Араб мемлекеті



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І . тарау.
1.1. Ерте феодалдық Араб мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Сол кездегі Араб тайпалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Исламға дейінгі Араб мемлекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4. Алғашқы мұсылман Араб мемлекеті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..23
Кіріспе
Арабтардың ата-қонысы әрі Ислам дінінің бесігі болып табылатын Араб түбегі немесе Арабстан жері Азия құрлығының оңтүстік-батыс аумағында орналасқан. Оның шығысында Омман теңізі Парсы шығанағы, батысында Қызыл теңіз, солтүстігінде Ирак пен Сирия оңтүстігінде Аден шығанағы мен Үнді мұхиты орын алады. Кейбір географтардың айтуы бойынша Сирия мен Ирактың жерлері де Араб түбегіне қарайды. Ол жерлерде шығыс арабтары өмір сүреді. Арабтардың ата-мекені болып табылатын Арабстан бүгінгі таңда Сауд Аравиясы мен Йемен мемлекетіне қарайтын географиялық кеңістік болып табылады.
Араб түбегі б. з. д. VII ғасырда Исламның жайылу кезеңінде, түрлі тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы арқылы сипатталатын. Түрлі отбасылардан тұратын рулардан пайда болған тайпалардың бір бөлігі көшпелі (бәдәуи), басқа бір бөлігі отырықшыл (хадари) болған. Бәдәуилік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, мәдениет пен наным-сенім көшпелі арабтардың жеке және әлеуметтік өмірін реттеген болса, отырықшы арабтардың да өздеріне тән "қала-мемлекет" пен "облыс" деңгейінде басқару жүйелері болған.
Араб жерінің үлкен бөлігінің құнарсыз, егіншілікке қолайсыз болуы, ауа-райының қолайсыздығы, қарым-қатынас жүргізудің қиындығы, халықтың дін мен саяси бірліктен мақрұм болуы аталмыш жерде мықты бір мемлекеттің қалыптасуы мен ұзақ уақытқа созылған билік жүйесінің орын алуына кедергі жасап, керісінше әлеуметтік және саяси хаостың орын алуына жол ашты.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Араб түбегінің исламнан бұрынғы саяси әлеуметтік тарихын тереңірек зерттегендер кітабы. Ибн Хисам, Мұхаммедтің өмірі жайлы. Анкара 1971 ж.
2. Орта ғасырлар тарихы. Проф. Док. Сабри Хизметли Шымкент 2001 ж.
3. Қ. Ләмашәріпов «Мұхаммед пайғамбар» А., 1991 ж.
4. Мұхаммедтің өмірі Қазақ әдебиеті 1991 ж. № 9-14.
5. Дінтану негіздері. О. Көбеева А., 1998 ж.
6. История Востока Т. 2. Восток в средние века М., 1995 ж.
7. История Востока Васильев Л.С. Т. 2. М., 1998 ж.
8. Васильев Л. С. История востока Т. 1. М., 1998 ж .
9. Семенов В.Ф. История средних веков. М., 1970 ж.

Жоспар

Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
-------------------3
І – тарау.
1.1. Ерте феодалдық Араб мемлекетінің құрылуы -------------------------
-----6
1.2. Сол кездегі Араб тайпалар ----------------------------------- -------
-------------8
1.3. Исламға дейінгі Араб мемлекеттері ---------------------------------
---------11
1.4. Алғашқы мұсылман Араб мемлекеті ----------------------------- ------
------14

Қорытынды ----------------------------------- -----------------------------
--------------21
Сілтемелер тізімі ----------------------------------- ----------------------
-------------- 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------------------------- -------
-------23

Кіріспе
Арабтардың ата-қонысы әрі Ислам дінінің бесігі болып табылатын Араб
түбегі немесе Арабстан жері Азия құрлығының оңтүстік-батыс аумағында
орналасқан. Оның шығысында Омман теңізі Парсы шығанағы, батысында Қызыл
теңіз, солтүстігінде Ирак пен Сирия оңтүстігінде Аден шығанағы мен Үнді
мұхиты орын алады. Кейбір географтардың айтуы бойынша Сирия мен Ирактың
жерлері де Араб түбегіне қарайды. Ол жерлерде шығыс арабтары өмір сүреді.
Арабтардың ата-мекені болып табылатын Арабстан бүгінгі таңда Сауд
Аравиясы мен Йемен мемлекетіне қарайтын географиялық кеңістік болып
табылады.
Араб түбегі б. з. д. VII ғасырда Исламның жайылу кезеңінде, түрлі
тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы арқылы сипатталатын. Түрлі
отбасылардан тұратын рулардан пайда болған тайпалардың бір бөлігі көшпелі
(бәдәуи), басқа бір бөлігі отырықшыл (хадари) болған. Бәдәуилік әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлер, мәдениет пен наным-сенім көшпелі арабтардың жеке
және әлеуметтік өмірін реттеген болса, отырықшы арабтардың да өздеріне тән
"қала-мемлекет" пен "облыс" деңгейінде басқару жүйелері болған.
Араб жерінің үлкен бөлігінің құнарсыз, егіншілікке қолайсыз болуы, ауа-
райының қолайсыздығы, қарым-қатынас жүргізудің қиындығы, халықтың дін мен
саяси бірліктен мақрұм болуы аталмыш жерде мықты бір мемлекеттің қалыптасуы
мен ұзақ уақытқа созылған билік жүйесінің орын алуына кедергі жасап,
керісінше әлеуметтік және саяси хаостың орын алуына жол ашты.

Жұмыстың мақсаты:
Ерте феодалдық Араб мемлекетінің құрылуын ашып көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Араб мемлекетінің орналасқан жеріне мән беру.
- Ерте кезеңдегі Арабтардың әлеуметтік жағдайына тоқталу.
- Араб тайпаларына сипаттама беру.
- Мұхаммед пайғамбардың өмірі жайлы айту.

Жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды, сілтемелер тізімінен және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Жұмыстың тарихнамасы:
Тарихшылардың үлкен бір бөлігі арабтардың семит халықтарына
жататындығы мен өздерін таза, яғни "араб-ы Арибе" (Арибе арабтары) деп
атаған ең ежелгі арабтардың ұрпақтары болуымен қатар, Араб түбегінің
автохтонды халқы екендігі туралы көзқарасты ұстанады. Арабтар ежелден бері
семит халықтарының бесігі деп есептелінетін Араб түбегі мен Ирактың маңында
өмір сүрген. Ад, самуд, амалика, тасим, джедис, джүрхүм мен акиль сияқты
қауымдар сол арабтардан тараған деп есептелінеді.
Тарихшылар бағидә арабтарының Нұх пайғамбардың үлкен ұлы Самның Лауез
(Лүт) пен Ирем есімді балаларынан тарағандығы туралы көзқарасты ұстанады.
Олардан амалика, ад, самүд, тасым, джедис, хадрамут деген қауымдар
өрбіген, Бағидә арабтарын құрайтын бұл қауымдар өз уақытында мемлекеттер
құрса да, кейінгі кезеңдерде өз биліктерінен айырылып, құлдырауға тап
болып отырған. Олардың орнын арибә арабтары мен мұстағрибә
арабтарының мемлекеттері басқан.
Кейбір тарихшылардың айтуы бойынша семит халықтары Торос тауларынан
шығып, оңтүстік бағытта тараған. Олардың ішіндегі аккадтар Ирак жерінде, ал
арабтар болса Араб түбегі жерлеріне орналасқан. Арабтардың Эфиопия мен
Египеттен келгендігі туралы көзқарастарды ұстанатын тарихшылар да баршылық.

Жұмыстың өзектілігі:
Бүгінгі таңда түбек тұрғындарының аз бір бөлігінің қажеттіліктерін
қамтамасыз ете алатын Араб түбегіндс саны арта түскен халықтың болмысын
қорғап, оның экономикалық және әлеуметтік сұраныстарына жауап берген,
өлкенің дамуында маңызды роль атқарған фактор - "мұнай"-дың табылуы
арабтардың жеке және қоғамдық өмірін жандандыра түсті. Соның нәтижесінде
бүгінгі таңда Арабстан сөзін естісек ойымызға ең әуелі мұнай келеді.
Дүниежүзі бойынша мұнай өндіру мен тұтынуда маңызды орын алатын Арабстан
мен Парсы шығанағының мемлекеттері экономикалық, технологиялық және
әлеуметтік жетістіктерге осылайша қол жеткізіп отыр. Араб түбегі
семит нәсілінің бесігі болып табылатындығы белгілі. Семиттер Нұхтың ұрпағы
Самнан тараған. Олар Алдыңғы Азияға (аш-шарқ уль-аусат) қоныстанды. Ол
жерде тайпалар дәрежесінде көбейіп, түрлі көзқарастарды ұстанса да, Араб
түбегін өздерінің ата-жұрты екендігін ешқашан ұмытпай өмір кешті.

Түйін.
Үш жағынан теңіз суымен қоршалған Араб түбегі ерекше географиялық
кеңістікте орналасқан. Ежелгі кезеңдерде халықаралық сауда-саттықтың теңіз
бен құрлық арқылы өтетін жолында орналасқан бұл түбек "байланыс түбегі"
иемесе де "тоғысу нүктесі" деп аталған. Арабстанның табиғи және
географиялық жағдайы оның экономикалық және әлеуметтік өміріне әсерін
тигзібей қойған жоқ. Сауда-саттық пен туризм, егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығы араб экономикасының негізі болып табылады. Мекке қаласы сауда-
саттық орталығы, ал Меккені зиярат ету — араб эконмикасының негізгі діңгегі
болып табылады. Құнарлы жерлер, жайылымдар мен аз мөлшердегі су көздері
экономиканың қосымша ресурстары болуымен қатар арабтардың егін мен мал
шаруышылығында теңдесі жоқ факторлар болып табылады,

1.1. Ерте феодалдық Араб мемлекетінің құрылуы.
Араб түбегі мен Арабстан деген атаудың шығу тегі мәселесі ғалымдардың
арасында түрлі пікір-таластар туындатқызды. Кейбір тіл мамандарының
көзқарастары бойынша бұл атаудың пайда болуының бірден-бір себебі
арабтардың өздері болып табылады. Яғни, ол атауды арабтадың өздері қойған.
Джахилиет (надандық) кезеңінің тарихы мен "аямуль-араб"-тың негізгі
сипатын жаратқан бәдәуилер мегі хадарилер, меккеліктер мен басқа да
тайпалар жоғарыда аты аталған факторлардың ең болмаса біреуін өздеріне
қарату мақсатымен көптеген соғыстар ұйымдастырып отырған.
Аль-Асмағи, Истахри, Хамадани мен аль-Хамауи сияқты географтар
Арабстанды кейде Йемен, Неджд, Хиджаз, Тихаме деп атай отырып, төрт ауданға
бөле қарастырған. Кейде Йемаме мен Бахрейнді де қоса қарастырып, бес немесе
алты ауданға бөліп зерттеген. Бейнуне жеріне дейінгі Неджран мен Омманның
аралығын Йемен жеріне жатқызады. Біз болсақ, Хиджазды бір бөлек, басқа
аудандарды бір бөлек қарастырғанды жөн көрдік.
Басқаша айтқанда. табиғи жағдайлары жағынан Арабстан шөлді, таулы және
бахтияр болып үшке бөлінеді. Араб түбегінің Хиджаз ауданы таулы, оңтүстігі
мен Йемен аудандары бахтияр болып келеді. Биікгігі 2750 метрге дейін
жететін Хиджар мен Йемен таулары үш қатардан тұрып, Аден шығанағына дейін
өз етегін жайған. Бұл таулы жерлерден Қызыл теңізге дейінгі аудан "Тихаме"
деп аталады.
Негізінен оңтүстік пен солтүстік болып бөлінген Араб түбегінде
шығысында Омман, оңтүстігінде Хадрамут, оңтүстік-батысында Хиджаз, Нүфуд
пен Хиджаз аралығында Неджд орналасқан. Омман мен Парсы шығанағының аралығы
Бахрейн деп аталады.
Биік таулы жерде орналасқан орталық Арабстанның екі маңызды ауданы
бар, Олар: солтүстіктегі жартасты Неджд пен оңтүстіктегі құмды Ахкаф
аудандары. Теңіз жағасындағы аудандар орталық Арабстан жерлерінен мүлде
басқаша, Бұл жерлер ылғалды әрі егін шаруашылығына өте қолайлы жерлер.
Теңіздерді жағалай орналасқан ауылды мекендерде халық тығыз орналасқан.
Дүниежүзінің географиялық картасында көлемі жағынан ең үлкен көлемге
ие Араб түбегі Азия құрлығының оңтүстік-батысында 1,700.000 км2 жерді алып
жатыр. Жазушылардың "Шибхуль-Джазира" (Араб түбегі) деп атайтын Арабстанға
ғарыш әлемінен қарағанда бұрыштары тең емес төртбұрыш формасын бейнелейді.
Негізінен Арабстан құрғақ және ыстық циклондар өтетін шөлдердің ауа-
райына бейімделген. Қыс пен көктемде аз да болса пайда болған ылғалдылықты
жаздың қатты желдері құрғатып жіберіп отырады. Тек "бахтияр Арабстан" деп
аталатын Йемен жерінің ауа-райы жаңбырлы, топырағы құнарлы болып келеді.
Міне осындай климаттың және фауна мен флораның орын алуына байланысты Араб
түбетінің солтүстігі мен орталық аудандары шөлдерден, ал оңтүстігі мен
теңізге жақын орналасқан аудандары жазықтықтардан, жайылымдар мен
егіндіктерден тұрады.
Кейінгі кезеңдерде Месопотамияға қоныс аударып, вавилондықтар,
ассириялықтар, финикиялықтар мен ибранилер деп аталып, өз мемлекеттерін
құрған тайпалар да Араб түбегінен шыққан. Оның үстіне иудаизм мен христиан
діндерінің шығуы мен дамуы осы геграфиялық кеңістікке байланысты. Арамелер,
ибранилер, римдіктер, румдықтар, христиандар мен яхудилер де өз кезегінде
пана табу мақсатымен Араб түбегіне қоныс аударған болатын. Монотеистік
діндердің ішінде соңғысы болып, адамзатқа түскен Ислам дінінің негізгі
ерекшеліктерінің бірі адам баласының жеке және қоғамдық
принциптері Араб түбегі тұрғындарының тұрмыстық қарым-қатынастарының
барысында туындаған болатын.
Бұл жағдайдың екінші бір себебі көшпенділікке негізделген Араб
түбегінің оңтүстігіндегі, әсіресе Йемендегі қатты селдердің салдары мен
табиғи апаттар мен дамбылардың құлауының нәтижесінде оңтүстіктен солтүстік
пен ішкі аудандарға көш болған. Осылайша III ғасырда бірнеше араб тайпасы
солтүстікке қоныс аударған. Ол тайпалардың құрамында болған хуза руы
Меккеге, аус пен хазрадж рулары Йасрибке қоныстанған болатын. Гассандықтар,
хиралықтар, киндалықтар мен Йасриб, Хайбар яхудилері де аталмыш себептерге
байланысты көшуге мәжбүр болған қауымдар еді.
Араб түбегінің географиялық жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты
арабтар өмір сүру болмысы жағынан екі топқа бөлінеді:
а) көшпенділер (бәдәушілер); ә) отырықшылар (хадарилер),
Бұған қарамастан көшпенділікті отырықшылықтан айыратан нақты
ерекшіліктер байқалмайды: жартылай көшпелі болуына байланысты арабтар
қалалықтарға ұқсап та өмір сүрген. Отырықшылықпен айналысқан арабтардың
бойынан көшпелі өмір сипатының қандай деңгейде екендігін байқайтын болсақ,
көшпелі арабтардың бойынан да отырықшылық өмірдің сипатын сондай деңгейде
болғандығын байқай аламыз. Өйткені, отырықшылар мен көшпелілер бір-бірінен
қыз алып, бір-біріне қыз беріп отырған.
Арабтар Нұх пайғамбардан тараған семит халықтарының бірі болып
табылады. Нұхтың баласы Самнан тарағандықтарына байланысты олар өздерін
семит хадықтарына жатқызады. Араб түбегі Палестина, Сирия мен Ирак семит
халықтарының негізгі қоныстанған жерлері болып табылады. Алайда, олардың
Араб 1 түбегі мен Иракқа қай жерлерден қоныс аударғандықтары белгісіз
болуы мем монотеистік діндердің кітаптарында бұл мәселені ашып бере
алатындай дәрежедегі дәлелдердің болмауы тарихшылардың арабтардың шығу-тегі
туралы түрлі көзқарастар ұстануы мен тіпті нақты бір көзқарастың
қалыптаспауына себеп болып табылады.
Кейінгі кезеңдерде Арибе арабтары мен арабтарға жатпайтын басқа
кауымдардың бір-бірімен араласуының нәтижесінде "Мүстағриб арабтары" пайда
болды. Оларға Хиджаз өңірінде өмір сүретін арабтар жатады. Аднанилер деген
атаумен белгілі болған Исмайлдың ұрпақтары болса аталмыш осы мүстағриб
арабтарынан шыққан Хиджаз халқы болып табылады.
Тарихшылар семиттерді негізгі 3 топқа бөліп қарастырады:
1.Араб түбегі, Сина, Бағдиатуш-шамда жөне Ирактың
оңтүстік аудандарында қоныстанған арабтар;
2.Иракта, Тигр мен Евфрат өзендерінің бойында, Иран мен Хорасанда
қоныстанған арабтар;
3. Ирактың солтүстігінде және Палестина мен Сирия аудандарында
қоныстанған арабтар.
Кейбір тарихшылардың айтуы бойынша семит халықтары Торос тауларынан
шығып, оңтүстік бағытта тараған. Олардың ішіндегі аккадтар Ирак жерінде, ал
арабтар болса Араб түбегі жерлеріне орналасқан. Арабтардың Эфиопия мен
Египеттен келгендігі туралы көзқарастарды ұстанатын тарихшылар да баршылық.
Осы көзқарастардың ішінде үлкен қолдау тапқан көзқарасқа сүйенетін
болсақ, семиттер мен арабтарды оңтүстіктен сотүстікке қоныс аударған, ата-
жұрты Араб түбегі болып табылатын халықтар ретінде қарастыруымыз керек.
Ибрахим пайғамбар өз әйелі Ажар мен баласы Исмаилды Хиджаз жеріне
әкеліп тастауынан кейін олардың әсерінің арқасында жергілікті халықтың
арасында араб тілінің орын алуымен қоса, араб тілін дегі Мекке
диалектісі дами түсті.
Жәрмеңкелер мен жиындарда оқылатын өлеңдерде, баяндамаларда орын
алған сөздер мен терминдерінің жинақталуының нәтижесінде "Мекке
диалектісі" қалыптасып, " араб тілінің құрайыштық варианты" пайда болды.

1. 2. Сол кездегі Араб тайпалары.
Араб тайпалары шығу-тегі, ата-жұрты мен тілдері жоғарыда аталған
сипатта қарастырылатын арабтардың тарихы түрлі кезеңдер
мен топтарға бөлініп зерттелінеді. Тарихшылардың көбісі
арабтарды үш-үштен бөліп, зерттеген. Бірінші вариант:
1. Бағидо арабтары;
2. Арибә арабтары;
3. Мүстағрибә арабтары, немесе, екінші вариант:
1. Арибә арабтары;
2. Мүстағрибә арабтары;
3. Табиға (ия да мүстағджамә) арабтары.
Ибн Халдун осылардың екінші вариантын мақұл көргендердің қатарынан
орын алады.
Мүстағджамә арабтарына жататын арабтар соғыстардың барысында мұсылман
арабтардың ішінде сіңісіп кеткен халық болып табылады. Солтүстік Африка мен
Андалусия арабтары дәл осы арабтардан тараған.
Арабтардың тарихын "бағидә арабтары" (уақыт өте келе жойылып кеткен
арабтар), "арибә арабтары", "мүстағрибә арабтары" деп классификациялап,
олардың қатарына Исламның пайда болуы мен "мүстағджамә арабтарын'' да қосып
зерттеу көпшіліктің тарапынан ұнатылып, лайықты деген бағаға ие болды.
Ерекше айта кету керек, "бағидә арабтары" толығымен жойылуына, "арибә
арабтары мен "мүстағрибә арабтары"-ның Ислам дінінің пайда болуына дейін
өмір сүрулеріне байланысты араб тарихын "бағидә арабтары" және "бақиә
арабтары" деп екі негізгі бөлімге бөліп зерттесе 2 де болады.
Нұх пайғамбардың үлкен ұлы Самнан Лауез туған. Лауезден арабтар
тараған. Олар Хиджаз бен Сина жерлерінде қоныстанған болатын. Амалика
арабтары Лауез ұлы Имликтің баласы Джасимнің (Джасирдің) жеті
баласынан тараған деген көзқарас бар. Ал араб жазушыларының айтуы
бойынша амалика "амлик"-тің көпше түрі болып, амалика арабтары
Арабстаннан солтүстік пен оңтүстікке қоныс аударып, Акабе мен
Месопотамияның батысында орналасқан тайпалар екендігі белгілі.
Вавилондықтар батыста көшіп-қонып, Акабе өңірінде өмір сүрген бұл
арабтарды "малик" немесе "малук" деп атаған. Кейінгі кезеңдерде
бұл сөздің колданылуы мен мағынасы өзгеріске ұшырап, "қауым"
мен "үмбет" деген мағыналармен алғашында "амалик", кейінірек "аммалика"
түрінде қолданылған болатын.
Ад қауымы - амалика мен арамейлерден тараған деп белгіленген ад қауымы
арабы бағидәнің ең маңыздыларының бірі болып табылады. Тарихта аты ирем
деп аталатын бұл қауымның Ирем ұлы Ауистің баласы Адтан тарайтындығы туралы
мәліметтер бар. Аталары Адтың немесе билеушілерінің бірі болып табылатын
Шеддадтың құрғызған "Ирем бақшасы" мен қоса бұларға да "Ад қауымы" немесе
"Ады Ирем" деген ат берілген.
Ад кауымы Йемен мен Омман аралығында орналасқан Ахкаф лен Хадрамут
жерлерінде өмір сүрген. Олар Оңтүстік Арабстанда Ирем ғимараты мен көптеген
көп қабатты ғимараттарды құрған. Қүранда "Шеддадтың аспалы бақшасынан өлең"
(иреме зағтиль-имад)1 деген сөз қатарында ад қауымы туралы мәлімет бар.
Оларға пайғамбар ретінде Хұд пайғамбар жіберілген. Хұд (А. С.)
пайғамбар тұсында екіге бөлінген ад қауымының бір бөлігі Ад ибн
Адлияның ұлы Лұқманды билеушісі деп танып, Хұд пайғамбарға иман
келтірсе, екінші бір бөлігі Ад ибн Адлияның басқа бір баласы Қалжанды
билеуші деп танып, Хұд пайғамбарға иман келтірмеген. Иман бір баласы
Қалжанды билеуші деп танып, Хұд пайғамбарға иман келтірмеген. Иман
келтірмегендер нәтижесінде "сарсар" деп аталатын дауылдың салдарынан ғайып
болып кеткен.
Ад қауымының аты шыққан билеушілерінің қатарына Ад, Шеддад пен Шедид
жатады.
Самуд қауымы - бұл қауымның негізін Иремнің немересі Самуд қалаған.
Уағдиль-Кура мен Хиджр аудандарында қоныстанған. Самуд қауымы Арабстанда ад
қауымынан кейінгі кезенде үстемдік құрган қауым. Құранда ад қауымымен бірге
аты аталатын самуд қауымы тау-тастан (бүгінгі Израильдегідей) зәулім
ғимараттар құрып, жерлерін ұлғайтқан. Оларға пайғамбар ретінде Салих (а.
с.) пайғамбар жіберілген. Салих пайғамбарға қарсылық танытқан самуд қауымы
пайғамбардан мұғжиза көрсетуін талап етті.
Набат қауымы - Палестинаның оңтүстігі мен Эдом немесе Идома деп
аталатын жерлерде қоныстанған Набайут ибн Исмаилдың ұрпақтары болып
табылатын қауым болып табылады. Алғашқы кезеңдерде Ирак өңірінде, кейіндері
Эдом жеріне қоныс аударғандықтары айтылады. Ассириялықтардың тарапынан Ирак
өңірінен көшуге мәжбүр болған набатилер б. з. д. 4 ғасырда Эдом жеріне
қоныс аударған болуы керек. Шығу-тегі туралы түрлі көзқарастар
қалыптасқан. 18 билеушісі белгілі. Олардың ең алғашқы билеушісі I Харис өз
атын таңбалатып тиын шығартқызған. Ал ең атақты билеушісі III Харис болса
Шам қаласын Батламиустан жаулап алған болатын. Набатилердің астанасы Петра
қаласы деп білеміз. Бусра, Эрзух, Хиджр мен Эйле қалалары аудан
орталықтарының қызметін атқарды.
Тедмүр қауымы - амаликалықтардан шыкқан, Шам мен Ирак жерлерін
мекендеген қауым болып табылады. Пайда болуынан бастап "шейх"-тердің
тарапынан басқарылған тедмүр қауымы Тедмүр қаласын астана ретінде белгілеп,
Тедмүр араб мемлекетін құрған болатын. Б. з. д. 4 ғасырда құрылған Тедмүр
мемлекеті б. з. 270 жылға дейін ұзақ уақыт өмір сүрді. Римдіктермен бірнеше
мәрте соғысып, сан мәрте римдіктердің шабуылдарына ұшырап отырған. Тедмүр
мемлекетінің өркениеті адамзат тарихында ерекше орынға ие.
Бақиә арабтарын арибә арабтары мен мұстағрибә арабтары деп екіге
бөліп, зерттеу әдетке айналған. Арибә арабтары деп Арабстанның Йемен
өңірінде қоныстанған кахтанилерді айтамыз. Нұхтың ұрпағы болып табылатын
Абирдің ұлы Кахтан Хамурапидің тұсында қасындағылармен бірге Йеменге қоныс
аударып, жергілікті бағидә арабтарымен араласып кеткен. Кахтанилер
Кахтанның ұлы Йағрубтың тұсында Иеменді өздеріне қаратты. Арибә арабтары
Кахтанның есіміне байланысты "кахтанилер" деп аталған.
Кахтанның ұлы Йағруб Йемендегі ад қауымы мен Хиджаздағы бақиәларды
жеңіп, Кахтанилер мемлекетін құрды. Кейін оның орнына баласы Йашджуб
отырды. Йашджубтың орнына отырған оның баласы Абдушамс өмірінде көп
соғысып, дұшпандарын көптеп тұтқынға алуына байланысты "себа-саба" деген
3 атаққа ие болды. Абдушамстың өлімінен кейін оның орнын баласы Химер
басты. Осылайша, Себа (Кахтания) мемлекеті Химер мемлекеті деген атқа ие
болып, соңында Эфиопия мемлекетінің тарапынан жауланып алынған болатын.
Кахтания мемлекеті 1700 жыл өмір сүрген. Кахтания әміршілерінің бірі
болып табылатын Аль-Харис Рағис Себа мен Хадрамутты бір-біріне қосып, бүкіл
Йеменде өз үстемдігін орнатқаннан кейін ол және одан кейінгі кезендерде
билік жүргізген әміршілер "түбба" деп аталған.
Аднанидтер - аднанидтер мұстағрибә арабтарынан шыққан және Хиджаз
халқын құрайтын қауым болып табылады. Исмайл ұрпақтары Мекке тұрғындары
болып табылатын джүрхүм қауымымен араласып, келешекте кебейген Хиджаз
арабтарының ата-бабалары еді.
Арабтар негізінде өздерінің шығу-тегі мен тарйхын кахтания мен
Аднанияға байланыстырып, осы екі негізгі факторға негіздеп зерттеулерін
жүргізеді. Иемен мен оның айналасындағы (Оңтүстік Арабстан) арабтары
Кахтаннан, ал Тихаме, Хиджаз, Неджд, Шам мен Ирак арабтары Исмайлдың баласы
Аднаннан тараған деген көзқарасты ұстанады. Ибрахим пайғамбар әйелі Ажар
мен жаңа туған баласы Исмайлды Меккеге әкеліп, орналастыруынан кейін Исмайл
жергілікті халықтың құрамындағы джүрхүм руының басшысы болып табылатын
Амрдың қызы Ралені әйелдікке алып, он екі балалы әке атанған болатын.
Зу Нуастың мұндай зұлымдықтарына қарсы Византия императоры өз
наразылығын білдірді. Бұл мәселенің шешімін табу мақсатымен бұл істің
басына ол Эфиопия билеушісін тағайындады. Эфиопиялықтар б. з. д. 525 жылы
Эриат басшылығындағы әскер мен жергілікті халықтың көмегімен Зу Нуасты
жеңген болатын.
Кейінірек Сейф ибн Зий Йезеннің өтініші бойынша Уахриз жолы арқылы
йемендіктерге сасанидтер көмектесіп, эфиопиялықтарды Йеменнен куып шықты.
Бұл оқиғаларға қарамастан Византия, Сасанидтер мемлекеті мен Эфиопияның
сауда-саттық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени ықпалы үлкен орын
алғантын. Оңтүстік Араб түбегінің шетелдерге танылуында табиғи байлықтары
мен мәдени құндылықтары маңызды рольге ие. Бұдан басқа Қытай-Үндістан,
Византия-Рим, Эфиопия-Египет, теңіз және құрлық арқылы өтетін сауда-саттық
жолдар мен ұзақта орналасқан жерлермен жанданған экономикалық қарым-
қатынастардың пайда болуы Араб түбегінде сауда-саттық пен туризмнің
дамуына, Сухар, Деба, Шыхр, Саба, Указ сияқты жөрмеңкелердің
ұйымдастырылуына, өлкенің бұрынғысынан да жоғарғы дөрежеде әйгіленуіне
себеп болды.

1. 3. Исламға дейінгі Араб мемлекеттері.
Исламға дейінгі араб мемлекеттері - Гассандықтар
Кахтан ұрпағы болып табылатын гассандық арабтар Джефне ибн Амр ибн
Амирдің басшылығымен Йеменнен Тихамеге қоныс аударып, Хиджаз маңындағы
Гассан суының бойына қоныстанған қауым болып табылады. Гассан бойына
қоныстануына байланысты оларды "гассандықтар" деп, немесе олардың билеушісі
Джефненің есіміне байланысты "алу джефне" деп аталған. Б. з. 1 ғасырының
шамамен 118 жылы аталмыш жерге қоныстанған гассанидтер кейінірек Шам
маңындағы деджаймә руын ығыстырып, Тихаме мен Сирия жерлерінде
"Гассандықтар мемлекетін" құрған болатын.
Гассандықтар мемлекетінің ең алғашқы билеушісі Джефне ибн Амр, ал
соңғы билеушісі болса II Рашидид халиф Омар ибн аль-Хаттабтың тұсында билік
құрған Джебеле ибн Эйхем болып табылады. Белькадан Харранға дейінгі
географиялық кеңістікте 4 билік жүргізген Гассандықтар мемлекетінің 400
жыл бойы өмір сүргендігі белгілі.
Хиралықтармен жиі соғысуға мәжбүр болған гассанид билеушілері Харис
ибн Мағриядан бастап Бельканы астана деп білген. Хз. Мұхаммедтің (с. ғ.
с.) тұсында гассандықтардың әміршісі Шурахбиль Ислам пайғамбарының
дінге шақыру мақсатымен өзше барған елшісін өлтірген болатын. Халид ибн
Велид өз әскерімен шайқасқан Джебеленің қол астындағы гассандықтар армиясы
шайқастан кейін толығымен мұсылмандықты қабылдағантын. Осылайша,
гассандықтардың жері Ислам әлемінің құрамына кірген еді.
Хиралықгар - гассандықтар сияқты Йеменнен солтүстікке қоныс аударып,
Хира қаласының айналасына қоныстанған бір қауым болып табылады. Көптеген су
каналдары орналасқан Неджеф пен Евфрат өзені аралығындағы Хира қаласы
егіншілікке қолайлы егіндіктерге бай және құрма ағаштары көптеп өсетін
аумақта орналасқан.
Хиралықтар немесе лахмиліктер деп аталатын бұл қауым саяси және
әкімшілік жағынан сасанидтерге тәуелді болған. Олардың тарихы туралы
мәліметтер жергілікті дәрежеде көп деп айтуға болады. Гассандықтардың
Византиямен жүргізген қарым-қатынасынан да мықты қарым-қатынасты
сасанидтермен жүргізген хиралықтар біздің бұл мәселеге назар аударуымызға
үлкен мән берген.
Хира мемлекетінің қалыптасуы Тедмүр әйел билеушісі Зейнептің ұлы Вехб
аль-Лат атынан билікті өз қолына алуымен басталған болатын. Хира
мемлекетінің ең алғашқы билеушісі деп белгіленген Адидің ұлы Амрдың
билеуші атануы б. з. 268 жылына сәйкес келеді. Хира билеушілерінің ішінде
ең әйгілілер: II Имруль-Кайс (билік кұрған жылдары: б. з. 382-403) пен оның
ұлы Нумануль-Авер (билік күрған-жылдары: 403-431).
Византиялықтармен және ирандықтармен ұзақ уақыт бойы соғысқан
хиралықтар Ирак жерлерінде қоныстанған және өздерінің туыстары болып
табылатын арабтармен де соғыс жүргізген болатын. Ирандықтардың тарапынан
тарих сахнасында өздерінің орнынан айырылып қалған. Алайда, олардың бір
бөлігі болып табылатын лахм мен джүзам атты рулар "араб руларының
бірлестігі" түрінде болмыстарын Исламның пайда болуынан кейінгі кезендерде
де сақтап қалған еді Хира билеушілері әулетінің соңғы өкілі Мүнзирдің
билігі Халид ибн Велидтің Ирак жерлеріне қарсы бағытталған жаулау
әрекеттерінің кезеңіне дейін жалғасқан. Мүнзир 632 немесе 633 жылғы Джуваса
шайқасы барысында қаза тапқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Еділ-бұлғар мемлекеті
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
III – VII ғасырлардағы иран
Омейядтар халифаты
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Таяу Шығыс пен Мысыр мәмлүктерінің қарым - қатынасы
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Қимақтардың шығу тегі
Мысыр еліндегі мамлүктер билігі
Пәндер