Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі



Ж о с п а р

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері

2. Шығыс Еуропа мен Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі мен нарықтық қатынастарды дамыту

3. Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін пайдалану қажеттіліктері мен мүмкіндіктері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Астана қаласында 2007 жылғы 15- қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы жүйемізбен салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы нарығы бұған дайын болуы және Үкімет бұл мәселеге қамдануы керек. Жұмысты келісе жүргізу керек»,- деді.
Соңғы жылдары бізде, өзіміздің жағдайларымыздан туындайтын кез келген тұжырымдардың дұрыстығын дәлелдеу үшін нарықтық экономикасы дамыған батыс елдердің тәжірибесіне сүйену дәстүрге айналды, ал бұл танымның салыстырмалы әдісі ретінде қабылдауға болмайтын шара. Бірақ, сонда да егер осы дәстүрге сүйенер болсақ, онда бұл жерде осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын американдық Ұлттық жоспарлау ассоциациясы мамандарының мемлекеттің алдына қойған міндеттерінің мәнісін айта кетуге болар еді: «Уақыт талабына сай ғылыми-техникалық прогресс қарқыны жағдайында кәсіпкерлер және әсіресе үкімет басшылары өнеркәсіпті орналастыру мәселелері бойынша шешім қабылдауға, өнеркәсіптік қуаттың өсуіне, қорларды бөлу бағдарламаларын бағалауға тікелей қатысы бар бағдарламалық мәліметтермен өздерін қамтамасыз ету үшін бірқатар жылдарға алдын ала көз жіберуі керек». Дәл осындай міндеттердің алға қойылуы мен қарастырылуы Франция, Жапония, Туркия және көптеген басқа елдердің экономикалық жүйесі үшін де тән болады. Бұл елдерде жоспарлау нарықтық индикаторлар мен макроэкономикалық сипаттағы ірі мәселелер шешімін ұзақ мерзімдік болжау және бағдарлау арасында біріктіруші рөлді атқарған және атқарып келе жатыр.
Жапонияда мысалы, 70 жылдардан бастап, өндіргіш күштер мен өнеркәсіпті орналастыруды жетілдіру мәселелері ең алдымен елдің барлық аумағындағы еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау мен ескі өндіріс орындарының қайта жарықтануын сенімді түрде жәрдемдесу тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар, бұл көзқарас мемлекеттің инфляцияға қарсы реттеу қызметінің маңызды бағытын білдіреді.
Макроэкономикалық реттеу жөніндегі жалпымемлекеттік шаралар арасында қаржылай- бюджеттік қорларды бөлу мен пайдалану шешуші рөлді атқарады. Бұл жерде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін орындаудағы шиеленісушілік әлеуметтік сала мен ғылымның дамуына жұмсалатын бюджет шығындардын шектеуге негіз бола алмайтындығын атап өту керек. Басқа елдердің тәжірибесі, бүгінгі мұндай шектеулер болашақ уақыттағы жағымсыз жайттарды тудыратындығын дәлелдейді. Бұл ең алдымен, халықтың денсаулығының нашарлауы мен тұтастай алғандағы демографиялық жағдайдың, сондай-ақ өндірістің ғылымды қажет ететін салалары дамуының бәсеңдеуіне қатысты.
Қолданылған әдебиеттер

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы: Учебное пособие.-Алматы: Экономика,1998.

2. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. Государство и бизнес.-Алмыты: Экономика 1998.

3. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. Под. ред. М.Б. Кенжегузина.- Алмыты: ИЭМОиН РК, 2001.

4. Государственное регулирование экономики / Под. ред. В.И. Кушлина, Н.А. Волгина., М.: Экономика 2000.

5. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики: Учебное пособие.- М.: ИНФРА-М,2000.

6. Елемесов Р., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие.-Алматы: Каржы-Каражат 1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік
тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен
тиімділігі.

Оқытушы:

Студент:

Мамандығы:
Тобы:

Ж о с п а р

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің негізгі
мәселелері

2. Шығыс Еуропа мен Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу
жүйесі мен нарықтық қатынастарды дамыту

3. Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін
пайдалану қажеттіліктері мен мүмкіндіктері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Астана қаласында 2007 жылғы 15- қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI
Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: Біздің
нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып
келе жатқан қаржы жүйемізбен салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр.
Отандық қаржы нарығы бұған дайын болуы және Үкімет бұл мәселеге қамдануы
керек. Жұмысты келісе жүргізу керек,- деді.
Соңғы жылдары бізде, өзіміздің жағдайларымыздан туындайтын кез келген
тұжырымдардың дұрыстығын дәлелдеу үшін нарықтық экономикасы дамыған батыс
елдердің тәжірибесіне сүйену дәстүрге айналды, ал бұл танымның салыстырмалы
әдісі ретінде қабылдауға болмайтын шара. Бірақ, сонда да егер осы дәстүрге
сүйенер болсақ, онда бұл жерде осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын
американдық Ұлттық жоспарлау ассоциациясы мамандарының мемлекеттің алдына
қойған міндеттерінің мәнісін айта кетуге болар еді: Уақыт талабына сай
ғылыми-техникалық прогресс қарқыны жағдайында кәсіпкерлер және әсіресе
үкімет басшылары өнеркәсіпті орналастыру мәселелері бойынша шешім
қабылдауға, өнеркәсіптік қуаттың өсуіне, қорларды бөлу бағдарламаларын
бағалауға тікелей қатысы бар бағдарламалық мәліметтермен өздерін қамтамасыз
ету үшін бірқатар жылдарға алдын ала көз жіберуі керек. Дәл осындай
міндеттердің алға қойылуы мен қарастырылуы Франция, Жапония, Туркия және
көптеген басқа елдердің экономикалық жүйесі үшін де тән болады. Бұл елдерде
жоспарлау нарықтық индикаторлар мен макроэкономикалық сипаттағы ірі
мәселелер шешімін ұзақ мерзімдік болжау және бағдарлау арасында біріктіруші
рөлді атқарған және атқарып келе жатыр.
Жапонияда мысалы, 70 жылдардан бастап, өндіргіш күштер мен
өнеркәсіпті орналастыруды жетілдіру мәселелері ең алдымен елдің барлық
аумағындағы еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау мен ескі
өндіріс орындарының қайта жарықтануын сенімді түрде жәрдемдесу тұрғысынан
қарастырылды. Сонымен қатар, бұл көзқарас мемлекеттің инфляцияға қарсы
реттеу қызметінің маңызды бағытын білдіреді.
Макроэкономикалық реттеу жөніндегі жалпымемлекеттік шаралар арасында
қаржылай- бюджеттік қорларды бөлу мен пайдалану шешуші рөлді атқарады. Бұл
жерде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін орындаудағы
шиеленісушілік әлеуметтік сала мен ғылымның дамуына жұмсалатын бюджет
шығындардын шектеуге негіз бола алмайтындығын атап өту керек. Басқа
елдердің тәжірибесі, бүгінгі мұндай шектеулер болашақ уақыттағы жағымсыз
жайттарды тудыратындығын дәлелдейді. Бұл ең алдымен, халықтың денсаулығының
нашарлауы мен тұтастай алғандағы демографиялық жағдайдың, сондай-ақ
өндірістің ғылымды қажет ететін салалары дамуының бәсеңдеуіне қатысты.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі
мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері

Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу
тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің
әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес. Бұл келесі
объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:
1) республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-

демографиялық, этномәдени және тағы да басқа себептерге
байланысты өзгешеленеді;
2) қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру
процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік
жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас
ешбір ел жоқ;

3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір
себептерге байланысты тиісті
негіздеусіз жүргізіледі және революциялық көрініс табады, ал
нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың
эволюциялық даму нәтижесі болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі
жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік
реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға
мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау
мүмкінкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің
механизмдерін түйістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толтыру
мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және
де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік
шаруашылық процеске респуликаның араласу мөлшерін ескере отырып,
реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін
үйренуден шығатын өорытынды – көптеген алдыңғы қатарлы елдерге экономиканы
мемлекекттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының
мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау
қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп
шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экон,омикалық мақсаттарға
жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. Америкалық ірі
экономист П. Самуэльсон көрсеткендей, мүндай зерттеулерсіз күннен күнге
өсіп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтік өзгерістерге эволюциялық жолмен
икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазіргі күйреу қатері туындайды,
өйткені ғылым мен техника экономикалық өрістің табиғи дамуын үздіксіз
өзгертіп отырады. Басқаша айтқанда дәл біздің экономика сияқты, әлсіз
экономикалық жүйеге, барлық туындайтын қиындықтарға эволюциялық жолмен
икемделу қажеттілігі үздіксіз ғылыми-техникалық процесс салаларынан
туындайды.
Ұлы дағдарыс жылдары (20-жылдың аяғы мен 30-жылдың басы)алдыңғы
қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей
алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу
тек әлеуметтік-экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласуымен ғана
жүзеге асатынын түсінді. Бұл ақиқатты мойындау елдегі экономикалық
тұрықтылықты қамтамасыз ететін ресми мемлекеттік ұйымдардың ресми
ұстанымдарынан көрініс тапты АҚШ-тағы жұмыспен қамтамасыз ету туралы
Заңға сәйкес (1946ж) құрылған Президенттік экономикалық Кеңесі осы заңның
талаптары бойынша барынша өндірісті толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың
тұтынушылық қабілетін сақтай отырып, мемлекеттік монополистік реттеумен
айналысты. 60-жылдардың соңында аталған Кеңеске міндет ретінде экономикада
ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзімдік болжау мен бағдарламалар
жасау әдістерін әзірлеу жүктелінді.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы
басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда,
ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар
барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды
және түтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай
бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу,
космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды
жүзеге асыру барысы салааралық баиланыстарды күшейтуге бағытталған
мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық
экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті
аимақтық Комиссияның міндеті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты
ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұл тәжірибе біздің
жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты Эйфория халық
шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Туркияда және тағы басқа елдерде ағымдағы, орта
мерзімдегі жоспарлардың ғылыми әдістемелік және ұйымдастырушылық
мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті
Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық
жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т.б.
жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының
құрыламдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімдік
мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп
саналады.
Туркияда орта мерзімді жоспарлау 1963-1967 жж бірінші бесжылдық
жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне
байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992
жж) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының
макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мүнда көбінесе
бәсекелестік қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызыметін
нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тиым салуға, жоспарлар
мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді
кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 ж жүргізілген
реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының
үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналар, департаменттер және
аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін канторлар мен аудандардың
өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсәздігі
жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық
экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,
Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген
үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік
органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыра отырып жалпы
мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық
маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг қызметін жетілдірудің бірнеше
қолайлы жақтарын бөледі:
1) басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік

береді;
2) мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын
шараларды үйлестіреді;
3) көрсеткіштерді анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол
ашады;
4) алдағы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап
етеді;
5) шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;
6) барлық қызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста, қарым-
қатынаста екенін көрсетеді.
Аталған пункттерден (халық шаруашылығыныңалдыңғы звеноларында ғана
емес) ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айруға болады,
өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз
қолданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің
экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі қаржы-бюджет ресурстарын
пайдалану және салық жинау механизімі болып табылады. Осы механизмдердің
маңызы мен олады тәжірибе жүзінде қолдану зерттеледі және де оқулықтарда
қарастырылған.
Осы механизмдердегі негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға
болады. Біріншіден, бюджеттік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар,
дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау)халық шаруашылығының
басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салалары жылдам дамыту
мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецарияда, Бельгияда
және басқадай мемлекеттерде мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық
табыстың үлесі 50% жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50%
шамасында. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
Екіншіден, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық
салу механизімі үлкен ролді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар
өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты
ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Жапонияның
экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита Известия (25.02.92)
газетінде: Шенеуліктердің (әкімдердің) ақылдылығы телефон арқылы немесе
ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық
жеңілдіктерімен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиімді
және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекені күшейту арқылы басыңқы
салаларды дамыту деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфляция) жағдайына
душар болған мемлекет үшін қолайлы. Дағдарыстан шығу үшін фискалдық саясат
арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негізінде: а) мемлекеттік
шығындардың өсуі; ә) салық ставкасының мөлшерінің азаюы; б) мемлекеттік
шығындардың өсуі мен салықтың азаюын үйлестіре пайдалану жатыр. Бұл әдістің
біреуін таңдап алу алға қойылған мақсатқа немесе объектіні реттеуге
байланысты. Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын
азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты
қанағаттандыра алмаса,ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болады және бұл жерде
екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл ішінде
Жапонияның әлеуметтік шаруашылық дамуындағы тәжірибесінен ғылым және білім
экономикалық өсу моделінің интенсивті және негізгі құрылымдық факторы
ретінде көрінеді. Қазақстанда бұл салаларға көңіл бөлу жоқ, қаржыландыру
жүйесі бұрынғысынша, яғни қалдық қағидасымен жұмыс істеуде. Бірақ Президент
1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында:
интеллектуалдық өндірісті қамтамасыз етуде, өндіргіш күштерді дамытуда,
ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негізгі мәселелерді шешуді ұмытып
кеттік деген.
Дамыған өнеркәсіптік елдерде экономикалық өсудің интенсивті
моделінің икемді құралы экономиканы реттеудің ақша-несие механизмі болып
табылады.
Нарықтық экономиканың белгілері, АҚШ- тың ірі мамандары К.Р.Макконелл
және С.П.Брю осы ақша-несие саясатының мақсаты толық жұмысбастылыққа қол
жеткізуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсіп деңгейінің
өсуіне көмектесу болып табылады - деген. Мұндай саясатпен дем беруші
(жұмыссыздық болғанда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат
жүргізудің арасында тығыз байланыс бар екені көрінеді. Сонымен қатар,
мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі жоғарыда аталған көмекші
ретінде тек қана оның қолданылуы дайын өнім айналасына емес (яғни
коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың баюына емес), материалды игіліктерді
өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.
Нарық жүйесі дамыған елдерде бұл механизмді қолдану тәжірибесін
зерттей отырып, мынадай бірнеше негізгі қорытынды шығаруға болады:
1.Монетарлы саясаттың әсерін сезінетін ұзақ мерзімді тәжірибенің
басым болуы кейнсияндық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық
механизмі әлсіздігінен пайыз мөлшері инвестицияға дем берудің арасында
байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қисынсыздығын көрсетеді,
айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжірибеге терең талдау жүргізу нәтижесінде
П.Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетін несие
бойынша пайыз мөлшерінің өсімі бұл несиеге физикалық және заңды тұлғалардың
қол жеткізуіне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды.Ал несиенің
қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезінде, дербес және мемлекеттік
инвестициялаудың қысқару тенденциясына әкеледі. Бірақ бұл тенденция күшті
трансмиссиондық механизмді қолдану арқасында біраз невелирленуі
(тегістелінілуі) мүмкін (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлікті, қолда бар
тауарды іске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
2.Көптеген жағдайда несиенің арзандылығы (пайыз мөлшерлемесінің
төмендеуі) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететіні туралы қорқыныш
бостан-бос.Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндірістік инвестициялауды
жеделдетсе, нарыққа шығарылған тауарлардың санын арттырады. Мұнда, басқа да
теңгермелі жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы)
айналымдағы тауар массасының өзгеруіне байланысты ақша массасының өзгеру
деңгейін көрсететін мультипликатордың абсолютті параметрлерін анықтау қиын
емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келіп түссе, онда ол ақша массасын
көбейтіп, артық сұранымның пайда болуына әкеледі.
3. Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында
жүргізілетін болса, онда пайыз мөлшерінің деңгейі (несиеге байланысты)
мемлекетің бақылауы мен реттеуінде болуы керек. Экономика дағдарысы мен
фискалды саясатты дамыту (жетілдіру) кезінде несиенің өндірістік
инвестицияны жеделдетудегі рөлінің төмендеуі қисынсыз көрінуі мүмкін.
Несиелік және салық жеңілдіктерінің берілуі, сыртқы экономикалық тарифтік
саясаттың шамадан тыс икемділігі – мемлекеттік реттеудің сенімді
тетіктері, мұны АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапонияда, Оңтүстік
Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде
айқындалады. Бірақ бұл тәжірибе Қазақстан Үкіметі 1994 жылдың басында кез
келген несиелік және салықтық жеңілдіктерінің алынып тасталынуы туралы
шешім қабылдағанда ескерілмеді.
4. Жалпымемлекеттік мақсатқа жетуде ақша-несие механизмдерін тиімді
реттеу көбінесе оны қадағалайтын органдардың еркіндік дәрежесіне
байланысты.Әлемдік тәжірибе бойынша, егер бұл органдар саяси ағымдар мен
мүдделердің шеңберіне түссе , онда олардың іс-әрекеттерінің
қорытындылары, жалпымемлекеттік тұрғыдан бағалау кезінде негативті болуы
мүмкін. Бұл туралы Нобель сыйлығының иегері Ф. Хайек ақша саясатының басты
мақсаты ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек деген қорытынды жасайды.
Өндірісі дамыған елдердің тәжірибесі, сонымен қатар аграрлы секторы
жақсы дамыған елдердің экономикасында бағаға мемлекеттік және жанама әсер
етуінің үлкен маңызы бар екенін көрсетеді. Егер бүкіл дүние жүзінде ешқашан
және еш жерде мемлекеттің араласуынсыз таза нарықтың болуы мүмкін емес
деген ғылыми дәлелденген тұжырымдаманы растайтын болсақ, онда дәл осылай
тарихта қоғам дамуындағы баға белгілеудің толық және жалпы даму бостандығы
болмады деген қорытынды да дұрыс деп есептелінеді.
Бірақ та бұл тәжірибе жеке мемлекеттердің экономикадағы бағаны реттеу
үшін қолданып отырған механизмдер құрамының әр түрлі екенін көрсетеді және
олардың құрамы көбінесе меншік сала формасының нақты арақатынасына ; қысқа
және ұзақ мерзімдік шаруашылық және әлеуметтік мақсаттарға; халықаралық
экономикалық қатынастардың дұрыс қалыптасу деңгейіне байланысты екенін
көрсетеді. Мысал ретінде осыдан 60 жыл бұрын американдықтардың
ауылшаруашылық өніміне енгізген баға белгілеу жүйесін алуға болады. Ол
өзінің демократиялылығыменжәне икемділігімен ерекшеленеді. Бұл жүйенің
мәнісі-фермердің ертеңгі күнге деген сенімділігін арттыру нәтижесінде, ол
өзінің шаруашылық жұмысынан қандай қорытынды алатынын анықтауға мүмкіндік
табады. Бұл жерде кепілдік баға туралы сөз болып отыр. Егер нарықтағы
бағаға күтпеген тенденциялар әсер ететін болса, онда ол фермерге минималды
табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдік фермерлердің тауарлы-несие
корпорацияларымен қарым-қатынасқа түскен кезде қамтамасыз етіледі.
Соңғылары, кепілдік баға арқылы фермерден қабылданған өнім, олардың
несиелері арқылы белгілі бір соманы қамтиды (баға көбейтілген өнім)
Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты болған болар еді. АҚШ
фермерлерінің төменгі табыс деңгейін қамтамасыз ететін, сонымен қатар
мақсатты баға тәжірибесі Қазақстан жағдайында жүргізілсе пайдалы болар еді.

Австрия, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа
елдердің үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте
қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге
асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері
бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халық шаруашылығындағы бағаның
бестен бір бөлігін қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң
арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттің экономика өрісінде туындайтын төтенше
жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте баға
ырықтандыруының бастапқы кезеңі соғыстан кейінгі (1946-1947) 3-4 онжылдыққа
созылды. Бірақта, әлі күнге дейін Экономика министрлігі мен Үкіметтің
тарапында сол елде өндірілген және импорттық тауарларға баға деңгейін
реттеу кең өріс алуда. Бірінші топтағы тауар туралы сөз болса, онда оларға
деген бағаны реттеу ең алдымен өндіруге кеткен шикізат материал ресурсының
бағасы төмендеу фактісі ескеріледі, ал егер екінші топтағы болса, онда ауыл
шаруашылығында өндірілген өнімді елге өткізу кезінде қолданылатын баж
салығын төмендету фактілері ескеріледі. Мемлекеттің осындай бақылау жасау
функцияларын күшейту, әсіресе экономикалық дағдарыстан шығу кезінде қолдану
пайдалы екені тәжірибе жүзінде дәлелденген. Біздің жағдайымызда француз
үкіметінің шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, салық салу
механизмдері арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару ісін
жүргізу тәжрибесі пайдалы болар еді.
Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі
болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау
шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Біріншіден,
ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және
аграрлы субъектісінің табиғи-климаттық фактордың қолайсыз жағдайда да табыс
пен пайда табуын объективті және өзекті проблемаға айналдырыды. Оны шешуде
басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол
механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің еңбегін ынталандыру.
Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнімге баға деңгейін
анықтау шығын қосылған табыс қағидасы қолданылыды. Демек, фермер әр
түрлі шығындар кезінде немесе өндіріске әсер ететін табиғи-климаттық
факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткізе
алады. Әлеуметтік бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерінің тұрақтылығы,
олрдың шеберлігі өседі және де ұйымдастыру мен өндірістік технологияның
сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, тұрғындардың тамақ өнімдеріне қажеттілігін уақытында
қамтамасыз етілуінде (сондай-ақ өндіріс тауарларына) ауыл шаруашылық
өнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл бөлінеді. Әлеуметтік
түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың өмірін қамтамасыз етуден ауыл
шаруашылық өнімдеріне баға құру процесінде негізгі мемлекеттік басқару
органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объективті араласу әр түрлі басымды
мехенизмдерде әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама, құқықтық және
аймақтық реттеуде орын алады.Олар көбінесе әр елдің әлеуметтік-шаруашылық,
құрылымдық, институционалдық ерекшеліктеріне байланысты.
Үшіншіден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттің
қолдауына мұқтаж, әсіресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен нақты
инновациялық-инвестициялық шараларды іске асыруда. Мысалы, АҚШ- та
мемлекеттік дотацияның үлес салмағы төрттен бірге жетеді, ал Еуропалық
экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердің барлық
табыстарының төрттен үшін құрайды. Канадада бұл көрсеткіш деңгейі шамамен
40 % жетеді. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру
механизмін жеке, кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерін
байланыстыруда қолданады.
ЕЭО елдерінде ауыл шаруашылығы министрлерінің Кеңесінің шешімімен сала
өнімдерінің бағасы 95% дейін реттеледі және бұл жерде назар аударарлық
нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейі базар деңгейінің бағасының
өзгеру деңгейіне байланысты негізделеді.Негізгі ауыл шаруашылығы
өнімдеріне (ет, сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы
органдар айналысады. Баға құру басымдылық болған
жағдайдасиқырлытөртбұрышта(тұрақт ыөсу қарқыны,жұмысбастылық,баға
тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың міндеті кеңейеді . Қытай
Компартиясы бесжылдық экономикалық реформалардың қорытындысын жасай отырып
және көрсетілген төртбұрыштың нақты бұрыштары басымдылықтарын анықтай
отырып, өздерінің шешімдеріне (қазан, 1984ж.) бүкіл экономикалық
жүйелердегі реформа баға жүйесін реформалауға байланысты , деп ерекше
көңіл аударған. Бұл шешімдердің нәтижесін жүзеге асыруда екі жылдың ішінде
бағаның төрт түрі құралды бірыңғай жоспарлы баға, шартты баға, еркін нарық
бағасы, жүзетін жоспарлы баға. Жүзетін және нарық бағасының жұмыс
істеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері
Тікелей шетел инвестициялары
Транзиттік экономика
Мемлекеттік басқару және Қазақстан экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ету
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Пәндер