда дамытуда маңызды қадам жасалды. Екі ел арасындағы
қатынастарды үйлестіретін жаңа буын косылды.
Осы кезенде Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың
панарамасында олардың өркендеуіне қызметімен де, жеке басының үлгісімен де
үлес косып жатқан тұлғалар көріне бастады. Сондай тұлға Польша
Республикасының Қазакстандағы өкілетті елшісі Марек Еавенцкий еді. Өзінің
Қазақстандағы алты жылдық қызметі арқылы Марек Гавенцкий Қазакстан-Польша
қатынастарының дамуына үлкен үлес қосты.
1997 жылдың 27 караша күні Қазақстан Республикасы мен Польша
Республикасы арасындағы саяси экономикалық қатынастарды кең көлемде
дамытуға құқықтық негіз жасап берген күн болып табылады. Сол күні Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польша Республикасына ресми
сапары басталды.
Ежелгі Бельведер сарайында салтанатты кездесу рәсімі өткізілгеннен
кейін оның Польша Президенті Александр Квасьневскиймен келіссөзі басталды.
Екі елдің басшылары Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы
арасындағы достық қатынастарды дамыту туралы Декларацияға қол қойды.
Атап айтқанда, осы аса маңызды құжатта тараптардың екі мемлекетте
демократиялық құрылымдар құру және нарықтық экономиканы дамыту мүддесі үшін
жасалып отырған әрекеттері өзара қолдау көрсететіні, тиімді экономикалық
әріптестікті дамытуға жағдай жасайтыны жәй инвестициялар мен
технологияларды қорғауды қоса алғанда, осындай ынтымақтастық үшін қолайлы
жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтіндігі айтылған. Тараптар
сенім мен қауіпсіздік орнату және тиісті міндеттемелерді орындау туралы
жалпыеуропалық уағдаластықтарды өмірге енгізу жөнінде белсенді әрекет
ететін болды.
Қазақстан мен Польша қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, ғылым мен
техника, білім және денсаулық сақтау, ақпарат алмасу және бұқаралық ақпарат
құралдары, туризм және азаматтар арасындағы байланыс салаларында
ынтымақтастық жасауға уағдаласты.
Декларациядағы ережелердің нақты сипаталуының алғашқы көрінісі үш екі
жақты құжаттарға – консулдық конвенцияға, мәдени және ғылыми ынтымақтастық
туралы және әуе қатынасы туралы келісімдерге қол қойылуы болды.
Н. Назарбаев түбегейлі экономикалық реформаларға біршама кейінірек
кіріскен Қазақстанның Поляк Республикасымен тығыз экономикалық байланыс
орнатуға мүдделі екенін атап көрсетті. Әсіресе Польшаның макроэкономикалық
реформалардағы, шағын және орта бизнесті дамытудағы, шетел инвестицияларын
пайдаланудағы тәжірибесі назар аударарлық, деді.
Сонымен қатар Қазақстан басшысы өзінің Польшаға сапарын тарихи сапар
деп атады. Өйткені ел арасындағы қарым-қатынас алғаш рет жоғары мемлекеттік
деңгейде көтеріліп және тұңғыш рет маңызды келісімдер жасалған болатын.
Қазақстан Президентінің Польшаға осы сапарында Қазақстан-поляк
қатынастарының келісімдік және құқыктық негізі нығайтылды. Өзінің маңызы
жөнінен бұл кездесуді Қазақстан-поляк қатынастарының тарихындағы ерекше
оқиға деп қарастыруға болады.
Полъша Республикасының президенті А.Квасьневскийдің 1999 жылы қазан
айында Қазақстанға сапарын посткеңестік дәуірдегі екі елдің саяси
құрылысының соңғы кезеңінің бітуімен сәйкес келеді деп айтуға болады.
Қазақстан басшысы осы кездесу барысында Польша президентінің елімізге
тұңғыш ресми сапары достас екі мемлекеттің арасында калыптасқан ұзақ
мерзімді саяси және экономикалық ынтымақтастықты жаңа ксзеңге шығаратынын
атап көрсетті. Біздің еліміздің Шығыс Еуропа аймағымен жалпы еуропалық
интеграцияда айтарлықтай табысқа қол жеткізіп отырған ірі мемлекет-
Польшамен қарым-қатынасын тереңдетуге ұмтылатынын жеткізді.
А.Квасьневский Қазақстан мен Польша қарым-қатынасы жақсы қалыптасып
келе жатқанын атап өтті, ол президент Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған
сындарлы сырткы саясатының нәтижесі екеніне тоқталған.
2002 жылы 27-30 сәуірде Польша Республикасының Сыртқы Істер министрі
В.Чимошевичтің Қазақстанға ресми сапары болды. ҚР Президенті
Н.Назарбаевпен, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевпен
келіссөздер барысында екіжақты қатынастар мәселелері талқыланды.
2002 жылы 23-26 мамырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Польшаға
ресми сапары болды. Ерекше еңбек сіңіргендігі тану белгісі ретінде
А.Квасьневский ҚР Президентіне Польшаның ең жоғары мемлекеттік марапаты –
Ақ Қыран орденін табыс етті. Қазақстан басшысы Президент А.Квасьневскийді 1
дәрежелі Достық орденімен марапаттады.
2002 жылы 22-23 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасы мен Польша
Республикасы сыртқы істер министірліктерінің арасында сыртқы саяси
консультациялар болды.
2004 жылы 27 тамызда Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрі Қ.Тоқаев пен Польша Республикасының Сыртқы істер министрі
В.Чимошевичтің бейресми кездесуі болды.
2004 жылғы 30-31 тамызда Варшавада Қазақстан Республикасы мен Польша
Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында кезекті сыртқы саяси
консультациялар болды.
Қазақстан Республикасы арасындағы байланыстың түрлі кезеңін сипаттайтын
болсақ, олар төмендегідей болар еді:
Саяси бағыттағы әріптестік, кең ауқымды көлемде дамып келеді. Осы
орайда Қазақстан мен Польша арасында жан-жақты қамтитын қарым-катынастың
іргесі қаланып бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Екі ел арасындағы
саяси ынтымақтастықтың қалыптасуына Қазақстанның бүгінгі таңдағы дамуы,
яғни нарықтық экономика мен демократиялық қоғам құруға талпынысы мен
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы тұрақты бағыты, бұл әсіресе
Қазақстанның ядролық қарулардан өз еркімен бас тартып, ядросыз мемлекет
құрудағы алғашқы қадамы. Еліміздің ұстаған бұл саясаты тәуелсіз жас
Қазақстан Республикасын әлемнің көптеген мемлекеттері қолдап, оны
халықаралық көлемде колдауға ынта білдіріп отырған мемлекеттердің бірі бұл
әрине Польша.
Көріп отырғанымыздай поляк-қазақ саяси катынастардың өркендеуіне екі
жақ та, яғни Польша да, Қазақстан да мүдделі болып отыр. Осы мүддені іске
асырып, екі ел арасында тығыз қарым-қатынас орнатуда екі жақ та өз
тарапынан қажетті шараларды жүзеге асырып жатыр. Польша өкіметі өз
мүддесімен қатар Қазақстан сияқты демократиялык дамудың жолына енді түскен
елге қолдау, түбегейлі қайта құрулардың қиын кезеңдерінде көмек көрсету
саясатын ұстануда.

ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ САУДА-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Польша Республикасының ХХ-ғасырдын 90-жылдарындағы қарқынды дамуының
бір белгісі елді материалдық профестің алдыңғы қатарына көтер-ген
экономикасының динамикалық өсуі болды. Осыған байланысты Шығыс Еуропадағы
"поляк кереметі" туралы Шығыс Азияда, "жапон" немесе "корея" кереметтері
туралы калай айтылса, сол мөлшерде айтуға болады.
80-жыддардың соны мен 90-жылдардын басында Польша бағаның негізгі
бөлігінің либерализациялануы шартында нарықтық экономикаға көшті. Алғашында
бұл өңдірістің күрт кұлдырауы мен инфляцияның өсуіне алып келді (1989
жылдын желтоқсанында ол 100% пайызға жетті). Ақыр аяғыңда Т.Мазовецкий
үкіметінен эффективті және радикалды шаралардың жеткілікті іске асырылуы
талап етілді. Жыл аяғында реформаның каржы-экономикалық бағдарламасы
жасалынды, ол "Бальцеровичтің жоспары" (қаржы министрі Л.Бальцеровичтің
атына байланысты) немесе коғамды экономикалық дамытуға тиіс болған "поляк
шок терапиясы" деген баламалармен атақты болды. Жекеменшіліктің кұрылымын
өзгерту, демонополизация, рыноктык инфрақұрылымды жасау, инфляциямен күрес,
қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
Беларуссия Республикасының геосаяси жағдайы. ТМД саяси картасындағы орны мен маңызы
Адольф Гитлер дипломатиясы
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақ түркілері
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы
Польшаның кітап басу ісі және қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының экономикалық қарым – қатынастары
Облыстар тұрғысынан туризмнің дамуының жай - күйі
Пәндер