Қазақстан Республикасындағы сақтандыру



Жоспар:

Кіріспе.

І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және әлеуметтік негіздері

1.1. Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары
1.2. Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы
1.3. Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы

ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру

2.1. Сақтандыру нарығы
2.2 . Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру
2.3. Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады.
Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін, денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп келеді.
Бұл курстық жұмыста-теория жүзінде қаралатын тақырыптар:
1) Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары;
2) Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы;
3) Сақтандыру шартының мазмұны мен қолданылуы;
Ал, зертханада:
1) Сақтандыру нарығы;
2) Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3) Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары.
Әр қайсысына қысқаша тоқталып өтсек:
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Мақсаты-қоғамның, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау. Сақтандыру функциялары:
1) бөлу;
2) өтемдік;
3) жинақтық;
4) бақылау.
Ең маңыздылары: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы: қайта бөлу ретінде көрінеді. Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдырып, сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру түрлері:
Міндеттілік дәрежесі бойынша:
1) ерікті;
2) міндетті
Сақтандыру объектісі бойынша:
1) жеке;
2) мүліктік.
Сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша:
1) жинақтаушы;
2) жинақтаушы емес.
Сақтанушы-белгілі бір қажеттіліктерді қажет ететін тұлға.
Сақтандырушы-сол қажеттіліктерді қанағаттандырушы тұлға немесе ұйым. Сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын келісім-шарт деп аталады. Шартта: сақтандыру түрі, объектісі, төлем мерзімі, сомасы, тәртібі және т.б. белгіленеді.
Сақтық нарығы дегеніміз-ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасының сақтық нарығына қатысушылары:
1) сақтық ұйымы;
2) сақтық брокері;
3) сақтық агенті;
4) сақтанушы,
5) сақтандырушы;
6) пайда алушы;
7) актуарий;
8) уәкілетті аудиторлық ұйым;
9) өзара сақтандыру қоғамы
жатады.
Сақтандыру нарығының масштабы 3-ке бөлінеді:
1) ұлттық;
2) аймақтық;
3) халықаралық.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру-азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы.
Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыруды салыстырсақ, Қазақстан дамушы, ал Жапония дамыған елдер қатарына жатады. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының саны қазіргі таңда 36 болса, ал Жапонияда тек Иогама портында сақтандыру компанияларының саны 240. Қазақстан сақтандыру компаниялары Жапония сақтандыру компанияларын үлгі тұтады. Болашақта Қазақстан Республикасы Жапония мемлекеті сияқты экономикасы дамыған ел болады деген үміт бар.
Сақтандыру жауапкершілігі-жеке және заңды тұлғалардың алдындағы жауапкершілік.Сақтандыру жауапкершілігінің мақсаты-күтпеген жағдай болғандағы сақтандыру қауіпсіздігі. Сақтандыру жауапкершілігі арқылы адамдардың денсаулығына, мүлігіне зиян келген жағдайда заңның күші немесе соттың шешімі арқылы сәйкес төлемдер төленеді. Қазақстан Республикасында қолданылатын жауапкершілік түрлері:
1.автотранспорт басшыларының азаматтық-құқықтық сақтандыру жауапкершілігі;
2.тасымалдаушының азаматтық сақтандыру жауапкершілігі;
3.шаруашылық және мамандық тұрғыда 3-ші жаққа тигізілген кері әсерді сақтандыру жауапкершілігі;
4.заң жүзінде жұмыс берушінің сақтандыру жауапкершілігі;
5.несиелік тәуекелді сақтандыру;
6.жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтандыру жауапкершілігі;
7.экологиялық сақтандыру.
Сақтандыру мәселелері:
1.құнсызданудың пайда болуы;
2.адал емес адамдар;
3.инфляция
және т.б.
Бұл мәселелер шешілуі үшін сақтандырушы компания кез-келген жағдайларда шартта көрсетілген жағдайды орындауы тиіс. Сонымен бірге, әрбір адам өз ісіне жауапты болуы керек.
Пайдаланылған әдебиетер тізімі:


І. Нормативтік заңдылықтар және актілер:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы
3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы

ІІ.Оқулықтар:

1. Гостенко Л.Н “Страхование”
2. Жүйріков К.Қ “Нарыққа өту жағдайындағы сақтандыру”
3. Жүйріков К, Назарчук И, Жүйріков Р “Страхование: теория, практика,
зарубежный опыт”
4. Жүйріков К.Қ “Қайта сақтандыру және нарық”
5. Ілиясов Қ, Құлпыбаев С “Қаржы”

ІІІ. Мерзімдік басылымдар:

1. “Қаржы-қаражат” 6/2004ж 69-74бет
2. “Труд в Казахстане” 2/2005ж 4-7бет
3. Труд в Казахстане” 9/2005ж 4-7бет

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.

І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және әлеуметтік
негіздері

1.1. Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары
1.2. Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы
1.3. Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы

ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру

2.1. Сақтандыру нарығы
2.2 . Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру
2.3. Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға
байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының
бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде
немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға
кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді.
Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау
мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды
қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне
қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес
зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары
болады.
Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары
Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық
өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы
білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың
тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп
аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық
құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін,
денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп
келеді.
Бұл курстық жұмыста-теория жүзінде қаралатын тақырыптар:
1) Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары;
2) Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы;
3) Сақтандыру шартының мазмұны мен қолданылуы;
Ал, зертханада:
1) Сақтандыру нарығы;
2) Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3) Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары.
Әр қайсысына қысқаша тоқталып өтсек:
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Мақсаты-қоғамның, ұдайы өндірістің
үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс
процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау. Сақтандыру функциялары:
1) бөлу;
2) өтемдік;
3) жинақтық;
4) бақылау.
Ең маңыздылары: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы: қайта бөлу ретінде көрінеді. Бақылау функциясы: сақтық
төлемдерін жұмылдырып, сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз
етеді.
Сақтандыру түрлері:
Міндеттілік дәрежесі бойынша:
1) ерікті;
2) міндетті
Сақтандыру объектісі бойынша:
1) жеке;
2) мүліктік.
Сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша:
1) жинақтаушы;
2) жинақтаушы емес.
Сақтанушы-белгілі бір қажеттіліктерді қажет ететін тұлға.
Сақтандырушы-сол қажеттіліктерді қанағаттандырушы тұлға немесе ұйым.
Сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын келісім-шарт деп аталады.
Шартта: сақтандыру түрі, объектісі, төлем мерзімі, сомасы, тәртібі және
т.б. белгіленеді.
Сақтық нарығы дегеніміз-ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-
сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген
ұсыным мен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасының сақтық нарығына
қатысушылары:
1) сақтық ұйымы;
2) сақтық брокері;
3) сақтық агенті;
4) сақтанушы,
5) сақтандырушы;
6) пайда алушы;
7) актуарий;
8) уәкілетті аудиторлық ұйым;
9) өзара сақтандыру қоғамы
жатады.
Сақтандыру нарығының масштабы 3-ке бөлінеді:
1) ұлттық;
2) аймақтық;
3) халықаралық.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру-азаматтарды еңбек ету қабілетін
жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына
байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын,
бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы.
Қазақстан мен Жапониядағы міндетті әлеуметтік сақтандыруды салыстырсақ,
Қазақстан дамушы, ал Жапония дамыған елдер қатарына жатады. Қазақстандағы
сақтандыру компанияларының саны қазіргі таңда 36 болса, ал Жапонияда тек
Иогама портында сақтандыру компанияларының саны 240. Қазақстан сақтандыру
компаниялары Жапония сақтандыру компанияларын үлгі тұтады. Болашақта
Қазақстан Республикасы Жапония мемлекеті сияқты экономикасы дамыған ел
болады деген үміт бар.
Сақтандыру жауапкершілігі-жеке және заңды тұлғалардың алдындағы
жауапкершілік.Сақтандыру жауапкершілігінің мақсаты-күтпеген жағдай
болғандағы сақтандыру қауіпсіздігі. Сақтандыру жауапкершілігі арқылы
адамдардың денсаулығына, мүлігіне зиян келген жағдайда заңның күші немесе
соттың шешімі арқылы сәйкес төлемдер төленеді. Қазақстан Республикасында
қолданылатын жауапкершілік түрлері:
1.автотранспорт басшыларының азаматтық-құқықтық сақтандыру
жауапкершілігі;
2.тасымалдаушының азаматтық сақтандыру жауапкершілігі;
3.шаруашылық және мамандық тұрғыда 3-ші жаққа тигізілген кері әсерді
сақтандыру жауапкершілігі;
4.заң жүзінде жұмыс берушінің сақтандыру жауапкершілігі;
5.несиелік тәуекелді сақтандыру;
6.жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтандыру жауапкершілігі;
7.экологиялық сақтандыру.
Сақтандыру мәселелері:
1.құнсызданудың пайда болуы;
2.адал емес адамдар;
3.инфляция
және т.б.
Бұл мәселелер шешілуі үшін сақтандырушы компания кез-келген жағдайларда
шартта көрсетілген жағдайды орындауы тиіс. Сонымен бірге, әрбір адам өз
ісіне жауапты болуы керек.

І. Сақтандырудың экономикалық мәні және әлеуметтік негіздері

1.1. Сақтандыру ұғымы, мақсаты және функциялары.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің
барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс
пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін
жалғастыру, азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын
қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің,
олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін
де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары болуы тиіс.
Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде
қалыптасады.
Сақтандыру дегеніміз-сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе
заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасау
мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына
сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге
асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы
заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Шетелдік азаматтар,
азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызметтерін
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы
қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды
тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің
мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып
табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана
Қазақстан Республикасының резиденті-уәкілетті мемлекеттік органның тиісті
лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар қоғамның
ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес, оқиғаны
сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті құрамды
бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша
қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және
жеке мүдделері қорғалады. Сақтандыру қорларының басқа
қорлардан ерекшелігі, олар тұтынушының қорларына да, жинақтау қорларына да
жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет
етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтандырудың жарналары есебінен
жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір тікелей арналымда сақтық төлемді
төлеу үшін
пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша
табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін. Бұл табыстың бір
бөлігін табыскерлерді тарту үшін, сақтық қызметтер көрсетудің бағасын
төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық жүйе Республикада экономикалық
сенімді әрі орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін
қосымша негіз жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілердің мүлкін
сақтандыруға ықпал етуі тиіс. Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:
1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің дербес бөлігі-медециналық сақтандыру.
Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды
тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатарлар
кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар
мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғаныс. Сақтандырудың
қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы мен сақтандыру мәселелері
жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық Банктің сақтық қадағалау
департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Сақтандыру
процесі-сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру кезінде-сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі бар:
1. бюджеттік әдіс;
2. сақтық әдісі.
Қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттің қаржысын, яғни бүкіл
қоғам қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі-қорларды шаруашылық
жүргізуші субъектісімен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын-ала
қарастырады.
Сақтандырудың мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына
белгілер оған тән болып келеді:
1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
2. қатынастардың төтенше сипаты (кез-келген ауқымда-мемлекеттік,
аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
- сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен, қосарланып
отырады;
- сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы
барлық жағдайда бола бермейді.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушының
төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.
Демек, сақтандыру-қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде
жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға
материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану
жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Сақтандыру, табыс
(пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды
инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып
көрінеді. Сақтандыру-сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын
сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе
өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды
мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының
көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай
келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер
сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын
қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен
қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

1.2. Сақтандыру түрлері. Сақтанушы мен сақтандырушы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
- сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті
сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілерімен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Сақтандыру қызметі-сақтық ұйымының сақтандырудың шарттарын жасау мен
орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына
сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі-“өмірді сақтандыру” саласы
және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.
2. “Өмірді сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: 1. өмірді сақтандыру;
2. аннуитеттік сақтандыру;
3.“Жалпы сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды:
1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2. медициналық сақтандыру;
3. автомобиль көлігін сақтандыру,
4. темір жол көлігін сақтандыру;
5. әуе көлігін сақтандыру;
6. су көлігін сақтандыру;
7. жүктерді сақтандыру;
8. мүлікті сақтандыру;
9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16. зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
4. Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
5. Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын
жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде
әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру
ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметтерін уәкілетті
мемлекеттік органдармен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана
жүзеге асыруға құқылы.
6. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы
болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың
мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар
сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық процесіндегі зиянның орнын, егер бұл процес дүлей апат пен басқа
да төтенше немесе күтпеген оқиғаның нәтижесінде бұзылса толтырумен
байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына
қатысушының төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың
жиынтығы, жоғарыда айтылғандай сақтық қорларын құрайды. Аннуитет ( неміс
тілінде-кенже, латын тілінде-жыл сайынғы төлем) сақтандыру ісінде рентаны
немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемнің шамасын көрсетеді.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса
алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады.
Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі
және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының
немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда
жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру-сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада, не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру-сақтандырылушының медицина мекемесіне
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара намнсе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру-көлік құралын иеленуге, пайдалануға,
оған билік етуге байланысты адамның мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап және ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру-жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы және жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандыру-мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне(автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу(келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру. Зиян келтіргендігі үшін
азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз
жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның
жауаптылығы да сақтандырылады. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық
жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі
ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты
жарамсыз деп есептеледі. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық
жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында
азаматтық-құқықтық жағынан пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның
пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы
ретінде іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасаушы агенттерінің өз
міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметінің залалдар тәуекелі,
соның ішінде күтілген кірісті ала-алмай қалу тәуекелі сақтандырылады.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының
кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
шарты немесе өзге тұлғалардың пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап “Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры”
өзінің тікелей қызметін бастады. Қор “Сақтандырудың кепілдік беру қоры
туралы” заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық Банктің 100%-дық қатысуы
болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары
сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары
болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай 10-шақты түрі бар: әлеуметтік
сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар
алдындағы, жекеше нотариустар мен турагенттер,туроперациялар еңбек
міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян
келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, үшінші тұлғаға
(зауыттар, заправкалар, скважиналар) зиян келтіру қаупі бар объектілер
иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын, экологиялық және медициналық
сақтандыру. Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай
сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратуға болады: ауыл шаруашылық
дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жекеменшік, кооперативтік
кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық
тәуекелді, жүктерді, мұнай операцияларын және т.б сақтандыру.
1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық екпелілерді,
ауыл шаруашылығы малдарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, ауыл
шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат жағдайларынан және
өзге де дүлей апаттардан міндетті сақтандыруды қайта қалпына келтіру
көзделді.
Өмірді сақтандыру-азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін
және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны,
ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметінің көмегімен жүзеге
асады. Өмірді сақтандыру- сақтандырылушы қайтыс болған немесе сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін
өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру- сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайда
немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына
әкеліп соққан өзге де жағдайда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-
кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жеке басты сақтандырудың сан алуан
түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені
сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметтерін
сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық
автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с. Жеке басты
сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті
нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-
құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшінің жеке құрамы, І І органдарының,
ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қымметшілері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда
болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшелігі мүлікті және жеке
басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық категория
ретінде болып танылады деп түйін жасауға болады.
Сақтанушы:
1.сақтандыру мүддесін көздеген және сақтандырушымен заң күшімен немесе
екі жақты келісім-шарт жөнінде азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа
түскен жеке адам, әлде заңды құқы бар мекеме;
2.сақтандыру куәлігін иеленуші
Сақтандырушы:
1.кез-келген лицензиясы бар ұйым,тұлға
2.сақтанушының қажеттілігін қанағаттандырушы ұйым, тұлға
3.тиісті тәртіппен тіркеуден өткен, сақтандырудың өз қызметтерінің
түрі ретінде жүзеге асырушы заңды ұйым (шетел азаматтары да қосылады)
Сақтандырумен айналысатын мекемені мемлекеттік тіркеуді сақтандыру
қадағалауы жүргізіп, сақтандыруды жүргізуге құқық, яғни лицензия беріледі.
Сақтанушы шартта көрсетілген соманы уақытында төлеуі тиіс. Егер ол сома
уақытында төленбесе, пенья ,яғни өсім өседі. Сақтанушы мен сақтандырушы бір-
бірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік сақтандыру қызметтерін
реттеуді арнайы құрылған Үкіметтік ұйым-Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің сақтандыру Департаменті жүзеге асыруға тиіс. Қаржы
Министрлігі сақтандыру Департаментіне сақтандырудың қызметін реттеу
мақсатымен мынадай құқықтар беріледі:
-сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия беру;
-сақтандырудың бірыңғай мемлекеттік тізімін, сақтандыру брокерлерінің
тізімін кіргізу;
-сақтандыру мәселелері бойынша нормативтік әрі әдістемелік құжаттарды
жете ойластырып, дайындау;
-сақтандырудың Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заң
шығарушыларының сақталуын және де олардың беріп отырған есептерінің
растығына тексеру жүргізу;
және т.б.
Сақтандырушы-сақтандырумен айналысып, сақтандыру қорын құрып және де
оны жұмсайтын жеке адам немесе заңда құқы бар мекеме. Ұйымдастыру нысаны
бойынша сақтандырушылар акционерлік сақтандыру қоғамы, өзара сақтандыру
қоғамы, мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ретінде танылады. Нарықтық үлгінің
экономикасында акционерлік сақтандыру қоғамы негізгі сақтандырушылар болып
табылады.
Сақтандыру қоры-қоғамдық ұдайы өндіріс элементі, сақтанушылардың және
сақтандырушының жедел ұйымдастыру басқармасындағы жарналар есебінен
құралады. Сақтандыру мүддесімен жағдайластырылған. Сақтандыру қоры
қаржысының жартысы мынадай өтімді нысанында тұрақты болуға тиіс:
банкілердегі депозиттер түрінде, биржада көшірілетін акциялар, мемлекеттік
қазыналық міндеттемелер және т.б.
Сақтандыру полисі-белгіленген үлгідегі ақша құжаты, оны сақтандырушы
сақтанушыға шартқа отырғандығын растап, оның ережесімен таныстыру үшін
береді. Бір қалыпты үлгідегі сақтандыру полисімен жеке сақтандыру полисінің
айырмашылықтары бар. Қалыпты үлгідегі сақтандыру полисі көпшілік сипаттағы
әдеттегі сақтандыру қатерлері шеңбері бойынша сақтандырушының қолымен
толтырылады. Ал, жеке сақтандыру полисі болса, ол әдетте кәсіпқой мансапқа
байланысты әр адамның сақтандырудағы жеке мүддесін көрсетеді.

1.3.Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы.
Сақтандыру шартының мазмұны тараптардың келісімімен айқындалады.
Сақтандыру шартында шарт тараптары, сақтандыру объектісі, сақтандыру
жағдайы, сақтандыру сомасының мөлшері, оны өтеудің тәртібі мен мерзімі,
сақтандыру төлемінің мөлшері, оны өткізудің тәртібі мен мерзімі, шарттың
қолданылу мерзімі, шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі
көрсетілуі қажет.Екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық-құқықтар мен
міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісім-шарт деп аталады.
Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар
туындауы мүмкін. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті, шарт
жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді. Шарттың ережесі заңдарға сәйкес
қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен
қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше
жағдайды белгілей алады. Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен
белгіленген баға бойынша төленеді. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне
енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар арасында шарттың
барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда
келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Егер шартта оны
жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды
азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды ұйымның, тұлғаның орналасқан
жерінде жасалады. Шарттың тараптары келіспеген жағдайда оның ережелері сот
шешіміне сәйкес белгіленеді. Тараптардың келісімі бойынша шартқа басқа да
талаптар мен міндеттемелер енгізілуі мүмкін. Қолданылып жүрген заңдармен
салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлата түсетін және осы Заңға қайшы
келетін шарт талаптары жарамсыз деп танылады. Сақтандыру талаптары
сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шартпен белгіленеді.Шарт,
егер онда өзге тәртіп көзделмеген болса, алғашқы сақтандыру төлемін
төлеген кезден бастап бекітілді деп саналады.Сақтандыру төлемдерінің
мөлшері шартпен белгіленеді, заңдармен белгіленген мөлшерлер бұған
кірмейді. Тараптардың келісімімен сақтандыру төлемдері шетел валютасымен
төленуі мүмкін.Сақтандыру төлемін шартта көрсетілген мерзімде төлемеу, егер
шартта өзгеше көзделмеген болса, шарттың тоқтатылуына әкеліп соғады.
Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт төлем бойынша қарыздар өтелген жағдайда
бір ай ішінде қайта жалғастырылуы мүмкін. Шартта неғұрлым ұзақ мерзім
көзделуі мүмкін. Бұл ретте шартты жалғастыру жөнінде жазбаша өтініш талап
етілмейді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт сақтанушы қарыз сомасы төлеген
күннің ертеңінен бастап қайта күшіне енеді.
Сақтандыру төлемін уақтылы өткізбеу себепті шарт мерзімінен бұрын
тоқтатылғанда, сақтанушыға төленген сақтандыру төлемінің шартта көрсетілген
бөлігі қайтарылып беріледі. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемінің
мөлшері заңдармен белгіленбеген жағдайлардың бәрінде, шартпен белгіленеді.
Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы сақтанушыға оған
әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша және шеккен
зиянның орнын толтыру ретімен тиесілі сомаға қарамастан төленеді. Мүліктік
сақтандыру бойынша сақтандыру өтемі, егер шартта өзгеше көзделмесе,
сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушы тікелей шеккен нақты зиянның
мөлшерінен аспауға тиіс. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туған кезде
сақтанушыға сақтандыру сомасын, шартта көрсетілген тәртіп пен мерзімде
төлеуге, сондай-ақ өтелуге тиісті зардапты азайту мақсатында жұмсалуға
қажетті шығынның орнын сақтандыру сомасы ауқымында толтыруға міндетті.
Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы шартта белгіленген
мерзімде және үлгіде хабарлап, сақтандырылған мүліктерді құтқару мен сақтау
шараларын жасауға, сондай-ақ кінәлі адамнан өндіріп алу құқығын қамтамасыз
етуге міндетті.Сақтанушының келтірілген зиянға жауапты адамнан өндіріп алу
құқығы мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеген сақтанушыға
осы сома ауқымында көшеді.Сақтанушы осы талапты орындату құқығы үшін
қажетті қолында бар құжаттардың барлығын сақтандыру өтемін алған кезде
сақтандырушыға беруге міндетті. Сақтанушының азаматтық заңдарында
белгіленген тіртіп пен тигізген зияны үшін жауапты адамдарға сақтандыру
өтемі сомасының ауқымынан жоғары талаптар қоюды тапсыруға құқығы бар. Бұл
құқықтардың көшуін сақтандыру шартында ресімдеуге де болады. Сақтанушы
сақтандыру жағдайы туғаннан кейін сақтандырушыға өзінің сақтандырылған
мүлікке деген құқығынан бас тартатынын хабарлап, сақтандыру сомасын толық
көлемінде алуына болады. Сақтандыру шартында туындайтын дауларды
белгіленген тәртіпке сәйкес сот немесе төрелік сот қарайды. Бұл ретте
сақтандырушылар мен сақтанушылар осы істер бойынша баж салығын төлеуден
босатылады. Сақтандыру шартының іс үстіндегі мерзімі өтіп, ал
сақтандырушының жауапкершілігі пайда болмаса(несие толық және де өз
мерзімінде сақтанушы заемшілерінің тарапынан өтелсе), сақтанушыға ол
төлеген сақтандыру төлемінің 20%-ы қайтарылады. Сақтандыру шартын жасау
тәртібі:
-сақтандыру шарты сақтанушының ауызша жасаған өтініші негізінде
жасалады,және ол әкеп көрсеткен несие шартының көшірмесімен бірге 2дана
болып қатталады(сақтандыру шартының үлгісі қоса тіркеледі).Сақтандыру
шартының бір данасы-сақтандырушыда, екіншісі-сақтанушыда сақталады.
-сақтандыру төлемі бірден(1-ақ рет) төленеді. Төлемді төлеген күн болып
сақтанушының есеп шотынан қаражатты шығыстаған күн есептеледі;
-сақтандыру шарты сақтандыру өтемі төленген күннің келесі күнінде
күшіне кіреді;
-сақтандырушы сақтанушының кітаптары мен жазбаларының заемшілердің
несиелерін өтемегені үшін жауапкершілігін сақтандыру бөлігіне
қатыстысын тексеруіне құқы бар. Сақтандыру оқиғасы басталған кездегі
шарттасушы жақтардың міндеттері:
1.сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтанушы 5күндік мерзімде
сақтандырушыға оқиға туралы өтініш беру жолымен хабарлауға міндетті;
2.сақтандыру өтемінің мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне
байланысты анықталады, яғни несие шартында көрсетілген күнде өтелген
берешекке сүйенеді;
3.сақтанушы несие берген банкке сақтандыру өтемін 15күннің ішінде
төлеуге міндетті;
4.банкке сақтандыру өтемін төлеген соң,сақтандырушыға төленген сома
мөлшерінде банк–кредитордың барлық құқы беріледі, сақтанушыға несие
шарты бойынша;
5.сақтанушының сақтандыру төлеуден бас тартуға құқы бар,егер сақтанушы:

а) сақтандыру қатері туралы байымдауға аз да болса маңызы бар жағдай
туралы жалған мәлімет хабарласа;
б)сақтандырудың осы шарттарына орай өзіне жүктелген міндеттерді
орындамаса;
в) сақтандыру шартынан туындайтын айтыс тартыстарды мемлекеттік
арбитраж бен сот қарайды.
Сонымен, сақтандыру шарты:
1)сақтанушы мен сақтандырушы арасында;
2) сақтанушы мен белгілі бір ұйым: банктік мекеме, салық органдары т.б
арасында болуы мүмкін.
Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық болмағаны
үшін сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық
болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау
сақтанушының пайдасына шешіледі.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап(сақтанушы) сақтандыру
сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап(сақтандырушы)
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта
белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға
(пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

ІІ.Қазақстан Республикасындағы сақтандыру.

2.1. Сақтандыру нарығы

Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне
жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.
Сақтық нарығы дегеніміз – ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-
сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген
ұсыным пен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасы сақтық нарығының
қатысушылары мыналар болып табылады:
1 сақтық ұйым;
2 сақтық брокері;
3 сақтық агенті;
4 сақтанушы;
5 сақтандырушы;
6 пайда алушы;
7 актуарий;
8 уәкілетті аудиторлық ұйым;
9 өзара сақтандыру қоғамы.
және т.б. заңды және жеке тұлғалар.
Сақтық қызмет сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің
негізгі түрі болып табылады, бұл қызметтен басқа ол қызметтердің мынадай
түрлерін: инвестициялық қызмет, тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген
сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді, сақтық
ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы
бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды, ақпарат берілімдерінің кез-келген
түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды,
бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтық
шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға
беруді, сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық
қызмет көрсетуді, сақтық саласында мамандардың біліктілігін арттыру
мақсатында оқуды ұйымдастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынатын табыстар
Салық және салық салу пәні
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Сақтандыру компанияларының тізімі
Ұлттық рынок сақтандыру рыногында
Төлем көзінен салық салынатын табыстар
Корпоративтік табыс салығының есебі
Шет елдердегі жеке табыс салығы
Резидент еместердің табыстарының салық есебі
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Пәндер