Исатай Тайманұлы мен Махамбет Әтемісұлы бастаған көтеріліс



Жоспар

Кіріспе

1. Бөкей ордасындағы жер мәселесі Жәңгір хан 1823.1845
2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
3. Тастөбе мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.

Қазақтың ардагер ақыны Махамбеттің жолы халық тарихының елеулі кезеңдерімен тығыз байланысты.
Қазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған (1783-1797) Сырым Датов бастаған бұқара бұрқанысынан кейін ел ішінде феодалдық езгі ұлғая түсті. Сұлтандар мен патша үкіметінің казак әскерлері ел тонауды көбейтті. Мұндай қанау мен езгі және 1795-1796 жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұқара күйзеле бастады. Шаруалар мал жаюға қолайлы жерлерді көкседі. Ондай қоныс Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмы еді. Бөкей сұлтан осы жағдайларға орай I Павел патшаға арыз беріп, бұрын қалмақтар болған, қазақ ноғайлардың бағзы мекені Еділ, Жайық арасында өту туралы өтініш жасады. 1801 жылы 11 мартта патша патшаның ресми рұқсаты болды. Сол жылы Бөкей сұлтан біраз ауылдарды бастап екі өзен арасында өтті. Еділ, Жайық арасындағы сол өңір сосын «Ішкі орда», не «Бөкейлік», яки «Бөкей хандығы» аталған.
Махамбет 1803 жылы Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмында, Бекетай деген жерде дүниеге келген. Махамбеттің атасы Құлмәлі туралы ел аузында жүрген талай аңыз әңгімелер бар. Солардың бірі 1925 жылы Ташкент қаласында жарық көрген «Исатай-Махамбет» деген кітапта жарияланған.
Құлмәлі би, батыр, шешен Адам болыпты. Ол өзін қызылбастың Нәдірше дейтін патшасының тұқымын дейді екен. Құлмәлі жаугершілікте қолға түседі. Оны Жайық беріш Тумаш балалары еншілес ағайын етіп, кейін Тайсойған құмын жайлаған бір қауым елге айналады. Шыбынтай мен Өтеміс. Өтеміс Айшуақ, Бөкей дәуіріндегі беделді билердің бірі болған. Махамбет бір өлеңінде :

Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік,-
дейді. Өтемістің он баласы : Тоқтамыс, Бекмұқанбет, Махамбет, Исмайл, Досмайл, Қожахмет, Әйіп, Хасен, Сүлеймен, Ибрайым.
Махамбеттің ақындық, шешеендік таланты елге ерте танылады. Ол жас кезінен батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын атанады.
Хан беделін көтеру үшін таланты адамдарды өз маңына жинайды. Махамбетті де баласы Зұлқарнайынның ақылшысы етпек болады. Бірақ бұқараға істеп отырған хан қатыгездігін көрген Махамбеттің Іші жылымайды. Тумысынан батыл, қызу қанды, «от тілді орақ ауызды» Маханбеттің өзін мақтаушы емес даттаушы болатынын аңғарып, оны Ордадан қуып жіберді.
Профессор Қ.Жұмалиев топшылауына қарағанда Махамбет хан сұлтандардан жәбір көріп, Жайықтың бергі бетіне қаша көшкен бұқара толқуына қатысады. Оны ұйымдастырушылардың бірі болады. Ал, одан кейін 1829-1831 жылдар Орал шекарасына жасырын өткендігі үшін Калмыков түрмесінде отырып, холера ауруы кезінде қашып шығады.
Жәңгір хан Исатай мен Махамбетке бірқатар айла-шарғы жасап, олардың көңілін жібітпек болады. Исатай қол астындағы беріштерге 1826-1834 жылдары жайлау, қыстаулық жер беруі ханның аярлық саясатының бір көрінісі еді. Бірақ Исатай, Махамбеттер бұған алданған жоқ. Бұрында хан сұлтандарға қарсылығы үшін екі рет ұсталып, амалын тауып шыққан Исатай, жастайынан қуғын сүргінге түскен Махамбет үстем тап өкілдерінің бұқараға жасаған қиянатын көріп өскен еді. 1815 жылы Бөкей өліп уақытша Сығай билеген кезде, әсіресе, 1823 жылы хандық тізгіні Жәңгірдің қолына көшкеннен кейін мал шаруашылығымен айналысатын ел қатты күйзеліске ұшырады. Шұрайлы жерлерді туыстары, хан сарайы маңындағылар, княз Юсуповпен граф Безбородко сияқтылар иемденді. Орда маңындағылардың барлық шығыны бұқара мойнына түсті.
Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленген арапша, орысша сауатты Жәңгір ханның қорқаулығымен зымияндығы ата – бабаларынан асып түспесе кем түскен жоқ. Оған хан сарайының салтанатын асыру үшін қаражат керек еді. Ол үшін алым-салықты көбейтті. От ауыз, тұяқ ақы, қызыл киіз, қышыр, кітір, хан соғымы, хан қонағасысы сияқты салықтардың сорақы түрлері Жәңгір кезінде көбейді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатын іске асырушы болды. Ел арасында аңызға айналған ауызекі әңгімелер Ордадағы бір кездесуде Исатай Жәңгірмен сөзге келіп, ызалы сөздер айтыпты, хан анама тілі тиді деп айып салдырыпты. Екеуінің араздығы содан басталыпты дейді. Мұндай деректер Ығылман ақынның «Исатай – Махамбет» дастанында да, тіріледі. Мұндай оқиға болған да шығар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.А.Рязанов «Исатай Тайманов көтерілісі»
Алматы 1996 ж

2. Ж. Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
Алматы 1995 ж

3. Ереуіл атқа ер салмай Махамбет
Алматы 1989 ж

4. И.Кенжалиев «Исатай Тайманов көтерілісі»
Алматы 1977 ж

5. И.Кенжалиев Махамбет - Исатай Тайманұлы
Алматы 1991 ж

6. Қасымов Ж. Қазақстан тарихы
Алматы 2004 ж

7. Қазақстан тарихы 3 том
Алматы 2002 ж

8. Казақстан ССР тарихы 3 том
Алматы 1979 ж

9. Махамбет Өтемісұлы
Алматы 1974 ж

10. Махамбет Жыр семсер
Алматы 1979 ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Бөкей ордасындағы жер мәселесі Жәңгір хан 1823-1845
2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
3. Тастөбе мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі.

Тақырыптың өзектілігіне тоқтала кетсем, көтеріліске старшындар
батыр Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен атақты ақын Махамбет Өтемісұлы
(1803-1846) басшылық етті. Қозғалыстың белгілі басшыларының арасында
Исатайдың серіктері Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы,
Иманбай Қандыбайұлы тағы да басқа бұқара арасынан шыққан,
қөтерілістің аяғына дейін жан аямай алысқан ерлер бар еді.
Исатай Тайманұлы жасынан өзінің тапқырлығымен, қабілетімен көзге
түсті. 1812 жылы оны Бөкей хан беріш руының Жайық бөлімінің
старшыны етіп тағайындаған. 1814 жылы Орынбор Шекаралық комиссиясы
старшындыққа бекіткен. Міне осының барлығы Исатай мен Махамбеттің
ерен ерлігі тақырыптың мазмұнын ашып өзектендіре түспек.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері.
Тақырыптың негізгі мақсаты сөз болып отырған Исатай Тайманұлы
мен Махамбет Өтемісұлының тарихта қалдырған іздерінің жай – жапсарлары
және тылсымға толы сырларын айтып өту осының барлығы мақсатында
қарастырып өту. Менің мақсатым осы көтерілістің мақсаты мен
міндеттерін ашып өту. Қозғалыстың басты мақсаты – хан озбырлығына шеек
қою, шаруаларды жағдайын біршама жақсарту, жер мәселесіндегі патша
үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. Бұл талаптар шаруалардың және
ханның озбырлығына душар болған би, старшын топтарының да бірқатар
мүдделеріне сай келді.
Тақырыптың міндеттеріне тоқтала кетсем, мен бұл тақырыпты жазарда
4 –ке бөлу жөн көрдім.
а) Бөкей ордасындағы жер мәселесі Жәңгір хан 1823-1845
б) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған
көтерілістер
в) Тастөбе мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар
г) Исатайдың қаза болуы
деп мен осы төрт мәселені қарастырдым.

Тақырыптың тарихнамасы.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған азаттық күресі
өз дамуында 3 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең 1833-1836 жылдарды қамтиды және қарулы көтеріліске
дайындық кезеңі ретінде сипатталады.
Екінші кезең көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып
1837 жылдың басы олар жеңіліске ұшырауына – 1837 жылғы қарашаның орта
шеніне дейін созылады.
Үшінші кезең көтерілісшілердің Исатай Тайманұлы мен Махамбет
Өтемісұлы бастаған шағын тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен
1837 желтоқсанның орта шені, күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру
және Ақбұлақ өзеніне жақын жерде болған ұрыста біржола жеңіліске
ұшырау 1838 жылғы шілденің орта шені кезеңімен тақырыптың
тарихнамасын қортындылаумен және хронологиялық жылдарымен аяқталады.

Түйін.

Сонымен тақырып түйіні негізінен Исатай Тайманұлы мен Махамбет
Өтемісұлы жүргізген көтерілістің ішкі, сыртқы әлеуметтік жағдайын, оның
қоғамға тигізген жақсы, кері әскерлерін баяндаумен тамамдалады.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тарихта өзінің ерен
ерліктерімен үлкен із қалдырған деп мен түйінді аяқтаймын.

Кіріспе.

Қазақтың ардагер ақыны Махамбеттің жолы халық тарихының елеулі
кезеңдерімен тығыз байланысты.
Қазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған (1783-1797)
Сырым Датов бастаған бұқара бұрқанысынан кейін ел ішінде феодалдық
езгі ұлғая түсті. Сұлтандар мен патша үкіметінің казак әскерлері ел
тонауды көбейтті. Мұндай қанау мен езгі және 1795-1796
жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұқара күйзеле
бастады. Шаруалар мал жаюға қолайлы жерлерді көкседі. Ондай қоныс
Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмы еді. Бөкей сұлтан осы жағдайларға
орай I Павел патшаға арыз беріп, бұрын қалмақтар болған, қазақ
ноғайлардың бағзы мекені Еділ, Жайық арасында өту туралы өтініш
жасады. 1801 жылы 11 мартта патша патшаның ресми рұқсаты болды. Сол
жылы Бөкей сұлтан біраз ауылдарды бастап екі өзен арасында өтті.
Еділ, Жайық арасындағы сол өңір сосын Ішкі орда, не Бөкейлік, яки
Бөкей хандығы аталған.[1]
Махамбет 1803 жылы Еділ, Жайық арасындағы Нарын құмында, Бекетай
деген жерде дүниеге келген. Махамбеттің атасы Құлмәлі туралы ел
аузында жүрген талай аңыз әңгімелер бар. Солардың бірі 1925 жылы
Ташкент қаласында жарық көрген Исатай-Махамбет деген кітапта
жарияланған.
Құлмәлі би, батыр, шешен Адам болыпты. Ол өзін қызылбастың
Нәдірше дейтін патшасының тұқымын дейді екен. Құлмәлі жаугершілікте
қолға түседі. Оны Жайық беріш Тумаш балалары еншілес ағайын етіп,
кейін Тайсойған құмын жайлаған бір қауым елге айналады. Шыбынтай
мен Өтеміс. Өтеміс Айшуақ, Бөкей дәуіріндегі беделді билердің бірі
болған. Махамбет бір өлеңінде :

Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік,-
дейді. Өтемістің он баласы : Тоқтамыс, Бекмұқанбет, Махамбет,
Исмайл, Досмайл, Қожахмет, Әйіп, Хасен, Сүлеймен, Ибрайым.
Махамбеттің ақындық, шешеендік таланты елге ерте танылады. Ол
жас кезінен батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын атанады.[2]
Хан беделін көтеру үшін таланты адамдарды өз маңына жинайды.
Махамбетті де баласы Зұлқарнайынның ақылшысы етпек болады. Бірақ
бұқараға істеп отырған хан қатыгездігін көрген Махамбеттің Іші
жылымайды. Тумысынан батыл, қызу қанды, от тілді орақ ауызды
Маханбеттің өзін мақтаушы емес даттаушы болатынын аңғарып, оны
Ордадан қуып жіберді.
Профессор Қ.Жұмалиев топшылауына қарағанда Махамбет хан сұлтандардан
жәбір көріп, Жайықтың бергі бетіне қаша көшкен бұқара толқуына
қатысады. Оны ұйымдастырушылардың бірі болады. Ал, одан кейін 1829-
1831 жылдар Орал шекарасына жасырын өткендігі үшін Калмыков
түрмесінде отырып, холера ауруы кезінде қашып шығады.
Жәңгір хан Исатай мен Махамбетке бірқатар айла-шарғы жасап,
олардың көңілін жібітпек болады. Исатай қол астындағы беріштерге
1826-1834 жылдары жайлау, қыстаулық жер беруі ханның аярлық
саясатының бір көрінісі еді. Бірақ Исатай, Махамбеттер бұған алданған
жоқ. Бұрында хан сұлтандарға қарсылығы үшін екі рет ұсталып, амалын
тауып шыққан Исатай, жастайынан қуғын сүргінге түскен Махамбет
үстем тап өкілдерінің бұқараға жасаған қиянатын көріп өскен еді.[3]
1815 жылы Бөкей өліп уақытша Сығай билеген кезде, әсіресе, 1823 жылы
хандық тізгіні Жәңгірдің қолына көшкеннен кейін мал шаруашылығымен
айналысатын ел қатты күйзеліске ұшырады. Шұрайлы жерлерді туыстары,
хан сарайы маңындағылар, княз Юсуповпен граф Безбородко сияқтылар
иемденді. Орда маңындағылардың барлық шығыны бұқара мойнына түсті.
Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленген арапша,
орысша сауатты Жәңгір ханның қорқаулығымен зымияндығы ата –
бабаларынан асып түспесе кем түскен жоқ. Оған хан сарайының
салтанатын асыру үшін қаражат керек еді. Ол үшін алым-салықты
көбейтті. От ауыз, тұяқ ақы, қызыл киіз, қышыр, кітір, хан соғымы, хан
қонағасысы сияқты салықтардың сорақы түрлері Жәңгір кезінде көбейді.
Ол патша өкіметінің отарлау саясатын іске асырушы болды. Ел
арасында аңызға айналған ауызекі әңгімелер Ордадағы бір кездесуде
Исатай Жәңгірмен сөзге келіп, ызалы сөздер айтыпты, хан анама тілі
тиді деп айып салдырыпты. Екеуінің араздығы содан басталыпты дейді.
Мұндай деректер Ығылман ақынның Исатай – Махамбет дастанында да,
тіріледі. Мұндай оқиға болған да шығар.[4]

Бөкей ордасындағы жер мәселесі Жәңгір хан 1823-1845

Жайықтың оң жағасына көшіп барған қазақ ауылдары мен руларының
шаруашылық қалпы, тұрмыс салты, дәстүрлері мен әдет – ғұрпы жөнінен
Кіші жүздегі ағайындарынан еш айырмашығы болған жоқ. Олардың
көпшілік бөлігі көшпелі малшылар болып қала берді, егіншілікпен құм
арасындағы шағын учаскелерде ғана айналысты. Ішкі орда барлық жағынан
Астрахан, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен, Жайық бойындағы
бекіністі әскери шеппен, солтүстік Каспий өңірі бойындағы балық
кәсіпшілігі аймағымен шектесіп жаты. Ол жинақы және шағын хандық
болды, оның аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және
солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жаты. Жайылым
алқаптарының шектеулілігі орда құрылуының ең басынан – ақ дәстүрлі
кеңістік бойынша игеру әдістерінің орнына, оларды интенсивті игеру
проблемасын алға қойды. Патша үкіметі Ішкі Орданы басқару және
отарлық қамқорлықтың пайдасы мағынасында алғанда Қазақ даласының
үлгілі аймағы етпекші болды. [5]
Ішкі Ордада жер қатынастары саласында жеке және өзіндік
меншіктің феодалдық институттарын нығайту үрдісі жүрді. Олар қоғамда
барған сайын зор маңызға ие болып, дербес құқықтық мәртебе алды.
Егер Қазақстанның көшпелі аудандарында жерді басып алу, әдете,
жергілікті шондарлардың бастамасы бойынша, байлықтың солардың қолына
шоғырлануы салдарынан болса және жайылымға жеке дара меншік іс –
жүзінде солардың иелігімен сырттай қосылып, сыртқы ұжымдылық,
белгілерін жоғалтпай, көшпелі – ауылдық шеңберінде болуын жалғастыра
берсе, Ішкі ордада ХIХ ғасырдың II – ширегінен бастап учаскілерді
шонжарлар мен ауқатты шаруалардың меншігіне беру жоғарғы жақтың хан
билігінің бастамасымен жүзеге асырылды.[6] Бұл жаппай және жалпы
құбылысқа айналды. 1830 – 45 жылдар ішінде Жәңгір хан жерді меншік
иеленуге 1517 жылы акті берді. Жер қатынастарының негізіне айналған
жерге жеке меншік жүйесі осылайша пайда болды және қазақ қоғамында
жер пайдаланудың қауымдық – рулық принципіне осылайша соққы
берілді. Ханның туыстары, сұлтандар, билер, ақсақалдар, мырзалар және
бай мал иелері бірнеше алқапты немесе су көздері бар кең иелене
алатын болды. Мәселен, Жәңгір ханның жеке өзінің иелігіндегі жер 400
мың десятинаға жетті. Хан өзінің бауыры Меңдікерей Бөкейхановқа 400
мың десятина жайылымдық алқапты иеленуге рұқсат ететін грамота
табыс етті. Хандықтың бүкіл жер алабының 85 пайызы осындай 25 – 30
әулеттің иелігінде болды.
Ішкі Ордада жер иеленушілер иерархиясы қалыптасты. Олардың ең
ірісі ханның өзі болды, бұл иерархияның төменгі сатысында қысқы
қыстауға арналған шағын жер үлесі бар, өзі жерінде тұратын
шондарларға толық дерлік тәуелді шаруа тұрды. Бірінші кезекте, қысқы
қыстауға және малдың тебіндеп жайылуына жарамды алаптар, сондай – ақ
шөп шабылатын жерлер бөлініске түсті. Қысқы қыстауларды тұрғын уйлер
салынды, олардың көбі жертөле және жартылай жертөле түрінде
болатын. Ордада болған Т.Медведский былай деп жазған: шөп
шабатыналап жөнінде қазақтарда қауымдық иелік жоқ...әрбір әулет өзіне
шөп шабуға біржола бөлінген ұлтарақтай жерді пайдаланды. Сондықтан
бұл әулет өзіне нашар немесе бай үлес тигеніне қарамастан, сонда
тұрақтап қалады . Біршама аумақты жазғы жайылымдар кішкене
учаскелерге бөлшектелмеді. Олар аумағы үлкен алқаптарымен рулық
ұжымдардың басшыларына, хан Кеңесінің мүшелеріне, билерге және
жекелеген ірі байларға бекітіліп берілді. Жайылымдардың шаруашылық
жағынан құны мейлінше татымсыз бөлігі ұжымдық алаптарға
жатқызылды.[7]
Хан билігіне бірінші кезекте феодалдардың мүдделерін қамтамасыз
етуге бағытталған жаңа аграрлық саясат көшпелі ұжымдар ішінде де,
тұтас алғанда, қоғам ауқымында да әлеуметтік қатынастар мен жіктелу
үрдісін тереңдетіп, шиеленістіре түсті. Ақысын төлеп немесе жұмыс
істеп беріп, бөтен жерде көшіп жүретін жерсіз отбасылар мен ауылдар
санаты пайда болды. Ұлтарақтай жерді иеленетін, бірақ құдықтар менсу
көздері жоқ, сондықтан бай көршілерінің ауылдарына бекітіліп
берілген шаруа үйлері көбейді. Жер сауда, қиянат жасау және даулы
істер объектісіне айналды. Бұл саясаттан ханның төңірегіндегілер мен
жергілікті шонжарлар ұтып отырды. Еңбекші халықтың негізгі бұқарасы
жер таршылығы мен ауыр қанаудың қыспағынна түсті. Жәңгір ханның өз
айтуына қарағанда 6 – 7 мың отбасының, яғни халықтың 13 бөлігінің
жері болмаған, сондықтан олардың көбі оны көршілес орыс губерниялары
мен жер иелерінен, Каспийдің балық аулаушы кәсіпшілерінен жалға
алуға мәжбүр болған.
Ордада сауданың дамуына үш фактор: а)ауылдардың шаруашылық жағынан
нығаюы мен тауар – ақша қатынастарының таралуы; ә) ханның көтермелеу
саясаты : б) ішкі орданың орыс саудагерлері мен басқа да жағынан
қолайлы орналасуы, сондай-ақ олар үшін ордадағы сауда операцияларының
ерекше пайдалылығы себепші болды. Жәңгір хан жат жерлік тауарлар
үшін баж төмен төленетін сауда белгілеп, орданың әр түрлі
жерлерінде олар үшін маусымдық жәрмеңкелер мен сауда пункттерін
құрып қана қойған жоқ, сонымен қатар жат жерлік көпестердің
мүдделерін қамтамасыз етуге өз капиталы мен де қатысып отырды. Атап
айтқанда оның өзі жасаған сауда ережелерінде мыналар көзделді:
Сауда жасаушының капиталын қамтамасыз ету үшін, ол (хан) өзіне
бағынышты ордалық пен көпестің алдын-ала жасасқан мәмілесі бойынша,
ордалықтың нақты малы немесе ақшасы болмаған жағдайда, көпеске өз
кепілдігі мен қол хат беруге міндеттенді. Егер қазақ мерзімді
уақытында төлеуге келмесе, ешқандай сөз бұйдаға салмай хан төлейді
.[8]
Өкімет органдарының көтермелеу саясаты, далада сауда жүргізудің
қолайлылығы мен тиімділігі ордаға тауарларымен адамдарды көп
мөлшерде таратты. Хан ордасы жанында 1846 жылы өткізілген бір
көктемгі жәрмеңкенің өзіне ғана 1183 саудагер келді, ал олардың
арасында 2-3 гильдияның 87 көпесі болды. Келесі 1847 жылы олардың
саны 1500 адамға жетті. Бұл жәрмеңкенің көлемді болғаны сонша, оның
аумағында саудагерлер салған 300-ге жуық тұрақты дүкен жұмыс
істеді. Ішкі Ордада Ресей үшін малды және мал шаруашылығы шикізатын
ірі жеткізіп берушіге айналды. Мануфактура департаментінің журналдық
жазбасына қарағанда, 1827 жылы Ішкі Ордада 400 мыңдай қой, 3000
жылқы және мал шаруашылығының жалпы мөлшері 2925 сом болатын әр
түрлі өнімдері жөнелтілген.
Бөкейдің баласы хан тағына 1824 жылы отырған Жәңгір патша
әкімшілігнің толық қолдауына сүйене отырып, қоғам өмірі мен халық
тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ дәстүрлі жергілікті басқару
жүйесін белсенді түрде қайта құра бастады. Ол көшпелілердің
отырықшылануын, олардың хуторлар салуын, шөп шабуын және далада ағаш
өсіруді, малдың жергілікті тұқымдарын жақсартуды және ауыл шаруашылық
саймандар әкелуді, мектептер, училищелер, мешіттер ашуды және
ауылдарда молдалар санының өсуін, сауданы және төрешілдік басқару
нысанына көшуді көтермелеп отырды. Ол патшалық өкімет орындары мен
жергілікті қазақ шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен біріктіруге
күш салды. [9]
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмдағы Жасқұс алқабында тұрақты
хан ордасы құрылатыны туралы және орданы осы орталықтан басқарғысы
келетіні туралы хабарлады.
Патша үкіметіне толық арқа сүйеген Ішкі орда ханы қолына
әкімшілік, сот биліктерін шоғырландырып, орданы басқару жүйесінде
бірқатар өзгерістерді іске асырды. Бұған дейін бұрынғы қазақ
хандарының тұрақты ордасы болмаса, енді патша үкіметі қаражатына
Жасқұс деген жерде хан сарайы салына бастады. Сұлтандардан құралған
Хандық кеңес нақты жеңілдіктерге ие болған, шын мәнінде хан
саясатын іске асыратын өкілдік мекеме еді. 1827 жылы ұйымдастырылған,
12 биден құралған Хандық кеңес те орда ішінде баж салығының
жиналуын қадағалап, ордадан тыс жерлерде қазақтар мүддесіне
байланысты мәселелермен айналысты. Басқару жүйесін өзгерту, хандық
билеп – төстеу саясатының күшеюі, сондай – ақ алым салық көлемінің
жылдан – жылға ұлғаюы – қазақы дәстүрлі құқықтарың әлсіреуіне,
жергілікті феодалдық топтардың халықты езіп – жаншуы тереңдей түсуіне
алып келді.
Он жыл ішінде онда ағаштан 40 үй, ал 1846 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Азаттықты аңсаған Исатай Тайманұлы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтеиісұлы бастаған көтеріліс
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ
Исатай мен Махамбет көтерілісі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс
Пәндер